Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
Тарау I. Аралас экономиканың қалыптасуы.әлеуметтік бағыттағы қоғамның экономикалық неегізі

1.1 Жаңа шаруашылық жүргізу жүйесі қалыптасуының алғы шарттары мен жағдайлары
1.2.Аралас экономиканың қалыптасу тегін ашатын шын мәніндегі алғы шарттар

Тарау II. Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары
2.1 Аралас экономика қалыптасуының материалдық.техникалық негізі.
2.2 Аралас экономика: мазмұны және белгілері

Тарау III. Аралас эконмикада нарықтық қатынастардың жасаудың жолы.

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.
Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және экономикада тепе-теңдік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды.
Адамзат тіршілігінде нарыққы өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түрлі негіздер меншіктің түрлі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді, яғни, бұл түрлі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу, ұжымдық меншікке алу, кооперациялау, жекелей еңбек ету және т.б. сияқты формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс орындарының, мекемелердің формалары да әрқилы айырмашылықта болады.
Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады. Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.
Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Менің осы курстық жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін ашып, қалыптасуына , яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне, құрылымына жалпы сипаттама беру болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. В.И Черковец, Социолизм как экономическая система.,М.,Экономика,1982
2. М.В.Сокович, Сравнение планирование товара, Минск,1984
3. В.М.Агаев. Экономические категории социолизма: система анализ,М.,Мысль, 1980
4. О.Ананьин, Экономическая теория на пути к новой парадигме М., 1992
5. Сатыбалдин, Только соблюдая равенство, журн.Казахстан: экономика и жизнь, 1992, № 3 стр 21-28
6. Л.Никифоров, Социально-экономический строй Россиии: от прошлого к будущему, Вопросы экономики, № 4-6 стр 5-9
7. Т.Ашимбаев,Где конец беспределу, журн. Казахстан: экономика и жизнь, 1992 № 3
8. Г.Манасян, Экономические реформы, Экономический журнал, 1992, № 9 стр 15-18
9. Г.В Плеханов, Плановое хозяйство,Экономические науки,1988, № 7
10. Я.А. Аубакиров, Экономикалық теория негіздері, Алматы,1991
11. В. Кузнецов, Рынок и приватизация, МЭ и МО,1992 №7 стр 23-28
12. И.Дерягина, Приватизация в посстсоциалистическую эру., 1992 №8
13. Е.Жатқанбаев, Аралас экономика негіздері,Алматы,1996

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Тарау I. Аралас экономиканың қалыптасуы-әлеуметтік бағыттағы қоғамның
экономикалық неегізі

1.1 Жаңа шаруашылық жүргізу жүйесі қалыптасуының алғы шарттары мен
жағдайлары
1.2.Аралас экономиканың қалыптасу тегін ашатын шын мәніндегі алғы шарттар

Тарау II. Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету
заңдылықтары
2.1 Аралас экономика қалыптасуының материалдық-техникалық негізі.
2.2 Аралас экономика: мазмұны және белгілері

Тарау III. Аралас эконмикада нарықтық қатынастардың жасаудың жолы.

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың
нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл нарық ,
бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.
Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы
өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және
экономикада тепе-теңдік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін
мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды.
Адамзат тіршілігінде нарыққы өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес,
өйткені, түрлі негіздер меншіктің түрлі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді,
яғни, бұл түрлі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан
нарықтық қатынастарға көшу, ұжымдық меншікке алу, кооперациялау, жекелей
еңбек ету және т.б. сияқты формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты
жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс
орындарының, мекемелердің формалары да әрқилы айырмашылықта болады.
Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады.
Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл
экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.
Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі
экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды
көрсетеді. Менің осы курстық жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін
ашып, қалыптасуына , яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне,
құрылымына жалпы сипаттама беру болып табылады.
I Аралас экономиканың қалыптасу-әлеметтік бағыттағы қоғамның
экономикалық негізі.

1.1 Жаңа шаруашылық жүргізу жүйесі қалыптасуының алғы шарттары мен
жағдайлары.

