Бағалы қағаздардың түрлері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.6

Негізгі бөлім

1.Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.14
2.Бағалы қағаздардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.18
3.Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері,бағалы қағаздар
нарығының қызметі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.23
4.Бағалы қағаздар операцияларын жетілдіру бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.26
5.Қ.Р.да бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қор биржалары ... ... ... ... ... ... ...27.29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзете асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.
Қазақстанның орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар - меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі. Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер -Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демокр-атиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда "социализм" мен "капитализм" деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршендігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол "капитализм" экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлесттеу арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демоқратиялық негізде құрылған қазіргі нарық - адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарықка қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер. Кәсіпқой қатысушылар ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногінде мәмілелерді өз атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағаны қағаздардың ұйымдаспаған рыногінде жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өздері де, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкін.
Кәсіпқой қатысушының бағалы қағаздармен мәміле жасауға өкілеттігі оның клиентпен жасасқан мәмілелерді жасау және орындау үшін қажетті талаптарды айқындайтын шартымен расталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, 1990 жыл.
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы 1991 жыл.
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» Алматы, 1999жыл.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, 2001ж.
6. «Заң» Республикалық құқықтық, ғылыми практикалық журнал Астана 2000ж №9
7. Мельников В.Д., Ілиясов Қ. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А, 2003ж.
9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.
10. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.
11.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» Алматы, 2002ж.
12. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.
15. Экономика зарубежных стран. Москва, 1990г.
16. История экономических учений Москва, 1994г.
17. Реуэль А.Л. «Экономических учений» Москва 1972г.
18. Ядгаров Я.С. «История экономических учений» Москва 1998г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-6
Негізгі бөлім

1.Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік
қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-14
2.Бағалы қағаздардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...15-18
3.Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері,бағалы қағаздар
нарығының қызметі және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .19-23
4.Бағалы қағаздар операцияларын жетілдіру
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 24-26
5.Қ.Р-да бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қор
биржалары ... ... ... ... ... ... .. .27-29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..30-31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде
жүзете асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру
процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша
бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екінші жағынан,
инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Мемлекеттік бағалы қағаздар
эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен
реттеледі.
Қазақстанның орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар - меншік қатынастары;
шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі;
олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық
топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі. Қоғамдағы соңғы
6-7 жылда болған өзгерістер -Қазақстан Республикасының нарық
қатынастары арқылы демокр-атиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір
кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден
дамып, соңғы 70-жылда "социализм" мен "капитализм" деген екі жүйенің
бәсекесінде өзінің өміршендігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін
дәлелдеді. Сол "капитализм" экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын
қолайлы үйлесттеу арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық
шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демоқратиялық негізде
құрылған қазіргі нарық - адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі
даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары,
басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарықка
қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне
әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер. Кәсіпқой қатысушылар
ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногінде мәмілелерді өз атынан немесе клиенттің
атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен бағалы қағаздарды сатып алу
немесе сату арқылы жасайды. Бағаны қағаздардың ұйымдаспаған рыногінде
жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өздері де, бағалы қағаздар рыногінің
кәсіпқой қатысушыларының қызметін пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкін.
Кәсіпқой қатысушының бағалы қағаздармен мәміле жасауға өкілеттігі оның
клиентпен жасасқан мәмілелерді жасау және орындау үшін қажетті талаптарды
айқындайтын шартымен расталады.
Акциялар, облигациялар және уәкілетті органдар бағалы қағаздар деп таныған
оның басқа да түрлері, туынды бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының
аумағындағы айналысында уәкілетті орган белгіленген тәртіппен рұқсат
етілген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары, ипотекалық куәліктер,
коносаменттер және заңдарға сәйкес құжаттардың басқа да түрлері Қазақстаңда
бағалы қағаздар рыногінің объектілері болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары) инвесторлар,
эмитенттер, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі
реттейтін ұйымдар болып табылады.
Инвесторлар — өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке
немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржынын
қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып
табылатын институционалдық инвесторларға — инвестициялық қорларға,
инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтаңдыру
компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары
жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.
Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар
рыногінде инвестор ретіңце іс-қимыл жасайды.
Эмитенттер — қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногінде
кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар
занды тұлғалар.
Социализм жүйесі өндірісті де, әлеуметтік-экономикалық қажеттілікті де және
өкімді тең бөлуді де, жалпы коғамдық экономиканы жоспарлы түрде басқарып,
меншікті тек "жалпы халықтық" меншік тұрғысынан қарап, халықтың
қажеттілігін өтей алмады. Нарық - күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын
қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет
нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз
кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлін нарығынан тұрады. Осы
аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды.
