Жүсіпбек Аймауытов туралы



1. Өмірбаяны 3
2. Шығармашылығы 5
2. Көркем проза. 6
3. Реалистік драма. 8
4. Жан жүйесі. 9

Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер: 12
Қазақ жазба әдебиетінің жаңа жанрларын калыптастыруда үлкен еңбек сіңірген үздік талант Жүсіпбек Аймауытовтың рухани мұрасы бай да сан салалы. Өкінішке орай, туған халқының өмірлік мүдделері, әдебиеті мен өнері жолындағы оның аса құнды қаламгерлік, қайраткерлік қызметі кеңестік саясат тарапынан ұлтшылдық ретінде күстаналанып, күні кешеге дейін жабулы жатты. Сөйтіп, ұлтымыздың бірнеше ұрпағы Ж. Аймауытов сынды біртума сөз зергерінің, ірі тұлғаның өзінен де, сөзінен де бейхабар болып келді.
Болашақ жазушы 1889 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының жеріңде шағын шаруалы, бірақ ынтымағы-берекесі болған өнегелі отбасыңца дүниеге келеді. Бұл шаңырақтың өмір-тіршілігіңде дәулетті де атақты болған арғы аталарының да жақсы салт-дәстүрінің жұғыны жоқ еместі.
Әкесі Аймауыт домбыра тартқан, балаларын да ұл-қыз демей, 4—5 жасынан осы өнерге үйретіпті. Ал анасы Бәтиманың өз жанынан өлең шығаратын ақындығы болыпты. Екі әпкесі өлеңші, әнші екен, інілері: Ақат пен Жүсіпбекке алғаш ән, өлең айтуды үйреткен солар. Үлкені ұзатылатын құрбы қыздарына қоштасу өлеңдерін шығарып беріп, оны хатқа түсіріп сақтаған. Оның үстіне бір сандық қиссалары, өлең кітаптары болыпты. Әкелері қыстың ұзақ кештерінде соларды үл-қыздарына кезекпен оқытып отырады екен.
Жүсіпбек хатты ауылдағы өзі құрбы балалардан ерте таныған. Еті тірі, алғыр бала әрі қарай өздігінен талаптанып, бірнеше молда, имам-қажылардың алдын көріп, едәуір білім жинауға тырсқан.
Өзі мектепте біраз уақыт бала оқытып, молдалық жасайды. Әнші, домбырашылыққа қоса, ағашылық, етікшілік ісмерлігін де жақсы игеріп шеберлігін қолданған.
1. Ж. Аймауытов “Шығармалары” 1989 ж.
2. М. Базарбаев, Х. Әбдібаев «Қазақ әдебиеті» Алматы: Рауан – 1998 жыл
3. Сатпаев Ш.К., Адибаев Х.З. Казахская литература: Учебник. Изд. 2-е.-Алматы: Рауан, 1996
4. «Қазақ әдебиеті» Хрестоматия. Ұ. Әбділдаұлы, Ә. Дайырова, р. Батталова. - Алматы: Рауан, 1997 жыл

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

1. Өмірбаяны 3
2. Шығармашылығы 5
2. Көркем проза. 6
3. Реалистік драма. 8
4. Жан жүйесі. 9

Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер: 12

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889—1931)

