Азаматтар азаматтық құқық субъектісі ретінде



Жоспар

I. Кіріспе

1.1. Тұлға . Азаматтық құқық субъектісі.
1.2. Жалпы қағидалары.

II. Негізгі бөлім
2.1. Азаматтық құқық қабілеттілігі.
2.2. Азаматтық әрекет қабілеттілігі.
2.3. Қорғаншылар мен қамқоршылар, құқықтары.
2.4. Адамдар есімі мен тұрғылықты жері.
2.5. Хабар ошарсыз кету.
2.6. Адамды өлді деп тану.
2.7.Азаматтық хал актілері.

III.Қортынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
1.1. Тұлға – Азаматтық құқық субъектісі.
Тақырыпты бастамас бұрын негізгі мәселелерді қарастырып алуымыз керек, яғни Азаматтық құқық дегеніміз не, тұлғалардың онда алатын орнын айқындап алған жөн болар.
Азаматтық құқық дегеніміз, адамдар арасындағы мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Азаматтық құқық – құқық жүйелерінің негізгі саласы. Азаматтық құқық адамзатқа ежелден белгілі. Оны Рим заңгері «Рим азаматтарының құқығы» деп ұққан және оны « цивильдік құқық » деп атаған. Оны 2 салаға бөлген:
1) Көпшілік құқық.
2) Жеке құқық.
Көпшілік құқығы: мемлекет мүддесін қамтамассыз еткен, ал жеке құқық, жеке адам мүддесін қамтамассыз еткен.
. Азаматтық құқық нормалары мен қоғамдық қатынастардың көптеген түрі реттеледі. Азаматтық құқық қатынастары дегеніміз, мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктер жөніндегі адамдар арасындағы туындайтын және Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастар өзгеде қатынастар сияқты үш элементтен тұрады.
1. Субъект
2. Объект
3. Мазмұны
Объектілер осы қатынастарды пайда болуының себептері, олар екіге бөлінеді. Мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтармен игілікттенр.
Мазмұны – қатысушылардың субъективті құқықтары және заңды жауаптылығы.
Субъектілер – осы қатынасқа қамтушылар. Олар үшке бөлінеді.
1. Азаматтар (жеке тұлғалар)
2. Заңды тұлғалар
3.Мемілекет және аумақтық бөлінстер.
Осылардың ішінде тоқталатын нәрсе азаматтар, яғни жеке тұлғаларды азаматтық құқық субъектісі ретінде қарастыра отырып, тақырып мәнін ашуға, жалпыға түсініктілігін айқындауға барынша тырысып көремін.
Қолданылған әдибиеттер.

1. «Қ.Р Қонституциясы» 1995 жыл 30 – тамыз.
2. «Қ.Р Азаматтық құқығы» Алматы «Жеті жарғы» 2001 жыл. Төлеуғалиев. Ғ.
3. «Қ.Р азаматтық кодексы» 1994 жыл 27 – желтоқсан.
4. «Гражданское право» Суханова 1998г.
5. Гражданское право РК» Алматы 1998г. Мауленов, Сарсенбаев, Толеуғалиев.
6. «Опека и попечительство» 1965 – 106ст. Пергамент.
7. «Сов. Гражданское права» Рачищев. Юр.лит – ра 1986г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Азаматтар азаматтық құқық субъектісі ретінде.