Ал бұл механизм несиеге негізделген.
Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа
қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің
өзара жасаған дәл осы міндеттемелері - экономикалық механизмнің
тұрақтылығының кепілі. Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастры
зкономикалық-құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың
материаддық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы кағаздардың
маңызы онымен шектеліп қоймайды.

1.Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылар.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару — эмиссия — бұл бағалы қағаздарды
олардың бастапқы иелеріне — инвесторларга, яғни заңды тұлғаларға және
азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
акционерлік қоғам құрған кезде және акциялар олардың құрылтайшылары
арасында орналастырған кезде;
акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының
мөлшерін көбейткен кезде;
облигациялар және басқа борыштық міңдеттемелер шығару жолымен мемлекет,
заңды түлғалар, жергілікті билік оргаңдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде
жүзеге асырылады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар — бұл эмиссия шегіңце біртектес белгілерге және
риквизиттерге ие болатын, осы эмиссияға арналған бірыңғай ережелер
негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) шығаруды
жарияланған жарғылық капиталды құру және өзінің қызметін жүзеге асыру үшін
қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзете
асырылады. Оңда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру
процестеріңде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша
бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екішш жағынан,
инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Мемлекеттік бағалы қағаздар
эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы зандармен
реттеледі.
Мемлекеттік емес эмиссиялық багалы қағаздар эмиссиясы бағалы қағаздар
шығару туралы эмитенттің шешім қабыддауын; уәкілетті органда бағалы
қағаздар эмиссиясын тіркеуді; инвесторлар үшін эмиссия проспектісінде
болатын ақпараттарды ашуды; бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды;
бағалы қағаздарды орналастыру қорытыңдылары туралы есепті табыс етуді
қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге асыратын ашық акционерлік қоғамдардың акциялары
эмиссияланатын мемлекеттік тіркеудің, соңдай-ақ акцияларды шығару және
орналастыру қорытындысы туралы есеп беру рәсімі мен тәртібін уәкілетті
орган белгілейді.
Акционерлік қоғамдардың — банктердің және банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтаңдыру ұйымдарының, бағалы
қағаздар рыногінің әуесқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын
ұйымдастырушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және
орталық депозитарийдің акцияларының барлық эмиссиялары міңдетті мемлекеттік
тіркеуге жатады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған (документарлық) және
құжатсыздаңдырылған нысандарда шығарылуы мүмкін. Бағалы қағаздар шығарудың
құжаттандырылған нысаны — бағалы қағаздарда мүліктік құқықтар бағалы
қағаздар ұстаушылардың тізіміңде тіркелетін шығару нысаны. Эмиссиялық
бағалы қағаздарды шығару нысанын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген
құжаттарға тиісті өзгерістер енгізе отырып, эмитенттің жоғарғы басқару
органының шешімі бойынша эмитент өзгертуі мүмкін.
Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерінің құқықтары осы
бағалы қағаздарды керсетуі арқылы расталады. Құжатсыздандырылған нысанда
шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің құқықтарын тіркеушілер немесе
нақты ұстаушылар растайды. Бағалы қағаздарды иелерінің талап етуі бойынша
тіркеуші немесе нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерінің
құқықтарын растайтын құжаттар беруге міндетті.
Бағалы қағаздармен мәмілелер ұйымдасқан және ұйымдаспаған бағалы қағаздар
рыногіңде — қайталама рынокте жасалады. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату
шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша нотариаддық куәландыруға тиіс.
Кәсіпқой қатысушылар ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногінде мәмілелерді өз
атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен
бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағаны қағаздардың
ұйымдаспаған рыногінде жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өздері де,
бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін пайдалана
отырып та жүзеге асыруы мүмкін.
Кәсіпқой қатысушының бағалы қағаздармен мәміле жасауға өкілетгігі оның
клиентпен жасасқан мәмілелерді жасау және орындау үшін қажетті талаптарды
айқыңдайтын шартымен расталады.
Акциялар, облигациялар және уәкілетті органдар бағалы қағаздар деп таныған
оның басқа да түрлері, туынды бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының
аумағындағы айналысында уәкілетті орган белгіленген тәртіппен рұқсат
етілген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары, ипотекалық куәліктер,
коносаменттер және заңдарға сәйкес құжаттардың басқа да түрлері Қазақстаңда
бағалы қағаздар рыногінің объектілері болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары) инвесторлар,
эмитенттер, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі
реттейтін ұйымдар болып табылады.
Инвесторлар — өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке
немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржынын
қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып
табылатын институционалдық инвесторларға — инвестициялық қорларға,
инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтаңдыру
компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары
жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.
Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар
рыногінде инвестор ретіңце іс-қимыл жасайды.
