Құрылыстық конструкциялар



I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.1 Беларқа (Арқалық) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Беларқа түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3 Беларқалық құрылмаларды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.); органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар; жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар); ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.); металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.); синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.). Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады.
Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді.
Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді.
1.Электронды оқулық құрал «Строительные конструкции 1». Лаборатория «Мультимедия »Өскемен, Серікбаев атындағы ШҚМТУ 2011.

2.С.Г. Кусябгалиев, В.В. Губарев, Б.С. Кенетбаев «Металлические конструкции» практикум для студентов строительных специальностей всех форм обучения. Раздел I.: Методическое пособие для вузов. - Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2003.
3. СНиП 11-23-81*. Стальные конструкции. Нормы проектирования: – М.: ЦНТП Госстроя СССР, 1990
4. Ғаламтор https://kk.wikipedia.org/wiki/Беларқа

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.1 Беларқа (Арқалық) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2 Беларқа түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3 Беларқалық құрылмаларды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе
Құрылыс материалдары - үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.); органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар; жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар); ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.); металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.); синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.). Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады.
Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі - цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді.
Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі - металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық "золокерам" материалдары жасалып, өндіріске енгізілді.

II. Негізгі бөлім
Құрылыс конструкцияларын материалына байланысты келесідей бөледі
* Тасты және теміртасты
* Бетонды және темірбетонды
* Металды (болатты және алюминийлі)
* Ағаш және пластмасса
Тасты к-ды қабырға тұрғызуда және кей жағдайда бағандарда қолданады. Беріктігін жоғарлату үшін темір торлармен армирлейді.
Бетон және ТБ (темірбетон)конструкцияларын жер асты конструкцияларда және жер үсті конструкцияларда қолданады. Олар болады:
* Монолитті, құрылыс алаңында жасалады
* Құрылымды, зауыттарда жасалынып құрылыс алаңына әкелінеді
* Құрылымды-монолитті, құрылымды элементтерден тұрады және арасы бетонмен құйылады
Металл конструкциялары болаттан, кей кезде алюминий балқымаларынан жасалады. Алюминий балқымаларынан жасалған конструкциялар қымбатырақ болып келеді. Металл конструкцияларын көбінесе өндірістік, биік және әртүрлі ғимараттарда қолданады. МК (металл конструкциялары) элементтері прокатты және құрылымды болып келеді. Прокатты элементтерді металлургиялық зауыттарда жасайды (бұрышты, швеллер және двутавр).
Ағаш конструкциялары тұтас болып келеді немесе желімделген ағаштардан құралады. Тұтас ағаштардан құрастыру арқылы құрылымды элементтерді алады, ол үшін болттарды немесе шегелерді қолданады (оларды нагель д.а.). Ағашты желімдеу үшін синтетикалық суға төзімді желімдер қолданады.
2.1 Арқалық (Беларқа)
Беларқа, Арқалық, ригель, балка - - құрылыстық конструкциялар, ғимараттар қаңқасында көлденең орналастырылған бөлшек.[[][1]]
Қазiргi ғимараттарда құрыштан, темiрбетон немесе ағаштан жасалған беларқалар қолданылады. Өзi құрыштан жасалған беларқалардың көлденең қимасының таралған түрлерiнiң бiрi қоставр қимасы болып табылады.
Арқалық -- құрылыста және машина жасауда қолданылатын білеу түріндегі құралымдық бөлшек. Негізінен темірбетоннан, металдан және ағаштанжасалады. Тірек санына және тірек бекітпелерінің орналасуына қарай Арқалық бір аралықты, көп аралықты, консольді т.б. болып, ал көлденең қимасының түріне қарай тік бұрышты, тавролы (Т әрпі тәрізді), қос тавролы, қорапты т.б. болып бөлінеді (суретті қ.). Қос тавролы және қорап тәрізді Арқалық салмаққа төзімділігімен және материалдың аз жұмсалуымен тиімді. Арқалықтың жүк көтергіштігі түсетін күштің түріне, аралық ұзындығына, майыспайтындығы мен беріктігіне байланысты болады. Темір бетон Арқалық тұтас және құрама етіп жасалады. Мұндай Арқалықтар, әдетте, тұтас көп аралықты болып құралады әрі олардың қимасы тік бұрышты немесе тавролы пішінде болады. Құрамалы темір бетон А. жасауға қимасы тік бұрышты тавролы, қос тавролы т.б. бір аралықты Арқалық тар кеңінен қолданылады. Құрылыста алдын ала кернеуленген темір бетон Арқалықтар да кең тараған. Металл Арқалық құрылыстың салмақ көп түсетін бөліктеріне қойылады. Тәжірибеде қимасы қос тавролы (прокаттық және құрамалы) және қорап тәрізді (құрамалы) болып келетін металл Арқалықтарды пайдаланған тиімді. Ағаш Арқалық бір аралықты және кесінді құралым түрінде арасы жақын аралықтарды жабуға тиімді болып есептелінеді. Ол тақтайдан, білеуден және бөренеден дайындалады. Егер аралық үлкен әрі салмақ көп түсетін болса, онда құрылысқа өзара сыналанған, желімделген бірнеше кесіндіден тұратын құрама ағаш Арқалық қолданылады. Арқалықтың беріктігі, салмаққа төзімділігі және орнықтылығы материалдар кедергісі заңы бойынша алдын ала есептеледі.

1) Элементтердің ең көп таралған түрлері ол тақталар және арқалықтар болып саналады. Арқалық деп ұзындығы l қалған екі өлшемнен b, h - тан көп болып келетін конструкцияны айтады. Тақта деп қалыңдығы h ұзындықтан l және ені b- дан әлде қайда аз конструкцияны айтады.
Тақталардан және арқалықтардан көптеген ТБК-н жасайды, көбінесе жазық аражабын және жамылғылар, құрастырмалы және монолитті немесе құрастырмалы-монолитті (сурет 6,1).

Сурет 6,1. ТБ элементтерден жасалған аражабындар сұлбалары.
ТБ элементтері тікбұрышты, таврлы, қоставрлы және трапециялы қималы болып келеді:

Сурет 6,2. Арқалықтардың көлденең қималары және армирлеу сұлбалары.

Арқалықтардың биіктігі h әртүрлі мәнді болады, негізі аралық үлесінен 110, 120 бөлігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыстырғыш заттар
Кнауф төсеме бояулары
Сәулеттік-құрылыстық жобалау
Бір деңгейлі аспалы төбе монтаждау
Ғимараттар және оларға қойылатын талаптар
Пайдаланылатын материалдар
Мансардаларды монтаждау технологиясы
Бетондық араласпаның қасиеттері
КНАУФ - Аквапанель монтаждау технологиясы
Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері
Пәндер