Арал теңізінің экологиялық ахуалы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
ІІ. “Возрождение” аралы алапат апаттың араны
ІІІ. Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар

ҚОРЫТЫНДЫ

Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе

Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды.
Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс – Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл - Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл - Идриси, Әбу – л - Фида, сондай - ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын жан - жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік - батыс жағына қада орнатты. Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кеіінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми - зерттеулер және жобалау институттары шұғылданды.
Қолданылған әдебиеттер

1. “Экология және табиғатты тиімді пайдалану” Ә. Бейсенова, Т. Есполов
2. Арал теңізінде орналасқан арал// “Егемен Қазақстан” 2004 жыл, 28 сәуір
3. Арал аспанындағы атом жарылыстары//“Егемен Қазақстан” 2003 жыл, 29 қазан
4. Арал өңірінің экологиялық проблемалары//”Атамекен” 2004 жыл, 24 маусым
5. “Экология және таза су проблемалары” А. Баешов, Алматы 2003 жыл
6. “Экология” Г. Оспанова, Алматы 2002
7. Арал қайта тірілді//”Егемен Қазақтан” 2004 жыл,24 қараша
8. “Экология негіздері” Ж. Жатқанбаев, Алматы 2004
9. “Қазақстан” энциклопедия 2006
10. “Экология” Байжомартов//Ақтөбе 2005

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
ІІ. “Возрождение” аралы алапат апаттың араны
ІІІ. Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар

ҚОРЫТЫНДЫ

Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың
дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл
көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені
қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек
қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе
облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде,
Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды
антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік
теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының
ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м,
ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км
кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз
жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы
шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі
18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең
жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ,
біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды.
1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде
теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы
тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен
теңіз - Өзбекстан жағында қалды.
Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер
мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе,
А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс – Сырдарияның грекше
аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған.
Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб
саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл - Истахри, Әбу
Абдаллаһ, Мұхаммед әл - Идриси, Әбу – л - Фида, сондай - ақ Әбілғазы
жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын
жан - жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын
жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі
зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын
алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық
картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И.
А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло
теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік - батыс жағына қада орнатты. Теңіз
суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж.
жарық көрді. 1900 – 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді
географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен
жүргізілді. Одан кеіінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми -
зерттеулер және жобалау институттары шұғылданды.
Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шет елдік ғылыми
-зерттеулер мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты.
Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы
плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан.
Табанының бедері жота - жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт
төмендегенге дейінгі тереңдігі 20 – 25 м, бұл теңізде жалпы ауданы
шамамен 2235 км кв. болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың
бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі
аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение, т. б. Солтүстігінде биік
және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен
тілімделген, шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақтар мен жаға
маңы аралдары көптеп кездеседі, оңтүстіктегі жағасы Әмударияның
атырауынан тұрады, батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы
биіктік 250 метрге жететін Үстірттің жарлауыт қабықтарынан тұрады.
Арал теңізінде орталық Азияның 2 аса ірі өзені Амудария мен Сырдария
құяды. Климаты континеттік, құрғақ, ауаның орташа температурасы жазда
24 - 26 С, қыста - 7,0 – 13,5 С. Жылдық жауын -шашынның орташа
мөлшері шамамен 100 - 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су
теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын - шашынның мөлшері 5,9
км, өзен ағындысы 54,8 км, көл бетініен буланған ылғал 60,7 км. 1970
жылдан бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болатындықтан,
булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы
жылдан - жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің
орташа мәні 25 см, көп жылдық ауытқуы 3 м - ге дейін жеткен. Соңғы
кезде маусымдық құбылмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқуы
көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының
теспературасы жазда 26 – 30 С, қыста 0 С - тан төмен. Қыс бойы теңіз
айдынын толығымен мұз басады. Суының тұздылығы табиғи жағдайда 9 - 14
% болатын, соңғы он жыл ішінде 25 - 30 % - ке дейін өсті. Суы
мөлдір, 25 м - ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі
ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды.

