Адам капиталына салынған инвестициялар



КІРІСПЕ

1. Адам капиталына салынған инвестициялардың теориялық негіздері
1.1 Адам капиталының мазмұндық ерекшеліктері және құрылымы
1.2 Адам капиталына салынған инвестиция нысандары
1.3 Инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі

2. Қазақстан Республикасындағы адам капиталына салынған инвестициялар
2.1 Инновациялық дамудағы адам капиталының рөлі
2.2 Білім беруге салынған инестициялар
2.3 Адам капиталы дамуының институциональдық базасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталы - адамдардың инвестиция жұмсау нәтижесінде қалыптасқан білімдік және ғылыми-жаңалықтық сипаттарының жинақталған жиынтығы. Олар болашақта өзекті мәселеге айналып, тиімді қолданылу арқылы өнімділікті көтереді және табыстар ағымын қамтамасыз етеді [1]. Адам капиталы қорлана алады, оны өнімді пайдалану жеке акт түрінде емес, жеткілікті ұзақ мерзім бойына жүзеге асырылады және иесіне пайдалану мерзімінде табыс әкеліп отырады. Олай болса, адам капиталы – капиталдың ерекше формасы, себебі ол:
- жеке адамның артықшылығы және байлығы;
- ол өзінің иесіне жоғары табыс әкелуге қабілетті;
- оны қалыптастыру тұлғаның өзінің ғана емес, сондай-ақ қоғамның да мардымды шығыстар жұмсауын қажет етеді;
- ол қорлана алады және сақтала отырып, болашақта да пайдаланыла алады.
Тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы өз кезегінде білім беру жүйесінде тұрақты дамуға қол жеткізуге байланысты. Білім берудің жаһандану жағдайында еліміздің интеллектуалды қорын дамыту деңгейі үлкен маңызға ие болып, ал білім беру сапасы ішкі саясаттың жетекші құралының бірі ғана емес, сонымен бірге еліміздің халықаралық мәртебесінің елеулі факторы болып табылады. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде, қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының рөлі мен мәні арта түсуде.
Экономикамызды әртараптандыру кезеңі және БСҰ-ға кіруге бағытталып жатқан қадамымыз еліміздің негізгі салалары бойынша, соның ішінде әсіресе экономика, басқару және ақпараттық технологияға қатысты жоғары білікті мамандар даярлауды қажет етеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауларының бірінде “Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет”, - деп айқын атап көрсетті [2].
Жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын және қазіргі заманғы озық технологияларды тиімді басқаратын бастамашыл мамандар даярлау ісі өзекті мәселелер қатарын құрайды. Бұл ретте кәсіби білім берудің мазмұны мен бағыты ұдайы дамудағы экономикалық ахуал мен жұмыс берушінің сұранысына сәйкес анықталып отыруы тиіс. Нәтижесінде межеленген Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін кәсіби-техникалық білікті маман даярлауға қолайлы жағдай қалыптасады.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақты бірге құрайық» атты Жолдау. Астана, 2011
2. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы халыққа Жолдауы. www. akorda. kz.
3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты жолдауы //Астана. – 2009.- 6 наурыз
4. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. //«Егемен Қазақстан». Алматы. – 2004 ж. – 19 наурыз
5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Жаңа кезең - жаңа экономика. //«Егемен Қазақстан». Алматы. – 2004 ж. – 16 желтоқсан
6. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан экономикалық-әлеуметтік және жедел жаңару жолында. //«Егемен Қазақстан» Алматы. – 2005 ж. – 19 ақпан
7. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстанның әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, «Егемен Қазақстан» 01.03.2006.
8. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдау. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясатың басты мақсаты. //«Егемен Қазақстан» 2008 ж.
9. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы //Казахстанская правда, 2003. – 26 декабрь.
10. Дәулиева Ғ.Р. Білім беру саласының экономикасы (оқу құралы). Алматы, 2004.
11. Уровень жизни населения: стат.сборник /под ред№ А.А.Смаилова. – Алматы, 2002. – 23-27 с.
12. Бушмарин И.В. Современные требования к использованию трудових ресурсов в свете мирового опыта //Общество и экономика, 1995. - №1. – 111 с.
13. Мамыров Н.К. Человеческое развитие в Казахстане. Алматы, 2003.
14. Бекенова Л. Білім берудің ұлттық моделі керек //Қазақстан мұғалімі, №4. – 2005. 3-4 бет.
15. Бөлеев Қ., Дәсенова Г. Білім берудің бағыт-бағдары. //Қазақстан мектебі, 2005. - №4. – 11-13 б.
16. Мамыров Н.К. Проблемы развития экономики и образования в Казахстане. Алматы, 1998.
17. Мажитова С.К. Высшее образование как фактор развития человеческого потенциала //Вестник КазНУ, 2003. - №3(37).
18. Шөптібаева Г. “Адам капиталы” мәселесінің интерпретациясы //Саясат журналы, 2004. - №4.
19. Дятлов С.А. Теория человеческого капитала (учебное пособие). СПб, 1996.
20. Нарибаев К.Н. Инвестиции в человеческий капитал. Алматы, 1998.
21. Беккер Г. Человеческий капитал (главы из книги) //США: экономика, политика, идеология, 1993. - №11-12.
22. Левент К. Қазақстанның жоғары оқу жүйесінде қажетті реформалар: шетел тәжірибесінен пайдалану. //АльПари, №2, 2007ж.;
23. Сарбасова Т.С., Даулиева Г.Р. Экономика образования (учебное пособие). Алматы, 2005.
24. Мамыров Н.К. ВУЗы Казахстана: качество реформ //Мысль, 2003. - №7.
25. Қалдыбаев Ә., Мұсақұлов Қ. Экономикалық білім қажеттіліктері //Қазақстан мектебі, 2006. -№9. – 14-16 б.
26. Кыдырова Ж. Социально-экономическая оценка привлекательности учебного заведения на рынке образовательных услуг //Транзитная экономика, 2007. - №5-6. – 74-76 с.
27. Шерова Н. Формирование человеческого капитала в секторе образования http://www.kisi.kz/
28. Майдырова А.Б. Человеческий капитал РК в условиях информационной экономики.: Научная монография. - Астана, 2004 - 290с.
29. Дамитов Б.Қ., Головатая Г.И., Егімбаева Ж.Қ. ҚР білім беру жүйесі аймақтық жəне халықаралық салыстыруларда. Астана: ҰБСБО, 2009.
30. Дамитов Б.Қ., Ермеков Н.Т., Можаева О.И., Головатая Г.И., Егимбаева Ж.Қ., Ноғайбаланова С.Ж., Сүлейменова Ш.А., Махметова Г.П., Текешева Т.Ө. Білім берудің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндама. – Астана: ҰБСБО, 2010.
31. Мамедсупиев М.Д. Формирование, оценка и управление развитием человеческого капитала, Автореферат, Алматы, 2010 – 21, 22, 26б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. Адам капиталына салынған инвестициялардың теориялық негіздері
1.1 Адам капиталының мазмұндық ерекшеліктері және құрылымы
1.2 Адам капиталына салынған инвестиция нысандары
1.3 Инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі

2. Қазақстан Республикасындағы адам капиталына салынған
инвестициялар
2.1 Инновациялық дамудағы адам капиталының рөлі
2.2 Білім беруге салынған инестициялар
2.3 Адам капиталы дамуының институциональдық базасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталы - адамдардың инвестиция
жұмсау нәтижесінде қалыптасқан білімдік және ғылыми-жаңалықтық сипаттарының
жинақталған жиынтығы. Олар болашақта өзекті мәселеге айналып, тиімді
қолданылу арқылы өнімділікті көтереді және табыстар ағымын қамтамасыз етеді
[1]. Адам капиталы қорлана алады, оны өнімді пайдалану жеке акт түрінде
емес, жеткілікті ұзақ мерзім бойына жүзеге асырылады және иесіне пайдалану
мерзімінде табыс әкеліп отырады. Олай болса, адам капиталы – капиталдың
ерекше формасы, себебі ол:
- жеке адамның артықшылығы және байлығы;
- ол өзінің иесіне жоғары табыс әкелуге қабілетті;
- оны қалыптастыру тұлғаның өзінің ғана емес, сондай-ақ қоғамның да
мардымды шығыстар жұмсауын қажет етеді;
- ол қорлана алады және сақтала отырып, болашақта да пайдаланыла алады.
Тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы өз кезегінде білім
беру жүйесінде тұрақты дамуға қол жеткізуге байланысты. Білім берудің
жаһандану жағдайында еліміздің интеллектуалды қорын дамыту деңгейі үлкен
маңызға ие болып, ал білім беру сапасы ішкі саясаттың жетекші құралының
бірі ғана емес, сонымен бірге еліміздің халықаралық мәртебесінің елеулі
факторы болып табылады. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін
құрайтын және елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса
маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің
өлшемдері ретінде, қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының рөлі мен
мәні арта түсуде.
Экономикамызды әртараптандыру кезеңі және БСҰ-ға кіруге бағытталып
жатқан қадамымыз еліміздің негізгі салалары бойынша, соның ішінде әсіресе
экономика, басқару және ақпараттық технологияға қатысты жоғары білікті
мамандар даярлауды қажет етеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауларының бірінде “Білім беру
реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және
қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі
қажет”, - деп айқын атап көрсетті [2].
Жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын және қазіргі
заманғы озық технологияларды тиімді басқаратын бастамашыл мамандар даярлау
ісі өзекті мәселелер қатарын құрайды. Бұл ретте кәсіби білім берудің
мазмұны мен бағыты ұдайы дамудағы экономикалық ахуал мен жұмыс берушінің
сұранысына сәйкес анықталып отыруы тиіс. Нәтижесінде межеленген
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін
кәсіби-техникалық білікті маман даярлауға қолайлы жағдай қалыптасады.
Әлемдік білім кеңістігінің көш басында жүрген академиялық институттар
мен ғылыми орталықтарды елімізге тарту үшін жасалған алғы шарттар ҚР-ғы
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасымен үндес, бұл Елбасы саясатынын білім беру жүйесін
ілгерілетудегі бірізділікті аңғартады.
Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы
тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер салу
ісі жандандырылды. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын
нығайтуға қаражат бөліне бастады. Алайда бұл білім беру жүйесіндегі
жағдайды түбірімен өзгертуге жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің нарықтық
экономиканың, ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктерінен қалыс қалуы айқын
көрініп отыр.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Адам капиталы теориясының бөлігі
ретінде білім беру экономикасын ХХ ғасырда америкалық Т. Щульц, Г. Беккер,
П. Друкер зерттеді. Одан өзге ұлттық білім беру саласын модернизациялау
бағытындағы оқыту мен экономикалық тәрбие мәселелері, отандық экономист-
ғалымдар Н.К. Мамыровтың, К.И. Нәрібаевтың, Я.Ә. Әубәкіровтың, Ө.Қ.
Шеденовтың, М.Д. Есқалиевтің, Т.С. Сарбасованың, С.К. Жұмамбаевтің, Ғ.Р.
Дәулиеваның, Л.А. Бимендиеваның және Тайжанованың еңбектерінде зерттелініп
келеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты адам капиталының
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің
жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен білім беру
қызметін қорытып талдау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттері қойылды:
- адам капиталының бәсекелік ортаның дамуына әсерін қарастыру және
экономикалық жағынан талдау;
- адам капиталының салынатын инвестициялардың нысандарына талдау жасау;
- білім беру жүйесіндегі бәсекелестік артықшылықтарды мен олардың
бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау;
- инновациялық даму негізінде адам капиталының орнын көрсету;
- адам капиталының дамытушы факторы ретінде білім беруге салынатын
инвестицияларды талдау;
- бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында адам капиталының
инстиционалдық базасын анықтау.
Зерттеу пәні адам капиталына салынатын инвестицияларды басқару
процестері болып табылады.
Зерттеу объектісі білім беруге салынатын инвестициялар арқылы адам
капиталын дамыту зерттеледі.
Диплом жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі.
Адам капиталы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық
еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық
ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық
конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және
соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің
статистикалық деректері, ҚР БҒМ материалдары, бұқаралық ақпарат
құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің
әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қатар
жұмыста 4 кесте, 7 сурет берілген.
1. АДАМ КАПИТАЛЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Адам капиталының мазмұндық ерекшеліктері және құрылымы

Капитал бұл қарым-қатынас, яғни кеңейтілген капиталдың ұдайы өндірісі
бойынша мүдделі топтар арасындағы қарым-қатынас. Капиталы – тауар мен
қызмет көрсету өндірісінде қолданылатын игіліктердің қоры. Қазіргі кезде
экономистер капиталды табиғи, өндірілетін және адамдық капиталға бөліп
қарастыруда.
Бізге белгілі адам капиталы дербес теория болып қалыптасудан бұрын,
яғни ХХ ғасырдың ортасына дейін экономикалық теорияда адам тек жұмыс күші
ретінде қарастырылып келді. Кейіннен адамды қоғамның ең маңызды құндылығы
ретінде тану процесі орын алғаннан кейін, адамды барлық игіліктердің
бастауына қою тенценциясы орын алып келеді. Расында барлық игіліктерге адам
тек физикалық еңбегімен ғана емес, ой-қабілетімен, шеберліктері арқылы қол
жеткізеді, яғни адам өзін ұдайы өндіру арқылы қоғамды дамытуға атсалысады.
Сондықтан адамды барлық игіліктердің жасаушысы, әрі квинфссенциясы ретінде
тану заңды. Адам капиталы факторын даралап көрсету бұған дейін тұтынушы
және өндірмейтін сала ретінде қаралып келген білім, ғылым, денсаулық сақтау
салаларының экономикалық және әлеуметтік ролін дұрыс анықтауға мүмкіндік
береді [3].
Адам капиталы теориясының астарында адамға айналған қабілеттіліктер
қоры, білім, дағды мен мотивация түсіндіріледі. Оның құрылымы физикалық
және қаржылық капиталдың жинақталуы тектес, ағымдағы тұтынудан келешекте
қосымша пайда алу үшін айналым жолып қажет етеді. Адам инвестициясының ең
басты түріне білім беру, өндірістегі дайындық, миграция, ақпараттық
іздестіру, нәрестелердің туылуы мен оларды тәрбиелеу жатады.
Адам капиталы мен жай капиталдың арасындағы айырмашылық:
Біріншіден, қазіргі заманға сай қоғамдағы адам жай капиталға
қарағанда сату-сатып алу құралы болып саналмайды. Нарықта тек адам
капиталын жалға алу бағасы ғана белгіленеді, яғни жалақы ставкасы ретінде,
ал оның активтеріне баға болмайды;
Екіншіден, адам капиталы қызметтік тиімділігін нарықта да, нарықтан
тыс да өсіре алады және одан пайданы ақшалай немесе ақшасыз түрде алуға
болады. Нәтижесінде, адамға салынатын тұтынушылық аспектілерінің салымдары
өндірістің салымдарға қарағанда маңыздылығы кем емес. Алайда, бастысы адам
капиталы физикалық капитал тәрізді ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.
