Сот билігі және судьялар



Еліміздің Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы судьяларының үшінші съезінде сөйлеген сөзінде: "Адамдар, ақыр аяғында, сотқа сеніп, өркениетті елдерде бұрыннан қалыптасқандай, өз құқықтарын қорғау үшін дәл сіздерге жиірек өтініш жасай бастауы сот-құқықтық реформаның басты нәтижесі болып табылады. Осындай сот жүйесінің болуы біздің қоғамымызда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістердің қайтымсыз екендігінің ең мықты кепілі болып табылады" деді.
Расында да, Қазақстанда жүргізілген реформа жылдары сот құзіретінің, соттар ашықтығының аясын кеңейту, судьялардың тәуелсіздігін, мәртебесін нығайту, соттардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту басты нәтижесі болған шаралар кешені жүзеге асырылды. Конституцияда белгіленген судьялардың тәуелсіздік, дербес құқықтық, мерзімсіз негізде тағайындалу қағидалары сот қызметінің негізге алынатын бастамаларының бірі болды. Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің негіздерін белгілейтін бірқатар заңнамалық актілер қабылданды, соттардың мамандандырылуы жүргізілді, сот кадрларын іріктеу процесі жетілдірілуде. Атқарушы өкімет пен сот билігінің құзіретін бөлу тәуелсіз әділ соттың маңызды кепілінің бірі болды.
Сот ашықтығының заңнамалық кеңейтілуі азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіне шек қоюды толық жоюға жағдай жасады, сот билігіне деген сенімді арттырды. Соттар бүгінгі танда күні кеше тіпті ойлауға қиынға соғатын істерді — азаматтардың өкіметке, шенеуніктерге қарсы шағымдарын қарастырады. Сондай-ақ осындай талаптардың 80 %-ы дерлік қанағаттандырылады.
Судьялардың кәсіби біліктілігін және жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Соттардың жоғары білікті кадрлық потенциалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықты азайту және судьялар корпусын судья деген атқа лайық емес тұлғалардан тазарту, соттардың жағымды имиджін қалыптастыру соңғы төрт жыл ішіндегі ең мәнді және маңызды жұмыс болып табылады.
Өкінішке орай, судьялар арасында парақорлықтың жеке жағдайлары кездеседі. Алайда, сот жүйесі бұл пәлеге басқаларға қарағанда көбірек шалдыққан деген тұжырымдар түп нұсқасында қате. Ал соттардың қызмет ерекшеліктерін ескеретін болсақ, сыбайлас жемқорлық құқық қорғау органдары жүйесінде, атап айтқанда соттарда, аз кездеседі деуге болады. Өкімет қылмысты топтармен тығыз байланыста болып, билік тармағының жүйесі лауазымды тұлғаның іс-әрекетін немесе өрекетсіздігін жасырса, сонда ғана жаппай сыбайлас жемқорлық туралы сөз қозғауға болады. Сот жүйесіндегі мұндай мүмкіндікті, ең алдымен, істі қараудың процессуалдық иерархиясының өзі жоққа шығарады, өйткені апелляция және қадағалау инстанцияларында аудандық сот судьясы шығарған шешімге шағым беруге болады. Төменде тұрған сот қателіктерінің басым көпшілігі жоғары инстанциялармен, яғни сот жүйесінің өзінің ішкі бақылау жүйесімен жөнделетінін атап өткен жөн.
Егер сот-құқыктық реформаның бірінші кезеңінде қатаң қылмыстык және әкімшілік шаралар көмегімен сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен құрту міндеті қойылса, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды түп-тамырымен жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа үздіксіз қарсы тұрудың ұтымды механизмін қалыптастыру қағидасы негізге алынып отыр.
1. Т.В.Апарова. Үлыбританиядағы судьялар мәртебесі // Ресей құқығы журналы. 1999. N 7-8.
2. Засилье криминальной субкультуры угрожает обществу // Казахстанская правда. N 148. 22 июня 2001 г.
3. Книпер Р. Этапы правовой и судебной реформ в Казахстане в качественеотъемлемой части перестройки экономики // Казахстанская правда. N 148.
22 июня 2001 г.; Засилье криминальной субкультуры угрожает обществу // Казахстанская правда. N 148. 22 июня 2001 г.
4. Сот этикасы кодексі. Қазақстан Республикасы судьяларының 1996 ж. 19-желтоксандағы бірінші съезінде қабылданды.
