«Қазпочта» АҚ құрылымдылық ұйымы



Қазпочта бүгін - бұл көп қызметті қаржылық супермаркет болып табылады. Еркін бәсекелік жағдайында почта қызметтері жаңа стратегиялар мен жаңа коммерциялық жолдарды өндіруде. Радио болсын, телефон болсын, Интернет болсын адамзатты почтадан айыра алмады, керісінше, қазіргі жағдайларда почта байланыс құралы ретінде таяу уақытта жойылады деген торығушылық болжамдарға қарамастан, өз дамуын жалғастыруда.Почта қызметінің әлемдік нарығындағы негізгі үрдісі - көптеген қызметтерді кіргізетін, әсіресе қаржы қызметін, әмбебап почта қызметін құру болып табылады. Қазіргі почта – жеке, әрі заңды тұлғаларға почталық, агенттік және қаржылық қызмет көрсету кешеніне бағытталған.
Күшті бәсекелік жағдайларда қазіргі клиенттерді сақтап қалу мен жаңа клиенттерді тарту үшін күннен-күнге өсіп келе жатқан клиенттердің талаптарын қанағаттандыратын жаңа қызмет түрлерін дамытуымыз керек. Осыдан, интернет - хабардар қызметтердің дамуы орасан зор қызығушылық білдіруде. Қазақстанда дүниежүзілік желінің халықты қамту деңгейі шет елдердің ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда төменірек болғанына қарамастан, осы бағыттың болашағы айқын - нақты уақыт тәртібінде кең ауқымды қаржылық, мысалы, төлемдерді алу, депозиттерді ашу сияқты қызметтерді көрсету болып табылады. Интернет-сайт арқылы каталогтар бойынша тауарларды сатуға, филателия өнімдерін сатуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, мерзімді басылымдарға жазылуға, қашықтан оқытуды жүргізуге болады.
2001 жылдан бастап ұлттық почта оператордың барлық бөлімшелерін-де қаржылық және агенттік қызметтер көрсетіле бастады. Почта бөлім-шелерінде жеке тұлғалардан және мемлекеттік органдар өкілдерінен республикалық бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жасау үшін ақшалай төлемдер қабылданады, халықтан телекомму-никациялық, электр қуаты мен басқа да коммуналдық қызметтер үшін төлемдер қабылдайтын орындар желісі кеңейтілді. Почта банктердің, сақтандыру компаниялардың құнды қағаздар портфелімен басқару қызметін жүзеге асыратын және жинақтауышы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметін, жүзеге асыратын ұйымдардың және басқа банктік емес қаржылық мекемелердің ресми өкілі болып отыр.
Бүгінгі таңда қазақстандық почта екінші деңгейлі банктердің агенті ретінде халыққа тұтыну несиелерін беру бойынша қызметтерді жүзеге асыруда. Жуырда қазақстандықтар үшін почта ақша алатын (осы мақсатпен банкоматтар орнатылуда), оларды басқа қалаларға немесе шет елдерге жіберуге, сонымен қатар сақтандыруды ресімдеуге, ақшаны құнды қағаздарға салуға, салымдар бойынша сыйақы алуға болатын бірыңғай супермаркеті ретінде болмақ. Қоғам филиалдарында көптеген процестерді автоматтанды-руға мүмкіндік беретін, банктік операцияларды, почта жөнелтімдерді ресім-деу, әкімшілік-шаруашылық жұмыстарды, бюджеттеу мен құжат айналымы сияқты, Корпоративтік Ақпарат Жүйесі (КАЖ) белсенді енгізілуде. Яғни, хаттарды, жүктерді жіберу, ақша аудару, мерзімді басылымдарға жазылу, жеделхаттарды қабылдау, зейнетақыны, стипендия мен еңбекақыны төлеу жедел уақытта орындалатын болады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазпочта бүгін - бұл көп қызметті қаржылық супермаркет болып табылады.
Еркін бәсекелік жағдайында почта қызметтері жаңа стратегиялар мен жаңа
коммерциялық жолдарды өндіруде. Радио болсын, телефон болсын, Интернет
болсын адамзатты почтадан айыра алмады, керісінше, қазіргі жағдайларда
почта байланыс құралы ретінде таяу уақытта жойылады деген торығушылық
болжамдарға қарамастан, өз дамуын жалғастыруда.Почта қызметінің әлемдік
нарығындағы негізгі үрдісі - көптеген қызметтерді кіргізетін, әсіресе қаржы
қызметін, әмбебап почта қызметін құру болып табылады. Қазіргі почта – жеке,
әрі заңды тұлғаларға почталық, агенттік және қаржылық қызмет көрсету
кешеніне бағытталған.
Күшті бәсекелік жағдайларда қазіргі клиенттерді сақтап қалу мен жаңа
клиенттерді тарту үшін күннен-күнге өсіп келе жатқан клиенттердің
талаптарын қанағаттандыратын жаңа қызмет түрлерін дамытуымыз керек. Осыдан,
интернет - хабардар қызметтердің дамуы орасан зор қызығушылық білдіруде.
Қазақстанда дүниежүзілік желінің халықты қамту деңгейі шет елдердің ұқсас
көрсеткіштерімен салыстырғанда төменірек болғанына қарамастан, осы бағыттың
болашағы айқын - нақты уақыт тәртібінде кең ауқымды қаржылық, мысалы,
төлемдерді алу, депозиттерді ашу сияқты қызметтерді көрсету болып табылады.
Интернет-сайт арқылы каталогтар бойынша тауарларды сатуға, филателия
өнімдерін сатуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, мерзімді басылымдарға
жазылуға, қашықтан оқытуды жүргізуге болады.
2001 жылдан бастап ұлттық почта оператордың барлық бөлімшелерін-
де қаржылық және агенттік қызметтер көрсетіле бастады. Почта бөлім-
шелерінде жеке тұлғалардан және мемлекеттік органдар өкілдерінен
республикалық бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер
жасау үшін ақшалай төлемдер қабылданады, халықтан телекомму-никациялық,
электр қуаты мен басқа да коммуналдық қызметтер үшін төлемдер қабылдайтын
орындар желісі кеңейтілді. Почта банктердің, сақтандыру компаниялардың
құнды қағаздар портфелімен басқару қызметін жүзеге асыратын және
жинақтауышы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі
инвестициялық қызметін, жүзеге асыратын ұйымдардың және басқа банктік емес
қаржылық мекемелердің ресми өкілі болып отыр.
Бүгінгі таңда қазақстандық почта екінші деңгейлі банктердің
агенті ретінде халыққа тұтыну несиелерін беру бойынша қызметтерді жүзеге
асыруда. Жуырда қазақстандықтар үшін почта ақша алатын (осы мақсатпен
банкоматтар орнатылуда), оларды басқа қалаларға немесе шет елдерге
жіберуге, сонымен қатар сақтандыруды ресімдеуге, ақшаны құнды қағаздарға
салуға, салымдар бойынша сыйақы алуға болатын бірыңғай супермаркеті ретінде
болмақ. Қоғам филиалдарында көптеген процестерді автоматтанды-руға
мүмкіндік беретін, банктік операцияларды, почта жөнелтімдерді ресім-деу,
әкімшілік-шаруашылық жұмыстарды, бюджеттеу мен құжат айналымы сияқты,
Корпоративтік Ақпарат Жүйесі (КАЖ) белсенді енгізілуде. Яғни, хаттарды,
жүктерді жіберу, ақша аудару, мерзімді басылымдарға жазылу, жеделхаттарды
қабылдау, зейнетақыны, стипендия мен еңбекақыны төлеу жедел уақытта
орындалатын болады. Сонымен қатар, КАЖ төлемдерді қабылдауды, салымдарды
қабылдау мен төлеуді, валюта айыр бастауды және басқа да көптеген
операцияларды едәуір жеңілдетеді. Қазақстан почтасы бүкіл республикамыздың
аймағын қамтитын бірыңғай желісіне ие болғандықтан, жеке жедел-жеткізу EMS
(Express Mail Service) қызметінің дамуына жігер салып отыр, бұл қызмет
балама операторларымен бәсекеге түсе алады. Бірақ олардан бірден-бір
артықшылығы ірі қалаларға болсын, еліміздің ең шет аймақтарына болсын
маңызды құжаттарды өз күшімен жеткізіп бере алады.
Шетел әріптестеріміздің логистикалық жүйені тиімді ұйымдастыру
саласындағы тәжірибелерін белсенді үлгі етіп алудамыз. Біздің мамандарымыз
жүктерді және почталық жөнелтімдерді өңдеу мен тасымалдау процестерін
автоматизациялау саласындағы қазіргі технология-лық шешімдерімен танысуда,
почталық жөнелтімдерді қадағалау жүйесін жетілдіруде, нәтижесінде бұл тек
біздің көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырыпқана қоймай, логистикалық
бизнеске табыстың маңызды және тиімді көзі ретінде қарауға мүмкіндік бере
алады.
Сөзсіз, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты
бүгінгі күні почтаның алдында алдыңғы жылдарға қарағанда, күрделі де жүзеге
асырылуы қиынға соғарлық міндеттер тұр. Бірақ почтаға қыр көрсететін,
қарқынды дамып келе жатқан сандық технологиялар керісінше почта саласына
экономикалық әл-әуқатын орнатуға және прогреске өз үлесін қосуға
көмектесетін тамаша мүмкіндік ретінде қарастырылуы тиіс. Почта байланысы
республиканың саяси тұтастығын және ақпараттық бірлігін қамтамасыз ететін
бірден бір факторы болып табылады. Ендеше Қазпочта АҚ сансыз
қызметкерлерінің күнделікті жұмысы елімізді біртұтас қылып жатқан қосылғыш
десек те артық болмас.

