Бюджетпен есеп айырысу жайлы



Кіріспе
1. Бюджеттің мәні мен шаруашылықтың және есеп жүргізудің сипаттамасы
1.1 Қазақстан Республикасының бюджеттінен бөлінетін қаржы құрылымы мен оның жұмсалу мақсаты
1.2 Ұйымның есеп саясаты
1.3Ұйымның техника.экономикалық қызметінің көрсеткіштерінің сипаттамасы
2. Бюджетпен есеп айырысудың есебі
2.1 Бюджетпен тікелей төлемдер бойынша есеп айырысу есебі
2.2 Бюджетпен жанама төлемдер бойынша есеп айырысу есебі
2.3 Бюджетпен өзге де төлемдер бойынша есеп айырысу есебі
3. Бюджетпен есеп айырысудың аудиті
3.1 Бюджетпен есеп айырысудың аудитінің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі.
3.2 Бюджетпен есеп айырысудың аудиті.
3.3 Бюджетпен есеп айырысуды талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Еліміздегі бүгінгі таңдағы экономикалық саясаттың жүргізілуі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатына байланысты реттеуді міндетіне алған. Осы мәселеге орай біз ең бірінші бюджеттің кірісіне мән бере отырып қаншалықты экономикамыздың деңгейін көтеру керек екенін болжай аламыз. Әрине ол үшін бюджетке төленетін міндетті және міндетті емес төлемдердің кірістелуін негізге алып іс шара жүргізуге шешім қабылдау керек екені белгілі. Бюджетке төленетін төлемдер, яғни салықтар арқылы іскерлікке белсенділікті ынталандыруға немесе керісінше шектеуге, яғни кәсіпкерлік қызметтің салаларының дамуына өндірістік шығындарын азайтудың және жеке кәсіпорындардың жұмыс істеуіне, сонымен қатар Ұлттық кәсіпорындардың әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетін жоғарлатуға алғы шарттар жасайды.
Салықтар арқылы фискалды экономикалық саясат жүргізуге тауар нарығына еркін шығуды қамтамасыз етуге байланысты. Салықтар мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кірісінің негізгі бөлігін құрайды және оның шығыс бөлімі арқылы экономикалық қаржылық әсер етуі мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мөлшерінің 20,8 млрд.теңгеге кем түскені, яғни төмендегені экономиканың деңгейін түсіру деп қарастыратын болсақ онда төмендегі 2008 – 2009 жылдардағы салықтардың бюджетке түскен динамикасындағы құлдырағанын қаржылық дағдарыстың әсері екенін түсінеміз.
Мемлекеттің ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессіне қаржы бюджеттік механизм арқылы әсер етудің негізгі бағыттарын ұстанады, яғни мыналар:
 Кәсіпорындарды дотациялау немесе қайтарымды несиелер арқылы тікелей субсидиялау;
 Экономикаға мемлекеттік инвестицияларды салу;
 Тауарлар мен қызметтердің көп бөлігін мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы сату, себебі мемлекет нарықта өнімдерді ірі тұтынушы болып табылады;
 Жергілікті салықтар мен салық жеңілдіктерін қоса, салықтық реттеу.
Осы бағыттарды ұстану бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметтің алдына да ауқымды міндеттерді қойып отыр.
Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралык бухгалтерлік есеп стандартына, зандарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған қүбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр.
1. Қазақстан Республикасының Бюджет туралы Заңы.2005 ж.
2. Қазақстан Республикасының «Салық туралы» Кодексі, 2008 ж .
3. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы. 28.02.2007 жыл.
4. Қ Р–ның «Аудиторлық қызмет туралы». Заңы, 2006-2009 ж.
5. ҚР-ның «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңы 22.04.1998 ж.
6. Бухгалтерлiк есептiң типтiк жоспары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Алматы 2007 ж.
7. Бухгалтерлiк есептiң ұлттық стандарттары-2. Алматы, 2007 ж.
8. Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары, 2005 ж.
9. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы 2006 ж.
10. Әбдіманапов Ә., «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері». Оқулық, - Алматы 2006 ж
11. Баймұханова С.Б., Балапанова Ж., «Бухгалтерлiк есеп», Алматы 2001ж.
12. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М., «Аудит»: оқу құралы.- Алматы: Қазақ Университеті, 2004ж
13. Дюсембаев К.Ш. и др. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы 1998г.
14. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж. Г «Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж.
15. Кеулiмжаев Қ.Қ., Әжiбаев З.М. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы 2001г.
16. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп»: Оқулық, Алматы: Экономика, 2005ж
17. Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы 2002г.
18. Рахимбекова Р.М., «Финансовый учет на предприятии»: Учебник. Алматы: Экономика,2005.
19. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы 2000г.
20. Налоговый учет. Султанова Б.Б. Алматы Экономика 2007
21. Ержанов М.С.,Ержанова С.М.. Учетная политика на казахстанском предприятии Алматы БИКО 1997 г.
22. Нурахметова Л.К. Учет обязательств. Путеводитель бухгалтера.2007 г.
23. Қазақстан Ресбуликасының Қаржы Министрлігінің сайты.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Бюджетпен есеп айырысу есебі

Орындаған
4 курс студенті:
Танашев Б.

