Құтыру - зооантропонозды ауру



Дәрігер - адам баласын емдесе, мал дәрігері – адамзатты емдейді. Қай ауруды алып қарасақта, зерттеу негізінде барлық адам аурулары жануарлардан жұғатыны анықталды. Сондықтан да адамдарға сол кеселдер жұқпас үшін мал дәрігерлері, яғни біздер жоғары дәрежеде білімді игеріп, жақсы жұмыс жасаумыз керек. Адамзаттың өміріне қауіп төндіретін, өліміне әкеп соғатын аурулардан сақтандыруымыз керек. Міне сондай аурулардың бірі – құтыру.
Құтыру - зооантропонозды ауру. Яғни, адамдар мен жануарлардың өміріне залал келтіретін аса қауіпті ауру, әдетте бұл сырқаттың дамуы құтырған ет қоректілердің үй жануарларын жарақаттауынан болады. Ал адамдарда үй жануарлары мысықтың, иттің қабуынан, кейде құтырған қасқыр не түлкі адамға тікелей шабуыл жасауына байланысты, тістеп алуы арқылы сілекейден жұғады. Жер шарының көптеген елдерінде қазіргі уақытта жануарлардың құтыру ауруына көп шалдығуы негізгі ғаламдық проблемелардың біріне айналып отыр. Ол жүйке жүйесін зақымдап, шашыранды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті түрде өтетін өте қауіпті жұқпалы ауру. Құтырма ауруының вирусы жануардың сілекейі арқылы бөлінеді. Осылайша, олар қауып алғанда, сондай-ақ тырналған, сыдырылған жеріне сілекейдің түсуінен жұқтырып алуы мүмкін. Жарақатқа түскен вирус жұлын мен миды және барлық ағзаны зақымдайды. Вирус ағзаны зақымдаған сәттен ауру басталғанға дейінгі кезең 12 күннен 1 жылға дейінгі уақытқа созылуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы – рабдовирустар болып табылады. Рабдовирустар — құрамында РНҚ бар таяқша пішінді вирустар тұкымдастығы. Вириондардың ұзындығы 175 нм, көлденеңі 70 нм. РНҚ сыңар тізбекті, сырты липопротеид қабығына оралған, негативті, м. с, 4000000, оралымды қосжіпті нуклеокапсидтің құрамына кіреді. Торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді. Рабдовирустар тұқымдастығы ішінде лиссавирустар туысы - құтыру ауруының қоздырғыштары болып табылады. Вирус малдың барлық түлігін, ал хайуандардан итті, мысықты, қасқырды, түлкіні, қарсақты, аюды, т.б. құтыру ауруына шалдықтырады. Аурудың вирусы құтырған малдың миында, жұлынында, сілекейінде көп болады. Аурудың негізгі таратушылары құтырған ит, мысық, түлкі, қасқыр. Ол тістеу арқылы берілумен және орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдануы белгілерімен, жіті өтетіндігімен сипатталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – құтыру ауруын жалпы түбегейлі зерттеп, ауруға дұрыс балау қоя отырып, құтыру ауруының адам баласына әкелетін зардабын және ауруда болдырмаудың себептерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- Қазіргі кездегі құтыру ауру жөнінде толық мағұлмат беру;
- Құтыру ауруының қоршаған ортаға, адамзат баласына кеселі туралы баяндау;
- Ауруды болдырмау, құтыру ауруының алдын-алу шаралары жөнінде таныстыру;
1. Ахметов, Ж. Б. Патологиялық анатомия / Ж. Б. Ахметов. – Алматы. : Ана тілі, 1993.
2. Ығылманұлы, Ө. Малдың жалпы патологиялық анатомиясы / Ө. Ығылманұлы. – Алматы. : Қайнар, 1997.
3. Бакулов, И. А. Індеттану және микробиологиялық негіздері / И. А. Бакулов. - Алматы. : Қайнар, 1993.
4. Нуралиев, М. М. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауыруларды балау және күресу шаралары / М. М. Нуралиев, Ғ. Ғ. Есенгалиев. – Орал, 1998.
5. Махышев, Т. Құтыру ауыруын алдын алу / Жаршы / 2001.
6. Махышев, Т. Құтырық ауыруының таралуы / Жаршы / 2002.
7. Әбутәліков, Ә. Әр түлік малдардың жұқпалы ауруы / Ә. Әбутәліков. – Орал, 1993.
8. Мырзабекова, Ш. Б. Ветеринарлық вирусология / Ш. Б. Мырзабекова. – Алматы. : Білім, 2004.
9. Боль, К. Г.Основы патологический анатомий СХЖ / К. Г. Боль, Б. К. Боль. – Москва. : Колос, 1961.
10. Жаров, А. В. Патологическая анатомия СХЖ / А. В. Жаров, В. П. Шинков. - Москва. : Аквариум, 2003.
11. Налетов, Н. А. Паталогическая физиология и патотологический анатомия СХЖ / Н. А. Налетов. – Москва. : Колос, 1970.
12. Орлов, Ф. М. Инфекционные болезни / Ф. М. Орлов. – Москва. : Агропромиздат, 1974.
13. Сайдулдин, Т. Ветеринарлық індеттану / Т. Сайдулдин. - Алматы. : Қайнар I кітап, 1989.
14. Жанұзақов, Н. Ж. Мал фельдшерінің анықтамалығы / Н. Ж. Жанұзақов. – Алматы. : Қайнар, 1985.
15. Жаров, А. В. Патологическая анатомия сельскохозяйственных животных / А. В. Жаров, В. П. Шишков, М. С. Жаков. – Москва. : Колос, 1999.
16. Канапаткин, А. А. Эпизоотология и инфекционные болезний СХЖ / А .А. Канапаткин, И. А. Бакулов. – Москва. : Колос, 1984.
17. Жаров, А.В. Патологическая анатомия, секционный курс и судебно-ветеринарная экспертиза / А. В. Жаров, Г. З. Идрисов, В. П. Шишков. – Москва. : Колос, 1996.
18. Жаров, А. В. Вскрытие и патоморфологическая диагностика болезней животных / А. В. Жаров, И. В. Иванов, А. П. Стрельников. - Москва. : Колос, 2000.