Эмитенттер — қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногінде
кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар
занды тұлғалар.
Багалы қағаздар рыногінің қатысушылары — бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой
қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды
тұлғалар.
Бағалы қагаздар рыногі кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымы —
бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құрған, олардың кәсіби
мүдделерін білдіру және қорғау, соңдай-ақ бағалы қағаздар рыногі
инфрақұрылымының неғұрлым тиімді жүмысы үшін жағдайлар жасау мақсатымен,
олардың ерікті қатысуы негізінде әрекет ететін ұйым.
Бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой өкілдеріне брокерлер, дилерлер,
кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалары жатады.
Брокер — сыйақы үшін шарт жасайтын, клиештердің тапсырмасы бойынша,
солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын
мәмілелерді жүзеге асырушы делдал. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздарымен
жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер
клиенттердің бағалы қағазда-рының нақты үстаушысы ретінде болуы мүмкін.
Дилер — бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге де мәмілелер
жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан және өз есебінен бағалы
қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіпқой қатысушы.
Кастодиан — клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшасын
сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы
болып табылады. Ол клиенттердің бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелердің
орьшдалуын бақылау және осы мәмілелер жөніңцегі төлем агенті
міндеттемелерін орындау, бағалы қағаздардың нақтылы үстаушысы ретіндегі
қызметті және басқа қызметтер көрсету міндеттерін жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар депозитарийі — бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді
есепке алу және оларды орындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды
биматериалдандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.
Орталық депозитарий — коммерциялық емес ұйым болып табылады және
акционерлік қоғам нысанында құрылады. Орталық депозитарий алатын пайда оған
қатысушылар арасыңда бөлініске салынбайды, ол оның техникалық дамуына
жұмсалады. Орталық депозитарийдің клиенттері брокер-дилерлер мен
кастодиандар болып табылады.
Андеррайтер — бағалы қағаздар рыногіңде брокерлік және дилерлік қызметке
лицензиясы бар және эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан
ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға. Компанияларның
басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік
жүргізеці және құнды қағаздар рыногінде оларды жүзеге асыру кезінде
эмитенттің мүдделерін білдіреді.
Өзін-өзі реттейтін ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және
оларды бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары қауымдастық
нысанында құрады. Олардың негізгі міндеттері бағалы қағаздар рыногінің
кәсіпқой қатысушыларының тиімді қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және
бұл рыноктегі қызмет ету әдісін сақтау, бағалы қағаздар иеленушілері мен
көсіпқой қатысушылар клиенттерінің мүдделерін қорғау, ба-ғалы қағаздармен
операциялар жүргізу ережелері мен стаңдарттарын жасау және олардың
сақталуын бақылау болып табылады.
Еліміздің қаржы рыногінде орныға бастаған қатынастарды реттеудің және
қадағалау тиімділігін арттырудың біртүтас жүйесін үйымдастыру қажеттігіне
байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Ресггубликасының
Қаржы рыногін мемлекетгік реттеудің бірыңғай жүйесін үйымдастыру
мәселелері" туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, № 872) қабыдданды. Осы
Жарлыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеу женіңдегі комитетінің
функциялары мен екілеттіктері Үлттық банкке берілді.
Еліміздің есептік төлем балансын неғүрлым тиімді қалыптас-тыру, неғүрлым
пәрменді валюталық реттеу мен бақылау жүргізу үшін Үлттық банктің жаңа
бөлімшелері — Толем балансы мен ва-люталық реттеу департаментін және Үлтгық
банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету жөніңцегі басқарма құрьглған.
Қазақстан Республикасындағы қаржы қызметін мемлекеттік реттеу мен
қадағалаудың біртүтас жүйесіне кезең-кезеңмен көшу қамтамасыз етілуі тиіс.
Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын
алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге
асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығыкың
ең тиімді сапасына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең
субъектілер ғана аталады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы
инстигуттары, Қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтары ережелер мен
қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе
біздің мемлекетіміз нарық қатынастарын қалпына келтіру қажегллігі туындаған
кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.Бағалы қағаздар ақша
түріндегі капиталға, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы
қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни
жекеменшік иелері- халықтың меншігіне айналдыруы мүмкін.
Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі
қалыртасып оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және
инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің
жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі
өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының
потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны
одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы
меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшік- тендірудің Ұлттық
бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін
жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта
қүру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі - акция
шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі
экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік
жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса,
ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі,
тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін
толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмяссияламай, мемлекеттік бағалы
қағаздар шығарумен шұғылданады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық ерлеуді қаржландырудың басты
жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының
күрделі ұйьтмдық-экономикалық жүйесі көптеген өзара
байланысты элементтерден тұрады: эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар
шығаратын шаруашылық субъектілері;
-инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері — заңды жене жеке тұлғалар;
-бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер,
инвестициялық басқарушылар және т.б.;
-инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары
және т.б. қорлар;
-қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды
тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және
реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі
кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше
бағыт, яғни бағалы кағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы
операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды. Бұл өте терең
экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық
жағынан қамтыған және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де
қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары
білімді мамандар дайындау -уақыт штабы. Әрине бұндай істе нақты кемекті
қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуден
алуға болады. Сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу - алға басудың
кепілі. Ревоюлюцияға дейінгі Ресеійде бағалы қағаздар қор биржалары және
коммерциялық банктер туралы ғылым кең тараған.
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа
экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы
қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-
жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік
қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық
қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады.
Сонғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді.
Әсіресе, Англияда ол шапшан қарқынымен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде
жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан
жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да
өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәу-елсіз
мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда
мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы
жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа
құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады.
Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың ана түрі - жекеменшіктендіру чектерін
(купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардын бір түрі,
олар, өз иесіне мемлекеттің иелігнен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің
бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам
ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі - акционерлер,
олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады. Жекеменшіктендіру
чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын
сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымының
мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының акциясын жеңілдікпен
сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен
төлеуге болады. Жекеменшіктендіру
чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып
алу аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала
ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне
арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай
қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік
коғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың
акцияларын сатып алушы сол қордың иемденушісінің біреуі болып
есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялык
қорлар жеке ұйым. Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге
кепілдік бермейді.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға,
сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады.
Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және жеке-
меншіктендіру чегіне акция сату 1994 - 1995 жылдары өтті. Ол кездерде
көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін
тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі -
жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа
ұйымды-құкықтық формасы - акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және
олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды
эмиссиялаумеи қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да се бепші
болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру бағалы кағаздар нарығының
қалыптасуындағы алғашқы кезеңі. Қазақстан Республикасының жоспарлы
''экономикадан бегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға
елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың
құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Кептеген жылдар
бойы елімізде шын мәнінде ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке
коммерциялық және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары
болған жоқ. Қаржысаласының барлығын мемлекет айырықша құқықпен (монопольно)
өзіне қаратып, барлық кіріс кездерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге
жұмсап отырды. Оған дәлел мынадай мысал, ұлттық жалпы енімнің заттай
құрылымының 34 болігі өндірістік құрал-жабдықтарды өндіруді ұлғайтуға
жұмсалған. Негізгі құрал-жабдықтар соғыс-өнеркәсіп кешеніне жұмсалғандықтан
халық игілігіне қолдануға болмаған. Елімізде "ұзаққа созылған тапшылық
экономикасы" қалыптасып, ол тек тұрмыстық игіліктің еткір кемшілігін ғана
емес, сонымен қатар үнемі рухани кемшілікті де тудырды. Сондықтан,
шаруашылықты ұйымдастыру мен оны басқаруды жаңа әдіспен жүргізу объективті
қажеттілік еді.
Нарықтық экономика - адамзат еркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және
ендірісті ұйымдастырудың ең тиімді гүрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің
кепшілігінің өркендеу тәжірбиесі дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан
Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту - тек ашық
нарыққа ету ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік экономикалық саясаттағы
субъективизмнен (әділетсіздіктен) бас тарту.
Шаруашылықты нарық әдістерімен жүргізу қаржы нарығының мол мүмкіндігін
пайдалануды талап етеді. Қаржы нарығы - мемлекеттін бүкіл ақша қорларының
жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әр түрлі субъектілерінің сұранысы Мен
ұсынысы әсерінен езгеріп отырады және үнемі Козғалыста болады. Қазіргі
кезде дүниежүзінде АҚШ-тың, Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы
ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық
экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің
өркендеуіне жетеді деуге әзірге ерте.

2.Бағалы қағаздардың түрлері.
Акция - акционердін қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы
қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір
бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп
тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның
иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайларға байланысты жүргізіледі:
-жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
-меншікті акцияландырғанда, яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды акционерлік
қоғам ретінде қайта құрғанда;
-қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда.
Сөйтіп, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны қоғамның жарғылық
капиталын құрайды. Ол, өз рзегіңде, айналымдағы капитал жай және
артықшылықты акциялар және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар
болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдалана
алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын
ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы
қағаздардыц бірден бір түрі. акция - компанияның акционерлер алдындағы
қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар.
Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ
болса, онда ол акциясын кайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де
ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем
қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де
болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа біреуге
беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші
жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және
артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің
жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
а) Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуі
тиіс акция. Акционерлер кітабында канша және қай уақытта алғандығы туралы
жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
ә) Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында
тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны
ғана көрсетіледі.