Адам капиталы - өндіріс және ұзақ уақыт пайдалану заттарының екі
жақты қызметін орындайтын білім мен біліктілік жиынтығы. Бұл категория
қазіргі таңда өте өзекті, көп талданатын категориялардың бірі. Адам
капиталы факторын даралау бұған дейін тұтынушы және өндірмейтін сала
ретінде қаралып келген білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының
экономикалық рөлін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Заман дами түсе
адамның қабілеттері мен біліген, мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Адам ресурстарын басқару деген мамандық шетелдің жоғары оқу орындарында
оқытылады, яғни адам капиталының маңыздылығы күннен-күнге өсуде, экономика,
саясат, әлеуметтік және өзге де салалалардағы рөлі артуда.
Адам капиталы адамның тәрбиеленуі мен қалыптасу процестері жүзінде
пайда болатын, барлық шығындарының жинағы деп есептелінетін адамның
өндірістік елеуеті. Біздің көзқарасымыз бойынша адам капиталы қоғамдық
байлықтарды көбейте отырып, өзінің тәжірибесі, белгілі бір біліктілігі мен
білімділігі, қабілеттілігін көрсете отырып, әрі қарай дамып отыратын
халықтың белсенді бөлігіне жатады. Қазіргі экономика ғылымында басқа да
түсініктер қолданылады: еңбек және адам ресурстары. Еңбек ресурстары
еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, сонымен қатар еңбек етіп отырған, еңбек
етуге жасы жетпеген адам деп түсінеміз. Бұл категория маңызды ғылыми-
танымдық мағынаға ие, дегенмен адам ресурсы терминінің көңіл аударарлығы,
ол ресурстық қажеттерді қамтамасыз етеді.
Адам капиталы - ұлттың байлығы екенін және ол адам өмір бойы жинап-
теретін біліммен, білікпен және интеллектуалдық қабілетпен өлшенеді. Білім
адам капиталын дамытудың маңызды құралы болмақ. Сондықтан жа білімнің
тиімді жүйесін құру экономиканың қажеттіліктерге сай келуі керек. Ел
экономикасының нақты мүмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың
деңгейі әр кезеңде әртүрлі жағдайда болғаны рас. Мемлекеттің адам
капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау,
мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына жұмсап жатқан қаражатының жыл
санап өсуі бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың қарқындылығын
байқатады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп жатқан сарабдал
саясатының нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда әлеуметтік
міндеттемелер, оның ішінде адам капиталының дамуына жасалып жатқан шаралар
өз нәтижесін беруде [4].
Адам капиталының теориясы - білімнің әлеуметтік қызметіне принципті,
сапалық жаңа көзқарас. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін
арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы
ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль
берілетін еді.
Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана
көмектесті, әрі ол ең құнды және ең сенімді капитал болады.
Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық саяси
экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында
қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты болып тек ХХ ғасырда ғана
ресімделді.
Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы
теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік
ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді.
Оның Білім революциясы мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс
туғызды. Автор осы мақаласында былай жазады: Білім-бүгінгі таңдағы жеке
ара нақты капитал. Халық білімін дамыту-капитал жасаудың ең маңызды құралы,
ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді
пайдалану-байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды көрсеткіші [12, 9].
Адам капиталы, өзге капиталдың кез келген түріне тән белгілерге ие,
сонымен қатар оның елеулі айырмашылығы бар. Адам капиталы теориясы
жөніндегі ресейлік жетекші маман С.А.Дятлов осы құбылыстың мынандай
ерекшеліктерін көрсетті:
1. Инвестициялардың адам капиталына қайтарымы оның иесінің өмір сүру
мерзіміне (еңбекке қабілетті кезеңнің ұзақтығына) тікелей қатысты болады.
Адамға жұмсалымдар неғұрлым ертерек жасалса, соғұрлым ол тезірек қайтарым
жасай бастайды. Бірақ мынаны ескеру керек, неғұрлым сапалы және ұзақ
мерзімді инвестициялар анағұрлым жоғары және анағұрлым ұзақ уақыттық нәтиже
береді.
2. Адам капиталы тек табиғи және моральдық тозуға ғана душар болмайды,
сонымен бірге ол жинақталу мен көбеюге де қабілетті. Адам капиталының
тозуы, біріншіден, адам организмі мен оған тән психофизиологиялық
қызметтердің табиғи тозу дәрежесімен, ал екіншіден, білімнің ескіруінің
немесе алған білім құндылығының өзгеруінің салдарынан болатын моральдық
(экономикалық) тозу дәрежесімен анықталады. Адам капиталының толықтырылуы
қызметкердің қайта оқу және өндірістік тәжірбие жинақтау үдерісінде жүзеге
асырылады. Егер осы үдеріс үздіксіз жүретін болса, онда адам капиталын
пайдалану шамасына қарай оның сапа және сан жөніндегі сипаттамалары (сапа,
көлем, құндылық) жақсара түседі және өседі.
3. Адам капиталының қорлану шамасына қарай оның табыстылығы белсенді
еңбек қызметінің (белсенді еңбекке қабілетті жас) жоғары шегімен шектелетін
белгілі бір межеге дейін жоғарылайды да, сонан соң күрт төмендейді.
4. Капиталды жасау кезінде екі жақты көбейткіш нәтиже орын алады.
Оның мәні былай, оқу үдерісінде тек оқитын адамның ғана емес, сонымен бірге
оқытушының да мінездемесі мен қабілеті жетіле, өсе түседі, ол кейіннен
біріншісінің де, сондай-ақ, екіншісінің де табыстарын өсіреді.
5. Адамға жасалатын инвестициялардың барлығы бірдей адам капиталының
жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және
экономикалық қажеттіліктері ғана осындай жұмсалымға жатады. Мәселен,
қылмыстық әрекетке байланысты шығындар адам капиталына жасалатын
инвестициялар болып саналмайды, өйткені олар қоғамдық тұрғыда мақсатқа сай
емес және қоғам үшін зиянды.
6. Адамға жасалатын жұмсалымдардың сипаты мен түрлері тарихи, ұлттық,
мәдени ерекшеліктерден және дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім деңгейі
мен балалардың мамандық таңдауы едәуір шамада отбасылық дәстүрлерге және
олардың ата-аналарының білім деңгейіне байланысты болады.
7. Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен
салыстырғанда адам капиталына жұмсалатын инвестициялар жеке дара тұрғысынан
да анағұрлым пайдалы. [13, 173-181].
Адам капиталы - бір мезгілде жеке де және қоғамдық та капитал. Ол жеке
адамның мәртебесіне де, сондай ақ бүкіл қоғамның даму деңгейіне де
айқындауыш ықпал жасайды. Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін
білімді экономикалық тұрғыда тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен
біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарап келді. Адам капиталы теориясы
тұңыш рет білім-білімнің жалпы экономикалық қайтарымы туралы мәселені
қойды.
Қоғамдық тиімділікті адамның жетекші рөліне негіздеп қарастыру көп
жағдайда адам капиталы теориясымен байланысты. Осы теорияның шеңберінде
дамытылған адамға деген экономикалық көзқарас дамыған елдердің рыноктық
шаруашылық жүргізу тәжірбиесінде кең қолданып келеді. Адам капиталы
теориясы адам факторының анағұрлым кешенді және объективті талдануына,
жұмысбастылықты, күрделі еңбектің рөлін, адамның рационалды мінез-құлқын
микроэкономикалық талдау сферасын елеулі түрде ұлғайтуға жағдай жасады. Ең
бастысы, аталған теорияның ҒТР-ның жаңа жағдайларында білімнің,
біліктіліктің әлеуметтік-экономикалық маңызын қайта ұғынуға, жалпы және
арнайы білімді, сондай-ақ индивидтердің гуманды сапаларын өндіріс
тиімділігінің маңызды факторы ретінде қарастыруға әкелді.