19. Житенко, П. В. Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства / П. В. Житенко, М. Ф .Боровков. – Москва. : Колос,1998.
20. Налетов, Н. А. Патологическая физиология и патологическая анатомия животных / Н. А.Налетов, И. В. Иванов, П. Д.Федоров, В. Ф. Черкашин. – Москва. : Агропромиздат, 1991
21. Жаров, А. В. Судебно-ветеринарная медицина / А. В. Жаров. – Москва. : Колос, 2001.
22. Көпбосынов, Б. Қ. Мал санитарының кітапшасы. Б. Қ. Көпбосынов. - Алматы. : Қайнар, 1978.
23. Добин, М. А. Практикум по ветеринарной патологической анатомий и вскрытию / М. А. Добин, П. Н. Кокуречев. – Ленинград. : Колос, 1976.
24. Жаров, А. В. Практикум по патологический анатомий СХЖ / А. В. Жаров, И. В. Иванов. – Москва. : Колос, 1989.
25. Кузнецов, Г. C. Мал дәрігерінің анықтамалығы / Г. C. Кузнецов, И. А. Протов. – Алматы. : Қайнар, 1971.
26. Тормис, М. Р. Болезни животных опасные для человека / М. Р. Тормис, Б. Л Черкасский. – Москва.: Колос, 1997.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе
Дәрігер - адам баласын емдесе, мал дәрігері – адамзатты емдейді. Қай
ауруды алып қарасақта, зерттеу негізінде барлық адам аурулары жануарлардан
жұғатыны анықталды. Сондықтан да адамдарға сол кеселдер жұқпас үшін мал
дәрігерлері, яғни біздер жоғары дәрежеде білімді игеріп, жақсы жұмыс
жасаумыз керек. Адамзаттың өміріне қауіп төндіретін, өліміне әкеп соғатын
аурулардан сақтандыруымыз керек. Міне сондай аурулардың бірі – құтыру.
Құтыру - зооантропонозды ауру. Яғни, адамдар мен жануарлардың өміріне
залал келтіретін аса қауіпті ауру, әдетте бұл сырқаттың дамуы құтырған ет
қоректілердің үй жануарларын жарақаттауынан болады. Ал адамдарда үй
жануарлары мысықтың, иттің қабуынан, кейде құтырған қасқыр не түлкі адамға
тікелей шабуыл жасауына байланысты, тістеп алуы арқылы сілекейден жұғады.
Жер шарының көптеген елдерінде қазіргі уақытта жануарлардың құтыру ауруына
көп шалдығуы негізгі ғаламдық проблемелардың біріне айналып отыр. Ол жүйке
жүйесін зақымдап, шашыранды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті
түрде өтетін өте қауіпті жұқпалы ауру. Құтырма ауруының вирусы жануардың
сілекейі арқылы бөлінеді. Осылайша, олар қауып алғанда, сондай-ақ
тырналған, сыдырылған жеріне сілекейдің түсуінен жұқтырып алуы мүмкін.
Жарақатқа түскен вирус жұлын мен миды және барлық ағзаны зақымдайды. Вирус
ағзаны зақымдаған сәттен ауру басталғанға дейінгі кезең 12 күннен 1 жылға
дейінгі уақытқа созылуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы – рабдовирустар болып
табылады. Рабдовирустар — құрамында РНҚ бар таяқша пішінді вирустар
тұкымдастығы. Вириондардың ұзындығы 175 нм, көлденеңі 70 нм. РНҚ сыңар
тізбекті, сырты липопротеид қабығына оралған, негативті, м. с, 4000000,
оралымды қосжіпті нуклеокапсидтің құрамына кіреді. Торшаның цитоплазмасында
өсіп-өнеді. Рабдовирустар тұқымдастығы ішінде лиссавирустар туысы - құтыру
ауруының қоздырғыштары болып табылады. Вирус малдың барлық түлігін, ал
хайуандардан итті, мысықты, қасқырды, түлкіні, қарсақты, аюды, т.б. құтыру
ауруына шалдықтырады. Аурудың вирусы құтырған малдың миында, жұлынында,
сілекейінде көп болады. Аурудың негізгі таратушылары құтырған ит, мысық,
түлкі, қасқыр. Ол тістеу арқылы берілумен және орталық нерв жүйесінің ауыр
зақымдануы белгілерімен, жіті өтетіндігімен сипатталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – құтыру ауруын жалпы түбегейлі зерттеп,
ауруға дұрыс балау қоя отырып, құтыру ауруының адам баласына әкелетін
зардабын және ауруда болдырмаудың себептерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- Қазіргі кездегі құтыру ауру жөнінде толық мағұлмат беру;
- Құтыру ауруының қоршаған ортаға, адамзат баласына кеселі туралы
баяндау;
- Ауруды болдырмау, құтыру ауруының алдын-алу шаралары жөнінде
таныстыру;
ІI. Әдебиетке шолу
Ж. Б. Ахметовтың дерегі бойынша (1993) Құтыру (синонимдері: rabies,
lyssa, hydrophobia - судан сескену) - адам мен жылы қанды жануарлардың аса
қауіпті жұқпалы ауруы, зақымдалған жануарлармен қатынас (тістеу,
микрожаралардың сілекейленуі) кезінде таралады, ОЖЖ зақымдануымен және
өліммен аяқталуымен сипатталады.
Н. Ж. Жанұзақовтың (1985ж) мәліметі бойынша, ауруды сүзілетін
ультравирус тудырады. Бұл вирус нерв клеткаларында жақсы өсіп-өнеді және
зақымдайды. Қоздырған вирус жоғарғы температураға төзімсіз келеді. Мәселен
70-60 градус ыстыққа 30минутта өледі. Ал суыққа өте төзімді. Құтыру
ауыруына жабайы жануарлар,үй малы және адамдар жиі шалдығады.
Республикамыздың Батыс обылыстарында (Орал, Ақтөбе, Торғай, Гурьев,
Маңғышылақ) бұл ауру жабайы жануарлардың және үй малының арасында жиі
кездеседі. Сондай-ақ ауру Қазақстанның басқа обылыстарында аздап болса да
кездесіп тұрады, ал жабайы жануарлар арасында ауру жылдың қай мезгілі
болмасын кез келген шаруашылықтың территориясында кездесуі мүмкін.
