Қаржы менеджменті. Оқу құралы



Кіріспе
1. тарау. Қаржы менеджментінің мәні және оны ұйымдастыру негіздері
1.1. Қаржы менеджментінің мәні және оны ұйымдастырудың негізгі қағидалары
1.2. Қаржы менеджментінің мақсаттары мен міндеттері
1.3. Қаржы менеджментін басқарудың объектілері мен субъетілері
1.4. Қаржы менеджментінің атқаратын қызметтері (функциялары)
2 тарау. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және коэффициенттер жүйесі
2.1. Қазіргі кездегі қаржы менеджментінің құрылымы
2.2. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары
2.3. Қаржы менеджментінде қолданылатын коэффициенттер жүйесі
2.4. Қаржы менеджментінің механизмдері
3 тарау. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы қаржыландыру көздерін қалыптастыру мен тиімділігін анықтау
3.1. Қаржыландыру көздерінің мәні, құрамы және жіктелуі
3.2. Қаржы тұтқасының нәтижесін анықтау
3.3. Қаржылық инвестиция жобасының тиімділігін анықтау
4 тарау. Корпорациялық тәуекел мен табыстылықты бағалау
4.1. Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау моделі
4.2. Қаржылық активтерді талдау мен бағалау әдістері
4.3. Арбитражды баға құру теориясы
5 тарау. Бюджеттеу үдерістері
5.1. Бюджеттерді құру мен оның мақсаты
5.2. Бюджеттеу кезеңдері
5.3. Бюджеттердің негізгі түрлерінің мазмұны
6 тарау. Қаржылық жоспарлау және болжамдау
6.1. Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау
6.2. Қаржылық жоспарлаудың түрлері
6.3. Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың түрлері
7 тарау. Қаржы менеджментінің арнайы аспектілері

7.1. Корпорацияны қайта ұйымдастырудың түрлері

7.2. Қосылудан кейінгі басқару мен бақылау жүйесі
7.3. Корпоративтік қосылудың кейбір формалары
Әдебиеттер
ҚР-да нарық қатынасының қалыптасуы мен дамуы жағдайында жалпы қаржыны, сонымен қатар салалық және корпоративтік қаржыларды басқаруды жетілдіру аса күрделі, әрі өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай корпорациялар мен ұйымдардың және қаржы-несие мекемелерінің қаржы менеджерлерін дайындауда жоғары оқу орындарында қаржы менеджменті пәнін оқытудың теориялық және практикалық тұрғыдан маңызы өте зор.
Қаржы менеджменті-қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың қаржы ресурстарының қалыптасуы, оны тиімді, әрі тиісті мақсаттарға пайдалану, ақша қаражаттарының айналымын, қаржылық қарым-қатынастарды ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі басқару әдістері мен басқару шешімдерін іске асыратын жүйе ретінде қарастырылған.
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуі қаржыны басқарудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін, қаржылық құралдармен қамтамасыз ету арқылы қаржы менеджментін қалыптастырып, оны дамытуды көздейді.
Бұл оқу құралының мақсаты студенттерге корпоративтік қаржы ресурстарын бақылаудың ерекшеліктерін ескере отырып, оны жетілдірудің әдістері мен механизмдерін тиімді пайдалануды және оңтайлы басқару шешімдерін дайындауды үйрету. Сондай-ақ қаржы менеджментінің теориялық және әдістемелік тұрғылары, базалық тұжырымдамалар мен қаржылық көрсеткіштер, корпорация капиталдарының (меншікті, қарыз қаражаттары, тартылған) негізгі құралы мен құрылымын оптимизациялау, бюджеттеу үдерістері, негізгі және айналым активтерін рациональді пайдалану, корпоративтік-қаржылық тәуекелдер, инвестициялық шешімдер қабылдау т.б. мәселелерді қамтыған.
Қаржы саласында жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының тым аз екенін ескерсек, аталған оқу құралы мемлекеттік тілде дайындалған еңбектердің алғашқыларының бірі деп қараған жөн. Сондықтан бұл оқу құралы барлық тақырыптарды толық қамти алмады, ол алдағы атқарылатын іс деп есептейміз
Аталған оқу құралы басқа да арнайы қаржы пәндерімен тығыз байланысты жазылған, олар: “Қаржы теориясы”, “Корпоративтік қаржы”, “Ақша, несие және банк”, “Бухгалтерлік есеп”-т.б.
Бақылау сұрақтары мен ұсынылған әдебиеттер тізімі студенттердің қаржы менеджменті пәнін жете меңгеруіне көмектеседі деп білеміз.
1.Бланк И.А. Финансовый менеджмент. Учеб.курс. Киев. Ника-Центр 2004
2.Бригхем Ю. Гапенски А. Финансовый менеджмент. (2-т) Под ред. В.В. Ковалевой-СПб, 2004
3.Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент. Учеб.М.Перспектива 2004
4. Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент М. Финансы и статистика, 2005
5. Павлова Л.П. Финансовый менеджмент. Учебник М.2005
6. Поляк Г.Б. Финансовый менеджмент. Учеб. М.2004
7.Бочарев В.В. Леонтьев В.Е. Корпоративные финансы Учеб.СПб, 2005
8. Карелин В.С. Лекции по финансовому менеджменту М.2000
9. Басовский Л.Е. Финансовый менеджмент. Учеб.пос. М.2003
10. Яблукова Р.З. Финансовый менеджмент. Учеб.пос. М.2004
11. Балабанов И.Г. Основы финансового менеджмента М.2002
12.Қаржының жалпы курсы. Оқу құралы. Аудармашылар тобы. А.2005
13.Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. А.2007
14. Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник А.2007
15. Осербайулы С. Корпоративтік қаржы. Оу құралы. А. 2005
16. Баймухамбетова С.С. и др. Финансовый менеджмент. Учеб.пос. А. 1998

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Өсербайулы С., Қалымбекова Ж.Қ.

Қаржы менеджменті

Оқу құралы

Алматы, 2007

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
Экономика және бизнес факультетінің Ғылыми Кеңесі ұсынған

Пікір берушілер:
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Ибришев Н.Н.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Құбаев Х.Е.

Өсербайулы С., Қалымбекова Ж.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы – Алматы,
ЭБФ, ОЛ 2007

Оқу құралында қаржы менеджментін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен
базалық тұжырымдамалары, корпорация қаржы көздерін (меншікті, қарыз
қаражат, тартылған) қалыптастыру, оларды мақсатты түрде пайдалану және
оңтайлы қаржылық шешімдер қабылдау, сондай-ақ қаржылық әдістер мен
құралдарды тиімді қолдану т.б. сұрақтар қарастырылған.
Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының бакалаврлары мен магистранттарына,
оқытушыларына т.б. қаржы мамандарына арналған.

Мазмұны

Кіріспе
1. Қаржы менеджментінің мәні және оны
тарау.ұйымдастыру негіздері
1.1. Қаржы менеджментінің мәні және оны
ұйымдастырудың негізгі қағидалары
1.2. Қаржы менеджментінің мақсаттары мен
міндеттері
1.3. Қаржы менеджментін басқарудың
объектілері мен субъетілері
1.4. Қаржы менеджментінің атқаратын
қызметтері (функциялары)
2 Қаржы менеджментінің базалық
тарау.тұжырымдамалары және коэффициенттер
жүйесі
2.1. Қазіргі кездегі қаржы менеджментінің
құрылымы
2.2. Қаржы менеджментінің базалық
тұжырымдамалары
2.3. Қаржы менеджментінде қолданылатын
коэффициенттер жүйесі
2.4. Қаржы менеджментінің механизмдері
3 Кәсіпорынның ішкі және сыртқы
тарау.қаржыландыру көздерін қалыптастыру мен
тиімділігін анықтау
3.1. Қаржыландыру көздерінің мәні, құрамы
және жіктелуі
3.2. Қаржы тұтқасының нәтижесін анықтау
3.3. Қаржылық инвестиция жобасының
тиімділігін анықтау
4 Корпорациялық тәуекел мен табыстылықты
тарау.бағалау
4.1. Қаржылық активтердің табыстылығын
бағалау моделі
4.2. Қаржылық активтерді талдау мен бағалау
әдістері
4.3. Арбитражды баға құру теориясы
5 Бюджеттеу үдерістері
тарау.
5.1. Бюджеттерді құру мен оның мақсаты
5.2. Бюджеттеу кезеңдері
5.3. Бюджеттердің негізгі түрлерінің мазмұны
6 Қаржылық жоспарлау және болжамдау
тарау.
6.1. Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау
6.2. Қаржылық жоспарлаудың түрлері
6.3. Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың
түрлері
7 Қаржы менеджментінің арнайы аспектілері
тарау.
7.1. Корпорацияны қайта ұйымдастырудың
түрлері
7.2. Қосылудан кейінгі басқару мен бақылау
жүйесі
7.3. Корпоративтік қосылудың кейбір формалары
Әдебиеттер

