Ақша айналысы, заңы, ақша массасы және ақша жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.бөлім. Ақша айналысы, заңы, ақша массасы және ақша жүйесі
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы ... ... ... ... ... 4
1.2. Ақша массасы және ақша базасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Ақша жүйесі, эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. Ақша жүйесінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II. бөлім. Инфляция
2.1. Инфляция ұғымы және себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Қазақстандағы инфляциялық процестің дамуы ... ... ... ... ... ... ...22
III. бөлім. Шетел тәжірибесі
3.1. Германиядағы ақша бірлігі және ақша айналысы ... ... ... ... ... ...25
3.2. Қолма.қол және қолма.қолсыз ақша айналысы ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді.
«Ақшаның соңынан ерме – оған қарама-қарсы жүр», - депті әйгілі миллиардер Аристотель Онассис. Ал халықтың көпшілігі бұл ұсынысты түсіне білмейді, сондықтан бір тұрақты жұмысқа таскенедей жабысып, сонан түскен жалақыны анда-мында жеткізе алмай күн кешеді. Неге? Әрине, жұрттың бәрі байып кетуі мүмкін де емес, бірақ осы ақша туралы оқып-біліп, оның заңдылықтарын түсініп жүрген жастарға «қалталы», яғни ақшалы болу біршама жеңілдеу, бірақ бұл үшін ойланып еңбек ету керек. «Кімнің бай болғысы келмейді – құдайы қаламайды, кімнің батыр болғысы келмейді – жүрегі дауаламайды», - дейді біздің қазақтың асыл сөздерінде.
Ендеше осы бәріміз ұмтылатын ақша төңірегінде, оның қоғам экономикасындағы айналымы мен ақша жүйесі жөнінде осы курстық жұмысымда өзімнің түсінгенімше сөз етпекпін.
Нормативтик құжаттар мен заңдар
1. «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» ҚР заңы. 29.06.1998 ж.
2. «Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» ҚР Ұлттық банк Басқармасының № 179 қаулысы. 25.04.2000 ж.
3. «Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» ҚР Ұлттық банк Басқармасының № 266 қаулысы. 02.06.2000ж.

Әдебиеттер

1. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. — Алматы: Экономика, 2001.
2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004ж.
3. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.
4. Финансы. Денежное обращение. Кредит/Под ред. Дробозиной Л.А. М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
5. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I-бөлім. Ақша айналысы, заңы, ақша массасы және ақша жүйесі
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы ... ... ... ... ... 4
1.2. Ақша массасы және ақша
базасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Ақша жүйесі,
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. Ақша жүйесінің негізгі
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II- бөлім. Инфляция
2.1. Инфляция ұғымы және
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Қазақстандағы инфляциялық процестің
дамуы ... ... ... ... ... ... ...22
III- бөлім. Шетел тәжірибесі
3.1. Германиядағы ақша бірлігі және ақша
айналысы ... ... ... ... ... ...25
3.2. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
айналысы ... ... ... ... ... ... ..2 7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 0
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

КІРІСПЕ

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді.
Ақшаның соңынан ерме – оған қарама-қарсы жүр, - депті әйгілі
миллиардер Аристотель Онассис. Ал халықтың көпшілігі бұл ұсынысты түсіне
білмейді, сондықтан бір тұрақты жұмысқа таскенедей жабысып, сонан түскен
жалақыны анда-мында жеткізе алмай күн кешеді. Неге? Әрине, жұрттың бәрі
байып кетуі мүмкін де емес, бірақ осы ақша туралы оқып-біліп, оның
заңдылықтарын түсініп жүрген жастарға қалталы, яғни ақшалы болу біршама
жеңілдеу, бірақ бұл үшін ойланып еңбек ету керек. Кімнің бай болғысы
келмейді – құдайы қаламайды, кімнің батыр болғысы келмейді – жүрегі
дауаламайды, - дейді біздің қазақтың асыл сөздерінде.
Ендеше осы бәріміз ұмтылатын ақша төңірегінде, оның қоғам
экономикасындағы айналымы мен ақша жүйесі жөнінде осы курстық жұмысымда
өзімнің түсінгенімше сөз етпекпін.

