Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау



Кіріспе
1. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк.экономикалық
дамуын талдау
2. Үкiмет бағдарламасының мақсаты мен басым бағыттары
3. Өңiрлiк саясат
3.1. Өңiрлiк даму
3.2. Тұрғын үй.коммуналдық сала
4. Индустриялық.инновациялық саясат
4.1 Минералдық шикiзат кешенi
4.2 Электр энергетикасы мен көмiр өнеркәсiбi
4.3 Өңдеушi өнеркәсiп
4.4 Құрылыс
4.5 Шағын және орта бизнес
4.6 Ғ¬ылыми.технологиялық және инновациялық саясат
5. Аграрлық саясат
6. Инфрақұрылымдық саясат
7. Сауда саясаты
7.1. Сыртқы сауда
7.2. Iшкi сауда
8. әлеуметтiк саясат
8.1. Бiлiм беру
8.2. Денсаулық сақтау
8.3. Жұмыспен қамту және еңбек
8.4. Халықты әлеуметтiк қорғау
8.5. Мәдениет
8.6. Спорт және туризм
8.7. Демография және көші.қон
9. Мемлекеттiк реттеу
9.1. Кәсiби Yкiмет
9.2. Мемлекеттiк басқару органдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау және ажырату
9.3. Мемлекеттiк активтердi басқару
9.4. Баға және тариф саясаты
9.5. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарының негiзiнде әзiрлендi және Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыруға бағытталған.
Таяу кезеңге арналған бiрiншi кезектегi мiндеттер мен басымдықтар Президенттiң Қазақстан халқына "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" Жолдауында Үкіметке Мемлекет басшысы берген тапсырмалардан туындайды.
Экономикалық өсу қарқыны, макроэкономикалық көрсеткiштердiң теңдестiгi, қаржы ресурстарының берiк қоры болуы, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы бөлiгiндегi экономиканың жай-күйi Үкіметке ағымдағы кезеңдегi проблемаларды шешудi ескере отырып, мақсаттар мен мiндеттер қоюды ғана емес, сонымен бiрге ұзақ мерзiмдi міндеттерді орындау жөнiндегi жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Бағдарлама аясында Үкімет таяудағы үш жылда Мемлекет басшысы қабылдаған стратегиялық бағдарламалық құжаттарды iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Сонымен бiр мезгілде, олардан таяу уақытта экономикалық және әлеуметтiк нәтиже алынатын мiндеттер шешiледi.
Осыған байланысты Үкімет өз алдына өз қызметiнiң барлық бағытындағы жұмысты сапалы түрде жақсартуды қамтамасыз ету мiндетiн қояды.
Ел экономикасының даму серпiнi мен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективадағы халықтың әл-ауқатының деңгейi, көбiнесе орталық және жергiлiктi басқару органдары жұмысының қалай ұйымдастырылғанына, Қазақстанның экономикалық әлеуетiне осы Үкімет құрамы қандай сапалық өзгерiстер енгiзетiнiне байланысты болады.
Дүниежүзiлiк қоғамдастықта Қазақстан экономикалық даму үшiн жақсы әлеуетi бар мемлекет ретiнде орнықты. Осы әлеуеттi неғұрлым тиiмдi түрде iске қосып әрi экономиканың дамуының жоғары қарқыны негiзiнде халықтың неғұрлым қалың тобының әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мiндетi алда тұр.
Қазақстанның экономикасы көбiнесе бағасы едәуiр ауытқымалы шикiзат экспортына тәуелдi. Бұл жағдаят елдiң ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бiрқатар мiндеттердi шешудi талап етедi.
Осыған байланысты Үкімет Бағдарламаны дайындау кезiнде экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн сыртқы факторлардың өзгеруіне және iшкi өндiрiстiк әлеуеттi пайдалану деңгейiн арттыруға барабар ден қою шараларына ерекше назар аударды.
Үкімет елдiң егемендiгiн, тәуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және ұлттық қауiпсiздiгін нығайту жөнiндегi жұмысты жалғастырады.
Бiздiң мемлекеттiң ықпалдастық бастамалары экономикалық өсудiң жеделдеуiне ықпал етедi.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
      Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған
бағдарламасы Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейiнгi кезеңге
арналған стратегиялық жоспарының негiзiнде әзiрлендi және Қазақстанның 2030
жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыруға бағытталған.
      Таяу кезеңге арналған бiрiншi кезектегi мiндеттер мен басымдықтар
Президенттiң Қазақстан халқына "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға
арналған негiзгi бағыттары" Жолдауында Үкіметке Мемлекет басшысы берген
тапсырмалардан туындайды.
      Экономикалық өсу қарқыны, макроэкономикалық көрсеткiштердiң
теңдестiгi, қаржы ресурстарының берiк қоры болуы, мемлекеттік бюджеттің
атқарылуы бөлiгiндегi экономиканың жай-күйi Үкіметке ағымдағы кезеңдегi
проблемаларды шешудi ескере отырып, мақсаттар мен мiндеттер қоюды ғана
емес, сонымен бiрге ұзақ мерзiмдi міндеттерді орындау жөнiндегi жұмысты
жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
      Бағдарлама аясында Үкімет таяудағы үш жылда Мемлекет басшысы
қабылдаған стратегиялық бағдарламалық құжаттарды iске асыру жөнiндегi
жұмысты ұйымдастырады. Сонымен бiр мезгілде, олардан таяу уақытта
экономикалық және әлеуметтiк нәтиже алынатын мiндеттер шешiледi.
      Осыған байланысты Үкімет өз алдына өз қызметiнiң барлық бағытындағы
жұмысты сапалы түрде жақсартуды қамтамасыз ету мiндетiн қояды.
      Ел экономикасының даму серпiнi мен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi
перспективадағы халықтың әл-ауқатының деңгейi, көбiнесе орталық және
жергiлiктi басқару органдары жұмысының қалай ұйымдастырылғанына,
Қазақстанның экономикалық әлеуетiне осы Үкімет құрамы қандай сапалық
өзгерiстер енгiзетiнiне байланысты болады.
      Дүниежүзiлiк қоғамдастықта Қазақстан экономикалық даму үшiн жақсы
әлеуетi бар мемлекет ретiнде орнықты. Осы әлеуеттi неғұрлым тиiмдi түрде
iске қосып әрi экономиканың дамуының жоғары қарқыны негiзiнде халықтың
неғұрлым қалың тобының әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мiндетi алда тұр.