Арал теңізінің экологиялық ахуалы

Арал теңізінің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті
халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс - бақша өсірумен
айналысады. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік -
экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз
өңіріедегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін
зауыт және 2 балық комбинаты жұмыс істеген.
1960 жылдырдан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы
аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікістанда
1,5, Түркменстанда 2,4, Қазақсатнда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен
Сырдария бойындағы халықтар саны 1960 - 1987 жылдар аралығында 2,2
есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты.
Осыған орай, 1970 - 1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері
азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі
өзен бойындағы суды көп қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі
қарқындап дамыды.
Орта Азияда су баратын жердің бәріне дерлік мақта
егілді. Жердің әр гектарына жүздеген килограмм минералды тыңайтқыштар,
ондаған килограмм улы химикаттар қосылды. Әр гектардан 23 центнер
мақта алу үшін, мөлшердегіден екі есе артық су жұмсалды. Осындай
құйтырқы әрекеттердің негізінде Аралдың табаны жалаңаштана бастады.
Жағалау, теңіз порттарынан 40 - 50 шақырымға ұзап кетті. Ауа райы
өзгеріп, жан - жануарлар дүниесі құрып, жоғала бастады, 178 түрлі
жануарлардың арасынан қазіргі күні 38 - і қалыпты.
Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын
жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС - і ашылса, бертін
келе, алпысыншы жылдары, Шардары ГЭС - і, мұнан басқа – Тоқтағұл,
Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер
көптеген суару - суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады.
Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жарып ала берді. Ақыр аяғы
бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне
қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп
жатты. Дәл осындай күйді теңіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп
жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60 -
шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан
бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келеді. Ал
теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40 - 45 текше
шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдыныннан,
қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр.
Орта Азияның егіс далаларында көптеген жылдар бойы
мақтаның “ Солыма ” деген ауруына қарсы ДДТ химикаты пайдаланылған. Ол
адам үшін өте қауіпті, өзі табиғат аясында ыдырау дегенді білмейді.
Сол ДДТ және де басқа да улы химикаттар, көптеген жылдар бойы егіс
алқаптарынан ақаба күйінде ағып шығып, теңізге келіп қосыла берген.
Кейінгі жылдарда Арал өңірінде – малға, балыққа, құсқа қорек болып,
адамдарды асырап келген жүздеген табиғи көлдер тартылып кетті.
Аралдың балық аулау ауданында Арал теңізіне құятын
өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өңдеу зауыттары бұрын
Әмударияның атырауынан, Аван кентіне, Бөген ауылында, бұрынғы Ұялы
және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алған Амударияның
атырау тұсы Арал теңізі аталып ( аралдардың өте көп болуы себепті ),
кейін теңіз түгелдей Арал атанған.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу - маржаны, шөл
белдеміндегі бірден - бір көгілдір су айдыны еді. Мойнақтан Аралға
дейін кемелер ерсілі - қарсылы жүріп жататын. Енді міне, Арал
теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30 -
200 км - ге дейін қусырылды. Табанының біраз аумағы қолдан жасалған
шөлге айналып шыға келді, оған “ Аралқұм ” деген ат та беріліп
үлгерді. Аралқұмда улы тұздардың миллиардтаған тоннасы шөгіп жатыр.
Судың тұздылығы 40 пайызға артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы
шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын
соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 - 15 есеге
өскен. Осындай анропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа
ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зиянды өте
жоғары 2 млн. тонна тұз шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастайды.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи - табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке
алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша
көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды
үнемді пайдаланбау;
- табиғи ресурстарын пайдалануға жіберген қателіктер мен оны
меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады;
Осы аталған фактілер Арал теңізінің экожүйесіндегі
тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам
баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық
апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен
флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздалуы өте жылдам жүруде.
Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1 - 2 жылда
ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы
төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13
- 20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта
Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын
тигізуде. Шаңды бұлттар – Памирдің, Алтайдың, Тянь-Шаньға барып түсіп,
бастауын сол жақтан алатын өзендердің режимін де бүлдіріп отыр. Арал
өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте
- бірте күрделі, әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай
ығыстыруда.
Бұл өңірдегі антропогендік факторлар ондағы
тұрғындардың салт - дәстүріне, экономикалық - әлеуметтік жағдайына
тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан
қорғаусыз қалып, басқа аймақтар еріксіз қоныс аударуда. Бір кездері
жайнап тұрған Аралдың құты қашып барады. Тұз жеп тастағандай сұрқай
үйлер, судың жеткіліксіздігінен қурап кете жаздап тұрған тал-
теректер. Өлі теңіздің маңайындағы бұрынғы қалалық портта, қаңсып-
қираған балықшылардың кемелері. Арал маңында 29 сасық көлдер пайда
болды. Ауыл аймақтардың малы содан су ішеді.
1980 жылдардың аяғында Арал - 88 атты
экспедиция ұйымдастырылған болатын. Олар – Арал теңізі, Сырдария мен
Амудария бассейндерінде 13 мың шақырым жер жүзіп өтті. Теңіз өз
порттарынан 60 - 70 шақырым шегініп кеткенін анықтаған. Балықшылардың
– трауерлері, шхуналары, катерлері, моторлы қайықтары мен баркастары,
қу далаға айналған, теңіз табанында суырылған құмға жонын тосып, тот
басып шіріп жатыпты.
Теңіздің деңгейі жыл сайын жарты метрге төмендеп
барады, яғни қажетті шаралар қолданбаса ендігі оншақты жылда, Арал
теңіз ретінде жойылып, әр жерде бөлек - бөлек ластанған бірнеше су
қоймаларына айналып кетуі әбден мүмкін.
“Возрождение” аралы алапат апаттың араны

