Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары



Кіріспе
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Адамгершілік құндылыққа оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың технологиясы
Қорытынды
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі, оңтайлы өзгерістер пайда болып, жүзеге асырылуда. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”, “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”, “Мәдени мұра” бағдарламасы қолдау тауып, үлкен іс-әрекеттер орындалып, жасампаздық пен жаңарулар туындап, барлық салаға дамыту алып келу кезеңінде, оқу орындарының педагогикалық үдерісіндегі тәрбие салаларындағы жұмыстарға жаңа белесте, тың көзқарастармен қарауды алға қояды, жауапкершілікті, талапты туындатады.
Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның бойында құндылықты, отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Себебі, ХХІ ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту, азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, дін салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы мәселелерді шешуге жасөспірімдердің лайықты үлестерін қосу үшін адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға оқушылардың бейім-қабілеттерін дамытуға өзін-өзі қатыстыруды, жағдай туғызу қажет.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қоғамның дамуы мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы деңгейге көтерілуі білім берудің сапасын арттыруға тікелей байланысты екендігі көрсетілген. Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғынданудың да қатарласа дамуы мүмкін. Жеткіншіктердің санасын түрлі жолдармен уландыру тәрбие жұмыстары әлеуеттерінің әлсіреуі, нашақорлық, жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, кейбір сапалардың төмендігі де ықпал жасайды. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі – дүниеқұмарлық. Нарық заманы бай етсе, біреуді кедейлендіріп, дүниенің қызығы адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп болады. Болашағымыз – жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды болмақ.
1. Дидактические средства реализации информационных технологий. Материалы Республиканской научно-практической конференции.Ташкент, 2005. 70-бет.
2. Ш.Уалиханов-Қазақ ағарту ісінің классикалық өкілі // Ағарту, ғалым, зерттеуші (Ш.Ш.Уалихановтың туғанына 170 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары).Шымкент, 2005.314-318 бет.
3. Оқушылардың бетімен кетушілігінің себептерін талдау //(Ш.Ш.Уалихановтың туғанына 170 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары).Шымкент, 2005. 287-290 бет.
4. М.О.Әуезовтің педагогикалық және психологиялық ойлары жайында //С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік агротехникалық университетіәнің 50 жылдығына арналған "Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер" атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана, 2007. 47-51 бет (І.С.Смановпен авторлық бірлестікте)
5. Қазақ ағартушылары шығармаларындағы адамгершілікке тәрбиелеу жайындағы пікірлерін жастарға оқыту мәселелері //С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік агротехникалық университетіәнің 50 жылдығына арналған "Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер" атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана, 2007. 160-163 бет
6. М.Әуезовтің мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ойлар //С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік агротехникалық университетіәнің 50 жылдығына арналған "Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер" атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана, 2007. 51-54 бет (І.С.Смановпен соавторлық бірлестікте)
7. Жеткіншектердің рухани адамгершілік құнды қасиеттерін алыптастырудың педагогикалық мәселелері //Қ.А.Ясауи Хабаршысы. Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-, 2007.№2 195-199 бет. (Ш.Ж.Арзымбетовамен авторлық бірлестікте).
8. Тәрбие жұмыстарындағы модульдік технологияның ерекшеліктері //Білім-Образование. Алматы, 2007. №5. 21-24 бет.
9. Жеткіншектердің рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық диагностикасы //Білім-Образование. Алматы, 2007. №6.
10. Сынып ұжымындағы үйлесімді іс-әрекеттер //Қ.А.Ясауи Хабаршысы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-Түркістан, 2007. - №3 (Б.Оразымбетовамен авторлық бірлестікте).176-179 бет.
11. Жастарды тәрбиелеуде М.О.Әуезовтің педагогикалық ой-пікірлеріндегі адамгершілік тәрбиесін қолданудың қажеттілігі //Қ.А.Ясауи Хабаршысы. Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ- 2008ж.-№4

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37.034 Қолжазба құқығында

СЫДЫҚОВ МҰХТАР ЕРСІНБЕКҰЛЫ

Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

а в т о р е ф е р а т ы

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008

Жұмыс Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде
орындалған

Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Сманов
Л.С.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор
Байсерке Л.А.

педагогика
ғылымдарының кандидаты,
доцент Ибраева
К.Ж.

Жетекші ұйым: Евразиялық Гуманитарлық
институт

Қорғау 2008 жылы сағат Қ.А. Ясауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңес
мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс
залы.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет
орталығы