Кіріспе

ҚР-да нарық қатынасының қалыптасуы мен дамуы жағдайында жалпы қаржыны,
сонымен қатар салалық және корпоративтік қаржыларды басқаруды жетілдіру
аса күрделі, әрі өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай корпорациялар
мен ұйымдардың және қаржы-несие мекемелерінің қаржы менеджерлерін
дайындауда жоғары оқу орындарында қаржы менеджменті пәнін оқытудың
теориялық және практикалық тұрғыдан маңызы өте зор.
Қаржы менеджменті-қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың қаржы
ресурстарының қалыптасуы, оны тиімді, әрі тиісті мақсаттарға пайдалану,
ақша қаражаттарының айналымын, қаржылық қарым-қатынастарды ұйымдастыру,
сондай-ақ түрлі басқару әдістері мен басқару шешімдерін іске асыратын жүйе
ретінде қарастырылған.
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуі қаржыны басқарудың жаңа тәсілдері мен
тетіктерін, қаржылық құралдармен қамтамасыз ету арқылы қаржы менеджментін
қалыптастырып, оны дамытуды көздейді.
Бұл оқу құралының мақсаты студенттерге корпоративтік қаржы ресурстарын
бақылаудың ерекшеліктерін ескере отырып, оны жетілдірудің әдістері мен
механизмдерін тиімді пайдалануды және оңтайлы басқару шешімдерін дайындауды
үйрету. Сондай-ақ қаржы менеджментінің теориялық және әдістемелік
тұрғылары, базалық тұжырымдамалар мен қаржылық көрсеткіштер, корпорация
капиталдарының (меншікті, қарыз қаражаттары, тартылған) негізгі құралы мен
құрылымын оптимизациялау, бюджеттеу үдерістері, негізгі және айналым
активтерін рациональді пайдалану, корпоративтік-қаржылық тәуекелдер,
инвестициялық шешімдер қабылдау т.б. мәселелерді қамтыған.
Қаржы саласында жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қазақша
оқулықтар мен оқу құралдарының тым аз екенін ескерсек, аталған оқу құралы
мемлекеттік тілде дайындалған еңбектердің алғашқыларының бірі деп қараған
жөн. Сондықтан бұл оқу құралы барлық тақырыптарды толық қамти алмады, ол
алдағы атқарылатын іс деп есептейміз
Аталған оқу құралы басқа да арнайы қаржы пәндерімен тығыз байланысты
жазылған, олар: “Қаржы теориясы”, “Корпоративтік қаржы”, “Ақша, несие және
банк”, “Бухгалтерлік есеп”-т.б.
Бақылау сұрақтары мен ұсынылған әдебиеттер тізімі студенттердің қаржы
менеджменті пәнін жете меңгеруіне көмектеседі деп білеміз.

1 тарау. Қаржы менеджментінің мәні және оны ұйымдастыру негіздері
1. Қаржы менеджментінің мәні
Қаржы менеджменті өзінің жүзжылдық тарихында зерттейтін мәселелерінің
көлемін барынша кеңейтті. Егер ол жаңадан пайда болған кезде негізінен жаңа
фирмалар мен компаниялар құрудағы қаржылық сұрақтарды қарастырған болса,
кейін келе банкроттық және қаржылық инвестицияларды басқару мәселелерін де
қамти бастады. Ал қазіргі кезде ол кәсіпорын қаржысын басқарудың барлық
бағыттарын қарастырады. Соңғы жылдары дербес білім салаларына қатысты, яғни
қыржылық талдау, инвестициялық менеджмент, тәуекел менеджменті, банкроттық
қауіптілігі жағдайында кәсіпорынды дағадарысқа қарсы басқаруда қаржы
менеджментінің бірқатар проблемалары етек ала бастады.
Елімізде тиімді қаржылық менеджмент тәжірибесі нарықтық экономикаға өту
жағдайында көптеген обьективті экономикалық қиыншылықтармен бетпе-бет келе
отырып, нормативті қаржылық базаның кемелденбеуінен, экономикалық дағдарыс
шарттарында мамандар дайындығының жеткіліксіз деңгейде болуы себебінен әлі
де тек құрылу, қалыптасу сатысында ғана.
Қаржы менеджментін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Қаржы менеджменті
өз алдына кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу
және пайдалану, сонымен қатар олардың ақша құралдарының айналымымен
байланысты басқару шешімдерін жетілдіру және тарату әдістері мен
қағидаларының біртұтас жүйесін білдіреді.
Кәсіпорынның қаржылық іскерлігін тиімді басқаруды бірқатар қағидалар
қамтамасыз етеді. Олардың ішіндегі негізгілері келесілер:
1.Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен интеграциялануы (бірігуі).
Кәсіпорын қызметінің қандай сферасында болмасын қабылданған басқару шешімі
тікелей немесе жанама түрде ақша ағымының қалыптасуына және қаржы
қызметінің нәтижесіне әсер етеді.
2. Басқару шешімдерінің қалыптасуының кешенді сипаты. Бұл қағида бірінші
қағидамен сабақтас. Мысалы: жоғары табысты қаржы инвестицияларын құру
өндірістік іскерлікті қаржыландыруда тапшылық тудыруы және соның салдары
ретінде өндірістік табыс көлемін, яғни меншікті қаржы ресурстарын
қалыптастыру әлеуетін төмендетуі мүмкін. Сондықтан да қаржы менеджменті
әрқайсысы кәсіпорынның қаржылық іскерлігінің жалпы нәтижелілігіне өз үлесін
қосатын, бір-біріне тәуелді басқару шешімдерінің зерттемесін қамтамасыз
ететін кешенді басқару жүйесі ретінде қарастырылуы тиіс.
3.Басқарудың жоғары серпінділігі. Әрқашанда алдыңғы кезеңде құрастырылған
және таратылған қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және ақша
айналымын оптимизациялау саласында құралған тиімді басқару шешімдері
әрқашанда кәсіпорын қызметінің келесі сатыларында қайта қолданыла бермеуі
мүмкін. Бұл өндірістің ішкі, әсіресе сыртқы факторларының өзгеруімен
байланысты.
4.Жеке басқару шешімдерін өңдеуге көпнұсқалық әдістеме. Әрбір басқару
шешімдеріне қаржы ресурстарын қалыптастыру және қолдану аумағында дайындау
және ақша айналымы оптимизациясы әрқашанда әрекеттің баламалы мүмкіндігін
ескеруі керек.
5.Кәсіпорынның даму мақсаттарын стратегиялық бағдарлау. Ағымдағы мерзімде
қаржы қызметі аясында басқару шешімдерінің жобалары қандай да бір тиімді
болмасын, егер олар кәсіпорынның негізгі мақсатымен, яғни кәсіпорынның
алдағы кезеңдегі дамуының стратегиялық бағыттарымен қарсы келіп, ішкі
қаржы көздері есебінде меншікті қаржы ресурстарының үлкен көлемінің
қалыптасуының экономикалық базасын бұзып, қарама-қайшылыққа түссе ондай
жобалардың қабылданбауы қажет.

2 Қаржылық менеджментінің мақсаттары мен міндеттері.

Қаржы менеджментінің негізгі мақсаты – бұл ағымдағы және болашақ кезеңде
кәсіпорынның меншік иелерінің әл-ауқатын максималдауды қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның нарықтық құнын максималдауды қамтамасыз етуде олар иелерінің
түпкі қаржылық мүдделерін жүзеге асырады.

