Ақш және халықаралық қатынастар



Роналдь Рейган әкімшілігі «Рейганомика». Республикашылдар партиясының жеңісі және президент болып бұрынғы Калифорния Штытының губернаторы Роналдь Рейганның сайлануы ішкі және сыртқы саясатта керітартпалыққа қарай бұрылыс барын көрсетті.Рейган әкімшілігі бюджеттік шығынды қысқартуда қатал монетаристік саясат жүргізе бастады,сонымен бірге мемлекеттің экономика саласын бақылау құқығын қысқартты,кәсіпкерлік істі және бағаны еркін жіберді.Әкімшіліктің кертартпалық саясаттан бас тартуы әсіресе 1981-1986 жылдары салықтық реформа айқын көрінді.Салықтың ең жоғары деңгейі бірден төмендеді, ол қаржы жинау мүмкіндігін, өаржы салымын әжептәуір көтерді. 1983 жылдан бастап Америка экономикасы дағдарыстан шықты,сөйтіп, ғылыми жетістіктер мен жаңа технологияны енгізу арқылы жеделдете даму кезеңі басталды.Жұмыссыздар саны10 миллионнан 7 миллионға дейін азайды.
Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең айқын көрінді. 1980 жылдардың бірінші жартысында АҚШ –тың сыртқы саясатында текетірестік бағыттар басым болды.Әсіресе 1979 жылы Кеңес әскерлері Ауғанстанға кіргізілгеннен соң және 1981 жылы Польшаға әскери жағдайдың енгізілуімен КСРО –АҚШ қатынасы шиеленісе түсті.Кеңес Америка қатынастары өзара сенімсіздік және түсініспеушілік кедергісіне тап болды.Тек 1980 жылдардың екінші жартысында келіссөздер арқылы қарама-қайшылық әрекеттері бәсеідей бастады.
1987 жылы М.С.Горбачевтің АҚШ –қа келуіне орай Вашингтонда екі ел арасында орта және шағын қашықтықтардағы зымырандарды жою туралы келісімшартқа қол қойылды. 1988 жылғы президент сайлауында тағы да республикашылдар жеңіске жетті.Рейган саясатын Дж. Буш жалғастырды, ол Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вице-президент қызметінде болатын.1991жылы Мәскеуде Дж. Буштың әкімшілігі кезінде, екі мемлекеттің стратегиялық қаруының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойды.Бұл –стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып мемлекеттің арасындығы бетбұрысты көрсетті.Бұған 1988 жылы ақпанда кеңес әскерінің Ауғанстаннан әкетілуі негіз болды. 1989-1991жылдары бұрынғы социалистік елдердегі демократиялық революциялар жаңа геосаяси жағдайлары тудырып, «қырғи-қабақ соғыс» толық аяқталды.
80-жылдардың басында Құрама Штаттар 30-жылдардан кейінгі өндірістің ең терең құлдырауын бастан кешіп жатты.Экономикалык өсу толығымен дерлік тоқтады.1982 жылы нақты жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) 2,5 %-ке кеміді, ал жұмыссыздық нормасы 10%-тен асып, өнеркәсіптік потенциалдың үштен бірі толық жұмыс істемеді.Жағдай энергетикалық дағдарыспен тереңдеді.Вьетнамдағы соғыс кеселдері де әсер етпей қоймады- ҒЗҚТЖ- на жұмсалатын федералды шығындар коммерциялық істерге емес, соғыс ісінің пайдасына карай кайта бөлінді.Бұл салада АҚШ ГФР мен Жапониядан қалып қойды.АҚШ-та өнім өндірісі төмендеген сайын аталмыш елдер мен басқа елдердің әлемдік саудадағы үлесі артты, американдықтар көптеген импорттық заттарды тұтына бастады.1981 жылы Рейган әкімшілігі экономикалық стагнация алымдардың шектен тыс өсуіне ұшырады.