1. Қазпочта АҚ Құрымдылық ұйымы
Қазпочта акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының барлық
аумағында қаржылық және әлеуметтік институттар арасында аймақтық
бөлімшелердің ең үлкен желісіне ие.

1-сурет. Қазпочта АҚ–ның құрылымы

• Қоғамның көрсететін қызметтердің негізгілері бұл жазба хат-хабарлар
мен сәлемде-мелерді жіберу мен жеткізу; хабарламалар мен шоттарды,
зейнетақы мен әрдемақыларды, газет-журналдарды, смарт карталарды
жеткізетін агенттік қызметтер, EMS-Kazpost шабармандық қызметі, мерзімді
баспасөз басылымдарға жазылу.
• Қоғамның құрылтайы ретінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
мүлік және жеке-шелендіру комитетінің атынан Қазақстан Республикасының
Үкіметі болып саналады. Қазпочта АҚ дара акционері ретінде Қазақстан
Республикасы Ақпараттандыру мен байланыс жөніндегі агенттігі болып саналады

• Қоғам 2000 жылғы 7 қаңтарынан бастап ашық акционерлік қоғам
үлгісінде жаңа Жарғы тіркеді.
• Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Почта туралы
Заңы қабыл-данды, осы Заң почта қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейді, почта қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, почта
байланысы саласындағы мемлекеттік органдардың құзыретін белгілейді.
• Қазақстан Республикасы Үкіметі 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1386
Қаулысы бойынша Қоғам Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы
болып белгіленді, мемлекет тұлғасында меншік иесі болып табылатын, баршаға
қолжетімді почталық қызметтерін, арнайы байланыс қызметтерін ұсыну,
қаржылық қызметті және қаржылық қызметтер көрсету міндеті Ұлттық почта
операторына жүктелген.
• Қазпочта ААҚ 2004 жылы 1 қаңтарда акционерлік қоғам ретінде қайта
тіркелді.
• Қоғамда АФН 2004 жылғы 15 шілдесіндегі №14 лицензиясы бар, бұл
лицензия ұлттық және шетел валютасында банк заңдарында көзделген
операцияларды жүргізуге құқық береді.
• Нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен
бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметпен айналысуға АФН 2004
жылғы 3 ақпанда қоғамға лицензия берді. Осылайша, республикамызда почта
саласы мен почта жинақ жүйесін дамыту жөнінде мемлекеттік саясат орнатылған
және почта саласында мемлекет саясаты-ның негізгі бағыттарын қамтамасыз ету
мен іске асыру жөніндегі іс - шаралар жүргізілуде.

