Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі



Кіріспе
1. Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі, ерекшеліктері
2. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық.құқықтық нысандары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кәсіпкерлік құқық субъектілері болып коммерциялық ұйымдар (меншік түріне қарамай, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар да) және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) саналады.
Кәсіпкерлік құқық субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық-әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы шарт.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысты келтіруді көздейтін коммерциялық ұйым заңды тұлға бола алады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді Азаматтық Кодекске сәйкес мойнына алуы саналады. Коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжатында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруы мүмкін.
Өзіндік жұмысымның тақырыбы «Коммерциялық заңды тұлғалар – кәсіпкерлік субъектісі ретінде». Өзіндік жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі, ерекшеліктері», бұл бөлімде коммерциялық заңды тұлға түсінігі, мәні, ерекшелігі туралы сөз қозғалады. Ал екінші бөлімнің аты «Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары». Бұл бөлімде коммерциялық заңды тұлғалардың нысандары, оның түрлері, ерекшеліктері туралы баяндалады.
Өзіндік жұмысымның мақсаты «Коммерциялық заңды тұлғалар – кәсіпкерлік субъектісі ретінде» деген тақырыпты ашу. Коммерциялық заңды тұлғалар туралы түсінік беру қажет деп ойлаймын. Олардың түрлері, құрылу тәртібі мен қызметтеріне тоқталу керек.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім). Алматы: «Жеті Жарғы», 2007
2. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 2001
3. Мороз С.П. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық. Алматы: «Бастау» баспасы, 2009
4. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы: «Жеті Жарғы», 2007
5. Интернет: www.google.kz

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1. Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі, ерекшеліктері

2. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік құқық субъектілері болып коммерциялық ұйымдар (меншік
түріне қарамай, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес
заңды тұлғалар да) және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар
(жеке кәсіпкерлер) саналады.
Кәсіпкерлік құқық субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет
және аумақтық-әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет
қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы шарт.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысты келтіруді көздейтін
коммерциялық ұйым заңды тұлға бола алады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты
міндеттерді Азаматтық Кодекске сәйкес мойнына алуы саналады. Коммерциялық
ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай
құжатында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруы мүмкін.
Өзіндік жұмысымның тақырыбы Коммерциялық заңды тұлғалар –
кәсіпкерлік субъектісі ретінде. Өзіндік жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлім Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі, ерекшеліктері, бұл бөлімде
коммерциялық заңды тұлға түсінігі, мәні, ерекшелігі туралы сөз қозғалады.
Ал екінші бөлімнің аты Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық
нысандары. Бұл бөлімде коммерциялық заңды тұлғалардың нысандары, оның
түрлері, ерекшеліктері туралы баяндалады.
Өзіндік жұмысымның мақсаты Коммерциялық заңды тұлғалар – кәсіпкерлік
субъектісі ретінде деген тақырыпты ашу. Коммерциялық заңды тұлғалар
туралы түсінік беру қажет деп ойлаймын. Олардың түрлері, құрылу тәртібі
мен қызметтеріне тоқталу керек.

1. Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі, ерекшеліктері

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп аталады. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын
келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда
келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін
(коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық заңды тұлға – пайда табуды көздейтін ұйым. Коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық
серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана
құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме,
қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор,
дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда
құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң
жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты
міндеттерді Азаматтық Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкін. Мемлекеттік
кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары
болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжатында тыйым салынбаған кез
келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы
мүмкін.
Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін
өз атауы болады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы
заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды
тұлға белгілі бір фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік
тізіміне енгізіледі.
Коммерциялық заңды тұлға өз қызметін жарғысы және құрылтай шарты
негізінде жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресімделген
шешімі негізінде жүзеге асады. Коммециялық заңды тұлғаның құрылтай шарты
жасалады, ал жарғысын құрылтайшылар бекітеді. Егер ұйымның құрылтайшысы бір
адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда, коммерциялық заңды тұлға әділет органдарында
мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Коммерциялық заңды тұлға мемлекеттік
тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады.

2. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары

Ұйым пайда (табыс) табу үшін құрылғынына және оны өзара қатысушылар
(құрылтайшылар) арасында бөлісуіне байланысты кәсіпкерлік қызмет
субъектілерін келесідей түрлерге бөлуге болады:
✓ Коммерциялық ұйым
✓ Коммерциялық емес ұйым
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның нысандары:
• Шаруашылық серіктестік (ШС)
• Акционерлік қоғам (АҚ)
• Өндірістік кооператив (ӨК)
• Мемлекеттік кәсіпорын (МК)
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне бөлінген
коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық
серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азаматтық
кодекске енгізілген.
Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың
жекелеген түрлерінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң
актілерімен қаралуы мүмкін, ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай
келуі тиіс. Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестігінің төмендегідей
түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған:
1) толық серіктестік (ТС);
2) сенім серіктестігі (СС);
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС);
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС).
Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркеулен өткеннен кейін
қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары жалпы
ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.
Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен
қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам
бір тұлғамен құрылуы мүмкін.[1]
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары
серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ
жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары
белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем
болмауы керек.
Толық серiктестiктiң ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы
болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөнiндегi шешiм барлық
қатысушылардың жалпы келiсiмi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай
шартында қатысушылардың көпшiлiк даусымен шешiм қабылданатын реттер
көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын
анықтаудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр
қатысушысының бiр даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс
санын олардың жарғылық капиталдағы үлесiне сай белгiленетiндiгi көзделуi
мүмкiн.
Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық
серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен
қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың
жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және
серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк
сенiм серiктестiгi деп танылады.
Сенiм серiктестiгi салымшысының:
1) серiктестiк таза табысының жарғылық капиталдағы өзiне тиесiлi
үлесiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша алуға;
2) серiктестiктiң қаржылық есеппен танысуға, сондай-ақ оның дұрыс
жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;
3) жарғылық капиталдағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн заң
құжаттарында және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп
бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi жаққа беруге құқығы бар. Салымшының
өз үлесiн басқа бiреуге түгелдей беруi оның серiктестiкке қатысуын
тоқтатады;
4) заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен
серiктестiктен шығуға құқығы бар.
Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын
салымнан құралады. Шаруашылық үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi мүмкiн.
Салымшылардың салымдарын есептемегенде, жарғылық капитал толық
серiктестердiң сенiм серiктестiгi мүлкiндегi үлесiн белгiлейдi. Жарғылық
капиталдың мөлшерiн сенiм серiктестiгiнiң толық серiктестерi белгiлейдi
және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Заңды тұлға туралы ақпарат
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Коммерциялық заңды тұлға
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы және құқықтық мәртебесі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер
Пәндер