• Э.А.Иванян «История США».Москва 2008
• Ди Браун «The USA…».Москва 2004
• Қ.Қожахметұлы «Қазіргі дүние жүзі тарихы».Алматы 2001
• www.usa.net
• www.history.com
• www.washington.D.C.com
• www.america.ru
• www.aikin.kz
• www.habar.kz

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
АҚШ және халықаралық қатынастар

Роналдь Рейган әкімшілігі Рейганомика. Республикашылдар
партиясының жеңісі және президент болып бұрынғы Калифорния Штытының
губернаторы Роналдь Рейганның сайлануы ішкі және сыртқы саясатта
керітартпалыққа қарай бұрылыс барын көрсетті.Рейган әкімшілігі бюджеттік
шығынды қысқартуда қатал монетаристік саясат жүргізе бастады,сонымен
бірге мемлекеттің экономика саласын бақылау құқығын қысқартты,кәсіпкерлік
істі және бағаны еркін жіберді.Әкімшіліктің кертартпалық саясаттан бас
тартуы әсіресе 1981-1986 жылдары салықтық реформа айқын көрінді.Салықтың
ең жоғары деңгейі бірден төмендеді, ол қаржы жинау мүмкіндігін, өаржы
салымын әжептәуір көтерді. 1983 жылдан бастап Америка экономикасы
дағдарыстан шықты,сөйтіп, ғылыми жетістіктер мен жаңа технологияны енгізу
арқылы жеделдете даму кезеңі басталды.Жұмыссыздар саны10 миллионнан 7
миллионға дейін азайды.
Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең айқын көрінді. 1980
жылдардың бірінші жартысында АҚШ –тың сыртқы саясатында
текетірестік бағыттар басым болды.Әсіресе 1979 жылы Кеңес әскерлері
Ауғанстанға кіргізілгеннен соң және 1981 жылы Польшаға әскери жағдайдың
енгізілуімен КСРО –АҚШ қатынасы шиеленісе түсті.Кеңес Америка қатынастары
өзара сенімсіздік және түсініспеушілік кедергісіне тап болды.Тек 1980
жылдардың екінші жартысында келіссөздер арқылы қарама-қайшылық әрекеттері
бәсеідей бастады.
1987 жылы М.С.Горбачевтің АҚШ –қа келуіне орай Вашингтонда екі ел
арасында орта және шағын қашықтықтардағы зымырандарды жою туралы
келісімшартқа қол қойылды. 1988 жылғы президент сайлауында тағы да
республикашылдар жеңіске жетті.Рейган саясатын Дж. Буш жалғастырды, ол
Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вице-президент қызметінде
болатын.1991жылы Мәскеуде Дж. Буштың әкімшілігі кезінде, екі мемлекеттің
стратегиялық қаруының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол
қойды.Бұл –стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып
мемлекеттің арасындығы бетбұрысты көрсетті.Бұған 1988 жылы ақпанда
кеңес әскерінің Ауғанстаннан әкетілуі негіз болды. 1989-1991жылдары
бұрынғы социалистік елдердегі демократиялық революциялар жаңа геосаяси
жағдайлары тудырып, қырғи-қабақ соғыс толық аяқталды.
80-жылдардың басында Құрама Штаттар 30-жылдардан кейінгі
өндірістің ең терең құлдырауын бастан кешіп жатты.Экономикалык өсу
толығымен дерлік тоқтады.1982 жылы нақты жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) 2,5 %-ке
кеміді, ал жұмыссыздық нормасы 10%-тен асып, өнеркәсіптік потенциалдың
үштен бірі толық жұмыс істемеді.Жағдай энергетикалық дағдарыспен
тереңдеді.Вьетнамдағы соғыс кеселдері де әсер етпей қоймады- ҒЗҚТЖ- на
жұмсалатын федералды шығындар коммерциялық істерге емес, соғыс ісінің
пайдасына карай кайта бөлінді.Бұл салада АҚШ ГФР мен Жапониядан қалып
қойды.АҚШ-та өнім өндірісі төмендеген сайын аталмыш елдер мен басқа
елдердің әлемдік саудадағы үлесі артты, американдықтар көптеген импорттық
заттарды тұтына бастады.1981 жылы Рейган әкімшілігі экономикалық
стагнация алымдардың шектен тыс өсуіне ұшырады.