Автореферат 2008 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы
Беркімбаев К.М.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің
демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту,
бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан
Республикасында елеулі, оңтайлы өзгерістер пайда болып, жүзеге асырылуда.
“Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”, “2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”, “Мәдени мұра”
бағдарламасы қолдау тауып, үлкен іс-әрекеттер орындалып, жасампаздық пен
жаңарулар туындап, барлық салаға дамыту алып келу кезеңінде, оқу
орындарының педагогикалық үдерісіндегі тәрбие салаларындағы жұмыстарға жаңа
белесте, тың көзқарастармен қарауды алға қояды, жауапкершілікті, талапты
туындатады.
Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен
ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның
адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның
бойында құндылықты, отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру міндеті тұр.
Себебі, ХХІ ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір
елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту,
азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды
өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, дін салаларында
ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы мәселелерді шешуге
жасөспірімдердің лайықты үлестерін қосу үшін адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруға оқушылардың бейім-қабілеттерін дамытуға өзін-өзі
қатыстыруды, жағдай туғызу қажет.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында да қоғамның дамуы мен экономиканың
бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы деңгейге көтерілуі білім берудің сапасын
арттыруға тікелей байланысты екендігі көрсетілген. Оқушылардың адамгершілік
құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың
ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық, интернеттік
байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ
азғынданудың да қатарласа дамуы мүмкін. Жеткіншіктердің санасын түрлі
жолдармен уландыру тәрбие жұмыстары әлеуеттерінің әлсіреуі, нашақорлық,
жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, кейбір сапалардың төмендігі
де ықпал жасайды. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын
бұзатын жәйттердің бірі – дүниеқұмарлық. Нарық заманы бай етсе, біреуді
кедейлендіріп, дүниенің қызығы адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп
болады. Болашағымыз – жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын: білімділік
пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен
парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік,
мейірімділік пен қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін
білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға
жеткізетіндігімен маңызды болмақ.
Айтылғандардан туындайтын мәселе жеткіншектерді жан-жақты үйлесімді
дамыту оқу-тәрбие үдерісін мемлекеттік стандарт, оңтайлы бағдарлама,
өмірлік талаптар, жасампаздық жолдаулар басшылыққа алынып, жоспарланып,
жаңа тәрбие технологиялары негізінде ұйымдастырылып, тәрбие жұмыстарын
озық, уақыт сынынан сараланып өткен, тиімділігі мол ғылыми-әдістемелік,
психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу, қоғам, ел талап-тілектеріне
сай жүргізу қажеттілігі байқалады.
Жас ұрпақ – мектеп оқушылары болашағымыз жеткіншектерде, шәкірттерде
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барлық кезеңдерде алда тұрған.
Әсіресе, ХХІ ғасырда әлемдік дамудағы шапшаңдықты ұлғайтқан уақытта
өзектілігі сезіледі, әрине педагогика ғылымының зерттеу нысаны тәрбие
жұмыстарындағы озық-тәжірибе өскелең ұрпақ тәрбиесіне ықпалын ескеріп,
қажеттілігін біліп жетілдіру, жүйелеу тиімділігін арттыру мақсатында
зерделеу, ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін айқындап, оларды
орынды пайдаланып, болашаққа меңзеген зерттеме жасауға талаптандырады.
Ұрпақ тәрбиесін Аристотель, Сократ, Платон, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,
К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, И.Ф.Харламов, Н.Е.Шуркова,
Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров, Қ.Б.Жарықбаев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов,
Ә.Нысанбаев, Ж.Намазбаева, т.б. ерекше зерттеулер жүргізіп, ғылыми-
теориялық және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дамытып, іс-тәжірибелік мәнін
арттырды.
Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари сияқты қазақ даласының
даналары, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин тәрізді ұлы
ойшылдар, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов,
А.Байтұрсынов секілді ұлтымыздың ұлы перзенттері, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков,
Т.Есім, Т.Ғабитов, Ә.Қалмырзаев және т.б. философтар адамгершілік
құндылықтарды терең тануға ұмтылыстар жасады.
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев сынды ғалымдар,
қазақ этнопедагогикасын, тарихын, этнопедагогика мәселелерін ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан жүйеледі. В.А.Ким, Л.А.Байсерке, Қ.Бөлеев,
А.А.Бейсенбаева, С.А.Назарбаева, Ж.Б.Сәдірмекова, К.К.Жанпейсова,
К.Ж.Қожахметова, Л.К.Керімов, А.А.Калюжный, Б.Ы.Мұқанова, Н.Н.Хан,
А.Н.Ильясова, А.Б.Нұрлыбекова, В.В.Трифонов, Р.К.Толеубекова,
Э.А.Орынбасарова Ж.Ембергенова, К.Ж.Ибраева, А.Қ.Каплиева және т.б.
