Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы



КІРІСПЕ 2
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 4
1.1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ 7
1.2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТӘРБИЕЛІК ӘСЕРІ БАР МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ 12
2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАДАН БОСАТУ ... ... ... 14
2.1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТУ. 17
2.2. КӘМЕЛЕТКЕ ЖАСЫ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ СОТТАЛҒАНДЫҒЫН ЖОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 19
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
Қазіргі кең көлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер тез жүріп жатқан қоғамымызда әлі дүниетанымдары толығымен бекімеген жастарға қиын тиюде.
Кәмелетке толмағандардың мораль мен құқық туралы пайымдаулары олардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы күйге толық ауыса қоймағандықтан олардың іс-қимылдарында толқушылықтар әрдайым орын алады. Жас жеткіншектерге, жастарға қазіргі кезде көңіл бөлуді күшейте түсу керек, өйткені бұл олардың құқықбұзушылығының алдын алуға ықпал етеді.
Мысалы, көршілес жатқан Ресейде скинхедтер, шовинистік топта құрылған жастар бірлестіктері қаулап өсуде. Бұл олардың өмірге деген өз көзқарастарын көрсетудің бірден-бір құралдары болуда. Сондықтан біздің тәуелсіз Қазақстанда да мұндай басбұзарларға жол бермеуге тиіспіз. Қандай да болмасын жастардың кішігірім одақтарын, топтарын (фанаттар, тинейджерлер және т.б.) қоғамымыздың заңдарынан тыс әрекеттерге жібермеуіміз қажет.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасы туралы мәселелер арнайы, бірінші рет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тарауларының бірінде орын алған, яғни ол әділеттілік қағидаттарына сәйкес 1990 жылғы 15 қазанда Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясының келісімімен мақұлданған және күшіне енген "Балалардың құқықтары" туралы Конвенциясымен сәйкестендірілген. Заң шығарушы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы олардың психологиялық өсуі ерекшеліктерінен, қоршаған ортаның қылмыстекті жағдайының әсерінен, қамқорлыққа алынбауының салдарынан және тағы басқа факторлардың әсерінен пайда болады деген тұжырымнан шығады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуда мемлекет, жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырумен қатар ересектердің құқық бұзушылық әрекеттерінің жасөспірімдерге кері әсер беруі сияқты жәйттермен күресуде. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың мәселелері өзіне тән тарихи даму сатыларының ерекшеліктеріне ие, мысалы, қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша 15 жаста жауаптылыққа тартылмаған.
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1.06.2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 1997.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (31.05.2002 №327-11 және 9.08.2002 №327-11). Алматы
Арнайы әдебиеттер
1. Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001
2. Авторлар тобы.: Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2000
4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы Жеті - Жарғы», 1999
5. Нарикбаев М. С. Правовая охрана детства в Республике Казахстан. Алматы, "Дәуір", 1996, С. 225—226

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

КІРІСПЕ 2
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 4
1.1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ 7
1.2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТӘРБИЕЛІК ӘСЕРІ БАР МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН
ҚОЛДАНУ 12
2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАДАН БОСАТУ ... ... ... 14
2.1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН
БОСАТУ. 17
2.2. КӘМЕЛЕТКЕ ЖАСЫ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ СОТТАЛҒАНДЫҒЫН ЖОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 19
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22

