Үш тұғырлы тілдің ұшпағы



02.57.04 Тілдердің үш тұғырлылығы мәдени жобасын іске асыру - уақыт талабы
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдау¬ларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.
Білім мен ғылымның, эконо¬миканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелес¬тіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.
Мемлекет басшысы бұрнағы жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Жамбыл облысында республикада алғашқылардың бірі болып 2002 жылдан бастап жергілікті өкілді және атқарушы органдарда іс қағаздары мемлекеттік тілге көшірілді. Содан бері барлық деңгейдегі әкімдік мәжілістері мен мәслихат сессиялары, ресми және мәдени шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Облыстық әкімдіктің алқа мәжілістері, облыстық мәслихат сессиялары өтетін мәжіліс залы құны 6,0 млн.теңге тұратын 50 нүктелік ілеспе аударма жасайтын техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда аудармашылар тарапынан сапалы аударма жасалып отырады. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарда қабылданатын шешімдер мен қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқа да нормативтік актілер мемлекеттік тілде әзірленіп, мемлекеттік тілде қабыл¬данады.
Бүгінгі таңда облысымыздағы 154 кенттік, ауылдық (селолық) округтер мен кент, ауыл әкімдерінің 147-де іс қағаздары толықтай мемлекеттік тілде, ал өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған 7 кент пен ауылдық (селолық) округтерде екі тілде (мемлекеттік және орыс тілінде) жүргізіледі.
Іс қағаздарын мемлекеттік тілге кө¬шіру ісі, әсіресе, Жамбыл, Байзақ, Та¬лас, Сарысу, Шу және Меркі аудан¬дарында жақсы жолға қойылған.
Іс қағаздарындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру үшін тиісінше шаралар жасалуда. Өткен жылдың басынан бері облыс әкімі аппаратына келіп түскен және сыртқа жолданған құжаттардың тілдік арасалмағы облыстық тіл басқар¬масы тарапынан ай сайын талданып, сарапталып отырылатын болды. Сол сияқты, аудандар мен Тараз қаласындағы, облыстық департаменттер мен басқар¬малардағы құжат айналымына да тоқсан сайын сараптама жасалып, мемлекеттік тілдің үлесін арттыру жөнінде талаптар қойылып отырылады. Нәтижесінде, бұрнағы жылы облыстағы мемлекеттік мекемелердегі шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 75 пайыз болса, бұл көрсеткіш аудандар мен Тараз қаласында 92 пайызға жетті.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 2007 жылы өзге ұлт өкілдерінің балабақша бүлдіршіндері арасында “Қазақшаң қалай, балақай?”, жоғары сынып оқушылары арасында (өзге ұлт балалары) “Мемлекеттік тіл — ме¬рейім”, сондай-ақ Абай оқулары, “Мем¬ле¬кеттік тіл — менің тілім”, “Қазақ тілінің үздік оқытушысы”, “Үздік аудармашы”, “Тіл — халық жанын танудың кілті” және О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу ше¬берлерінің байқаулары ұйымдас¬тырылды. Жоғарыда аталған тіл байқауларын өткі¬зуге облыс қазынасынан 1 млн. 623 мың теңге жаратылды.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ ҰШПАҒЫ

02.57.04 Тілдердің үш тұғырлылығы мәдени жобасын іске асыру - уақыт
талабы
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы
күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың
тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да
тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру
мәселесіне тоқталмай өткен емес.
Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы
бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде
Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр.
Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.
Мемлекет басшысы бұрнағы жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты
Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі –
мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі
—жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған “Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты
Жолдауында Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске
асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып
отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру
қажеттігіне ерекше назар аударды.
Жамбыл облысында республикада алғашқылардың бірі болып 2002 жылдан
бастап жергілікті өкілді және атқарушы органдарда іс қағаздары мемлекеттік
тілге көшірілді. Содан бері барлық деңгейдегі әкімдік мәжілістері мен
мәслихат сессиялары, ресми және мәдени шаралар мемлекеттік тілде
жүргізіледі. Облыстық әкімдіктің алқа мәжілістері, облыстық мәслихат
сессиялары өтетін мәжіліс залы құны 6,0 млн.теңге тұратын 50 нүктелік
ілеспе аударма жасайтын техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда
аудармашылар тарапынан сапалы аударма жасалып отырады. Жергілікті өкілді
және атқарушы органдарда қабылданатын шешімдер мен қаулылар, өкімдер,
бұйрықтар және басқа да нормативтік актілер мемлекеттік тілде әзірленіп,
мемлекеттік тілде қабылданады.
Бүгінгі таңда облысымыздағы 154 кенттік, ауылдық (селолық) округтер мен
кент, ауыл әкімдерінің 147-де іс қағаздары толықтай мемлекеттік тілде, ал
өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған 7 кент пен ауылдық (селолық) округтерде
екі тілде (мемлекеттік және орыс тілінде) жүргізіледі.
Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру ісі, әсіресе, Жамбыл, Байзақ,
Талас, Сарысу, Шу және Меркі аудандарында жақсы жолға қойылған.