қазіргі кезеңдегі ғалым-педагогтар адамгершілік тәрбиесін қазіргі
адамзаттың дамуына қатысты бағытта қарастырып, өзін-өзі танудың мәнін
көрсетіп, адамгершілік құндылықтардың маңызын педагогикалық-психологиялық
негізде зерттеуде.
Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін теориялық тұрғыдан
қоғам талаптарына сай қарастырылмауын шешу және қазіргі мектеп
тәжірибесінде оқушыларға адамгершілік құндылықтарды сыныптан тыс жұмыстарда
қалыптастыру өз дәрежесінде болмауы себептері, олардың осы қарама-
қайшылықтарды зерттеу барысында анықталды. Осы аталған қарама-қайшылықтарды
ұтымды шешу мақсатымен зерттеудің өзекті мәселелерін анықтап “Сыныптан тыс
жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың
педагогикалық шарттары” деп таңдау жасап, тақырыпқа қатысты зерттеуді
нақтыладық.
Зерттеудің мақсаты: сыныптан тыс жұмыстарда қазіргі кездегі
жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды теориялық
негіздеп, педагогикалық шарттарын сұрыптап, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
беру.
Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептердің сыныптан тыс
жұмыстары.
Зерттеу пәні: сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жеткіншектердің адамгершілік
құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, сонымен бірге ғылыми-
әдістемелік негіздерін анықтау бойынша тәрбие жұмыстарының жүйесін және
оның нобайын жасап оңтайлы педагогикалық технологиясы бойынша сынып
жетекшісінің оқушыларға адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды
жетілдіріп, тәрбие үдерісінде қолайлы және қоғамға лайықты қазіргі кезеңнің
үлкен динамикалық сұранысы тұрғысынан орындалса, әлеуметтік, экономикалық
және саяси жедел жаңарулар талаптарына сәйкес жеке тұлғаларда, адамгершілік
құндылықтарды тәрбиелеуге нәтижелі қол жеткізіледі, өйткені, бұл қазіргі
қоғам тіршілігіне оң ықпал жасайды.
Зерттеу міндеттері:
- “жалпы құндылық”, “адамгершілік құндылық”, “адамзаттың жалпы
құндылығы”, қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылығы
ұғымдарының педагогикалық мәніне, әлеуметтік-педагогикалық маңызына
сипаттама беру;
- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау.
- жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық нобайын жобалап, оның өлщемдері, көрсеткіштерімен деңгейлерін
анықтау.
- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің құндылықтарын қалыптастырудың
педагогикалық шарттарын анықтап, ұсынылатын педагогикалық технологияның
тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру, жүйелеу, тиімділігін
арттыру арқылы олардың дара ерекшеліктерін, бейім-қабілеттерін,
белсенділіктерін дамытуға жағдай туады. Өмірді құндылық ретінде бағалауға
бағыттайды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық негіздегі
таным теориясы, психология және педагогика ғылымдарының жеке тұлға және
оның дамуындағы іс-әрекеттер теориясы, құндылықтар теориясын, іс-әрекет
теориясы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру теориясы.
Зерттеу әдістері: Зерттеудің өзекті мәселелеріне философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, мәденитанулық, құндылықтанулық
әдебиеттерді талдау жүргізіп, педагогикалық ғылыми зерттеу тақырыбына
байланысты теориялық тұрғыдан қарастыру, жалпы орта білім беретін мектептің
оқу құжаттарын зерделеп, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жан-
жақты талдап, қорытындылау, өткізілетін іс-шараларға талдау жүргізіп,
саралау, сауалнама әзірлеп, тәрбие үдерісіне бақылау жүргізіп, сыныптан тыс
тәрбие жұмыстарында жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруға қатысты мүмкіндіктерін анықтау, мақсатқа сай тәжірибелік-
экспериментті жүргізу, оның нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу
және қорытындылау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы, Білім
және ғылым министрлігінің оқу-тәрбиеге байланысты тұжырымдамалары (1999
ж.), “Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие
тұжырымдамасы” (1995 ж.), “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы”, “Мәдени мұра” (2003 ж.) бағдарламасы, оқушылардың ізгі
қасиеттері тәрбиесіне қатысты жалпы білім беретін оқу орындарын қалыпты
құжаттары, оқу орындарының мұғалімдері, тәрбиешілер, ағартушылар және сынып
жетекшілерінің озық тәжірибелері, автордың педагогикалық іс-тәжірибесінен
жинақталып, саралаған еңбектері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) зерттеу жұмысының өзекті мәселелері
бойынша материалдар жинақталып, сараланып, жүйелендірілді. Ғылыми зерттеу
аппараты айқындалып, проблеманың негізгілері нақтыланды, талданды,
қорытыланды. Нәтижеде шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырудың жолдары іздестірілді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының
бағдарламасы түзілді.
Екінші кезеңде (2002-2003 жж.) сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
анықталды. Бағдарламадағы адамгершілік мәселелері нақтыланып, нобайға сай
педагогикалық технология ойластырылып, олар тәжірибелік-эксперимент арқылы
бірнеше нұсқада жобаланды. Бағдарлама бойынша жүргізіліп, салыстырылды.
Үшінші кезеңде (2003-2005 жж.) зерттеу жұмыстары ойластырылып,
жүйеленіп, мәліметтері арнайы математикалық өңдеулерден өткізілді. Жұмыс
барысында пайдаланған әрекеттер реттеліп, тексерілді.
Зерттеудің базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Шымкент
қаласындағы № 51 Төле би атындағы орта мектепте, № 52 М.Өтемісұлы атындағы
