Абай Құнанбаев(1845-1904) жайлы ақпарат



Қазақтың ұлы ақыны Абай(Ибрахим)Құнанбаев 1845жылы бұрынғы Семей облысы,Абай ауданы,Шыңғыс тауының етегінде туған.Шыққан ортасы-ауқатты,Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс,аға сұлтандық қызметтер атқарған.Ал,атасы Өскенбай,арғы атасы Ырғызбай-өз заманының атақты билері.
Ұлы ағартушы филосф қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы өз халқының келешегін тереңнен ойлап,мың толғанған,жан-жүрегімен езіле жырлаған ақындарының бірі Абай Құнанбаев.Абай Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туған ұлы еді.Абайдың
балалық шағы 19-ғасырдың ортасында өтті.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы,соқлақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма!»
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс,бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді.Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып,
күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда,Абай өлеңді өте ерте,он екі жасынан бастап шығарған.Оның бұл кезеңде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ.Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулерінің және бір қатары ұмытылған,болмаса жоғалып кеткен шығармаларының аттары ғана сақталған.Қазақстанда ол кезде жазу-сызу нашар дамыған болғандықтан,бізде Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сақтаған,оның өмір тарихын баяндайтын,тұстастары жазған мемуарлар,жаттар,жазбалар жоқ.Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қатынасының да салқыны бұған аз тиген жоқ. Егер халық поэзияны терең қастерлеп,ақын атын жоғары бағаласа,ру байлары «Құдайға шүкір, біздің рудан бір де ақын,бір де бақсы шыққан жоқ»-деп күпінетін.Поээияға осындай көзқарастың әсерімен Абай өзінің көптеген өлеңдерін жас достарының атынан таратқан.Ру таластарының қым-қуат дау-жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің әділетсіздігімен,қаталдылығымен келісе алмады және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей,әділ үкім шығарып отырды.Абайдың халық арасынан шыққан адал,ақылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға ұнамады.Қатал,айлалы әке мен әділетті,қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады.Жмырма сегіз жасқа келгенде Абай әкесімен біржола ажырасады.Ол енді тағдырын өзі белгілеп алатын болады.Абай,ең алдымен,орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.Оның жаңа достары-негізінен кедей рулардан шыққан талантты жастар,ақындар, жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаев.(1845-1904)
Қазақтың ұлы ақыны Абай(Ибрахим)Құнанбаев 1845жылы бұрынғы Семей
облысы,Абай ауданы,Шыңғыс тауының етегінде туған.Шыққан ортасы-
ауқатты,Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай
кезінде болыс,аға сұлтандық қызметтер атқарған.Ал,атасы Өскенбай,арғы атасы
Ырғызбай-өз заманының атақты билері.
Ұлы ағартушы филосф қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы өз халқының
келешегін тереңнен ойлап,мың толғанған,жан-жүрегімен езіле жырлаған
ақындарының бірі Абай Құнанбаев.Абай Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан
туған ұлы еді.Абайдың
балалық шағы 19-ғасырдың ортасында өтті.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы,соқлақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.Бұл өткеннің құлазыған
ғасырларынан өзіне бейтаныс,бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған
ақынның айтқан сөзі еді.Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай
сәуле төкті және таңы атып,
күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.Өзінің
көптеген тұстастарының айтуына қарағанда,Абай өлеңді өте ерте,он екі
жасынан бастап шығарған.Оның бұл кезеңде шығарғандарының көпшілігі бізге
жеткен жоқ.Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулерінің және бір
қатары ұмытылған,болмаса жоғалып кеткен шығармаларының аттары ғана
сақталған.Қазақстанда ол кезде жазу-сызу нашар дамыған болғандықтан,бізде
Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сақтаған,оның өмір тарихын