Ө. Ығылманұлының мәліметтері бойынша (1997) құтырма вирусын үй
жануарларынан басқалары да таратады. Олар: қасқыр, түлкі, борсық,
кеміргіштер, ит, мысықтар. Малдың құтырма ауруына шалдыққанын оның сілекейі
көп ағып, көзі жасаурап тұрғанынан байқауға болады. Патогенез және
клиникалык белгілері. Құтыру вирусы көрнекті нейротроптық қасиетке ие.
Енген жерінен вирус перифериялык жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке
жүйксіне түседі, онда көбейеді, осы талшықтар аркылы барлық жүйке жүйесін,
біркатар безді мүшелердің жүйқе түйіндерін, әсіресе сілекей бездерді
зақымдай отырып төмен таралады. Жүйке түйінінде вирус көбейіп сілекей
арқылы қоршаған ортаға түседі.
И. А. Бакуловтың еңбектері бойынша (1993), әсіресе құтырған қасқыр мен
қорқау қасқыр өте қауіпті болады. Жабайы жыртқыштарда үй жануарларындай
гидрофобия болмайды. Өршіген кезеңінде олар үлкен өзендерден де жүзіп өте
алады. Құтырған түлкімен қарсақ тапа-тал түсте елді мекенге келіп, иттермен
таласады, кісіден қашпайды. Түлкі мал қораларға, мал отарларына кіріп малға
шабады. Салдану басталған кезде мұндай жыртқыштар жүре алмай,жатып қалса
да, ит пен адамға ұмтылып, тістеп алады.
Ғалым Н. А. Налетовтың (1970) еңбектеріне көз жүгіртсек, орта ғасырда
кұтыру, көбінесе жабайы жануарлар арасынан жиі табылған, ХІІ-ғасырдың
аяғында, әсіресе, ХІІІ-ғасырда қала санының көбеюіне байланысты, ол халқы
тығыз мекендердің ауруына айналды. Одан кейін нерв жолдарымен енді сырт
бағытына қарай жылжи отырып, вирус сілекей бездеріне түседі, нерв
түйіндерінде өсіп-өнеді және олардың клеткаларын дегенерация жасаған соң
сілекейге түсетінін айтады.
Ө. Ығылманұлының мәліметтері бойынша (1997), құтыру вирусының төзімді
қасиеті болады. Бұл жаратылыста тағы бір штаманың пайда болып, аурудың
жасырын кезеңі қысқа немесе ұзаққа созылатын және клиникалық көріністері әр
түрлі аурудың келуіне себепші болады. Аурудың клиникалық белгілері пайда
болғанға дейін 2-8 күннің ішінде құтырған малдың сілекейінен аурудың вирусы
табылады. Аурудың жұғуы ең алдымен сол тістелген жердің көлеміне, жараның
тереңдігіне соңғы нерв талшықтарының молдығына және мефатикалық қан
талшықтарының жиелігіне байланысты.
М. А. Добиннің айтуы бойынша, жылқыда аурудың өршіген түрінің бірінші
белгілері - үркектік, мазасыздану, кейде тістелген жерін үйкеу. Несеп
шығаруға бейімделген сыңайы желілейді,тышқаншық тигендей қипалақтай береді.
Көтерілу белгілері шылбырын үзіп, босануға тырысуы өшпенділігінің артуы
арқылы білінеді. Кейде жыныстық қозу байқалады. Көтерілу жабырқауланумен
алмасады,жануар мүлгіп тұрады. Жұтынуы қиындап, кісінеген дыбысы булығып
шығады, аузынан шұбырып сілекей ағады. Бастың, әсіресе жағының бұлшық
еттері бүлкілдеп, дірілдеп тұрады. Ауру басталған соң 2-3 күннен кейін
артқы аяғы салданып, сүйрете бастайды, біртіндеп бүкіл денесінен жан кетіп,
3-4күн ішінде өліп кетеді. Жабайы жыртқыштардан жұққанда ауру салданған
түрінде өтеді де, көтерілу кезеңі байқалмауы мүмкін.
М. А. Добиннің (1976ж) мәліметі бойынша, қой мен ешкіде де өршіген
құтыру кезінде басқа жануарларға әсіресе итке өшпенділігі байқалады.
Ауырған малдар тістерін шықырлатып, аяғын тарпынып, сүзісе береді. Әдетте
жыныстық қозу белгілерін береді. Сілекейі шұбырып,денесі сандана бастайды.
Екінші күннен бастап-ақ денесінің артқы жағы бұлғақтанып кенеттен құлап
қалады. Құтырықтың санданған түрі көтерілу және өшпенділік белгілерінсіз
өтеді.
М. Бурделеваның (1978ж) айтуы бойынша, сиырда құтырықтың салданған түрі
жиі кездседі. Бұндай жағдайда аурудың көтерілу белгілері байқалмайды.
Жануар табыннан бөліне береді, күйіс қайтаруы тоқтап, жұтынуы қиындайды,
сілекей ағып, мөңіреген кезде дыбысы жөнді шықпайды, жүргенде шатқаяқтап,
теңселеді. Таз қарынның атониясы, іш қату жиілейді. Содан соң аяқтары
салданады. Өршіген құтырық кезінде бас жібін үзіп кетуге тырысып,
бұлқынады, дыбысы әлсіреп, басын кекжитіп, аяғымен жер тарпиды, қоршауды
бұзып өтуге тырысады. Итке мысыққа деген өшпенділігі бөлінеді. Сілекей
шұбырып, терлеп, несеп пен нәжіс шығаруға ыңғайлана береді, кейде жыныстық
қозу белгілерін байқатады. Әбден болдырып барып құлайды да, тыпырлай
бастайды. Біртіндеп тілі жансызданып, артқы соңынан алдыңғы аяқтары
салданады. 3-6 күн өткенде жаны шығады.