Аталған мінездеме “ең негізгі мақсат – бұл пайданы молайту” деген жалпыға
таралған оймен қарама-қайшылыққа түседі. Кәсіпорынның нарықтық құны
әрқашанда пайда жоғарылаған сайын міндетті түрде өсе бермейді. Егер,
мысалы, алынған жоғары пайда ағымдағы тұтыну мақсатына жұмсалып,
нәтижесінде кәсіпорын өзінің дамуына қажет меншікті қаржылық ресурстардың
негізінен қалыптасу көзінен айрылып қалса, ал дамыған кәсіпорын өзінің
бәсекелестік қабілетін жоғалтады, бұл оның нарықтық құнының немесе
нарықтағы акция құнының төмендеуіне әкеледі. Бұған қоса қаржылық тәуекелдің
жоғары деңгейінде және алдағы кезеңдегі банкроттылық қаупі жағдайында
кәсіпорын жоғары пайдаға жете алады, алайда бұл да кәсіпорынның нарықтық
құнының төмендеуіне негізделеді. Сондықтан нарық шарттарында пайданы
молайту қаржылық менеджменттің басты, бірақ нгізгі емес міндеттерінің бірі
болып табылады.
Қаржы менеджменті өзінің негізгі мақсатын тарату үдерісінде келесідей
міндеттерді шешуге бағытталған:
1.Алдағы кезеңде кәсіпорын дамуына қатысты міндеттерге сәйкес қаржылық
ресурстар көлемінің жеткілікті қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл мақсат
кәсіпорынның алдағы кезеңдегі қаржы ресурстарындағы жалпы қажеттіліктерін
анықтау жолымен тартылған меншікті қаржы ресурстарын сыртқы құралу көздер
есебінен барынша көбейту, меншікті қаржы көздерін қалыптастырудың ішкі
құралу көздер есебінен мақсаттылығын анықтау, қарыз қаржы құралдарын
тартуды басқару, қаржы капиталының құралу көздері құралымын оптимизациялау
сияқты істерді жүзеге асырады.
2.Кәсіпорын қызметінің негізгі бағытындағы қаржы ресурсының қалыптасқан
көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарының қалыптасқан
көлемін бөлшектеуді оптимизациялау – бұл кәсіпорын өндірістік және
әлеуметтік даму мақсатына жұмсалуының қажетті пропорционалды түрде
тағайындалуын, кәсіпорынның мүлік иелеріне инвестицияланған капиталға
қажетті табыс деңгейінің төлемін және тағы басқаларды қалыптастырады. Қаржы
ресурстарының қалыптасқан көлемін тиімді пайдалану процесі кезінде
кәсіпорын дамуының стратегиялық мақсаты мен салынған қаражаттар
қайтарылымының мүмкін болатын деңгейін ескеру қажет.
3.Ақша айналымын оптимизациялау. Бұл тапсырма кәсіпорын ақша қаражаттарының
айналым шеңбері процесіндегі ақша ағынын тиісті басқару арқылы, әр жеке
кезеңдердегі ақша қаражаттарының түсімі мен жұмсалу көлемін синхронды
қамтамасыз ету арқылы, олардың айналым активтерінің қажетті өтімділігін
қолдау арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бос ақша қаражаттар қалдығы
инфляциядан қорғану үшін ең аз көлемде болуы қажет.
4.Қаржылық тәуекелдің қарастырылып отырған деңгейінде кәсіпорын табысының
максималдығын қамтамасыз ету. Бұл тапсырма кәсіпорын активтерін тиімді
басқару олардың құрамы мен көлемін оптимизациялау арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты кәсіпорын экономикалық даму мақсаттарына жету үшін
баланстық пайданы емес, ал өз иелігіндегі, салықтық , амортизациялық және
дивиденттік тиімді саясат жүргізуді талап ететін таза пайданы максималдау
қажет.
5.Пайданың қарастырылып отырған деңгейінде қаржылық тәуекелділік деңгейін
минималдауды қамтамасыз ету. Бұл тапсырма жеке операцияларға, сонымен бірге
қаржы қызметіне толықтай тән қаржы тәуекелділігін тиімді басқару жолымен
жүзеге асады. Бұл басқару үдерісі қаржылық тәуекелдің жеке түрлерін,
олардың профилактикасы мен минималдылығы, ішкі және сыртқы сақтандырудың
тиімді формасын бағалауды қарастырады.
6.Кәсіпорынның даму үдерісіндегі тұрақты қаржылық теңсіздігін қамтамасыз
ету. Мұндай теңсіздік кәсіпорын дамуының барлық сатыларындағы төлем
қабілеттілігі мен қаржы тұрақтылығының жоғары деңгейімен көрсетіледі және
де капитал мен активтерінің оптималды құрылымының қалыптасуымен, әртүрлі
қаржы көздері есібінде қалыптасқан қаржылық ресурстар көлемінің тиімді
пропорциясымен, инвестициялық қажеттіліктерді қаржыландырудың жеткілікті
деңгейімен қамтамасыз етіледі.
Қаржы менеджементінің қарастырылған барлық тапсырмалары бір-бірімен тығыз
байланысты.Сондықтан да қаржы менеджменті процесінде жеке тапсырмалар
мақсатқа жету үшін өзара оптимизацияланады.
Аталғандар есебінде қаржы менеджментінің тапсырмалар жүйесін келесідей
жалпы оптимизациялау тапсырмалары түрінде әлдеқайда сыйымды қалыптастыруға
болады: яғни кәсіпорын дамуының әр сатысында жетістікке жету, басқару
шешімдерін қабылдау үдерісінде тәуекел және пайда деңгейлерінің қатынасын
оптимизациялау мен кәсіпорынның жеткілікті қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз
ету арқылы оның нарықтық құнын молайтуға болады.

1.3. Қаржылық менеджментті басқарудың обьектілері мен субьектілері.
Қаржы менеджменттің басқару жүйесі басқа басқару жүйелері сияқты
басқарудың анықталған обьектісінің болуын қарастырады. Басқаудың мұндай
обьектісіне кәсіпорынның қаржысы және оның қаржылық әрекеттері кіреді.
Қаржылық менеджментті жүзеге асыру ерекшелігінің бағытынан кәсіпорында жеке
белгілері бойынша жіктеу қажеттілігі туады. Оның белгілері:
1. Меншік формасы бойынша. Кәсіпорын мемлекеттік меншік формасы. Оның
ерекшеліктеріне келесілер жатады: жарғылық капиталының құрамына негізгі
құралдардың жоғары үлесі мен құрал-жабдықтардың ескірген қаржы ресурстарын
жаңадан қалыптастыруда мемлекеттік қолдауға иек арту.
Кәсіпорын мемлекеттік емес меншік формасы. Жоғары дәрежеде өтпелі
экономика шарттарында шаруашылық әрекеттерге негізделген, бірақ оларды
мемлекеттік қаржылық қолдау іс жүзінде нөлге жақын.
2. Қызметтің ұйымдастырушылық - құқықтық формасы бойынша.
Жеке кәсіпорын. Бұл шетел тәжіоибесінде бұқаралық болып табылғанмен
біздің елімізде әлі кеңінен таралған жоқ. Қаржылық қызмет көлемі бойынша
минималды және ол негізінен операциялық процестерге қызмет көрсетумен
байланысты болады.
Серіктестік кәсіпорын. Бұл жауапкершілігі шектеулі қоғам формасы ретінде
елімізде кеңінен таралған. Жеке кәсіпорынмен салыстырғанда бұлар қаржылық
қызметтің бөлшектенген формасымен және қаржылық басқарудың өзінділігімен
ерекшеленеді.
Корпоративтік кәсіпорын. Акционерлік қоғамның ашық және жабық формасы
бойынша құрылады (кейде шетел капиталының қатысуымен). Ерекшелігі, сыртқы
көздерден қаржы ресурстарын қалыптастыруда кең мүмкіндіктің болуы болып
табылады.
3. Салалық белгілері бойынша. Саланың әсер ететін классификаторына сәйкес
бөлінеді. Қаржылық әрекет саланың ерекшелігіне байланысты көрсетіледі.
4. Меншік капиталының мөлшері бойынша. Аз, орташа, үлкен, ірі болып
бөлінеді. Жіктеменің сандық критерийлері әр түрлі факторлар серпінді
өзгеріске тез ұшырағыш болады және құралу көзден екіншісіне беріліп
отырады.
5. Нарықтағы монополиялық жағдайы бойынша:
- табиғи монополистер;
- өз нарық сегментінде өнімдерді тарату үлесі бойынша монополистер;
- бәсекелесуші кәсіпорын.
Қаржылық менеджменттің негізгі ерекшелігі монопольды баға белгілеу
механизмін қолдану негізіндегі шығындар есебінен меншікті қаржы ресурстарын
қалыптастырудың әлеуетті мүмкіндігінде құрылады.
6. Кәсіпорынның өмірлік цикл стадиясы бойынша (туылуы, балалық шағы, жастық
шағы, ерте ержету, қартаю). Ерекшелігі – инвестициялық қажеттіліктің әр
түрлі деңгейінде және қарыз капиталын тарту мүмкіндігінде, сонымен қатар
қаржы тәуекелдері деңгейінде құрылады.