баяндайтын,тұстастары жазған мемуарлар,жаттар,жазбалар жоқ.Үстем тап
өкілдерінің ақынға деген қатынасының да салқыны бұған аз тиген жоқ. Егер
халық поэзияны терең қастерлеп,ақын атын жоғары бағаласа,ру байлары
Құдайға шүкір, біздің рудан бір де ақын,бір де бақсы шыққан жоқ-деп
күпінетін.Поээияға осындай көзқарастың әсерімен Абай өзінің көптеген
өлеңдерін жас достарының атынан таратқан.Ру таластарының қым-қуат дау-
жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің
әділетсіздігімен,қаталдылығымен келісе алмады және көп істерге, әкесінің
ырқына көнбей,әділ үкім шығарып отырды.Абайдың халық арасынан шыққан
адал,ақылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне
бой ұруы Құнанбайға ұнамады.Қатал,айлалы әке мен әділетті,қайсар баланың
арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады.Жмырма сегіз жасқа келгенде
Абай әкесімен біржола ажырасады.Ол енді тағдырын өзі белгілеп алатын
болады.Абай,ең алдымен,орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.Оның жаңа
достары-негізінен кедей рулардан шыққан талантты жастар,ақындар, жыршылар
және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болды.Есейген,мәдениеті
өскен Абай орыстың классик әдебметі мен Шығыстың халық творчествосын оқи
бастайды.Отыз бес жасқа келгенде ғана Абай творчестваға қайта оралды.Бірақ
бұл кезеңде де Абай өз өлеңдерін жас достарының атынан таратады. Тек,1886
жылы қырық жастан асқан соң Жаз-деген атақты өлеңін жазғаннан кейін ғана
Абай шығармаларының өз атын қойды.Отыз жастарға келгенде Абай феод-рулық
ортадан біржола түңілді.Ол патша үкіметі тұтандырып отырған рулық тартыстың
халық үшін өте ауырға соғатынын анық көрді.Нағыз ақын ,әрі патриот Абай
халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты.Өзінің өлеңдерінде
ол феод-рулық билептөстеушілерді аяусыз әшкерлейді және халықты өнер-
білімге шақырады.Абай орыстың жер ауып келген 70-80 жылдардағы
революционерлермен танысады.Олар-революциашыл интеллегенцияның өкілдері Н.Г
Чернышевскийдің жолын қуушылар еді.Солардың бірі-Е.П.Михаэлис-Шелгуновтың
жақын досы,белсенді қызметтесі болған.Михаэлис те сондай-ақ Семейге
кейінірек жер ауып кеген оның пікірлестері де жас адамдар болатын.Абайдың
олармен таныстығы кешікпей үлкен достыққа айналды.Орыс достары Абайдың өз
бетімен білім алуына ерекше назар аударып,зор көмек көрсетеді.Олар Абайдың
қазақ халқының тарихы,поэзиясы, әдет-ғұрпы және искусствосы жайында көп
мәлімет алады,өздеріне бейтаныс өлкенің табиғи-географиялық,экономикалық,
жағдайларын,тұрмысын зерттейді.Мешеу қалған қиырдағы өлкеге орыс мәдениетін
тұңғыш таратушылар да,халықтың өмірі мен тұрмысын өзгертудің,оны ағартудың
жақтаушылары да солар болды.Орыс демократиалық интеллгенциясының бұл
өкілдері халықты ағартуды царизімге қарсы күрестің маңызды құралы деп
санады.Абай сияқты адамдарды орыс әдебиеті классиктерінің және орыс
мәдениетінің басқа да алдыңғы қатарлы өкілдерінің мұрасымен таныстыру-олар
үшін,әрине,маңызды міндет болады.Абайдың бұл достары орыстың ұлы жазушылары
мен алдыңғы қатарлы саяси-әлеуметтік қайраткерлерінің еңбекші бұқарасына
жеткізуге тырысты.19ғ-дағы азаттық идеяларға толы орыстың классик
әдебиетінің асқан гуманизмі мен терең революцияшылдығы, оның царизмге қарсы
өшпенділігі,оның езілген бұқараны қорғап көтерген өшпес дауысы Сібірде де,
Қазақстанда да қоғамдық ойды өмірге оятты,тәрбиеледі.Ал,Абай болса қазақ
халқының ғасырлар бойғы қараңғылықтан құтылатын бірден-бір дұрыс жолы –орыс
және қазақ мәдениетінің жақындасуына деп білді.Ұлы ақын ағартушы
халықтардың туысқандығы мен достығы идеяларын жақтаушы болды.Өзінің
өлеңдерінде ол қазақ халқына орыс халқын патша отаршыларынын айыра білуді
көрсетуге тырысты.
Тура тілді кісіні дейміз орыс,
Жиреніп,жылмаңдықты демес бұрыс.
Жылпылдақтан айырылып,сенісе алмай,
Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс.
Сенімі жоқ серменде сырды бұзды,
Анық таза көрмейміз-досымызды.
Қылт етпеген көңілдің кешуі жоқ,
Жүрегінде жатады өкпе сызы.