Корпорацияларға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер
қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың
қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында
шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға
мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе,
қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған акцияны
қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта
еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға
болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау
туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолдары да әр түрлі:
Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан
сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына толтырылған бір сертификат
алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың колы
қойылған "индоссамент" деген белгі қойылады. Содан соң акционерлердің
тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан
кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.
Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей, яғни
қолма-қол сатып алушыға береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын (тиражын) иемденушілер
құқын белгілеу тәртібі де әр түрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі
корпорациядан хабарландыру Хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай, механизм
жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында қиып алатын купоны (талоны) болады.
Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын іске
асырады.
Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы өте жоғары болмайды, бірақ ол көп
тиражбен шығарылады, ал атауды акцияның номиналы әр түрлі мөлшерде бола
береді. Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша акциялар жай және
артықшылықты болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның
тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда
дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация
жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің
бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге
асырылады. Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай
акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның
шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд корпорацияның таза
пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық
төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті
өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған
ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді
міндеттенген жазбаша арыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне
қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал
деп есептелмейді. Облигация шығару -қосымша капитал тартудың бір
нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды
орналастыруга жұмсаған жылдық шығынға тең болады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан онық кепілі болып
эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік - эмитенттің банкротқа
ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде - корпорация мүлігінің,
бір бөліпн иеменденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты
корпорацияны инвестициялаудың ен маңызды дегенмен бұл екі бағалы
қағаздардың бір-бірінен түбе өзгешеліктері бар. Ол өзгешеліктердің
маңыздылары. Облигация иемденушісіне сыйақы (мүдде) төленеді.
Оның мөлшері алдын ала бекітіледі және нақты анықталады. Бұл бағалы қағаз
өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс
түсіреді. Облигация бойынша сыйақы (мүдде) басқа өтелетін
дивидендтерден бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны (мүддені)
уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционерде
дивиденд түрінде төлем алады. Бірақ дивидендтің мөлшері
тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер корпорация
дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер
корпорацияға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.
Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Ол
акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да қатыспайды.
Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда
шешуші дауыс құқығы бар.
Облигация бойынша сыйақы (мүдде) корпорацияның шығынына жатады. Ол салық
төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған
корпорацияның таза пайдасынан өтеледі. Облигация бойынша мезгіл-
мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады.
Купон деп облигациядан қиылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы
(мүдде) мөлшері көрсетілген. Төленген сыйақының орнына облигациядан
купонды қиып алады. Бұндай сыйакы төлеудің "түрін "купондарды қырқу" деп
айтады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі.
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни енімді өндіру, оны сату және басқа
да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы
қорынын жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып
алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге
сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель
пайда болады.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол -
бағалы қағаз. Вексельді борышқор яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні
-несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде
өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель
иемденушіге) берген карыз міндеттемесі. Вексель шығарып және оны
пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты
бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні тек қарызды қайтару
кепілі ғана емес, сонымен бірге, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін
арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы -
ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің
түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия
болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді.
Әлбетте, вексельді банк сатып алады. Вексель - тауар-ақша қатынастарын және
коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір
басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында
вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез
келген операцияны бар болғаны бір сағаттың ішінде орындайтын
мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25%-ін
құрайды). Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған
айналым қаржысының уақытша жетіспестігін вексельмен толтыру онша қиын
емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап
берсе тауар-ақша айналымын жеделдетеді. Қазақстан Республикасында
қазіргі нарықтық қатынастардың калыптасуы кезінде, төлем құралдарының
жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстарының үзіліп
және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол
ақшасыз есеп ретінде вексельге деген ынта арта түсуде. Сондықтан вексель
шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің өзінде вексель айналымын
реттейтін бірсыпыра ереже-құжаттар пайда болды. Вексель төлем дағдарысын
реттеп, заттық корлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы
тауар зат құндылықтарының корын азайтып және халық шаруашылығындағы
есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан
жүйесін қамти алады. Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру
арқылы ақша қаражатын бөлу болып табылады.

3.Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері, бағалы қағаздар нарығының
қызметі және оның маңызы.
Бағалы қағаздар — ең алдымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздардың түсінігі
Туынды бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
Қаржы нарығы туралы түсінік
Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.
Бағалы қағаздар рыногы, оның мәні және белгілері
Бағалы қағаздар классификациясы
Ордерлік бағалы қағаздар
Екінші деңгеңгейлі банктердің бағалы қағаз операциясының есебі
Бағалы қағаздар және қаржы рыногы
Пәндер