Ішкі қайта құру бағдарламасы Рейганның жеке секторға еркіндік
берсе ғана ео гүлденіп дами бастайды деген сеніміне
негізделді.Экономикалық өсу негізінен түрлі заттар мен қызметтің
ұсынысына бағынышты деген теорияға ұсынатын экономиканың жақтаушысы
Рейган, қаржы жинау мен қаржы салуды ынталандыру үшін салықты төмендетуге
тырысты.Бұл мектептің экономистерінің ойынша салықтарды төмендету қаржы
салу мен жалақыны өсіреді, сонымен қоса мемлекеттік табыс- салықтан
алынатын ақша арқылы көбейеді.Өкілдер палатасында демократтар көбірек, ал
сенатта республикандықтар сәл ғана басым болды, өкімет басында бірінші
жыл тұрғанның өзінде-ақ Рейганға өз бағдарламасының негізі баптарын
заңдастырудың сәті түсті.Бұның ішінде азматтардан алынатын салықты үш жыл
бойы 25% -ға төмендету де болады.
Сонымен қоса Рейган әкімшілігі қаруларды қазіргі тілектерге
сай өзгертуге жұмсалатын шығындарды едәуір үлкейтуге қолдарын
жеткізді.Тіпті әлеуметтік қажеттілікке кеткен шығындарды қысқартқанның
өзінде әскери бюджет төмендетілген салықтар жағдайында да мемлекеттік
шығындардың кірістен асып кетуіне әкеп соқты.1982 жылы федералды
бюджеттің дефициті 100 миллиард доллардан асып кетті, ал Картердің
президенттік құрған кезінде бұл сан үш есе кем еді.1988 жылға қарай АҚШ-
тың мемлекеттік қарызы 2,3 триллион доллар болып рекортық мөлшерге жетті.
Құлдырау экономиканың барлық салаларын қамтыды.1981-1982
жылдары банкрот болып қалушылықтың саны 50%- ға өсті.Орталық Батыста
Дженерал электрик пен Интернэшнэл харвестр сияқты ірі фирмалар
жұмысшыларын жұмыстан шығара бастады. Күнгей белдіктің Штаттары
біршама уақыт экономикалық саулықта болды, бірақ көп ұзамай стагнация
оларда да басталды.
Қиын кезеңді ауыл шаруашылығын басынан кешіріп
жатты.Фермерлердің санының азайтуымен өндіріс аздаған адамдардың қолына
жинала бастады.Азық-түліктің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатқан
Индияға,Қытайға, КСРО-ға және т.б. елдерге көмектесіп жүріп американдық
фермерлер қосалқы жерлерді сатып алу мен өндірісті кеңейту үшін қарызға
белшесінен батты.Осыдан кейін болған мұнайға баға көтерілуі олардың
шығындарын көбейтті.Ал, 1980 жылғы әлемдік экономикалық құлдырау ауыл
шаруашылық өнімдеріне сұранысты азайтты.Нәтижесінде фермерлердің жағдайы
қиындай тұсті.
Алайда 1982 жылы дағдарыс мұнай бағасының төмендеуімен
бірге жүрді.Осы жағдай АҚШ–қа Картер кезінде басталған шоқырақтап шауып
бара жатқан инфляцияны жүгендеуге мүмкіндік берді.1983 жылдың соңына
қарай бірқатар салалардағы жағдай жақсарды , ал 1984 жылдың алғашқы
айларында олар жандана бастады.АҚШ екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі
ең ұзақ экономикалық көтерілудің кезеңіне енді.Жапония Америкаға өз
автомобильдерін экспорттарын шектеуге келісті.Федералды салықты төмендету
тұтынуды жақсартып, ол құнды қағаздар нарығына қолайлы әсер етті. 1983-
1987 жылдары нақты ЖҰО орташа санағанда жақсы 4,2%-ға өсті,ал
инфляция болса ол соғыстан кейінгі онжылдықтардағы ең төмен көрсеткіш
2% аспаған 1986 жылды қоспағанда 3-5% деңгейінде сақталды.ЖҰО 1980-
1987 жылдар аралығында 60% өсті,ал 1982-1987 жылдары елде 13
миллионнан астам жаңа жұмыс орындары пайда болды.