Дос асықтың болмайды бөтендігі,
Қосылған босаспайды жүрек жігі
Орыс халқының рухани мәдениетінің нағыз бағалылықтарын тауып,таныған шақта
Абайдыңой-өрісі мейлінше кеңейді.Абай А.С.Пушкинмен М.Е.Лермонтовтың
И.А.Крыловтың М.Е.Салтыков-Щедрин мен Л.Н.Толстойдың құштар ардақтаушысы
болады.1886 жылдан бастап ол Крылов,Пушкин,Лермонтовтың шығармаларын қазақ
тіліне аударады.Абай тек қана ақын емес,сонымен бірге музыкант қазақтың
халық музыкасын терең білген,жете бағалаған адам болды.Ол бірқатар
мелодиалар шығарды.Ақынның мелодиалары негізінен қазақ поэзиясына жаңалық
енгізгенөлеңдеріне арналған еді.Ол өзінің Е.Онегинненжасаған үзінді
аудармаларына да осындай мелодиалар шығарған.1887-89жылдарда Пушкин
есімі және оның геройлары –Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен
бірге бүкіл далаға кең таралады,қазақ халқы үшін қазақ ақындары мен қазақ
эпикалық поэмаларының геройларындай сүйікті, жақын болып кетті.Абай
поэзиясының биік мақсаты,міндеті-халыққа қызмет ету, адамды қайта
тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп
біледі.Халықтың еңбек етіп,өз правосы үшін күресу ғана дала кедейіне
тәуелсіздік әпереді,білімге, аянбай оқуға ұмтылу ғана жас ұрпақтың қолын
жақсы өмірге жеткізеді. Оқуға шақыруды Абай жалаң уағызбен айтпады.Абайдың
бүкіл поэзиясы,оның жаңа лебізді,орамды өлеңнің,өмірлік қуатқа толы
образдарының күші қазақ қоғамын ескірген идеялармен сезімдер шеңберінен
шығарады,ауыл еңбекшілерінің ортасынан шыққан адамдардың басын қатырған
мұсылман медресселерінің схоластикасы мен балдыр-батпақтарын аяусыз
шенеді.Абай шығыс поэзиясына,Таяу Шығыстың бұрынғы және сол тұстағы
мәдениетіне келгенде де өзіндік бетін сақтай білді.Ол тұпнұсқа арқылы
араб-иранның бүкіл батырлық діни эпосын, шығыстың
Фердауси,Низами,Сағди,Хафиз,
Науаи,Фзули сияқты классиктерін білді.
Абайдың ақын шәкірттері-1993жылы Дәуір баспанасынан жарық көрген жинақ.
Жинаққа Абайдың ақын шәкірттері Ақылбай Абайұлы Құнанбаевтың өмірбаяны.
Дағыстан Зұлыс поэмалары мен өлеңдері,Мағауия Абайұлы Құнанбаевтың
өмірбаяны, Медығат-Қасым, Еңілік-Кебек поэмалары мен өлеңдері Турағұл
Абайұлы Құнанбаевтың өлеңдері М.Горькиден аударған Челкашәңгімесі Әкем
Абай туралы дейтін естелігі енген. Алғы сөзін ақындардың өмір-баянын
жазып,баспаға әзірлеген Қайым Мұхамедханұлы.

Абайдың аударма жөніндегі тәжірбиесінен-Қазақ С.С.Р Ға-ның баспасынан
1954жылы жарық көрген ғылыми зерттеу еңбектерінің авторы –С.Нұрышев Еңбек 8
тарау мен қорытындыдан тұрады. Онда автор жалпы көркем аударманың рухани
мәдениетті,оның ішінде әдебиет пен тілді өркендетудегі бүкіл адамзаттық
гуманистік қызметіне тоқтала келіп,осы тұрғыда Абайдың аударма
шығармаларына талдау жасайды,ақынның аудармашылық шеберлігіне дер
қояды.Аударма туындылары арқылы қазақ өміріндегі надандыққа, кертартпа жат
пиғылдарға қарсы күрескенін ашып
көрсетеді.А.С.Пушкин,М.Ю.Лермантов, И.А.Крылов туындыларын аударудағы
ақындық дарынына, тұпнұсқаның ырғағын,әуезін,мағнасын,идеясын дәл қалпында
жеткізудегі жаңашылдығына талдау жасады.
Қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысы-ҚазССР Мәдениет министірлігі
мәдени-ағарту мекемелерінің бас басқармасы 1954жылы шығарған ғылыми зерттеу
еңбектерінің авторы-Х.Ж. Сүйіншәлиев.Автор Абайдың демократ,ағартушы, қоғам
қайраткері ретінде қазақ халқы тарихынан алатын орнын көрсетеді. Ақын
шығармаларын талдай отырып,оның
философиялық,әлеументтік,этикалық,э стетикалық көзқарастарына шолу
жасайды.Абайдың өлеңдеріндегі,қарасөздеріндегі оқу-ағарту, тәрбие
мәселелерін жан-жақты қарастырады.Кітапша әдебиетшілерге, мәдени ағарту
қызметкерлеріне, лекторларға арналған.Абай Құнанбаев –ұлы ақын,
композитор,филосф, ағартушы,қазақтың реолистік жаңа жазба әдебиетінің
негізін қалаушы.Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай
батырдан басталады.Олжайдан:Айдос,Қайдос,Жіг ітек есімді 3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев (1845-1904) өмір тарихы
Абайтану ғылымы
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) жайлы ақпарат
Абай Құнанбаев-ақын
Бастауыш сыныпта абай шыгармаларын оқыту
Абай дана Абай дара
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
Абай Құнанбаев туралы
Абай Құнанбаев дара туған ғұлама
Пәндер