Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің тәжрибесі мен теориялық негіздері
1.1Аймақтық саясатты жүргізудің ғылыми теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ІІ Қ.Р.да аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің ерекшеліктері мен даму бағыттары
2.1. Қ.Р.да аймақтық саясатты жүргізудегі қаржылық механизмдерін қалыптастыру және басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Аймақтық саясатты басқарудың шетел тәжрибесіндегі бағдарламалық әдісі мен жоспарлау механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Қ.Р.да аймақтық саясатты жүргізуде әлеуметтік.экономикалық механизмдерді қолдану барысы және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады.
Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты.Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтіқ жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1 Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы, "Жеті жарғы", - 2001ж.
" Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдау / Егемен Қазақстан, 19.03.2004ж
2. «Аймақтың экономикасын басқару» Алматы 2005ж
3. ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары. ОҚО Статистика агентігі. Шымкент, 2005*.
4. Танкиева. «Жергілікті экономиканы басқару» Алматы-2007ж
5. Бердалиев К.Б. «Основы управления экономкой Казахстана». Алматы, Экономика, 1998г
6. Саиров.Е.Б. «О региональном развитии и региональной политике в Казахстане» Саясат, №2, 2001г
7. ОҚО « 2005 – 2007 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы» ОҚО Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті. Шымкент, 2005

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер

Қабылдаған:

Орындаған:
Тобы:

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің тәжрибесі мен
теориялық негіздері
1.1Аймақтық саясатты жүргізудің ғылыми теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын
құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің
ерекшеліктері мен даму бағыттары
2.1. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізудегі қаржылық механизмдерін
қалыптастыру және
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..13
2.2. Аймақтық саясатты басқарудың шетел тәжрибесіндегі бағдарламалық әдісі
мен жоспарлау
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 19
2.3. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде әлеуметтік-экономикалық
механизмдерді қолдану барысы және жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..29

Кіріспе
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын
аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді
жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды
саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті
мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін
тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың
өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді
өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине,
міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген
аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін
жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша
пайдалану жатады.
Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда,
экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты.Әлеуметтік даму салыстырмалы
түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық
мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне
байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтіқ жағдайға
зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі
нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады.
Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының
тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте
дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын
толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады.
І Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің тәжрибесі мен
теориялық негіздері

1.1 Аймақтық саясатты жүргізудің ғылыми теориялық негіздері
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың
өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді
өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине,
міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген
аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін
жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша
пайдалану жатады
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын
аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді
жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды
саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті
мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін
тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар
аймақ аралық саралауды (дифференциация) тым күшейтіпң жіберді. Нәтижесінде
жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша
республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. (1-кесте). Ал АҚШ-та
ең алдыңғың және ең артта қалғанң штаттарының арасындағы айырмашылық
небәрі 1,8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына
шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең
төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2005 жылғы деректер
бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылык 12 есе
болған.
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей
ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету
механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып
келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты
жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық
теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен
байланысты болғанмен де, оларды жұмсартуң қажеттілігі айқын. Мемлекеттің
тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің
соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі
де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму
қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу
стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты
өсуі елдің проблемалық аймақтарындағыы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша
мүмкін емес. Республиканың қазіргі зкономикалық кеңістігі әлеуметтік,
экономи-калық, экологиялық ерекш проблемаларымен сипатталатын әр түрлі
аймақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу
қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
1. Шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
2. индустриялық дамыған;
3. агроөнеркәсіптік;
4. дағдарыстық.
Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер
келесідей:
1. экологиялық дағдарыстың терендеу үрдісінің алдын алу;
осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру
үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте кауіпті ауылдық
аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден
республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін
қажет жағдайлар жасау;
шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді
пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін
тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік
береді.
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан
экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе
төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация)
құрылымымсн, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады.
Мұндай аймақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне
мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған
Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз
салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды
қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
1. өндіріс қарқынының төмендеуі;
1. халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың
төмендігі);
2. жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі
(жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
3. демографиялық, экологиялық, әлеумеггік қызметтер көрсету саласындағы
проблемалардың күшеюі және т.б.
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір
елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл
әлеуметтік-экономикалық табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да
жағдайлармен байланысты табиғи, аймақтык айырмашылықтар. Осы орайдағы
мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып
табылады.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар
көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық ресурстық және
инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің
теңестіруң саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге
асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндет-терінің қатарына артта
қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық -даму параметрлерін
ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындау
жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік
дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау
(қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған
аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б.
болып табылады
Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда,
экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты.Әлеуметтік даму салыстырмалы
түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық
мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне
байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтіқ жағдайға
зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі
нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады.
Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының
тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте
дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын
толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл
түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін
анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді
басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі
көптеген дамыган мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат.
Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару
жүйесінсіз бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола
алмайды. Өздерінің мемлекетгік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай
жаңартқан мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын
орналастыру үшін, шетел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті.
Ал бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік
жағдайында аса маңызды.
Аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен
міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен, яғни басқару объектісінен, сол
сияқты жоғарыдан басқару субъектісінен де таралуы тиіс. Функциялар мен
міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменгі
деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі
туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған
жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу
қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі
басқару деңгейлерінің басымдығы немесе теңдігі сақталуы тиіс. Бөлу
барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігіне аймақты басқару
мақсаттарына жауап бермейтін және нарықтық қатынастар арқылы шаруашылық
жүргізуші субъектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет.