І-бөлім. Ақша айналысы, заңы, ақша массасы және ақша жүйесі

1.1. Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы

Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар
өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың
арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамның еңбек бөлінісінің
тереңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен
байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі.
Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамның
өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-
қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және
жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-
қолсыз ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған
банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет
етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық
банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене
бөлігі (10 %-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне
тиеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымынын
ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне
өтіп отыруынан байқалады. Айталық қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке
салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы,
жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған
жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байңалады.
Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу формасы, яғни ақша
айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық
формацияға тән болып келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып,
К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.
Оның пікірінше, ақша айналысының заңының мәні ақшаның айналыс қызметін
атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысының
жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген
тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының
жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.
Ақша айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың
санын (Ата) анықтайды.
Ата =ТбсАас
мұндағы: Тбс-Тауарлар бағаларының сомасы
Аас-Ақша айналымының сомасы
Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен
байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:
Ақ=Стб+Нтб+Мтс+Өтс Аос
мұндағы Ақ — айналысқа қажетті ақша саны;
Стб — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Нтб. — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
Мтс — міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы; г
Өтс — өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос — айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа
саны.
Осындай жағдайларда айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының
шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның
біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ
шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер
бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
• несиенің даму дәрежесі, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі
несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
• қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;
• ақша айналысының жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына
жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген
қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста
қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа
қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз
ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда қолма-қол
ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары мынадай екі фактордың
өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік
және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі,
шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни
ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол
береді.

1.2. Ақша массасы және ақша базасы

Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы
мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және
шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық
өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге
байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай
көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша
массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:
• Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен
монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
• М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі
мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
• МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі
жинақ салымдарын құрайды;
• М4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі
депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ-та ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегаты, Жапония мен
Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде үш ақша агрегаттары
пайдаланылады.
Қазақстанда ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің
баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамына
айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы
(жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің 12.01.1995 ж. Директорлар
кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген Ақша массасын, ақша базасын анықтау
әдісі және ішкі, сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды
жіктеу туралы ережесіне сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын
резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формуламен
есептеледі:
MB = СІС + RR + DCB,
мұндағы СІС — айналыстағы нақты ақшалар; :
RR — міндетті резервтер;
DCB — екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі коршоттағы
қаражаттары.
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие
статистикасын жасау және талдауда қолданылып жүрген ақша базасы мен
белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша
агрегаттары жатады:
• МО (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);
• Ml = МО + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі
аудармалы депозиттері;
• М2 = Ml + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды
тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
• МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың
шетел валютасындағы басқа да депозиттері. Мұндағы,
• Аудармалы депозиттер — 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы
құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жирокепілдіктің
көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады.
Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.
• Басқа депозиттер — негізінен, ол белгілі уақыт аралығынан кейін ғана
алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда
біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға
жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа
депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен
депозиттерді қамтиды.

1.3 Ақша жүйесі және оның эволюциясы

Әр елдің тарихы қалыптасқан және тиісті заңмен бекітілген ақша
айналымын ұйымдастыру нысанын ақша жүйесі деп түсіну керек. Негізінде ақша
жүйесі көпшілік елдерде 16-17 ғасырларда қалыптасты, ал қайсыбір елдерде,
ақша жүйесінің кейбір элементтері бұрынырақ кездескен. Металл ақша
айналатын ақша металын, оның бірлігін анықтау, монета соғу және эмиссия
тәртіптері ақша жүйесінің элементтері болып табылған. Осы кезеңде әр елде,
жалпыға балама ретінде және ақша айналымның базасы болып, қандай металл
қолдануына байланысты, ақша жүйесінің екі түрі қалыптасты:
Биметалды ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық металл болып екі метал:
алтын және күміс қолданылған. Бірақ, неғұрлым жоғары құндылығының
салдарынан және тасымалдауға қолайлылығына байланысты алтын ақша
атқарымдарын орындауға көбірек бейімделген болғандықтан ол бара-бара күміс
монеталарды ығыстырып, ІХ-ғасырдың аяғына қарай ең басым валюталық металл
болып қалды.
Монометалдық ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық металл ретінде бірақ
металл шықты (алтын). Сонымен қатар айналымда алтынға айырбастала алатын
басқа да құнның өкілдері жүре алатын болды. Бұлар: банкноттар, қазына
билеттері, ұсақ монеталар.
Алтын монометалдық ақша жүйесінің үш түрі болды:
алтын - монеталық стандарт. Бұл стандартта алтын ақшаның барлық
атқарымдарын орындайды. Алтын монеталармен қатар айналымда көрсетулі
құнымен алтынға айырбастала алатын алтынның белгілері жүретін болды;
алтын — құйма стандарты. Бұл стандарт бойынша банкноттар (ақша
билеттері) алтын құймаға айырбастала алады;
алтын — девиздік стандарт. Бұл стандартта жеке елдердің банкноттарын
(ақша билеттерін) басқа елдің алтынға айырбастала алатын валютасына
ауыстыруға болатын.
Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе - алтын монометалдық ақша
жүйесінің дәл осы түрі кейін 1922 ж. құрылған халықаралық валюталық
жүйесінің негізі болды. Бұл жүйе 1976 жылға дейін СДР1 мен ауыстырылғанға
дейін жұмыс істеді. Оның үстіне алтын-девиздік стандарт экономика жағынан
әлсіз елдердің, неғұрлым экономикасы күшті елдерден тәуелділігін баянды
етті.
Өткен ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарының басында дүние жүзінде
айырбасталмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің табиғаты қағаз
ақшаға жақын және жалпыға бірдей экономикалық заңның, еңбекті және айналым
шығындарын үнемдеу талаптарына дәлдеу келетін.
Кейінгі кезеңдерде, несиелік ақша белгілерінің айналымы негізінде, екі
түрлі ақша жүйесі қалыптасты. Оның біреуі шаруашылық жүргізудің әкімшілік-
тарату жүйесіне сәйкес болса, екіншісі нарық экономикасына сәйкес келеді.
СДР - арнаулы өзара қарыз құқықтары 1969 жылы ұйымдастырылған ұжымдық
валюта.