1.4.Қаржылық менеджментінің атқаратын қызметтері (функциялары)
Қаржы менеджменті өзінің басты мақсаттары мен негізгі міндеттерін
анықталған функциялар арқылы жүзеге асырды. Бұл функциялар қаржы
менеджментінің кешенді мазмұнымен белгіленген негізгі 2 топқа бөлінеді.
1. Қаржы менеджментінің функциялары басқару жүйесі ретінде. Бұл
функциялардың құрамы оның ерекшелігін ескере отырып менеджменттің кез-
келген түріне қатысты сипаттама.
2. Қаржы менеджментінің функциялары кәсіпорынды басқарудың арнайы нысаны
ретінде. Бұл функцияның құрамы қаржы менеджментінің нақты обьектісімен
анықталады.
Қаржы менеджментінің негізгі функцияларының мазмұнын жеке топтарға бөліп
қараймыз.
Қаржы менеджментінің басқару жүйесі ретіндегі функциясы тобына негізгі
болып келесілер кіреді:
1. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау. Осы функцияны жүзеге асыру
барысында мақсат жүйелері және ұзақ мерзімді кезеңге қаржылық қызметтің
мақсаттылық көрсеткіштері қалыптасады. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы
оның экономикалық дамуында жалпы стратегияның негізгі ажырамас бөлігі
ретінде қарастырылады.
2. Кәсіпорын қаржылық қызметінің барлық тұрғылары бойынша басқару
шешімдерін жүзеге асырумен және қабылдаумен қамтамасыз ететін ұйымдық
құрылымның құрылуы. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында қаржылық
қызметтерге бағытталған кәсіпорынның функционалды ауыспалы шарттарына осы
ұйымдық құрылымның тұрақты бейімделуін қамтамасыз етуі қажет. Сонымен
қатар, бұл құрылымдар, кәсіпорынды басқарудың жалпы ұйымдық құрылымында
интегнациялануы қажет.
3. Басқару шешімдерінің баламалы нұсқасының негізделуін қамтамасыз ететін
тиімді ақпаратты жүйелерін қалыптастыру. Бұл функцияны жүзеге асыру
барысында қаржы менеджментінің көлемі және мазмұны анықталады; осы
қажеттіліктерді қанағаттандыратын ақпараттың ішкі және сыртқы құралу
көздері қалыптасады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының және қаржылық
нарықтың коньюктурасы ұйымдастырылады.
4. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің әр түрлі тұрғыдан талдауының жүзеге
асуы. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында жеке қаржылық операциялардың
жедел және тереңдетілген талдауы; кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің қаржылық
қызметінің нәтижелері; кәсіпорынның бүтін және бөлшектелген жеке бағыттары
бойынша қаржылық қызметтің жинақталған нәтижелеріне талдау жүргізіледі.
5. Кәсіпорынның негізгі бағыттары бойынша қаржы қызметін жоспарлауды жүзеге
асыру тарату функциясымен – стратегиялық жоспар зерттемесі, сонымен қатар
қаржылық қызметтің негізгі бағыттары бойынша ағымдағы жоспар және
оперативті бюджет жүйесі, кәсіпорынның әр түрлі құрылымдағы бөлімшелері мен
бүтіндей кәсіпорын бойынша жетілдіру бір-бірімен тығыз байланысты.
6. Қаржылық қызметтің басқару шешімдерін қабылдауда нақтылы ынталандыру
жүйесін жасау. Бұл функцияны атқару кезінде басшылар, құрылымдық бөлімше т.
б. бойынша мадақтау мен жауапкершілігін белгілеу қарастырылады.
7. Қаржылық қызмет нысанында қабылданған басқару шешімдерін іске асыру үшін
тиімді бақылауды жүзеге асыру. Бұл функцияны жүзеге асыру кәсіпорында ішкі
бақылау жүйесінің құрылуымен, жеке қызмет және қаржы менеджерлерінің
бақылау міндеттері бойынша бөлінуі, бақыланатын көрсеткіштер мен белгілі
мерзім жүйесінің анықталуымен, жүзеге асырылған бақылау нәтижелеріне
оперативті әсер етумен байланысты.
Қаржылық менеджменттің функциясының кәсіпорын басқарудың арнайы нысаны
ретіндегі негізгілер болып келесілер табылады:
1. Активтерді басқару. Басқарудың бұл функциясы активтердің жеке түрлеріне
қажеттіліктің пайда болуы және олардың бүтіндей сомаларының анықталуы,
актив құрамын оптимизациялау, айналымдағы активтердің жеке түрлері
өтімділігінің қамтамасыздандырылуы және олардың айналым циклының формасы
мен көздерін құру болып табылады.
2. Капиталды басқару. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында кәсіпорын
активтері қалыптасатын капиталды қаржыландыруға арналған жалпы қажеттілік
анықталады; капитал құрылымын жетілдіру; өтімді активтердің түрлеріне сай
капиталды қайта қаржыландыру бойынша шаралар жүйесі жетілдіріледі.
3. Инвестицияларды басқару. Оның функциялары келесілер: кәсіпорын
инвестициялық қызметінің маңызды бағытының қалыптасуы; жобалардың
инвестициялық тартымдылық бағасы және өте тиімді сұрыптау, шынайы
инвестициялық бағдарламалар мен инвестициялық портфельдің қалыптасуы.
4. Ақша ағымын басқару функциялары келесілер: кіргізілген және шығарылған
ақша ағындарының қалыптасуы; уақытша бос ақша активтерінің қалдықтарын
тиімді пайдалану.
5. Қаржылық тәуекелдерді басқару. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында
қаржы тәуекелдерінің негізгі құрамдары, мүмкін болатын қаржы жоғалту көлемі
мен олардың деңгейінің бағасы пайда болады, профилактикалық шаралар жүйесі
және жеке қаржылық тәуекелдердің минимизациясы, сонымен қатар оларды
сақтандыру жүйелері қалыптасады, банкроттық қауіптілік деңгейі болжанады.
Осы функциялардың әрқайсысы қаржылық басқарудың обьектісі және қаржылық
қызметінің негізгі формалары ретінде кәсіпорын ерекшелігі мен олардың
мақсатын бағыттайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржы менеджментінің экономикалық мәні неде?
1. Қаржы менеджментініңұйымдастырудың негізгі қағидаларына сипаттама
беріңіз?
2. Қаржы менеджментінің мақсаттарын атаңыз?
3. Қаржы менеджментінің міндеттері нені көздейді?
4. Қаржы менеджментінің объектісіне нелер жатады?
5. Қаржы менеджментінің субъектісіне нелер жатады?
6. Қаржы менеджментінің атқаратын қызметтеріне мінездеме беріңіз?