Арал теңізі және оның экологиясы туралы айтқанда
“ Возрождение “ аралына тоқтамай өтуге болмайды.
Возрождение аралы бұрынғы Кеңес Одағының 1992 жылға дейінгі ең құпия
әскери нысаны болып келді. Онда орналасқан полигон 1980 - жылдардың
соңына дейін бірнеше кодты атаулары бар биологиялық қару мен
жабдықтарды сынақтан өткізіп отыратын жасырын мекенге айналды. Бұлар
негізі “ Аральск – 7 ”, “ Бархан ” және “ ПНИЛ – 52 ” ( полевая научно
- исследовательская лаборатория ) деп аталатын нысандар арқылы жүзеге
асып жатты.
Ертеректе Арал теңізінің алып айдынында 300 – ден аса
аралдар болған екен. Қазіргі таңда бұлардың арасындағы ең ірілері –
Барсакелмес пен Көкарал жермен бір жағалауын ұштастырып, түбекке
айналып кетті. Ал, бір кездергі Возрождение, Комсомол, Шағала,
Константин және Лазарев аралдары үлкен бір аралға бірігіп, бүгінде
Возрождение деген ортақ атқа иеленіп отыр. Бұл аралдың өзі Қарақалпақ
жеріндегі Мойнақ қаласы тұсынан құрлықпен шектесіп кетуге шаққа қалып
тұр.
Осы ретте Арал теңізі мен Возрождение аралының таяу
ғасырдағы тарихына тоқталып өткеннің артықшылығы болмас. 1924
жылы республика орталығы Орынбордан Қызылордаға көшірілетін туралы
шешім шыққаннан кейін бұрын Түркістан АССР - інің қарауында болған
Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АССР – інің бағынысына ауысты.
Ал, 1936 жылғы 5 желтоқсанда Қазақтан одақтас республикаға айналған
кезде қарақалпақтар Өзбекстан республикасының әкімшілік құзырына
қарады. Осылайша 1920 - шы жылдардан бастап 1936 жылға дейін Арал
теңізі түгелімен біздің республиканың аумағына енді. Әлбетте,
Возрождение аралы да бізге қарады. 1963 жылы Л. И. Брежнев
Өзбектан мен Қазақстанның теңіз аумағындағы шекарасын терістікке қарай
жылжытып, көршілерді теңіздегі үлес мөлшерін көбейте түсті. Сол
тәртіппен Возрождение аралының 78,97 пайыз бөлігі өзбектер жағына
қарап кетті.
Атақты аралдың қуатты әскери полигонга айналуы теңіздің
екі республика арасында бөлініске түскен 1936 жылымен дәлме - дәл
келеді. Сол жылы Сталиннің бұйрығына сай айдын ортасындағы оқшау отау
– Возрождение Қызыл Армияның Ғылыми - медициналық институтының
пайдалануы үшін Қорғаныс министрлігіне берілді. Профессор Иван
Великанов бастаған құрамы 100 кісіден тұратын бірінші экспедиция сол
жылдың жазында - ақ аралға келіп жайғасты. Зерттеушіліер арнайы
бағыттағы кемелермен және ұшақтармен қамтамасыз етілді. Олар бастапқы
жылы туляремия мен соған ұқсас микроорганизмдердің таралуын бақылайтын
тәжірибелерді жасап көрді. Бірақ, бұл экспедицияның ғұмыры ұзаққа
созылмады. 1937 жылдың күзінде зерттеу орталығының жетекшісі мен
бірнеше маман “халық жауы” деген жаламен ұсталып, атылып кетті.
Кеңес үкіметі содан кейін Возрождениеге тек 1952 жылы
ғана назар аударды. Алдымен ресми түрде Аральск - 7 аталған
биологиялық қаруларды сынақтан өткізетін полигон қалпына келтірілді.
1954 жылы Комсомол қатарға қосылды. Далалық ғылыми зерттеу зертханасы
түрлі тәжірибелерді жүзеге асырып тұру мақсатында құрылды. Құрамында