      Қазақстанның экономикасы көбiнесе бағасы едәуiр ауытқымалы шикiзат
экспортына тәуелдi. Бұл жағдаят елдiң ұлттық және экономикалық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бiрқатар мiндеттердi шешудi
талап етедi.
      Осыған байланысты Үкімет Бағдарламаны дайындау кезiнде экономикалық
өсудi қамтамасыз ету үшiн сыртқы факторлардың өзгеруіне және iшкi
өндiрiстiк әлеуеттi пайдалану деңгейiн арттыруға барабар ден қою шараларына
ерекше назар аударды.
      Үкімет елдiң егемендiгiн, тәуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және
ұлттық қауiпсiздiгін нығайту жөнiндегi жұмысты жалғастырады.
      Бiздiң мемлекеттiң ықпалдастық бастамалары экономикалық өсудiң
жеделдеуiне ықпал етедi.
      Үкімет Қазақстанның халықаралық беделiн нығайтуға, әлемдегi жетекшi
елдермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара тиiмдi ынтымақтастықты
тереңдетуге әрi кеңейтуге бағытталған жұмысты жүзеге асырады. Сыртқы саяси
мақсаттарды одан әрi алға бастыруға, республиканың геосаяси және
экономикалық мүдделерiн қорғауға ерекше назар аударылады.
      Орталық Азияда терроризмнiң, дiни экстремизмнiң, есiрткi құралдары
заңсыз айналымының, заңсыз көшi-қонның таралуына қарсы тұру мақсатында
Үкімет Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы
(ШЫҰ), "Орталық Азиядағы ынтымақтастық" ұйымы (ОАЫ) аясындағы белсендi
жұмысты жалғастырады.
      Үкімет Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңестiң
(АӨІСШК) процесiн одан әрi дамыту және оның институттарын қалыптастыру
жөнiндегi белсендi жұмысты жалғастырады.
      ТМД-ның Терроризмге қарсы орталығының және штаб-пәтерi Бішкек
қаласында құрылатын ШЫҰ-ның Терроризмге қарсы құрылымының (РАТС) қызметiне
ұдайы назар аударылады.
      Ішкi даму басымдықтарымен байланыстыру әрi ықпалдастық процестерiнiң
тиiмділiгiн арттыру көзқарасы тұрғысынан аталған ұйымдардың қызметiне
Қазақстанның қатысуы жандандырылады.
      1. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық
дамуын талдау
      1999 жылдан бастан Қазақстанның экономикасы салыстырмалы түрде
макроэкономикалық тұрақтандыруға және өсудiң жоғары қарқынына қол
жеткiзумен сипатталатын даму сатысында тұр.
      1999-2002 жылдары республикада жалпы iшкi өнiмнiң жиынтық өсуi -
40,1%, өнеркәсiп өндiрiсi - 48,2%, ауыл шаруашылығы өнiмi 47,7%, құрылыс -
87,1% құрады. 1993-2002 жылдары республикадағы тікелей шетелдiк
инвестициялардың жалпы көлемi 21 млрд. АҚШ долларынан асты.
      Соңғы жылдары инфляция деңгейі: 1999 жылы 17,8 %-дан, 2002 жылы 6,6%-
ға дейiн едәуiр азайды. Қайта қаржыландыру ставкасы ТМД елдерi iшiндегi ең
төменгiлердiң бiрi (7 %).
      Экономиканы монетарландыру деңгейi 1999 жылдың аяғындағы 13,6%-дан
2002 жылдың аяғында 20,4 %-ға дейiн ұлғайды. Бұл ретте 2000 жылдың басынан
бастап халықтың депозиттерi (резидент еместердi ескере отырып) 286,9 млрд.
теңгеге дейiн 5,2 есе ұлғайды, ал банктердiң, экономикаға кредиттерiнiң
көлемi 770,2 млрд. теңгеге дейiн 5 есе өстi.
      Ұлттық Банктiң халықаралық резервтерi және елдiң Ұлттық қорының
қаражаты 2003 жылдың маусымына қарай 7 млрд. АҚШ долларына дейiн өстi.
      Еуропалық экономикалық Одақ пен АҚШ конгресі Қазақстанды нарықтық
экономикадағы ел деп таныды. 2002 жылдың қыркүйегiнде "Moody's Iпvestors
Service" жетекшi халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрi Қазақстанға
инвестициялық санатқа жататын Ваа3 кредиттiк рейтингiн белгiледi. 2003
жылғы мамырда "Standard & Poor's Rating Services" агенттiгi Қазақстан
Республикасының шетелдiк валютадағы мiндеттемелерi бойынша ұзақ мерзiмдi
кредиттiк рейтингтерiн "ВВ"-дан "ВВ+"-ға дейiн көтердi және ұлттық
валютадағы мiндеттемелер бойынша кредиттiк рейтингтерiн "ВВ+0ңВ"-дан "ВВВ-
ТұрақтыА-3"-ке дейiн көтердi, мұның өзi Қазақстан экономикасының
әлеуеттiк мүмкiндiктерi орнықты түрде бекуде екенiн көрсетедi.
      Халықтың жан басына шаққандағы номиналды орташа ақшалай табысы 2002
жылы 2001 жылмен салыстырғанда 13,7%-ға артты және 100 мың теңгенi құрады.
Осы кезең iшiнде нақты ақшалай табыс 7,4%-ға өстi. 2002 жылы нақты орташа
айлық жалақы 2001 жылмен салыстырғанда 10,1 %-ға өстi. Орташа айлық
зейнетақының нақты өсуi - 11,4 %-ды, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың
өсуi - 6%-ды құрады.
      1999-2002 жылдары экономикалық белсендiлiктiң артуына оң әсер еткен
негiзгi факторлар: республикадағы тұрақты саяси жағдай; жекелеген тауар
рыноктарындағы қолайлы конъюнктура; кәсiпкерлiктiң дамуы; халықтың тұрмыс
деңгейiнің жақсаруы нәтижесінде iшкi сұраныстың артуы; қолайлы
инвестициялық ахуал; экспортқа бағдарланған өндiрiстердi қалыптастырумен
бiр мезгiлде жүргiзiлген импорт алмастыру саясаты; ТМД елдерiндегi дамудың
жоғары қарқыны.
      Қазiргi уақытта елдегi макроэкономикалық ахуал тұрақты. 2003 жылғы
бiрiншi жарты жылдықта жалпы iшкi өнiмнiң өндiрiлуi өткен жылғы осындай
кезеңмен салыстырғандағы бағалау бойынша 10,4%-ға өседi. Өнеркәсiптегi
өндiрiс көлемi ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 9,6%-ға, ауыл шаруашылығы
5,2%-ға, негiзгi капиталға инвестициялар - 12,9 %-ғa, көлiктiң барлық
түрiмен жүк тасымалдау - 9,6%-ға, байланыс қызметiн көрсету - 23,6 %-ға
ұлғайды.
