Бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет



Кіріспе

I. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік

1.1 Бағалы қағаздардың түрлері
1.2 Қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздардың түрлері 1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздар және олардың түрлері

Қортынды
Пайдаланылған Әдебиеттер
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) байланыста болады. Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде: Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік, бағалы қағаздардың түрлері, бағалы қағаздардың негізгі белгілері, мемлекеттік бағалы қағаздар, ал екінші бөлімде: Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы, Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының эмиссиясы, ал соңғы бөлімде: Бағалы қағаздар нарығын реттейтін және бақылайтын органның қызметтері, қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздар, сонымен осы аталған бөлімдердің жалпы қортындысы және соңында қолданылған әдебиеттер тізімі. Қоғамда құбылыстар мен процесстер үнемі өзгерісте болады дамып немесе кеміп отырады, яғни елдің бағалы қағаздар нарығын талдау ең маңызды жұмыстардың бірі деп санаймын.
1. Сейтқасымов Г.С.«Ақша,несие,банктер»
2. Мақыш Серік «Банк ісі»
3. Хамитов Н.Н. «Банк ісі»
4. Хамитов Н.Н. «Банк менеджменте
5. Мақыш Серік «Коммерциялық банк операциялары»
6. Міржақыпов С.Т «Банк есебі»
7. Найманбаев «Банктік құқық»

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік

1.1 Бағалы қағаздардың түрлері
1.2 Қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздардың түрлері
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздар және олардың түрлері

Қортынды
Пайдаланылған Әдебиеттер

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қазақстан экономикасын
ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды
пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын
нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық
институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда
қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге
асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы
зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың
уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз
ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің
құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта
және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және
т.б. нарықтармен) байланыста болады. Осы курстық жұмыс үш бөлімнен
тұрады: бірінші бөлімде: Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік, бағалы
қағаздардың түрлері, бағалы қағаздардың негізгі белгілері, мемлекеттік
бағалы қағаздар, ал екінші бөлімде: Бағалы қағаздар нарығының
қатысушылары, бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы,
Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының эмиссиясы, ал соңғы бөлімде:
Бағалы қағаздар нарығын реттейтін және бақылайтын органның қызметтері,
қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздар, сонымен осы
аталған бөлімдердің жалпы қортындысы және соңында қолданылған әдебиеттер
тізімі. Қоғамда құбылыстар мен процесстер үнемі өзгерісте болады дамып
немесе кеміп отырады, яғни елдің бағалы қағаздар нарығын талдау ең
маңызды жұмыстардың бірі деп санаймын.

I. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік

Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар –
ақша және бағалы қағаздар болып табылады.
Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын
экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды
орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы
қағаздардың айналысы мен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те
атайды. Қор нарығы термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле
жасалынатын және рәсімделінетін мекеменің-қор биржасының атымен
байланысты.
Нарықтың барлық тораптарының өзара байланысты қаржы нарығының жұмыс
істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:
1. Реттелінген тауар нарығының болуы, яғни кезкелген түрлердегі
және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным
мен ұсынымның теңгерімділігі;
2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру:
бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға
бақылау жатады;
3. Кредит нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни
кредит ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; кредит
ресурстарының қозғалысы Ұлттық банктің пайыздық есептік
мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің
нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу
арқылы реттелінеді.
Кезкелген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны
қанағаттандырудың нақты көздері мен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс
істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына
мыналар жатады:
1. Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы
материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық
буындарының–меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының соның
ішінді мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
2. Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы:
өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың,
қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта
бөлудің азаюы;
3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға
және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының
өсуі;
4. Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің
тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

1.1 Бағалы қағаздардың түрлері

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы
қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің
классикалық нысаны-қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде
өмір сүреді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көптеген
түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз
нысанына көшуді қажет етеді.
Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар - капиталды жұмсаудың
объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар,
фьючерлік өзара шарттар және басқалары).
Инвестициялық емес бағалы қағаздар - бұл тауар немесе басқа
нарықтарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік
тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін
және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа
бөлінеді:
• Мемлекеттік;
• Муниципалдық;
• Мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар — бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының
нысаны: Эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық
векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік жинақтық қарыздардың
облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға — биліктің жергілікті органдарының
борышқорлық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға — корпоративтік және жекеше қаржы
институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар
болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері
мен акциялары қызмет етеді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға:
акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне
заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы
қағаздарға: коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға
банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар: борышқорлық қолхаттар, өсиет
хат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға
жатпайды (өйткені ол — кредиттік ақшалардың түрі). Бірақ басқа жағынан,
ақша сатып алу — сату процестеріне тартылғандықтан векселді шартты түрде
бағалы қағаздарға жатқызуға болады.

1.2 Қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздардың
түрлері
Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізгі
және туынды болып бөлінеді.
Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда туынды бағалы қағаздар осы
қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын
бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға: Фьючерстер,
опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, депозитарийлік куәліктер,
жазылыс құқықтары және басқалары жатады. Туынды бағалы қағаздарды
пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін
сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының
төмендеуіне, қажетті нарыққа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.
Негізгі бағалы қағаздарға: акциялар мен облигациялар жатады.
Акция — акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен
санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам
таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу
құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың
акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары
қолданылады. Алғашқы екі түрі сөздің тура мағынасында акциялар болып
табылмайды. Бұл қызметкерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос
ақшаларының өз кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне
қатысудың өзгеше нысаны.
Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының қызметкерлері арасында
таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру
барысында қызметкерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін
анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай
акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа қызметкердің оларды сатуға,
беруге немесе қандай болса да сатуға құқығы болмады. Қызметкердің
жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын
белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды.