5. Ладо Чантурия, председатель Верховного суда Грузии. Судебная реформа в Грузии: Тезисы // Материалы междунар. конференции «Суды и их роль в укреплении государственной независимостиң. Астана, 15.08.2001.
6. Лапин Б.Н. Реформирование законодательства о судебной юрисдикции //Правовая реформа в Казахстане. N 1(9). 2000.
7. Қ.Мами. Қазақстан Республикасындағы конституциялық зандылық және сот билігі. Мәскеу. Ғылым. 2004.
8. Мами К. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. - Астана: Елорда, 2001.
9. Н.Назарбаев - Әділ сот — бұл әділеттілік // Заң газеті. 2001. 11-маусым.
10. Судьялардың республикалық жөне облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы ереже. ҚР Президентінің 2001 ж. 26-маусымдағы N 643 Жарлығымен бекітілді // Аdviser ақпараттық-анықтамалық жүйесі.
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 30-қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату институты" мемлекеттік мекемесінің атын "Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот академиясы"
мемлекеттік мекемесі қылып өзгерту туралы" N 1008 Қаулысы. "Юрист" анықтамалық құқықгық жүйесі 5.0.
12. 12 стульев для присяжных // Аргументы и факты. N 30 (1083). Июль 2001 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Еліміздің Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы судьяларының үшінші
съезінде сөйлеген сөзінде: "Адамдар, ақыр аяғында, сотқа сеніп, өркениетті
елдерде бұрыннан қалыптасқандай, өз құқықтарын қорғау үшін дәл сіздерге
жиірек өтініш жасай бастауы сот-құқықтық реформаның басты нәтижесі болып
табылады. Осындай сот жүйесінің болуы біздің қоғамымызда болып жатқан саяси
және экономикалық өзгерістердің қайтымсыз екендігінің ең мықты кепілі болып
табылады" деді.
Расында да, Қазақстанда жүргізілген реформа жылдары сот құзіретінің,
соттар ашықтығының аясын кеңейту, судьялардың тәуелсіздігін, мәртебесін
нығайту, соттардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту басты
нәтижесі болған шаралар кешені жүзеге асырылды. Конституцияда белгіленген
судьялардың тәуелсіздік, дербес құқықтық, мерзімсіз негізде тағайындалу
қағидалары сот қызметінің негізге алынатын бастамаларының бірі болды. Сот
құрылымы мен сот ісін жүргізудің негіздерін белгілейтін бірқатар заңнамалық
актілер қабылданды, соттардың мамандандырылуы жүргізілді, сот кадрларын
іріктеу процесі жетілдірілуде. Атқарушы өкімет пен сот билігінің құзіретін
бөлу тәуелсіз әділ соттың маңызды кепілінің бірі болды.
Сот ашықтығының заңнамалық кеңейтілуі азаматтардың өз құқықтарын қорғау
мүмкіндігіне шек қоюды толық жоюға жағдай жасады, сот билігіне деген
сенімді арттырды. Соттар бүгінгі танда күні кеше тіпті ойлауға қиынға
соғатын істерді — азаматтардың өкіметке, шенеуніктерге қарсы шағымдарын
қарастырады. Сондай-ақ осындай талаптардың 80 %-ы дерлік
қанағаттандырылады.
Судьялардың кәсіби біліктілігін және жауапкершілігін арттыруға ерекше
көңіл бөлініп отыр. Соттардың жоғары білікті кадрлық потенциалын
қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықты азайту және судьялар корпусын судья
деген атқа лайық емес тұлғалардан тазарту, соттардың жағымды имиджін
қалыптастыру соңғы төрт жыл ішіндегі ең мәнді және маңызды жұмыс болып
табылады.
Өкінішке орай, судьялар арасында парақорлықтың жеке жағдайлары
кездеседі. Алайда, сот жүйесі бұл пәлеге басқаларға қарағанда көбірек
шалдыққан деген тұжырымдар түп нұсқасында қате. Ал соттардың қызмет
ерекшеліктерін ескеретін болсақ, сыбайлас жемқорлық құқық қорғау органдары
жүйесінде, атап айтқанда соттарда, аз кездеседі деуге болады. Өкімет
қылмысты топтармен тығыз байланыста болып, билік тармағының жүйесі
лауазымды тұлғаның іс-әрекетін немесе өрекетсіздігін жасырса, сонда ғана
жаппай сыбайлас жемқорлық туралы сөз қозғауға болады. Сот жүйесіндегі
мұндай мүмкіндікті, ең алдымен, істі қараудың процессуалдық иерархиясының
өзі жоққа шығарады, өйткені апелляция және қадағалау инстанцияларында
аудандық сот судьясы шығарған шешімге шағым беруге болады. Төменде тұрған
сот қателіктерінің басым көпшілігі жоғары инстанциялармен, яғни сот
жүйесінің өзінің ішкі бақылау жүйесімен жөнделетінін атап өткен жөн.
