Internet желісі. Электрондық пошта



Internet желісі.
Компьютерлік желі
Электрондық пошта
Желінің түрлері
Internet - әлемдегі ең үлкен компьютерлік байланыс желілерінің бірі. Алғаш АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін жасалған бұл жүйенің қолданушылары саны санаулы ғана болған, қазір саны күннен-күнге көбеюде. Internet сөзі қазақша халықаралық желі деген мағынаны білдіреді (International
– халықаралық, network - желі). Мұнда пайдаланушы өзін қызықтыратын мәселелері бойынша желідегі дүние жүзі компьютерлерімен байланыс жасай алады.
Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бірігуін айтамыз. Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.Интернетке
қосылу үшін : модем, сымтетік, компьютер қажет.

Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, бағдарламалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.
Қашықтықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресурстарды құрайды.
Компьютерлік желідегі аппараттық және бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты бағдарламалар қызмет етеді.
Әдетте Интернет серверлері түрлі типті, яғни бір бағдарламалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте
қолданылатын бір стандартты тілге аударылады.

Internet желісі.Электрондық пошта.
Internet - әлемдегі ең үлкен компьютерлік байланыс желілерінің бірі.
Алғаш АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін жасалған бұл жүйенің
қолданушылары саны санаулы ғана болған, қазір саны күннен-күнге көбеюде.
Internet сөзі қазақша халықаралық желі деген мағынаны білдіреді
(International
– халықаралық, network - желі). Мұнда пайдаланушы өзін қызықтыратын
мәселелері бойынша желідегі дүние жүзі компьютерлерімен байланыс жасай
алады.
Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бірігуін
айтамыз. Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі
мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз
ету.Интернетке
қосылу үшін : модем, сымтетік, компьютер қажет.

Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, бағдарламалық және ақпараттық.
Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол
құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск,
қатқыл дискінің көлемі.
Қашықтықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық
ресурстарды құрайды.
Компьютерлік желідегі аппараттық және бағдарламалық үйлесімділікті
қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты бағдарламалар
қызмет етеді.
Әдетте Интернет серверлері түрлі типті, яғни бір
бағдарламалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы
жіберілген деректерді басқаларының түсініп оқи алуы үшін алдымен
олар Интернетте
қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол –жүйелік хаттама деп
аталатын TSPIP (Transmission Control ProtocolInternet
Protocol – Тасымалдауды басқару хаттамасы) атаулы жіберу
тілі. Яғни TSPIP-
Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттаманың
қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған мәліметтерді блоктарға бөліп,
бір бумаға кірістіру және қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған
тақырып атын және жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізіп қою.
Желіге тұрақты қосулы және мәліметтердің жинақталған қоры сақталған
компьютерлер Сервер делінеді. Әр сервердің өзіне сәйкес адресі
болады.
Мысалы, www.khabar.kz еліміздегі Хабар телеарнасының сервері. Internet
желісінен қажетті мәліметті табу үшін сервер адресімен қоса ресурс типін
де білу қажет. Көптеген Web-беттерді іздеп табу үшін олардың адрестерін
енгізу жеткілікті. Түрлі желілер мен іздеу құралдарының адрестері көп,
оларды URL (Uniform resouree locator-ресурстың стандартты адресі) адрестер
деп атайды.
Мысалы, http:www.rambler.rutimetable000 2.shtml мұнда
- http: - www ресурсының көрсеткіші, Web-ке ену.
- www.rambler.ru – сервердің Internet желісіндегі адресі, торап
серверінің
(қойма компьютерінің) адресі, яғни төмендегіше.
Ол нүкте арқылы ерекшеленген бірнеше бөліктен тұрады. Оң жақ
шеттегі соңғы бөлік компьютердің қай елге тиістілігін немесе ондағы
мәліметтің қай салаға қатыстылығын көрсетеді. Әріптердің жұбымен ел
таңбаланады. Мысалы,
.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ca – Канада және т.б. Үш әріппен мәліметтің
тиісті қызмет түрі белгіленеді. Мысалы, .com – коммерциялық, .edu –
оқу-ағарту
саласына қатысты мәліметтер екенін білдіреді.
Қиғаш сызық араларында жазылатындар – каталогтар мен ішкі каталогтар,
ең соңында файл аты жазылады.
- timetable0002.shtm – ізделінді файлдың сервердегі толық жолы
(timetable –
каталог аты, 0002.shtm –файл аты).
Internet тек желі ғана емес, оның жұмысы – ақпараттық кеңістікке түрлі
пішімта қызмет көрсету. Қызмет ақпарат алмасатын түрлі
хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны – World Wide Web (WWW-
дүниежүзілік өрмек). Көбінесе оны қысқаша Web деп атайды. Web-тің
негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға
шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні –мәліметтер Web-
беттер түрінде дайындалып, сақталған электрондық құжаттар.
Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы – оның жазылу
пішімында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML (Hyper Text Markup
Language-гипертекстік белгілеу) делінетін арнайы тіл пайдаланылады.
Яғни Web-беттер серверде ерекше HTML пішімында сақталады. HTML-дің
орындайтын жұмысы – құжат тақырыптарын, абзацтарды белгілеу, гипермәтінге
белгілер орнату.
Web-бет – кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. әдетте үлкен
көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Web-
бет ретінде қарастырылады. Мысалы, жоғарғы оқу орны үшін Web-беттерді
мынадай түрде дайындау мүмкін:
- факультет атаулары, мамандықтар;
- кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;
- әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.
Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-беттің адресі
де енгізіліп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме мазмұнын
гипермәтін деп атайды. Экранда көрінген Web-бетте гиперсілтеме басқа түске
боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Web-бетті
экранға шығару үшін сілтемеге меңзерді әкеліп, ол сұқ саусағы
мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде, тышқан батырмасын басу
керек.
Web-те бір тақырыпқа арналған Web-беттерді ретімен не
оларды байланыстырып, тұтас көрсету де мүмкін. Оны Web-түйін деп атайды.
Web-түйін біртұтас ақпараттық бөлім болып табылатын, өзара
байланысқан web-беттер қорларынан тұратын жиынтық. Сондай аталған желіде
файл күйінде сақтаулы құжаттармен алмасу үшін FTP (File Transfer Protocol)
атты файлды тасымалдау хаттамасы пайдаланылады. FTP арқылы жүйелік
файлды, сурет не мәтін күйіндегі файлдарды тасымалдауға болады.
Қазіргі кезде HTTP (Hypertext Transfer Protocol) атты тек мәтін не сурет
күйіндегі мәліметтерді ғана емес, сондай-ақ дыбыстық және қысқа бейнефильм
күйіндегі мәліметтерді тасымалдауға арналған арнайы хаттама кең
қолданылуда.
Электондық пошта
Желілік байланыстың қазіргі кезде Электрондық пошта (E-mail) деген түрі
кең қолданылуда. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірімен электрондық хат
арқылы байланысуға мүмкіндік бар.
Электрондық пошта – компьютер арқылы қашықтықта орналасқан
абоненттерге хат, түрлі басқа мәліметтер жіберу мен қабылдау бағдарламасы.
Электрондық пошта адресінің жалпы түрі Username@hostname бойынша беріледі.
Мұндағы, Username - пайдаланушының аты, @ (ат)- электрондық адрес
белгісі, hostname – поштаны абонентке жеткізіп беруші пошталық
сервердің адресі. Мысалы, Outlook Express→OK. Кірістіру→Тіркеулік
жазбалар→Пошта→Үстеу→Пошта→OK (Сервис→Учетные записи→Почта
→Добавить→почта→OK)E-mail адресі оңнан солға қарай оқылады. Мұнда да
құрамдас бөліктері бір-бірінен нүктемен ажыратылады. Оң жақтағы шеткі бөлік
– жоғары деңгейлі домен деп, ал келесі бөлік – бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың интернетте жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру
Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері
Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі
Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы
Желі туралы ұғым. Желінің түрлері
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Интернеттен ақпарат iздеу
Желіде файлды басқа компьютерге көшіру
Интернет желісі жайлы
Компьютерлік желі түсінігі
Пәндер