Салықтарды біртіндеп төмендете отырып,Рейган соңғы жетпіс
бес жыл ішіндегі ең тиянақты салық реформасын жүргізді.Президенттік
құруының екінші мерзімінде істелген бұл қадам республикандықтардың да,
демократтардың да кең қолдауын тапты.Табыс салығының мөлшерлері
төмедетілді,салық алынатын кірістер торабы реттелді, оны төлеуден қашу
мүмкіндіктері жойылды.Бұл өз табыс табатын американдықтар үшін әділ салық
саясатын жүргізу мүмкіндігін берді.Алайда күрделі мәселелер әлі де бар
еді.Жалпы экономикалық жағдайдың жақсаруы нағыз кедейлерге
көмектеспеді.1986 мен 1988 жылдардағы қуаңшылық фермерлерді одан сайын
күйзелтті.Федералды бюджеттің дефициті 1980 жылы 74 миллиард доллардан
1986 жылы 221 миллиардқа өсті,бірақ та бір жыл өткен соң  150 миллиардқа
қысқарды. 1987 жылдың соңындағы биржалық күйреу экономиканың
тұрақтылығына күмән келтірді.
Рейган АҚШ-тың сыртқы саясатын белсенді түрде жүргізудің
жақтаушысы болды.Мұндай мүмкіндік Орталық Америкадағы оқиғаларға
байланысты туды.Сальвадорда көтерілісшілер қозғалысы басталғанда, АҚШ осы
елдің үкіметіне экономикалық көмек көрсетті және ол жерге өзінің әскери
нұсқаушыларын жіберді.Сонымен қоса АҚШ өлім эскадрондарымен жасалынып
жатқан қатыгездіктер мен тағы басқа адам құқығын бұзушылықтарға қарсы
шыққан Сальвадордың демократиялық күштерін қолдады және билікке
демократиялық жолмен келуге көмектесті.АҚШ жағдайды тұрақтандыруға көмек
берді, бірақ та елде зорлық –зомбылықтар әлі болып жатты, ол 1989 жылдың
соңына қарай тіпті күшейді.Никарагуаға байланысты АҚШ саясаты бұған
қарағанда тұрақты болмады.Өздерін сандинистер деп атаған никарагуалық
революционистер 1979 жылы оңшыл диктатураның режимін құлатты.Сонымен қоса
Куба мен КСРО мен әскери ынтымақтастықты тоқтатып, демократиялық
реформаларды жүргізуді талап еткен американдық үкіметтің сөздеріне құлақ
аспады.Басқа Латынамерикандық елдердің де контадор деп аталған бейбіт
ұсыныстары қабылданды.Рейган әкімшілігі сандинистік режимге қарсы
күштерге –контрастарға көмектесуге көшті.Бұл мәселені жан-жақты
талқылаудан кейін конгресс1984 жылы контрасқа әскерикөмек беруді
тоқтатты, бірақ гуманитарлық көмегін тоқтатпады.Рейган әкімшілігінің
ықпалымен 1986 жылы бұл үшін 100 миллион доллар қаржы бөліп, әскери
көмекті қайта бастады.
Алайда контрастың сәтсіз шабуылдары, олардың адам
құқықтарын бұзуы және Иранға заңсыз түрде қару –жарақ сатып, сол арқылы
оларды қаржыландыру жүргізгендігі АҚШ жұртшылығына жария болып,конгресті
антисандинистік қозғалысқа әскери көмекті тоқтатуға мәжбүр етті.
Никарагуаға байланысты саясат 1987 жылы тығырыққа
тірелгенде , Рейган әкімшілігі Роталық Америкада бейбітшілік орнату
жоспарын қолдап шықты.Коста-Рика президенті Оскар Ариас ұсынған бұл
жоспар барлық көтеріліс күштеріне кешірім жасап, оларды сырттан қолдауды
тоқтатуды және аймақ елдерін демократияландыруды көздеді.Президент Джордж
Буштың әкімшілігі контраспен әскери ынтымақтастықты түгелдей тоқтатты,
бірақ 1990 жылдың ақпанында өткізілетін демократиялық
сайлауларға дейін шыдай тұруы үшін оларға көмектің басқа түрлерің бере
берді.Буштың өтініші бойынша конгресс Виолетта де Чаморро басқарған
оппозициялық саяси коалицияны қаржыландырды,ол сандинистерді толығымен
жеңді.
Рейган әкімшілігіне ең ұнағаны барлық латынамерикандық елдерде
–Гватемаладан Аргентинаға дейін –демократия орнағаны
болды.Демократиялық жолмен сайланған үкіметтердің пайда болуы тек
Латынамерикасымен шектелмеді: Филиппинде Корасон Акиноның халықтық
билік үшін жүргізген үгіті Фердинанд Маркостың диктатурасын жоюға
әкелді, ал Оңтүстік Кореядағы сайлаулар онжылдықтар бойы орнаған әскери
диктатураны құртты.