2-сурет. Қазпочта АҚ-ның құрылымдық функциясы.

1.1 Халықаралық Ынтымақтастық
Қоғам шетел ұйымдары мен почта әкімшіліктерімен халықаралық
ынтымақтастықты орнату саласында белсенді жұмыс жүргізуде. Байланыс
саласындағы өтіп жүрген мәжілістерге, сессияларға, конференцияларға,
сонымен қатар дүниежүзілік почта одағы мен Аймақтық Достастық органдарының
семинарларына компания өкілдері белсенді қатысады. 2005 жылы халықаралық
достастығының келесі бағыттары қарастырылды: почта қауіпсіздік мәселелері,
почталық байланыс сапасын көтеру, елдер арасындағы өзара есеп айырысуды
жақсарту, әуе жолтасымалдарды ұйымдастыру, жаңа ақпараттық-қатынастық
технологияларды қолдану.
Қазақстан Почталық Инвестициялық Банкіне Қызмет сапасының Қорын қайта
құру туралы талабын білдірді. Осы жобаны ДПО Әкімшілік Кеңесі қолдады және
таяу болашақта оның жүзеге асырылуына кірісу болжамдалуда.Қазақстан
Республикасы мен шетел мемлекеттер арасындағы әуе және жер үсті көлігімен
почталық жөнелтімдерді қайта жіберудің бақылау мерзімін енгізу мен
жетілдіру барысында халықаралық почта алмасу орындарынан (ХПАО) Алматы
қаласынан 32 елге жіберілетін бастапқы халықаралық хаттардың бақылау
мерзімдері жүргізілді.
Қазпочта ДПО шеңберінде - Ресей, Украина, Германия, Өзбекстан 4
мемлекеттер арасындағы авиа хат -хабарлардың өту мерзімдерін ұдайы
бақылайды. 2005 жылы осындай келісімдер Әзірбайжан, Армения, Беларус,
Тәжікстан, Түркменстан мемелекеттерімен жасалынды. АБД шегінде ТМД
елдерінің 7 мемлекеттерімен (Украина, Ресей, Қырғызстан, Молдова,
Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения) әуе-жер үсті көлігімен өтетін жазбаша хат -
хабарлардың өту мерзімдерінің бақылау тексерістері өткізілді.
•Қазақстанның почта әкімшілігі Дүниежүзілік почта одағының және
байланыс саласындағы Аймақтық Достастықтың мүшесі болып келеді. 2004 жылдың
қыркүйек айында өткен ДПО 23-ші Конгресінде Қазақстанның почта әкімшілігі
ДПО Халықаралық бюросы Әкімшілік кеңесінің мүшесі болып сайланды.
•2005 жылы наурыз айында өткен АБД ПБ Операторлар Кеңесінің
мәжілісінде Қазпочта АҚ Басқарма Төрағасы АБД ПБ Операторлар Кеңесінің
Төрағасы болып сайланды.
•2005 жылдың ақпан айында Қазпочта АҚ Германияда өз өкілдігін
тіркеді, бұның мақсаты почта, почта-жинақ, экономикалық және қаржы саясат,
мәмілелерді жасау мен басқа да құқықтық іс-әрекеттерді іске асыру
мәселелері бойынша Қоғамның мүдделерін қорғау болып табылады.
•2005 жылы сәуір айында Астанада Байланыс саласындағы аймақтық
достастығының (АБД) байланыс әкімшіліктерінің мамандарына арналған
Халықаралық почта алмасу үшін есептесу жүйесі туралы тақырыбына арналған
халықаралық семинары өтті. Семинардың жұмысына ТМД мен Балтық елдерінің
Байланыс әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Семинардың кеңесшілері Ресей,
Қазақстан, Беларусь, Украина, Франция, Жаңа Зеландия, Корея байланыс
әкімшіліктерінің өкілдері мен Дүниежүзілік Почта Одағы Халықаралық
бюросының өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты - ДПО 23 -ші Конгресінің
шешімі бойынша 01.01.2006 жылдан бастап әрекет ететін, әлемдік почта
достастықтың мүшелері арасындағы халықаралық почта алмасулары үшін
есептесудің жаңа жүйесінің жағдайын зерттеу.
1.2 Статегияның мақсатары мен міндетері
Почта-жинақ қызметтерінің нарығында Қоғамның серпінді дамуын
қамтамасыз ету үшін алдыңғы перспективада келесі өзекті мақсаттар
белгіленген:
• Почта-жинақ қызметтеріне еркін қатынасын жоғары сапалы деңгейде
қамтамасыз ететін, аймақтық инфрақұрылымын дамыту мен жаңарту.
• Көрсетілетін қызмет жиынын кеңейту және қазіргі банктік өнімдер мен
Интернет - хабардар қызметтерін енгізу үшін технологиялық негізді құру.
• Почта-жинақ қызметтерін дамыту үшін қаржы тетігін қалыптастыру.
• Қазіргі заманда басқару технологияларын ендіру.
2006 жылдың негізгі міндеті почта байланыс бөлімшелерінің жеке
желілерін жетілдіру, бұл оларды күрделі жабдықтау, техникалық бекемдеу,
банктік, компьютерлік және почталық жабдықтарымен жабдықтау жолымен іске
асырылмақ. Қазіргі технологияларды енгізу, материалды-техникалық базаның
жаңартылуын іске асыру үшін Қоғам инвестицияларын күрделі және ақпараттық-
техникалық жарақтандыру деңгейінде почта-жинақ қызметте-рінің үйреншікті
жиынын сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік беретін, аймақ-тық
инфрақұрылымның дамуына жібермек. Аймақтық желі мен жолдардың кең арнасын
оңтайландыруды қарастыратын почта байланысының пайдала-ным көрсеткіштерін
жақсартуға, соның ішінде почта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімі мен
жиілілігін арттыруға бағытталған шаралары негізгі шаралар болып
белгіленген. Алға қойған мақсаттарға, көрсетілетін қызмет жиынын кеңейту
мен жаңа түрлерін енгізу арқасында қол жеткізбекпіз, соның ішінде:
•EMS Kazpost шабармандық қызметін және халықаралық жедел почта
саласындағы әлемнің ірі почта әкімшіліктерімен ынтымақтастықты дамыту.
•Тапсырыстар бойынша, соның ішінде Интернет арқылы сәлемдемелік сауда
жүйесінің шеңберінде сервистік қызмет көрсетумен қатар Тауар-Почта