      2003 жылғы маусымда тұтыну бағаларының индексі 2002 жылғы
желтоқсанмен салыстырғанда 102,3 % құрады.
      2003 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi
агенттiгiнiң деректерi бойынша экспорт 4954,2 млн. АҚШ долларын (2002 жылғы
осындай кезеңмен салыстырғанда 46 %-ға өсу), импорт - 3071,1 млн. АҚШ
долларын (23 %-ға ұлғаю) құрады.
      2003 жылғы бiрiншi жарты жылдықта номиналды жалақының өсуi 113,7%-ды
құрады, нақты жалақы 6,4%-ға ұлғайды. Жылдың басынан бастап халықтың нақты
ақшалай табысы 5,4 %-ға өстi.
      Республика экономикасында ағымдағы жылғы маусымда 6,9 млн. адам
жұмыспен қамтылған, жұмыссыздық деңгейi 8,5%-ды құрады.
      2. Үкiмет бағдарламасының мақсаты мен басым бағыттары
      Үкімет сабақтастықты қуаттай отырып, 2003-2006 жылдарда басты мақсат
ретiнде қоғамдық-саяси тұрақтылық, орнықты әлеуметтiк-экономикалық даму,
экономикалық және экологиялық қауiпсiздiктi нығайту, жүйелi қатерлердi
азайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту негiзiнде барлық өңiрдегi
халықтың тұрмыс деңгейiн арттыру деп айқындайды.
      Үкімет қоғамды одан әрi демократияландыру, заңдылық пен құқық
тәртiбiн нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
сақталуы мәселелерiне баса назар аударатын болады.
      2003-2006 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым
бағыттары:
      eл өңiрлерiнің әлеуметтiк-экономикалық дамуы деңгейiндегi
әркелкiлiктi, кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту;
      Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын қамтамасыз ету және
ауылдағы (селодағы) тұрмыс жағдайларын сапалы түрде жақсарту;
      елдiң Индустриялық-инновациялық дамуы стратегиясын іске асыру;
      қоршаған орта сапасын тұрақтандыру;
      ғылымды, бiлiм беру мен халықтың кәсiби бiлiктiлiгiн арттырудың
қазiргi заманғы әрi тиiмдi жүйесiн құру;
      шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту;
      өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
      халықты зейнетақымен және әлеуметтiк қамтамасыз етудi одан әрi
жетiлдiру;
      мемлекеттiк қызметшiлермен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң
жалақысын көтеру;
      Астананы одан әрi дамыту.
      Мақсаттарға және орташа мерзiмдегi басымдықтарға қол жеткiзу
Үкіметтен мыналарды:
      елдiң қаржы және бюджет жүйесiнiң макроэкономикалық теңдестiгi мен
тұрақтылығын;
      валюта және сауда режимдерiн ырықтандыруды;
      халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру, кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен
күрес есебiнен iшкі сұранысты арттыруды;
      инвестициялық ахуалды жетілдiрудi;
      шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн азайту мен оны қорғауды
оңтайландыруды;
      тұтас алғанда, өңдеушi өнеркәсiпте, сондай-ақ ғылыми жетiстiктер мен
инновациялық әзiрлемелердi енгiзу есебiнен еңбек өнiмділiгiн арттыруды;
      ауыл шаруашылығы өнiмдiлiгiн арттыруды және ауыл шаруашылығы өнiмiн
қайта өңдейтiн бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi дамытуды;
      қазiргi заманғы құрылыс кешенi мен құрылыс материалдары өнеркәсiбiн
дамыту есебiнен тұрғын үй салуды және өндiрiстiк құрылысты жандандыру үшiн
ынталандыруды жасауды;
      салық салынатын базаны кеңейту есебiнен салық жүктемесiнің азаюы
кезiнде мемлекеттiк кiрiстердi ұлғайтуды;
      бiлiм берудi, ғылым мен инновациялық қызметті басым дамытуды;
      экономиканың барлық деңгейi үшiн сапалы жаңа ғылыми, басқару,
инженерлiк-техникалық және жұмысшы кадрларды даярлауды;
      экономикаға тiкелей инвестициялар ағынын ынталандыруды;
      экономиканың инфрақұрылымын дамытуға және оның өндiрiстiк құрылымын
жетілдiруге жұмсалатын мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалануды;
      өндiрiстiк күштердi ұтымды орналастыру үшiн жағдай жасауды;
      ТМД, ЕурАзЭҚ, OAЫ, ШЫҰ аясында экономикалық ықпалдастықты тереңдету
әрi кеңейту және Өңiрлiк ықпалдастық ұйымының мақсаттарын практикалық iске
асыру болып белгiлендi.
      Үкімет 2003-2006 жылдары:
      жалпы iшкi өнiмнiң нақты орташа жылдық өсуiн 7-7,5% мөлшерде;
      жалпы iшкi өнiмнiң халықтың жан басына шаққандағы деңгейiн 2006 жылы
2600 АҚШ долларына баламалы сомаға дейiн көтерудi;
      инфляцияның орташа жылдық деңгейiн 4,5 - 5,5%-дан асырмауды;
      өнеркәсiптiк өндiрiстiң орташа жылдық өсуiн 9-9,5% деңгейiнде
ұстауды;
      табысы ең төменгі күнкөрiс деңгейінен аз халықтың үлесiн 20%-ға дейiн
азайтуды қамтамасыз етудi жоспарлауда.
      3ейнетақының, мемлекеттiк жәрдемақылардың, бюджеттiк саладағы
қызметкерлер жалақысының мөлшерiн нақты ұлғайту жөнiндегi жұмыс
жалғастырылады. Мұның өзi елдегi iшкi тұтынушылық сұранысты ұлғайтуға әрі
елдiң шағын және орта кәсіпорындарындағы тұтыну тауарлары мен қызметтер
көрсету өндiрiсiн дамытуды көтермелеуге мүмкiндiк бередi.
      3. Өңiрлiк саясат
      3.1. Өңiрлiк даму
      Қазақстан Республикасы өңiрлiк саясатының 2002-2006 жылдарға арналған
тұжырымдамасы қабылданды. Өңiрлер экономикасының тиiмділiгiн арттыруға
бағытталған iс-шаралар iске асырылуда.