Ж. Б. Ахметовтың (1993ж) мәліметі бойынша, құтыру антропозондар
қатарына жататын жіті вирусты сырқат. Құтыру вирусы жарақаттанған жерден
нервті байлап немесе нерв айналасындағы кеңістік арқылы тез арада нерв
жүйесі клеткаларына жетеді. Вирустың өсіп-өнуі нәтижесінде нерв жүйесінде
дистрофиялық және қабынуға тән өзгерістер дамиды. Құтыруда мидың қатты
қабығы қанмен толып кернеліп тұрады. Мидың жұмсақ қабығында майда қан
құйылу ошақтары көрінеді.
И. А. Бакуловтың (1993ж) айтуы бойынша, құтыру жылықандылардың
барлығына қауіпті жұқпалы ауру. Тістеу арқылы берілумен және орталық нерв
жүйесінің ауыр зақымдану белгілерімен, жіті өтетіндегін сипаттады. Вирус
денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары
арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді.
Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз
шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан
орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі.
Т. Сайдуллиннің (1999ж) мәліметі бойынша, құтырық орталық жүйке жүйесін
зақымдап, шашыранды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін
жұқпалы ауру. Құтырық өте ерте заманнан, адамзаттың тарихы қалыптаса
бастағаннан белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавильонның б.д.д. 2300 жылы
жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит иттің құтырығын жан-жақты
баяндаса, Аристотель әр түрлі жануарларға құтырық иттің қапқанда
жұғатындығын жазды.
Т. Махышевтің (2001ж) мәліметі бойынша, құтыру ауруы казіргі кезде
өзінің табиғи ошақтылығымен сипатталатын жабайы ет қоректілер ортасынан
орын теуіп отыр. Табиғи аймақтардағы бұл хайуандарға вакцина жүргізу осы
аурудан сауықтандырудың ең тиімді әдісі болып табылады. Вирустың өсіп-өнуі
нәтижесінде нерв жүйесінде дистрофиялық және қабынуға тән өзгерістер
дамиды.
М. А. Добин, П. Н. Кокуречевтың дерек көздеріне сүйенсек (1976), Луи
Пастер (1822-1895) француздң әйгілі ғалымы, ветеринарлық микробиологияға
үлесін қосқан. Өз еңбектерінің нәтижесінде топалаң, құтыру, құс обасы
ауруларының қоздырушылары ғылыми негізде терең зерттелді. Пастер жұқпалы
аурулардың қоздырғыштарын зерттеп қана қоймай, олардан мал мен адамды
сақтандырудың жолдарын көрсетті. Ол алғаш рет ауру қоздырғыштарын
әлсіретіп, олардан вакцина дайындаудың әдісін ойлап тауып, оны іс жүзінде
жүзеге асырды. Пастер еңбектерінің өнеркәсіптік және техникалық
микробиологияны дамытуға қосқан үлесінің де теңдесі жоқ деп айтуға болады.
А. В. Жаровтың (2003ж) мәліметі бойынша, мысықта құтырықтың белгілері
иттегідей болады. Өршіген түрі жиі ұшырайды. Бастапқы кезеңде мысық аса
секемшіл, қорқақ болып, қала берді қараңғы жерлерге тығылып қалады. Ондай
жерден алып шығуға тырысқанда иесін тырнап, тістеп алуы мүмкін. Әдетте
кісінің бетіне шабады. Жұтынуы қиындап, сілекей ағады, қырылдап мияулайды.
Көтерілген кезеңі басталғанда ит құсап қашып кетуге тырысады,бірақ аса
алысқа ұзамайды. Мұндай мысық өшпенді келеді, әсіресе ит пен кісіге
соқтығады. Бұдан соң жұтқыншақтың, аяқтарының, тұла бойы бұлшық еттерінің
салдануы күшейіп, ауру басталған соң 2-5 күн өткенде мысық өліп қалады.
Салданған құтырық кезінде өшпенділік аса байқала қоймайды немесе мүлдем
болмайды.
М. А. Добин, П. Н. Кокуречевтың дерек көздеріне сүйенсек (1976), құтыру
ауруының қоздырғышы сүзілгіш вирус. Оның үлкендігі 100-150 мм. Туғанына 6 -
тәулік болған балапанның миына вирусты орнатып, өсіріп алғаннан кейін, оны
тауықтың 7-8 күндік эмбрионының хорллантойс дейтін сыртқы сары уызының қабы
ішіне, сондай-ақ әр қилы клеткаларға егіп өсіруге болады.
Ә. Әбутәліковтың (1993ж) мәліметі бойынша, құтырудың қоздырушысы рабдов
вирустардың тұқымдарынан ірі РНК-сы бар вирус. Ең жоғарғы титрларда оны
ауру малдардың миының әсіресе амандық мүиізшеден,үлкен іш сыңарынан,
қарақұс миынан, сопақша мидан табуға болады жұлында, сілекей және көз жасы
бездерінде сілекейде вирустың титрі әжептәуір болады. Жануарлардың қан
саруысындағы иммунитеттің өсуі, қан сарысуымен нәжіс сығындысының рабикалық
белсенділігі вирусты бейтараптандыру реакциясының көмегімен анықталады.

ІІІ. Негізгі бөлім
1. Құтыру ауруының дамуы туралы тарихи деректер

Құтыруды өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихы қалыптаса бастаған
кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер біздің дәуірімізге дейінгі жазбаларда
кездеседі. Демокрит (б.д.д. 5 ғ) иттің құтыруын жан-жақты баяндаса,
Аристотель (б.д.д. 4 ғ) әртүрлі жануарларға құтырудың ит қапқанда жұғатынын
жазған. Есенберлиннің Алтын Орда романында Алтын Орданың болашақ ханы
Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртеп жібергені
баяндалған.
Құтырық ауруын қоздыратын вирус біздің дәуірден 2300 жыл бұрын
кездескен, ал біздің дәуірдің 100 жылы Корнелий Цельс бұл аурудың өз
құлдарының арасында шыққанын байқаған. Ол ауруды гидрофобия деп атаған.