каталогтары бойынша почта саудасын ұйымдастыру мен дамыту;
•Халықтың тұрғын үй құрылыс жинақтарын қатыстыру және тұтынушылық
несие беру жөніндегі агенттік қызметтерді дамыту;
•Зейнетақылық көшірмелерді жеткізу, несие беру, мәмілелер жасасу
жөнінде сақтандыру ұйымдарға, зейнетақы қорларға, банктерге көрсетілетін
агенттік қызмет ауқымын ұлғайту;
2006 жылы POS-терминалдар мен бакоматтардың жеке желілер базасында
почталық төлем карточкасын шығару мен қызмет көрсету, сонымен қатар жеке
және заңды тұлғалар үшін құнды қағаздар мәмілесін тіркеу пунктарын құру
арқылы трансферагенттік қызметті дамыту сияқты жоғары технологиялық
қызметтерге ерекше зейін қойылатын болады.Қазақ-станның индустриалды-
инновациялық экономикасының дамуына қолғабыс ету үшін технологиялық дамудың
негізгі платформасы ретінде қызмет ететін және бірыңғай ақпараттық аумаққа
қатынасын қамтамасыз ететін, технологиялық процестерді жетілдіру мен
автоматтандыруды жалғастыру. Негізгі шаралар ретінде төмендегілер
анықталған:
• Корпоративтік ақпараттық жүйесін ендіруді аяқтау;
• Қоғамның почта байланыс бөлімшелерінің жеке желілерін жетілдіру;
• Қоғамның материалдық-техникалық базасының жетілдіруін іске асыру;
• Жоғары технологиялық қызметтерді ендіру үшін техникалық негізді
құру.
Ауылдық жерлерде почта-жинақ жүйесінінің кезекті дамуы өндіріс
технологиялардың жаңартылуы мен қазіргі жабдықтауды ендіруді қарастырады,
бұл қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік маңызы зор қызметтерге
қолжетерлікті қамтамасыз ету деңгейі бойынша үзілісті қысқартуға мүмкіндік
береді.
Банктік қызметтердің қамтуын кеңейту мақсатында, әсіресе ауылды
жерлерде тұратын халық үшін Қоғам көрсететін қаржылық қызмет түрлерін
кеңейту жұмысын бастамақ. Осыдан басқа, алдыңғы жоспарда басқа банктік
қызметтерге, сонымен қатар қорлардың шағын бизнес субъектілеріне микронесие
беру қызметтеріне қосылу арқылы көрсетілетін агенттік қызметтер аясын
кеңейту аясында қоғамның қызметін жандандыру.
Төлем карточкалардың Ұлттық банкаралық жүйесінің мемлекеттік даму
бағдарламасының шеңберінде микропроцессорлық карточкалардың шығарылымын
жүзеге асыру жоспарлануда және солардың базасында бірыңғай қолма-қол
бөлшекті төлем жүйесін құру. 2005 жылы қалалық жерлерде орнатылған 42
бакоматтар мен 1526 POS-терминалдардың базасында ірі ауылдар мен аудандар
деңгейінде микропроцессорлық карточкаларды шығару арқылы ақшалай төлемдер
жүйесі іске асырылды.
2006 жылы POS-терминалдар мен бакоматтар желісі негізінде бөлшекті
банктік қызметтердің қолма-қол төлеу механизмі енгізілмек. Бұл еңбекақы,
зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу механизмін жетілдіруге;
коммуналдық төлемдерді жинау, көлік және байланыс қызметтерін төлеу
процестерін оңтайландыруға; бюджеттік, салық, кедендік және өзге міндетті
салымдарды қолма-қол алуды жүзеге асыруды және қолма-қол ақшаны эмиссия-лау
шығынын қысқартуға мүмкіндік туғызады.
Мемлекеттің электрондық үкіметін құру жобасын іске асыру үшін,
қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіру арқылы
Қоғамның аймақтық желілерін жетілдіру жоспарлануда. Почта байланыс
бөлімшелерінің бөлшекті желілері арқылы электронды үкімет жүйесіне еркін
қол жеткізу халық пен мемлекеттік органдардың кеңестік-құқықтық қызметтер
деңгейіндегі мекен-жайлық әрекеттестігін, сонымен қатар олардың төлемдерін
қамтамасыз ететін ақпараттық арнаның жұмыс істеуін сипаттайды. Осылайша, ең
алдымен, халықтың виртуалды қызмет көрсету арқылы ақпараттық қорларға және
министрліктер мен ведомствалар қызметіне кол жетерлікті қамтамасыз ету
көзделуде, бұл почта байланысының автоматтандырылған бөлімшелерінде
мемлекет ұсынған әлеуметтік маңызы зор қызметтерге уақытылы кіруге
мүмкіндік береді.
Құнды қағаздардың ұлттық нарығының техникалық инфрақұрылымын дамыту
және оларды халық арасында таратуда қолғабыс ету үшін Қоғамның аймақтық
желісі негізінде трансферагенттік қызметін дамыту жөнінде шаралар
өткізілмек. Осы жоба халықтың қаржы құралдарын нақты субъектілерді
инвестициялау мен даму бағдарламаларына тартуға мүмкіндік береді. Қаржы
нарығындағы жеке операцияларды қолдау бағдарламасының құрылуы, клиенттің
қаржы құралдарын сенімді басқару, алдыңғы ақпараттық технологияларды
қолдану сияқты жағдайлар клиенттерді тартып бекітуіне, ұзақ мерзімді тиімді
әріптестік жүйесін құруына мүмкіндік жасайды. Қоғамның кеңінен тараған
бөлімшелерінің негізінде Қазақстанның облыс орталықтарында, аудандар мен
қалаларында әртүрлі қаржы институттары және олардың клиенттері арасында
бағалы қағаздар нарығында қолданыстағы құжаттарды қабылдау-табыстауды
қамтамасыз ететін пункттер ашылатын болады, сонымен қатар жеке тұлғаларға
бағалы қағаздармен меншік құқығын беретін мәмілелер жасауға мүмкіндік
беретін, бағалы қағаздарды сату-сатып алу пунктері жұмыс істейтін болады.
Интернет - хабардар қызметін дамыту аясында филателия өнімдерін сату,
Интернет-жазылым жобасын енгізу, сонымен қатар Интернет арқылы каталогтар
бойынша тауарларды сату жобасы енгізілетін болады.