      Сонымен бiрге, тұтас алғанда ел экономикасының өсуiне қарамастан,
республикада өңiрлердiң, соның iшiнде шағын қалалардың, ауылдық аумақтардың
әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде едәуiр алшақтық байқалады. Жан
басына шаққанда халықтың орташа ақшалай табыс деңгейi бойынша өңiрлер
арасындағы алшақтық үш ретке жетедi.
      Өңірлер арасында ғана емес, сонымен қатар олардың өз ішінде де
ақшалай табыстардың едәуiр айырмашылығы сақталуда. Көптеген шағын
қалалардағы жан басына шаққанда халықтың орташа ақшалай табысы тиiстi
облыстардың орташа деңгейiнiң 30-80%-ын ғана құрайды. Ауыл тұрғындарының
номиналды ақшалай табысы қала тұрғындарымен салыстырғанда екi есе төмен.
      Мақсаттары
      Инфрақұрылымның нығаюына, проблемалық аумақтарды атаулы қолдау
саясатымен ұштастырып, халықты әлеуметтiк қамтамасыз етудiң кепілдiк
берілген көлемiне қол жеткiзуге жәрдемдесетiн басым инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру жолымен өңірлердiң әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейлерi
арасындағы алшақтықты азайту.
      Шешу жолдары
      Алдағы кезеңде өңiрлердің қарқынды әлеуметтiк-экономикалық дамуын
қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенi iске асырылады.
      2004 жылдан бастап ресурстарды экономикалық перспективалы жерлерде
шоғырландыруға мүмкіндiк беретiн әрi ауыл халқының жеткiлiктi табыс
деңгейiн қамтамасыз ететiн ауылдық аумақтарды тиiмдi дамыту мен
қоныстандырудың оңтайлы схемаларын қалыптастыру жөнiндегі шараларды
көздейтiн, Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру басталады.
      2004 жылы ел өңірлерінің әрқайсысының әлеуетiн ұтымды пайдалану
ескерілетiн, тиiмдi әрi теңдестіре дамытуға бағытталған Қазақстан
Республикасының Аумақты дамытудың 2015 жылға дейiнгi бағдарламасы
қабылданады. Ол адамдарды қоныстандыру және өндiрістiк, энергетикалық,
көлiк, коммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтiк және рекреациялық
инфрақұрылымды орналастыру кезінде ұтымды iс-қимыл жүйесiн қамтамасыз ету
жөнiндегi басқару органдарының өзара iс-қимылына негіз болады.
      2003 жылы шағын қалалардың функционалдық типологиясына сәйкес
дамытудың негізгі бағыттарын олардың нарық негіздерінде өзiн-өзi дамытуына
көшуге ықпал ететін әкiмшiлiк-құқықтық және экономикалық сипаттағы
шараларын айқындайтын Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасы қабылданады.
      Мынадай мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жалғастырылады:
      әкімшiлiк және iскерлiк функцияларды жүзеге асырумен қатар,
өңiраралық ықпалдастық байланыстарын нығайту арқылы елдiң барлық өңiрлерiн
дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндiк беретiн, Астанада елорда ортасын
үйлесiмдi дамытуды қалыптастыруға бағытталған "Астананың гүлденуi -
Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың
2005 жылға дейiнгi бағдарламасы";
      Алматының республиканың қаржы, ғылым, бiлiм, мәдени және туристік
орталығы ретiнде қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған "Алматы қаласын
дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы".
      Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы функциялар мен
өкiлеттіктердi ажырату жөнiндегi жұмыс шеңберiнде республикалық және
жергiлiктi басқару деңгейлерi арасындағы қазіргі қатынастар жүйесi
жетiлдiріледi, мұның өзi өңiрлер мүдделерiнің ерекшелiгін ескеруге және
олардың экономикалық өсуi мен халықтың тұрмыс деңгейiн әрi сапасын
арттыруға ресурстық әлеуетiн тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
      Осы мақсатпен 2004 жылдан бастап:
      басқарудың ауылдық, кенттік және қалалық (аудандық маңызы бap)
деңгейлерiне бекiтiлетiн функциялардың тiзбесiн кеңейту;
      оларға заңды тұлға мәртебесiн берiп, ауылдар, кенттер, аудандық
маңызы бар қалалар әкiмдерiнің аппараттарын қалыптастыру көзделедi.
      Сонымен бiр мезгiлде, әкiмдердiң өз шығыстарын жоспарлау мен
атқарудағы дербестігін кеңейту үшін басқарудың осы деңгейін қаржыландыру
тетiгi жетілдiредi.
      3.2. Тұрғын үй-коммуналдық сала
      Тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалау барысында тұрғын үй секторы
нарықтық қатынастарға көштi, тұрғын үй қорының 96 пайыздан астамы жеке
меншiкте.
      Коммуналдық қызметтер көрсету рыногында бәсекелестiктi дамыту үшiн
жағдайлар жасалды. Есептеу жолымен белгiленетiн коммуналдық қызметтер
көрсетудi тұтынудың орташа нормаларынан iс жүзiнде пайдаланылған қызметтер
көрсету көлемiне ақы төлеуге көшу жүредi.
      Сонымен бiрге, тұрғын үй қорын пайдалану және күтіп-ұстау мәселелерi
проблема болып қалуда. Тозған және авариялық тұрғын үйлер көлемi ұлғаюда.
      Мақсаттары
      Азаматтардың тұрғын үйлерде сапалы әрi қауiпсiз тұруы үшiн жағдайлар
жасау және көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi жақсарту.
      Шешу жолдары
      Тұрғын-үй-коммуналдық саланы реформалау жалғасатын болады.
      Тозған және авариялық тұрғын үйлердi бұзу жөнiндегi өңiрлiк
бағдарламаларды әзiрлеудi және бекiтудi жеделдету қажет. Тұрғын үйлердi
күрделi жөндеу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру тетіктерi әзiрленуi және
осы қаражатты жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етiлуi тиiс.
      4. Индустриялық-инновациялық саясат
      Шикiзат ресурстарының өндiрiсi мен экспортын үдемелi дамыту ұлттық
экономиканың дағдарысты еңсеруіне және соңғы үш жылда экономикалық өсудің
жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
      Өнеркәсiп салаларын теңдестiре дамыту мақсатында Қазақстанның
индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы мен Каспий теңiзiнің қазақстандық секторын игерудің 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрлендi.