1.4. Ақша жүйесінің негізгі элементтері

Қазіргі жағдайда ақша жүйесі бірнеше элементтерден құралады. Оның
ішінде:
Елдің ақша бірлігінің аты. Бұл элемент, әр елдің өмір сүре бастаған
кезінде пайда болатын мемлекеттік атрибут, және оның сыртқы түрі, не ішкі
мазмұны өзгерсе де аты өзгермейді. Мысалы, кезінде күміс те, алтын да
доллар болды. Енді қағаз доллар да бар. Бірақ, ол американың америка
болғанынан бері Ұлттық ақша бірлігі болып келеді.
Ресейде ХVIII-ғасырда, кейбір княздықтарда қолданылған күміс құймалар
"рубль" деп аталған. Кейінірек, Петр І-дің тұсында, ол Ресей мемлекетінің
Ұлттық ақша бірлігі болып жарияланған. Содан бері талай ақша реформалары
болып жатса да, оның сыртқы түрі де, ішкі мазмұны да өзгергенмен аты
өзгерген жоқ.
Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында
шығарылған ақша "Теңге" Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-
желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген
заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы.
Қазақстанның ақша бірлігінің — теңге деп аталауы, менің ойымша, оның
тарихымен тығыз байланысты болуға тиіс. Айталық, таяуда жарық көрген
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында теңгенің тарихы былай баяндалады: Алғаш
рет Ақ ғұндар б.з. I ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне эфталит (түркі-
руни) жазуы бар теңгелер (б.з. V—VI ғ.) жасап, сауда айналымына кіргізген.
Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек
жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізу өмір қажеттілігі
деп тым ерте қолға алған. 68 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған,
ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір
сүрген тайпалардың қола теңгелері VI — VIII ғасырдың жартысына дейінгі
аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан
бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайы
шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі
теңгелер жасалған. Біріншісі — сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан
бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және шаршы түрінде түркілердің
тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнелеген.
Екіншісі — үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Б.з.
704 — 766 жж. Таразда құйылған теңгелерде Түргеш қағанаты теңгесі немесе
Түркінің көк ханының теңгелері деген жазулар болған. Бұл тайпалық
дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын
куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы ақша айналымында
жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем
тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78 — 81% күміс ақшалар айналымға
кіргізілді. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды.
Ол бүкіл мемлекет атынан Кебек хан теңгесін айналымға енгізді. Ақшаның
салмағы — 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. Кебек хан теңгесі
Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек
хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның атынан шығарылған
Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ жағалауларына дейін
қолданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы
Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында белгілі болды. 16 ғ.
Отырардың мыс теңгелері және Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері
Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16
ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ хандығының атымен өндірілген
мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде
болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын
біріктіруде үлкен міндет атқарды.
Қорыта айтқанда, содан бері үш ғасырды артқа салып, еліміз егемендік
алғаннан кейін 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның жаңа ақшасы — теңге қайта
айналымға шығып отыр. Сол теңгенің шыққанына биыл 11 жыл толды. Соңғы
уақыттары теңге ТМД мемлекеттерінің ішінде біршама тұрақты валютаға айналып
отыр.
Эмиссия тетігі. Ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып
алудың тәртібі эмиссия тетігі деп аталады. Қазақстанда ол тәртіп мынандай:
а) қолма-қол емес ақшаның айналымға шығару және оны айналымнан шығарып
алу, екінші дәрежелі банктерге жүктелген. Олар несие берген кезде айналымда
қолма-қол емес ақша пайда болады да, ал несиені қайтарып алғанда ақша
айналымынан шығарылған болып есептеледі;
б) қолма-қол ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу
Ұлттық банкке және оның бөлімшелеріне жүктелген (облыстық бөлімшелер мен
есеп кассалық орталықтары - РКЦ).
— Айналымдағы ақша жинағының құрылысы. Бұл ұғым екі түсініктен тұрады.
Бір жағынан, қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның ара қатынасы
қаралады. Дүниежүзілік экономикада бұл көрсеткіш 13 болып, қолма-қол емес
ақшаның пайдасына шешілген. Екінші жағынан, банктік билеттер мен қазына
билеттерінің ара қатынасы қаралады. Бұл көрсеткіш Кеңес Одағының тұсында
12 болатын, яғни, егер айналымға 100 мың сом шығарылса, оның жартысы
банкілік (10, 25, 50, 100 сомдық) билеттер, жартысы қазына билеттерінен
тұратын (1, 3, 5, сомдық).
— Ақша мен несиені реттеу тетігі. Бұл ақша-несие мәселелерін реттеудің
әдісі. Қандай орган мұнымен шұғылданады, оның міндеттері, құқықтары қандай
және оның алдына қандай мақсат қойылады. т.с.с.
— Ақшаның құнын белгілеу тәртібі. Бұл, осы елдің ақшасының, басқа
елдердің ақшаларымен ара қатынасын анықтау жүйесі, яғни, Ұлттық ақшаның
(валютаның) бағамын белгілеу. Қазіргі жағдайда Ұлттық валютаның бағамын
анықтайтын екі режим (тәртіптеме) қолданылады: валюталық бағамды бекіту
және еркін жүзетін бағам. Валюталық бағамды бекіту режимінде ертеректе
(1976 жылға дейін), оның бағамы алтынмен салыстырғандағы құнымен тең
болатын. КСРО- да бұл тәртіп соңғы жылдарға дейін сақталды. Оны тек, 1992
жылы Ресей Үкіметі жойды. Осыдан кейінгі жылдарда, Ұлттық валютаның
бағамын, оның сатып алуға жарамдылығы мен басқа елдердің валюталарына
ұсыным мен сұранымға байланысты анықталатын болды. Бір ескеретін жағдай,
бұл режимде Орталық банк (Ұлттық банк) басқыншылық әдістерін пайдаланып, өз
валютасының бағамын толтырады. Қазақстан 1999 жылдың 5 сәуірінен бастап осы
режимнен бастап валюта бағамының еркін жүзу режимін енгізді. Бұл режимде
валютаның (теңгенің) бағамы ұсыным мен сұранымға байланысты валюта
нарығында анықталады.
Ақша түрлеріне заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз
ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50,
20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық
билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік
монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунт
стерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1
және 12 пенилер, сондай-ақ жаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2
және 1 шиллингтер де бар. Ал Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000,
5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік
билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500
теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі
64x100 мм су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар,
кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ
бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ
100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста
жүрмейді, олардың орнында металлдан жасалған монеталар қолданылыста жүр.
Қазыналық билеттер айналымда жоқ.
Эмиссиондық жүйе — бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша
шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен
Федералды резервті жүйе, Ресейде — РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда ҚР
Ұлттық банкі айналысады. Ұлттық банктің қарамағында еліміздің банкнота
жасайтын — Банкнота фабрикасы (Алматыда) мен монета жасайтын — Монета
сарайы (Өскеменде) бар.