Адам капиталы теориясының пайда болу, қалыптасу, даму тарихына үңілсек,
оның тарихи түп-тамыры политэкономия классиктерімен байланысты екендігін
көрсетеді. У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо алғаш рет адамның құндылығын ақшалай
бағалауға талпыныс жасады, білімнің халық және тұтас алғанда ел үшін
экономикалық маңыздылығын көрсетті, адамның өндіргіш қабілеттерін капитал
элементтері ретінде қарастырды. Айталық ағылшын классикалық
политэкономиясының негізін қалаушы У.Петти 1664 жылы жарық көрген
Даналарға сөз еңбегінің екінші тарауында халық құндылығы туралы жазған
болатын. У.Петтидің айтуынша бұрынғы еңбектің нәтижесі болып табылатын,
елдің байлығы, мүлкі немесе қоры тірі әрекет етуші күштерден еш
айырмашылығы жоқ, керісінше, бірдей бағалануы тиіс [14, 3].
Кейінірек А.Смит адамның еңбекке деген қабілеттілігін қалыптастыру және
арттыруды тереңірек зерттеді. А.Смит адамның жанды өндіргіш күштері кез-
келген елдің экономикасында алғашқы роль атқарғандығын дәлелдеп, пайдалы
еңбектің өнімділігін арттыру ең алдымен жұмысшының іскерлігімен
икемділігіне, сонан соң жұмысшы қолданылатын машина мен инструменттерді
жақсартуға тәуелді екенін пайымдайды. А.Смит еңбекті, әсіресе жұмысшы
іскерлігін, оның біліктілігін, адам бойында қалыптасқан және дамытылған
қабілеттерін ұлт байлығының негізгі көзі ретінде қарастырған. Оқумен,
үйренумен қалыптасқан еңбек дағдысын, білімді, шеберлікті машина және
құрылыстар қатарында негізгі капитал категориясына қосты. Осыған орай,
ғалым төмендегідей аргументтер келтіреді: біріншіден, халықтың пайдалы
еңбекпен айналысу қасиеттері өздігінен пайда болмайды, керісінше, өндіріс
құрал-жабдығы сияқты, олардың қалыптасуы белгілі бір экономикалық
шығындарды қажет етеді. Екіншіден, адамның бойындағы біліммен дағды,
капиталдың басқа формалары сияқты айналысқа түспей-ақ және меншік иесін
өзгертпей-ақ табыс пен пайда әкеледі.
А.Смиттің пікірінше, оқумен үйренген еңбек адамның сол оқуға кеткен
шығындарын бірнеше есе қайтарады және қарапайым еңбекке қарағанда үстеме
табыс әкеледі.
Д.Рикардо, қарастырылып отырған мәселеде, негізінен А.Смиттің
көзқарастарын іргелілетті. Рикардо да білім берудің ролін ерекше жоғары
бағалаған. Ол елдің экономикалық дамуында артта қалушылығы басқа да
себептермен қатар халықтың барлық топтарындағы білімнің жетіспеуінде деп
есептейді. Ал Дж.С.Милль болса, адам қабілеттерін еңбек өнімділігінің
факторы ретінде қарастырып, оқыту мен тәрбиелеудегі еңбекті өнімді іс-
әрекетке жатқызған. Дж.С.Милль алғашқы рет білім беруді рынок
шарасыздығының, яғни, рыноктық механизм тиімсіздігінің мысалы ретінде
көрсетті [16].
К.Маркстың экономикалық теориясында да адамның жасампаздық
қабілеттеріне үлкен көңіл бөлген. К.Маркс қабілеттіліктерді ең басты
жинақталған байлық, жанды еңбекте өмір сүретін өткен еңбектің сақталған
маңызды нәтижесі ретінде қарастырған. Сондай-ақ, К.Маркс адамның белгілі
бір еңбек саласындағы дайындығы мен дағдысын қалыптастыру үшін белгілі бір
білімнің қажеттігін, сол білімді алуға шығын жұмсалатынын атап көрсеткен.
Маркс капитал ұғымын жұмысшы күшіне қатысты ерекше мағынада қолдана отырып,
тікелей өндіріс үрдісі тұрғысында жұмыс уақытын үнемдеуді негізгі капитал
өндірісі ретінде қарастыруға болатынын атап көрсеткен. Бұл жерде экономист
негізгі капитал ретінде адамды таңдаған. Бірақ, К.Маркс көзқарастар
жүйесінің негізгі идеясы адам капиталы теориясынан алшақ. Оның ойынша,
жұмысшы күші-еңбектің байлығы, ал капиталға оның сатып алушысы-капиталистің
қолында өзгермелі капитал формасында ауысады.
Жоғарыдағы классикалық политэкономия өкілдерінің көзқарастарын талдай
келе, мынандай қорытындыға келуге болады:
1. Олардың зерттеулерінде адамның сапасы-өндіріс тиімділігінің
маңызды факторы екендігі;
2. Адамның маңызды сапалары білім беру мен тәрбие арқылы
қалыптасатындығы;
3. Қабілеттілікті қалыптастыру шығындарды қажет екендігі;
4. Адамның қабілеттері капитал элементі екендігі;
5. Білім берудің экономикалық өсуге тікелей үлес қосатындығы
негізделеді.[13, 173-181]
Одан әрі ХIХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басында экономикалық
талдауға адам капиталы ұғымын енгізу Фишер, Дж.Кларк, А.Маршалл,
Л.Вальрас, В.Парето және т.с.сияқты экономистердің еңбектерінде
негізделеді.
Алғаш рет осы экономистердің еңбектерінде жеке адамдарды немесе олардың
өндіргіш қабілеттерін капитал ретінде қарастыру қажеттігінің теориялық
негіздемесі берілді. Адамды немесе өндіргіш қабілеттерін капитал ретінде
қарастыруға төмендегі себептер негіз болды: біріншіден, өндіргіш қабілеттер
қорлана алады және запасты құрады; екіншіден, білім беруге және тәрбиелеуге
жұмсалған шығындар нақты инвестициялар болып табылады; үшіншіден, адамның
қабілеттерін қалыптастыруға, дамытуға жұмсалған қаржы өнімді сипатта,
өйткені ол болашақ табысты, өнімді және ұлттық байлықты көбейтеді.
Адам капиталы идеясының тұтас концепция ретінде қалыптасуы ХХ-
ғасырдың 60-жылдарында аяқталды. Адам капиталы теориясы әлемдік
экономикадағы, өндіргіш күштер жүйесіндігі, қоғамның әлеуметтік
құрылымындағы өзгерістердің политэкономиядағы көрінісі болып табылады.
Сонымен, адам капиталы идеясының тұтас концепция ретінде қалыптасуы
стихиялы, өздігінше емес, керісінше, экономикалық ғылымның әлеуметтік
тапсырысты, белгілі бір қоғамдық қажеттілікті орындауы ретінде жүрді.
Адам капиталы теориясы қазіргі күйінде американдық экономистер- Чикаго
мектебінің өкілдері Т.Шульц пен Г.Беккердің басылымдары негізінде
қалыптасты. Теорияның негізгі жағдайлары Т.Шульцтың Адам капиталына
инвестициялар мақаласында (1961ж) және Г.Беккердің осы аттас мақаласы
(1962ж) мен іргелі еңбегі-Адам капиталы: теориялық және эмперикалық
талдауында (1964ж) баяндалды. Адам капиталы теориясының жалғасын табуға
американдық, ағылшындық экономистер-Дж.Минцер, Ф.Махлуп, Л.Туроу,
Р,Нельсон, Дж.Вейзи үлкен үлес қосты, ал кейінірек бұл концепция
М.Блаугтың, Э.Денисонның, Дж.Кендриктің, П.Хейненің және т.б. еңбектерінде
дамытылды.