Ғылыми жетекшісі,
э.ғ.к.,доцент:
Байдаулетов М.Б.

Норма бақылаушы
оқытушы:
Оңдаш А. О.

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі
э.ғ.к., доктор PhD:
Товма Н.А.

Алматы 2010
Мазмұны
Кіріспе

1. Бюджеттің мәні мен шаруашылықтың және есеп жүргізудің сипаттамасы
1.1 Қазақстан Республикасының бюджеттінен бөлінетін қаржы құрылымы мен
оның жұмсалу мақсаты
1.2 Ұйымның есеп саясаты
1.3Ұйымның техника-экономикалық қызметінің көрсеткіштерінің сипаттамасы

2. Бюджетпен есеп айырысудың есебі
2.1 Бюджетпен тікелей төлемдер бойынша есеп айырысу есебі
2.2 Бюджетпен жанама төлемдер бойынша есеп айырысу есебі
2.3 Бюджетпен өзге де төлемдер бойынша есеп айырысу есебі

3. Бюджетпен есеп айырысудың аудиті
3.1 Бюджетпен есеп айырысудың аудитінің мақсаты мен міндеттері және
ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі.
3.2 Бюджетпен есеп айырысудың аудиті.
3.3 Бюджетпен есеп айырысуды талдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Еліміздегі бүгінгі таңдағы экономикалық саясаттың жүргізілуі халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатына байланысты реттеуді міндетіне алған.
Осы мәселеге орай біз ең бірінші бюджеттің кірісіне мән бере отырып
қаншалықты экономикамыздың деңгейін көтеру керек екенін болжай аламыз.
Әрине ол үшін бюджетке төленетін міндетті және міндетті емес төлемдердің
кірістелуін негізге алып іс шара жүргізуге шешім қабылдау керек екені
белгілі. Бюджетке төленетін төлемдер, яғни салықтар арқылы іскерлікке
белсенділікті ынталандыруға немесе керісінше шектеуге, яғни кәсіпкерлік
қызметтің салаларының дамуына өндірістік шығындарын азайтудың және жеке
кәсіпорындардың жұмыс істеуіне, сонымен қатар Ұлттық кәсіпорындардың
әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетін жоғарлатуға алғы шарттар жасайды.
Салықтар арқылы фискалды экономикалық саясат жүргізуге тауар нарығына
еркін шығуды қамтамасыз етуге байланысты. Салықтар мемлекеттік және
жергілікті бюджеттердің кірісінің негізгі бөлігін құрайды және оның шығыс
бөлімі арқылы экономикалық қаржылық әсер етуі мүмкіндік береді. Өткен
жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мөлшерінің 20,8
млрд.теңгеге кем түскені, яғни төмендегені экономиканың деңгейін түсіру деп
қарастыратын болсақ онда төмендегі 2008 – 2009 жылдардағы салықтардың
бюджетке түскен динамикасындағы құлдырағанын қаржылық дағдарыстың әсері
екенін түсінеміз.
Мемлекеттің ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессіне қаржы бюджеттік механизм
арқылы әсер етудің негізгі бағыттарын ұстанады, яғни мыналар:
– Кәсіпорындарды дотациялау немесе қайтарымды несиелер арқылы
тікелей субсидиялау;
– Экономикаға мемлекеттік инвестицияларды салу;
– Тауарлар мен қызметтердің көп бөлігін мемлекеттік сатып алу
жүйесі арқылы сату, себебі мемлекет нарықта өнімдерді ірі
тұтынушы болып табылады;
– Жергілікті салықтар мен салық жеңілдіктерін қоса, салықтық
реттеу.
Осы бағыттарды ұстану бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметтің алдына
да ауқымды міндеттерді қойып отыр.
Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралык
бухгалтерлік есеп стандартына, зандарын және икемді салық жүйесін толық
пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік
түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен
тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін)
жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған
қүбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып
отыр.
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң
өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған
ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай
дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп,
ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал
нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары
дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне
сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының
бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін
маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік
шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша
шығыстарын қысқартуға себепші болады.
Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс
пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық
жағдайы мен қаржылық, нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдын мәні
туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.
Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне
тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті, кейде бизнестің
қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету,
көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен
қоса, олар есепті онайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға,
нормативтік актілерді катаң сактауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл
және анық болуына жауапты болып келеді.
Бүгінгі күні қоғамдағы бюджеттік құрылым мен оны реттеудің алатын орны
ерекше екенін білеміз, яғни бюджетпен есеп айырысу есебіне тоқтала келе,
талданып отырған тақырып сол нарықтық экономика дамуының маңызды
факторларының бірі бюджетке төлемдердің уақытында әрі нақты төленуі болып
табылады деген қорытынды жасауға болады.[23]
Жүйелі басқаруға кәсіпорындар міндетті түрде өздерінде бар ресурстар мен
олардың қолданыстары туралы, шаруашылықтың дамуының бастамасы туралы
мағлұматтар жинауы қажет. Ресурс көздерінің қолданыс кезіндегі жасалған
зерттеуінде ең алдымен ішкі резервтер ашық зерттеледі жұмыста
жетіспеушіліктердің себептер анықталады және олардың шығарылуына шектеулер
жасалады.
Бюджеттік төлемдермен есеп айырысудың есебі мен аудиты тақырыбына
орындалып отырған дипломдық жұмыстың өзектілігі бүгінгі күнгі салықтық
төлемдер бойынша өзгерістердің жиі болуына байланысты есептеу кезінде
нормативті актілермен және нұсқау бойынша реттеп, бухгалтерлік жазбаларды
нақты болуы. Осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуші
тұстарын қатаң қадағалау.
Дипломдық жұмыстың орындалу мақсатында бюджетке төленетін төлемдердің
түрлеріне жеке жеке тоқталып теориялық негізімен тәжірибедегі байланысын
зерттеу, мекемедегі төлемдермен есеп айырысудағы бухгалтерлік есептің
жүргізілу тәртібінің және аудитының ерекшелігін атап көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін келесідегі міндеттер қойылды:
- мекеменің қаржылық жағдайы мен есеп саясатын ашып көрсету;
- бюджеттік төлемдерді төлеу мен аудитын ұйымдастырудағы ерекшеліктерге
тоқталу;
- жаңадан қабылданған стандарттарға көшудегі мәселелерді атап өту.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып Бала бақша 28 мемлекеттік
коммуналдық мекемесінің шаруашылық қаржылық жағдайы алынған.
Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде Еліміздегі
бюджеттің маңызы мен оның құрылымына және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі
мен есеп саясатының сипаттамасы қаралса, аса назар аударылса, екінші
негізгі бөлімде - бюджетпен есеп айырысудың есебі, үшінші бөлімде
бюджетпен есеп айырысудың жетілдіру жолдары мен бюджет саясаты
қарастырылған, сонымен бірге әрбір бөлімнің тақырыбын ашу мақсатына
құрастырылып көрсетілген.
Дипломдық жұмысты орындауда Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда
қолданыстағы нормативті құқықтық актілер мен Салық Кодексі қолданылды.