      Өнеркәсіп көлемiнің өсуiне қарамастан, мынадай проблемалар: шикiзатқа
бағытталушылық, өңдеушi өнеркәсiп өнімділігiнің төмендiгi, әлемдiк
экономикамен ықпалдасудың мардымсыздығы, ел iшіндегi салааралық және
өңiраралық экономикалық ықпалдасудың нашарлығы, iшкі рыноктағы тауарларға
және қызметтер көрсетуге тұтынушы сұранысының (шағын экономика) төмендiгi,
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы
техникалық және технологиялық артта қалушылығы, ғылымның өндiрiспен
пәрмендi байланысының болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-
конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстардың аз болуы, менеджменттің
экономиканың жаhандану процестерiне бейімделу және сервистiк-технологиялық
экономикаға көшу мiндеттерiне сай келмеуі шешілмей қалып отыр.
      Мақсаттары
      Шикiзатқа бағытталудан арылуға ықпал ететiн экономика салаларын
әртараптандыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу, сервистiк-
технологиялық экономикаға ұзақ мерзiмдi жоспарлы түрде көшуге жағдай жасау.
      Өңдеушi өнеркәсiпте және қызметтер көрсету саласында бәсекеге
қабiлеттi әрi экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтер
көрсетудi өндiру, сондай-ақ өндiрiлетiн өнiмге халықаралық сапа
стандарттарын енгiзу.
      Шешу жолдары
      Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы мен Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң
2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын тиiмдi iске асыру.
      2003 жылы Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-
2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары қабылданады.
      Осы жоспардың аясында қолданыстағы және әзірленетін бағдарламалардың
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттерiне
сәйкес келуi мәнiнде оларды талдау жүргiзiледi, сондай-ақ инвестициялық әрi
инновациялық әлеуетi көзқарасы тұрғысынан экономиканың басым салаларын
iрiктеу жөнiнде зерттеулер жүргiзiледi.
      Экономиканың шикiзат секторын дамыту Үкіметтің тиiстi салалық және
секторалдық бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.
      Yкіметтiң iс-қимыл кәсiпкерлік ахуалды орнатуға, жеке секторды
ынталандыратын және бәсекелi басымдықты жетілдiретін, неғұрлым қосылған
құнға қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегіндегi
элементтердi игеретiн қоғамдық институттарды қамту мен олардың құрылымын
құруға, сондай-ақ елдегi ғылым мен инновациялық қызметтi ынталандыруға
бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясатты жүзеге
асыруға бағдарланатын болады.
      2003-2006 жылдар iшiнде нарықтық экономика қағидаттарына негiзделетiн
және халықаралық практикаға сай келетiн техникалық реттеу жүйесiн құрудың
нормативтiк құқықтық базасы әзiрленетiн болады.
      Республика кәсiпорындарында 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық
стандарттарының талаптарына сай келетiн сапа мен экологиялық менеджмент
жүйелерiн әзiрлеу мен енгiзу жалғасатын болады.
      Өңдеушi өнеркәсіпке тiкелей инвестицияларды тарту жөнiндегi жұмысты
жандандыру, қосылған құны жоғары өндiрiстi дамыту, жоғары технологиялы және
экспортқа бағдарланған жаңа өндiрістердi құру мақсатында ағымдағы жылы
құрылған мынадай даму институттары iске қосылатын болады:
      капиталға үлестiк бақылаусыз қатысу арқылы қосылған құны жоғары
тауарларды өндiретiн қазақстандық компанияларды құруға жәрдемдесетiн
Қазақстанның Инвестициялық қоры;
      негiзгi мақсаттары - инновациялық инфрақұрылымды құру, венчурлік
қаржыландыруды дамытуды көтермелеу, ғылыми зерттеулер мен инновациялық
жобаларды қаржыландыру болатын Ұлттық инновациялық қор;
      саяси және жүйелі тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру
жолымен қазақстандық өндiрушiлердiң тауарлары мен қызметтер көрсетуi
экспортына жәрдемдесу үшiн Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды
сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы.
      Алдағы кезеңде осы даму институттарын қалыптастырудың дайындық
сатысы, олардың пилоттық жобаларды жүзеге асыруына қолдау көрсетілетін
жұмыс істеу тетіктерін және өлшемдерін әзірлеу, жүргiзiлетiн болады.
Олардың қалыптасуына қарай экономиканың барлық саласында Стратегияның iс-
шараларын белсендi түрде iске асыру басталады.
      Шикiзаттық емес секторда жұмыс iстейтiн отандық кәсiпорындарды
кредиттеу көлемiн ұлғайту, өңдеушi өнеркәсiптi және өндiрiстiк
инфрақұрылымды одан әрi дамыту мақсатында Даму банкiнiң жарғылық капиталы
ұлғайтылды, ал экономикаға кредит беру құнын төмендету мақсатында оған
бюджет ресурстары берiледi.
      Шағын бизнестегi инновациялық және ғылымды қажет ететiн өндiрiстердi,
оның iшінде лизинг бойынша жабдықтар мен технологиялар сатып алу және
франчайзингтiк қатынастарды кеңiнен тарату есебiнен дамыту үшiн жағдайлар
жасалады.
      4.1 Минералдық шикiзат кешенi
      Мұнай-газ өнеркәсiбi мен тау-кен өндіру кешенi өнеркәсiптiң неғұрлым
iрi және серпiндi дамып келе жатқан салалары болып табылады.
      Мұнай-газ саласында мұнай өндiру өсiмi тұрақты қамтамасыз етiлуде.
Теңiз-Новороссийск экспорттық мұнай құбыры (КТК) және Кеңқияқ-Атыраудың
мұнай құбырының бiрiншi кезегi пайдалануға берілдi. Каспий теңізінің
қазақстандық секторында көмiрсутегi шикiзатының едәуiр қоры бар мұнай-газ
кен орындары ашылды.
      Газ саласын дамытудың 2015 жылға дейінгi даму тұжырымдамасы және
Елдің минералдық-шикізат кешенiнiң ресурстық базасын дамытудың 2003-2010
жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
      Алайда, соңғы жылдары республиканың минералдық-шикiзат кешенi жай-
күйiнің серпiнінде пайдаланылатын қорлардың таусылу үрдiсi байқалды әрi
үдеп келедi.
      Пайдалы қазбалардың көптеген түрлерiнiң қорын пайдалану деңгейi
олардың өсiмiнен асып түседi, тау-кен кешенiнің көптеген кәсiпорындары
сапалы кен жетiспеушiлiгін сезiнуде.
      Өндiрiс көлемiнің төмендеуi немесе оның тоқтатылуы шағын қалалар мен
кенттердің әлеуметтiк-экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соғады.
Өздiгiнен құйылатын мұнай және гидрогеологиялық ұңғымалар экономикаға үлкен
зиян шектiредi.