Кеңес үкіметі экономистерінің методологиялық қателіктерінің бірі- жаңа
экономикалық жүйе тек әлеуметтік төңкерістің нәтижесі деп қарауы. Алайда
мұндай көзқарас материалистік диалектика қисынына үйлеспейді, өйткені
төңкеріс тек өндірістік қатынастары дамып келе жатқан өндіргіш күштерді
сәйкестендіріп өзгертеді.
Екінші жағынан, жаңа өндірістік қатынастар бұрынғы, екі қатынастардан
пайда болады. Айталық, буржуазиялық өндірістік қатынастар нәсілдік, тұқымы
жағынан феодалдықпен еш қатынасы жоқ, себебі олар қарама-қарсы өндірістік
әдістері.
К. Маркс алғашқы қауымдық қоғам- меншіктің азаматтық түрін
қарастырғанда: Адамдар жерге жай қарапайымдылықпен ұжымның меншігі ретінде
қарады. Жанды еңбекте өзін өмірге келтіріп және ұдайы өндіріп отырады.
Әрбір жеке -дара адам тек ұжымның жүйесі ретінде ғана оның иесі,
меншіктеушісі бола алады . Қауым көлемінде еңбек процесі ұжымдық сипатта
жүреді.
Еңбек бөлінісі нәтижесінде адамдардың бір-біріне жұмыс істеу
қажеттілігі туған қоғамда еңбек процесінің қоғамдық реттелуі талап етіледі.
Бұл процесс ұжымды құрайтын қоғам мүшелерінің мүмкіндігіне байланысты және
осының негізінде еңбеккердің қабілеттілігі мен икемділігі ескеріледі.
Қызмет айырбастау түрі шаруашылықты жүргізу типінің мәніне байланысты
болып, оның дамуы сонымен анықталып отырады. Сонымен, бірінші дәрежедегі
мән еңбек өнімінің өндірістен тұтынушыға қозғалыс әдісін тағайындайды және
адамдар арасында белгілі қатынастар туғызады. Тауар өндірісте қызмет
алмасу айналыс арқылы жүреді, мұнда тауарлар айырбасы оларға жұмсалған тек
еңбек шығындары негізінде болады. Ұжымдық өндірісте барлық қоғам мүшелері
қоғамға қажетті еңбек жұмсайды. Және барлық қоғам мүшелері қоғамдық еңбекке
мүмкіндігінше қатысады. Демек, еңбек өнімдері қоғамдық еңбек шығындарының
нәтижесі, яғни қоғам алдын-ала еңбекті қайда жұмсау керектігін анықтап
алады. Екінші жағынан, еңбек өнімі қоғамдық еңбектің нәтижесі ретінде еңбек
еткен қоғамның әрбір мүшесіне тиесілі. Барлығы оны пайдалануға және
тұтынуға құқылы. Мұнда тек құқықты жүзеге асыру үшін табиғат заттарына
еңбекті сіңірудің және ұжым ішінде бас тауар айналысына қарағанда ерекше
түрде жүреді.
Үшіншіден, еңбек бөлісінің мұндай жоғары дәрежесінде өндіргіш күштер
сан түрлі болып, қызмет айырбасының ерекше түрі- өндірісті, ұйымдастыру мен
басқару пайда болды.
Не себепті тек ұйымдастыру қатынастары, басқалары қайда? Еңбек
процестерінің көпжақтылығы, еңбекшілердің оның нәтижесінде тең құқылығы,
қажеттілік пен осы өндіру қабілетінің көбеюі ұдайы өндіріс процесінде
ерекше айырбас әдісін талап етеді. Осыған сәйкес өткізудің ерекше түрлері
пайда болады. Айырбастың мұндай түрі ұйымдастыру қатынастары болады,
өйткені мануфактуралық еңбек бөлісіне негізделген ұжымдық өндіріс әртүрлі
қоғамдық өнімдерді өндіру барысын, көптеген жұмысшылардың бірлескен
еңбектерін үйлестіруді қажет етеді.
Қоғамдық өндірістің әртүрлі бөлімдерінде бірлескен еңбекті үйлестіру
өндірістік процестің белгілі бір құрылымын қалады. Нақтылы құрылымының
болуы өнім өндірушілер арасында біршама қатынастар туғызады. Ұжымдық
өндірістегі құрылымдық өзгерістер оларды реттудің белгілі әдісін
қажетсінеді. Демек, ұйымдастыру мен басқару- айырбас мәнінің сыртқы
көрінісі. Бұлай болуы ұжымдық өндірістен туындайды және ол мұнсыз осылай
бола алмайды.
Сөйтіп, ұйымдастыру мен басқару жүйесінің өздігінен қозғалысында
тауарлы өнірістегі экономикалық дағдарыстар сияқты белгілі кедергілер
болады. Сондықтан ұйымдастыру мен басқаруда өзін-өзі реттейтін механизм
болу керек.
Өзі қозғалатын жүйеде өзін-өзі реттеу жоғарыда көрсетілген екі жолмен
жүреді. Біріншісінде ол сапалы жаңа жағдайда , ал екіншісінде тауар
айналысындағы сияқты-дағдарыстар арқылы секірмелі, бұл –шаруашылықты
жүргізу мініне тән емес. Барлық шығындарға қарамастан мұндағы дұрысы,
проблеманы демократиялық жолмен шешу.

