Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

ІІ тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2.2. Соғыс қылмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2.3. Адамзатқа қарсы және Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.4. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік.топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық принципке қол сұғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.
Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған «Хизб-ут-Таһир» ұйымының құлаш жайып, мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз емес. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты «Хизб-ут-таһир», «Өзбек-Ислам халифаты» сияқты барлығы бес террористік, экстремистік ұйымның ел аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарылған болатын .
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы 2000
2. А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» Ерекше бөлім. Алматы 2000
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Алматы 2000
4. С.М. Рахметов, С.А. Кременцов «Преступления против мира и безопасности человечества» Алматы 1998
5. В.П. Панов «Международное уголовное право» Москва 1997
6. А.Н. Трайнин «Уголовная ответственность за пропаганду агрессии» Москва 1969
7. П.С. Ромашкин «Преступления против мира и человечества» Москва 1967
8. Нюрнбергский процесс. Сборник материалов. В 2-х томах, Москва 1952
9. Международное право в документах, Москва 1984
10. М.Солленберг, П.Валленштейн «Крупные вооруженные конфликты.//Мировая экономика и международные отношения. Ленинград, 1996
11. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» Алматы 2003
12. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы// Егемен Қазақстан № 40-41, 2005 жыл
13. Заң газеті № 18 2005 жыл

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың
жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

ІІ тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 10

2.1. Бейбітшілікке қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...10

2.2. Соғыс
қылмыстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .14

2.3. Адамзатқа қарсы және Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен
ұйымдарға қарсы
қылмыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..18

2.4. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық
астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі
конституциялық принципке қол
сұғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

КІРІСПЕ

Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды
ғаламдық проблемалардың бірі – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі
өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір
міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік,
этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс,
геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру
халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде
қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін
бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде
мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық
табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және
олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.
Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта
отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде
жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық
конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық
кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар
қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм
мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған Хизб-ут-Таһир ұйымының құлаш жайып,
мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын
өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз
емес. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Хизб-ут-таһир,
Өзбек-Ислам халифаты сияқты барлығы бес террористік, экстремистік ұйымның
ел аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарылған болатын[1].
Осыған орай берілген курстық жұмыстың негізгі мақсаты келесілер болып
табылады:
• бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы
сипаттама беру;
• бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген
түрлерін ашып көрсету;
Осы мақсаттарды орындау үшін курстық жұмыс келесі міндеттерді шешеді:
• бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың объектісі
мен объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын ашып көрсету;
• бейбітшілікке қарсы, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы, халықаралық
қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар деп жіктеп, әр
қайсысына жеке жеке тоқталу.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауы Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстардың жалпы сипаттамасы деп аталып, онда аталған қылмыстардың мәні
ашылып, толық сипаттама берілген, халықаралық құқықтық нормалардағы алатын
орны бейнеленген. Екінші тарау Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстардың түрлеріне арналған. Қылмыстардың әр түрлері ашылып
көрсетіліп, мән-мағынасы ашылған, субъектісі мен субъективтік жағы
бейнеленген. Соңғы қорытынды бөлімде, осы жұмыстың барлық өзекті мәселелері
түйінделіп, жинақталған, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен адамзат
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары көрсетілген.