1804 жылы неміс ғалымы Цинке құтырықпен ауырған жануарлардың сілекейінің
жұқпалы екенін анықтаған. Француз ғалымы 1879 жылы Гальте тәжірибе арқылы
құтырықты ауру иттен үй қояндарына жұқтырады. XIX ғасырдың аяғында 1881-
1884 жылдарында француз ғалымы Луи Пастер (1823—1895) вирус жұқтыратын
құтырық ауруының вакцинасын алды. Л. Пастер тері өңдеушінің баласы болған.
Өзі 25 жасында Париждегі мектептің физика және химия курсын бітіріп, бір
жылдан соң атақты химик Блонның ассистенті болып істеген. Ол 27 жасында
профессор атағын алды. Пастердің данышпандығын дәлелдейтін бір жағдай — ол
өзі құтырық вирусын білмей-ақ сол аурудың жұқпалы екенін сезіп, ауру
коздыратын агентті әлсірету жағдайын ойластырған. Осындай әлсіреген
қоздырушы ауру туғызбай, ол ауруға қарсы иммунитет туғызған. 1903 жылы
Ремленже және Риффат – құтырық вирусының сүзгіден өтіп кететінін
дәлелдеген. Мысалы: кұтырық вирусының генін алып, Е. сол микробының
клеткасына енгізсе, ондай микроб вирустың белогын шығарады. Осының
арқасында қауіпсіз вакцина алуға болады. Мұндай вакциналарды гендік
инженерия арқылы алынған вакцина деп атайды.
Құтырған иттің сілекейінің жұғымталдылығын алғаш рет тәжірибе жүзінде
1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Л. Пастер (1881-1889) үй қояндарының
миларынан 133 рет вирусты өткізу арқылы оның патогендігін әлсіретіп, өзінің
дүние жүзіне әйгілі вакцинасын жасап шығарды., 1885 жылы шілденің 6-шы
жұлдызында ол вакцинасын пайдаланып, құтырған ит талаған адамды азапты
өлімнен алып қалды. 1886 жылы осы вакцинаның нәтижесінде 2500 адамның өмірі
сақталды. 1886 жылы Ресейдің Одесса қаласында И. И. Мечников пен Н. Ф.
Гамалеяның ұсыныстары бойынша құтыруға қарсы вакцина егетін Пастер пункты
ашылды. Румын ғалымы Бабеш 1887 жылы мидың гангли торшаларынан арнайы
денешіктер тапты, ал 1903 жылы итальяндық Негри оған диагностикалық мән
берді. Кейіннен (1950) оны Бабеш-Негри денешігі деп атады.
Құтырумен барлық жылы қандылар, сонымен қатар адам да ауырады. Бұл
індетке ит пен мысық аса бейім. Құтыру қорламасына байланысты табиғи,
қалалық және жарқанаттар індеттеріне жіктеледі. Қалалық індет кезінде иесіз
жүрген иттер мен мысықтар, табиғи індет кезінде жабайы ет қоректілер, ал
жарқанаттар құтыруының бастауы қансорғыш жарқанаттар болып табылады.

3.2. Аурудың этиологиясы мен патогенезі жалпы белгілері
Құтыру (синонимдері: rabies, lyssa, hydrophobia - судан сескену) - адам
мен жылы қанды жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы, зақымдалған
жануарлармен қатынас (тістеу, микрожаралардың сілекейленуі) кезінде
таралады, ОЖЖ зақымдануымен және өліммен аяқталуымен сипатталады. Құтырудың
вирустық этиологиясын 1903 жылы П. Ремленже дәлелдеді. Құтыру ауруының
қоздырушысы – Rabies lyssavirus – рабдовирус тұқымдастығының лиссавирустар
туыстастығына жататын вирус қоздырады. Барлық рабдовирустар секілді оқ
пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе
жатқан тауық және үйрек эмбриондарында, кейбір торшалардың өсіндісінде
өсіруге болады. Бұл вирусытң екі негізгі антигені бар. Еритін S – антиген
(капсид нуклеопротеиді) – барлық құтыру вирустарына ортақ және V – антиген
(вирионның сыртқы қабығындағы) вирустың әрбір жеке типтеріне тән. Соңғы
антигенге тән құтыру вирустары 4 сероварға бөлінеді. Індет кезінде
кездесетін және лабораториялық құтыру вирустары бірінші сероварға жатады.
Төзімділігі. Құтырық вирусы 60 градус кезінде 10 мин өткенде 100
градуста бірден белсенділігін жояды. Төменгі температураға төзімді болады
да, тоңазытылып қатырылған мида айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-
3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданып жүрген дезинфектанттардың
кәдуілгі концентрациясы: 1-2 пайыз лизол ертіндісінде, 2-3 пайыз
сілтілерде, фармалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігінен
айырады. Дақылды өсіру. Құтыру вирусын ақ тышкандардың, сириялык
аламандардың, орқояндардың, егеуқүйрық, теңіз шошқасы, қойлардың милық
тінінде өсіреді. Жұқтырылған жануарлардың аяқтарында сал дамиды, кейін олар
өледі. Құтыру вирусы алғашқы және ауыспалы жасуша дакыддары мен тауық
эмбрионында бейімделуі мүмкін. Вируспен зақымдалған жануарлардын бас миының
жасуша цитоплазмасында немесе тіндік дақылдарында спецификалық қосындылар
пайда болады, оларды алғаш В. Бабеш (1892) пен А. Негри (1903) анықтаған,
сондықтан Бабеш-Негри денешіктері деп аталады. Қосынды сфералық немесе
сопақша пішінді, қышқыл бояулармен жақсы боялады, қүрамында диагностикалық
маңызы бар вирустық антиген орналасады.
Антигендік кұрылымы. Құтыру вирусының құрамында жүрекшелік және
беткейлі антигендер анықталған. Гликопротеидті антиген (тікенді ақуыз)
көрнекті иммуногсндік қасиетке ие. Құтырудың антигендік касиеті ұқсас екі
вирусы бар: жануарлардың арасында таралған, адамға патогенді жабайы вирус
және орқояндардың миы арқылы жабайы вирусты ұзақ уақыт зертханалық жағдайда
пассаждау жолымен Л. Пастермен бекітілген вирус (virus fixe). Бекітілген
вирустың адам вирулентгілігін жоғалтуына байланысты Л. Пастер осы
антирабиялық вакцина түрінде қолданды.