1.2 Аралас экономиканың қалыптасу тегін ашатын шын мәніндегі алғы
шарттары.

Тарихи алғы шарттарды анықтау мынандай сұрақтарды туғызады: пайда
болған қоғамдық өндіріс түрінің әрекет ету негізіне не жатады? Мәнін
сипаттайтын бұл заңдылықтар нақты қандай түрлерден шығады? Қоғамдық
өндірістің өтпелі, басқадан енгізілген жолсерік түрлеріне ойша алшақтасақ,
К.Маркстің байқағанын көруге болады. Ол былай деп жазды: Көп операциядан
тұратын дербес қолөнерінің жеке-дара өнімінен тауар қолөнершілер одағының
өніміне айналады. Одақтың әр мүшесі операцияның белгілі бір бөлігін
орындайды. Басқа бір жерде ол мынаны атап өтті: Нюрнберг қолөнерінің жеке-
дара өнімінен сағат көптеген жұмысшылардың қоғамдық өніміне айналды.
Қазіргі өндірістің шыңдығы мынада: қоғамдық өнім бірлескен еңбектің
нәтижесі деп айтуға болады. Алайда, экономикалық әдебиеттерде өзге пікірлер
бар. Осылардың ішінде тікелей қоғамдық өнім деген категория ретінде ұсынды.
Мұны В.Н. Черковец былай жазды: ... егер...капитализмнің бастапқы түрі
тауар дегенге ұқсастық іздесек, онда мұндай түр тікелей қоғамдық өнім
болады.... Оның бойында қоғамдық өнімге тән белгілері мен қасиеттері
болғанымен, қазіргі өндіріс пен ондағы қатынастар еңбек өнімін тікелей
қоғамдық өнім деп сипаттау дәрежесіне жеткен жоқ.
Заттық күш қасиетерінен шығатын еңбек өнімнің факторын жоғарыдағы
моментермен шатастырмау үшін дәл сипаттау керек- ол тұтыну пайдалылығы.
Соңғы жағдай тікелей қоғамдық өнімнің қоғамның жекелеген мүшесі мен
барлығының жаппай тұтыну үшін өндіріледі және ол пайдаланылуына қарай
болады. Тұтыну пайдалылығы- ұжымдық өндіріс жағдайында өндірілген өнімнің
сапалық жағы. Демек, ол- қоғамдық өндірістің қасиеті.
Қоғамда өндірілген өнімге белгілі қатынастар жолсерік жасайды. Бұл
өндірушілердегі артық өнім және басқалардың оларға қажеттілігі айырбас
түріндегі айналысты тудырады. Құн-еңбек өнімінің факторы ретінде тауар
түрінде көрінеді, бірақ ол табиғатынан берілген қасиет емес, белгілі
қатынастар нәтижесінде пайда болып, осы себепті тек ол тауар болады. Құн
болмаған жерде тауар айырбасы тумайды, эквивалентті айырбас жоқ, құнсыз
тауар, тауарлы қатынастар болмайды.
Ұжымдық өндірістегі жоспарлы қатынастардың басты буыны – есеп пен
бақылау. Ұжымдық өндіріс жағдайында өнімдерді жасау әртүрлі еңбек
ресурстары арқылы жүреді, олардың сипаты мен күрделілігі түрлеше. Ұжымдық
өндірістегі еңбек процесі-үздік процесс, ол жұмысшылардың қабілеттері мен
шеберліктеріне , оларға әсер ететін машиналардың өнімділік техникалық
параметрлеріне байланысты. Бұл құбылыстар объективті түрде келістүруды
қалайды, бірақ өздері оны істей алмайды. Белгілі бір өнірістің ішінде
жұмысшы топтарының немесе жекелеген адамдардың қызметтері айырбасын тепе-
теңдестіруді қамтамасыз ететін үйлестіруді жүзеге асыру үшін есеп пен
бақылау қажет.
Есеп пен бақылау өндірістік процестерді айырбас және бөлу
қатынастарын үйлестірудегі нышандардың қызметінен бастау алады.
Шаруашылықты жүргізулердің қызметінің нәтижесі ретінде есеп пен бақылау
үйлестіруде сыртқы нәрселер сияқты. Алайда бақылау және есеп ұжымдық
өндіріске тән нәрсе. Тап осй күйінде олар ұжымдық өндірістің қажетті
элементті. Есеп пен бақылаудың міндеттері туралы В.И.Ленин бірінші рет
айтқан болатын. Ол былай деп жазды: Есеп пен бақылау –міне бұл коммунистік
қоғам формациясының дұрыс қызмет істеу ішін басты нәрсе, Өнімдерді өндіру
мен бөлудегі жалпы мемлекттік есеп жүргізу, жалпы мемлекттік есеп –бұлар
сициалистік қоғамның қаңқасы.Сөйтіп, есеп пен бақылау жоспарлық құбылыстың
табиғатына тән. Оларды пайдалану-әртүрлі тарихи формадағаы ұжымдық өндіріс
үшін өмірлік қажеттілік.