Оңтүстік Африка Республикасы АҚШ-тың конструктивті міндеттеме
атты тегеурінсіз саясат арқылы нәсілдік апартеидтің құлауын тездетуге
тырысқан қимылдарына назар аударған жоқ, 1986 жылы бұл мәселеден енқандай
нәтиже бермеген конгресс президенттің тиым салуының күшін қайта дауыс
берумен жойып,ОАР-на экономикалық санкция қолданды.Кейбір американдық
компаниялар оңтүстік африкалық акциалардан бас тартты.Тек 1988 жылдың
желтоқсанында, Рейганның президент билігінің соңғы апталарында,Намибия
мәселесің шешуде делдалдық саясаты жетісікке жетті.ОАР, Ангола және Куба
қол қойған келіссөз Анголадан Кубалық әскерлерді біртіндеп шығаруды, осы
елде демократиялық сайлауды жүргізуді, сонымен қоса тәуелсіз респблика
деп жарияланған күштерге Намибиядан ОАР әскерлерін шығаруды көздеді.
Бүкіл антикоммунистік сөздеріне қарамастан Рейган АҚШ әскерлерін
елден сырт жерлерде қолдануды шектеді.1983жылдың 25 қазанында
американдық теңіз жаяу әскерлері көрші елдердің өтініші бойынша Кариб
теңізіндегі Гренада аралшығына түсті.Бұл операция марксистік бағытта
болған өз партиясының мүшелерімен Гренаданың премьер-министрі
өлтірілгеннен кейін жасалды.Ұзаққа созылмаған шайқастан кейін
американдықтар жүздеген кубиндік әскери қызметкерлер мен құрылысшыларды
тұтқынға алды және кеңес елінде өндірілген қарулардың құпия қоймасын
басып алды. 1983 жылдың желтоқсанында американдық бөлімшелер Гренаданы
тастап кетті де, келесі жылы онда демократиялық сайлаулар өтті.
Алайда билік басында батысшыл болған Ливае өкіметін сақтап қалғысы
келген АҚШ үкіметінің әскери санкциясы қайғылы аяқталды.Террористер
жасаған жарылыстан 241теңіз жаяу әскері қаза тапты. 1986 жылдың сәуірінде
Ливиялықтардың Еуропадағы американдық әчкерлерге жасаған қастандықтарына
кек ретінде АҚШ-тың авиациясы мен әскери кемелері Триполи мент Бенгазиді
(Ливия) атқылады.
Парсы шығанағында АҚШ Иранның Иракпен ұзаққа созылған соғысы кезінде
мұнайды теңізбен тасымалдауды жауып тастағысы келген әрекеттеріне қарсы
тұрды.АҚШ-тың қарулы күштері алғашында Кувейттің өз танкер флотын қорғау
өтінішін ғана орындағын болатын.Бұдан кейін батыс Еуропаның басқа теңіз
мемлекеттерімен қосылып танкерлер пен тағы басқа нейтралды кемелерді
Парсы шығанағында қарауылдады.Қарауылдау сәті болып, бұл аймақта кеме
жүру тоқтамады.Шынына келгенде,мұндай шиеленіскен жағдайда қайғылы
қателіктер құрбансыз болмайды.Осылайша Ирак ұшағымен американық әскери
кеме Старкқа 1987 жылдың мамырында қателесіп жіберілген ракетадан 37
теңізші қаза болды. 1988 жылдың шілдесінде Винсенс атты американдық
ракета қателесіп Иран авиалайнері атып түсірілді де, барлық 290 жолаушы
қаза тапты.