1.2. Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын құралдар
Макроэкономикалық денгейдегі аймақтың экономикалық саясаты мемлекетпен
оның басқару органдары, заң және үкіметтің атқарушы органдары арқылы іске
асырылады. Аталған жоғарғы денгейде жалпы ұлттық экономика мен әрбір
аймақтың дамуы туралы шешім жалпы ұлттық ;; мүдделерді есепке ала отырып
қабылданады. Сонымен бірге ұлттық эконмиқаны біртұтас ретінде ғана
қарастырып қоймай, әртүрлі белгілері бойынша бір-бірінен өзара
ерекшеленетін, бірігіп қызмет атқаратын жүйе рнтінде қарастырған дүрыс. Бүл
жүйеде, нақты бір аймаққа территория бойынша бекітіліп берілгеніне
қарамастан, олар бүкіл елдің өндірістік-экономикалық мүмкіндіктерін, оның
әлемдік экономикалық кеңістіктегі орнын, ұлттықжәне экономикалық
қауіпсіздік пен ұлттық экономиканың тұрақтылығын анықтайды. Бүл . әскери-
өнеркәсіп кешені, бәсекелестік қабілетті, ғылыми ауқымды және жоғарғы
технологиялы салалар және маңызды мәдени және әлеуметтік объектілер.
Аталған объектілердің дамуын реттеу жоғарғы денгейдегі мемлекеттік аймақтық
экономикалық саясаттың негізгі қызметі болып табылады.
Аймақтық саясатты қалыптастырудың негізі мыналар:
1. мемлекеттің аймақтық саясаттын қалыптастыруда түрлі аудандар
халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделері
2. елдің өндіргіш күштерді дамыту мен тиімдірек орналастырудың объективті
қажеттілігі.
3. мемлекеттің аймақтық - экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы
факторы ретінде республикадағы ауыл шаруашылығы дамытушы аудандар мен
ауылдар.
Аймақтық экономиканы реттеудің жалпы мемлекеттік тәсілі, республиканың
тұтастай аумағында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мүдделерінен де
туындайды. Ол өз кезегінде, әр түрлі себептерден әлеуметтік тұрғыда артта
қалған аймақтар халқының өмір сүру деңгейін көтеру жөніндегі арнайы
бағдарламаларды жасап дайындауды немесе ірі үкімет шешімдерін негіздеуді
талап етеді. Мұндай бағдарламалар Қазақстанның ауылдық аудандары бойынша
кезінде жасалып дайындалған болатын, бірақ олардың орындалуына
кейбіреулеріне көңіл толмайды. Жоғарыдағыны жүзеге асыру үшін үш әдіс
қолданыладьг.
1. жергілікті бюджетке аударылатын төлемдер мөлшерін арттыру
мақсатында республикалық бюджет алымдарының мөлшерін азайту;
1. әр түрлі аймақтардың дамуына арналған ашық жәрдем ақылар;
2. үкімет деңгейінде аймақтық мәселелерді шешу кезінде әр түрлі
аумақтық-шаруашылық жүйелерге арналған мемлекеттік қолдауды
ұйымдастыру.
Жоғарғы макроэкономикалық денгейдегі мемлекеттің реттеуші күші төмендегі
үш бағытта шоғырланады : ұйымдастыру-басқару, заңды-құқықтық, қаржы-
экономикалық.
Ұйымдастыру - басқару бағытында негізінен аймақтық экономикалық саясатты
әзірлеу мен іске асыру жауапкершілігі жүктелетін аймақтың дамуын реттейтін
негізгі органдар мен институттар қалыптастырылады, алға қойған мақсаттарды
шешудегі ұйымдық құрылымдардың өкілеттіктері мен ролі анықталады.
Аймақтардың дамуын заң-құқықтық реттеу Конституцияға сәйкес орталық пен
аймақтық мемлекеттік үкімет органдарының арасындағы өкілеттіктерді шектеуді
анықтайтын көптеген арнайы заңдармен реттелінеді.
Жалпы аймақтық дамуды реттеудің құқықтық негіздері балансталынған ұлттық
дамуға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, ұлттық тұтастықты нығайтуға септігін
тигізуі керек және азаматтарға олардың өмір сүру ортасына тәуелсіз бірдей
мүмкіндіктер беруі қажет.
Аймақтық дамуды қаржы-эконмикалық реттеу әлемдік тәжірибеде тексерілген
және кең тараған реттеу формалары мен әдістерін пайдалануды қарастырады.
Бұл: жоспарлау, және болжамдау, қаржы - несие және бюджеттік-салық жүйесі.
Аймақтық дамуды реттеу құралдарын олардың әмбебаптығы мен әсер ету көлеміне
қарай екіге бөледі:
1. белгілі бір территориядағы көптеген экономикалық субъектілердің