Адам капиталы теориясының әдістемесінде қазіргі экономикалық ой-
пікірлер ішінен басқа да ағымдарының әсері бар екендігі байқалады. Соның
ішінде, білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу, білімнің экономикалық
өсу қарқынына және ұлттық табыс өсіміне әсері проблемаларын зерттеуде
неокейнсиандық көзқарастың үстемдігі байқалса, экономикалық талдауға жанұя,
мектеп т.б. қоғамдық институттарды тарту идеясы және олардың қоғамдағы
басқа да әлеуметтік, шаруашылық мекемелері арасындағы байланыстарын анықтау
бұл теорияға қазіргі экономикалық ғылымның әлеуметтік-институционалдық
ағымының әсерін көрсетті [18].
Қазіргі шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде адам капиталы
категориясының әртүрлі анықтамалары кездеседі. Мұндай әртүрлілік бұл
ұғымның күрделілігімен және көп қырлылығымен түсіндіріледі.
Т.Шульцтің айтуынша, егер білім өндіріске әсер етсе, мұның өзі
экономика үшін өте маңызды, демек ол капитал формасы, ал білім капиталдың
бір формасы болса, оны біз адам капиталы деп айтамыз, өйткені, бұл форма
адамның ажырамас бөлігіне айналады. Оның капитал болып табылатын себебі, ол
болашақ табыстар немесе болашақ қанағаттардың немесе қоса алғанда екеуінің
де көзі. Келесі американдық экономист адам капиталы теориясының классигі
Г.Беккер, бұл ұғымды кең мағынада қарастырды. Оның пікірінше, адам
капиталы адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық,
денсаулық сақтауға жұмсалған қаржы миграция және баға мен табыс туралы
ақпарат іздестіру арқылы қалыптасады [15, 12].
У.Боуэн, адам капиталын тауар мен қызметтерді өндіру мақсатында белгілі
бір мақсат ішінде қолданылатын адам бойындағы жүре қалыптасқан білім,
дағды, мотивация және энергиядан тұрады деп анықтайды.
Л.Туроу болса адам капиталына адам бойында негізінен тәрбие мен білім
беру арқылы қалыптасатын саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сыйлау сияқты
қасиеттерді де қосады.
Эдвин Дж.Долан болса адам капиталын формальды оқу, білім беру немесе
іс-тәжірбие арқылы келген ақыл-ой қабілеттері түріндегі капитал ретінде
түсіндірді.
Экономикалық әдебиеттерде адам капиталының монетарлық анықтамасы да
бар. М.Фридмен адам капиталын еңбекке перманентті (тұрақты, үздіксіз)
табысты қамтамасыз ететін қор ретінде түсінеді. Перманентті табыс-күтілетін
болашақ табыс түсімдерінің орташа шамасы. М.Фридмен адам капиталын ақшаға
балама активтердің бір формасы ретінде қарастырылып, адам капиталын
байлықтың жеке иелерінің ақшаға деген сұраныс теңдеуіне қосады.
Ресей экономистерінің еңбектерінде де адам капиталына әртүрлі
анықтамалар беріледі. Ресейлік экономика ғылымындағы адам капиталының
алғашқы анықтамаларының бірі М.Критскийдің еңбегінде берілген. Ол адам
капиталының негізінде экономикалық тұлғаның қоғамдық прогресс және
интеллектуалды іс-әрекетінің жаңа күші ретіндегі қозғалысы жатыр,-деп
есептейді [17].
Оның еңбегінде адам капиталы қазіргі заманғы қоғамның негізгі қоғамдық
қатынасы ретінде қарастырылады. М.Критский адам капиталының өндірістік,
тұтынушылық және интеллектуалды адам капиталы түріндегі формальды түр
өзгерістерін және өзгерген формаларын терең зерттей келе, адам капиталының
алушы және өндіруші шаруашылық дәуіріне адекватты формаларды сіңірген
тіршіліктің жалпылама-нақты формасы ретінде көрінетіндігін атап көрсетеді.
Осыдан, М.Критский, адам капиталы- адамдардың өмірі ретінде жүзеге асатын,
олардың тіршілігінің өздігінен баюы-деген қорытынды жасайды.
Посткеңестік экономика ғылымындағы адам капиталы теориясының ірі
зерттеушілерінің бірі С.Дятлов адам капиталын инвестиция нәтижесінде
қалыптасатын, қоғамдық ұдайы өндірістің кез-келген сферасында мақсатты
пайдаланатын, еңбек өнімділігін және өндірістің тиімділігін арттыратын, осы
арқылы адамның табысын өсіретін адам бойында жинақталған (қорланған)
денсаулық, білім, дағды, қабілеттер, мотивация қоры.
Отандық экономика ғылымында адам капиталы теориясы бойынша зерттеулер
енді қолға алынып келеді, олар көбіне фрагментарлы түрде кездеседі. Отандық
экономистерден академик Я.Ә.Әубәкіровтың, К.Н.Нәрібаевтың, С.К.Жұмамбаевтың
көзқарастарына тоқталған жөн.
Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын әртүрлі ғалымдардың барлық
жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірбиені және олардың
әлеуметтік экономикалық прогресте қолданылуын біріктіретін кең масштабты
ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым
салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруе мақсатты
бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады және ұлғаяды. Академик
Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын қоғамдық еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз
ететін шешуші күш ретінде қарастырады.
Келесі авторлар ұжымы адам капиталын индивидтердің өзінің оқуына,
білім алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне
уақытты инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар ретінде
анықтайды.
С.К.Жұмамбаевтың пікірінше, білім, дағды, іскерлік және жинақталған
тәжірбие адам капиталын құрайды және жалдамалы жұмысшы кәсіпкерлік іс-
әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады. [20, 55]
Отандық экономист-ғалымдардың көзқарастарын талдай келе, төмендегідей
тұжырымдар жасауға болады:
Біріншіден, білім, іскерлік, дағды арнайы іс-әрекет түрлері арқылы
қалыптасады;
Екіншіден, ол қабілеттердің қалыптасуы белгілі бір қаржыны қажет етеді;
Үшіншіден, ол қаржылар инвестициялық сипатта;
Төртіншіден, білім, іскерлік, дағды және еңбек өнімділігі арасында
тәуелділік орын алады;
Бесіншіден, уақыт факторын қалыптастыру арқылы адам капиталының
қалыптасуында балама шығындар немесе жоғалған жалақы шығындары орын
алады. Міне жоғарыда берілген шетелдік және отандық экономистердің
көзқарастарында адам капиталына әртүрлі түсіндірмелер беріледі. Әйтсе де,
осы анықтаған ортақ ұқсастықты байқадық. Ол ұқсастық адам капиталының жүре
қалыптасатын қабілеттер ретінде анықталуы. Нақ осы негізде, біз, адам
капиталы категориясының экономикалық мазмұнын ашуға талпынамыз.
Кез-келген экономикалық категория-экономикалық көзқарастар жүйесіндегі
белгілі бір талаптардың логикалық көрінісі, жеткізілуі. Демек, адам
капиталы экономикалық категория ретінде біздің ойымызша іскерлікті,
дағдыны, т.б. қабілеттерді қалыптастыру, өндіру, тұтыну, жалғастыру
үрдісінде қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Ойымызды тұжырымдай келе, біз, адам капиталын инвестиция нәтижесінде
қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында
немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ
қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық
өндірістің және экономикалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі
бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде
түсінеміз.