І ТАРАУ. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ

Заң әдебиеттерінде халықаралық қылмыстар ретінде адамзат өркениеті
үшін қауіпті болып табылатын халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының
бұзылуы болып табылады.
Халықаралық құқықта бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстар үшін жауаптылықтың қайнар көздері болып келесілер есептеледі:
Германиядағы екінші дүниежүзілік соғысты ушықтыруға кінәлі басты әскери
қылмыскерлер ісі бойынша халықаралық әскери трибуналдың Жарғысы, Токия
халықаралық әскери трибуналының Жарғысы. Бұл жарғыларда адамзатқа қарсы
қылмыстардың анықтамасы берілмесе де сол қылмыстар үшін қылмыстық
жауаптылықтың негіздері және олардың классификациясы белгіленген.
Нюрнберг трибуналының 6 бабына сәйкес бейбітшілік пен адамзат
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға қылмыстық әрекеттердің үш тобы
жатқызылады:
1) бейбітшілікке қарсы қылмыстар: агрессиялық соғысты жоспарлау,
дайындау, бастау және жүргізу немесе халықаралық шарттарды бұзған
соғыстар жүргізу;
2) әскери қылмыстар: соғыс заңдарын бұзу (оккупацияланған
территориялардың азаматтарын өлтіру, қорлау немесе құлдыққа әкету);
әскери тұтқындарды немесе теңіздегі адамдарды өлтіру немесе қорлау;
аманатқаалынған адамдарды өлтіру; қоғамдық немесе жеке меншікті ұрлау;
қалалар мен елді мекендерді негізсіз бұзу және т.б.
3) адамзатқа қарсы қылмыстар: соғысқа дейін немесе соғыс барысында
азаматтарды өлтіру, қырып-жою немесе саяси, нәсілдік, діни негіз
бойынша халықты қырып-жою[2].
1946 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің резллюциясында
халықаралық құқықтың қағидаларын бекітіп, Нюрнберг трибуналының шешімдерін
жалпы қабылданған етіп жариялады[3].
Нюрнберг және Токия процесстерінен кейін БҰҰ шеңберінде бейбітшілік
пен адамзатқа қарсы қылмыстардың нормативтік-құқықтық базасын нығайту
мақсатында жұмыс жүргізу жалғастырылды. Бірқатар халықаралық-құқықтық
құжаттар қабылданып, адамзатқа қарсы қылмыстар қатарына келесі қылмыстар
қосылды: геноцид (1948 жылғы Конвенция), апартеид (1973 жылғы Конвенция),
ядролық қаруды қолдану (1961 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының Декларациясы),
расизм және нәсілдік дискриминация (1965 жылғы Халықаралық Конвенция),
колониализм (1960 жылғы Декларация)
Атап кетерлік тағы бір мәселе, 1947 жылы өзінің 117 резолюциясында БҰҰ
Ассамблеясы халықаралық құқық Комиссиясына бейбітшілік пен адамзат
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың Кодексінің жобасын дайындауға тапсырыс
берді. Бұл жобаны дайындауға ондаған жылдар қажет болды. Тек 1991 жылы
өзінің 43 сессиясында халықаралық Комиссия бірінші оқылымда Кодексті
қабылдап БҰҰ Бас хатшысымен дүниежүзі елдерінің үкіметтеріне талқылануға
жіберілді. Кодекс жобасы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі (жалпы бөлім)
қылмыстық жауапкершіліктің жалпы нормаларын қамтиды. Екінші бөлімі
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың 12 құрамын
қамтиды:
1. Агресссия
2. Агрессия қаупі
3. Қол сұғу (басқа мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріне араласу)
4. Отаршылдық үстемдік (колония)
5. Геноцид
6. Апартеид
7. Адам құқықтарының жүйелі және жаппай бұзылуы
8. Күрделі әскери қылмыстар
9. Жалдамалыларды қаржыландыру және үйрету
10. Халықаралық терроризм
11. есірткінің заңсыз айналымы
12. Қоршаған ортаға қасақана және күрделі зиян келтіру
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің 2-
бабында қылмыстық құқық қорғау объектілерінің қатарына тұңғыш рет
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі мүддесі қосылып отыр. Осыған орай
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздіге қарсы қылмыстарға жеке тарау берілген[4].
Мұндай қылмыстар үшін жауаптылықтың негізгі қайнар көзі Халықаралық
әскери трибунал Жарғысы (Нюрнберг, 1948 жыл) болып табылады. Осы жарғыда
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жауаптылығының
негіздері және олардың түрлері: 1) бейбітшілікке қарсы қылмыстар; 2) соғыс
қылмыстары; 3) адамзатқа қарсы қылмыстар нақты көрсетілген. Халықаралық
конвенция 1948 жылы геноцидті, 1974 жылы апартеидті халықаралық қылмыстар
деп жариялады. БҰҰ-ның 1991 жылғы 43 сессиясы бейбітшілік пен адамзатқа
қарсы қылмыстар Кодексінің жобасына қарап, оны мемлекеттердің үкіметінің
қарауына, пысықтауына жіберді. Осы көрсетілген Кодекс жобасына сәйкес
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың 12 құрамы
көрсетілген[5].
Халықаралық нормада осы тұрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты
анықтамалар беру мен оларды топқа бөлу әлі аяқталған жоқ, мұның өзі
мемлекеттердің ұлттық қылмыстық кодексін қабылдауда осы мәселеде белгілі
бір қиындықтар туғызып отыр. Бірақ та Қазақстн Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексінің 4-тарауында халықаралық құқықтың жұрт таныған
принциптері мен нормаларына негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшін
жауаптылық көзделген.
Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың топтық
объектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген Жалпыға бірдей
бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіз болып табылады. Осы қылмыстардың
кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты (мысалы, Қылмыстық
кодекстің 158-бабындағы химиялық, биологиялық және жаппай қырып-жоятын
қарулар) болады.
Объективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар қоғамға қауіпті с-
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздіге
қарсы қылмыстар дені формальдік құрамға жатады. Тек қана Қылмыстық
кодекстің 161 бабындағы қылмыс – экоцид құрамы үшін қоғамға қауіпті зардап
– экологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы
барлық қылмыстар тікелей қасақанылықпен, ал қайсібір құрамдар белгілі бір
мақсатпен (160, 163-баптар) жасалады.
Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс, жай адамдар. Кейбір
қылмыс құрамының субъектісі арнаулы субъект мемлекеттік жауапты қызмет
атқаратын адам (157-баптың 2-тармағы), қызмет бабын пайдаланған адам (164
баптың 2-тармағы). Тікелей объектісіне байланысты талданып отырған қылмыс
құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді.
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар: Басқыншылық соғысты жоспарлау,
әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап), Басқыншылық соғысты
тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (157-бап), Жаппай қырып-
жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап).
Соғыс қылмыстары: Соғыс жүргізудің тиым салынған құралдары мен
әдістерін қолдану (159-бап). Жалдамалылық (162-бап).
Адамзатқа қарсы қылмыстар: Геноцид (160-бап). Экоцид (161-бап).
Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарқа қарсы қылмыс:
Қылмысты халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл
жасау (163-бап).
Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық
астамшылдықты насихаттауға немес үгіттеуге жол бермеу жөніндегі
конституциялық принципке қол сұғу; әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік
немесе діни араздықты қоздыру (164-бап)[6].