1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздар және олардың түрлері
Коммерциялық банктердің Бағалы қагаздармен жасалатын операциялар
көлемінің ішінде негізгі үлесті мемлекеттік Бағалы қағаздардың түрлері алып
отыр. Мемлекеттік бағалы қағаздар бұл эмитенті мемлекет болып
табылатын,мемлекеттің ішкі қарыз нысаны,қарыздық бағалы қагаздар.
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қагаздармен жүргізілетін
операцияның ішінде ең көп қолданылатын түрі Ұлттықбанктің қысқа мерзімді
ноталарын сатып алу-сату операциялары болып табылады.
Қысқа мерзімді ноталар 1997 жылгы 30 маусымдағы Қазақстан
Республикасының Ұлттықбанкінің қысқа мерзімді ноталарын
орналастыру,айналысқа жіберу және өтеу ережесіне сәйкес Ұлттықбанк
айналысқа шыгаратын және тоқсан күнге дейін айналым мерзімі бар мемлекеттік
дисконтталган бағалы қагазадар.Алгашқы атаулы құнынан төмен багамен
сатылады да,кейін атаулы құн бойынша өтеледі.Қысқа мерзімді ноталар
айналымдагы ақша массасын реттеуге арналган ақша-несие саясатының құралы
болып табылады.Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарының атаулы құны 100
теңге деп шыгарылады. Қысқа мерзімді ноталар табыстылыгы соңгы қазынашылық
вексельдер аукциондагы табыс деңгейінің шегінде белгілі.Қысқа мерзімді
ноталар аукцион негізінде Ұлттық банк белгілейтін бағалы қагаздар нарығының
маманданган қатысушылары - алгашқы агенттер арқылы орналастырылады.
Алғашқы агент бағалы қагаздар нарыгында диллерлік жәненемесе
брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын,Бағалы қагаздар бойынша
Ұлттықкомиссиясынан алган лицензиясы бар бағалы қагаздар нарыгының кәсіби
қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Қысқа мерзімді
ноталарды сатып алуға коммерциялық банктер арыз жазады.Қысқа мерзімді
ноталар айналымға түсетін бағалы қағаздар болып табылады.Оны иемденуші оны
кепілге беруге, РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізуге,екінші нарықта
сатып алу-сатуға құқығы бар.Екінші нарықгағы Ұлттықбанктердің қысқа
мерзімді ноталармен жасалынатын мәмілелері өтеу мерзімі белгіленген күнге
дейін бір жұмыс күнінде аяқталады.Сонымен бірге барлық операцияларды
инвесторлар алғашқы агенттермен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында
Ұлттық банкпен қысқа мерзімді ноталарды жасалынатын шарттарға қызмет етуге
келісімге отыруы жүзеге асады.
Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарды шығарушы эмитенті болуының
негізгі мақсаты Қаржы министрлігі бағалы қағаздар нарығында ақша массасына
оперативті ықпал етуге мүмкіндік береді.Осыған байланысты Ұлттық банктің
қысқа мерзімді ноталары бойынша жүргізілетін операциялары аталған ақша
массасын реттейтін жанама операцияларға жатады.
Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары мемлекеттік бағалы қағаздарға
теңестіріледі,сондықтан да олар жоғары өтімді және сенімді болып
табылады.Сонымен қатар,банктік ноталарға салық салынбайды.Егер олардың
артықшылығы туралы айтатын болсақ,онда Ұлттық банктің қысқа мерзімді
ноталары қысқа мерзім ішінде бос ақша қаражаттарын реттеуге мүмкіндік
береді.Қысқа мерзімді ноталардың кемшілігі ұсақ инвесторларға тиімді
болмауында,өйткені оның табыстылығы басқа мемлкеттік міндеттемелерге
қарағанда төмен болады. Ноталардың тағы бір артықшылығы оларды тарту және
орналастыру мөлшерлемесі арасындағы айырма болып табылады.Яғни екінші
нарықта тарту мөлшерлемесі,Ұлттықбанктің қысқа мерзімді ноталарын
орналастыру мөлшерлемесіне қарағанда айтарлықтай төмен.Өтімді активтер тез
сатылып және аз шығын алып келуі мүмкін.Ұлттықбанктің ноталары
инвесторлардың қажеттілігін қанағаттандырып,сонымен бірге пайыздық табыс
алып келеді.Табыс дисконттық инвестициялық құрал есебінен төленуі мүмкін.
Ұлттық банктің ноталары дисконтты бағалы қағаздардың мысалы бола
алады.Инвестициялық икемділікті және қаражаттағы кенеттен болатын
қажеттіліктерді жабу үшін инвесторларға жеткілікті өтімді құралдардың қоры
қажет.Қысқа мерзімді құралдар өтімділікті қамтамасыз етеді және ағымдағы
табысты реттейді.
Дисконтпен сатып алу,бағалы қағаздардың атаулы құнынан төмен сатып
алуын білдіредігөтеу және сатып алу курсының арасындағы айырма пайыз
сомасын білдіреді.
Инвесторлар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларының тағы бір
тиімді түрі?мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып
алу-сату келісімшартымен ресімделеді,мемлекеттік қысқа мерзімді
міндеттемелерді сатып алу-сату операциялары (МЕККАМ) болып табылады.
МЕККАМ - мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер.Үкімет
атына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарады,олар мемлекеттік
бағалы қағаздар болып табылады және орнатылған заңдылықтарға сәйкес
Қазақстанның екінші бағалы қағаздар нарығында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін зерттеу
Бағалы қағаздардың басқа түрлері
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары
Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары
Құнды қағаз нарығы
Несие капиталының нарығы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
АӨҚО инфрақұрылымы
Бағалы қағаздардың нарығының қызметі және оның маңызы
Пәндер