қызметіне әсер ететін, жалпы экономикалық реттеуіштер мен макро құралдар;
адрестік реттеуіштер мен микро құралдар
Аймақтық экономикалық саясаттың микроқұралдары аймақтық экономика
субъектілер қызметіне тікелей әсер ету үшін қолданылады. Әсер етудің екі
басты бағыттарын бөліп көрсетуге болады: еңбекке және капиталға.
Аймақтағы толық және тиімді жүмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу
мақсатында мемлекеттік қаржыларға кадрларды қайта дайындау үйымдастырылады,
жүмыс орындарын қүру үшін субсидия және мақсатты несиелер бөлінеді.
Капиталға әсер етудің негізгі микроэкономикалық құралы болып әртүрлі
инвестициялық гранттар табылады. Олар аймақтың экономикалық өсуіне септігін
тигізетін нақты объектілерді инвестициялау үшін бөлінеді.
Макро және микроқұралдар орталық үкімет сияқты, аймақтық органдармен
қолданылады. Мемлекеттік реттеудің тиімділігі көптеген жағдайда әртүрлі
макро және микроқұралдар бір-бірімен табысты сәйкес келетіндігіне, сондай-
ақ қаржыларды мақсатты пайдалануға байланысты.
Белгіленген облыстардағы әкімшілік шекараларында Қазақстан аймақтарын
әлеуметтік-экономикалық даму денгейі бойынша бір-бірінен тез айыруға
болады. Барлық неғұрлым маңызды экономикалық көрсеткіштер мен халықтың өмір
сүру денгейі және сапасы көрсеткіштері өте үлкен диапазонда ауытқиды.
ЖІӨ көлемі бойынша бір адамға шақканда ең жоғарғы көрсеткіш Атырау облысы
(581,7 мың тегне) мен ең төменгі Жамбыл облысындағы (50,2 мың тенге)
көрсеткіш арасындағы айырмашылық 2000 жылы 11,6 есені қүрады, орта айлық
жалақы көлеміндегі алшақтық жоғарғы Атырау облысы мен төменгі Алматы
облыстары арасы нда 3,1 есе, тіркелген қылмыс көрсеткіштерінің ауытқуы 5,4
% құрады. Ең төменгі өмір сүру көрсеткіштерінің ауытқуы Маңғыстау облысында
134,6 % пен Оңтүстік Қазақстан облысында 72,0 % аралығында.
Қазіргі кезде ҚР аймақтары әртүрлі белгілері белгілері бойынша
топтастырылады. 2001 жылы қабылданған ҚР 2002-2006 жылдардағы аймақтарының
даму Концепциясына бойынша Қазақстан аймақтары жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ)
және бір адамға шаққандағы өнім көлемі көрсеткіштері бойынша 6 топқа
бөлінді.
Бірінші топқа ЖАӨ және бір адамға шаққандағы өнім көлемі көрсеткіштері ең
жоғары аймақтар кіреді. Бұл дамыған қаржы секторы, жоғарғы ғылыми-
техникалық көрсеткіштері бар Астана және Алматы қалалары.
Екінші топты көмірсутегі минералды ресурстарына бай облыстар құрайды :
Маңғыстау және Атырау облыстары. Аталған облыстар елдің өнеркәсіп өнімінің
13 береді, халықтың саны жалпы халықтың 5,2 % қүрайды.
Үшінші топ-табиғи минералды-шикізат ресурстарына бай және жергілікті
щикізатты пайдаланатын өнеркәсіптік облыстар. Бұл Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Павлодар облыстары. Аталған облыстар ЖАӨ 26,6 % береді.
Төртінші топқа табиғи ресурсқа бай және біраз ауылшаруашылығында
пайдаланатын жерлері бар облыстар жатады. Бұл Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл
және ОҚ облыстары. Бірінші 2 облыста орташа табыс республикалық денгей
көлемінде болса, қалған екеуінде ол көрсеткіштен төмен. Олар ЖАӨ 17,2 %,
оның ішінде АШ өнімінің 35,2 % береді.
Бесінші топтағы облыстарға Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан
облыстары жатады. Бұл облыстарда машина құрылысы, оның ішінде қорғаныс
бағытындағы машина жасау дамыған және АШ мақсатындаға шамалы жері бар.
Республикалық ЖАӨ үлесі-8,3 %, АШ өніміндегі үлесі 16,6 және өнеркәсіптік
өндірісте 4,4 % қүрайды.
Алтыншы топтағы облыстар негізінен аграрлық облыстар-Ақмола, Алматы,
Қызылорда, Халықтың табысы ең төменгң денгейде. Республикалық ЖАҚ үлесі
-10,8 %, АШ өніміндегі үлесі-27,8 %.
Аймақтарды нақты белгілері бойынша топтастыру аймақтың дамуының мүмкін
болатын бағыттарын анықтауға және олардың денгейлерін көтеру бойынша іс-
шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