Резистентілігі. Құтыру вирусы қоршаған ортада тұрақсыз: сәулесі мен УК-
сәулелердің, дезинфекциялык ерітінділер (хлорамин, формалин) әсеріиен
жылдам жойылады, май еріткіштер сілтілі ерітінділерге сезімтал. Төмен
температурада ұзак сақталады.
Эпидемнологиясы. Құтыру ауруы көне заманнан белгілі, жер беті кеңінен
тараған зоонозды инфекция. Құтырумен барлык жылықанды жануарлар ауруы
мүмкін. Дегенмен, таралу механизімінің ерекшелгі (тістеу арқылы) байланысты
табиғатта вирустың айналуын жабайы және етқоректі үй жануарлары, соның
ішінде ит, қасқыр, түлкі, мысықтар т.б. қамтамасыз етеді. Құтырудың табиғи
ошақтары барлық жерде орналасқан. Адам эпидемиялық үрдістің кездейсоқ тобы
болып келеді, сондықтан табиғатта вирустың айналымына қатыспайды. Құтыру
вирусы сілекей бездерінде жинақталып ауру кезінде және жасырын кезеңнің
соңғы күндерінде бөлінеді. Қоздырғыштың таралу механизмі - тікелей
қатынасты, негізінен тістеген кезде, сирек зақымдалған терінің
сілекейленуінде. Инфекция кезі ретінде ауру адамның ролі өте төмен,
дегенмен құтыру вирусы онын сілекейінде болады. Адамнан адамға жұғу тек
бірңеше жағдайда кездескен.
Аурудың нақты этиологиясы. Ауру малды негізінен құтырыққа шалдыққан
жануар (ит, түлкі, т. б.) тістеп жаралағанда сілекей арқылы жұғады. Жасырын
кезеңі 2-3 апта, кейде бір жылға дейін созылады. Вируспен ластанған дара
үлкен әрі терең және жануар басына жақын орналасса ауру тез өршиді.
Жараланған теріге немесе кілегейлі қабыққа енген вирус негізінен жүйке
дінгегінің бойымен мидың нейрондарына жетіп, оларда өсіп-өнеді. Организмде
вирус лифогенді және қанмен тарайды деген деректер бар. Орталық және шеткі
жүйке жүйелерін вирус бүлінуге, қабынуға ұшыратады. Гипокамптың сонымен
қатар мидың басқа бөлімдеріндегі нейрондарында байқалатын құтырыққа тән
Бабеш-Негри қосымша денешіктері цитоплазма ультрақұрылымдары мен вирустың
өзара әрекеттесуі нәтижесінде нәруыз алмасуы бұзылып, нәруыздық
преципитаттың пайда болуына байланысты қалыптасады. Нейрондар мен
діңгектердің бүлінуі мүшелердегі қан мен лимфа айналымының бұзылуына,
аурудың сәтсіз аяқталуына алып келеді.
Құтыру ауруының патогенезі. Қоздырушының денеге түсетін негізгі жолы –
ол құтырған жануардың тістеп талаған жері – ошақ жара, вирус денеге түскен
соң, аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы
(периневральді) орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, оның гангли
түйіндеріне, соңынан миға өтеді. Мидың ганглиозды түйіндерінде өсіп, өнуі
іріңсіз шашыранды энцефалиттің дамуына әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан
орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Сілекейде вирус
ауру белгілері көріне бастағанға дейін 5-10 күнде табылады. Онда
интрамуральді жүйке түйіндерінде көбейе келіп, жүйке торшалары залалданған
кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан қоздырушы
сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті безіне
жетеді, бәлкім оларда да өсіп өнеді. Денеде вирус аэрогенді жолдар мен сөл
және қан арқылы таралуы мүмкін. Жүйке жүйесінде қоздырушының әсеріннен
күрделі зақымдар, қабыну процестері дамиды.
3.3. Құтыру ауруының негізгі клиникалық белгілері және аурудың өтуі мен
симптомдары.
Құтырудың жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан
ұзағырақ созылады, әдетте 2-3 апта аралығында болады. Оның ұзақтығы
құтырған жыртқышытң тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына,
вирустың мөлшері мен уыттылығында, таралған малдың төзімділігіне
байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға қарағанда әдетте
қысқа болады.
Құтыру жіті өтетін ауру. Әртүрлі ауруларда оның клиникалық белгілері
ұқсас болып келеді, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтыру
өршіген және бәсең түрде өтеді. Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады: біліне
бастаған, көтерілген және дел-сал. Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3
тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезі өзгере бастайды. Ит
көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы жерге немесе үйшігіне тығылады. Кей
жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын, бетін жалауға тырысады. Бұл кезде иттің
сілекейінде вирус болғандықтан, өте сақ болған жөн. Біртіндеп ит
мазасызданыпғ тез шошынып ызақорланады, орынсыз жүгіре береді. Есінің
ауысқан белгілері біліне бастайды: бұрыннан үйреншікті нәрсеге ызыланып,
ауаны аузымен қабады (шыбын ұстағандай). Тәбеті бұзылып үйреншікті тамақты
жемей, ағаш, шүберек сияқты заттарды жей бастайды. Кейде таланған жері
қышынып, оны жалап, үйкелеп, тістелей бастайды. Біліне бастаған кезеңі
соңында жұтқыншақ бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде жұтына алмай, бір
нәрсеге қақалған әсер туғызады. Иттің кенеттен өшпенділігі артып, орынсыз
басқа жануарларға, адамға, тіпті өз иесіне де ұмтылуы мүмкін. Бұл белгілер
аурудың көтеріле бастағанын көрсетеді. Бұл кезең 3-4 күнге созылады. Иттің
қорқыныш сезімі жоғалып, шынжырын тістеп, үзіп кетуге тырысады, босап
кеткен жағдайда, кісіге шауып, бет-алды жүгіріп, далаға қашады. Құтырған ит
бір күн ішінде бірнеше ондаған шақырым жүгіріп, кездескен мал мен адамға
шабады. Ұмтылған кезде үрмей, үндемей қабады. Егер ит темір торға қамалса,
темір торды тістерінің сынғанына қарамастан тістеп, әлсіреп құлағанша
бұлқына береді. Кез келген сыртқы әсер елірменің қайтадан ұстауына әкеп
соғады. Бұдан кейін әлі кетіп құлайды. Біртіндеп бұлшық еттері жансызданып,
аурудың үшінші кезеңі дел-сал кезең басталады.