мектепте және Сайрам ауданындағы № 84 Төлеген Тәжібаев атындағы, №95 орта
мектепте өткізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- зерттеу жұмысы бойынша “жалпы құндылық”, “адамгершілік құндылық”,
“адамзаттың жалпы құндылығы”, “қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік
құндылығы” ұғымдарының жаңа негіздегі мәні анықталып, оларға сипаттама
жасалды;
- сыныптан тыс жұмыстардағы жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды.
- жеткіншек оқушылардың адамгершілік құндылығын қалыптастырудың
өлшемдері мазмұндық-құрылымдық нобайы жасалып, көрсеткіштері, өлшемдері мен
деңгейлері нақтыланды;
- сыныптан тыс жұмыстарда адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың
педагогикалық шарттары сұрыпталып, жеткіншектерде адамгершілік
құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық технологиясы ұсынылып,
тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
- жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың
педагогикалық шарттары сұрыпталды, жасалды;
- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншіктерге адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырудың нобайы ұсынылды;
- “адамгершілік құндылықтар әлемі” атты сынып жетекшілеріне арналған
тәрбие жұмыстары технологиясының үлгі мазмұны құрылып, тексерістен
өткізіліп, мектеп тәжірибесіне ендірілді;
- зерттеулер қортындысы арқылы сыныптан тыс жұмыстардың іс-
тәжірибелеріне арналған әдістемелік нұсқаулар жасалып, қолданылуда.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- жеткіншектерге жалпы адамгершілік және адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырудың педагогикалық мәнін қарастырып,
“Жалпы құндылық”, “Адамгершілік құндылық”, “Адамзаттың жалпы құндылығы”
ұғымдарына сипаттама жасалды;
- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырудың педагогикалық шарттары сұрыпталды;
- педагогикалық технология арқылы жеткіншектердің адамгершілік
құндылықтарын қалыптастырудың біртұтастығына қол жеткізіп жеткіншектердің
өзін-өзі тануын, оны дамытуды, жан-жақты жетілдіру, қазіргі кезеңге лайықты
тәрбиелеу, ел азаматы болуы арқылы отбасына, қоғамға, еліне пайдасын тигізу
басты мұраты екендігі эксперимент барысында дәлелденді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі теориялық қағидалар мен
әдіснамалық талапқа, зерттеу мәніне сәйкес әдістеме қолдану арқылы
тәжірибелік-эксперимент бағдарламаға және мақсатымызға сай, сонымен бірге
бастапқы эксперимент және ақтық көрсеткіштер нәтижелерімен қорытыланды,
жалпы білім беретін оқу орындарының жеткіншектерімен жасалынған тәжірибелік-
эксперимент қорытындылары зерттеу жұмыстарының тиімділігін байқатты.
Зерттеу нәтижелері дәлелді және негізділігі мен жұмыстың сапалылығын
көрсетті.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі
нәтижелері Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде
(Түркістан қ.), Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде, Шымкент
университетінде (Шымкент қ.), С.Сейфулин атындағы Қазақ Мемлекеттік
аграрлық университетінде (Астана) өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық,
ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалды. Зерттеу еңбектерінің
нәтижелері мерзімді басылымдарда, ғылыми жинақтарда, әдістемелік нұсқауда
жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің нәтижелілігі, мақсаты, нысаны, пәні,
міндеттері, болжамдары, әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері, жетекші
идея зерттеу жұмыстарының бірінші, келесі, ақтық кезеңдері, ғылыми
жаңалығы, мәні қорғауға іріктеліп, ұсынылған қағидалар ретімен баяндалған.
“Адамгершілік құндылыққа оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері”
атты бірінші бөлімде “жалпы құндылық”, “адамгершілік құндылықтары”,
“Адамзаттың жалпы құндылығы”, “қазіргі жеткіншектердің адамгершілік
құндылығы” ұғымдарының мәніне талдау жасалып, түсінік беріліп, олардың
байланыстары қарастырылып, теориялық тұрғыдан жан-жақты талданып,
құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалып, педагогика ғылымы тұрғысынан
өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейі анықталып, ықпалдары сараланып
айқындалды.
“Сыныптан тыс жұмыстар арқылы жеткіншектердің адамгершілік
құндылықтарын қалыптастырудың технологиясы” атты екінші бөлімде жеткіншек
шәкірттердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық
шарттары баяндалған. Жұмыс еліміздегі тәрбие жүйесі құрылымдары,
тақырыптары, нәтижелерімен салыстыру амалдарымен анықталды. Тәрбие
жұмыстары адамгершілік құндылықтарымен сипатталынатын мәнділігі,
маңыздылығы арта түсетін педагогикалық технологиясы ұсынылады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің нәтижелері және жеткіншектердің
болашақтағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бағыттарын айқындайтын
ұсыныстар беріледі.
Қосымшада шәкірттердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
мақсатында сынып жетекшілеріне арналған ғылыми-әдістемелік, педагогикалық
нұсқаулар жасалып, ұсыныстар берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан
бүгінгі күнге дейін философтар, психологтар, педагогтар мен
әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылардың зерделерінен орын алып, қоғам
ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені,
жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей
көрсеткіші. Сол себептен де, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен
қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б.
мәселелер ғалымдарды толғандырып келеді.
Еліміздегі нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдердің мінез-
құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаhандану заманында
сұранысы артып отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық үдерістер әлеуметтік-
экономикалық өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты –
коммуникативтік, жаңашылдық (инновация) үстемдік құрғанда адамгершілік
құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталынуда. Мәселен,
құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын
мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-
санасы, бет-бейнесі болып табылады.
Сонымен құндылық дегеніміз не ? Құндылық – ол адамның жүріс-тұрысы, іс-
әрекеті, сөйлеу мәдениеті, қызығушылығы, еңбек сүйгіштігі, қоршаған
қоғамдық ортада алатын орны екені тарихи-педагогикалық әдебиеттерде
айқындалған.
ХХІ ғасырдағы қазіргі философияда құндылықтарға қандай түсініктеме
береді?
Монографиялық зерттеулерде, философиялық, психологиялық, ғылыми-
педагогикалық әдебиеттерде құндылық, адамгершілік құндылық, жалпы
адамзаттық құндылық ұғымдарының мәні жайлы оларға әртүрлі анықтамалар
берілген. Бірақ, құндылық ұғымының мәні, мағынасы әртүрлі болуынан ойлар,
пікірлер де әртүрлі болған.
Бұл сұраққа құндылықтар теориясы, басқаша айтқанда аксиология жауап
беруге ұмтылыс жасайды, грек тілінен ахіс - құндылық және logos -
ілім деген мағынаны береді. Аксиология ғылымы құндылықтардың табиғатынан,
орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы мәселелерге жауап береді.
Аксиология философиялық зерттеу мен және оны талдауы бойынша болмыс
ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап
пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Аксиология ғылымының мақсаты –
болмыстың, жалпы құрылымындағы құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық
ойының айғақтарына деген түсінігін, қатынасын, байланыстарын көрсетіп
ұғымдарын қалыптастырады.
И.Кант және Г.Гегель – немістің ұлы философтардың танымдары бойынша
құндылықтар ұғымына зейін қойып, талдаулар жүргізген. Мысалы, И.Кант
аксиологиялық түсініктерді қалыптастыру үшін қоршаған әлемді ойша нақты
және идеалды деп екіге бөлген. Адам алдына қойған мақсатына жету үшін ол
факторлардың ықпалына, мәнділігіне қатысты деген ойларда болған.
Олай болса, құндылықтар теориясы алуан түрлі түсінік, ой, көріністер
арқылы құрылым туындап, философиялық келбет, көрініс қалыптасады. Олардың
зерттеулерімен танысу барысында құндылықтар теориясын өмірге алып
келгендігі және оларды типтерге бөлуге арналған философиялық әлеуметтік
тұжырымдары айқындалады.
Мәдениетті деген ұғым әдепті, білімді, сауатты, түсінігі жеткілікті, өз
заманның алдыңғы буыны екендігі туралы ойға келеді. Оның маңызды құрамдас
бөлігі – адамның қиындықты шешуі, рухани-тәжірибені игеру негізі және
реттеушісі сипатындағы құндылықтары теориялық тұрғыдан талдануы,
философиялық, педагогикалық ой-пікірлер жиынтығы мен қалыптасу тарихындағы
түрлі бағыттармен түсіндіріледі. Сол бағыттардың ішіндегі түрлеріне:
натуралисті психологизм, трансцендализм, мәдени тарихи-релетивизм және
социологизм жатады.
Шынайы дүниедегі кез-келген құбылыстың, заттың өзіндік қайталанбас
құндылығы болуымен қатар, құндылықты феномен есебінде қарастыратын алғашқы
типті – натуралистік психологизм дейміз. Натуралистік психологизм өкілдері
құндылықтарды адамдардың биологиялық және жантану тұрғысынан байланыстырып,
қайнар көзі есебінде түсінеді.
Ақиқат, еркіндік, сұлулық, игілік тәрізді рухани әлемнің құндылықтарын
табиғи әлеммен байланыстыра қалыптасуымен бірге нақты әсерлермен
түсіндіруге ұмтылғандар, екінші тип – аксилогиялық трансцендентализм,
тәжірибеден тыс, ақыл-ой санасын түсініп білуге болмайды деген идеалистік
философия еді. Трансцендентализмнің өкілдері В.Виндельбант, Г.Риккерт
сананың қатпарларындағы туындаған қалыптардың әртүрлі формасы болатындығын
айтқан.
Келесі, үшінші тип - әрбір құбылыстың көпжақтылы құндылығы болуы, оның
салдары, жалғасы сияқты бағдары болатындығын мойындауда. Оны тарихи
релятивизм әрбір тарихи кезеңде мәні артуы мүмкін деген бағыттың өкілдері
А.Тойнби, П.А.Соркиндер болатын.
Әлеуметтік тип құндылықтардың әлеуметтік қажеттілігі бар, маңыздылығы
айқындалған қалып деп еспетейді. Бұл бағытқа М.Вебер еңбек сіңірген, ол
төртінші тип деп айтылуда. Сонымен аксиологияның ілім есебінде қалыптасуына
үлес қосқан Ф.Ницще өзінің мораль генеологиясы атты шығармасы адамдарды
жақсы және жаман, игілік пен зұлымдық тәрізді түсініктерді, қарама-
қайшылық, қарсы пікірге бөліп, болмыс пен құндылықты бірімен-бірін қатар
қарастырып салыстыру философтардың үлесі деген ойды білдіреді. Философ
Ф.Ницще құндылықты мәндік категория емес, тек бағалау немесе субъектінің
әлемді таңдауындағы ішкі тәжірибесі деп пайымдайды.
Синергетикалық, герменетиканың жаңа жүйе, тарихи оқиғалар, құбылыстар,
мәтіндер мағынасын өткен және қазіргі біртұтас дүние деп есептеу арқылы
жалғасын тауып отырады. Мәселен, Х.Гадамер герменевтиканы қазіргі кезеңнің
әмбебап философиясы деп ойласа, Х.Гадамердің пайымы бойынша құндылықтарды
түсіну үшін жеке адамды, халықты, мемлекетті түсіну жеткіліксіз, олардың
даму, қалыптасу, өзгерулер себептері, жалпы тарихына терең зер салу
қажеттілігін айтып, ақиқат деп сонда айта аламыз, сырын түсініп жолын,
әдісін табамыз.