2 тарау. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және коэффициенттер
жүйесі
1. Қазіргі кездегі қаржы менеджменті және оның құрылымы
Қаржы менеджментінің әдістері келесілерді бағалауға мүмкіндік береді:
- қандай да бір іс-шараларға ақша салудың тиімділігі мен тәуекелділігі;
- фирма жұмысының тиімділігі;
- капитал айналымының жылдамдығы және оның өнімділігі.
Қаржы менеджментінің мақсаты жалпы фирманың немесе оның бөлек өндірістік-
шаруашылық бөлімдерінің көздеген мақсаттарына жету үшін қаражаттар мен
құралдарды, түрлі әдістерді тәжірибеде қолдана білу. Ондай мақсаттарға
келесілерді жатқызуға болады:
- максималды пайда табу;
- жоспарлы кезеңде тұрақты табыс мөлшеріне қол жеткізу;
- фирма салымшыларының және басшылық құралының табыстарының көбеюі;
- фирма акциясының бағамының жоғарлауы, т.б.
Сондай-ақ бұл мақсаттардың барлығы фирма салымшылары мен
иемденушілерінің табыстарының жоғарлауына негізделген.
Қаржы ресурстарының ағымын келесідей ақша қаражаттары құрайды:
- фирманың қаржылық-шаруашылық әрекетінің негізінде алынған қаржылар;
- қаржы нарығында акция, облигация сатудан, несие алудан түскен ақша
қаражаттары;
- қаржы нарығының субьектілеріне қайтарылған капитал үшін пайыз немесе
дивиденттер түрінде берілетін төлемдер;
- фирманың өндірістік-шаруашылық іскерлігін дамытуға арналған
инвестицияланған және реинвестицияланған ақша қаражаттары;
- салықтық төлемдерді төлеуге бағытталған қаражаттар.
Қаржылық менеджменттің атқаратын қызметтері мен экономикалық әдістерін 2
болікке бөлуге болады: сыртқы қаржыларды басқару блогы және ішкі фирмалық
есеп пен қаржылық бақылау блогы.
Сыртқы қаржыларды басқару блогына кіретіндер мыналар:
- фирманың айналым активтерін басқару; ақша қаражаттарының қозғалысын;
клиенттермен есеп айырысу; материалдық-өндірістік қорларды басқару,
т.б.
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сыртқы қаржыландыру көздерін тарту.
Ішкі фирмалық есептеу мен қаржылық басқару блогына мыналар жатады:
- өндірістік есеп жүргізуді бақылау;
- шығындар сметасын құру, салықтар мен еңбек ақылардың төленуін
қадағалау;
- қаржылық есеп берудің дұрыстығын қарау және бақылау. Оның ішінде:
баланстық, табыстар мен шығындар бойынша есеп берулер, ақша
қаражаттарының қозғалысын қадағалау, т.б.;
- қаржылық есеп беру талдауын жүргізу, оның нәтижесін сыртқы және ішкі
аудит үшін қолдану;
- ағымдағы уақыттағы фирманың қаржылық жағдайын бағалау және оны
оперативті басқарушылық шешімін қабылдау мен жоспарлау мақсатында
қолдану.
Қаржылық менеджменттің атқаратын қызметтері мыналар:
- қаржылық есеп беру талдауы;
- ақша қаражаттарының қозғалысын болжау;
- акциялар шығару;
- несие мен займдарды алу;
- инвестициялармен байланысты операциялар жүргізу, т.б.
Қаржы менеджменті бойынша қабылданатын маңызды шешімдер инвестициялау мен
қаржыландыру көздерін таңдау сұрақтарына байланысты қарастырылады.
Инвестициялық шешімдер келесі жағдайлар бойынша қабылданады:
- активтер құрылымының оптимальді болуы, оларды жою немесе ауыстыру
қажеттілігін анықтау;
- инвестициялық саясатты дайындау, оның әдістері мен құралдарын қолдану,
қаржы ресурстарына қажеттіліктерін анықтау;
- жалпы фирмадағы инвестицияларды жоспарлау, өндірістік бөлімшелерде
дайындалатын инвестициялық жобаларды дайындау мен бекіту;
- бағалы қағаздар қоржынын басқару.
Инвестициялық шешімдер қаржы менеджментінде екі түрлі қаржылық
басқаруларды бөліп көрсетеді: олар өздеріне тән айрықша жақтары бар ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімді басқаруларды көздейді.
Қысқа мерзімді инвестициялық шешімдер ағымдағы кезеңде фирма капиталының
құрылымын анықтауға бағытталған. Мұндай шешімдерді қабылдау үшін қаржылық
менеджерлердің кәсіби мамандық білімдері терең болуы керек.
Қаржыландыру көздері бойынша шешімдер келесі сұрақтар бойынша
қабылданады:
- дивиденттік саясат;
- фирманың жұмысын тиімді жүргізуді қамтамасыз етуге меншікті және қарыз
қаражаттарын оптимальді пайдалану саясатын жасау мен оны іске асыру;
- тиімді жағдайда капитал тартудың, оны жүзеге асырудың саясатын
қалыптастыру.
Жеке адамдардың қаржы саясатын жүргізу формалары мен әдістерінде кейбір
айырмашылықтар болғанымен оларды жайлы қалыптастыру қағидалары, қаржылық
инструменттері мен механизмдері бірдей. Оларға жататындар:пайданы бөлу мен
қайта бөлу, қаржыландыру және несие алу, қаржы операциялары, есеп-айырысу,
ішкі фирмалық құрылымдық сипаттары, т.б.

2. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары
Қаржы менеджменті қаржы теориясы негізінде дамитын өзара байланысты
іргелі тұжырымдама қатарында қарастырылады. Тұжырымдама (латын тілінен
conceptio - түсінік, жүйе ұғымын білдіреді) белгілі бір түсіну әдісін
және қандай да бір құбылыстың мәнін көрсетеді. Тұжырымдама көмегімен
құбылысқа негізгі көзқарас беріледі, осы құбылыстың даму бағыты мен
қағидаларын анықтайтын бірнеше шектер қарастырылады. Қаржы менеджментінің
негізгі тұжырымдамалары келесілер болып табылады: ақша (ағыны), ақша
ресурстарының уақытша құндылығы, тәуекел мен кіріс арасындағы (ымыра),
капитал құны, капитал нарығының тиімділігі, ақпараттардың ассиметриялылығы,
агенттік қатынастар, баламалы шығын, шаруашылық субьектісінің қызметіндегі
уақытша шектеусіздік. Оларға қысқаша сипаттама келесідей.
Жоғарыда көрсетілгендей қаржы менеджері қызметінің негізгі бөлімдерінің
бірі қаржы құралдарын мақсатты салу нұсқаларын таңдау болып табылады. Бұл
жекелеген уақытша мерзімдерге бөлгенде осы жоба қаржы құралдарының түсуі
мен шығуының басты жиынтығы ретінде қаржы легі жобасымен байланысты сандық
мөлшері негізінде жатқан инвестициялық жоба талдау шегінде жасалады:
1. Ақша ағыны тұжырымдамасы мыналарды жобалайды: а) ақша ағынын, оның
ұзақтығы мен түрлерін ұқсастыру; б) оның элементтерін анықтайтын факторлар
бағаларын; в) лек элементтерімен салыстырып қарауға уақыттың кез-келген
сәтінде рұқсат ететін дисконттау коэффициентін таңдауды; г) берілген
ағынмен және оның есептеу әдісімен байланысты тәуекел бағасын белгілейді.
2. Уақытша құндылық тұжырымдамасы – ресурстарының обьективті әсер ететін
сипаттамасы болып табылады. Оны мәні мынада: бүгінгі қолданыстағы ақша
бірлігі мен келесі уақыттарда алынуға күтілетін ақша бірлігі тең бірдей
құнды емес. Бұл тең емес құнсыздық негізгі 3 себептердің әсерімен
анықталады: инфляциямен, күткен соманы ала алмау тәуекелімен және ақшаның
айналымдылығымен.
Инфляция кез-келген экономикаға тән болатын құбылыс. Мұндай жағдайда
өтетін ақшаның перманеттік құнсыздануы, бір жағынан, оларды қандай да бір
жерге салуға табиғи тілектерді, өз шегінде инвестициялық үдерісті
ынталандырады, ал келесі жағынан қолдағы бар және алуға күтілетін
ақшалардың айырмашылығын білдіреді.
Айырмашылықтың екінші себебі – күтілген соманы алмау тәуекелі бұл да
жеткілікті анық көрінеді. Кез-келген келісім келешекте күтілетін ақша
құралдарының түсуіне сәйкес орындалмаған және жартылай орындалуы мүмкін
ықтималдықты білдіреді.
Үшінші себеп – айналымдылық – ол қаржы құралы кез-келген актив ретінде
оның иесіне тиімді ұсынылатын уақыт ағымымен салым бойынша табыспен
қамтамасыз етуге міндетті. Бұл жерде бірнеше уақыттан кейін алынуға тиісті
сомма инвесторға табыс алуға шешім қабылдайтын сомадан жоғары болуы қажет.
Қаржылық менеджер үшін уақытша құндылық тұжырымдамасының мәні ерекше.
3. Тәуекел мен кіріс арасындағы ымырашылдық тұжырымдамасы бизнесте кез-
келген пайда алу тәуекелімен түйіндес болады, бұл екі өзара байланысты
сипаттамалар арасы тікелей пропорционалды. Талап етілетін немесе күтілетін
табыс, салынған капиталға қайтарым жоғары болса, бұл табысты ала алмау
мүмкіндігімен байланысты тәуекел деңгейі сондайлық жоғары болады. Қаржылық
менеджментте әр түрлі тапсырмалар, соның ішінде сипаттағы тапсырмалар
қойылуы және шешілуі мүмкін, мысалы, пайданың максималдануы және тәуекелдің
минималдануы, алайда бәрінен бұрын сөз тәуекел мен пайда арасындағы қатынас
жетістігі жөнінде болады.
Қаржылық менеджментте тәуекел категориясы әр түрлі тұрғыда қолданылады:
инвестициялық жоба бағаларына қосымшада, сол немесе басқа да қаржы
құралдарын таңдауда, капитал құрылымы бойынша шешімдерді қабылдауда,
дивиденттік саясат негізінде, шағын құрылымы бағасында және т.б.
Кез-келген компанияның қызметі оны қаржыландырудың қолда бар көздері
негізінде болуы мүмкін. Олар өздерінің экономикалық табиғатына, пайда
болуының әдістері мен қағидаларына, қолдану мерзімі және әсер ету
ұзақтығына, басқарылу деңгейіне байланысты бөлінуі мүмкін. Ең маңызды
құрал көздерінің сипаттамасы капитал құны болып табылады.
4. Капитал құны тұжырымдамасының мәні мынада: сол немесе басқа көздерде
қызмет көрсету компанияны жалғыз айналып өтпейді. Қаржыландырудың әр
көздерінің өз құны болады. Капитал құны берілген көздерді қолдау бойынша
шығындарды жабуға қажетті және шығынға ұшырауға жол бермейтін пайданың ең
аз деңгейін көрсетеді. Капитал құнының мөлшерлі бағасы инвестициялық
жобаны талдау және компанияның қызметін қаржыландырудың баламалы нұсқаларын
таңдауда көрініс табады.
Рыноктық экономика шарттарында компаниялардың басым көпшілігі капитал
нарығымен байланысты. Ірі компаниялар мен ұйымдар мұнда несие беруші және
инвестор рөлінде де қатысады, шағын фирмалардың қатысуы инвесторлық
сипаттағы қысқа мерзімді тапсырмаларды шешумен шектеледі.
5. Кез-келген жағдайда шешімдерді қабылдау және капитал нарығында таңдау
тәртібі операцияларды жүргізу белсенділігіне тең. Нарықтың тиімділігі
тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Ұсақ операцияларды жүргізу қисыны
осындай. Бағалы қағаздарды сату және сатып алу бойынша мәмілелер көлемі
қаншалықты ағымдағы бағаға ішкі құн сәйкес болса, соған байланысты болады.
Баға көптеген факторларға, соның қатарында ақпаратқа байланысты. Теңдік
жағдайда орналасқан нарықта бірнеше компания акцияларының бағасы түскендігі
жөнінде жаңа ақпарат пайда болды делік. Бұл акцияға сұраныстың тез
жоғарлауына және бұл акцияның ішкі құнынына сәйкестендірілген құн
деңгейінің өсуіне дейін алып келеді. Қаншалықты ақпараттар құнда анық
берілсе, нарықтың тиімділігі де сондай деңгейімен сипатталады.
Бәрінен бұрын капитал нарығына қосымшада тиімділік ұғымы экономикалық
емес, ақпараттық тұрғыдан түсіндіріледі, нарықтың тиімділік деңгейі оның
ақпараттылық қанықтылық деңгейімен және нарыққа қатысушыларға ақпараттардың
қажеттілігімен сипатталады. Бұл ғылыми әдебиетте қаралған тұжырымдама
нарықтық тиімділік жорама (ЕМН) ретінде мәлім.
Осы жорамалға сәйкес нарыққа қатысушылар негізінде акция бағасы
ақпараттарына қазіргі уақытта оның шынайы құнының ең жақсы бағасы болып
табылады. Тиімді нарық шарттарында кез-келген жаңа ақпарат оның түсуі
шегінде акция бағасына және басқа бағалы қағаздарға жедел түрде анық
түседі. Бұл ақпарат нарыққа кездейсоқ жағдайда түседі: оның қашан түсетінін
және қандай деңгейі пайдалы болатынын алдын ала айтуға болмайды.
Нарықтың ақпараттық тиімділікке жетуі үшін келесідей шарттарды орындау
қажет:
1. нарықта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы тән;
2. капитал нарығының барлық субьектілері, бір мезгілде ақпаратқа оңай қол
жеткізе алады немесе оны алу ешқандай шығындармен байланысты емес;
3. мәміле жасауға кедергі келтіретін трансакциондық шығындар, салық және
басқа факторлар болмайды;
4. жеке және заңды тұлғалармен жасалатын мәміле нарықтағы жалпы бағаның
деңгейіне еш әсер етпейді;
5. нарықтың барлық субьектілері күтілетін пайданы жоғарылатуға ұмтыла
отырып, ұтымды әрекет етеді;
6. мүмкін болатын болжанған жағдай ретінде нарықтың барлық мүшелеріне
бірдей бағалы қағаздармен жүргізілген мәмілелерден жоғары пайда түсуі
мүмкін емес.
Өмірде қалыптасқан барлық шарттар толық көлемде орындалуы мүмкін емес –
ақпараттар бәріне бірдей оңай қол жеткізерлік емес, ол тегін таратылмайды,
себебі салық және т.б. көптеген шығындар бар.