ІІ-бөлім. Инфляция

2.1. Инфляция ұғымы және оның себептері

Инфляцияның мазмұны мен оқыған әрбір оқулықта әр түрлі болып шықты.
Мысалы, "Ақша, несие, банктер" деген 1998 жылы, Мәскеуден шыққан көлемді
оқулықта: "инфляция, бағаның жоғарлағанын, тауардың жетіспеушілігінен және
тауар мен көрсетілген қызметтің сапасыздығынан шыққан ақшаның құнсыздануы,
оның сатып алу мүмкіншілігінің төмендеуі болып көрінеді",- делінген.
Менің ойымша, бұл анықтаманың басты кемшілігі, айналымдағы ақша
белгілерінің аса көбейіп кетуінің инфляцияға тигізетін әсері айқын көрініс
таппаған.
1999 жылы, Алматыда шыққан "Толық экономикалық, орысша қазақша
сөздікте" инфляция былай сипатталады: "Ақшалай табыстың тауарлар мен
көрсетілетін қызметтерден асып түсуі, рынокта қаржы активтерінің көбеюі
салдарынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі".
Бұл анықтамадан байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуінде
сияқты. Соның, салдарынан айналымда ақша көбейіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Ақша айналымы және ақша айналысы
Қазақстанда ақша айналымының жағдайы
Ақша айналысы және оның дамуы
Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi
Ақша айналысының эволюциясы
АҚША БАЗАСЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша айналысының құрылымы
Ақша массасы және ақша базасы
Пәндер