1. Бюджеттің мәні мен шаруашылықтың және есеп жүргізудің сипаттамасы

1.1 Қазақстан Республикасының бюджеттінен бөлінетін қаржы құрылымы мен
оның жұмсалу мақсаты

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік - аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті,
басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың
ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының
желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы
– бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының
жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттік
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі
бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да –
жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация
субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі
жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы
мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды
орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша
белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға
және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі
бюджеттерді қамтиды.
Қазақстан жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық
бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі
өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа
одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның
мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның
ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетіледі. Ол
одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-
1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50 % тиді,
оның 35 % республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 % жергілікті
бюджеттердің қарамағында болды.
Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген
міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет
бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан республикасының заңымен
бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –
облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы),
аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының
заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы
және жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет
жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді.
Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің
жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде
көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен
ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара
байланысына кепілдік береді.
Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік
қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып табылады. Бюджет
жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және
ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық
және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы
барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгейдегі
бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ
ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да
негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі
бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір
деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы
нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің
бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса
бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты
болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің
дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлудің
тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын
белгілеу құқығы арқылы қаматамасыз етіледі.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны
атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен
шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Сонымен бірге
бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-
экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты
функцияларымен, құзырымен анықталады.
Бюджеттің толықтылығы (толымдылығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын
шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен
шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республикасының
салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның
ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық
тізбесінің және шығыстарының бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен
қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының
барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік
қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін,
сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке
алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп
көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп
есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың
орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың - зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының
қаражаттары енгізілген.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс,
бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы
жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке
алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын
ағымдағы жылға, анағұлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады.
Нақтылық қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы
тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Нақтылық қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының
шыншыл көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың
атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары
мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік
резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар
бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.
Бюджеттердің жариялығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына
арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы
есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жариялылық елдегі адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың
маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен
салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық
жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады.
Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық
төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы
хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті
заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары
үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп
баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының
көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі
және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту,
қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және "Бюджет жүйесі туралы", "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар
туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.
Төменгі-жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің
шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттерінің теңгерімділігі бюджет-қаржы
саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және
бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі
бір мөлшерлерін белгілеуі мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы
заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар
болып табылады:
– мемлекеттік қарыздар шығару;
– кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу - ағымдағы қаржы
жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан
басқа) белгілі бір пайызға ммлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету-
пайдаланылады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті
органдары анықтап, бекітеді.
Бүгінгі күні бюджет құрылымы Елімізде оның түсімдері мен шығыстарынан
тұрады.
Бюджет түсімдеріне:
Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып
табылады.
Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен
түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады.
Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие
болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін
жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе
толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып
табылады.
Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге
жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде
көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да
заңнамалық актілерінде белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз
төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке
тегін негізде берілетін ақша болып табылады.
Бюджетке:
1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе
оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан
Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен
өзге де тәсілмен өткізуден;
4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
Трансферттер түсімдері бюджеттің бір деңгейінен басқасына, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер
түсімдері болып табылады.
Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер
бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген
мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке
түсетін түсімдер болып табылады.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер заңды
тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың,
мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік
кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де
мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және
(немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып
табылады.
 Бюджет шығыстарына:
Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды
өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады.
Шығындар қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаты болып табылады.
Бюджеттік кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде
бөлінетін ақша болып табылады.
Қаржы активтерін сатып алу заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық
ұйымдардың қатысу үлестерін және бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке
сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.
Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік
сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық
шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып
табылады.
Қазақстан Республикасының бюджет құрылымы құрылған соң, оның жүйесі
мынадай принциптерге негізделеді:
1) бірыңғайлық принципі – бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс
істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай
бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану;
2) толымдылық принципі – бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер
мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының
басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды
есепке жатқызуға жол бермеу;
3) реалистік принципі – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет
көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік
параметрлердің, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары
болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес
келуі;
4) транспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге
де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық
ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда,
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың
атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске
асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде
жариялау;
5) дәйектілік принципі – мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар
саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;
6) нәтижелілік принципі – мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге
бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;
7) бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында
түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың
жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың
барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті
бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті
бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол
берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар
жүктеуге жол берілмеуі;
8) сабақтастық принципі – өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-
экономикалық даму және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар
болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға
негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;
9) негізділік принципі – бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді
немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін
айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде
бюджетті жоспарлау;
10) уақтылылық принципі – республикалық және жергілікті бюджеттерге,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына
түсімдерді есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі
Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке
жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы,
төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау
және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай
отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;
11) кассаның бірыңғайлық принципі – бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай
қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген
шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;
12) тиімділік принципі – бюджет қаражатының бекітілген көлемін
пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала
отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз
көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;
13) жауапкершілік принципі – тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол
жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер
басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін
шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған
қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;
14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі –
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын
сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы
және пайдалануы.[23]
Мемлекеттік бюджеттің 2009 жылдың атқарылу қорытындысы туралы қысқаша
тоқталсақ:
Жалпы көрсеткіштер: 2009 жылғы қарыздардың түсуін есепке алмағанда
мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 2 578,0 млрд. теңгені құрады және
есепті кезеңге арналған жоспардың 94,9%-ына атқарылды, қарыздарды өтеуді
есепке алмағанда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2 817,1 млрд. теңгені
құрады немесе есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жоспардың 91,8%-ына
атқарылды. 352,8 млрд. теңге сомасында жоспарланған тапшылық кезінде іс
жүзіндегі тапшылық 240,2 млрд. теңге сомасында қалыптасты.
Кірістердің атқарылуы. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 94,9%-ға атқарылды
немесе 2 575,5 млрд. теңге түсті, оның ішінде салықтық түсімдер негізінен
қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы есебінен 103,0%-ға
атқарылды.
Салық режимінің жаңа шарттарына (мөлшерлеменің төмендеуі, төлем уақытының
қайта қаралуы) қарамастан мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер ағымдағы
жылдың шарттарына келтірілген өткен жылдың ұқсас кезеңінде түскен
түсімдерімен тең келді. Салықтық ауыртпалықты жеңілдетуден күтілетін
нәтиженің орындалмауы экономика өсу қарқынының төмендеуімен байланысты.
Корпоративтік табыс салығы өткен жылдың деңгейінде түсті, ағымдағы
атқарылуды қарайтын болсақ, КТС бойынша жоспар 6,8 млрд. теңгеге артығымен
орындалды.
2008 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда іште өндірілетін
тауарларға салынатын қосылған құн салығы 21,1%-ға кем түсті. Іште
өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығының түсу қарқынының
төмендеуіне тағы да өтеу сомасының өсуі әсер етті. Есепті кезеңде 162,4
млрд. теңге өтелді (оның ішінде дебеттік сальдо бойынша – 40,1 млрд.
теңге), бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 11,7 млдр. теңгеге көп,өтелетін
сома 239,3 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылы енгізілген Тәуекелділікті
Басқару Жүйесі (ТБЖ) әрбір салық төлуші ТБЖ межелемесі бойынша сынақтан
өткізілгендіктен, бюджеттен ҚҚС артық сомасының қайтарылуының заңсыз
тәуекелін болдырмайды.
Кедендік төлемдер мен салықтар 427,2 млр. теңге сомасында түсті, немесе
жоспар 92,9%-ға орындалды. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы негізінен
импорт көлемі едәуір әсер ететін импортқа салынатын ҚҚС салығы есебінен
қалыптасты, оның азаюы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,7%-ды
құрады. Сонымен бірге есепті кезеңде тексерулер нәтижесінде бюджетке шикі
мұнайға салынатын экспорттық кеден бажынан түгел есептелген соманы 38,7
млрд. теңге сомасында бюджетке төлеу салдарынан шығарылатын тауарларға
салынатын кедендік баждар бойынша жоспар 33,2 млрд. теңгеге артығымен
орындалды.
Жергілікті бюджеттің кірістері 2009 жылдың 9 айында 1 586,7 млрд.
теңгені немесе жоспардың 99,1%-ын құрады. Жоспардың орындалмауы негізінен
трансферттердің түсімімен байланысты (35,8 млрд.теңге), әлеуметтік салық
(өндірілетін тауарлар мен қызметтердің төмендеуі есебінен жұмыс орындарының
қысқаруына байланысты 3,3 млрд. теңге), азаматтарға пәтер сатудан түсетін
түсімдер (Астана қаласында Мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы аясында
құрылыс компанияларының тұрғын-үй объектілерін уақытылы тапсырмауының
себебінен 1,7 млрд. теңге қалыптасты) және жер телімдерін сатудан түсетін
түсімдер (1,9 млрд. теңгеге жоспардың негізгі орындалмауы Алматы қаласында
аукционға шығарылатын жер телімдерінің шектелуімен, Алматы қаласы жер
коммисиясының құрылыс объектілерін салуға жер телімдерін беру туралы бұрын
қабылданған шешімдерін мемлекеттің мұқтажы үшін қайтарып алуға байланысты
жоюына, ал Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,
Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша жоспар жер телімдеріне төленетін
базалық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты аукциондарда өтініш берушілер
санының азаюына байланыты).
Жергілікті бюджеттің кірістері жоспарының орындалмауына қарамастан
мынадай түсімдер бойынша артығымен орындалу байқалады:
- акциздер алкоголь, темекі өнімдерін сату көлемінің артуы есебінен 103,8%-
ға атқарылды немесе 28,1 млрд. теңге түсті.
- табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер өз қызметін
арнайы табиғатты пайдалану тәртібімен жүзеге асыратын табиғатты
пайдаланушылардан қоршаған ортаға лимиттен тыс шығарындылар үшін түскен
қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша ірі түсімдердің есебінен.
Ағымдағы жылдың атқарылу нәтижелері бойынша 2009 жылда мемлекеттік бюджет
кірістерінің күтілетін түсімі тұтастай алғанда 4 821,2 млрд. теңге
сомасында немесе нақтыланған жоспардың 98,5%-ында қалыптасты. Бұл ретте
республикалық бюджеттің кірістері 71,5 млрд. теңгеге атқарылмайды, оның
ішінде салықтық түсімдер – 86,5 млрд. теңге. Жоспардың орындалмауы
негізінен кедендік төлемдер мен салықтардан қалыптасады.
Салық бойынша: 2009 жылғы жағдай бойынша салық және бюджетке төленетін
төлемдер бойынша бересі тұтастай алғанда республика бойынша 105,9
млрд.теңгені құрады. Жылдың басымен салыстырғанда салық органдарының
тексеру актілері бойынша соманы жете есептеуге байланысты бересі 25,0 млрд.
теңгеге артты. Бересінің неғұрлым көп үлес салмағы корпоративтік табыс
салығы бойынша – 53,2 млрд.теңге, ІӨТ ҚҚС - 35,3 млрд.теңге қалыптасты.
2009 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына
міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі 5,4 млрд.теңгені құрады, 2009
жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 1,4 млрд.теңгеге немесе 36,7% артты. Бұл
ретте, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда міндетті зейнетақы
жарналары бойынша түсімдер 11,5%-ға өсті, бұл Жол картасы шеңберіндегі жаңа
жұмыс орындарының ашылуымен және еңбекақы төлеу қорының өсуіне байланысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының активтері есепті кезеңге 4 052,2
млрд.теңгені құрады, 1 657,6 млрд.теңге сомасында түсімдер аударылды (өткен
жылдың ұқсас кезеңінен 359,2 млрд.теңгеге артық), оның ішінде мұнай секторы
кәсіпорындарынан түсетін тікелей салық – 868,2 млрд.теңгені құрады.
Бюджеттің нақтыланған көрсеткіштерін ескере отырып, екінші тоқсаннан
бастап бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті атқарушы
органдар Жол картасының іс-шараларын орындауды қоса алғанда, бюджеттік
заңнаманың нормаларына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын
қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі күрделі жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің алдына қойған негізгі міндеті бюджет шығыстарын пайдаланудың
тиімділігін арттыру болуы тиіс.[23]