Егер сот-құқыктық реформаның бірінші кезеңінде қатаң қылмыстык және
әкімшілік шаралар көмегімен сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен құрту
міндеті қойылса, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын
себептер мен жағдайларды түп-тамырымен жоюға бағытталған сыбайлас
жемқорлыққа үздіксіз қарсы тұрудың ұтымды механизмін қалыптастыру қағидасы
негізге алынып отыр.
Судья мамандығы үшін біліктілік өте қажет. Істі жүргізуге қатысушылармен
қарым-қатынас жасаудың жалпы ережелерін сақтаған өте маңызды. Судья әділ
болуы керек, оның мөртебесіне зиян келтіретін, әділ соттылықты жүзеге
асырған кезде объективтілігі мен тәуелсіздігіне күмән келтіретін
нәрселердің бәрінен аулақ болуы тиіс деген заңның және намыс кодексінің
талаптары ең маңызды болуы тиіс.

1. Судьяларды қызметке тағайындау тәртібі

Судьяларды тағайындау тәртібі соңғы жылдар ішінде түбегейлі өзгерістерге
ұшырады, оларды қазақстандық заңнамалардың күрделі жетістіктеріне жатқызуға
болады. Судьяларды лауазымға тағайындаудың республикадағы бұрынғы жүйесі
сынға әділ алынып жүрді, өйткені соттар, олардың кадрлық саясатын және
қаржыландыруын анықтайтын, атқарушы өкімет құрылымына кіретін Әділет
министрлігіне тәуелді еді, бұл олардың жұмысына жағымсыз ыкдал жасайтын.
Судьялар заңнамаларға сәйкес әділет министрінің ұсынысы бойынша еліміздің
Президентімен тағайындалатын. Заңнамаларға сәйкес тәуелсіз болуы тиіс
Әділеттің біліктілік алқасы (ӘБА), шын мәнісінде, ондай емес еді, өйткені
алқаға басшылықты әділет вице-министрі, яғни аткарушы өкіметтің өкілі
жүзеге асыратын.
Судьяларды лауазымға тағайындау тәртібі сынақ ісінен өтпеген, заң білімі
бар және емтихан тапсырған тұлғаларға судья лауазымына тағайындалуға
мүмкіндік беретін. ӘБА кандидатқа сипаттама берген кезде, оның көсіби
қасиеттері мен жеке мінездемелері тиісті деңгейде бағаланбайтын.
Қазіргі кезде судьялар корпусын қалыптастыру тағайындалу жөне сайлану
бастамалары негізінде жүзеге асырылады. Аудандық (қалалық), облыстық және
оларға теңестірілген соттар судьялары қатаң белгіленген процедураға сәйкес
Президентпен тағайындалады. Тек Жоғарғы сот құрамы ғана Парламент Сенатымен
сайланады сот судьяларын сайлау балама үміткерлердің болуын шамаламайды.
Сенат ұсынылған кандидатураларды қабылдамаған жағдайда ғана, Президент сол
немесе басқа үміткерлерге қайта ұсыныс жасай алады. Судьяларға
өкілеттіктерді берудің осындай қағидасы олардың нақ тәуелсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған.
Іріктеу ашық конкурс арқылы жүргізіледі. Оған судья болуға үміткерлерге
қойылатын талаптарға сай келетін барлық қалаушылар, соның ішінде қызметтегі
судьялар да қатыса алады, өйткені алдындағы заң рұқсат беретін судьялардың
көлденен сызық бойынша ауыспалылығын соттар туралы заң қамтымайды.