Тиімді нарық құру мүмкін, бірақ нақты тәжірибеде олай болуы өте сирек
кездеседі. Аналитиктердің зерттеуі бойынша кейбір нарықтар тиімділігінің
әлсіз нысанының болуы эмпирикалық зерттеулермен расталса да бірде бір
бағалы қағаздар нарығы толыққанды тиімді емес.
6. Ассиметриялық ақпарат тұжырымдамасы капитал нарығының тиімділігі
тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Оның мазмұны жеке тұлғалардың кейбір
категориялары нарық мүшелерінің бәріне бірдей шамада беріле бермейтін
ақпараттарға ие бола алады. Егер мұндай жағдай етек алып жатса, онда
ассиметриялық ақпарттың орын алғандығын көруге болады. Құпиялы ақпарат
иеленушілері болып көп жағдайда менеджерлер және жеке компания иелері
саналады. Бұл ақпараттарды олар елге жария ету әсеріне (оң немесе теріс)
байланысты әр түрлі әдістермен қолданылады.
Көп жағдайда ақпарттың ассиметриялығы капитал нарығының өмір сүруіне
себепші. Әрбір әлеуетті инвестор нарықтың басқа мүшелеріне беймәлім
ақпараттарды иеленуші ретінде бағалы қағаздардың бағасы мен ішкі құнының
сәйкестігі туралы өз ой-пікірлерін қалыптастырады. Нарыққа қатысушылардың
қаншалықты көп бөлігі осы ой-пікірді ұстанған сайын сату, сатып-алу
операциясы соншалықты белсенді түрде жүзеге асырылады. Сондықтан да
абсолютті ақпараттық симметрияға жету қор нарығын өлім жазасына кесумен
теңдестіруге болады.
Егер ақпараттық ассиметрия жоғары болса, онда әлеуетті сатып алушылар
максималды түрде бағаны түсіруге тырысады. Мұның нәтижесінде әжептеуір
жақсы товарларға деген сұраныс көлемі күрт төмендейді, осыған байланысты
сапасыз тауарлар көлемі өсе береді. Мұндай тауарларды сатып алу
ықтималдығының жоғарылауы нарықтағы орташа бағасының түсуіне, ақырында
нарықтың жоғалып кетуіне әкеліп соқтырады.
Ауытқушылық шартында капитал нарығының тауар нарығынан айырмашылығы аса
білінбейді. Бірақ бұл нарық басқа нарықтарға қарағанда жаңа ақпараттарға
секемшіл болғандықтан кейбір ақпарттық ассиметрия оның өзгешелігін
анықтайтын талассыз атрибут болып табылады.
7. Агенттік қатынастар тұжырымдамасы нарық қатынастары шарттарының бизнесті
ұйымдастыру формасын күрделендіру шегінде өзекті болып табылады. Елдің
экономикасын анықтайтын көптеген фирмалар иелену мен басқару және бақылау
функциялары арасындағы деңгейге тән. Мұның мәні мынада: компания иелерінің
және басқару персоналдарының мүдделері әрқашанда сәйкес келе бермейді,
әсіресе бұл баламалы талдау шешімдерімен байланысты, біріншісі жылдам пайда
болатын табыспен қамтамасыз етіледі, екіншісі – болашаққа есептелген.
Басқару қызметінің сыныптамасында бөліп қарастырылады, осылардың әрқайсысы
өздерінің топтық мүдделеріне артықшылықтарын береді. Осы топтық
құбылыстарды болдырмау үшін компания иелері қажетті агенттік шығындарды
ескере отырып қаржылық шешімдер қабылдау керек.
8. Қаржылық менеджментте негізгі тұжырымдамасының бірі альтернативтік шығын
немесе мүмкіндігін жоғалтқан шығын болып табылады. Қаржылық сипатта кез-
келген шешімді қабылдауы көп жағдайда қандай да бір баламалық нұсқадан бас
тартумен байланысты. Мысалы, өнімді өз меншігіндегі көлігімен тасымалдауға
да, мамандандырылған ұйымдардың қызметіне сүйенуге де болады.
Баламалы шығын тұжырымдамасы капиталды мүмкіндікті салу бағасы
нұсқасында, өндірістік қуаттарды қолдануда, сатып алушыларды несиелендіру
саясаты нұсқасын таңдауда маңызды рөл атқарады. Мүмкіндігін жоғалтқан баға
деп алынған баламалы шығын, егерде өз алдына ол иеленетін ресурстарды
пайдаланудың басқа нұсқасын артық көрсе, онда ол компанияның алуы мүмкін
пайда болып табылады.
Баламалы шығын тұжырымдамасы басқарушылық бақылауды ұйымдастыру жүйесі
кезінде анық байқалады. Бір жағынан, кез-келген бақылау жүйесі шығындармен
байланысты анықталған ақшадан тұрады, ал екінші жағынан жүйелендірілген
бақылаудың қатысуы үлкен шығынға алып келуі мүмкін.
9. Шаруашылық субьектілердің функцияларын уақытша шектеусіздік
тұжырымдамасы тек қана қаржылық менеджментке ғана емес, сонымен бірге
бухгалтерлік есепке де арналған мәнге ие. Оның мазмұны мынада: бір күндері
пайда болған компания мәңгі әрекет етеді. Бұл тұжырымдама сөзсіз ойша және
шартты мағынада, немесе бәрінің де басталуы мен аяқталуы болады, сонымен
қатар жарғылықты құжаттар нақты кәсіпорынды функционалды шектеулі
мерзімінде қаралады. Кез-келген елде жыл сайын әр түрлі компаниялардың
жеткілікті көлемі құрылады немес бір уақытта жойылады; бұл жағдайда сөз
қандай да бір нақты кәсіпорын жөнінде емес, фирмалар арасында өзара
бәсекелестік құру жолымен экономиканы дамыту идеологиясы жөнінде болады.
Компанияға негіздей отырып, оның иелері тек ойдан емес, стратегиялық ұзақ
мерзімді бағдардан шығып кетеді. Бухгалтерге де, қаржылық менеджерге де
арналған бұл тұжырым болжау-аналитикалық қызметінде есептік бағаларды
қолдану негізін қаншалықты беретіндігімен маңызды. Ол тұрақтылық легіне
және бағалы қағаздар нарығында баға динамикасының анықталған алдын ала
болжамына қызмет етеді, қаржылық активтердің бағаларына арналған
фундаменталдық әдістемені қолдануға мүмкіндік береді. Егер де осы тұжырым
тұтасымен қате болса, компаниялардың басым көпшілігінің байланысы,
біріншіден, есептілікті құруға арналған ағымдағы нарықтық бағаларды үнемі
қолдану қажет болатын еді; екіншіден компанияға капитал нарығында басқа
көздерді жұмылдыру мүмкін болмас еді және үшіншіден бағалы қағаздар
нарығында теңсіздік идеясын бұзуға тура әкелетін еді.
Осы қаралған тұжырымдамалардың қысқаша сипаттамасы олардың ерекше
маңыздылығы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұлардың маңызы өзара
байланысы компания қаржысын басқару қатынасына негізделген шешімдерді
қабылдауға арналуы қажет.
Қаржылық менеджменттің міндетіне фирманың дамуының ұзақ мерзімді және
қысқа мерзімді мақсаттары арасындағы оптималды қатынасытың және қаржылық
шегінде қабылданған шешімдердің табылуы кіреді. Қысқа мерзімді қаржылық
басқаруда, мысалы: акцияның курстық құнының жоғарылауы және пайданың
көбеюі, бұл мақсаттар бір-біріне қарама-қарсы әрект етсе де осындай
мақсаттардың қиылысуы жөнінде шешімдер қабылданады. Мұндай құбылыс мына
жағдайда пайда болады. Кәсіпорынды дамыту капиталды инвестициялаушы фирма
оның акциясы бағасының өсуін қамтамасыз ететін. Болашақта жоғары табыс
алуды есептей отырып, ағымдағы шығындарды алады. Бір жағынан, фирма
ағымдағы жоғары пайданы алу үшін негізгі капиталдың жаңаруында
инвестициядан тыйылуы мүмкін, аяғында бәсекеқабілеттілікте оның өнімдері
анық байқалады және кәсіпорындардың тиімділігінің келуіне, содан кейін оның
акцияларының курстық құнының төмендеуіне және қаржылық нарықта жағдайдың
нашарлауына алып келеді.
Ұзақ мерзімді қаржылық басқаруда салынған капиталға қайтарым көрсеткіші
ретінде акцияның жобаланған құнын анықтауда тәуекел және белгісіздік
факторы ескеріледі.
Қаржылық менеджменттің міндеті басымды мақсаттарды анықтау мен
инвестициялық жобалауды қабылдауда және оларды қаржыландырудың көздерін
таңдауда әр түрлі шаруашылық бөлімдер мүдделерінің оптималды қиылысуына
арналған ымыраны іздеу болып табылады.
Қорытындылай келе, қаржылық менеджментте ең бастысы – фирма және оны
қаржыландыру көздері сыртқы, сондай-ақ ішкі фирмалары арасында қаржы
ресурстар қозғалысын қамтамасыз етуінде тиімді шешімдер қабылдау.
Сондықтан, қаржылық ресурстармен қаржы құралдары ағынын басқару қаржы
менеджментінде басты сұрақ болып табылады.