ІІ Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің
ерекшеліктері мен даму бағыттары

2.1. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізудегі қаржылық механизмдерін
қалыптастыру және басқару
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтың қызмет
етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан аймақтың
қаржылық ресурстарын тиімді басқару мәселесін шешу пәрменді аймақтық
саясаттың жүзеге асырылуын көздейді. Аймақтың қаржылық ресурстары
кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржыларынан, бюджеттік және
несиелік ресурстардан құралады.
Аймақтың экономикалық әлеуетінің жағдайымен деңгейі қаржылық ресурстарды
қалыптастыру мен басқарудың қажетті алғышарты болып табылады. Аймақтың
экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатын өнеркәсіп саласының даму
барысы оқу құралының алдыңғы тарауыңда қаржылық ресурстарының маңызды
бөлігі ретіндегі жергілікті бюджеттердің қалыптасу барысын қарастырамыз.
Кез келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаларды жүргізу
экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор
қаржы ресурстарын салуды талап ететіні белгілі. Осы мақсатта, әсіресе,
аймақтардың дамуында жергілікті бюджеттердің атқарар рөлі аса маңызды.
Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қатынастар негізінен жергілікті
бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті
бюджеттер елдің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады.
Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалык
және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет
жүйесі үш буыннан - федералды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен,
федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы
жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация
субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен
сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді
қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті
құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді .
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және
дербес болып табылады:
1. республикалық бюджет;
2. облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана
бюджеті;
3. ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы кала бюджеті).
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден кұралатын,
орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері
мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық
бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Облыстық бюджет, республикалық маңызды қала, астана бюджеті салықтық
және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы
қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға
бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес
әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық
жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес
әкімшілік-аумақтық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы
өзара төлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.
Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі
бюджеттердің өзара байлаңысына негізделген және оларды жасактау, қарау,
бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және
жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Жеке аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына
елдегі экономикалық жағдай; қаржы-бюджет саясаты , өндіріс дамуыньщ
аймақтық деңгейі, оның құрылымы , инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.б.
сан алуан факторлар әсер етеді.
Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық
заңнамалардың нормативтік актілерімен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік
пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен
жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі.
Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын қалыптастыру қағидалары
жалпы бюджет жүйесін құру қағидаларына негізделген.
Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге сәйкес
жергілікті бюджеттер арқылы жергілікті бағдарламалар, сонымен қатар онымен
байланысты басқа да бағдарламалардың қаржыландырылуы жүзеге асырылады.
Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару
органдарын ұстау шығындарын қаржылындыру; білім беру мен денсаулық
сақтауды; халықтың жекелеген санаттарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі
Экономиканы мемлекеттIк реттеудIң шетелдIк тәжIрибесI
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайында
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің құрылымы
Дамыған және дамушы елдердің экономиканы мемлекеттік реттеуі
Аймақтардың инвестициялық саясатын қарастыру
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері туралы
Пәндер