      Мақсаттары
      Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының барланған қорларын
толықтыруды және олардың тиiмдi пайдаланылуын арттыруды, минералдық-шикiзат
саласының табыстылығын арттыруды, мұнай мен газды тасымалдаудың
магистралдық құбырын дамыту және жаңғыртуды қамтамасыз ететiн минералдық-
шикiзат ресурстарын мемлекеттiк басқару жүйесiн жетілдiру.
      Шешу жолдары
      Геологияда және жер қойнауын пайдалануда. Алдағы кезеңде ресурстық
базаның озық дамуын қамтамасыз ететiн жер қойнауын мемлекеттік геологиялық
зерделеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу кеңейтiлетiн болады.
Пайдалы қазбалардың толық шығарылуын және жер қойнауының қорғалуын,
қорлардың пайдалануға дайындалуын, жер қойнауын пайдаланушылар
міндеттемелерiнің орындалуын, жаңа технологиялардың енгiзілуiн бақылау
күшейтiлетiн болады. Елдің  минералдық-шикiзат кешенiнің ресурстық базасын
дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасуда.
Мұнай және өздiгiнен құйылатын гидрогеологиялық ұңғымаларды уақытша
тұмшалау және жою жөнінде шаралар әзiрленетiн болады.
      Тау-кен өндiру кешендерi қала құраушы болып табылатын шағын қалаларды
дамыту үшін минералдық шикiзаттың дәстүрлi емес және баламалы түрлерiн
iздеу жөніндегі шаралар әзiрленедi.
      Лицензиялық-келiсiм-шарт ережелерiн орындау мониторингiнiң бiрыңғай
ақпараттық жүйесiн құру негiзiнде жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесiн
жетiлдiру жалғасады.
      Мұнай-газ саласында. Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру
мемлекеттік бағдарламасының бiрiншi сатысын iске асыру басталады, оның
негiзгi мақсаттары көмiрсутектердің барланған қорларының өсуiн қамтамасыз
ету және өңдеу көлемін тұрақты жоғары деңгейге жеткiзу, көмiрсутектердi
тасымалдаудың мультимодальдiк жүйесiн дамыту, теңiз флоты мен теңiз
порттарын дамыту, жекеменшiктегі ғылыми-технологиялық базаны қалыптастыру,
қазақстандық мамандарды даярлау және оқыту, теңiздегі мұнай операцияларын
басқару тиімдiлiгiн арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың
зардаптарын жоюға дайындықты қамтамасыз ету, мұнай-химия өндiрiстерiн
дамыту, өндірiлетін газды кешендi кәдеге жарату, Қазақстан Республикасының
заңнаманы жетілдіру болып табылады.
      Қарашығанақ, Теңiз және басқа да кен орындарын игеру негiзінде
көмiрсутек шикiзатын өңдеу көлемi артатын болады.
      Каспий қайраңының құрылымдарында мұнай мен газға барлау жұмыстары
жүргiзiлетiн болады.
      Баку-Тбилиси-Жейхан, Қазақстан-Түрiкменстан-Иран және басқа
бағыттарды қарауды қоса алғанда, көмiрсутектi шикiзатты тасымалдау
перспективалы бағыттарын зерделеу жөнiндегi жұмыстар жалғасады.
      2004 жылы Атасу-Аланшанкөл бағыты бойынша мұнай құбырын салудың
орындылығы қаралатын болады. Газ саласын дамыту бағдарламасын iске асыру
басталады.
      Жамбыл облысының газ кеніші орындарының Амангелдi тобын игеру
жалғасады.
      Арал теңiзi ауданындағы мұнай мен газ бойынша геологиялық барлау
жұмыстарын жандандыру алда тұр.
      2006 жылдың соңына дейiн Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырртуды
аяқтау жоспарланып отыр.
      Тау-кен өндіру кешенi. 2003-2006 жылдары металлургия, химия және атом
өнеркәсiбiнің шикiзат базасын озық дамыту қамтамасыз етiлетін болады.
      Мыс және қорғасын-мырыш салаларында кен өндiретiн жаңа кәсiпорындарды
iске қосу және жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту жөнiндегi жұмыстар
жалғасады.
      Жұмыс iстеп тұрған кен орындары мен кенiштердi ұтымды әзiрлеу, сондай-
ақ кенi таусылған уран кен орындарын бiр мезгілде тоқтатып әрi жойып,
республика аумағындағы радиациялық жағдайды зерделеп, радиоактивтi
қалдықтарды өңдеу жөніндегі мамандандырылған комбинатты салу үшiн жобалау-
сметалық құжаттаманы дайындай отырып, жаңа жоғары технологиялы өнiмдермен
әлемдік рынокқа шығып, атом өнеркәсiбi кәсiпорындарындағы қуаттарды арттыру
жүзеге асырылады.
      4.2 Электр энергетикасы мен көмiр өнеркәсiбi
      Электр энергетикасында тұтынушыларды энергиямен тұрақты жабдықтау
қамтамасыз eтілдi. Ресей Федерациясы мен Орталық Азияның энергетикалық
жүйелерiмен жүйелi байланыстар қалпына келтiрілдi.
      Көмiр өнеркәсiбiнде көмiр өндiретiн кәсiпорындарды жекешелендiру мен
карьер және шахта қорын оңтайландыру жөнiндегi жұмыстар аяқталды.
      Генерациялаушы және электр желiлiк активтердiң табиғи тозуының
дағдарысты күйге жету деңгейi; Қазақстанның оңтүстiгi мен батысындағы
генерациялаушы қуаттардың тапшылығы; жалпы iшкi өнiмнiң энергияны
қажетсiнудегi жоғары үлесi саланың проблемалық мәселелерi болып табылады.
      Мақсаттары
      Елдің энергетикалық тәуелсiздiгiне қол жеткiзу, экономиканың және
халықтың электр энергиясы мен көмiрге деген өспелі мұқтажын сенімдi
қамтамасыз ету, электр энергиясының көтерме рыногын дамыту және электр
энергиясын өндiрудi әртараптандыру, электр энергетикасының транзиттiк
әлеуетiн пайдалану үшiн жағдайлар жасау.
      Шешу жолдары
      Электр энергетикасы жүйесiн одан әрi реформалау және дамыту, өңiрлiк
бөлiнiстегi тарифтiк саясатты жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасады.
      Елдің біртұтас электр энергетикалық жүйесiн дамыту жөнiндегi шаралар
және Энергия сақтау бағдарламасы әзiрленетiн болады.
      Iлеспе газбен жұмыс iстейтiн газ-турбина электр станцияларының,
"Солтүстiк-Оңтүстік" транзитiнің екiншi электр тарту желiсiнiң құрылысы
жалғастырылады.