Қоғамда дәстүрлі құндылықтармен қатар әрбір тарихи кезеңде пайда
болған, әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін маңызды құндылықтар өмір сүрді.
Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылықтарды түзесе, жалпы
адамзатқа ортақ құндылықтар барлық адамдарды біріктіреді. Қоғамда даму,
жылдардың өтуі, ғасырларға ұласуына сәйкес құндылықтар қоғамда адамға
маңыздылығы жағынан өзгеріп, орын ауыстыруы тарихтан белгілі. Қоғамдағы
үрдістердің даму қисынына байланысты тіршілікте, әрине, құндылық мәнін
жоғалтуы мүмкін емес, тек мән берілмеуі ықтимал. Құндылық өте сирек
кездесетін құбылыс, ол парасаттылықтан байқалады, рухани дамудың биік
белестеріне деткен адамдардың қасиеті.
Сайып келгенде, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмір.
Өмір – адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілік. Тіршілік
иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады, тәжірибе жинақтауды, өмірдің
мәні де сонда, жалғасы, ізбасары, көмекшісі болуында, қуаныш пен қайғы,
бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты
құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді.
В.Франкл айтқандай өмір мәнін адам жаны ұмтылатын рухани деп
түсіндіреді. Өмір мәнін түсіну әр түрлі жас кезеңінде және әртүрлі жағдайда
пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мән беруі тиіс,
әйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мәні жазылып, құрастырыла
салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мәнін іздестіру адам үшін табиғи
құбылыс болып саналады.
Сонымен адам өмірінің мәні жоғары құндылық жүйесін түзеді:
1.Тәжірибеден (трансдентальдық) ақыл-санадан тыс құндылық. Оған
жаратушы ием туралы әлем дүниесіндегі абсолютті ұстанымдар, моральді
абсолют жүйесі енеді. Бұл құндылықтар адамды өлім туралы ойлауға, оған мән
беруге әкеледі. Олар идеологиялық жүйені біріктіреді, құрайды, қоғамды
біріктіреді, адамның тіршілігіне әсері бар.
2.Әлеуметтік – мәдени құндылықтар: саяси мұраттар, мемлекет
мәдениеті, мемлекет тарихы, мемлекеттік шекара; дәстүрлер, аймақ, т.б.
қасиеттері бар адамды тапқандай боады.
Сонымен, құндылық дегеніміз – идеал және мәнділік, олардың
ерекшеліктері субъектілер арасындағы қатынастарда жүзеге асырылып, көрініс
табады. Құндылық болса субъектілер арасындағы жеке тұлға немесе тұтас қоғам
деңгейіндегі қатынастардың жалпы кезеңдерін білдіреді. Зерттеу барысында
төмендегідей жоғары құндылықтар иерархиясы анықтала түсті, яғни олар: Адам,
Өмір, Денсаулық, Отбасы, Отан, Еңбек, Білім, Мәдениет, Бейбітшілік, Жер,
Адамзат, Даму, Ар-ұят, Еркіндік, Бақыт, Еңбек, Өмір, Ақиқат, Жақсылық,
Әділеттілік, Табиғат, Қоғам, Таным, Теңдік, Бауырластық, Сұлулық, Қарым-
қатынас, Ойын.
Еліміздің қазіргі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-
әдіснамалық негізін зерттеу барысында, өзіндік жаңа ұстанымға негіздей
келе, жалпы адамзаттық құндылықтар ішінен Адам, Еңбек, Білім, Отбасы, Ұлт,
Бейбітшілік, Жер, Отан, Мәдениет деген құндылықтарға, ерекше назарымызды
аудардық.
Айтылған пікірлерге, өмірлік тәжірибеде құндылықтар тізіміне, қазіргі
кезеңдегі басты тұлға, басты капитал жасампаздықтың иесі, гуманистік
бағыттағы жан, ең маңызды құндылық иесі – Адам екендігі даусыз. Жер
бетіндегі барлық заттар, бүкіл адамзаттық мәдени мұралардың ең ізгілері –
құндылықтар адам қолдарымен, ақыл-ойларының нәтижесінде жасалған.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеуші профессор
Р.К.Төлеубекова жеке адамның адамгершілік құндылықтарын жоғары сынып
оқушыларына тәрбиелеу тұжырымдамасын жасағандықтан, оны ғылыми-зерттеу
жұмысымызда, біздер негізге алдық және оны дамытуға ұмтылдық.
Айтылған жүйелер (А.Н.Леонтьев, Б.Г.Кузнецов, В.Супредин, А.Тоинби,
Н.Д.Хмель, Р.К.Төлеубекова, Л.А.Байсерке, А.А.Калюжный, В.А.Ким,
Э.А.Орынбасарова т.б.) бір-біріне ұқсастығы болғанымен жалпы, адамзаттық
құндылықтарға авторлардың ортақ көзқарастарын көреміз, оларды біріктіріп
тұрған ізгілігті бағыт: үш жүйеде де Адам ең негізгі құндылық.
Әлеуметтанушылар құндылықтар жүйесін зерттеу нысандарына алып, мысалы,
көпшілікке белгілі Әлеуметтанушының жұмысшы кітабы деген шығармада: Кез-
келген нысан (материалдық немесе идеалдық) тұтас топтың немесе жеке адамның
мақсат-ниеті, тілек-ықыласының негізін құрап, өмір сүруінің маңызды шарты
болып табылса, онда ол әлеуметтік құндылық бола алады делінген.
Жоғарыда айтылған пікірлерді тұжырымдай келіп, қорытындыласақ: құндылық
зат та, нәрсе де, мәселе де емес, олардың қасиеттері де емес, ол адам
ойының қандай да бір жоғары түрі екендігі анықталады. Құндылықтар дегеніміз
– ұнатқан игіліктер мен оларға қол жеткізу тәсілдері туралы қорытындылаған,
белгілі көзқарастар, орнықты ойлар, үлгі аларлық объектінің озық
тәжірибелері, сыннан өткен пікірлер арқылы өзінің мінез-құлқын анықтайды.
Келесі бір авторлар, мінез-құлық құндылықтар мәдениетінің түрлері мен
байланыстарына ерекше назар аударып зерделеуде.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан
дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында сыныптан тыс
жұмыстар арқылы ізденістер жасап жатыр. Мәселен, қазақстандық ғалымдар
білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық
тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу
(Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева,
Т.Сапабекова және т.б.) жүргізіп келеді. Аталған ғалымдардың ортақ ойлары
біркелкі ой-пікірге келіп тоғысады, адамның кісілік келбеті соған лайықты.:

- оқушылардың іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әртүрлі
қабілетер мен қажеттіліктерді бойға жинақталған және ізгілік бағытымен
реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибелерде нақты
жүзеге асырылатын үдеріс;
- олардың адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктің және
дағдының жай жиынтығы емес;
- оқушылар ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы
пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және басқа да
көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді.
Алайда, оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру – аса күрделі, бір
мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үдеріс.
Сондықтан, олар қарым-қатынастар жүйесіне әртүрлі бағытта енеді. Ұжымдық
қатынастар жүйесіне жеке бастың жағдайы шын мәнінде дербес, әлеуметтік
тәжірибеге байланысты болғандықтан, достарының тарапынан болатын қарым-
қатнас түрліше жағдайда әрқалай болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.
Ұжымдағы қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық негізін оқушының
қабылдаған құндылықтары құрайды, яғни оқушының өмірі мен қызметіне оның
жеке басы мен мінез-құлқына аса маңызды және мәнді болып саналатын
қасиеттер енеді. Сондықтан бұл ұжымдағы адамдардың көпшілігі оқушының жеке
бас сапасы мен қылықтарын жоғары бағалайтындығын, маман-педагогтардың
тұжырымдамаларында айтылған.
Сыныпта қайырымдылық, адалдық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше
бағаланады, тіпті жеке тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі
ретінде қарастырылуы мүмкін. Оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
1. Ұжымшылдық – жұмыла бірлескен іс-әрекет, ынтымақтастық және ұйымшыл
орта (ауызбіршілік, татулық, сыйластық);
2. Ұжымшылдық – топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық (өтірік айтпау,
ұрлық жасамау, уәдеде тұру);
3. Ұжымшылдық – ынтымақтастық, өзара түсіністік, басқаларға қамқорлық
(көмектесу, ақыл-кеңес беру және т.б.). Демек, адамгершілік күрделі
құбылыс болып табылатынын ескерген жөн.
Ал, бүгінгі күндегі оқушы бойындағы адамгершілік құндылықтарының мәні
мен мазмұнына келсек:
- оқушы жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен жеке қазақ халқына тән
құндылықтарды анықтап тануға, одан қажеттісін ала білуге бағдарланған,
ғалымның қол жеткен ғылыми жетістіктерді өздігінен білім алу
дербісінде қолдануға, жаңашыл, қайырымды, туған елін, жерін отбасын,
Отанын, мектебін сүйетін және олардың алдында парызын түсініп, бар
құндылықтарды толықтыра түсетін, табиғатты, өсімдіктер мен жан-
жануарларға қамқор болуы керек;
- бүгінгі күнгі жеткіншек еңбек етуге қабілетті, жинақты, ұқыпты, іскер,
өз қажеттілігіне орай болашақ мамандығын таңдаған, жауапкершілігін
түсінетін, өзін-өзі қызмет етуге дағдыланған, уақытты тиімді
пайдаланатын, қоғам – адам өміріндегі еңбектің орнын түсінген,
жауапсыздықты, еріншектікті, табиғат байлықтарын рәсуә етушілерді жаны
сүймейтін, оқу-тәрбие үрдісінде білім мен ғылым негіздерін сапалы
игеріп, болашақ кәсіпкерлікті шығармашылық деңгейде көрсете білуі
керек,
- оқушы – дені сау, төзімді, шымыр, ширақ, қайратты, сымбатты,
талғампаз, батыл, өжет, салауатты, жүйкесі мықты, Отанын қорғауға
даяр, жеке бас гигиенасын сақтайтын, жұмыс орнын жинақты ұстайтын,
зиянды әдеттерден аулақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға
ұмтылатын, адамға тән қасиеттерді бойына сіңірген әлеуметтік белсенді
жеткіншек болып өсуіне қол жеткізу.
Жоғарыдағы осы айтылған жеткіншектердегі адамгершілік құндылықтарының
мәні мен мазмұны жүйелі түзілген педагогикалық шарттар және оның моделі
арқылы жүзеге асатындықтан бұл мәселеге де көңіл бөлінді.
Жүйенің қалыптасуына ең алдымен мақсаттың болуы шарт, адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру мақсатқа сай жасалынған мазмұнда өткізілсе,
мүмкін болғанынша ең тиімді, өміршеңді болуы, ұйымдастыру жұмыстарына да
байланысты жетілдіріліп отырылады.
Әр түрлі әлеуметтік жағдайлар балаға түрліше әсер етіп, бір-бірімен
байланысып, жалғасын табуында да қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан, жеке
дара ерекшеліктері мен әрбір тұлғаның эмоциясын, жігер-қайратын, көңіл-
күйін ескеріп, білім беретін мектептердің оқу тәрбие жұмыстарында қазіргі
экономика, әлеуметтік, нарық замандарына сай жаңаша, өмір талаптарына сай
өзгерістердің болып, қарым-қатынастарында бейім-қабілеттерін дамытуға үлгі
аларлықтай бағыттар болатындығына күмән жоқ.
Қазіргі нарық заманында ХХІ ғасырдағы қала мектептерінің көпшілігінде
тәрбие үдерісі негізінен 8 бағытта, атап айтқанда: адамгершілік, ақыл-ой,
еңбек, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық, саяси, тәрбие бағыттары
бойынша жүргізіледі. Әсіресе, бүгінгі таңда халықтық педагогика "Атаның
сөзі, ақылдың көзі" дегендей этнопедагогикалық тәрбиелеу элементтері
өмірімізге еркін орынды түрде енуде. Зерттеу нәтижелерін жүйелесек
“Атамекен”, “Кәусар бұлақ”, “Мың бала” сияқты бағдарламалар баршылық.
Педагогикалық практика кезіндегі мәліметтерге талдау жүргізетін болсақ,
аталған бағдарламалар және тәрбие бағыттары мемлекеттік тіл, қазақтың
ұлттық салт-дәстүрін тәрбие жүйесіне жеткілікті дәрежеде енгізе алмау
мысалдары кездеседі. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін
мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге көңіл бөлу, адамгершілік
тәрбиесі жұмыстарына жеткілікті дәрежеге ұйымдастыру басты шарт болып
саналады.
Оқу-тәрбие жұмыстарында адамгершілік бағытындағы тәрбие жұмыстарына
назар аударсақ мәнді адамгершілік құндылықтары қалыптастырылады. Ол
дегеніміз оқушыларда әдепті, мәдениетті, білімді, мейірманды, қайырымды
болып өсуі арқылы адамгершілік құндылықтары жетілдіріледі. Бұл бағытта
алдымен жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру нобайын
жасау қажеттігі туды.
Оқушы жастардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру нобайы
келтірілген (Сурет 1).
Шәкірттердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру басты
педагогикалық еңбектің нәтижесі, оның нобайы ынтымақтаса еңбек етуді
міндеттейді. Көрсетілген нобайы білім беру, тәрбиелеу үдерісінің ұлттық
нобайының қазіргі таңда орынды екендігін байқауға болады.
Бұл арада шәкірттерге динамикалық тұлға, дамушы, болашақ азамат,
жеткіншек, ұрпақ өсіруші, жетілуші, ертеңгі маман, қоғамның тіректері
ретінде мәндік сипат беріледі.
Нобайдың мақсаты әрбір шәкіртті тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруды тірек ететін тұлға ретінде “Мені” бар талапты жеткіншек,
еңбекшіл ұрпақ дәрежесіне жеткізу. Себебі, зерттеу нысанамыздағы 5-8 сынып
оқушыларын, яғни жеткіншектердің дара және жас ерекшеліктерін есепке ала
отырып, тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру керек.
Құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін-өзі айқындау құндылығы
арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезінде оқушы игеретін
құндылықтардың мәнін аша келе, адамгершілік құндылық бағдарына ие болады.
Бұдан келіп, оқушы өз бойындағы өзін-өзі айқындаудың адамгершілік
құндылықтарын басқалардың адамгершілік құндылықтарын және адамгершілік
құндылық бағдарлары негізінде іс-әрекеттері мен қарым-қатынасы
ұйымдастыруын салыстырады, әрекеттер мен мінез-құлыққа талдау жасау
барысында ол адамгершілік құндылықтарды анықтап, оның өзін-өзі айқындап
жүзеге асады.