Үміткерлер арнайы тәжірибеден өткеннен кейін, кандидатураларды іріктеу
демократиялық және ашык. түрде өткізіледі. Әрине, конкурстық іріктеу мен
сайлау — сот лауазымдарының орнын баса тұрудың мүлдем әр түрлі нысандары
және бұл тұрғыда конкурстық негізде іріктеу тартымдырақ болып көрінеді,
өйткені ол кандидаттың мінездемесін жақсырақ білетін, сондықтан лайықты
талапкерді дұрыс таңдай алатын судьялар бірлестігінің өзімен жүзеге
асырылады. Дегенмен де, нақты объективті алғы шарттардың болуы жағдайында
(жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы, саяси мәдениеттің деңгейі және
т.б.), бітімгершілік судьяларын, сайлау мүмкіндігін де жоққа шығаруға
болмайды.
Сот басшыларының және Жоғарғы сот судьяларының бос лауазымдарына
кандидаттар, кейін оларды балама негізде Жоғары Сот Кеңесіне және Әділеттің
біліктілік алқасына ұсыну арқылы, соттардың пленарлық мәжілістерінде құпия
дауыс беру арқылы қаралады. Бұл арқылы сот басшыларының сот кадрларын
тандауға қандай да болсын нысанда ықпал жасауы жойылады. Аудандық соттардың
судьялары Әділеттің біліктілік алқасы арқылы іріктеледі, бұл қандай да
болсын бірлескендікті болдыртпайды, өйткені бұл органдарға әр түрлі
мемлекет органдарының өкілдері кіреді. Бүгінгі күні осы органдардың құрамы
депутаттар, прокуратура мен әділет органдарының өкілдері, ғалымдар есебінен
жеткілікті түрде кеңейтілді және біздің ойымызша, бұл баланс, бір жағынан,
судьялар корпусы өкілдері арасындағы, екінші жағынан — бұл органдардың
басқа мүшелерінің арасындағы қажетті паритетті және қандай да бір
бірлескендік мүмкіндігінің болмауын қамтамасыз етеді. Егер халықаралық
нормаларға жүгінетін болсақ, онда, мысалы, Судьялар мәртебесінің еуропалық
хартиясы осындай құрылымдар қүрамының кем дегенде 50 %-ы судьялардан тұруын
заңмен қарастырылуын талап етеді. Біздің ойымызша, судьялардың жартысы
түріндегі минималды төменгі шекке сілтеме жасау кепілдің елеулі деңгейін
қамтамасыз етуге бағытталған. Судьяларды паритетті негізде сайлау
судьяларды сайлау немесе тағайындау процесіне атқару билігінің немесе заң
шығарушы өкіметтің қандай да бір органының қатысуын болдыртпауға
бағытталған.
Сонымен, тұлғаларды судьялық лауазымдарға іріктеудің қолданымдағы
төртібі нәтижелі жұмыс жасайды жөне өзін толық растайды. Бұл процесті одан
әрі демократияландыру үшін барлық судьялық лауазымдарға үміткерлер тиісті
соттардың пленарлық мөжілістерінде құпия дауыс беру жолымен
іріктелетіндігін заңмен бекітуге болатын еді, кейін оларды ЖСК-ға және ӘБК-
ға Жоғарғы сот төрағасы міндетті түрде ұсынуы тиіс. Судья лауазымына
үміткерлерді іріктеу процедурасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді,
өйткені шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілдік және
ұлттық тиістілігіне, жынысына, саяси көзқарастары мен діни сеніміне және
басқа да жағдайларға байланысты дискриминация жасауға тиым салынады (30
баптың 1 т.), бүл Негізгі кағидалардың 10-бабына сәйкес келеді және
конкурстық іріктеу процедурасын шамалайды (30-баптың 2 т.)-
Бұл өте маңызды, өйткені соттардың барлық кадрлық саясатын күні бүгінге
дейін Әділет министрлігі белгілейтін. Ол судьяларды лауазымынан босату
процесіне де әсер ететін. Әділет органдарының қызметі соттардың жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі функциясымен ғана шектелмейтін, бұдан анағұрлым кең
аумаққа таралатын. Әділет министрлігі сот жұмысын тексеретін, судьяларға
тәртіптік жаза қолдана алатын, бұл олардың соңғыларға қатысты қадағалау
өкілеттігін білдіретін. Сайып келгенде, атқару билігі сот билігіне бақылау
жасайтын, ал құқықтық институттары дамыған және адамның қорғалу деңгейі
жоғары демократиялық елдерде мүлдем кері механизм әрекет етеді: сот билігі
атқарушы өкіметті қадағалайды, бұл арқылы азаматтар бассыздықтан қорғалады.