Жоспар

I. Кіріспе
1.1. Тұлға – Азаматтық құқық субъектісі.
1.2. Жалпы қағидалары.
II. Негізгі бөлім
2.1. Азаматтық құқық қабілеттілігі.
2.2. Азаматтық әрекет қабілеттілігі.
2.3. Қорғаншылар мен қамқоршылар, құқықтары.
2.4. Адамдар есімі мен тұрғылықты жері.
2.5. Хабар ошарсыз кету.
2.6. Адамды өлді деп тану.
2.7.Азаматтық хал актілері.
III.Қортынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
1.1. Тұлға – Азаматтық құқық субъектісі.
Тақырыпты бастамас бұрын негізгі мәселелерді қарастырып алуымыз
керек, яғни Азаматтық құқық дегеніміз не, тұлғалардың онда алатын орнын
айқындап алған жөн болар.
Азаматтық құқық дегеніміз, адамдар арасындағы мүліктік және
мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Азаматтық құқық – құқық жүйелерінің негізгі саласы. Азаматтық құқық
адамзатқа ежелден белгілі. Оны Рим заңгері Рим азаматтарының құқығы деп
ұққан және оны цивильдік құқық деп атаған. Оны 2 салаға бөлген:
1) Көпшілік құқық.
2) Жеке құқық.
Көпшілік құқығы: мемлекет мүддесін қамтамассыз еткен, ал жеке құқық, жеке
адам мүддесін қамтамассыз еткен.
. Азаматтық құқық нормалары мен қоғамдық қатынастардың көптеген түрі
реттеледі. Азаматтық құқық қатынастары дегеніміз, мүліктік және мүліктік
емес өзіндік құқықтар мен игіліктер жөніндегі адамдар арасындағы
туындайтын және Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастар өзгеде қатынастар сияқты үш
элементтен тұрады.
1. Субъект
2. Объект
3. Мазмұны
Объектілер осы қатынастарды пайда болуының себептері, олар екіге
бөлінеді. Мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтармен игілікттенр.
Мазмұны – қатысушылардың субъективті құқықтары және заңды жауаптылығы.
Субъектілер – осы қатынасқа қамтушылар. Олар үшке бөлінеді.
1. Азаматтар (жеке тұлғалар)
2. Заңды тұлғалар
3.Мемілекет және аумақтық бөлінстер.
Осылардың ішінде тоқталатын нәрсе азаматтар, яғни жеке тұлғаларды
азаматтық құқық субъектісі ретінде қарастыра отырып, тақырып мәнін ашуға,
жалпыға түсініктілігін айқындауға барынша тырысып көремін.
1.2. Жалпы қағидалары.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтармен міндеттердің
қайсібір субъектілеріне байланысты болады. Сондай – ақ, міндеттің де әлде
біреудің мойынындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтармен міндеттердің иелерін құқық субъектілері
деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы
құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған
құқық қаблетті атауының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі
топтар мен түрлерге орай субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып,
міндетін орындау қаблеті деп түсіну керек.
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – еңбек ететін ең
алдымен адамдар (жеке тұлғалар). Әр адам құқық субъектісі. Бірақ, құқықта
субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл ұжымдар, толып
жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және тағы басқа да құқықпен
міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған адамдар мен ұйымдарды бір – бірінен ажырату үшін
заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөлді. Жеке тұлға
– Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемілекеттердің азаматтары,
сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға – мекемелер , ұйымдар,
кәсіпорындар және тағы сол сияқты.
Азаматтық кодекстің 12 – бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан
Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және
азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз.
Азаматтық алған адам сол мемілекеттің құқық субъектісі болады.
Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі ең
алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 – маусымда
қабылданған Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы заң күші
бар Жарлығының 2 – бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары
болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар
азаматтар шетел азаматтары болып саналады, заңмен емес.Қазақстан
Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің
мемілекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен
айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралған азаматтық
құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық
қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған жарлықтың 2 – бабы II – бөлігіне сәйкес, Қазақстан
Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемілекеттің
азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп
есептеледі.
Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар
Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық
құқықты пайдаланады.