Іс қағаздарындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру үшін тиісінше
шаралар жасалуда. Өткен жылдың басынан бері облыс әкімі аппаратына келіп
түскен және сыртқа жолданған құжаттардың тілдік арасалмағы облыстық тіл
басқармасы тарапынан ай сайын талданып, сарапталып отырылатын болды. Сол
сияқты, аудандар мен Тараз қаласындағы, облыстық департаменттер мен
басқармалардағы құжат айналымына да тоқсан сайын сараптама жасалып,
мемлекеттік тілдің үлесін арттыру жөнінде талаптар қойылып отырылады.
Нәтижесінде, бұрнағы жылы облыстағы мемлекеттік мекемелердегі шығыс
құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 75 пайыз болса, бұл көрсеткіш
аудандар мен Тараз қаласында 92 пайызға жетті.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 2007 жылы өзге ұлт
өкілдерінің балабақша бүлдіршіндері арасында “Қазақшаң қалай, балақай?”,
жоғары сынып оқушылары арасында (өзге ұлт балалары) “Мемлекеттік тіл —
мерейім”, сондай-ақ Абай оқулары, “Мемлекеттік тіл — менің тілім”, “Қазақ
тілінің үздік оқытушысы”, “Үздік аудармашы”, “Тіл — халық жанын танудың
кілті” және О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары
ұйымдастырылды. Жоғарыда аталған тіл байқауларын өткізуге облыс қазынасынан
1 млн. 623 мың теңге жаратылды.
Өткен жылы алғаш рет “Тіл дарын —2008” облыстық олимпиадасы өткізілді.
Байқауға үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жастар
қатысты. Олимпиада қорытындысын шығаруда қатысушылардың тілдерді меңгеру
деңгейі, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы, жауаптың оралымдылығы мен
сапасы, мазмұндылығы мен ерекшелігіне баса назар аударылды. Тараз
қаласындағы №41 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ә.Пошкаева
жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Бұрнағы жылы “Облыс бойынша аудандардың топонимикалық атауларының
анықтамалығы” атты кітап баспадан жарық көріп, кітапханалар мен
мекемелерге, ұйымдарға танымдық құрал ретінде ұсынылды. Бұл кітапты
шығаруға 3,0 млн.теңге қаржы жұмсалды.
Жалпы алғанда “Тілдердің үш тұғырлылығы” тіл саясаты бағдарламасы күні
кеше ғана айтылған дүние емес, Президентіміз аталмыш тілдік стратегияны
2004 жылы жария еткен болатын. Ал, өткен жылы Еуродақ өздерінде үш тілді
білім тәжірибесін заңды түрде енгізді. Бұл тарихи қажеттілік.
Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу
қажеттігі – ертеден келе жатқан қағида. Алайда, жаһандану қалыптасқан осы
қағидаға түзетулер енгізуде. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу
қажеттігі туындап отыр. Бұл біздің жастарымыз үшін аса қажет.
Елбасының өткен жылдың 29 мамырында Ақордада бір топ қазақ тілді
бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен ұлттық жаңғыру және халқымыздың
бәсекеге қабілеттілігі аясындағы келелі кездесуінде “Тілдердің
үштұғырлылығы” бағдарламасына, мемлекеттік тіл мәселесіне кеңінен тоқталып
өтті.
Мемлекет басшысы: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш
тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі –
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай
дәрежеде болады” деп сендірді.
Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге
қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын
бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді, замана көшінен қалмай,
осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді,
дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, — деді.
Бұл тұрғыда “Тілдердің үш тұғырлылығы” жобасы аясында облыста нақты
жұмыстар атқарылып та жатыр. 2007 жылы облыс бюджетінен бөлінген 17,0 млн.
теңге қаржыға мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды. 2008 жылы 273
қызметкер оқуға тартылған, олар 27 топқа бөлінген. Үстіміздегі жылы да
орталық жұмысына 11,4 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. 2007 жылы 14
қызметкер, 2008 жылы 46 қызметкер бітіріп шықты. Оның 56-сы іс қағаздарын
жүргізе алатын деңгейде.
Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің жанынан ашылған “Қазақ тілін оқыту орталығында” 162 тыңдаушы оқып
шықса, бүгінгі таңда 16-сы оқуын жалғастыруда. Бұдан бөлек, бұрнағы жылы
облыста ірі кәсіпорындар мен мекемелерде және ұйымдарда мемлекеттік тілді
оқыту курстары ұйымдастырылып, осындай курстарға қазақ тілін үйренуге ынта
білдірген 2163 тыңдаушы қамтылды.
Облыстағы 463 жалпы білім беретін мектептің 311-і қазақ, 14-і орыс, 137-
сі аралас мектептер. Бір мектеп өзбек тілінде білім береді. Жалпы білім
беретін мектептердегі 188204 оқушының 133781-і (71,3%) қазақ тілінде, 53980-
і (28,7 орыс тілінде білім алуда. Сондай-ақ мектептерде 135472 (71,8 оқушы
ағылшын тілін оқып үйренуде.
Қазіргі таңда облыста 100 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істесе, оның
65-сі (63,9 қазақ, 3-і орыс , 32-і (33 аралас тілдерде тәрбие береді.