Соттардың ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз
етілуін әділет органдарына жүктеудің өзі, судьяларды "сұраушы" жағдайына
қоятын, бүл судьялар тәуелсіздігі қағидасымен мүлде үйлеспейтін. Сонымен
қатар төмен жалақы, көп судьялардың тұрғын үймен қамтамасыз етілмеулері
және т.б. оларды тек Әділет министрлігіне ғана емес, жергілікті атқару
органдарына да тәуелді ететін.
Егер біздер шетелдік тәжірибелерге назар аударсақ, мынадай жайды байқар
едік. АҚШ-та, Жапонияда, Тайландта, Оңтүстік Кореяда бюджетті қалыптастыру,
сот персоналын қадағалау сот бақылауында болады. Германияда, Францияда,
Швейцарияда соттар өздеріне тән емес кадрлық және материалдық-техникалық
қамтамасыз ету функцияларынан босатылған.
Сот қызметіне әсер ету мүмкіндіктерін азайту мақсатында, бюджетті және
қызмет орнына тағайындауды қоса, сотты әкімшілік басқару, өкімет пен
жұртшылықтың билігінде емес, судьялардың өз қолында болуы тиіс.
Жалпыға бірдей төмендегідей ереже бар: осы органдардың кез-келгенінде
лауазымдарға тағайындаудың формалды механизмі бар, сонымен қатар
судьялардың біліктілігі мен тәуелсіздігі ешқандай күмән келтірмейтін
елдерде, судьяларды лауазымдарға тағайындау процесі соттар мен шын
мәнісінде тағайындауды жүзеге асыратын атқарушы өкімет арасында біршама
бірлескенділікке ие болады. Сонымен бірге, егер жұртшылық лауазымдарға
тағайындау процесінің әлі де болса саяси ұғыныстармен тым байланысты екенін
түсінсе, онда аталған процеске әділ соттылықты жүзеге асыруға тікелей
қатысы жоқ мекемелерді, ұйымдарды (мысалы, Қазақстанның судьялар одағын
немесе заңгерлердің баска да қоғамдық бірлестіктерін, Қазақстанның
заңгерлер қауымдастығын, Қазақстанның адвокаттар одағын) қатыстыру
қажеттілігі туады.
Сот жүйесінің атқарушы өкіметтен нақты тәуелсіздігін қамтамасыз етудің
объективті қажеттілігі Республика Президентінің сот билігінің аткарушы
өкіметтен тәуелсіздігінің принципиалды негіздерін қалаған "Кдзақстан
Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі шаралар туралы"
2000 ж. 1-қыркүйектегі Жарлығын шығаруға негіз болды. Атқарушы өкіметтің
ыкпалынан босаған сот билігі бұрынғы жүйенің бірден-бір принципті маңызды
ақауынан — судьялардың атқарушы-басқарушы органдарға тәуелді болуынан
құтылды.
"Транспаренси Интернешнл" зерттеулері көрсетіп отырғандай, судьялардың
қызметтік өсуі объективтік факторларға негізделуі тиіс, атап айтқанда,
қабілеттілікке, адалдыққа және тәжірибеге. Қызмет бойынша өсу әлдекімдердің
көңіліне бола қабылданған екі мәнді шешім үшін жауапты ризашылық ретінде
емес, үздік кәсіби біліктілік үшін мадақтау ретінде ашық берілуі тиіс.
Қызмет баспалдағымен өсу үшін соттарды іріктеу процесіне соттардың өзі
қатыстырылуы керек.

2. Атқарып отырған лауазымында болу мерзімінің ұзақтығы, судьяларды
қызметінен алу шарттары мен тәртібі

Конституцияда белгіленген судьялардың ауыспаушылық қағидасы олардың өз
лауазымдарында тұрақты болуын білдіреді, яғни олардың тағайындалуы немесе
сайлануы қандай да бір белгілі мерзіммен шектелмеген. Судьяның өкілеттігін
қысқарту немесе тоқтату тек заң белгілеген негіздер бойынша рұқсат етіледі.
Судьялардың лауазымға Президентпен тағайындалулары оларды атқарушы өкіметке
тәуелді етпейді, керісінше, жергілікті атқару органдарының судьяларға ықпал
жасауына мүмкіндік бермейді, бұл көптеген демократиялық елдерде көпшілік
таныған тәжірибе болып табылады және сот жүйесінің тәуелділігін
білдірмейді.
