Сақтардың саяси тарихы



Сақтардың парсыларының соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтердің аулиетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрыңғы 519-518 жж. сақтарға қарсы 1-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиен, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330-327 жылдары Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін Александр басып алып, оларға өзінің әскері гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, «еркек кіндіктерін бәрін жусатып салып, әйелдер мен баларды, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен» грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін халық туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сақтардың саяси тарихы.
Сақтардың парсыларының соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар
деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен
Ахеменидтердің аулиетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрыңғы 519-518
жж. сақтарға қарсы 1-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиен, Дарийдің жер
қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі
жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін
апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр
соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым-салық төлеуге, өз
жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы
әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады,
Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста
жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік
соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап,
бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330-
327 жылдары Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып,
Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер
арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін Александр басып алып,
оларға өзінің әскері гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол
жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәті күтіп,
сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, еркек
кіндіктерін бәрін жусатып салып, әйелдер мен баларды, тағы басқа олжаларды
қарбыта алып кеткен грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда
халық көтерілісін халық туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып
тасталған.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр-талайында сақтар бұдан былай да
маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б.з. бұрыңғы III ғ. – б.з. дейінгі III
ғ. аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-
Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құлауына ат
салысады.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Сақ тайпалары тарихы мен олардың
материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері –
қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар
зертеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы
мәдениетін ашуға мүмкіндік береді.
Орталық Қазақстан. Біркездері қола дәуіріндегі андронов мәдениеті
қамтыған Орталық Қазақстан жерінде VII – III ғғ. Тасмола мәдениеті
қалыптасқан, мұның аты Тасмола алқабының байыпты зерттелген қорымдарына
байланысты қойылған. Зерттеулерді Ә.Х. Марғұлан мен М.Қ. Қадырбаев
жүргізген.
Тасмола мәдениетінің дамуында үш кезең айрықша көзге түседі.
Бірінші кезең б.з. дейінгі VII – VI ғғ. қамтиды. Оған Тасмола,
Қарамұрын, Нұрмамбет қорымдары жатады. Қорғандардың үйіндісі топырақ не тас
аралас топырақ болып келеді.
Екінші кезеңде, б.з. дейінгі V – III ғғ. өлікті қою салты сақталған,
атты қоса жерлеу ғұрпы жоғалып кетеді.
Үшінші кезеңде – б.з. дейінгі III – I ғғ. обалардың бұрыңғы құрылымы,
түрі сақталады, бірақ мола ішінде түбі тегіс домалақ ыдыстар пайда болады.
Батыс және Солтүстік Қазақстан. Дала және орманды дала жазықтарынан
ондаған қорымдар кездеседі. Біреулер оны савроматтардың аорстор мен
роксоландар тайпаларының қорымдары десе, екінші біреулер – исседондардың
қорымдары деседі. Еділ мен Жайық арасындағы мол аймақтан қорымдардың ең көп
шоғырланған жерлері – Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар
көлдерінің өңірі, Елек, Шаған, Отуа, Ембі жағалаулары. Қазақстанның
солтүстік аударында қорымдар Тобыл мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Ғұндар Саяси тарихы
Сақ тайпаларының орналасуы
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Сақтар (скифтер) массагеттер, дактар (дайлар) аримаспылар
САҚ ӨНЕРІ
Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
Парсы патшасы І Дарийдің Бехистундік жазуы
Саясаттану ғылымы әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Пәндер