3. Қаржы менеджментінде қолданылатын коэффициенттер жүйесі

Қаржылық менеджментте ең маңыздысы болып келесідей қаржылық
коэффициенттердің жүйесі қолданылады
1. Өтімділік коэффициенті;
2. Іскерлік белсенділік коэффициенті;
3. Рентабельділік (пайдалылық) коэффициенті;
4. Төлем қабілеттілігі коэффициенті немесе капитал құрылымы
көрсеткіші;
5. Нарықтық белсенділік коэффициенті.
Енді әрбір көрсеткішті жеке қарастырайық.
1.Өтімділік коэффициенттері. Өтімділік коэффициенттері кәсіпорынның қысқа
мерзімді міндеттемелерін есеп беру мерзімінде өтеу қабілеттілігін анықтауға
мүмкіндік береді. Қаржылық менеджмент үшін олардың ішінде ең маңыздылары
мыналар:
- жалпы ( ағымдағы ) өтімділік коэффициенті;
- жедел өтімділік коэффициенті;
- абсолютті өтімділік коэффициенті;
- таза айналым капитал.
Жалпы өтімділік коэффициенті айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді
міндеттемелер қатынасы ретінде есептеледі және ол кәсіпорынның қысқа
мерзімді міндеттемелерін өтеу үшін қажет қаражаттардың жеткіліктілігін
сипаттайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, бұл коэффициент деңгейі бір
мен екінің арасында болуы керек. Коэффициенттің төменгі шегі айналым
қаражаттары қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болу екенін
көрсетеді, ол өте төмен болса, кәсіпорын банкроттыққа ұшырауы мүмкін; ал
айналым қаражаттарының міндеттемелерден екі (кей жағдайда үш) еседен асуы
капиталдың тиімсіз құрылымын көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициентінің жеке көрсеткіші ретінде жедел
өтімділік коэффициенті қолданылады, яғни бұл айналым қаражаттарының ең
өтімді бөлігінің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы.
Айналым қаражаттарының жеке түрлерінің өтімділігі бірдей емес, сондықтан
жедел өтімділік коэффициенттерін есептеу керек. Мысалы, ақшалай қаражаттар
ағымдағы міндеттемелерді тездей өтеуге қолдана алса, материалдық қорлар
тек қана өткізілгеннен кейін ғана пайдалана алады. Ең өтімді активтерге
ақшалай қаражаттармен қатар қысқа мерзімді бағалы қағаздар және таза
дебиторлық борыштар жатады. Халықаралық стандартқа сәйкес бұл коэффицент
деңгейі 1-ден жоғары болуы тиіс.
Жедел өтімділік коэффициентімен қатар ақшалай қаражаттар көрсеткіші
бойынша өтімділікті бағалау қолданылады. Бұл көрсеткіш абсолютті өтімділік
коэффициенті деп аталады және тек ақшалай қаражаттардың қысқа мерзімді
міндеттемелерге қатынас ретінде есептелінеді. Батыс елдер практикасында бұл
коэффицент сирек есептелінеді, ал Ресейде оның деңгейі -0,2 -0,25 тиімді
деп есептелінеді.
Кәсіпорынның өтімділігін талдауда таза айналым капиталын пайдалану өте
маңызды. Ол кәсіпорынның айналым активтері мен оның қысқа мерзімді
міндеттемелері арасындағы айырма ретінде есептелінеді. Таза айналым
капиталы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет,
себебі айналым қаражаттарының қысқа мерзімді міндеттемелерден асуы
кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілетін көрсетіп қана
қоймай, сонымен қатар кәсіпорынның болашақта қызметін ұлғайту үшін
ресурстармен қамтамасыз етілгенінде көрсетеді. Таза айналым капиталы
кәсіпорынға инвесторлардың қаражат салуына оң әсерін тигізеді.
1. Іскерлік белсенділік коэффициенті. Кәсіпкерлік белсенділік
коэффициенттері кәсіпорынның өзінің қаражаттарын қаншалықты тиімді
пайдаланатынын көрсетеді. Әдетте бұл топқа әр түрлі айналмалы
көрсеткіштері жатады.
Айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау
жасауда маңызды орын алады, себебі, қаражаттардың айналуым жылдамдығы, яғни
олардың ақшалай формаға тезірек айналуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне
зор әсер етеді. Сонымен қатар, қаражаттардың айналым жылдамдығының өсуі
фирманың өндірістік-техникалық әлеуетінің жоғарлауын сипаттайды.
Активтердің айналымдылық коэффициенті - өнімді өткізуден түскен түсімнің
баланс активінің нәтижесіне қатынасы – фирманың барлық ресурстарын олардың
тарту көзіне байланыссыз пайдалану тиімділігін сипаттайды, яғни есептік
мерзім ішінде өндіріс пен айналымның толық циклі неше рет жүзеге
асырылатынын немесе активтердің әрбір ақшалай бірлігі өткізілген өнімнің
қанша ақша бірлігін әкелетінін көрсетеді.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті есептік мерзімде дебиторлық
борыш қанша рет ақшалай қаражаттарға айналғанын көрсетеді. Бұл коэффициент
өнімді өткізуден түскен түсімнің таза дебиторлық борышның орта жылдық
құнына қатынасымен анықталады.
Кредиторлық борыштың айналылық коэффициенті өткізілген өнімнің өзіндік
құнының кредиторлық борыштың орта жылдық құнына қатынасына тең және
компанияға оның шоттарын төлеу үшін қанша айналым жасау қажеттігімен
көрсетеді.
Материалды-өндірістік қорлардың айналымдылық коэффициенті осы қорлардың
өткізілу жылдамдығын көрсетеді. Ол өткізілген өнімнің өзіндік құнының
материалды-өндірістік қорлардың орта жылдық құнына қатынасына тең.
Қорлардың айналымдылық көрсеткішінің жоғары болуы кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын сипаттайды.
Операционды цикл ұзақтығы. Бұл көрсеткіш бойынша кәсіпорынның өнімін
өндіру, сату және төлеу үшін қанша күн қажет екендігін анықтайды.
2.Рентабельділік (пайдалылық) коэффициенті.
Рентабельділік коэффициенті кәсіпорынның қызметі қаншалықты пайдалы
екендігін сипаттайды. Бұл коэффициенттер алынған пайданың шығындарға
қатынасы арқылы анықталады.
Қаржылық менеджментте рентабельділіктің келесідей көрсеткіштері
қолданылады.
Кәсіпорынның барлық активтерінің рентабельділік коэффициенті (активтер
рентабельділігі ) таза пайданың кәсіпорын активтерінің орта жылдық құнына
қатынасы арқылы есептелінеді. Бұл көрсеткіш фирма бір бірлік пайда алу үшін
қанша бірлік шығыстар жұмсалғанын және кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін
сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Өткізу рентабельділігі коэффициенті пайда мен өткізілген өнім көлемінің
қатынасына тең. Сондай-ақ, өткізу рентабельділігінің негізгі екі көрсеткіші
пайдаланады: жалпы табыс және таза пайда бойынша.
Бірінші көрсеткіш баға құру саясатындағы өзгерістерді және кәсіпорынның
өнім өткізуі мен өнімнің өзіндік құнына бақылау жасау қабілетін сипаттайды.
Коэффициент динамикасы бағаларды қайта қарастыру немесе материалды-
өндірістік қорларды пайдалануға бақылауды күшейту қажеттілігін сай
айқындайды.
Бұл жерде өткізілген өнім рентабельділігі маңызды көрсеткіш болып
табылады, яғни бұл салық төленгеннен кейінгі таза пайданың өткізілген өнім
көлеміне қатынасы арқылы анықталады. Нәтижесінде, өткізілген өнімнің әрбір
ақшалай бірлігі таза пайданың қанша ақшалай бірлігін әкелгенін көрсетеді.
Меншікті капитал рентабельділігі коэффициенті меншік иелерімен
инвестицияланған каепиталды пайдалану тиімділігін анықтауға және оны басқа
бағалы қағаздарға салымдардан мүмкін болатын табыспен салыстыруға мүмкіндік
береді.
2.Капитал құрылымының көрсеткіштері ( төлем қабілеттілігі коэффициенттері).
Капитал құрылымы көрсеткіштері компанияға ұзақ мерзімдщі салымдар жасаған
кредиторлар мен инвесторлардың мүдделерінің қорғану деңгейін, яғни
кәсіпорынның ұзақ мерзімді борышын өтеу қабілетін сипаттайды. Бұл топтағы
коэффициенттер, сонымен қатар төлем қабілеттілігі коэффициенттері деп те
аталады.
Меншік коэффициенті компания капиталындағы меншікті капитал үлесін
көрсетеді, сәйкесінше меншік иелері мен кредиторлар мүдделерінің қатынасын
сипаттайды. Бұл жерде деңгейі жоғары емес тартылған капитал үлесі мен оған
жоғары меншікті капитал үлесінің болуы керек.
Қаржылық тәуелділік коэффициенті фирманың сыртқы қарыздарға тәуелділігін
сипаттайды. Ол жоғары болған сайын, компанияның займдар көлемі де жоғары
болады, нәтижесінде бұл кәсіпорын банкроттығына әкелуі мүмкін; сонымен
қатар ол кәсіпорынның ақшалай қаражаттарға деген жетіспеушілігіне әкеліп
сатады.
Нарықтық экономика жағдайында бұл көрсеткіш бірден аспауы керек деп
есептелінеді. Сыртқы займдарға жоғары тәуелділік өнім өткізу деңгейі
төмендеген кезде кәсіпорын жағдайын нашарлатуы мүмкін. Сонымен қатар бұл
орта нарықтық қойылым бойынша жаңа несиелер алуға қиыншылықтар әкеледі.
Несие берушілердің қорғалу коэффициенті несие берушілердің берген
несиелері үшін пайыздардың төленбеу мүмкіндігінен қорғалу деңгейін
сипаттайды. Бұл көрсеткіш бойынша есеп беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Менеджмент қызметі
Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі мен жүйесі ретінде
Пәндер