1.2 Ұйымның есеп саясаты

Осы заманғы нарықтықтағы қаржылық дағдарыс жағдайында шаруашылық
операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады. Елімізде
көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға
тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыған байланысты әр бір
ұйым өзінің алға қойған мақсат мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән:
өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы,
қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс
істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу және тағы басқа да ерекшеліктерін
зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшелігіне
байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып
көрсетудің негізін қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп
әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін
таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз
мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны
пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі
ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды
дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.
Сонымен, есеп саясаты деп – ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-
тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен
жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын
айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі
талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және
тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қортынды есеп
жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер,
сондай ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету
үшін қабылданған ережелер жиындығынан құралады.
Немесе, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік туралы заңында берілген анықтамаға сәйкес, есеп саясаты
дегеніміз ол — жеке кәсіпкердің немесе мекемелердің атқаратын қызметтеріне
байланысты қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есепті
жүргізу мен қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есептілік заңнамасына немесе қаржылық есептіліктің
халықаралық стандартарына, сонымен қатар бухгалтерлік есептің типтік шоттар
жоспарына сәйкес жүргізілген нақты принциптер, нақты негіздер, нақты
ережелер және практиканың жиынтығын құрайды.
Ұйымның есеп саясатын екі топқа жіктейді:
Біріншісі – ұйымдардың ішкі есеп саясаты.
Екіншісі – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгіленген есеп саясаты
болып ажыратылады;
Алматы қаласы білім басқармасының 28 бала бақшасы мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорының есеп саясаты Қазақстан Республикасының 28
ақпан 2007 жылғы №234-11 Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Есеп саясатының құрылуына негіз
болып табылады:
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты және оларға әдістемелік
ұсыныстар;
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР-ның заңы, №234-
III, 28.02.2007 ж.
Есеп саясаты 8 ҚЕХС.
ҚР-ның Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) №409-1, 13-бөлім Меншік құқығын
алу, 1999 ж.
Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер ҚР-ның
кодексі
Есеп саясаты Уәкілетті органдар шешімімен келісіліп тағайындалады. Бұл
есеп саясатымен есеп жүргізудің негізгі ережелері мен бухгалтерлік есепті
жүргізудің тәсілдері анықталады. Есеп саясатын құрудың негізіне сенімділік,
дәйектілік, салыстырымдылық және аяқтаушылық қағидалары жатады.
Қазақстан Республикасындағы мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметін
реттейтін басқа да заңдар, нормативтік актілер, нұсқаулықтар және
әдістемелік ұсыныстар.
Салықтық төлемдер мен есеп айырысулар Қазақстан Республикасы
Президентінің 18 желтоқсан 2008 жылғы Заңды күші бар Бюджетке төленетін
салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығына және Бюджетке
салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының
Салық Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Қызмет барысында мекеме өзінің есеп саясатына ішкі нормативтік
құжаттарға (бұйрықтар, өкімдер және тағы басқалары) сәйкес рәсімделген
өзгертулер енгізе алады. Сондай-ақ есеп саясатына өзгертулер келесі
жағдайларда енгізілуі мүмкін:
Қазақстан Республикасының Заңнамаларының өзгеруіне байланысты;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебін нормативті реттеу
жүйесінің өзгеруіне байланысты;
Мекеметің бірігуіне немесе бөлінуіне және меншік иесінің ауысуына
байланысты;
шаруашылық операциялар, активтер, меншікті капиталы, міндеттемелер және
қызмет нәтижелерін көрсетудің басқа да бір тәсілін қолдану қажет болған
жағдайда.
Кәсіпорынның басқару-ұйымдастыру құрылымы.
Басқару органы болып табылады:
жоғарғы орган – Алматы қалалық әкімшілігі;
Мекеме директорының қол астында жұмыс істейді: директор орынбасары, бас
бухгалтер, қызметті атқарушы тұлғалар және т.б.
Бас бухгалтер бухгалтерия жұмысына жетекшілік етеді, басшығы қаржылық
есептілікті (баланс, табыс және шығыс туралы есеп, меншік капиталындағы
өзгерістер туралы есеп) дер кезінде тапсыруға және толық, сенімді
мәліметтермен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ ол бухгалтерия
мамандарын іріктейді, бухгалтерлік жұмыстардың компьютеризациясын және
салық есебінің жүргізілуін қадағалайды.
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі. МКМ 28 бала бақша
бухгалтерлік есеп келесі құжаттар негізінде жүргізіледі:
28-ақпан 2007 жылғы №234-111 Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
туралы Қазақстан Республикасының Заңы (өзгертулері және толықтыруларымен);
Бухгалтерлік есеп стандарттары (өзгертулері және толықтыруларымен);
Бухгалтерлік есепке әдістемелік ұсыныстар;
23 мамыр 2007 жылғы №185 бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары;
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы;
25-сәуір 2003 жылғы №405-11 Қазақстан Республикасынң Міндетті
әлеуметтік сақтандыру туралы Заңы.
МКМ 28 бала бақша бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің
мақсаты болып мүдделі мекеменің қаржылық жағдайы, ондағы өзгерістер және
қызмет нәтижелері туралы толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету
табылады;
Мекеменің бухгалтерлік есебі келесі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:
табыс болып – ол алынғанда, ал шығыс болып – шығысталғанда есептелінеді.
Қаржылық есептілікті жасау кезеңі болып күнтізбелік жыл саналады.
Алдыңғы жылдардың қаржылық есептілігін құрған кезде кеткен қателердің
аңғарылған жағдайында, қателерді түзету сомасы келесі кезеңде таза табыс
немесе шығынды есептегенде ескеріледі (балама тәсіл қолданылады). Мекеметің
қаржылық есептілігінің негізгі сапалық сипаттамасы болып түсініктілік,
орындылық, мәнділік, нақтылық және салыстырмалылық табылады.
Қаржылық есептілік №1 ҚЕХС-не сәйкес жасалады және оның құрамына
төмендегілер кіреді:
бухгалтерлік баланс;
пайда және зиян туралы есеп;
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
түсініктеме хат.
Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және тексеруші комиссияның
қорытындысы берілгеннен кейін мекеменің қатысушысына ұсынылады.
Бухгалтерлік құжаттама бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар
жұмыс шоттар жоспарының классификациясына сәйкес болуы керек.
Қаржы-шаруашылық операцияларын құрудың бастапқы құжаттары болып
Қазақстан Респпубликасының Азаматтық Кодексінің талаптарына және жақтардың
келісіміне сәйкес рәсімделетін шарттар, келісімдер, бұйрықтар және т.б.
табылады. МКМ басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар
тұлғаларды анықтайды және тұлғалардың қызметіне, әрекет ету айналымына және
операцияның мәніне байланысты қол қою құқығының сатылы лауазымын бекітеді.
МКМ бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрларын қағаз түрінде
және электронды түрде, яғни комьютерлерде сақтайды, сондай-ақ қаржылық
есептілікті және есеп саясатын да Қазақстан Республикасының заңымен
бекітілген мерзім аралығында сақтайды.