Нарықтық қатынастарға негізделген азаматтық қоғам мен құқықтың
мемлекетті құру процесінде әлеуметтік дамудың барлық болмысы адами
өлшемдерді қажет етеді. Қазақстан үшін қазіргі әлеуметтік-экономикалық
саяси кезеңге өту барысы сан қырлы күрделі процесс. Сондықтан да
мемлекетіміздегі алға қойылып жатқан мақсат мүдделерге жетудің негізгі алғы
шарттарына білім, ғылым, адам өмірінің толық қандылығы, қазақстандықтардың
өз творчестволық әлеуметтік еркін жүзеге асыру мүмкіншіліктері жатады.
Бүгінгі таңда Қазақстан өз дамуының қоғам ауқаттылығының өсуі адам
капиталын құрайтын жеке қабілеттілік мен мүмкіндікке тәуелді болатын жаңа
кезеңіне өтіп жатыр. Бұл кезең еліміздің әлеуметтік-экономикалық
құрылымдары тез өзгеріп, нарықтық іс-әрекеттердің институтционалдыруымен,
ескі қатынастардың ыдырап, адам қызметінің жағдайымен сипатталатын ескі
кәсіби білім беру жүйесін өзгертетін жаңа әлеуметтік қатынастардың
қалыптасуымен ерекшеленеді. Яғни, адамның біліміне, мүмкіншілігіне,
сипатына жаңа талап-тілектер қоюымен қалыптасып отыр.
Сонымен, өтпелі кезеңнің бағыты, мақсаты қоғамның, адамның
құндылығын, жетістіктерін аша түсетін жағдайға жеткізу үшін мемлекеттік
және жеке мүдделерді сол адамның азаматтық бейнесін тұрақтандыруға, білімі
мен біліктілігінің мазмұны мен сипатын, құрылымын жетілдіруге, ғылыми-
творчестволық әлеуетін дамытуға жұмылдыру керек.
Енді осы адам өмірінің құндылығы жөніндегі көзқарастарға тоқталсақ,
адамның шаруашылық іс-әрекетін “экономикалық адам” теориясының шеңберінде
үлгілеу әрі экономикалық, әрі әлеуметтік проблемаларды терең қамтуымен
сипатталған. Осы теорияларда біріншіден, адам тәуелсіз әрі тұрақты
артықшылықтары бар дараланған тұлға ретінде көрінеді. Ол өзінің нақты
әлеуметтік байланыстарынан тыс – табиғат берген өзіндік бір “орташа
қалыпты” адам ретінде қарастырылады, жеке пайдасын ойлайтын өзімшіл болып
табылады. Екіншіден, бұл адам ұқыпты, өзінің пайдасы екенін біле тұра, ол
өз мақсатын таңдап алады да, белгілі бір таңдауының салдарына қарай
салыстырмалы шығынға бататынын пайымдайды. Үшіншіден, бұл жақсы хабардар
адам. Ол өзінің қажеттерін біліп қана қоймайды, сол қажеттерді қалай
қанағаттандырудың жолдары туралы оның ақпараты жеткілікті 3.
Осындай У.Петтидің идеяларын А.Смит ілгері дамытты. Ол адамның
қабілетін ел байлығының аса маңызды көзі деп санады: “Пайдалы еңбек
өнімділігінің артуы, ең алдымен, жұмыскердің ептілігі мен іскерлігінің
артуына, ал содан кейін ғана машиналар мен аспаптардың жақсаруына
байланысты”. Ол негізгі капитал деп машиналардың, еңбек қаруының, үй –
жайдың, әсердің өндірістік жиынтығын, сондай-ақ “қоғамның барлық
тұрғындарының немесе мүшелерінің үйренген әрі пайдалы қабілеттерін” санауды
ұсынған.
А.Смиттің аса маңызды әдіснамалық қорытындысы адам қабілетінің екі
ұдай табиғатын негіздеуі болды: “мұндай қабілеттерді игеру, оларды
меңгерген адамның тәрбие алу, оқу немесе шәкірт болу кезіндегі шығынын
қосқанда, қашанда шын мәніндегі шығындарды қажет етеді, оның тұлға бойында
іске асқан есепті негізгі капитал”. Мұндай тұлғаның дәулетін құрай отырып,
бұл қабілеттер соның өзі өмір сүретін күллі қоғамның да байлығын құрайды.
Жұмысшының үлкен ептілігі мен білігін еңбекті қысқартатын немесе
жеңілдететін, белгілі бір шығынды қажет еткенмен, сол шығынды пайдасымен
қоса өтейтін машиналар мен өндіріс құралдары ретінде қарастыруға болады
[21].
Бұдан шығатын қорытынды: еңбек қабілетін арттыруға байланысты шығатын
шығындар еңбектің нәтижелігін өсіруге ықпал етеді, оны жеңілдетеді, ұйымның
пайдасы арқылы өтеледі. Бұл пікірдің біздің қоғам үшін маңызы зор,
жаңалықтар, технологиялар адамдардың күшімен, даму деңгейімен, қабілетімен,
іскерлігімен жүзеге асады. Сондықтан да адамның білім, еңбек ету, яғни
мамандану қабілетіне инвестиция салу бірінші орынға тұруы керек.
Сонымен, адам капиталын бірнеше негізгі қырларынан анықтауға болады,
олар:
- әлеуметтік қатынастардың еңбек, ақпараттық-білім, кәсіби, әлеуметтік-
саяси, отбасылық-туыстық салалрдағы нысаны;
- әлеуметтік өзара ықпалдастықтың адам дамуына жұмсалатын
инвестициялар ретінде қаралуының нәтижесі;
- адамның әлеуметтік өзара ықпалдастық процесінде жинақталған, сандық
және спалық сипаттамасы бар рухани және табиғи мәдениетінің деңгейі (білім,
білік, машық, қабілет, бедел қоры);
- адамның болашақта әлеуметтік қолдау табатын мақсат-мұраты мен
қоғамдық ұдайы өндіріс саласындағы мәртебесіне жету үшін қолданылуы мүмкін
немесе қоғамның, фирманың яки нақты агенттің табысын өсіре алатын,
сондықтан потенциалды адам капиталы ретінде айқындалатын қабілеті, білімі,
білігі;
- адамның дәл қазір қоғамдық ұдайы өндіріс саласында пайдаланылып
жүрген, сондықтан нақты жұмыс істеуші адам капиталы ретінде айқындалатын
қабілеті, білімі, білігі;
- адамның мемлекет, жеке фирмалар, ұйымдар қызметінің мақсаты түрінде
және жұмыскерді қарқынды еңбекке ынталандырушы факторлар ретінде көрінетін
қабілеті, білімі, білігі;
- қоғамдық әл-ауқат дәрежесін макродеңгейде бейнелейтін және
мемлекеттің мәртебесін халықаралық деңгейде сипаттайтын аса маңызды
әлеуметтік көрсеткіш.

Сурет 1. Адам капиталындағы инвестицияның негізгі түрлерінің
жалпылама жіктемесі

А.Смиттің идеяларын оның ізбасары Д.Рикардо дамытты. Ол ғылыми
айналысқа ”жұмыс күші” санатын тұңғыш рет енгізді, оны жалдану арқылы жұмыс
істейтін адамдардың өзі деп білді. Еңбек ету қабілетінің ұдайы өндірісі
барысында сол халықтың өзінің тұрмыс игіліктерін тұтынушы.