1.3 Компанияның инвестициялық саясаты
Өз арсеналында жетілдірілген инфрақұрылым мен реттелген логистикасы
бар халықаралық почта операторлардың келулеріне байланысты почта
нарығындағы үдемелі бәсекелік жағдайда материалды-техникалық базасының
жаман халы мен бытыраңқы почта желісінің күтімі нәтижесінде Ұлттық почта
операторының ұстанымының әлсіреуі орын алуда.
Отанымыздың почталық нарығындағы халықаралық почта операторларының
бәсекелік басымдылығы тек қала деңгейінде бекітілуіне ғана әсерін тигізді.
Қоғам ауылды жерлерде почталық және банктік қызметтері нарығында үстемдік
жүргізуде.
Ұлттық почта операторының қамту жағынан және елді жерлерде почта
бөлімшелерінің бөлшекті желілерінің орналасу жағынан қала мен ауыл
арасындағы почта-қаржылық ағынын ұштастыратын жалғыз арна десек те болады,
осыдан басқа почта операторлары да бұның құралдарымен қолдануда.Осыған
байланысты почталық инфрақұрылымның жетілдірілуі мен жаңартылуына себепші
бола алатын, инвестициалық процестердің дамуында қоғамның ролі өте зор.
Осыған байланысты Қоғамның инвестициалық бағдарламасының негізгі
басымдылығы почта-жинақ инфрақұрылымын жетілдіру. Бұл мына міндеттерді
шешуді болжамдайды:
• Кең ауқымда почталық және банктік қызметтерді көрсете алатын, өз
бөлшекті желілерін құру;
• Магистралды тасымал жүйесін жетілдіру;
• Почта байланыс бөлімшелерін компьютеризациялау мен оларды почта
жабдықтармен жарақтау;
• POS-терминалдар мен банкоматтар желілерін салу.
Сапалы қызмет көрсететін почта желілерін құру үшін күрделі жайластыру,
почта бөлімшелерін техника жағынан қайта жарақтандыру мен оларды
жиһаздармен жабдықтау, почта вагондар паркін және автопарктің жаңарту
Қоғамның жарғылық капиталын толықтыруға республикалық бюджет қаражатынан
2913,4 млн. теңге тарту жоспарланып отыр және автокөлік паркін жаңарту
мақсатында 418,1 млн. теңгесі ИДБ несиесі тартылмақ.
Өдірістік объктілерде компьютерлендіру деңгейін көтеру және почта
мен банктік құрал-жабдықтарды орнату шаралары келесі қаржыландыру көздері
арқылы жүзеге асырылатын болады: сомасы 348,6 млн. теңгеге жарғылық
капиталын толтыруға республикалық бюджет қаражатынан және сомасы 1162,5
млн. теңге қаржы институттарының несиелері тартылмақ.
Қоғамның жоспарланған кезеңдегі Инвестициялық бағдарламасы
мынадай инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған: жалпы сомасы
4842,6 млн. теңгеге Почта-жинақ қызметін дамыту, Қазақстан
Республикасының почта-жинақ жүйесінің 2005-2010 жылдарға арналған даму
бағдарламасы, Қазақстан Республикасының почта байланысын жетілдіру және
почта-жинақ жүйесін қалыптастыру.
Жобаларды қаржыландыру көздері:
• 70,9 млн. теңге Қоғамның 2006 жылғы облигациялық қарызы;
• 418,1 млн. теңге Ислам Даму Банкінің 2006 жылғы қарызы;
•жалпы сомасы 3262,0 млн. теңге 2006-2008 жылдардың жарғылық
капиталын толтыруға республикалық бюджет қаражаты;
•сомасы 1091,6 млн. теңге отандық қаржы институттарының қаражаттары.

1.4 Перспективалық бағытар

Ұлтық төлем карточкасы- 2006 жылы қалалық және ауылдық жерлерде POS-
терминалдар мен банкоматтар орнату арқылы почталық төлем карточкалардың
жүйесін енгізу жобасы жалғастырылады. Төлем кар-точкалардың кейінгі дамуы
жалақылық несие, ақша аударымдары, салықтар мен коммуналдық төлемдерді
төлеу сияқты қосымша қызметтердің автоматты түрде қосылуын ұйғарады,
сонымен қатар ауылды жерлерде тұратын зейнеткерлер мен бюджеттік ұйымдардың
қызметкерлеріне зейнетақыларын уақытылы есептелуіне және кезкелген уақытта
ақшаны алуға мүмкіндік беретін болады. Мемлекеттің барлық аймағын қамтитын
кең таралған филиалдық желінің бар болуы почта желісі қосылудың артық жері
болып отыр және күрделі қаржыландыруды керек етпейді. Ауылды жерлер үшін
бірден-бір кедергі телекоммуникациялық қызметтерге қосылған елді
мекендердің шектеулі саны болуы мүмкін.