      Ресей Федерациясының электр желiлерi арқылы электр энергиясын
алмастыру мен транзиттеу схемасы жүзеге асырылатын болады.
      Жұмыс iстеп тұрған шахталарды техникалық қайта жарақтандыру және
Екібастұз көмiр кенішін орнын тиімдi өңдеудiң кешендi жоспары, Қарағанды
көмiр бассейнiндегi рентабельдi емес шахталарды жою есебiнен көмiр өндiру
өсiмiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Энергияның: атом, жел және басқа да балама көздерiн, оның iшiнде
құрылу үстiндегi Қазақстанның Тоқамақ термоядролық реакторын тарта отырып,
пайдалану жөнiндегi iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн
болады.
      4.3 Өңдеушi өнеркәсiп
      2000-2002 жылдары елдің өңдеу өнеркәсiбi өнiмi өндiрiсiнің тұрақты
өсуіне қол жеткiзілдi.
      Отандық машина жасау кәсіпорындарының импорт алмастыру бойынша
жүргiзiлетiн жұмыстар шеңберiнде, iрi мұнай-газ, оның iшiнде Каспий
теңiзiнiң Қазақстандық секторын игеру жөнiндегi жобаларға қатысуы iрi
ұлттық және шетелдiк компаниялардың отандық тауар өндiрушілер өнiмін сатып
алу көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.
      Сонымен бiр уақытта, өңдеушi өнеркәсiпте металлургия саласы және
тамақ өнеркәсiбінiң кейбiр өнiмдерi ғана iшкi рыноктағы осыған ұқсас
шетелдік өнiмдермен бәсекеге түсе алады.
      Кәсiпорындардың жалпы техникалық артта қалуы, төмен өнімділік,
кәсiпорындар менеджментi дамуының қазiргi заман мiндеттерiне сай келмеуi;
инвесторлардың қосылған құны жоғары өнiмдер шығаруға мүдде білдiрмеуi;
мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы
жүйесінің болмауы; минералдық шикiзатты өндiру бойынша шығып қалған
қуаттардың орнын толтыру және жаңаларын дамыту жөніндегi геологиялық-барлау
жұмыстарын жеткiлiксiз жүргiзу; iшкi рыноктың тарлығы сала проблемалары
болып табылады.
      Мақсаттары
      ЖIӨ-дегi өңдеушi өнеркәсiптің үлесiн ұлғайту, сондай-ақ тауарларды
экспорттау құрылымында өңдеушi өнеркәсіп кәсіпорындары өнiмiнің үлесін
ұлғайту, бұл ретте саланың орташа жылдық өсу қарқыны 8-8,4% мөлшерiнде
қамтамасыз етiлетiн болады.
      Шешу жолдары
      Экономиканың басым салаларын айқындау жөнiнде жүргiзiлген зерттеудiң
нәтижелерiн ескере отырып, 2004-2005 жылдары өңдеушi өнеркәсiп салаларын
дамытудың бiрқатар бағдарламалары әзiрленетiн болады.
      Өнеркәсiптің техникалық-технологиялық деңгейiн көтеруге бағытталатын
инвестициялар ағынын арттыру үшін жағдайлар жасалады. ылымды көп қажет
ететiн жаңа және жоғары технологиялық өндiрiстердi құру көзделедi,
экспортқа бағдарланған жаңа өнiм түрлерiн шығаруды игеру басталады.
      Өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларын дамыту үшiн отын-энергетикалық
кешеннің және экономиканың басқа да базалық салаларының инвестициялық және
өндiрiстiк әлеуетi пайдаланылатын болады.
      Өнiм сапасының және сапаны басқарудың халықаралық стандарттарына көшу
процесi басталады.
      Салалық талдау жүргiзу, перспективалы өткiзу рыноктарын iздеу және
өнеркәсiп салаларын одан әрi дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн
Маркетингтiк-талдау зерттеулері орталығын құру көзделуде.
      Машина жасауда қосылған құны жоғары өнiмдер өндiрiсiн ұйымдастыруға
бағытталған шаралар жүзеге асырылатын болады. 2004 жылы мұнай-газ және ауыл
шаруашылығы бағыттарын басым дамытуды ескере отырып, машина жасау саласын
қолдау мен дамыту шараларын айқындайтын Қазақстан Республикасының машина
жасау кешенiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
әзiрленедi.
      Жеңiл, тамақ және ағаш өңдеу өнеркәсiбiнде тұтыну тауарларының
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, номенклатурасын және оларды өндiру
көлемдерін кеңейту негiзгi даму бағыттары болмақ. Орта және шағын бизнес
субъектiлерiнің қатысуымен бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi құру
жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
      Мұнай-химия саласында көмiрсутегi шикiзатын кешендi қайта өңдеуге
бағытталған мұнай-химия өндірістерін салудың инвестициялық жобаларын iске
асыру жөніндегі жұмыс жалғасады, бұл мұнай-химия кәсiпорындары үшiн шикiзат
ресурстарының отандық базасын жасауды қамтамасыз етедi.
      Тұтыну рыногына жұмыс iстейтiн химия өндiрiстерiн дамыту және
минералдық тыңайтқыштардың, тұрмыстық химия құралдарының, өсімдіктерді
қорғау химиялық құралдарының түр-түрiн кеңейту көзделіп отыр.
      Металлургияда қосылған құны жоғары тауарлар, оның iшінде сұрыптау
прокаты құбырларын, бастапқы алюминий және одан жасалатын бұйымдарды,
ферроқорытпалардың жаңа түр-түрiн, сапалы және легирленген болат, титан,
бериллий, тантал, уран және басқа да өнiмдер өндiрудi қамтамасыз ететiн
неғұрлым жоғары технологиялық бөліністi бәсекеге қабiлеттi кәсіпорындардың
жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңарту және жаңаларын салу жоспарлануда.
      4.4 Құрылыс
      Қала құрылысы саласында облыс орталықтарының және облыстық маңызы бар
қалалардың бас жоспарлары әзiрленуде. Үкімет Астана, Алматы, Атырау
қалаларының бас жоспарларын бекiттi.
      Құрылыс саласындағы нормативтiк-техникалық база жетілдiрiліп,
жаңартылады. Мемлекеттік тұрғын үй саясатын iске асыру үшiн нормативтiк
құқықтық база жасалады. Тұрғын үй рыногы iс жүзiнде қалыптасты. 2002 жылы
жалпы алаңы 1,55 млн. шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берiлдi. Құрылыс
материалдарының өндiрiсi кеңеюде.