1. Өмірбаяны

Қазақ жазба әдебиетінің жаңа жанрларын калыптастыруда үлкен еңбек
сіңірген үздік талант Жүсіпбек Аймауытовтың рухани мұрасы бай да сан
салалы. Өкінішке орай, туған халқының өмірлік мүдделері, әдебиеті мен өнері
жолындағы оның аса құнды қаламгерлік, қайраткерлік қызметі кеңестік саясат
тарапынан ұлтшылдық ретінде күстаналанып, күні кешеге дейін жабулы жатты.
Сөйтіп, ұлтымыздың бірнеше ұрпағы Ж. Аймауытов сынды біртума сөз
зергерінің, ірі тұлғаның өзінен де, сөзінен де бейхабар болып келді.
Болашақ жазушы 1889 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезіндегі Қызылтау
болысының жеріңде шағын шаруалы, бірақ ынтымағы-берекесі болған өнегелі
отбасыңца дүниеге келеді. Бұл шаңырақтың өмір-тіршілігіңде дәулетті де
атақты болған арғы аталарының да жақсы салт-дәстүрінің жұғыны жоқ еместі.
Әкесі Аймауыт домбыра тартқан, балаларын да ұл-қыз демей, 4—5 жасынан
осы өнерге үйретіпті. Ал анасы Бәтиманың өз жанынан өлең шығаратын ақындығы
болыпты. Екі әпкесі өлеңші, әнші екен, інілері: Ақат пен Жүсіпбекке алғаш
ән, өлең айтуды үйреткен солар. Үлкені ұзатылатын құрбы қыздарына қоштасу
өлеңдерін шығарып беріп, оны хатқа түсіріп сақтаған. Оның үстіне бір сандық
қиссалары, өлең кітаптары болыпты. Әкелері қыстың ұзақ кештерінде соларды
үл-қыздарына кезекпен оқытып отырады екен.
Жүсіпбек хатты ауылдағы өзі құрбы балалардан ерте таныған. Еті тірі,
алғыр бала әрі қарай өздігінен талаптанып, бірнеше молда, имам-қажылардың
алдын көріп, едәуір білім жинауға тырсқан.
Өзі мектепте біраз уақыт бала оқытып, молдалық жасайды. Әнші,
домбырашылыққа қоса, ағашылық, етікшілік ісмерлігін де жақсы игеріп
шеберлігін қолданған.
Жүсіпбек өз бетімен 1907 жылы Баянауылға барып, орыс мектебіне түсіп,
бір жылда екі бөлімін бітіреді де, келесі жылы Керекудегі ауыл шаруашылық
мектебіне түседі, бірақ онда 2—3 ай оқығаннан кейін, мектептегі
жосықсыздыққа қарсы көтерілгендердің арасында болғаны үшін, оқудан
шығарылады. Одан кейін аз уақыт ауылда бала оқытып, екі жылдай Керекудегі
орыс-қазақ мектебінде оқып, 25 жасында Семейдегі мұғалімдер семинариясына
барып түседі, оны 1919 жылы бітіреді. Сол жылдары ол "Алаш" партиясына
кіріп, оның даңқты басшыларымен танысады. "Абай" журналын шығарысады. Кейін
кеңес жұмысына араласады. 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінін, съезіне делегат
болып қатысып, сол жолы халық ағарту комиссарының орынбасары болып
белгіленеді. Одан кейін Семей губерниялық оқу бөлімінің бастығы,
"Қазақ тілі" газетінің редакторы қызметін атқарып, Ташкенте шығатын
"Ақ жол" газетінде істейді.
1926—29-жылдары Шымкент педагогика техникумының директоры болады.
1929 жылы "Ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар" деген жаламен қамауға
алынып, 1931 жылы 42-ге аяқ басқан қыршын жасында жазықсыздан-жазықсыз
атылып кете барады.
Жүсіпбектің өз айтуынша, тұңғыш өлеңін 13 жасында шығарып (оны қойған
жерінен көріп оқыған әкесі маңдайынан иіскепті, риза болғаны да баяғы),
одан кейін өлеңге 19—20 жастарывда қайта оралып, өңдіре жазған.

2. Шығармашылығы

Ж. Аймауытов — шығармашылық еңбектің алуан түрлі саласында мол мұра
қалдырған әмбебап қаламгер. Ол — шабытты ақын, ондаған тартымды әңгімелер
мен "Күнікейдің жазығы" атты тамаша повесть, қазақ әдебиетіндегі шын
мәніңдегі тұңғыш романдар болып табылатын "Ақбілек", "Қартқожа" сияқты
көркемдігі жоғары прозалық кесек туындылар берген жазушы, ондаған пьеса
жазған драматург, "Мағжанның ақындығы туралы" атты заманынан бойы озық
мақала-зерттеулер жазған сыншы, Шекспир, Н. Гоголь, А. Дюма бастаған
ондаған әлем классиктерін, көбін енді оқымыстының жүрегі дауаламайтын әр
түрлі ғылым саласына жататын іргелі кітаптарды қазақша шебер сөйлеткен
майталман аудармашы, кеңестік Шығыста бірінші болып, "Психология", "Жан
жүйесі және өнер таңдау" сияқты іргелі зерттеу еңбектерін жазған ғалым, өз
кезінің көкейкесті мәселелерін тереңнен толғап, үн қосып отырған жалынды
публицист.
Ол, В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л.
Н. Толстой шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика,
психология, әдістеме, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика,
сын саласына араласты; сан қилы проблемалық мақалалар жазды. Сол сияқты
Күнікейдің жазығы, Ақбілек романдары мен алуан тақырыптағы пьесалары
күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орнын аңғартып тұр.