Логистикалық қызметер- Біздің келесі жобамыз басымдылық почтаны
әуежол көлігіне аудару жолымен логистиканы жетілдіруімен байланысты. Осыған
орай, қазіргі уақытта жүк тасымалдау ағынын қамту жағынан халықаралық
әуемаршруттары зерттелуде.Біздің мемлекетіміздің тиімді геоорналасуы және
шығысеуропалық, орта азиялық, Қытай мемлекеттерінің почта инфрақұрылымын
ұштастыру мүмкіндігімен бұл саладағы бизнестің табыстылығы кепілденеді. Бұл
таурларды почтамен қайта жіберу нарығында (негізін) орнын жоғалтпауға
мүмкіндік береді.

Трансфер-агенттік қызметі- Еліміздің барлық азаматтарын почта
бөлімшелер желілердің негізіндегі қаржы рыногының дамуына тарту үшін
Қазақстанның облыс орталықтарында әр түрлі қаржы институттары және олардың
клиенттері арасында бағалы қағаздар нарығында қолданыстағы құжаттарды
қабылдау-табыстауды жүзеге асыратын және бағалы қағаздарды сату-сатып алу
пунктері ашылатын болады. Солардың ішінде директ-маркетинг мақсаттары үшін
орталықтандырылған авторизендірілген жеке және заңды тұлғалардың деректер
базасының құру бұл жеке Интернет-банкингті қалыптастыруға, почта
байланысының көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік бере алатын
автоматтандырылған логисти-калық жүйені ерекше атап өтуге болады.

2.Қазпочта АҚ-ның почталық қызметтері

Жазбаша хат-хабарлар, сәлемдемелер- 2004 жылмен салыстырғанда жазбаша
хат-хабарлар мен сәлемдемелік почта бойынша табыстардың өсімі сәйкес 8%
және 29 ,7% құрады. 2005 жылы жазба хат-хабарлар мен сәлемдемелердің көлемі
28,1 млн. дана және 1,5 млн. дананы құрады.

Мерзімді баспасөз- Қазпочта – мерзімді баспасөз басылымдарын
тарату жөніндегі қызмет рыногында ең ірі ойыншы. Ең шалғай елді мекендерге
дейін жайылған желілерінің арқасында республикада жазылым бойынша
таратылатын газеттер мен журналдардың 85% астамы компанияның бөлімшелері
арқылы сатылады және жеткізіледі. 2006 жылғы 1 қаңтарда жазылымның
қабылданған сомасы 3 ,1 млрд. теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті
көрсеткіштерімен салыстырғанда 16,9% жоғары.
Почта байланысы қызметкерлері мен қоғамдық баспа басылымдарын
таратушыларды материалдық ынталандыру мақсатында жазылым бойынша қоғамдық
таратушыларға комиссиялық сыйақы көлемі 5% -ды құрады.

Ірі габаритті сәлемдемелік жөнелтімдер- Республика рыногында Қазпочта
ірі габаритті сәлемдемелік жөнелтімдерді жіберу жөніндегі қызметті 1999
жылдан бастап көрсете бастады. Ірі габаритті сәлемдемелерге (ІГС) салмағы
10 кг. астам барлық сәлемдемелер кіреді. ІГС қабылдау 21 қабылдау
пунктінде: 14 облыстық филиалда, Алматы және Астана қалаларындағы 2 почта
тасымалдау бөлімшелерінде және 5 почталық байланыс торабында жүзеге
асырылады. Бұл қызмет түрі қарқынды дамып келе жатыр, және көрсетілетін
почта қызметтердің арасында негізгі қызметтерідің бірі болып саналады,
орташа жылдық өсуі 20% құрайды. ІГС қызметін көрсетуден түскен табыс 2004
жылмен салыстырғанда 344 ,9 млн. теңгеден 2005 жылы 433 ,3 млн. теңгеге
дейін немесе 25,6% өсті.
Арнайы Байланыс Қызметі- Арнайы байланыс қызметі 15-тен астам
профильдік емес почталық және арнайы байланыс қызметтерінен тұрады -
құпиясы заңмен қорғалатын материалдар мен мағлұматтар салынған барлық
жөнелтімдердің түрлері, есіктен есікке дейін және есікке дейін принципі
бойынша маңызды, құнды және аса бағалы почталық және арнайы жөнелтімдер.
Арнайы байланыс арналары бойынша жөнелтімдерді тасымалдаудың айтарлықтай
ерекшелігі ретінде жөнелтімдерді қызметтің жұмыскерлердің қарулы күзетпен
барлық аймақтарға және барлық көлік түрлерімен тиісті орнына дейін жеткізуі
болып табылады

2.1 Негізгі нетижелері:
Қазпочтаның табысы 2005 жылы 9087,9 млн. теңгені құрады, яғни 2001
деңгейімен салыстырғанда 2,6 есе көп. Сонымен қатар, осы кезеңде шығын
көлемі де 2,6 есе көп, 2005 жылы сомасы 8914,8 теңгеге жетті. Бірақ таза
табыс өсімі көрсетілген 2001 жылы 110,7 млн. теңгеден 2005 жылы 173,2 млн.
теңгеге дейін өсті.
Почта қызметтерінің арасында 2005 жылы ең көп кіріс өсу көлемі
сәлемдемелер (2004 жылмен салыстырғанда) яғни 29,7%. Сонымен қатар арнайы
байланыс қызметтерінің көрсеткіштері артты (19,8%), мерзімді басылымдар
(16,9%) және жазбаша хат-хабарлар (8,0%).
2005 жылы негізгі қаржы қызметтер табысының өсуі байқалды. Оның едәуір
үлесі коммуналдық төлемдер мен салықтарды қабылдау - 68,8%, сонымен қатар
еңбекақыларды төлеу көлемдері өсті -29,5%, зейнетақы мен жәрдемақыларды
төлеу көлемдері - 28,4% өсті