едәуір әскері бар № 25484 - санды әскери бөлім де аралға
орналастырылып, ортақ жұмысқа жұмылдырылды. Зертхана кеңес
әскерлерінің биологиялық қарулардың соққысынан қорғану әдісі жөнінде
эксперимент жүргізумен шұғылданды. Мұнда сондай - ақ әскери техника,
құрал - жабдықтар, қорғаныс киімдері үнемі сынақтан өтіп тұрды.
Возрождение аралындағы биологиялық қаруды сынау алаңы
оңтүстік беттегі сынақ кешені мен солтүстік шеттегі әскери қалашық
болып екі бөлікке бөлінді. Қалашықта казарма, тұрғын үйлер, бастауыш
мектеп, балалар бақшасы, асхана, қоймалар және электр станциясы
болған. Мұнда тұрған арнаулы құрам ұдайы сақтану шараларынан өтетін
болған. Оларға жұмыстарына байланысты төлемақы төленіп келген. Тұрғын
жайларға жақын маңға қоныс тепкен ПНИЛ зерханалары қазіргі заманғы
жабдықтармен жарақтандырылып тұрған. Аралдың солтүстік бөлігіне сондай
- ақ Бархан атты әуежай орналасқан.
Аралдың оңтүстік бөлігінің аспан астындағы сынақ алаңында
биологялық қарудың аэрозол компоненттері моделінің тарауын, оларды
табу тәсілдерін, түрлі типті биологиялық құралдары бар шағын калибрлі
аэрозол бомбалары ауқымын сынау жұмыстары жүрді. Ашық аспан астындағы
жарылыстар көбіне желдің оңтүстікке қарай соғып тұрған кезінде
жасалған. Зерттеушілер биологиялық қару залалы осылайша аралдың
теріскейіндегі әскери қалашыққа әсері болмауын көздеген. Ал арнайы
бөлімшелер алдын - ала қауіпсіздік әрекеттерін орындап отырған.
Алайда, аралда құпия жасалып жатқан мұндай әрекеттер аймақ
тұрғындарына көп ұзмай белгілі болып қалды. Себебі, мұндағылар қанша
жерден сақтық шараларын қарастырып, қымтану қимылдарын жүзеге асырса
да сынақты залалды зардаптары айналаға таралмай қалмаушы еді. Сол
сынақтардың соңын ала мұндағы адамдар арасында жедел бой көтеретін
түрлі науқастар оларды еріксіз ойландырды. Мұнымен қатар далада жүрген
жануарлар мен теңізде жүзген балықтың қырылу деректері кей жылдары
қылаң беріп тұрды. Сондықтан Арал өңіріндегілердің бұл жағдайлардың
сырын білуге құштарлық танытулары табиғи заңдылық болатын.
Сырдарияның зеңгір көкте жасын ойнатқан тұңғыш
жарылыс 1956 жылғы 2 ақпан күні тіркелді. Сол күні Еділ бойындағы
Капустин Яр атты полигоннан ұшырылған қуаттылығы 0,3 килотонна Р -
5М баллистикалық ракета есепті уақыт ішінде Арал теңізінің солтүстік
жағалауындағы тақырдың үстінде от болып шашылды. Ядролық зарядпен
оқталған бомбаның жарылуын қамтамасыз еткен “ Байкал ” атты бұл
операцияның мұндағы жұртшылыққа қаншалықты зиян әкелгенін, қоршаған
ортаға қандайлық залалы болғанын бүгінгі күн тұрғысынан анықтау бізге
кәзір қиынға соғып тұр.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал, Балқаш, Каспийдің экологиялық проблемалары
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Қазақстандағы полигондар
Арал апаты
Балқаштың экологиялық ахуалы
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Арал апаты. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Табиғат қорғаудың қазіргі кездегі проблемалары
«Арал теңізі мен Балхаш көлінің экологиялық проблемалары»
Қазақстан полигондары
Пәндер