ІІ ТАРАУ. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар

Бейбітшілікке қарсы қылмыстардың басты түрлеріне Басқыншылық соғысты
жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап) жатады.
Қылмыстың тікелей объектісі – халықтар арасындағы бейбітшілік.
Мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруі және достығы.
Объективтік жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу
немес тұтандыру арқылы жүзеге асырылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясы өзінің 1974 жылғы 14 желтоқсандағы 3314 (ХХІХ) қарарында тұңғыш
рет басқыншылықтың (агрессияның( анфқтамасын берген. Онда Біріккен Ұлттар
Ұйымының Жарғысына сай келмейтін тұрғыда бір мемлекеттің өзінің қарулы
күштерін екінші мемлекеттің егемендәгәне, аумақтық тұтастығына және саяси
тәуелсіздігіне қарсы қолдану немесе басқадай тәсілдерді пайдалану арқылы
оларға ықпал етуі басқыншылық (агрессия) деп танылады деп көрсетілген.
Агрессия мысалдары ретінде фашистік Германияның КСРО-ға қарсы (1941 жыл),
АҚШ-тың Гватемалаға қарсы (1954 жыл), Израильдің Ливанға қарсы (1982 жыл),
АҚШ-тың Гренадаға қарсы (1983 жыл), Ирактың Кувейтке қарсы (1993 жыл) соғыс
әрекеттерін атауға болады[7].
Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның
біріншісі басқыншылық соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралық құқық
нормаларына қайшы түрде бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерін
жүргізудің арнаула жоспарларын жасау, соғыс әрекеттерін жүргізуге
бағытталған әртүрлі әдістемелік құралдар жасау, соғыстың құрбаны болатын
мемлекетті белгілеу, басқыншылық соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін және
көлемін белгілеу әрекеттері жатады.
Басқыншылық соғысты әзірлеуге арналған нақты іс-қимылдарға көшулер
жатады. Мысалы, соғыс техникасын көптеп шығара бастау: қарулы күштердің
санын күрт көбейту, азық-түлік немесе жағар-жанармай май қорларын ұлғайту,
соғыс жағдайына сай келетін жаттығуларды жүзеге асыру, тұрғындарды соғыс
ісіне моральдық тұрғыдан бейімдеп дайындау және тағы басқа әрекеттер
жатады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға осындай соғысты кез келген тұрғыда
бастау жатады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1974 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысына
сәйкес басқыншылық актісіне: бір мемлекеттің қарулы күштерінің басқа
мемлекеттің аумағына басып кіруі немесе соғыс жолымен басып алуы, аннексия
жасауы; басқа мемлекеттің аумағын бомбалау немесе басқа мемлекетке қарсы
қарсы кез келген қару түрлерін қолдану; басқа мемлекеттің құрлықтағы,
теңіздегі немесе әуедегі күштеріне қарсы шабуыл жасау, тағы басқа әрекеттер
жатады.
Көрсетілген қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да заңда
көрсетілген – басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немсе тұтандыру
әрекеттерінің біреуі іске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп
танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақанылықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі арнаулы. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттік
қызмет атқаратын лауазымды адамдары, оның тұсінігі Қылмыстық кодекстің 307
бабының 2-тармағында берілген. Қылмыстық кодекстің 156 бабының 2-тармағында
осы қылмыстың ауырлататын түрі – басқыншылық соғысты жүргізгені үшін
жауаптылық белгіленген. Бысқыншылық соғысты жүргізу деп тұтандырылған соғыс
өртін аяғына дейін жеткізу, алға қойған мақсатқа толық жету әрекеттерін
жалғастыруды айтамыз[8].
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде
шақыру (157-бап) қылмысының тікелей объектісі мемлекеттердің өзара бейбіт
өмір сүру және өзара тату қарым-қатынаста болуы мүддесі болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу
және жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады.
Басқыншылық соғысты тұтандыруға шақырулар ашық немесе көмескі түрде
болуы мүмкін. Шақыруларды жүзеге асырудың нысандары сан алуыан ауызша,
жазбаша, белгі берулер арқылы болуы мүмкін. Ең бастысы осы шақырулар
басқыншылық соғысты тұтандыруға қызмет етуі қажет. Мұндай шақырулар жария
түрде болуы шарт. Жариялылыққа – кінәлінің үшінші бір адамның қатысқан
(митингілерде, жиналыстарда, топтасқан адамдар) алдында соғысты
насихаттайтын іс-әрекеттерін жүзеге асыруы немесе байланыс құралдары, почта
арқылы соғысқа шақырулар мәтінін жұртқа жіберу, листовкалар тарату, осындай
мағынадағы үндеулерді, плакаттарды, суреттерді көрнекті жерлерге іліп қою