1.3 Ұйымның техника-экономикалық қызметінің көрсеткіштерінің сипаттамасы

Алматы қаласы Білім басқармасының 28 бала бақшасы мемлекеттік
коммуналдық қазыналық мекемесі ҚР Зандарына сәйкес, бiрлескен шаруашылық
қызметтi жүргiзу үшiн, 08 сәуір 2005 жылы құрылтай шартына және ҚР
Азаматтық Кодексiнiң және Мемлекеттік мекемелер туралы ҚР Заңының сәйкес
құрылды.
Жарғылық капиталы құрылтай шарты құжаттарымен анықталған мөлшердегi
7250000 тенге болып жарияланды.
Мекеме төмендегідей қызмет түрлерін атқарады:
- балаларды тереңдетілген тұлғалық бағдарлы тәрбиелеу және оқыту,
мектепке дайындау, баланың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту,
түзету және қалыптастыру;
- балаларды жан-жақты дамыту, қығығушылығын, ата-аналар сұранысын
қадағалап, реттеп отыру;
- баларды жалпы терапиясы мен дәрігерлік гигиеналақ тазалықты жүргізуді
бақылау,
- балабақшада тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламасында қарастырылған
міндетті қызметті көрсету;
- 5-6 жастағы балаларды жалпы орта білім берудің алғашқы сатысына
даярлау;
- балалардың қызығушылығын қанағаттандыру.
Мекеменің мүлкі. Мекеметің мүлкі қатысушы органның жарғылық капиталға
бастапқы жарнасы, қосымша жарналар, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен
табыстар негізінде, сондай-ақ белгіленген тәртіпке сәйкес мекеменің
иемденген қарыз қаражаттары және басқа да мүлік негізінде, сонымен бірге
заңға қайшы келмейтін басқа да көздерден құрылады.
Мекеме негізгі қор, айналым қаражаттары және басқа да материалды
құндылықтардан тұратын мүлікті иемдену, қолдану құқықтарын өз бетінше
жүргізеді. Мүлкі оның балансында көрсетіледі. Салықтар мен басқа да
міндетті төлемдерді төлеуден кейін қалған материалды қаражаттар таза
табысты құрайды. Мекеменің табысын бөлу басқарушы органның шешімі негізінде
жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін жүзеге асырылады. Табысты
төлеу осындай шешімді қабылдағаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі. Жарғы
бойынша түзетілмеген сұрақтар Қазақстан Республикасының Заңнамаларына
сәйкес шешіледі. Жарғының ережелерінде қарама-қайшылықтар туған жағдайда,
мекеменің мүддесін анықтайтын ережелер қолданылады.
Басқарушы органның өзгеруі, жарғылық капитал мөлшерінің азаюы және
Мекеме атауының өзгеруі оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында
тіркелуін міндеттейді.
Зерттеліп отырылған басқарманың бухгалтерлік есебін бас бухгалтер
жүргізеді және басқарады. Бас бухгалтер тікелей басқарманың басшысына
бағынады. Енді алдымен басқарма басшысының қызметін ұйымдастырылуын
қарастырсақ, басқарманы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы
басқарады. Басшының заңнамада белгіленген тәртіппен, басқарма басшысы
лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасары бар. Басшы
басқарманың жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге
асырады, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өзінің
қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауап береді.
Осы мақсаттарда басқарма басшысы:
— өз орынбасарының міндеттерін және өкілеттіліктерін, сондай-
ақ басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін
белгілейді;
— Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және
лауазымнан босатады;
— заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлерін
көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, оларға
тәртіптік жаза белгілеуді жүзеге асырады;