2. Көркем проза.

Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың
еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды, көркем, күрделі
шығармалардың бірі — автор ұзақ әңгіме, орысша аннотациясында роман деп
көрсеткен Қартқожа 1926 жылы Қызылорда да басылып шықты.
Автор қоршаған ортаны, тіршілік тынысын, барлық іс-әрекетті басты
кейіпкердің ой-түйсігі, сана-саңылауы, талғаубайламы арқылы бейнелейді.
Жазушы аштық суретін психологиялық тұрғыдан дәл бейнелейді, бір ретте
Кнут Гамсуннің әйгілі Аштық романы ойға оралады. Ел басына келген нәубет,
зобалаң, селебе тұсында да жуан-жіңішкені, бай-кедейді, қожа, молда,
момынды қарға аунатып, домалатып жем қылып жатыр.
Бір ескертетін нәрсе, бүл романда жазушының әлеуметтік көзқарасы
айқын, қазақ ауылындағы тап күресі дәл ажыратылып, айқын дараланып, нақты
адам тағдырлары жанды тірі түлғалар арқылы бейнеленеді. Болыс, билер,
молдалар портретін, мінезін, сөйлеу ерекшеліктерін жазушы реалистік
дәлдікпен, сенімді бояу-лармен түсіреді. Көбінесе басқа персонаждар
Қартқожа сезімі, ойы, талғамы арқылы сүзгіден өтіп отырады. Әкеден айырылып
жетім қалған, үй-ішінің ауыртпалығын ағасы Түңғышбай екеуі көтере бас-таған
тұста Қартқожа қазақ даласына келген зор кесепат — он алтыншы жыл
зобалаңына үшырайды.
Таза көркем проза тәсілдерінің үстіне кейде жазушы оқырманға тікелей
тіл қатады, сырласады, кейде көсемсөз құралдарын да пайдаланады. Шығармада
тарихи белгілі адамдардың, оның ішінде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың да
көрінетін тұстары бар. Романның өмірлік материалы нақты, дәлді ортаны
қамтиды; негізгі әрекеттер Баянауыл төңірегінде, Семей, Омбы
қалаларында өтеді.
Бас кейіпкер — Қартқожа өмірде болған адам, мүғалім болып, ұстаздық
еткен екен. 1937 жылы қан қырғында мерт болған Қартқожадан қалған ұрпақ —
Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев техника ғылымының кандидаты, Қазақ ауыл
шаруашылық институтында доцент.
Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген
қаламгерлердің бірі — Жүсіпбек. Ол стиль, композиция тәрізді көркемдік
қүралдарға ерекше көңіл бөлді, әсіресе, халық тілінің сан алуан байлығын
еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді
даралау, сезім бүрқағын, ой толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін
пайдаланды. Жазушының талант мүмкіндіктері, қабілет ерекшеліктері әсіресе
оның Ақбілек романында айқын көрінеді.
Қаламгер әлеуметтік тартыстар, тарихи оқиғалар, тап күресі ерекше
шиеленісіп тоғысқан, ел мойынына салмақ түсіп, жеке адамдар тағдырының
ширыққан буынын дәл басады, бұрын айтылған, сарыжұртқа айналған тақырып
емес, соны, мүлде тың, тіпті сирек оқиғаларды романға арқау еткен.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Жүсіпбек Аймауытов өмірі
Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы жайлы ақпарат
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931)
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Пәндер