сияқты әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады
және осы баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекетті – басқыншылық
соғысқа жария түрде шақырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъектісі – 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттік
жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет – осы
қылмыстың ауырлататын түріне жатады (157 баптың 2-тармағы).
Бұқаралық ақпарат құралдарына – баспасөз құралдары, радио, теледидар
тағы басқалары жатады. Мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын лауазымды
адамға мемлекеттің міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттігін
тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан
Республикасының Конституциялық және өзге де заңдарында белгіленетін
қызметтерді атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы
заңдарда белгіленген мемлекеттік қызметшілердің жоғары, бірінші және екінші
лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар жатады (ҚК-тің 307
бабының түсіндірмесінің 2-тармағы)[9].
Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап) қылмысының тікелей
объектісі бейбітшілік қауіпсіздігі және бейбіт қатар өмір сүру қауіпсіздігі
болып табылады.
Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар
бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қарулар немесе олардың
басқа түрлері, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын
қаруларға – ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға – уландыратын,
тұншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай әсер ететін қарулар жатады.
Қылмыс объективтік жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою
қаруының басқа да түрін өндіру, алу немес өткізу арқылы сипатталады.
Өндіруге көрсетілген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекеттері
жатады. Алуға – көрсетілген қылмыстың заттарын кез келген тәсілмен – сатып
алуғ айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшін алу, талан-тараж жолымен алу
тағы басқа жүзеге асырулар жатады. Өткізуге – көрсетілген заттарды тегін
немесе ақы алып тарату әрекеттері жатады.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия алғашқы рет химиялық қару
ипритті қолданды. Жаппай қыры-жою түрі ретінде химиялық қаруға жауды жаппай
қыруға арнайы жасап шығарылған құрамында жоғары токсинді қосылыстары бар
қару жатады. Химиялық қару адамның түрлі дене мүшелеріне тез еніп, зиян
келтіреді.
Биологиялық қаруға бактериологиялық құрамдардың жиынтығынан жасалған
(бактерия,рикетсия, саңырауқұлақтар, токсиндер) және түрлі жәндіктер,
құрттар арқылы немесе ұнтақтар арқылы таратылатын және адамда қоздырғыш
аурулар (бактериялық – холера, чума және патогенді – энцефалет, оспа)
тудыратын қару жатады. Жаппай-қырып жою қаруының басқа түрлеріне ядролық
қару және басқа да жаппай қырып-жою қасиеті бар қарулар жатады. Ядролық
қару қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінің қарулануында бар. Қарудың
басқа түрлеріне – термоядролық, нейтрондық қару жатады.
1996 жылы 30 қыркүйектегі президент Н.Ә. Назарбаевтың халыққа
үндеуіне сәйкес Қазақстан тарихи таңдау жасап, адамзат тарихындағы ең
қауіпті қару түрінен бас тартты. Елбасының шешімімен Семей ядролық полигоны
жабылып, Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық келісімнің
мүшесіне айналды. 1996 жылы Қазақстан территориясындағы ядролық
ракеталардың қондырғылары жойылды, сондай-ақ Елбасының тапсырысымен сыртқы
істер министрі Қ.Тоқаев Қазақстан атынан ядролық сынақтарға тыйым салу
туралы шартқа қол қойды.
Қазіргі таңда жаппай қырып-жою қарудың жаңа түрлеріне келесілер
жатады:
➢ Радиологиялық қару, сәулелендіру арқылы тірі ағзаларды жаппай жояды;
➢ Радиациялық қырудың техникалық құралдары, жоғары энергияланған
нейтралды бөлшектерді қолдануға негізделген;
➢ Инфрадыбыстық құралдар, 20-30 км қашықтықта қолданылатын акустикалық
толқулар белгілі бір жиіліктерде қатты вибрация тудырып, адамдар мен
ғимараттардың жойылуына алып келеді;
➢ Түрлі радиотехникалық құралдарды қолдану, өте төмен деңгейдегі
электромагниттік сәулелендіру жүргізу арқылы, адам миына, жүйке және
жүрек жүйесіне әсер ету.
Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген осы әрекеттердің
біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың объектісі
16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Қылмыс субъективтік жағынан тек
қана тікелей қасақаналықпен істеледі[10].
2.2. Соғыс қылмыстары

Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра заңдылық күші бар халықаралық
актілер пен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы 16 сәуірде Парижде
қабылданған теңіздегі соғыс туралы Декларация; 1868 жылы 11 желтоқсанда
Санкт-петербургте қабылданған жарылатын немесе күйдіретін қаруды қолдануды
жою жөніндегі Декларация, 1899 жылы және 1907 жылдары Гаагада қабылданған
Декларациялар, 1949 жылы Женева конвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау
туралы), 1954 жылы 14 мамырдағы Гаага конвенциясы (соғыс жағдайында мәдени
құндылықтарды қорғау туралы) және тағы басқалары.
Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормаларымен
белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін
қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан әскери тұтқындарға немесе әскери емес
тұтқындарға қатыгездікпен қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру,
басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарымен тйым салынған құралдар мен әдістерді әскери
жанжалда қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Әскери тұтқындарға соғысушы жақтың қарулы күшетірінң қатарына жататын
адамдар, партизандар, әскери жасақтарының мүшелері, қарсыласу қозғалысының
қатысушылары, азаматтық немесе ұлт-азаттық қозғалысының қатысушылары,
сондай-ақ қолға түскен әскери журналистер, әскери-медициналық, әскери-
заңгер қызметкерлер, интенденттық қызмет немесе басқадай қызмет көрсететін
адамдар жатады. 1949 жылғы Соғыс тұтқындарымен қатынас жөніндегі Женева
конвенциясына сәйкес соғыс тұтқындарына ізгілікпен қарау белгіленген,
оларға қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.
Әскери емес тұтқындарға – соғысқа қатынаспаған, бірақ жау қолына
түсіп қалған бейбіт тұрғындар жатады. Женева конвенциясында бейбіт
тұрғындарға қатыгездікпен қолдануға тыйым салынған.
Әскери емес тұрғындарды күштеп көшіруге бейбіт тұрғындарды өздері
мекендеген жерлерден басқа жаққа зорлықпен еріксіз көшіру, қоныс аудартулар
жатады.
Басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонауға – соғысушы жақтың өзі
басып алған мемлекеттің мүлкін жою, қирату немесе оларды талан-таражға
салып, өз мемлекетінің меншігіне алу әрекеттері жатады. Ұлттық мүлікке –
материалдық және рухани игіліктер жатады. Қазақстан Республикасының
халықаралық шартымен тыйым салынған құралдары мен әдістері, әскери жанжалды
қолдануға адамзатқа қасірет әкелетін және қоршаған ортаны мақсатты түрде
ұзақ уақытқа залалдандыратын шараларды жүзеге асырулар жатады. Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарға сәйкес күйдіретін, жарылыс жасайтын
заттарды, зиянды газдарды, уландыратын немесе басқадай бактериологиялық
заттарды, жаппай қырып-жоятын қаруларды, химиялық, биологиялық қаруларды
соғыс жағдайында қолданбауға міндетті.
Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай
қырып-жою қаруын қолдану осы қылмыс құрамының акуырлататын түрі болып
табылады (159 баптың 2-тармағы).
Қылмыс құрамы формальдық, осндықтан да ол осы баптың диспозициясында
көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Адамзатқа қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Әскери қылмыстың түсінігі, сипаттамасы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, экоцид
Халықаралық пактілер
Пәндер