Кеңестер Одағымен қатынастарда Рейган күштің көмегімен жасалатын
бейбітшілік саясатын жүргізді. Қырғи-қабақ соғыс кезінде өскен ол
жауыздық империясы деп атаған елге қарсы тұруға берік шешімде болды:
Польшада 1981 жылдың желтоқсанында Ынтымақтастық қозғалысын басу және
кеңестік истребительмен бағыттан шатасқан № 007-рейсті атұарып келе
жатқан оңтүстік корея жолаушы авиалайнерін 1983жылдың 1қыркүйегінде атып
түсіруі болды.Сонымен қатар Құрама Штаттар Ауғанстандағы кеңес
басқыншылығында кінәлап , қарсылыстық жауынгерлері моджахедтерге
көмектесті.Рейганның президеттігінің бірінші мерзімінде ракетаға қарсы
қорғаныс жүйелерін жасауға қыруар қаржы жіберді.1983жылдың 23
–наурызында Рейган оның билік құрған мерзіміндегі ең ұызу айтыстары
тудырған шешімді қабылдады:Ол –Стратегиялық қорғаныс инициативасыатты
зерттеулік бағдарлама алдыңғы қатарлы соғыс технологиясын, атап айтқанда,
ғарыштан баллистикалық ядролық ракеталардан қорғай алатынлазерлі және
шоғырлы қаруларды тексеру үшін жүргізу туралы шешім.Көптеген ғалымдар
оның бола қоятынына күмән келтірсе де, экономистер оның қымбат бағасын
көрсетсе де, Рейган әкімшілігі оны жүзеге асыруға бар пәрменімен тырысты.
1984 жылғы сайлаудан кейін Рейган қаруларды бақылау жөніндегі өзінің
бұрынғы қатал позициясын жұмсартты.1985 жылдың қарашасында ол жаңа
кеңес басшысы Михаил Горбачевпен Женевада кездесті.Олар стратегиялық
қаруларын 50% қысқартуды және орташа радиуста әсер ететін ракеталар
туралы аралық келісімдер жасау үшін бірқатар келіссөздер жүргізуге
уәделесті. 1987 жылдың желтоқсанында ол ракеталар турасында келісімге қол
қойды.Бұл құжат қаруланудың осы түрін жоюды көздеді.Стратнгиялық ядролық
қарулануды қысқарту туралы келісімдер, СОИ жөніндегі сияқты, онша сәтті
болмады.
Егер СОИ рейгандық әкімшіліктің өзіне де қиын шешілетін мәселе
болса, басқа ғарыштық бағдарламалардың келешегі бар болып шықты.70 –
жылдары американдықтардың ғарышты игеруге деген қызығушылығы төмендеді,
бірақ 1981 жылы бірінші рет адам басқаратын көп мәрте қолдануға арналған
Колумбия космос кемесі жер айналасыдағыорбитаға шығарылғанда ол қайта
өсті. 1981-1985 жылдары Шатл деп аталыеған осы үлгідегі
кемелердің ұшырылуы, оларды қолданудың кең мүмкіндіктерін ашты: орбитада
жүріп астронавттар тәжірибелер жүргізе алды, суретке түсірді, сонымен
қоса әртүрлі ғарыштық аппараттарды іске қосып , ашық аспанға шығарып,
қайта оралтып, жөндей алды.Алайда 1986 жылдың қаңтарында қайғылы жағдай
болды.Жерден көтерілгеннен кейін 73 секунд өткен соң,
Челленджеркемесі жарылып кетті, 6 астронавт және бірінші ғарыш жолаушысы
болғысы келген мектеп мұғалімі қаза тапты.Ғарыштық (НАСА) ақауларды жою
кезеңінде Шатлдардың ұшырылуы аздап тоқтатылды. 1988 жылдың соңында
жаңа Шатл -Дискаверидің -ұшырылуы жүзеге асырылды,бірақ бұның алдында
оның қозғалту және компьютерлік жүйелеріне 300-ден астам түзетулер
енгізілді.
Рейганның әкімшілігі сыртқы саясаттағы ең маңызды мәселеге оның
президенттілігінің екінші мерзімінің соңына қарай кездесті. 1987 жылы
американдықтарға өз елінің үкіметі ирандық басшы Хомейниге бағынышты
Ливандағы экстремистік ұйымның қолына түскен тұтқындарға американдықтарды
босату үшін Иранға құпия түрде қару сатқандығы белгілі болды.Сонымен қоса
терлеулер кезінде қару сатудан түскен қаржылар конгресс оларға әскери
көмекті көрсетуге тыйым салған уақытта никарагуандық контрастарға
берілгені айқындалды.