Мекемелердегі 15679 тәрбиеленушінің 10504-і (67 қазақ тілінде, 5175-і (33
орыс тілінде тәрбиеленуде. Бала-бақшаларда қазақ тілі аптасына 3 сағат
жүргізіледі және барлығында қазақ тілі кабинеттері бар, олар дидактикалық-
әдістемелік, көрнекілік материалдарымен жеткілікті түрде жабдықталған.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан мемлекеттік органдарды,
мекемелер мен кәсіпорындарды қазақ тілін жеделдетіп оқыту жөніндегі
оқулықтармен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, анықтамалықтармен үлгілік
бағдарламалармен қамтамасыз ету үздіксіз жүргізіліп келеді. Атап айтқанда:
өткен жылы облысымыздағы балалар мекемелері бүлдіршіндерге арналған
“Балдәурен”, “Балдырған”, т.б. танымдық журналдармен қамтамасыз етілсе,
мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарға “Диалектологиялық сөздік”,
“Орфографиялық сөздік”, “Қазақша-орысша халықаралық және саяси сөздік-
анықтамалығы” (жалпы саны 3000 мыңнан аса), “Терминдер жинағы” (мемлекеттік
терминология комиссиясы бекіткен), “Мемлекеттік тілді оқытудың өзекті
мәселелері”, “Қазақша-орысша”, “Орысша-қазақша” терминдер сөздігінің
электрондық нұсқалары сияқты жинақтар мен сөздіктер әдістемелік көмек
ретінде таратылды.
Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 ағылшын тілін тереңдетіп
оқытатын орта мектебі облыс әкімдігі білім беру департаментінің үш тілде
(қазақ, орыс, ағылшын) оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған
мектеп болып өзгертілді. Бұған облыстық бюджеттен арнайы қаржы бөлініп,
шетелдік ағылшын тілінің 20-ға тарта оқытушысын ағылшын тілін оқыту ісіне
тарту көзделуде.
Облыста ұлт өкілдері өз ана тілдерін оқып үйренуде. Өзге ұлт
өкілдерінің ана тілін дамытуға барлық жағдай жасалуда. Облыстың 32 жалпы
білім беретін мектебінде, соның ішінде 12 мектепте дүнген тілі, 14 мектепте
түрік тілі, 4 мектепте күрд тілі, 2 мектепте әзірбайжан тілі ана тілі
ретінде оқытылады.
Сонымен қатар, тұрғындар ақылы негізде Тараз қаласындағы “Rouse Kaplan”
тіл оқыту орталығында ағылшын тілін оқып үйренуде. Орталықта қазақ тілін
оқыту да жүргізіледі. Жыл сайын орталық 50-ден 70-ке тарта тыңдаушыны
оқытып шығарады. Бітірушілер құрамында мемлекеттік қызметшілер, студенттер
және жастар қауымы бар. Ал “Зерде” қоғамдық бірлестігі мемлекеттік тілді
оқытып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға, оның ішінде қазақ тілінің
мәртебесін көтеру мақсатындағы іс-шараларға белсене атсалысып келеді.
Тараз қаласындағы іргелі оқу орнының бірі Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту бойынша
жүйелі жұмыстар атқаруда. Практикалық қазақ және орыс тілдері кафедрасының
оқытушылары “Жас ғалым-2007” халықаралық конференциясында ғылыми
баяндамалар жасады. Атап айтқанда, кафедра доценті Т.Понеделконың
“Внедрение инновационных технологий в практику обучения русскому языку в
национальной аудитории педвуза”, Ж. Момбекованың “Мемлекеттік тілде іс
қағаздарын жүргізудің тиімді әдістері, “Абай шығармаларының халыққа
таралуы” атты еңбектерін айтуға болады.
Қазақ және орыс тілдерінің практикалық курсы кафедрасы ұжымы
мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару тілі ретінде дамыту, іс жүргізу
проблемалары бойынша өткізіліп тұратын облыстық ғылыми-практикалық
конференцияларға тұрақты қатысып тұрады. Кафедраның доценті М. Мыңайдарова
ҚХР-ның Үрімші қаласында екі тілділікке байланысты V халықаралық
конференцияға қатысып, “Русский язык в условиях глоболизации” тақырыбында
баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы №20-
51007-632 хаттамалық шешіміне сәйкес 2008-2010 жылдар аралығында өңірлерде
қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың жүйесін кеңейту
бойынша шаралар қабылдау жүктелген. Осыған орай өзге ұлт өкілдері көп
шоғырланған аудандарда (қалаларда) тіл оқыту орталықтарын ашу бүгінгі
күннің талабына айналып отыр. Тілдерді дамыту саясаты алдағы уақытта да осы
бағытта жүргізіле беретін болады.
Қорыта келгенде, “Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының негізгі
мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің
деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады.
Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін
ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып
үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен
туындап отыр. Сондықтан да, елімізде “Үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы үш тілділік
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастыру- Мәңгілік Ел идеясының негізі
Тіл - үлкен саясат
Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
Қазақстан болашағы, қазақ тілінде
Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу
Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Пәндер