Адам капиталы теориясын тұжырымдаудың алғышарттары К.Маркстің
еңбектерінде де кездеседі. Егер шектеулі буржуазиялық формасын былай
қойсақ, байлық дегеніміз қажеттіліктердің, қабілеттердің, тұтыну
құралдарының, өндіргіш күштердің және тағы басқа индивидтердің әмбебап
айырбасы тудырған әмбебаптығы болмағанда не? Байлық дегеніміз табиғат
күштеріне, яғни “табиғат” деп аталатын күштерге де, оның өз табиғаттының
күштеріне де биліктің үрдісі тұрғысынан қарағанда, жұмыс уақытын үнемдеуді
негізгі капитал өндірісі деп қарауға болатының және сол негізгі капиталдың
өзі-адам екенін баса айтады. Қоғамды зерттеудің іргелі негіздерінің бірі –
капиталды белгілі бір қатынастар жиынтығы деп, ал оның негізін жалдамалы
жүмысшыларды қанау құрайды деп қарастыру болды.
Адам капиталы теориясының пайда болуы және дамуы қоғамдағы ғылыми-
техникалық және информациялық революция кезінде орын алып отырған күрделі
өзгерістермен байланысты. Осы кезеңде адам, оның ғылыми-білімдік потенциалы
әлеуметтік және экономикалық барыста шешуші факторға айналып отыр. Осы
замандағы әлемдік экономикалық ғылымда адам капиталы категориясы кең
пайдаланылады және ол нарықтың шаруашылық теориясы мен практикасында
маңызды орын алады.
Адам капиталы теориясының кейбір мәселелері осыдан көп жылдар бұрын
саяси экономия классиктерінің еңбектерінде шешілген еді.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында адам капиталының тұтас тұғырнамалары
біртүтас қисында теоряилар ретінде дами бастады. Адам капиталы теориясының
калыптасуына үлес қосқан экономистер: Г.Беккер, У.Боуэн, Б.Вейсборд,
Э.Денисон, Л.Туроу, М.Фишер, Т.Шульц және тағы басқалар. 1992 жылы адам
капиталы туралы еңбектері үшін американдық экономист Г.Беккер экономика
бағытынан Нобель сыйлығының лауреаты атағына ие болды [21].
Осы теорияның негізін қолдана отырып, көп мәселелердің шешімін жаңаша
қарастыруға болады: білім берудің экономикалық маңызы, адамға жасалынатын
инвестициялардың және еңбек өнімділігі мен табыстар дәрежесі арасындағы
байланыстарды, кәсіпкерлік әрекеттердің мотивацияларын және экономикалық
өсу факторларын табысты бөлу.
Ұзақ жылдар бойы капитал мен материалдық факторлардың жинақталуының
өсуі - адамның экономикадағы рөлін бекітті.
Адам капиталы теориясын Т.Шульц қалыптастырды оның еңбегіне арқау
болған Э.Денисон жұмысы төнірегіндегі пікірталастар еді.
Денисонның көлемді статистикалық материалдары техника жетістіктері,
өндірісте құрал-жабдықтарды кеңінен пайдалану ұлттық өнім шығарудың
жартысын ғана қамтамасыз ететінің дәлелдеді. Осы идея негізінде Шульцтің
адам капиталы туралы концепциясы қалыптасты.
Г.Боуэннің пікірінше, адам капиталы алған білімінен, қисындамадан
және күш-қуаттан тұрады, адам баласының бойына біткен осы қасиеттер белгілі
бір уақыт кезеңінде тауарлар мен қызмет түрлерін өндіруге пайдаланылуы
мүмкін.
Кейбір авторлар адам капиталын “ресми оқу немесе білім алу, не
практикалық тәжірибе арқылы табылған ақыл-ой қабілеті ретіндегі капитал”
деп біледі.
Адам капиталы деген түсінікке тоқталар болсақ, ол екі жақты функцияны
орындайтын білім мен біліктілік жиынтығы. Адам капиталы теориясы –
білімінің әлеуметтік функциясының принципиалды әрі сапалы көрінісі.
Американдық экономист, адам капиталы теориясының классигі Г.Беккер бұл
ұғымды кең мағынада қарастырады. Оның пікірінше, “адам капиталы адамға
инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық сақтауға
жұмсалған қаржы, миграция және баға мен табыс туралы апарат іздестіру
арқылы қалыптасады” [16].
Экономикалық әдебиетте адам капиталының монетарлық анықтамасы да бар.
М.Фридмен адам капиталын еңбекке тұрақты, үздіксіз табысты қамтамасыз
ететін қор ретінде түсінеді.
Ресейлік экономика ғылымындағы адам капиталының алғашқы
анықтамаларының бірі М.Критскийдің еңбегінде берілген. Ол “адам капиталының
негізінде экономикалық тұлғаның қоғамдық прогресс және интеллектуалды іс-
әрекетінің жаңа күші ретіндегі қозғалысы жатыр”, деп есептейді.
Келесі авторлар адам капиталын “индивидтердің өзінің оқуына, білім
алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты
инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар” ретінде анықтайды
[17]. С.К.Жұмамбаевтың пікірінше, “білім, дағды, іскерлік және жинақталған
тәжірибе адам капиталын құрайды” және “жалдамалы жұмысшы кәсіпкерлік іс-
әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады”.
Адам капиталының капиталдың өзгеде түрлеріне қатысты ортақ белгілері
болады. Осы теория жөніндегі ресейлік маман С.А.Дятлов оны бірнеше түрге
бөледі. Олар:
1. Адам капиталы инвестициясының ұлғаюы оның жұмысқа қабілеттілігіне
байланысты;
2. Адам капиталы жинақталады және көбейеді. Адам капиталының
толықтырылып отырылуы белгілі бір уақыт аралығында жұмысшының білімін
жетілдіру немесе өндірістік тәжірибенің молаюына байланысты. Егер бұл
процесс үздіксіз жүріп отырса, адам капиталы саны мен сапасы жағынан жақсы
көрсеткіштерге қол жеткізе алады;
3. Адам капиталының жинақталуы жоғары деңгейге жеткен соң тез
төмендейді. Бұған адамның жас мөлшері тікелей әсер етеді;
4. Адамның барлық іс-әрекеттері адам капиталы бола алмайды. Бұған
қоғамға қатер төндіру мақсатындағы жоспарлары, қылмысқа қатыстылығы жатады;
5. Адамның қалыптасуына сол ұлттың салт-дәстүрі, мәдени, тарихи және
ұлттық ерекшеліктері әсер етеді. Баланың білім деңгейі мен мамандық тандауы
да көп жағдайда ата-анасының білім дәрежесі мен отбасылық тәрбиеге қатысты
болады;
6. Адам капиталы – индивидуальды және қоғамдық болып табылады [20].
Адам капиталы деп әдетте адамның еңбек өнімділігінің өсуіне және
табыстарының көбеюіне ат салысатын, адамға тән денсаулық, білімдер,
дағдылар, қабілеттер, мотивациялар запасы түсіндіріледі. Мақсаты түрде
жасалатын және адамның болашақ ақшалай табысын белгілейтін шығындардың
барлық түрі “ адам капиталына жасалынған инвестициялар” деп аталады. Оған
жататындар: денсаулық сақтауға, білім алуға жұмсалған шығындар, жұмыс
іздеумен, өндірісте мамандық дайындықпен, баланың тууы және оны
тәрбиелеумен байланысты шығындар. Пайда болашақта күтетін жоғары табыстар,
беделді жұмысқа тұру, әлеуметтік статустың жоғарлауы бейнесінде болады.
Адамдардың әдеттері мен қабілеттері түріндегі адам капиталын
жинақтауға болады, ол адамға тән болады және жеке тіршіліктен бөлінбейді.
Макроэкономикалық түсінік бойынша адам капиталы экономикалық өсудің басты
факторы.