2.1. Азаматтық құқық қабілеттілігі.
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық
қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі Азаматтық
кодекстің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару
қабілеті барлық азаматтарға бірдей болып тұжырымдалады.
Конституцияның 14 – бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі
тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге
жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық
қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және біріңғай құралған. Азаматтық
кодекстің 13 – бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық
азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дегенмен құқық
қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде
жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды
деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей құқықты ала беру
мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттігінің теңдігі дегенде заңда
бұл орайда заңда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге
субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек.
Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге
сәйкес оны шектеуге жол бермейді. Азаматтық кодекстің 18 – бабы 1
тармағында былай деп жазылған: Заң құжаттарында көзделген реттер мен
тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттігі мен әрекет
қабілеттілігін шектеуге болмайды. Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық
қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы
алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық
қабілеттілігінен толықтай айырылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға
ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын беру
мына жағдайларға:
1. Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті
жасауға;
2. Елдің аумағында емін – еркін жүріп – тұруға;
Бұл жерде, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта
болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай
субъективтік құқықтардан айыру жайымен шатастыруға болмайды. Құқық
қабілеттілігін шектеу- қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып
табылады.
Субъективтік құқықтан айыру – нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп
түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру белгіленген мерзімнің
тағайындаумен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы: қылмыс жасаған адамның
мүлкі тәркіленеді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге,
аң аулаумен балық аулауға және тағы басқа меншіктік құқығы жойылады.
Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу,
басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы,
дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа
мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Дегенмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік
мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтардың құқықтармен
міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық кодекстің 14-бабы бойынша
бұл мәселе тұжырымдалған: Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де,
оның тыс жерінде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктеуге;
мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; Республика аумағында еркін жүріп –
тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға, Республикадан тыс жерлерге еркін
шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым
салынбаған кез келген қызметпен айналасуға, дербес өзі немесе басқа
азаматтармен және заңды тұлғалалармен бірігіп заңды тұлға құру, заң
құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге
қатысу: өнертабыстарға; ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,
интелектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянының
орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке
құқықтары болады.
. Азаматтық құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни
ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып
есептеледі. Мысалы: түсік тірі туа тұрсада тұлға деп саналмайды, өйткені,
ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ айтарлықтай дамыған шала туған
бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі тұрып аз күн
болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу орындарына
қай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде
іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі тұрған азаматтар мұрагер бола
алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты
иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның – құқық субьектісінің өлуімен бірге
қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара
қысқарады, ішінара мұрагеріне көшеді. Өлім-бірқатар құқықтық салдар тудырып
кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да
хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және
психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
2.2. Азаматтық әрекет қабілеттілігі.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен
азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық
міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен
ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл
дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтын әрекеттілігі үшін оның өз
еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек
білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен
психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен
міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс.
Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлары бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне
ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен,
әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 17 – бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмлетке
толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір мәселе бар: азаматтық кодекстің 17 –
бабы 2 тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге
рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден
бастап толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда неке
және отбасы туралы заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат
етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орыны
бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылға
төмендетуі мүмкін. (Неке және отбасы туралы Заң 10 – бап. )
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық
емес) және шектеулі болып бөлінеді. Оның өзі азаматтық әрекет
қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық
қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсібір құқыққа ие болуыға
немесе өзіне міндеттер алуға қабілітсіз екендігі түсінікті нәрсе.Саналы
әрекет жасау қабілетті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан
әрекет жасау жасы толған адамдар ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады. (Азаматтық кодекстің
17 бабы, 1- ші тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық
айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар
мен міндеттерге де ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің
әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша
айтқанда, заң тікелей көрсеткендердің бірқатары ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмлетке
толмағандарға тән, ал беретін әрекет арқылы олардың жасына байланысты. Заң
мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
а)жасы кәмлетке толмаған 14 пен 18 жас арасындағылар;
ә)жасы кәмлетке толмапған 14 жасқа дейінгі балалар;
14 пен 18 жас аралығындардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды,
олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай
мәмлелерді екі түрге бөлуге болады.
- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап
алушылардың, қорғаншылары клісімсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
- ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша
хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды
өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалақысына, стипендиясымен басқа кірістерге билік етуге;
2) интелектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына
салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 пен 18 жасқа дейінгі кәмлетке толмағандар басқалай мәмілелерді,
яғни мәмлелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының,
келсімімен жасайды. Мұндай келсімнің нысаны заңдары кәмлетке толмағандар
жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. (Азаматтық
кодекстің 22 бабы, 1 тармағы).
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің
келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмлетке толмағандардың өздері
көтереді.
Жасы кәмлетке толмағандар келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті
мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата –
аналары немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян өтеуге
оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған
ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі кәмлетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда
өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырып алушылары мен қорғаншылары жасай
береді. ( АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір
мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін жоққа шығармайды.
Азаматтық кодекстің 23-бабы 2 тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына
лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз боиынша
жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды
сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді
жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке
жауапкершілікті мойынына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де
қатысты. Оралдың әрекетіне ата – анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары
жауап береді.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің
отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайда ұшыратқан азаматтың әрекет
қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық
белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа
мәмілелерді жасауды, сондай – ақ табысын, зейнетақысын және өзге де
кірістерін алуды, және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен
ғана жүзеге асыра алады. (АК-тің 27-бабы).
Ал, азамат, айталық, жүйке ауыруынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Азаматтардың азаматтық құқық субъектілігі
Жеке тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде
Жеке тұлға құқық субьектісі
Азамат азаматтық құқық субъектісі
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері туралы
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері
Пәндер