Дел-сал кезең 1-4 күнге созылады. Бұлшық етерінің салдануы нәтижесінде
дыбысы мүлдем өшіп (афония), жағы салақтап, көзі шатыраштанады. Артқы аяғы
басуға келмей, сүйретіліп, кейінен тұла бойы еттерімен алдыңғы аяқтары да
салданып, ит мүлдем қимылсыз қалады. Аурудың жалпы ұзақтығы 8-10 күнге,
созылады, кейде жануар 3-4 күнде өліп кетеді.
Құтырықтың бәсең салданған түрі аурудың итке түлкіден жұққанда болады.
Көтерілуі әлсіз немесе мүлдем болмайды. Ең бірінші көзге түсетіні – ауырған
жануар жұтына аламайды, аузынан сілекейі ағады. Жағы салақтап, аяқ тұла
бойы салданып 2-3 күнде өліп қалады.
Құтырықтың кәдімгідей емес түрі сирек кездеседі. Ондай кезде ит
өшпенділік көрсетпейді. Ауру сәл жіті түрде өтеді де, жануар тез арып,
бұлшық еттері сола бастайды. Жануар ара-тұра жазылып кетеді де, қайталамалы
құтыру байқалады.
Мысықтарда құтыру көбінесе кенеттен басталады. Олар аурудың бірінші
күнінен бастап адамдарға шабуыл жасайды. Ауру түлкілер көп кезде адамдар
тұратын жерлерге барып, ешбір қиындықсыз қолға түседі. Құтырма ауруының
тыныш формасы сирек кездеседі. Аурудың бұл формасында вирус жұқтырған
жануар тыныс алу жолдарының сал болып қалуы және жүрек жұмысының тоқтау
себебінен өледі. Құтырма – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, қоздырғышы
қатынас арқылы берілетін, ұзақ инкубациялық кезеңмен жүретін, емделуі қиын,
аса қауіпті, вирусты жұқпалы ауру.
Сиырда құтырықтың салданған түрі жиі кездеседі. Бұндай жағдайда қозу
белгілері байқала қоймайтын бәсең құтыру формасы басым. Малдар табынан
қалып қояды күйіс қайыру тоқталады, жұтыну қиындайды, сілекей ағу пайда
болады, мөңіреуі әлсірейді, дауысы қарылғыңқы шығады, жүрісі атқаяқты
болады. жиі алдыңғы қарынарының қыймылы әлсірейді, іш қату білінеді. Тез
арада аяқтарының жансыздануы дамиды. Малдың құтыруының елтіру түрі –
қояншық ұстау сәтінде байлаудан жұлқынады, қарығыңқы дауыпспен кіреді,
аяқтарымен жер тырнай, қабырғаларға ұрынады. Иттер мен мысықтарға
агрессивтігі ерекше байқалады. Әбден болдырап барып құлайды. Денесі
түгелдейін салданып 3-6 күн ішінде жаны шығады.
Қой мен ешкіде де өршіген құтырық түрінде итке деген өшпенділігі
байқалады. Құтыруының елтіру түрінде агрессивтік, сілекей ағуы, тісін
шықырлатуы, жыныстық қозу белгілері байқалады. Паралич тез дамиды және
аурудың 3-5 күндері-ақ мал өледі.
Жылқыда құтырудың елтіру де, параличтік формасы да білінеді. Ең алғашқы
белгілері үркектік, мазасыздану, кейде тістелеген жерін үйкелеу байқалады.
Ауру басталған соң 2-3 күннен кейін артқы аяқтары салданып 3-4 күн ішінде
өледі. Кейінгісі жабайы ет қоректілерден жұқтырғанда жиірек болады.
Шошқалардың құтыруы көбіне елтіру формасында өтеді. Мал өз-өзінен
бұлқынады, қарлыққан дыбыспен қорсылдайды, төсенішті шашады, агрессивтік
танытады. Күшті сілекей шұбыруы пайда болады. паралич жылдам дамиды және
өледі.
Адамдардан сескенбеушілік пен агрессивтілік жабайы ет қоректілердің
құтыруына тән нәрсе. Тіпті күндіздің өзінде олар елді мекендерге кіріп
кетіп, малдар мен адамдарға шабуыл жасайды. Басқа мал түрлеріндегі сияқты
судан қорқушылық оларда болмайды. Аурудың аяқ кезіне қарай парездер дамиды,
одан соң аяқтарының параличтері де басталады.
Көбіне оған бұралқы иттер шалдығатын болады, құтыру иттен басқа мал
түліктеріне, адамға жұғып отырады. Бұралқы иттерді жоюға бағытталған
шаралар қысқа мерзімде осы аурудың өшуіне тіпті мүлде жойылуына әкеліп
соқты.
Құтырма вирусын үй жануарларынан басқалары да таратады. Олар: қасқыр,
түлкі, борсық, кеміргіштер, ит, мысықтар. Малдың құтырма ауруына
шалдыққанын оның сілекейі көп ағып, көзі жасаурап тұрғанынан байқауға
болады. Патогенез және клиникалык белгілері. Құтыру вирусы көрнекті
нейротроптық қасиетке ие. Енген жерінен вирус перифериялык жүйке талшықтары
арқылы орталық жүйке жүйксіне түседі, онда көбейеді, осы талшықтар аркылы
барлық жүйке жүйесін, біркатар безді мүшелердің жүйқе түйіндерін, әсіресе
сілекей бездерді зақымдай отырып төмен таралады. Жүйке түйінінде вирус
көбейіп сілекей арқылы қоршаған ортаға түседі.
Құтырған жануар тістеп алған кезде немесе құтырған жануардың сілекейі
зақымданған теріге немесе сілемей қабыққа түскен кезде пайда болатын
вирусты ауру - құтыру. Вирус сыртқы ортаға тұрақты емес, 2 минут қайнатқан
кезде өліп қалады. Құтырма вирусы ағзаға түскеннен соң, бүкіл жүйке жүйесін
зақымдап, нерв ұштары арқылы тарайды.