Сенаттың және өкілдер паоатасының біріккен комиссиясында Иран
-Контра ісінің тыңдалу кезінде Иранға қару сатудың заңдылығымен қоса АҚШ-
тың Таяу Шығыс пен Орталық Америкадағы сыртқы саясаттық мүдделері де
талқыланды.Жалпы алғанда Иран-Контра ісі,
аты шулы жетпіс екінші жылғы Уотергейт ісі сияқты негізгі мәселелерді-
азаматтардың заң шығарушы және атқарушы өкіметтердің арасындағы
қатынастар туралы хабардар болу құқығын қозғады.
Ал, енді Буш әкімшілігіне келсек,оның әкімшілігінің федералдық
бюджеттің дефицитінен құтылу амалдары одан да күшті қиындықтарға
кездесті.Себептердің бірі мемлекеттік жинақтар мен зайымдар саласындағы
күйзеліс болды.Алдаушылық, нашар басшылық, жетілмеген заң зығару мен АҚШ-
тың бірқатар аймақтарындағы экономикалық құлдырау, 80-жылдардың басына
және соңында көптеген жинақ мекемелерін банкротқа алып келді. 70-
жылдардың соңында оларлың саны 3100-ге жетті, ал 1990 жылы 2453 қала
болды.
Президент өтініші бойынша конгресс 1989 жылдың тамызында қаржы
институттарын реформалау туралы заңды қабылдады.Оларды қайта құрып,
қолдау үшін 50 миллиард доллар бөлінді.Сонымен қатар конгресс банкрот
болып қалған жинақ мекемелерін сату несеме жабудың шатасқан немесе ауыр
процестерің бақылау үшін органдар құрды.Олар жабылған жағдайда АҚШ
үкіметі федералдық депозиттерді сақтандыру заңына сай ақша салғандармен
есеп айырысуы қажет еді және 100 мың доллар мөлшеріне дейінгі
салымдардың сақталуына кепілдік беруі керек еді.Сонымен қоса үкімет өзіне
пайдалы және пайдасыз шарттармен де зайымдар жөніндегі міндеттемелерді өз
мойнына алды.
Жинақ институттарының жойылуы мен сатылуына кеткен шығындар туралы
есептелген мәліметтер конгресс бөлген қаржыдан асып кетті. 1990 жылдың
сәуірінде АҚШ –тың Бас бақылау –қаржы басқармасы жинақ және зайым
саласындағы күйзеліс болашақ он жылдықтардағы процестерді қосқанда 325
миллиард долларға жететінін анықтады.Қыркүйекте бұл сан 370 миллиардқа
өсті, ал 1991 жылдың қаңтарында елде үкіметтің қаржы оперицияларын
қиындатқан және соңғы санды тағы да 100 миллиардқа көбейткен экономикалық
құлдырау болды.
Буш әкімшілігінің 1991 жылға дефицитті қысқарту турулы заңға тура
келетін федералды бюджетті жасаудағы қадамдары экономикалық және саяси
себептермен одан сайын қиындап кетті. 1990 жылдың қаңтарында Буш
конгреске келесі қаржы жылына жасалған бюджет жобасын ұсынды.Декораттар
оны шкетен тыс оптимисттік деп тапты да, оның заңға сәкес ету үшін
салықтарды көбейтіп, қорғанысқа шығынды азайту керек деп есептеді.Бюджет
турасындағы айтыстар маусымға дейін жалғасты.Сол кезде Буш сайлау
алдындағы уәделеріне қарамай, ұлттық экономикалық өзгерістерге байланысты
салықтарды көбейту ел бюджеті туралы ұсыныстардың бәрінде болу керек деп
жариялауға мәжбүр болды.
Таяу бес жылдыққа қорғаныс және әлеуметтік істерге, қарттарға
медициналық көмек көрсетудің бұрын қысқартылмаған мемлекеттік
бағдарласасына да қаржыларды беруді қысқарту жоспарланды.Салықтар
көбейтілді, соның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесі
Халықаралық қатынас туралы түсінік
Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
Америка Құрама Штаттары гегемон
Бреттон – Вудс валюта жүйесінің дағдарысы. Қазіргі әлемдік ақшалар
Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы
Валюталық жүйелер
Қазақстандағы АҚШ елдерінің экономикалық қарым – қатынастары
Халықаралық экономикалық байланыс - дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі
Пәндер