КІРІСПЕ

Қазіргі кең көлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер
тез жүріп жатқан қоғамымызда әлі дүниетанымдары толығымен бекімеген
жастарға қиын тиюде.
Кәмелетке толмағандардың мораль мен құқық туралы пайымдаулары олардың
жас ерекшеліктеріне байланысты саналы күйге толық ауыса қоймағандықтан
олардың іс-қимылдарында толқушылықтар әрдайым орын алады. Жас
жеткіншектерге, жастарға қазіргі кезде көңіл бөлуді күшейте түсу керек,
өйткені бұл олардың құқықбұзушылығының алдын алуға ықпал етеді.
Мысалы, көршілес жатқан Ресейде скинхедтер, шовинистік топта құрылған
жастар бірлестіктері қаулап өсуде. Бұл олардың өмірге деген өз
көзқарастарын көрсетудің бірден-бір құралдары болуда. Сондықтан біздің
тәуелсіз Қазақстанда да мұндай басбұзарларға жол бермеуге тиіспіз. Қандай
да болмасын жастардың кішігірім одақтарын, топтарын (фанаттар, тинейджерлер
және т.б.) қоғамымыздың заңдарынан тыс әрекеттерге жібермеуіміз қажет.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасы туралы
мәселелер арнайы, бірінші рет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
тарауларының бірінде орын алған, яғни ол әділеттілік қағидаттарына сәйкес
1990 жылғы 15 қазанда Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясының
келісімімен мақұлданған және күшіне енген "Балалардың құқықтары" туралы
Конвенциясымен сәйкестендірілген. Заң шығарушы кәмелетке толмағандардың
қылмыс жасауы олардың психологиялық өсуі ерекшеліктерінен, қоршаған ортаның
қылмыстекті жағдайының әсерінен, қамқорлыққа алынбауының салдарынан және
тағы басқа факторлардың әсерінен пайда болады деген тұжырымнан шығады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуда мемлекет,
жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырумен қатар ересектердің құқық бұзушылық
әрекеттерінің жасөспірімдерге кері әсер беруі сияқты жәйттермен күресуде.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың мәселелері өзіне
тән тарихи даму сатыларының ерекшеліктеріне ие, мысалы, қазақ әдет-ғұрып
құқығы бойынша 15 жаста жауаптылыққа тартылмаған.