— бұйрықтар шығарады және басқарманың барлық қызметкерлерінің
орындауы міндетті нұсқаулар береді;
— басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
— басқарманы мемлекеттік органдарға және өзге органдарға
ұсынады;
— Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталып өткендей, зерттеліп отырылған басқарманың бухгалтерлік
есебінің жүргізілуіне, сонымен қатар бухгалтерлік есебінің
ұйымдастырылуына және шынайы әрі толық бухгалтерлік есептілікті уахтылы
дайындауды бас бухгалтер жүзеге асырады.
Бухгалтердің міндетіне келесілер жатады:
– Бухгалтерлік есепті Мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті
жүргізу бойынша нұсқаулық ережелеріне сәйкес жүргізу.
– Бюджет бойынша қаражаттарды үнемді және дұрыс ұсталуын қадағалау.
– Мүліктік материалдық құндылықтардың түгендеуін жүргізу.
– Сметаны орындау барысында қажет болатын мекемелермен, жеке
тұлғалармен және ұйымдармен есептесуді уақытылы жүргізу.
– Ақша қаражатының сақтығын қамтамасыз ету.
– Негізгі құралдар, материалдар, ақша қаражаттары және баланстың
басқада статьяларының сақтығын және дұрыс орындалуын қамтамасыз
ету.
– Материалды жауапты тұлғаларға, олардың жауапкершілігіндегі
құндылықтардың есебі мен сақтығы туралы нұсқаулық өткізу.
– Құжаттардың дұрыс әзірленуін және заңды түрде жасалғанын тексеру.
– Бухгалтерлік есептілікті белгіленген уақытында әзірлеп,
құрастырып тапсыру.
– Шығындар бойынша сметаларды мекеме басшысымен құрастырып
келісімдеу.
– Бухгалтерлік құжаттардың есеп регистрларының шығындар
сметаларының және олар бойынша есептіліктің және тағы басқа
құжаттардың сақтығын қамтамасыз ету.
Мекеменің бас бухгалтері бухгалтерия аппараты (егер ондай болған
жағдайда) қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерінің аясын бекітеді.
Басқармадағы бухгалтерлік есеп мемориалды–ордерлік жүйе бойынша
компьютерленген есеп тәсілін қолдану арқылы жүргізіледі.
1.С. 7.7. мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерия типтік
конфигурациялар Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес
республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелерге
арналған стандартты методологияны жүзеге асырады.
Конфигурация өзіне келесілерді қосады:
– Шоттар жоспары (бұл жоспар өзінде аналитикалық, валюталық және
сандық есептердің типтік құрлымын құрайды);
– Валюталар анықтамасы (валюталық есепті жүргізген кезде);
– Алғашқы құжаттарды құрастыруға арналған анықтамалар жинағы;
– Бухгалтерлік проводкаларды автоматты түрде құрастыруға арналған
және алғашқы құжаттарды еңгізуге, сақтауға және басып шығаруға
арналған құжаттар жинағы;
– Нақты бір мекемеде есеп жүргізудің жалпы параметрлеріне келдіру
үшін қолданатын константалар жиыны;
– Бухгалтерлік есеп бойынша, кез келген шот бойынша әр түрлі
разрезда және аналитикалық кез келген объект бойынша мәлімет
алуға мүмкіндік беретін, стандарттық есептілік жинағы;
– Бухгалтерлік есептің нақты бөлімдері бойынша маманданған
есептілік;
– Регламенттелген есептілік жиыны;
– Бухгалтерлік есепті автоматтандаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджетпен бухгалтерияда есеп айрысу
Міндеттемелер есебі
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Міндеттемелер аудиті
Бюджетпен есеп айырысу есебі мен аудиті
Шаруашылык субъектінің меншікті капиталының есебі
Бухгалтерлік және қаржылық есеп
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің аналитикалық, синтетикалық есебі
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі
Пәндер