Нақты өмірде адамға жасалынған инвестициялардың сан жағынан
бағалануын бірнеше әдіспен жүргізуге болады. Ең көп тарағаны – уақытқа
байланысты игіліктерді бағалау деген бағытқа негізделген, болашақтағы
табыстарды капитализа-циялау принципі. Оның мәні: адамдар белгілі ақша
сапасын немесе игіліктер жиынтығын олардын болашақта бағалануымен
салыстырғанда жоғары бағалауға бейімді.
Экономикалық өсу мен ҒТП-тің басты факторы болып табылатын білімнің
экономикалық аспектілерін зерттеуде адам капиталы теориясы маңызды рөл
атқарады.
Еңбек ақының өсуіне білімінің қосатын үлесін былай анықтауға болады,
белгілі білім дәрежесі бар жұмыскерлердің жалақысы екі бөлшектен тұрады:
1. Білімнің нөлдік дәрежесі болғандағы жалақының дәрежесі
2. Білімге байланысты жалақының өсуі немесе пайда болған адам
капиталынан түсетін табыс.
Адам капиталы теориясының шеңберінде жалақы көп қырлы құрылым деп
қарастырылады, әр түрлі қырына білімнің белгілі дәрежесіне сәйкес келетін
нақты жалақы соның әкелетін табысы болыптабылады. Айталық, жоғары дәрежелі
білімнің экономикалық тиімділігі екі адамның – университет бітірген немесе
орта білім алған - өмірлік жалақыларының айырымына тең болады.
Мынадай заңдылық әрекет етеді – жұмыскердің табыстары оның білімі мен
жас дәрежесінің өсуіне сәйкес өсіп отырады, бірақ бұның белгілі бір шегі
бар - әдетте 55-60 жасқа дейін (зейнетке шығу уақыты). Осы жастан соң іс-
жүзінде барлық білім дәрежесіндегі жұмыскерлердің табыстары күрт төмендеу
тенденциясына ие болады.
Адам капиталының ақшалай бағалануы оның абсолюттік шамасын білуге
мүмкіндік береді. Адам капиталының абсолюттік шамасын білу арқылы бірнеше
көрсеткіштер құралады. Соның бірі - қор сіңіргішті сияқты, өндірістің
интеллектуалдық сіңіргіштігінің көрсеткіші.
Осы көрсеткіш білім беру қорының жалпы ұлттық өнімге өзара қатынасы
болып табылады. Бұл білім беру қорында жинақалған ақша бірлігінің қаншасы
өндірілген өнімнің әр бірлігіне келетінін көрсетеді.
Білім беру қоры, білім берудің әр дәрежесінің бір жылдық құнының,
білім берудің адам – жыл санының көбейтіндісіне тең болады.
Индивидке білім беру үшін жұмсалған шығындарға оны оқыту үшін
жұмсалған төлемдер және жағымсыз ждеп қаралатын осы мерзімде түспей қалған
жалақылар жатады. Білім беругежұмсалған шығындарды білім беріп болғаннан
кейін күтіліп отырған жоғары жалақыдан түсетін пайдамен салыстыру керек.
Егер білімге жасалған салымдардың бүгінгі таза бағалылығы деп қаралатын,
білім тберуден кейінге жоғары жалақының пайдалылығы шығындардан артық
болса, білімге жасалған салымдардың тиімді болғаны.
Дегенмен, адамға жасалған салымдардың барлығын адам капиталына
жұмсалған инвестиция деп есептеуге болмайды. Өркениетті құқықтық қоғамның
мүдделері бағытынан, тек өнегелік жағынан орынды және мақсатқа сәйкес
келетін адамға жасалатын салымдар ғана адам капиталына инвестиция болып
табылады.
Адам капиталы дегеніміз - инвестициялар нәтижесінде қалыптасқан және
адамның жинақтаған денсаулығының, білімінің, еңбек дағдысының,
қабілеттерінің запасы. Бұлар саналы түрде қоғамдық ұдайы өндірістің белгілі
саласында қолданылады, еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігінің өсуіне
көмек береді, сөйтіп адамның жалақысының өсуіне жол ашады.
Мемлекеттің, ұлттық құнды капиталы – адам, адам өмірі, оның жұмысқа
қабілеттілігі 23.

1.2. Адам капиталына салынған инвестиция нысандары

Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын
техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет.
Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі
ерекшеліктерді қоса алғанда бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік
және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып
табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын
шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет [26].
Инвестиция – белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақталатын шығындар болып
табылады. Еңбек нарығында инвестицияның 3 түрі ажыратылады:
- білім алу және кәсіптік оқыту;
- миграция;
- жаңа жұмыс іздеу.
Бұлар белгілі бір шығындарды қажет етеді және олар болашақта табыс
алып келеді деп есептеледі. Басқа инвестициялардан бұл инвестициялардың
ерекшелігі, олар адам капиталына салынады. Айырмашылығы, сонымен қатар,
еңбек рыногындағы жұмысшының жалақысының мөлшерінен көрінеді. Миграция,
жұмыс іздеу, білім алу сияқты адам капиталының құнының өсуіне алып келеді.
Жалпы түрде, адам капиталына салынған инвестициялар 3 бөліктен тұрады:
1) тура шығындар, ол өз кезегінде келесідей шығындардан тұрады:
а) оқуға төлем, кітаптар сатып алу және т.б.
ә) көшуге кеткен шығындар;
б) шығындар, мысалы, бензинге.
2) жоғалтып алынған табыстар (жұмыс іздегенде, көшкенде немесе оқу
кезінде жұмыс істеу мүмкіндігінің болмауы);
3) психикалық мінезін жоғалтуы (жұмыс іздеу жүйкенің тозуымен
байланысты, көшу достармен қоштасуға алып келеді және т.б [26, 75].
Нарықтық экономикадағы адам әр алуан экономикалық қызметтер атқарады.
Жанды өндіргіш күш болғандықтан адамға өзінен бөлінбес көп сапа мен
қасиеттер тән болады, оның бірнеше түрлі қажеттері мен қабілеттері бар.
Қатынастардың белсенді творчестволық субъектісі болып, адам осы замандағы
экономикалық жүйеде құрылымдық рөл атқарады. Жеке адамның жиынтық
қасиеттері бар, олар оның өндіргіш күшін құрайды. Адамның өндіргіш күші
құрамының екі жағы болады: жұмысшы күші немесе еңбекке қабілеті және
тұтынушылық күші немесе тұтынуға қабілеті. Еңбек – жұмысшы күшінің
функциясы, тұтыну-тұтыну күшінің функциясы болып табылады.
Адамның еңбекке қабілетін және тұтыну қабілетін қалыптастырып, дамыту
қажет. Осы замандағы экономикалық жүйедегі адамның рөлін сипаттау үшін
бірнеше түсініктер қолданылады: экономикалық адам, жұмысшы күші, өндірістің
жеке факторы, еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам капиталы, кәсіпкер
[25, 15].
Мемлекет байлығы - оның адамдары. Бұл концепцияның басты мақсаты
адамдарға салауатты өмір сүретінжәне шығармашылықпен айналысатын орта
қалыптастыру. Бұл қарапайым да маңызды қағида көбінесе материалдық жағдай
тұрғысынан қарастырғанда ұмыт қалып жатады.
Адам дамуының концепциясы адамды саяси, әлеуметтік-экономикалық
процестердің басты негізі ретінде қарастырады. Концепция адам дамуының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытудың қазіргі замаңғы жай-күйі
Заманауи мемлекетіндегі инвестициялардың ролі
Экономикалық өсу жағдайында елдегі адам ресурстарының еңбек потенциалын пайдалану
Адам капиталына инвестициялаудың нәтижелілігі
Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері
Қаржы инвестиция есебі
Инвестициялар есебі туралы мәлімет
Адам капиталы теориясының методологиялық аспектiлерi
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
2003 - 2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің артуы
Пәндер