Жаза және оның мақсаты туралы



Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі — жаза.
Жаза дегеніміз — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан /ҚР қылмыстық кодексімен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Қылмыстық нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат — адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделелерін, бейбіт өмірін және адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған Қылмыстық заңда жазаға анықтама бермеген. Сондықтан да жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданғанға дейін, қылмыстық заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір-бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз-қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар.
Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі жаза түсінігіне келесідей анықтама береді: жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қоладынылады, және адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚР Қылмыстық Кодексімен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган — сот қана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
I ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТЫ

І.І. Жаза ұғымы

Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал
жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды
тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының
бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай
шаралардың бірі — жаза.
Жаза дегеніміз — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға
қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚР қылмыстық
кодексімен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Қылмыстық нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз
етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы
нормалардың бұзылуына қарағанда, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар
мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат — адам мен азаматтың құқығын, бостандығын,
заңды мүдделелерін, бейбіт өмірін және адамзат қауіпсіздігін, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және Қазақстан
Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң
қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған Қылмыстық заңда жазаға
анықтама бермеген. Сондықтан да жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданғанға дейін,
қылмыстық заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды
кездестіруге болады. Олардың бір-бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза
дегеніміз-қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот
қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар.
Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі жаза түсінігіне
келесідей анықтама береді: жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын
мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған
адамға қоладынылады, және адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚР
Қылмыстық Кодексімен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған
адамға мемлекеттік ерекше орган — сот қана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік
мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір
мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіп орындар мен
ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында
орындалуға тиісті.1
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады , қоғамдық ықпал
жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол — олардың артында мемлекеттік
күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық
ұйымдар қолданады. Жаза — мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген
шарасы. Қылмыс жасаған адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін қолдана
алмайды.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік — міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау
дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральды
материалдық және басқада ықпал ету арқылы жүзеге асырылады,
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да қылмыстық кодекстерде
жазалау жаза мақсаты ретінде қарастырылмайды. Бұрынғы қылмыстық кодекстерде
жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған.
Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде
қарастырған. Атап айтқанда Н.А.Беляев былай деп жазды: “Жазаның мақсаты
жазалау, ол дегеніміз жасаған. қылмысы үшін айыпкерді күйзелту,
бостандығынан айыру”.1 И.И.Карпец пен А.Н.Тарбағаевтың еңбектерінде де
осындай пікірлер айтылған.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық
сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтың және моральдық тұрғыдан
өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса,
оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын
мән жай болып табылады.
Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан
қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қайталанудың
болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас
бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етедi.
Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның
айырмашылығы сол - қылмыс жасаған адамға оның әрекетіне сот тек құқық
тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар моральдық тұрғыдан теріс баға береді.
Сондықтан да, жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет
атынан берілген теріс баға. Сонымен қатар, қылмыстық жаза қылмыстық заңмен
белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған
адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және
осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады.

1.2. Жазаның мақсаты

Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты
болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және
іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының
алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды.
Жазаның мақсатын анықтаудың бәрінен бұрын, соттың заң қолдану
қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай
отырып, сот жазаны басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу заңсыз,
дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру-жаза қолданудың
тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған
қылмыстардың жалпы қылмыстың алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу
үшін сондай көрсеткіш болады.
Жазаның мақсаты қылмыстық заңдарда былай деп көрсетілген: “Жаза
әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу
және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан
сақтандыру мақсатында қолданылады”.1
Яғни, жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау
ол негізінен арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты;
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың
мақсаты).
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қатыстырылуы тиіс.
Сонымен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру - жаза мақсаттарының
бірі болып табылады. Қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділетттілікті
қалпына келтіру — жаза мақсаттарының бірі болып табылады, қандай қылмыс
болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз
адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам
өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне
елеулі нұқсан келтіреді. Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсысында біреу
жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік
бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбiр шеккен адамға ғана емес,
жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына
келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны
күйзелту жәбірленгеннің аз да болса, көңілін басады, жасалған қылмыс
нәтижесінде өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келеді
деп үміттенеді.
Ал, жалпы қоғам көлемінде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот
әділ жауапты көпшілік алдында сот процестері негізінен ашық мәжілістерде
өтеді тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық занды бұзған адамды
мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да
игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген
адамның көңіл күйі орнына түседі. Мысалы, көп қылмыс жасаған қылмыскерді
өлім жазасына тартқан болса, онда басқа халық ол қылмыскерді ендігәрі
қылмыс жасалмайды деп көңілі орнайды. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік1
әділеттілікпен байланыстырады, сондықтан сот тек қана әділ жаза тағайындау
үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Жаза қолданғанда адамдар әділеттілікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда
қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады. Сондықтан
да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезіммен
қабылдайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның
мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты -
сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық
заңның адамгершлік сипатын көрсетеді.
Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны
өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасалмайтындай болып оралуын көздеуге
тиіс.
Түзеу дегеніміз — адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін
қасиеттерді жою.
Жалпы мұнда, біздің тақырыбымыз өлім жазасына арналғандықтан бұған біз
тоқталмаймыз.
Жазаның өзіндік жеке мақсаты — арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты. Оның
мәні де, мазмұны да — сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау,
қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады.
Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мазмұны және оған қол
жеткізу тәсілдері жайында ортақ пікір жоқ. А.И. Марцевтің пікірінше, арнайы
сақтандыру шараларының мәні қылмыстың жауапкершілікке тартылған адамның
жаңа қылмыс жасауына жол бермеуде және бұл мақсатқа жазалау тәрбиелеу
арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаның мақсаттары
Жазаның жүйелері және түрлері
Әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асырудағы қылмыстық жазаның орны
ҚОСЫМША ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жаза және оның мақсаты
Қылмыс жасаушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасынан босатылу мәселелері
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Жаза және оның мақсаты жайлы
Қылмыстық жаза жүйесіндегі айыппұлдың түсінігі мен қалыптасу тарихы
Кінәліге әділ жаза таңдау
Пәндер