Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)



Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы
Натурализм
Ресейде әлеуметтанулық ойдың дамуындағы субъективтік бағыт
Пайданылаған әдебиеттер
Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы меи дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-фиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.
Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады.
Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-тік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.
Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-рымдамаларында маңызды-орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады.
1. Кропоткин П. А. Этика. М.: Политиздат, 1997. С. 14.
2. Кропоткин П. А. Записки революционера. М.: Мысль, 1990. С. 378.
3. Медушевский А.Н. Историярусской социологии. М.: Высшая школа, 1993. с. 147-148.
4. Ленин В.И. Шығ.толық жинағы. 1-т Алматы: Қазақстан, 1973. 452-б.
Сонда. 427-б.
5. Кукшкина Е.И. Русская социология ХІХ – начала ХХ века. М.: Изд-во МГУ, 1993. С. 64.
6. Ленин В.И. Шығ.толық жинағы. 1-т Алматы: Қазақстан, 1973. 443-444-б.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар
(XIX ғасырдың екінші жартысы)

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы меи дамуы XIX ғасырдың екінші
жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында
зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану
бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-фиялық идеядағы бағыт географ-
ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық
байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған
мәселелері оның Өркениет және ұлы тарихи өзендер деген ірі еңбегінде
баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық
тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып,
зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін,
оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын
тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша
мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа
бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады
деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға
тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.
Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің
тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және
күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары
қызықтырады.
Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-тік
кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым
ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы
өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым
биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.
Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-
рымдамаларында маңызды-орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы
болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады.
Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады,
қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге
болады деген мәселелерді қойды. Әлеуметтік прогресс жолындағы қоғамның
эволюция дәрежесінің сандық индикаторы ретінде Л.И. Мечников адамдардың қол
жеткізген ынтымақтастық деңгейіне көңіл аударды. Өйткені ол табиғатта
болатын тіршілік үшін күресті ығыстырды. Ынтымақтастықтың адамдар
арасындағы қарым-қатынас ретінде ерікті түрде және күштеу арқылы
айқындалғанына көңіл аударып, әлеуметтанушы бұл процестегі индивидтердің
еркіндік дәрежесі сол өркениеттің прогрессивтілігінің басты өлшемі бола
алады деп ойлады. Адамдардың ынтымақтастығы жүзеге асатын кооперациялардың
тарихи типтері адамның ынтымақтастықтың қаншалықты қажеттілігін түсінуіне
негізделеді. Тарих, Л.И. Мечниковтың пікірінше, кооперацияның еріксіз
типіне (сырттан күш көрсетудің есебінен) бағынышты идивидтердің одағы
арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі себеп болған, мүдделерінің ортақтығының,
өзінің бейімділігі және ынтымақтастыққа сақалы тырысуының арқасында
қалыптасатын адамдардың ерікті ассоциацияларына бірте-бірте
трансформациялану процесі. Әлеуметтік прогресс қоғамдық өмірде көрінетін
күштеу, зорлау немесе билікке кері келетін болса, керісінше, еркіндік пен
өзіндік сананың даму деңгейіне тікелей байланыста болатынын айта келіп,
ойшыл бұл процестін механизмдерін, тарих кезеңдерінің ауысу кезендерін
анықтауға тырысты.
Географиялық мектептерге тән тұжырымдама тұрғысынан қарастыруды
басшылыққа алған Л. И. Мечников сыртқы орта мен сол ортаны мекендеген
адамдардың кооперация және ынтымақтастыққа жеткізетін қабілетінің арасынан
өркениет эволюциясының қайнар көзін іздестірді. Орта, Л.И.Мечниковтың
пікірі бойынша, тек жәй қоршаған табиғат қана емес, ол адам еңбегі
процесіне түскен және соның ықпалымен өзгеріске түскен оның бір бөлігі.
Географиялық ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор (адамдар
қызметіне су ресурстарының ықпалы) болуы ықтимал деп түсінген орыс
әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан өзендік, теңіздік және мұхиттық
(немесе жалпы тарихтық) үш негізгі дәуірді немесе өркениетті бөліп
көрсетті. Бұл факторды зерттеуші халықтың өндірістік қызмет барысында
сыртқы жағдайға бейімделу қабілеті ретінде зерделеумен қатар, тарихтың
қозғаушы күші ретінде де қарастырған.
Натурализмнің қалыптасуына және әлеуметтік процесс пен оның қайнар
көздерін түсіндіруде біржақтылықтың орын алғанына қарамастан, Л.И.Мечников
географиялық детерминизмнің дәстүрлі көзқарастарына тән ой-пікірлердің анық
шектеулігін жеңіп қана қойған жок, сонымен қатар әлеуметтану зерттеулері
үшін бірнеше проблемаларды белгілеп берді (әлеуметтік даму механизмінің
элементтері ретіндегі халықтардың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері,
еңбек дағдыларының социомәдени трансляциялары мен қоғамдық ұстанымдардың
формалары және т.б.).
Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағыттық өкіл-дері
Александр Иванович Стронин (1826-1889) және Павел Федорович Лилиенфельд
(1829—1903) қызықты ережелерді қалыптастырды.
А. И. Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алды-мен
биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Ол қоғамды біртұтас
организм ретінде қарастыра отырып, қоғамдық институттарды оның же-келеген
фрагменттері деп есептеді. Сондықтан оның әлеуметтану физи-ологияға ұқсас
болуы қажет деп түйіндеуі түсінікті еді. Өзі өмір сүрген қоғамды пирамида
тәріздес бейнелеу арқылы А.И. Стронин адамгершілік және интеллектуалды
құндылықтарды жасайтын қоғамдағы жоғарғы құрылым тек саясатпен айналысу
қажет деген ой қорытады. Оның пікірінше, әрбір социумның, кез келген
биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес өмір
сүруі шектеулі болады. Ол күш ерте ме, кеш пе бітеді. Адамгершіліктің
құлдырауы мен әлеуметтік идеалдардың күйреу процесін биологиялық азу
құбылыстарымен салыстыра келіп, А.И.Стронин Батыс Еуропаның революциялық
дәндері Ресей шындығына жат және қауіпті деген сенімде болды.
А. И. Стронинннің биологиялық редукиионизмі механицизммен бірігіп, оның
әлеуметтану тұжырымдамасының эвристік шектеулігін негіздеді. Соған
қарамастан оның бірнеше теориялары Ресейдің интеллектуалдық ой-пікірінде
белсенді пікір тартыстарын оятты, одан әрі әлеуметтанулық теориялардың
дамуына әсер етті.
Әлеуметтануда органикалық бағытты пән ретінде жақтаушы Бола-шақтың
әлеуметтік ғылымы туралы ойлар атты кітаптың авторы П.Ф.Лилиенфельд болды.
Қоғамды табиғаттың барлық организмдері сияқты өмір сүретін шынайы организм
іспетті қарастыра отырып, П.Ф.Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік
күштердің және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді
ұқсастыру жолымен шығарьыуы мүмкін деген қорытынды жасады. Қоғамдық
процестердің өздері зерттеушінің пікірі бойынша, теориялық тұрғыдан
механикалық қозғалыстың көрінуіне алып барады. П.Ф. Лилиенфельдтің пікірі
бойынша, барлық организмнің клеткалардан тұратыны іспетті қоғам да
клеткалардан түзіледі. Бұл жерде зерттеушінің қоғамдық организмнің
клеткалары деп отырғаны жекелеген адамдар.
П. Ф. Лилиенфельд қайсыбір жекелеген процестер (туу, өсу, өлім) мен
жекелеген органдарды (ми үкімет ретінде, т,б.) баяндай келіп, биологаялық
организм мен қоғамдық организмде дәлме-дәл келетін ұқсастық, бар деп
есептейді.
Экономикалық, саяси және заң қызметін орыс ойшылы физиологиялық,
морфологиялық және тұтас организм иностасиясымен теңестіреді. Сөйтіп,
қоғамның басты институттарының мәңгіліктігі және өзгеріске түспейтіндігі
туралы тезисті негіздеді, оларды күшпен трансформациялауды П.Ф.Лилиенфельд
патология ретінде қарастырады.
Ресейде әлеуметтанулық ойдың дамуында субъективтік бағыт маңыз-дылардың
бірі болды. Оның көрнекті өкілдері Петр Лаврович Лавров (1823-1900) және
Николай Константинович Михайловский (1842—1904) еді. П. Л. Лавров Тарихи
хаттар деп аталатын еңбегінде субъективизм туралы өз көзқарасын баяндады.
Ол әлеуметтану ғылымына бірінші болып ант-ропологизм, субъективтік
әдіс, субъективтік көзқарас ұғымдарын енгізді. Оның пікірінше, басқа
ғылымдардағы сияқты әлеуметтану мен та-рихта өзгермейтін және абсолютті
заттар бар. Олар объективті, белгілі бір дәуірде жұрт оны білмеуі мүмкін,
бірақ олар басқа бір дәуірде анықталады. Әлеуметтану мен тарих белгілі бір
сәтке дейін анықталынбайтын ақиқат-тарды құрайды. Олардың анықталынбау
себебіне қоғамның мәселені түсінуге және оған жауап қайтаруына субъективті
дайын болмауы жатады.
П. Л. Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп есептеді. Оның
көзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана нақты қозғаушы күші тұлға бола алады.
Оның мүддесін мойындамау деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОЙДЫҢ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ
Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
Жастар субмәдениетінің рухани адамгершілік құндылығына әлеуметтанулық талдау
Ежелгі славяндардың мәдениеті
XIX ғасырдағы әлеуметтану
Орыс философиялық ойлары
Музыка өнері
Жаңа діни ағымдардың ерекшеліктері және классификациясы
Пәндер