3.4. Құтыру ауруының патологиялық анатомиялық және патоморфологиялық
өзгерістері
Өлеседегі өзгеріс өлімтік тым арық, тістелінген, үлкейген орындар
көрінеді. Басындағы мойнындағы жүндері сілекейленген. Көзге көрінетін
шырышты қабықтары көгеріңкі. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қан іркілген.
Қарны бос, етқоректі жануарлардың қарнында жеуге жарамсыз заттар (жүн,
қауырсын, ағаш, тас, т.б.) болуы мүмкін, мүше бос та табылады. Күйіс
малдарының дүңгіршек және жалбыршақ қарындарында тығыздалған жын болады
(гипотония немесе атония нышаны). Ішектің кілегейлі қабығы қызарады,
катаралды қабынады. Организмде су алмасу процесі бұзылуына байланысты тері,
оның шел қабаты, табиғи тұйық қуыстардың бет перделері ылғалсызданады
(ангидремия). Қарынның ұлтабарының кілегейлі қабығы қызарады, ісінеді,
оларда жолақ, нүктелер байқалады. Кейде қарын мен ішектің кілегейлі
қабықтары қабынып, кей жерлері қанталаған, әсіресе қарын қатпарларында
кездеседі; әдетте олар гемморагиялық ойылымдар (эрозия). Кейде қуық пен
ішек омыртқалары арасындағы ганглилер зақымдануы салдарынан салданып,
олардың қуыстарындағы зәрмен, нәжіспен кернелген. Ми мен ми қабықтары
домбығып әр жерінде петехиялар дамиды. Құтыру кезіндегі Бабеш-Негри
денешіктері. Құтырудың маңызды диагностикалық белгілері: цитоплазмада
орталық жүйке жүйесінің ганглиозды клеткаларын анықтауға болады,
спецификалық ацидофильді қоспалар – Бабеш-Негри денешіктерімен табылуы және
бас миы ұлпасының өзгеруі. Бабеш-Негри денешіктерінің көп мөлшерде аммонды
мүйізше клеткасында, сопақша мида және ми жарты шарының қабығында, сонымен
қатар жұлында және нерв ганглиясының перифериясында кездеседі. Өзінің
формасы жағынан Бабеш-Негри денешіктері әртүрлі, бірақ дөңгелек және
сопақша формаға ие, саны ауытқып отырады. Олар цитоплазмада нерв
клеткаларының өсіндісінде орналасқан. Әдетте оларды күрделі ганглиозды
клеткаларда табады, бірақ ми клеткаларында да кездестіруге болады. Ауру
малдың аммонды мүйізшесінде Бабеш-Негри денешігінің 95% құрайтыны үлкен
диагностикалық маңыз алады. Сонымен қатар Бабеш-Негри денешігінің болмауы
құтыруды жоққа шығармайды немесе оларды аурудың ерте периодында
дисталогиялық кескенде таппайды. Бабеш-Негри денешіктерін табу үшін
Константинова-Зибелисттің антиденелерді люминисцерлеуші әдісін пайдаланады,
бұл әдіс арқылы денешік қоспаларын зақымданғаннан 4 күннен кейін анықтауға
болады. зерттеудің теріс нәтижесі әдісте көрсетілгендей ауруға күдікті
жануарлардың 45%-ын профилактикалық антибактериялық егілеуден босатады.
Құтыру кезінде Бабеш-Негри денешіктерден басқа нерв клеткаларының
цитоплазмасы мен ганлияларында болатын ацидофильді дәндермен гранулаларды
табуға болады. Құтырудың өмірлік диагностикасында сонымен қатар мүйізшенің
іздерін иммунофлуоресцентті әдіспен зерттеуді қолданады.
Құтыруда мидың қатты қабығы қанмен толып кернеліп тұрады. Мидың
қабығында майда қан құйылу ошақтары көрінеді. Ми ткані балбыр қанмен
толған, кейде мидың басқа бөліктерінде қан құйылу немесе некроз ошақтары
табылады. Паренхимасы ағзаларда венозды гиперемия, серозды перделерді бірлі
жарымды қан құйылу өкпеде, пневмония ошақтары барлығы анықталады.
Микроскоппен тексергенде құтыруға тән өзгерістер орталық нерв жүйесінде
көрінеді. Сопақша мида Сильвиев су құбырының айналасындағы, үшінші қарынша
қабырғасындағы және жұлындағы ганглиоз клеткаларында дистрофиялық
өзгерістер тигролиз, вакуолдену, пикноз құбылыстары дамиды. Осы тәрізді
өзгерістер нерв түйіндері ганглилерінде де табылады. Сонымен қатар өз
тіршілігін жойған ганглиоз клеткаларының немесе қан тамырлардың айналасында
глия клеткалары көбейіп, мида құтыру түйіншелері пайда болады. Мидағы
өзгерістер энцефалит деп қаралады. Құтыруға тән микроскопиялық көрініске
нейрондар цитоплазмасында табылған Бабеш-Негри денешіктерін жатқызуға
болады. Олардың табиғаты жеткілікті анықталмаған, дегенмен де бұл
өзгерістер вирус пен клетка арасындағы өзара әсерлесу нәтижесі болып
есептеледі. Бұл денешіктер құтырудан өлген кісілердің 90% -де табылған.
Ауру өлімі мидағы ауыр морфологиялық өзгерістермен байланысты. Құтыруға
қарсы еккенде кейде менингоэнцефаломиелит дамуы мүмкін. Құтырып өлген
жабайы аңдардың, малдың өлексесін жарып сою адам үшін өте қауіпті. Сол
себептен де оған мал дәрігерлік заңдылық бойынша тыйым салынған. Ұлпасында
іріңсіз энцефалитке тән морфологиялық өзгерістер байқалады: гиперемия;
Вирхов-Робс қуыстарындағы қанталаулар; зақымданған ганглиозды
торшаларындағы гли торшалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты
Семей аймағында құтырық ауруының байқалуы және оны болдырмау шаралары
Шошқа тұмауының вирусын ажырату
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Пәндер