Сурет 1 Жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру нобайы

Адамгершілік іс-әрекет дегеніміз адамның жалпы игілік, жақсылық және
тұлғаның ерік-күйі адамгершілік мақсаттарға жетуге бағытталған және
адамгершілік мақсаттар бойынша адамгершілік жағынан дәлелденген тәсілдер
арқылы жүзеге асқан іс-әрекетті реттейтін адамның белсенділігін, оның
қоршаған дүниемен өзара қатынасының өзіндік түрі, нысаны деуге болады.
Жеке тұлғаның адамгершілік іс-әрекеттеріне құндылықтарды тәрбиелеу
мақсатын айқындау бірнеше өрістік құрылымдарына назар аударылды:
1) когнитивтік өріс - шәкірттерді өз өмір-тіршілігінде тәрбиелену,
білім алу барысында “құндылық”, “адамгершілік”, “адамгершілік құндылықты
қалыптастыруда өзін-өзі айқындау”, оның құрамды бөлігі болып есептеледі.
Жеке тұлғаның қарым-қатынасы құндылықтың маңызы, оны игерту барысында
өндіріледі, дамыту өрнектеліп, мәнін көрсете түседі;
2) интеллектуалды өріс - ауқымды құрылымы адамгершілік құндылықтар
жайлы білімдердің қажетті көлемі, мөлшері, тиянақтылығы, тереңделігі,
әсерлілігімен сипатталады.
3) мотивациялық өріс - көлемді құрылымы жеке тұлғаның сұранысы, оған
жауап іздеуі, оған табылған дәлелді жауаптарды қабылдауы басты қозғаушы күш
болып табылады. Жалпы құндылықты түсіну күрделі, айталық әлемдегі ең
жоғарғы мәндегі құндылықтар, олар бәрімізге нәр беретін барлық
тіршілігіміздің тірегі, ас адамның арқауы - нан, екінші адамның өміріндегі
жинаған білім, ғылым, практика тынысын жеткізуші қасиетті, сарқылмас, еш
уақытта мәнін жоймас ғажап дүниелер көзі - кітап, үшіншісі - азаматтық
дамуын жалғастырушы, тоқтап қалуға жол бермеуші, әлемнің жарығын сыйлаушы -
аналар;
4) эмоциялық өріс - оқушылардың жеке тұлғасының моральдық қалыптарын
және адамгершілік ұстанымдарына сай жан ашуы, рахметі, көңіл-күйі, ар-
намысы, ықыласы пайда болып, біртіндеп уақыт өте қалыптасады. Тәрбиелеу мен
ыждағаттылықты қажет ететін үдеріс. Егер де өз өмірімізге шолу жасасақ
бірнеше тұжырымдар шығады:
- жеке тұлға өзінің өмірлік құндылықтарына сай қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыратын тәсілдерді таңдайды;
- жеке тұлға өзінің қажеттіліктерін де, өзінің сезімін де, өзі
басқарады;
- жеке тұлға өзінің білімдері мен өмірлік тәрбиесін талғауды дұрыс
жасай алса, дұрыс жолдарды саралай алатын болады.
5) ерік-жігер өрісі - оқушылардың алдына қойған мақсатына жетуге
қажетті табандылық, тәртіптілік, танымдық сияқты қасиетін дамыту, мақсатты
тиянақты, тереңдете талпыныстар жасау орын алуын қажет етеді.
Тәжірибе көрсеткендей, адамның алдына қойған мақсаты, арманын өзі толық
түсінген, жауапкершілігін арттыратын қозғаушы күшке айналады. Адамның өзін-
өзі реттеуі, тәртіпті болуы, табандылығы, білімдері мен тәжірибесіне
сүйенуіне қосымша біліктілігі ерік жігерін тәрбиелеуге негіз бола алады;
6) өзін-өзі реттеу өрісі - жеке тұлғаның ар-ұят, өзін-өзі бағалау, өзін-
өзі сынау, басқалармен салыстыру, өзін-өзі тануы, өзіне-өзі есеп беруі,
бәрі қосылып өзін-өзі мінез-құлқын, жүрыс-тұрысын реттеуге жеткізеді. Өзін-
өзі реттеу дегеніміз - жақсы істерге әрекеттену, тек іс-қимыл жасау ғана
емес, соны қалыптастыру. Өзін-өзі реттеу үрдісінде субъектінің белсенділігі
мақсатына, қабілетіне, ұйымдастырушы қабілетіне байланысты.
7) заттың тәжірибелік өрісі - жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтар
негізінде әрекет жасау, амал табу, қиындықтардан қашпау сияқты мәселелерді
ұтымды ойластыру және жүзеге асыруға қатысты болмақ. Психологтар кез-келген
іс-әрекет қабілеттілікті дамыта алмайды, жеке жетілген қабілет дамыта алады
деген пікірді білдіреді. Олай болса, жеке тұлға өз қабілетін пайдалану
арқылы құндылықтарды игеріп және оларды жемісті түрде іске асыруға болатын
тәсіл таңдайды, ол экзистенциалдық өріске тәуелді болады;
8) экзистенциалдық өріс - іс-әрекеттерге деген сапалы қатынас,
адамгершілік жағынан өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс, әрбір тұлғаға
адамгершілікпен, ізгі ниетпен қарым-қатынас жасап, жақсылық істеу
құндылықтарды дамытады. Ең ізгі тілек, жақсылық жасасаңыз да, жамандық
жасасаңыз да, жауабы болады деген ойды ұмытпаңыз, демек жақсы ниетте
болыңыз, жақсы ойда жүріңіз. Адамның қоршаған ортамен қатынас жасауына
көмектесетін көзқарастары мен құндылық бағыттары, адамгершілік
құндылықтардың қалыптасудағы өзіне құнды деген құндылықтарды айқындаудағы
идеялары, көзқарастары мен құндылықтарын таңдау қызметін атқаратын
экзистенциалдық өрісінің мәнін анықтайды. “Мен” тұжырымдамасында
көрсетілгендей “Мен” өзін-өзі сыйлауды, адамдарға деген дұрыс қатынасты,
әлеуметтік өзара қарым-қатынас, достықтары, адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырудағы өзіне құнды деген оң құндылықтарды қалыптастыруға талпыныс
жасайды.
Айтылған өрістер бір-бірімен өзара байланысты, сонымен қатар сабақтас,
бірімен-бір астарластық мақсатты әрекеттердің орындалуын талап етеді:
1. Шәкірттердің жеке тұлғасының психологиялық үрдісінің сыңарларын
біріктіру мақсатында адамгершілік іс-әрекет пен қарым-қатынасты
ұйымдастыру;
2. Этикалық жағдаяттарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Кеңес мүшелері
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ПРОЦЕСІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке үйрету
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізнде қалыптастыру.
Пәндер