Жасанды интелект дамуындағы кибернетикалық рөлі: білім беру саласында



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Ақпараттық . коммуникациялық технологияның оқыту
процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

2. Мәліметтер банкі

3. Білім берудегі ақпараттық технологиялар

III. Қорытынды
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуни-кативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
1. Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Инфармационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб.
2. Волобуева О.П. Теоретические основы компьютерных систем. Алматы, КазНТУ, 2002
3. А.В Кузин Архитектура ЭВМ; Москва-2006

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Қолданбалы информатика
кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Жасанды интелект дамуындағы кибернетикалық рөлі: білім беру
саласында

Орындаған:Нұрғожаев Али-бек

Тексерген:Күзенбекова Роза

Алматы- 2008
Жоспар

I.      Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту
процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

2. Мәліметтер банкі

3. Білім берудегі ақпараттық технологиялар

III. Қорытынды

Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуни-кативтік технологияны
білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі
ретінде анықталады.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім
беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға
енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне
ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру
қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік,
материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан
қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне
айналып отыр.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай
болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы
талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген
қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа
педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан
мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін
ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз
қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға
қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің
дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің
өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен
қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту
құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта
даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады.
Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық
әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер
мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай
жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына
мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық
коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін
пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың
дидактикалық мүмкіндіктері
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам
дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа
айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны
тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын
дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ
оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге
айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің
артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат
таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара
жатқаны байқалады.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді
таразылап , өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс
анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа
жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және
мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру,
қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең
негізгі және өзекті мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің
негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының
негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке
жүктеледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология
ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі
білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне
қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім
алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі
өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік
жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі
проблемаларының бірі – Білім-бүкіл өміріңе қағидасынан Білім бүкіл өмір
бойына қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу
болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп.
Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге
болады.
Мәліметтер банкі
Жүйеде шешілетін барлық есептерге ақпараттық база бірлігі
принципін нақтылау үшін мәліметтер банкі қолданылады.
Мәліметтер Банкінің негізгі компоненттері - мәліметтер базасы (МБ)
және МБ-н құрудан және программалық құралдарынан тұратын МБ басқару
жүйесі (МББЖ) болып табылады.
МБ тұрақты және оперативті мәліметтердің ақпаратты массивтерінің
байланысты жиынтығын құрайды.
Айталық, ЭЕМ-да орындалып жатқан есептерді өңдеу үшін, МБ-да
сақталған ақпаратты қолдану керек болсын. Нақты есепті шешу
қолданбалы программа (ҚП) көмегімен іске асады.
МБ-нан керекті массивті алу үшін, ҚП керекті ақпарат туралы МББЖ-
ға өтініш білдіреді (1). МББЖ операциялық жүйеге командалар беріп,
базалық массивтерден (БМ) таңдау (2) жүргізе отырып, жұмыс массивтерін
(ЖМ) құрады. МБ-на үндеу жіберген кезде, көбінесе логикалық
операциялар (іздестіру, таңдау, ЖМ құру) орындалады.
ЭЕМ-де берілген алгоритм бойынша нақты есепті шешу (4) және
өңдеу нәтижелерін алу үшін ЖМ қолданбалы программаға (3) беріледі.
Егер нәтиже өңдеу үшін қолданылса, онда оны МБ-на енгізеді.

3-сурет. Мәліметтерді өңдеу сұлбасы

Негізгі бағыты жүйенің ақпараттық базасының құрамаларына кіретін
ақпаратты жұмыс режимінде қолдап, сақтау, есепке немесе қолданушыға
керекті мәліметерді беру, сақталған ақпаратқа ұжымдық кіру
мүмкіндігін (доступ) қамтамасыздандыратын ақпаратты-анықтамалық жүйе МБ
деп аталады.
МБ комплексті программалармен бірлесе отырып мәліметтердің
автоматтандырылған банкін (МАБ) құрайды.
Мәліметтер деп техникалық құралдар көмегімен өңдеу және жіберу
мүмкіндігі бар ақпаратты айтамыз.
Мәліметтер құрылымы - мәліметтердің бөлек элементтерінің
байланыстарын көрететін ережелер мен шектеулер жиынтығы ретінде
анықталады.
Жүйедегі ақпаратты массивтердің жиынтығы жүйенің ақпаратты қорын
құрайды, яғни ол мәліметтердің бір-бірімен байланысты элементтерінің
жиынтығы болып табылады.
Жүйедегі мәліметтер иерархиясын, жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей,
сұлбалық түрде көрсетуге болады: ақпараттық база – АқМ комплексі – АқМ
жанұясы – АқМ – реквизит – таңба.
Ақпараттық материалдар құрылымы – жазбалар арасындағы қарым-қатынас
жиынтығы.
Егер төмендегі элементтер берілген болса, онда ақпараттық
материалдар құрылымы анықталған деп саналады:
- массив жазбаларын құрайтын өрістер жиынтығы; өріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасанды интелект
Кибернетика. Жасанды интеллект жүйесіне кіріспе
Когнитивті психология рөлі
Сараптау жүйелерін тұрғызуға қатысатын мамандар
Жасанды интеллект және оны пайдалану
Жасанды интеллект жүйесіне кіріспе
Когнитивті психологияның даму мәселелері
Өзінің Бақылау революциясы
Білім базасын сапалы түрде құру мәселелері
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу тәсілдерін өткізу әдістері
Пәндер