Алайда, республика заңнамалары судьяның атқарып отырған қызметінде өмір
бойы болуын қарастырмайды, өйткені судья өкілдігінің тоқтауына бірден бір
себеп кемел жасқа жетуі болып табылады, ал оған дейін судья ретінде жұмыс
жасай беру мүмкіндігі сақталынады.
Республика Конституциялық кеңесінің 2004 ж. 23-маусымдағы "Қазақстан
Республикасы Конституциясының 79-бап №1 тармағына ресми түсінік беру
туралы" қаулысында судья мәртебесінің тұрақты сипаты жөніндегі
конституциялық ереже судьяның өз лауазымында өмір бойы болуын ұйғармайды,
кемел (зейнеткерлік) жасқа жетуіне байланысты өкілдігін тоқтату және оны
қызметтен босату негіздері конституциялық және басқа заңдармен анықталады
деп көрсетілді.
Халықаралық сараптамашылар судьялар отставкаға кеткеннен кейін де олар
үшін кейбір жеңілдіктердің сақталуын — судьялық бірлестік құрамында қалуын
және дербес құқықтығына кепілдік берілуін; судья ретінде жұмыс жасау өтілі
он бес жылдан аз болмаса конституциялық заңда белгіленген кейбір
жеңілдіктердің қолданылуын; екі лауазымдық жалақы көлемінде біржолғы
жәрдемақы төленуін қарастыратын судья отставкасы туралы ережені жоғары
бағалайды. Сонымен қатар, олар судьяның отставкаға шығатын нақты жасын
заңмен бекітуді, судьялар зейнеткерлік жасқа жеткенде өз лауазымында істей
алу мәселесін шешуді және судьяның өкілдігін созатын органды (мәселе
жағымды шешілсе) белгілеуді ұсынып отыр.
Сот "бастықтарының" өмірлік мәртебесі туралы мәселе де бізде анық
шешілген — Жоғарғы сот төрағасынан бастап кез-келген рангтағы сот
төрағаларының лауазымында қалу мерзімі бес жылды құрайды. Сот
бюрократиясында да судьяның қызметтік өсуі оның жүмысының жоғарыда тұрған
басшылармен немесе шенеуніктермен бағалануына байланысты, басқаша айтқанда,
бұл судьялардың бастықтарға тәуелді болуына әкеп соқтырады, сондықтан жаңа
ереженің мақсаты сот төрағаларының өкілеттіктерін азайту болды.
Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқалары — сыбайлас жемқорлықты
түбегейлі түрде жою механизмдерінің бірі. Судьяны қызметтен босатуға
дейінгі тәртіптік жауапкершілік туралы мәселені алқа мүшесіне сайланған
судьялардың өзі және барлық облыстық соттарда құрылған сот этикасы
жөніндегі комиссиялар шешеді. Бүгінде қызметтегі судьяларға да, судья
болуға үміткерлерге де өте қатал талаптар қойылады. Сот істерін қарау
кезінде заңдылықты өрескел бұзу, сот этикасына қайшы келетін іс-әрекет
жасау, еңбек тәртібін сақгамау судьяны лауазымынан босату үшін негіз бола
алады. Шешімдер мен үкімдерді өзгерту фактісінің өзі судьяны орнынан алуға
негіз бола алмайды. Бірақ судья шығарған шешімді жоғары тұрған соттың
қабылдамауы — судья жұмысындағы ақаулықтың көрсеткіші. Сондықтан, егер
судья жүйелі түрде қате жіберетін болса, бұл судьяны кәсіби жарамсыздығына
байланысты лауазымынан босату туралы мәселені тәртіптік-біліктілік алқасына
қоюға негіз бола алады. Сот төрағалары қызметтен өз міндеттерін тиісті
түрде орындамағандықтары үшін, сот жұмысын ұйымдастырудағы күрделі
қателіктері үшін босатылады.
Судья қоғамдық пікірге қарсы өз өкілдігі шегінде шығарған үкімдері үшін
отставкаға жіберілсе, бұл шетел заңгерлерінің пікірі бойынша судья
тәуелсіздігінің қағидасын ең өрескел бұзу болып саналады. Судьяның жете
білмеушілігі оны қызметтен босатуға жеткілікті негіз бола алмайды. Судьяның
іс-әрекетінде әдейі заңсыз қаулы шығару ниетінің болуы ғана бұған негіз
бола алады.