ЕМS қызметі- 1999 жылдан бастап Қазпочта АҚ ЕМS әлемдік желісін
ұлттық жедел-почта оператордың қызметін атқаруда, Қазақстанда және бүгінгі
күні жедел-жеткізу қызметі Қазақстан Республикасының барлық аймағын
қамтуда. 1 қаңтар 2006 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының
барлық аумағын қамтитын 23 ЕМS-жөнелтімдерін қабылдау пункті жұмыс істейді.
Өткен есепті жылы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ішкі және
халықаралық жөнелтімдерді бақылаудың автоматизацияланған жүйесін ендіру
арқылы ЕМS –Kazpost шабармандық қызметтерін көрсету техноло-гияларын
жетілдіру жұмысы жалғас-тырылмақ. Қазіргі уақытта барлық облыстық
филиалдарда IPS Light халықаралық қадағалу жүйесі орнатылды.
Барлық ЕМS-жөнелтімдердің қабылдау пунктерінде халықаралық қадағалау
бақылау жүйесін орнату жоспарлануда. EMS Kazpost қызметі почталық
байланыс арналары арқылы есіктен есікке дейін және есікке дейін
принципі бойынша клиенттерге ең жылдам почта қызметін көрсетуге арналған.
Жедел почтаның негізгі артықшылығы ең қысқа мерзімде жеткізу, сақталу
кепілдігі, адресаттың қолына табыс етудін сақталуы болып табылады.
2000 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі аралықта жедел ЕМS-
жөнелтімдері бойынша табыс 393 % өсті. Қазақстан аумағында почта
жөнелтілімдердің жиналуын 314 ЕМS-жөнелтілімдердің қабылдау пункті мен жеке
шабармандық қызметі қамтамасыз етіледі. EMS Kazpost жеделпочта жүйесі
жөнелтімдерді бақылау мен көрсетілген қызметке байланысты сұрақтар жөнінде
диспетчерлік орталығын ашты.

Филателия-Өзінің әртүрлілігіне және көркемдігіне байланысты
маркалар әуесқой жинаушылардың дәүір тарихын және қоғамның дамуын
сипаттайтын объектісіне айналды. Марка оны шығарушы елдің визиттік
карточкасы ретінде танылатыны бекер емес. Басқарма бірқатар жылдар бойы 4
бояулы стандартты маркаларды шығарудан басқа, тақырыптамалар бойынша өнім
түрлерін кеңейту, көркемдік деңгейін көтеру және шығарылатын почталық
миниатюралар мен өзге өнімдердің сапасын жақсарту жөнінде жоспарлы саясатты
ұстануда: полиграфиялық орындаудың жаңа түрлері қолданылады, мәнерлік
көркемдігі 4-5 бояуға дейін өсірілді, лак, конгрев, алтын фольгамен
бедерлеу және т.б. әдістер колданылады.
Қазпочта АҚ почта маркаларын шығарумен айналысатын шетел
әріптестерімен тығыз қарым-қатынас жасап, шетел серіктестерінің желілері
арқылы филателия өнімдерін экспортқа шығаруды жүзеге асырады. Қазпочта АҚ
ресми сайтында Қазақстан Республикасының 550-ден астам почта маркаларынан
тұратын электронды каталогы орналастырылған. Өткен жылы республикамыздың
өмірі мәдениеттік оқиғаларға толы болды, Қаз-почта АҚ айналымға енгізіген
маркаларда бұл оқиғалар да лайық бейнеленді.

Зейнетақы, жәрдемақы және еңбекақы төлеу- Қазпочта МЗТО тікелей агенті
болып табылады, ауылдық елді мекендерде зейнетақы мен жәрдемақыларды
төлеуді және бүкіл республика бойынша міндетті санаттағы азаматтарға
үйлеріне жеткізу арқылы жүзеге асырады. 2005 жылы зейнетақы және жәрдемақы
төлеу көлемі 145 млрд. теңге құрады, 2003 жылмен салыстырғанда 26% артты.
Осы қызметтің табысы 2005 жылы 1560 млн. теңгені құрады, яғни
өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 45% жоғары. Осы қызмет
көлемінің және кірістің өсуіне келесі факторлар әсерін тигізді: 2005 ж. 1
шілдеден бастап әр зейнеткерлерге қосымша 3000 теңгеге зейнетақы көлемінің
өсуі; ҰОС жеңісіне 60 жыл толуына байланысты ҰОС мүгедектері мен
қатысушыларына әлеуметтік жәрдемақының өсуі.
Сонымен қатар, Қоғамда орталық аппарат деңгейінде, сондай-ақ
Қоғамның облыс филиалдарында шартқа отырған бюджеттік және басқа
мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеуді жүзеге асыра бастады. 2005 жылы
төленген зейнетақы мен жәрдемақының жалпы сомасы 45,6 млрд. теңгені құрады,
2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 29,5% жоғары. 2005 жылы
зейнетақы төлемдерінің кірісі 300445 мың теңгені құрады, 2004 жылдың
көрсеткіштерімен салыстырғанда 60,5% жоғары. Осы қызмет табысының өсуіне
2005ж. 1 шілдесінен бастап бюджеттік қызметкерлерге еңбекақының 32 %-ға
өсуі ықпалын тигізді.