II
Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары.

2.1 Аралас экономика қалыптасуының материалдық-техниклық негізі.

Ұжымдық өндіріс шаруашылықты жүргізу типі ретінде тарихи жағынан таза
күйінде алғашқы қауым құрылысының бастапқы кездерінде де болған жоқ. Ол
туралы натуралды, одан кейін тауарлық өндірістің оқшауланған кезінен ғана
айтуға болады. Капитал феодалдық қоғамның даму барысында укладтың бірі
ретінде тек еңбекті қамтып қоймай, ұсақ қолөнер өндірісін өзгертіп, оны
жоғары , өндірістің түрі- кооперация. Кооперативтік еңбектегі барлық
артықшылық капиталистік өндірістің ұсаққа қарағанда артықшылығы болып
көрінеді. Кооперацияның өзі капиталистік шаруашылыұтың ерекше түрі.
Кооперация қолөнершілердің жеке-дара еңбектерін капиталистік
өндіріске біріктіріп, еңбек процестерінде төңкерістің негізі болады. Тек
кооперацияның арқасында еңбектің қоғамдық өндіргіш күш ретіндегі өнімділігі
артады. Еңбектің қоғамдық өндіргіш күшінің артуы еңбек процесінде бірінші
өзгеріс болып, капиталға бағынады. Бұл өзгеріс-өндірістің технологиялық
қайта өзгерістерінде төңкерістің алғашқы қадамы.
Кооперациядан басталған еңбек процестеріндегі өзгерістер
мануфактурада жалғасады. Мануфактура жұмысшысын жиынтық жұмысшы органның
мүшесіне айналдырады. Жекелеген жұмысшыларда бір жақты шеберлік қабілеттері
жетілген, ал жиынтық жұмысшыда ол көп жақты болады. Жеке жұмысшы жалпы
қолөнерді білмейді, мануфактура істеу мүмкіндігінен айырылған, яғни
техникалық жағынан еңбек құралдарына бекітілген, соңғысының қосалқы
бөлшегі. Қол еңбек пен қолөнердің негізінде пайда болған мануфактура еңбек
құралдарының мамандануын туғызады, оларды өте шебер пйдаланады.
ХIХ ғасырдың екінші жартысында бастап техниканың дәрежесі мен
сипатында сапалық өзгерістер болады. Олардың ішіндегі-металлургия, химияда,
машина жасауда, инфраструктура құрылымында- мануфактурадағы еңбек
бөліністеріңнің одан әрі дамуын, демек, ұжымдық қатынастардың да алғы
шарттарын жасайды. Іштен жанатын двигательдер электр және т.б. цехтардың,
участоктердің, арнаулы кәсіпорындардың құрылуына , әртүрлі экономика
саласында жұмыскерлердің пайда болуына негіз болды.
Машиналы өндірістің принциптері-өндіріс процестерін құрамды
бөліктерге бөлу және мәселелерді машиналар, химия және т.б. арқылы шешу
өндірістің индустриализациялау дуәірінің талабына сай келеді. Машиналы
өндіріс ірі өнеркәсіпті туғызды, мұнда өндіріс өндірісті өмірге келтірді,
осылардың негізінде өндірістің артықша өсу заңын шығып, дамыды.
Қарастырылып отырған экономикалық дәуір электр энергиясын өндіру,
жаңа техниканы игерудің басты факторы еді. Халық шаруашылығына электрді
еңгізу техникалық прогрестің негізі болып, табиғат ресурстарын тиімді
пайдалануға, өндіргіш күштері мол істерге жол ашып, энергияны қолданатын
өнеркәсіп салаларын дүниеге әкелді.
Екінші бағыт-қоғамдық өндіріске жоғары өнімді өндіріс құрал-жабдықтары
енгізіледі, олар жеке-дара еңбек бөлісін математикалық аппараты бар
машиналар жүйесімен бірлікте дамытатын принциптерге негізделген.
Жоғарыдағы бағыттан кейін үшінші бағыт туады. Ол- қоғамдық өндірістегі
технологиялық буындар санының азаюынан көрінеді. Бұл тенденция енді
байқалып келеді, оның болашағы техникалық проблемаларды шешуде жатыр.
Мақсат-соңғы өнімге баратын табиғат зат өтетін техниклық буындар санын
азайту. Әртүрлі материалдық өндіріс салалардағы технологиялық буындар санын
қысқарту еңбек өнімділігн өсіреді, қоғамдық өндірістің материал
сіңіргіштігін азайтады, шикізат пен еңбек ресурстарын үнемдейді,
жоспарлауды жетілдіреді, табиғи ортаны сақтау, ең соңында еңбектің
қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі көбейеді.
Машиналардың, ірі кәсіпорындардың бастапқы және одан кейінгі
кезеңдерінде, әсіресе, тауарлы қатынастардың индустриалдық дәуірдегі
үстемдігі тұсында ұжымдық өндіріс дами келе, ұлғаяды.Сонымен қатар оның
заңдылықтыры соншалық қайта өзгереді, ол туралы енді былай айтуға болады:
...Капиталистік меншік, оның негізінде нақтылы өндірістің ұжымдық түрі
жатыр...Қоғамдық өндірістің мұндай жағдайы таза тауарлы немесе ұжымдық
өндіріс деп атауға, жазуға да қарсы болады. Мұндай өзгерістер қоғамдық
өндірістің түрі, меншіктің түрі дәрежесінде атап өтуге де, ерекшелеуге де
болмайды.
Өндіргіш күштердегі, өндірістегі өзгерістер меншіктің жаңа түрінің-
ұжымдықтың пайда болуына әкеледі. Меншіктің жаңа түрінің өмірге келуі
бұрынғылардың ішінде жаңа қатынастарды қалыптастырады. Бұрынғылардың
негізінде жаңа құбылыстардың өзара байланыстарын қайта өзгерту жүйесі
жетіспейтін түрлер мен тәсілдердің табысуы арқылы жүреді. Мұның бәрі жаңа
құбылыстың қалыптасқандығын көрсетеді. Ол өз бойында қоғамдық өндіріс
түрінің бұрынғы заңдылықтары (тауарлы ) және жаңасын ( ұжымдық) сіңіреді.
Бұл жаңа құбылыс- аралас экономика.

2. Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері

ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар,
конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамайды.
80-жылдарда да негізінен аралас экокномиканы мемлекет пен жеке сектордың
есепке негізделген некеге отырулары деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш,
Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс
экономистеріне тән.
Бұлардың ой-пікірлерінде аралас экономиканың өмір сүру кезеңдері туралы
алшақтық бар. Айталық Э.Шонфилдің айтуынша, аралас экономика үстіміздегі
ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э.Ролдың айтуынша, Ұлыбританияда
200 жылдай өмір сүрген. Мұндай алшақтықтың себебі аралас экономиканың
анықтамасын, оның мәнін терең аша алмайды.
Бұрынғы КСРО-ның қазіргі экономистерінің теориялық еңбектерінде:
бұл проблеманы түсінуде үш негізі бағыт анықталады. Біразы аралас
экономиканы көп укладтықпен теңестіреді. Екіншілері аралас қоғамды
формацияға жатпайтын қоғамның типі деп қарайды. Ең соңында, үшіншілері
бұл қоғамның сипатын өтпелі типке жатқызады. Көзқарастарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аралас экономика кезеңінде
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Аралас экономиканың концепциясының эволюциясы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Аралас экономиканың қалыптасуының теориялық ас – пектісі
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика
Аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалы
Қазақстанда нарықтың қалыптасуы ерекшеліктері мен заңдылықтары
Меншік формаларының әр алуандығы - нарықтық экономиканың негізі
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Пәндер