Осыған байланысты Жоғарғы сот пленумының 1998 ж. 14-мамырдағы "Қазақстан
Республикасында сот билігі жөніндегі заңнамаларды қолданудың кейбір
мәселелері туралы" қаулысында судьялардың тәртіптік жазаға конституциялық
заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан
Республикасындағы соттар және судьялар мәртебесі туралы" Жарлығының 52-бабы
қарастырған негіздер бойынша ғана тартыла алатындықтары көрсетілген.
Негіздердің осы тізімі жеткілікті болып саналады және кеңейтілген
түсініктеме жасауды талап етпейді. Судьялардың заң белгілеген істерді
қараудың процессуалдық мерзімдерін сақтамауы процессуалдық занды бұзуға
жатады.
Еуропалық елдер заңнамаларының ерекшелігі, біріншіден, кінәлі судьяның
тағдырын шешетін органдардың тек судьялардан ғана емес, жұртшылық
өкілдерінен де тұратындығында. Екіншіден, судьяның ісін талқылау
процедурасының өзі тиянақты түрде регламентацияланған және сот талқылауына
ұқсас. Италияда немесе Францияда, мысалы Магистратураның жоғары кеңесі
мүшелерінін, құрамынан жеребе бойынша, әдетте 5 немесе 9 судьядан алқа
құралады. Судьяға айып тағылады, ол оған дағдылы сот процедурасы барысында
жауап береді.
Англосаксондық құқық жүйесінде және Құрама Штаттарының федералды құқық
жүйесінде арнайы күнделікті судьялық жеңілдіктер жоқ. Бірақ ол жерлерде
судьяны атқарып отырған қызметінен шеттету немесе тіпті босату тек
импичмент процедурасын өткізу тәртібінде ғана мүмкін, бұл процедураның АКДІ
президентін биліктен шеттету процедурасынан ешқандай айырмашылығы жоқ.
Судьяны қылмыс жасағандығы үшін айыптауға болады, бірақ түрмеде отырса да,
ол судья болып қалады. Әдетте судьяны қамауға алмайды, ол сот мәжілісіне
барып жүреді, жауап береді. Ал сотталған жағдайда, өкілеттігін өз еркімен
тапсырады.
Бүгінгі күнге дейін судьялар корпусының кадрлық құрамына
ешкім талдау жасаған жоқ. Көпшіліктің ойынша, Соттық әкімшілеу
комитеті бұл мәселемен ең алдымен айналысу керек. Судьялар корпусының қалай
және кімдерден құралатындығынан көп нәрсе байланысты. Соттарға негізінен
жоғары оқу орындарының түлектері келетін бұрынғы практика қазір өзгертілді.
Қазақстан Республикасы
Конституциясында болашақ судьяның міндетті түрде 2 жылдық заң өтілі болу
керек деп жазылған. Бұл жерде судья лауазымына келетін ЖОО түлегінің
қазіргі сот жүйесінің көптеген жағымсыз кезеңдерін өз басынан
кешірмегендігі ескерілмеген. Қүжаттарға үстіртін қарау — сот мәжілісінен
кейін сот мәжілісі хаттамалары сот шешімдері болып үйлестіріледі, кейбір
материалдар бұрмаланады; ақтау үкімін шығаруға қорқу және т.б.
Судья лауазымына үміткердің ұзақ жұмыс өтілінің болуы, ең
дұрысы адвокаттық, мемлекеттік қызметте тұрмағандығы, яғни
әр түрлі құқықтық құрылымдардағы (адвокатурадағы, прокуратурадағы, заң
фирмаларындағы) құқыққа кең көзқарастың болуы
қажет. Ұлыбританияда, мысалы судьялар, әдетте, — бұрынғы барристерлер
(айыптау мен қорғау жағында кезек-кезек қызмет атқаратын адвокаттар).
Сондай-ақ бірлескенділік, кәсіби этика қағидалары жан-жақты дамытылуда.
Францияда судья мантиясына үміткер тек магистранттардың арнайы
мектептерінде оқып, әр түрлі қызмет аткарғаннан кейін, 8 жылдан соң ғана
судья болып жұмыс жасай алады. Голландияда судья лауазымына үміткердің,
біріншіден, заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуы тиіс, екіншіден,
күрделі емтихандар тапсыруы керек. Сонымен қоса бұл адамды білетін,
сыйлайтын және мүддесіне өкілдік ететін корпорациядан кепілдігі болуы тиіс.