Ақшалай аударымдар-Бүгінгі күні компания 19 елмен почталық ақшалай
аударымдармен өзара айырбас жасауды, соның ішіне ТМД, Канада, Латвия,
Литва, Туркия, Эстония, Жапония, Польша және Қытай елдері кіреді, сонымен
қатар Швейцариядан түсетін ақшалай аудармдарды төлеуді жүзеге асырады.
2004 жылдың қаңтар айынан бастап Халықаралық қаржылық жүйесі
арқылы Ресей, Украина, Беларусь, Азербайджан және Қазақстан арасында іс-
жүзінде ақшалай аударымдармен алмасу жүргізілуде.

Депозиттер-2005 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, Почталық жедел
депозиті бойынша жаңа (көтеріңкі) сыйақы мөлшерлемесі ендірілді. Сыйақы
мөлшерлемесі теңгелей 5%-дан 8,5%-ға дейін және АҚШ долларлай 3%- дан 6%-ға
дейін құрайды, орналастыру мерзімі 3 айдан- 5 жылға дейін.
1 қаңтар 2006 жылғы жағдай бойынша жеке тұлғалардың салым бойынша
қалдықтары 2,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жедел салымдар-359 млн.
теңге, Талап етілгенге дейін салымдары-2,6 млрд. теңге.Салымдардың өсуі
өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 45% құрады, оның ішінде жедел
салымдары бойынша-41%, Талап еткенге дейін салымдары бойынша-44%.
Қазпочта АҚ-да орналасқан халық салымдарының өсуіне, Талап
етілгенге дейін салымы бойынша 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы
көлемінің 3000 теңгеге дейін көтерілуі, бюджеттік саласындағы
қызметкерлердің еңбекақысының 32% өсуі елеулі әсерін тигізді. Жедел
салымдардың өсуіне 2005 жылдың 1 желтоқсанынан бастап сыйақы
мөлшерлемесінің көтерілуі мен әсіресе ауылды жерлерде тұратын халықтың
сенім білдіруі өз әсерін тигізді, өйткені Қоғам салымдардың сақталуына 100%
кепілдік береді.
01.01.2006 жылғы жағдай бойынша 2005 жылы жеке тұлғалардың
депозиттері бойынша ашылған шоттардың саны 1884793 бірлікті құрады, оның
ішінде жедел салымдар-12787 бірлік, талап етілгенге дейін-1872006 бірлік.
Ұлттық валютадағы (теңге) шоттар саны 1884721 бірлік, шетел валютада (АҚШ
долларлары) -72 бірлік.

2.2 Қаржылық қызметтері
Қазынашылық- Қазақстан Республикасы Үкіметі 2004 жылғы 20 қазандағы
Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының почта-жинақ жүйесінің 2005-2010
жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді. Директорлар Кеңесінің
шешіміне сәйкес Қоғамның есептік саясатына ХҚЕС сәйкестік өзгертулер
енгізілді.
Ақпараттандыру мен байланыс жөніндегі агенттігінің бұйрығына
сәйкес 2005 жылы Қазпочта АҚ жарғылық капиталы 1444709 мың теңгеге
көбейтілді. Қоғам ҚР АФН Қазпочта АҚ акция эмиссиясының төртінші
проспектісін тіркеді.
Қазпочта АҚ-на 2005 жылы ақпан айында Альянс Банк АҚ депозиттің
кепілділігіне, жылдық 11% есебінен, 450 млн. теңге мөлшерінде несие желісін
ұсынды. Standard & Poor’s International Services Inc компаниясы маусым
айында Қазпочта АҚ-на ұлттық және шетел валютасында ВВ+ міндеттемелері
бойынша ұзақ мерзімді несие рейтінгін берді. Болжамы тұрақты, сонымен қатар
қазақстандық ұлттық шкала бойынша kzAA- рейтінгін берді. Тамыз айында
Сити Банк Қазақстан АҚ-нің мерзімді несиелер бойынша кепілсіз жылдық 7,5%
есебінен көлемі 5 млн. АҚШ доллардай несие желісін ашу туралы Бас келісімге
қол қойылды.

3 сурет - Қазпочта АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерінің
өсу қарқыны, %

Комуналдық және басқа төлемдерді қабылдау - Қазақстан Республи-
касы Ұлттық Банкі лицензиясы негізінде 2001 жылдан бастап Қазпочта АҚ
халықтан және заңды тұлғалардан коммуналдық, салық және басқа төлем-дерді
қабылдауы жүзеге асырылуда. 2005 жылы төлемдерді қабылдау табыстары 2004
жыл көрсеткішімен салыстырғанда 70% жоғары, оның ішінде салық төлемдерді
кабылдау 36,4% құрады. 2004 жылы 30 желтоқсанда Қазпочта АҚ және КарТел
арасында K-mobile ұялы байланысы үшін төлемдерді қабылдау шартына қол
қойылды.
GSM Казахстан Казахтелеком АҚ ЖШС және Қоғам арасында K-cell
абоненттерінен ұялы байланысы үшін төлемдерді қабылдау шартына қол қойылды.
2005 жылы K-cell ұялы байланысы үшін төлемдерді қабылдау сомасы 2815,3 мың
теңгені құрады.

Валюталық айырбастау операциялары-1999 жылдан бастап Қазпочта АҚ
шетел валюталарын айырбастау қызметтерін көрсетіп келеді. Қазіргі кезде
Қоғам Colvir компаниясы құрған, Корпоративтік ақпараттық жүйесін
ендіруде. Бастапқы кезеңде байқау жобасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның ұлттық банк мекемесіндегі корреспонденттік шот арқылы банкаралық есеп айырысу
Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы
ҚР-ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы
Институционалдық аспект
Басқарудың экономикалық әдістері
Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің есебі
“Қазпочта” АҚ-ның Алматы филиалының персоналды бақарудағы қызметін талдау
«Қазпочта» ақ компаниясына жалпы сипаттама
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру
Пошта қызметіндегі веб-сайт құру
Пәндер