1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін
басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы
жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа
алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке
толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың
психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше
жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір
оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға
қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.
Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес "Кәмелетке
толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он
сегізге толмаған адамдар танылады". Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын
ең төменгі жас 14-ке толу.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша
қылмыстық жауаптылыққа, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған 16 жасқа толған
адам тартылады. Ал кейбір жағдайларда қоғамға қауіптіліктің деңгейіне
қарай, заңда көзделген қылмыстарды жасағандығы үшін кәмелетке толмағандар
14-жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл қылмыстарға: кісі
өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайлар
кезінде денсаулық қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, зорлау,
жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері, адам ұрлау, ұрлық жасау, кісі тонау,
ұрып-соғу, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе
өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену, ауырлататын
мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, терроризм, адамды
кепілге алу, террорлық акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлау, қару
жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып
алу, ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық, тағылық, есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар
кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін
қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету
қылмыстары жатады.
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да
осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Францияның қылмыстық кодексінде — 13, Нидерландыда, Португалияда — 12, Жаңа
Зеландияда — 10, Ирландия құқығында — 7 жас деп көрсетілген. Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық
жауаптылыққа тартылмайды. 14-ке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс-
әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-
әрекетін басқара алмайды.
1991—1995 жылдардағы республика көлеміндегі статистикалық мәліметтер
кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуін былайша көрсетті: 1991 ж.
— 7,5%, 1992 ж. — 14,1%, 1993 ж-11,5%, 1994ж.-9,6%, 1995 ж.- 5,4%, 1996 ж.-
7,0%.
Көріп отырғанымыздай кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық
деңгейінің сот-құқықтық реформа бойынша бірқатар латенттілігі бар екенін
түсінеміз және оның едәуір төмендегенін байқаймыз. Тәжірибе көрсеткендей
кәмелетке толмағандар арасында Республикамызда қылмыстың басым көпшілігі
мүліктік қылмыстармен, зорлаумен байланысты, аса қатыгездікпен жасалған;
спирттік ішімдіктерге, есірткі заттарға әуес болуымен байланысты қылмыс
түрлері де көп кездеседі. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстар көбінесе топтасқан түрде, ал олардың 20%-ы ересек адамдармен
бірге жасалады.
Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса,
бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта
қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау
кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен
қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса,
қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15-бап, 3-бөлігі).
Егер кәмелетке толмаған адамның (14, 16 жас) есінің дұрыстығын жоққа
шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды,
бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай
ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-тің 17-бабы, 1, 2-
бөліктері).
Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған адам кәмелетке толмаған деген атаққа
ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87-бабының талабына сәйкес он
сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған
әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда
оларга кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу,
тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін
қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-әрекеттің мәні 18
бен 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты және психикалық
жете дамымауынан болуы қажет.
Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға жаза
тағайындау барысында ең алдымен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын
қолданады. Тәжірибе кәмелетке толмағандарға бірінші рет қылмыс жасағандығы
үшін, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың тиімді емес
екендігін дәлелдеп көрсетті.
Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне
байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге қарағанда жеңіл
болып белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар (өлім
жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары) тағайындалмайды.
Кәмелетке жасы толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға
белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тәркілеу; бас
бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу сияқты жазалар
тағайындалмайды. Төменде Қылмыстық кодекстің 79-бабын келтіріп отырмыз.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) қамау;
е) бас бостандығынан айыру болып табылады.
2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе
өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл
оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке
толмаған адамнын жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға
дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.
3. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі
мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін
жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан
бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін
орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа
дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.
5. Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен
кәмелетке толмай сотталған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге
тағайындалады.
6. Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмай
сотталған адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.
7. Кәмелетке толмай сотталған адамды бас бостандығынан айыру он
жылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін — он екі жылдан
аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін
кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас
бостандығынан айыру тағайындалмайды.
8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты
кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар — жалпы
режимдегі тәрбиелеу колонияларында;
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты
кәмелетке толмағандар — күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында
өтейді.
9. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне кінәлі адамның жеке
басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешімнің себебін
көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас
бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін
тағайындауы мүмкін.
10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен
қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру
туралы нұсқау беруі мүмкін".
Мұндай ерекшеліктерге жасы кәмелетке толмағанның психикалық
өзгешелігі: денсаулығының нашарлығы, белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі,
белгілі бір мамандыққа баулу қажеттіліктері жатады. Қылмыстық кодекстің 79-
бабында жазаны өтеуден қасақана жалтарған ретте жазаның бұл түрін
екіншісімен ауыстыру туралы арнайы көрсетпеген. Кәмелетке жасы
толмағандарға мұндай ретте жазаны ауыстыру жалпы негізде Қылмыстық
кодекстің 40, 42, 43-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған
адамдарға жаза тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің 80-бабында
көзделген. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде осы Кодекстің
52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мең тәрбиесінің
жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері,
сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі.
Көріп отырғанымыздай, ересек адамдарға қарағанда (ҚК-тің 40-бабының
екінші бөлігі), кәмелетке толмағандарға айыппұлдың төмендетілген мөлшері
белгіленген, сонда да мұнымен қатар ҚК-тің 40-бабының екінші бөліктің
шарттары сақталады, айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен
сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді. Кәмелетке
толмағанның мүлкі оның өзіне тән болуы керек.
Қоғамдық жұмысқа тарту жазаның жаңа түрі болып табылады және де кырық
сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады. Ол кәмелетке
толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және де
кәмелетке толмаған ол жұмыстарды оқудан немесе негізгі жұмысынан бос
уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың жазаның бұл түрін
орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа
дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек. Егер бас бостандығын
шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарса, онда жазаның бұл
түрі ҚК-тің 45 және 46-баптарына сәйкес, қамаумен ауыстырылады.
Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді
ересек адамдардан бөлек колонияларда өтейді. Колония екі топқа бөлінеді:
бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке
толмағандардың, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандардың — жалпы
режимдегі тәрбиелеу колониялары; бұрын бас бостандығын айыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардың құқықтары
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері
Пәндер