3. Сот этикасын сақтау

Сыбайлас жемқорлыққа, оның түбегейлі жоққа шығарылуына, онымен күресудің
нақты құралдарын дайындауға мүмкіндік туғызатын себептер мен факторлардың
айқындалуына, ең алдымен, сот бірлестігінің өзі мүдделі екендігіне тоқталып
кеткен жөн.
ҚР Конституциясында да, "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және
судьялар мәртебесі туралы" занда да судьяларды іріктеу кезіндегі моральдық
критерийлер туралы ештеме делінбеген, тек мінсіз репутация аталып кеткен.
Ал судья лауазымына үміткер өз мінезі немесе адамгершілік бастаулары
бойынша судья міндетін атқаруға жарамауы мүмкін. Қылмыстың алдын алу және
құқық бұзушылармен қарым-қатынас бойынша БҰҰ—ның VII конгресі қабылдаған
"Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларына сәйкес" судьялық
лауазымға іріктеліп алынған тұлғалар жоғары моральдық қасиетке және
қабілетке ие болулары тиіс. Өркениетті елдердің көбісінде болашақ судьяның
мінезіне ерекше көңіл аударылады, Көп жағдайларда, ар-намысының және
тәуелсіздігінің болуын талйп ететін лауазымдарға, жеке берілгендік принципі
бойынша, жағымпаз және бастығының көңілінен шыға білетін адамдар таңдап
алынады.
Бұл жерде судьялардың I съезінде қабылданған, Жалпыға бірдей судьялар
хартиясына сәйкес келетін Судьялар этикасы кодексінің жаңа редакциясын атап
кеткен жөн. Енгізіліп жатқан өзгерістер судьяның мінез-құлқына қойылатын
талаптарды қаталдандыра түседі. Атап айтқанда, әділ соттылықты жүзеге
асырған кезде заңдылықты сақтамаудан, еңбек тәртібін өрескел бұзудан, әділ
соттылықты жүзеге асырумен сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асырудан басқа,
судьяның этикасына қайшы келетін әдепсіз қылық жасау және Сот этикасының
кодекс нормаларының заңдық күшін заңнамалық бекіту судьяны атқарып отырған
лауазымынан босату үшін негіз болатын болды.
Судьялардың өздері, сырттан қысым жасалынбай-ақ, өз өмірінің ережелерін
белгілеу шешімін қабылдады және мінез-құлықтың өте қатаң нормалары
белгіленді. Этика жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелілігін азаматтардың
судьялар қызметіне беретін шағымдарының азаюы фактісімен бағалауға болады.
Судья этикасы жөніндегі комиссия судьялардың Судья этикасы кодексін
бұзуы туралы материалдарды, өтініштерді, шағымдарды өз бастамасы бойынша
да, азаматтардың өтініштері мен шағымдары бойынша да қарастыруға құқылы.
Әрбір азамат барлық соттарда белгіленген сот этикасы жөніндегі
комиссиялардың мекен-жайы, құрамы және телефондары арқылы судьялардың заң
нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлай алады. Судьялардың үшінші
съезінде қабылданған Кодекстің жаңа редакциясы "Жалпыға бірдей судьялар
хартиясында" бар этикалық нормалар ережелеріне сәйкес келеді.
Мұның барлығы халықаралық стандарттармен, атап айтқанда, судьялардың
кәсіби жауапкершілігімен және олардың жеке мәртебесін бағалаумен байланысты
мәселелердің, сот органының ұсынысы немесе өтінішіне сәйкес, судьялар
бірлестігінің өз шегінде талқылануын талап ететін Судьялар мәртебесінің
еуропалық хартиясымен келісіледі. Бұл әділ де, өйткені судьяларды тәртіптік
жауапкершілікке тарту есеп берудің бір түрі болып табылады, оның өзі судья
тәуелсіздігіне қол сұғу болып бағалана алады. Судьялардың мінез-қүлық
этикасы нормаларын бұзу жағдайларын судьялар этикасы жөніндегі
комиссиялардың қарауы бір жөн, ал судьяларды нәтижесіз жұмыс немесе одан да
бетер, шығарылған шешімдерінің сапасы мен мазмұны үшін атқарушы өкіметтің
мүддесіне өкілдік ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Қазақстан Республикасындағы сот билігі. Судьяның тәуелсіздігі
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Қазақстан Республикасында сот билігі
Судьялардың мәртебесі
Пәндер