      Әйтсе де, құрылыс сапасы тиiстi деңгейде болмай отыр, табысы төмен
және орташа азаматтардың тұрғын үйге қол жеткiзе алмау, импорттық құрылыс
материалдарымен бұйымдарының жоғары үлесi проблемалары бар.
      Мақсаттары
      Құрылыс саласын серпiндi дамыту үшiн жағдайлар жасау және халықтың
қалың қауымы, бiрiншi кезекте - әлеуметтік қорғалатын жіктерi үшiн тұрғын
үй құрылысы қарқынын арттыру.
      Шешу жолдары
      Тұрғын үй проблемаларын неғұрлым белсендi шешу үшiн олардың
құрылысының құнын азайтумен және табыс деңгейi төмен азаматтар үшiн тұрғын
үйге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етумен бiрге оны кешендi түрде пайдалануға
беру көлемдерiн арттыру қажет. Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы
әзiрленетiн болады.
      Тұрғын үй құрылысын одан әрi дамыту мақсатында ипотекалық кредит беру
мен құрылыс жинақ ақшалары жүйелерi жетілдiрiледi.
      Тұрғын үйдің де, өнеркәсiп құрылысының қажеттілiктерiн сапалы,
үнемдi, экологиялық таза, құрылыс өнімдерінің қазiргi заманғы түрлерiмен
және материалдармен қамтамасыз ету үшiн құрылыс индустриясы кәсiпорындарын
қайта жаңартуды жалғастыруға жағдайлар жасау қажет.
      Халықаралық стандарттардың талаптарымен бiрiздi жаңа стандарттарға
көшу үшiн құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрастырмалардың жаңа
түрлерi бойынша нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрленедi. Құрылыста
iрiленген сметалық нормалар әзiрлеу басталды.
      Сейсмологиялық төзiмдi құрылыс саласындағы ғылыми зерттеулердi
кеңейту көзделедi, соның негiзінде сейсмологиялық қауіптi аумақтардың
өңiрлiк ерекшелiктерi ескерiле отырып, мемлекеттiк нормативтер
жетiлдiрiледi.
      Азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында құрылыс өнімінің
сапасына талап қатайтылады, сондай-ақ объектілердi жобалау мен салу сапасын
бақылау күшейтiледi.
      Тұрғын үйдi сақтандыру жүйесi одан әрi дамитын болады.
      4.5 Шағын және орта бизнес
      Үкімет шағын кәсіпкерлiктi тұрақты әрi серпiндi дамыту үшiн қолайлы
жағдайлар жасады, бұл экономиканың одан әрi өсудің едәуiр резервi бар
маңызды факторы ретiнде отандық шағын бизнестiң қалыптасуына ықпал еттi.
      Алайда лицензиялау, мүлiктi тiркеу, өнiмдердiң (жұмыстардың,
қызметтер көрсетудің) сапасын бақылау т.б. мәселелерде мемлекет тарапынан
шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң қызметiн реттеудің жоғары деңгейi шағын
кәсiпкерлiктi дамытуға керi әсерін тигiзуде.
      Мақсаты
      әсiресе, жаңа технологиялық өндiрiстерге, жаңа жұмыс орындарын құруға
бағдарланған шағын кәсiпкерлiктi дамыту есебiнен "орташа тапты"
қалыптастыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдiру.
      Шешу жолдары
      2003 жылы Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлiктi дамыту мен
қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасы бекiтіледi, ол шағын бизнестi
мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерiн жетілдiру жөнiндегі белсенді
жұмысты одан әрi жүргізудi көздейдi. Салық салу, шағын бизнестi қаржылай
қолдау жүйесiн одан әрi жетілдiруге, шағын бизнестің жария экономика
шеңберiнде дамуын ынталандыруға, кәсiпкерлiк кадрларын даярлау мен қайта
даярлауға бағытталған шаралар жүйесi әзiрленедi.
      Тоқтап қалған кәсiпорындарды шағын және орта бизнес субъектiлерiне
беру мақсатында оларды сегменттеу және қайта құрылымдау жөнiндегi жұмыс
жалғасады.
      Рұқсат беру рәсімдерi жүйесiн реформалау есебiнен кәсiпкерлiк
қызметтi мемлекеттiк реттеудi оңтайландыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
      2003 жылы лицензиялау және тiркеу жүйесiн реформалау шеңберiнде
лицензиялауға жататын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнің тізбесi
оңтайландырылады, лицензиялау мен тіркеу мәселелерiнде орталық және
жергілiктi атқарушы органдардың рәсiмдерi мен өкілеттiктерi нақтыланатын
болады.
      Кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнің рөлі жандандырылады және
оларды топтастыру мен нығайту үшiн жағдайлар жасалады.
      Өңiрлерде практикада өзiн жақсы көрсеткен шағын бизнестi дамытудың
үлгi схемаларының таралымын көбейтудi және кеңiнен қолдануды бастау қажет.
      4.6 Ғылыми-технологиялық және инновациялық саясат
      Қазiргi уақытта ғылыми-техникалық прогресс экономикасы дамыған
елдерде экономикалық өсудің 90%-дан астамын қамтамасыз ететiн әлеуметтiк-
экономикалық дамудың басты факторы болып табылады.
      Қазақстан бұл үшiн әлеуеттi мүмкiндiктерге ие. Республикада қазiргi
уақытта үш жүзге жуық ғылыми ұйымдар бар, машина жасауда, биотехнологияда,
атом энергетикасында, ауыл шаруашылығы өнімдерiн қайта өңдеу мен сақтау,
ауыл шаруашылығы өсiмдіктерiнің, жануарлар мен микроорганизмдердiң тектiк
қорын сақтау мен дамыту, фитопрепараттар өндiру жөніндегі радиоэлектроника
мен байланыста және басқаларында мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар
жасалып, iске асырылуда.
      Алайда, қазiргі уақытта республикада ғылымға арналған шығыстар ЖIӨ-ге
шаққанда 0,13%-ды құрайды, бұл өте жеткiлiксiз болып табылады.
      Мақсаттары
     Ғылым мен техника жетiстiктерін пайдалану негiзінде ел экономикасын
дамыту үшiн қажеттi жағдайлар мен қолайлы орта жасау, теңдес инновациялық-
өндiрiстiк инфрақұрылымды қалыптастыру және елдің жалпы ұлттық өнімiнде
шикiзатты құрайтын бөлігiн жоғары технологиялық экспорттық өнімге кезең-
кезеңімен алмастыру.
      Шешу жолдары
      Ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты iске асыру мыналарды
көздейдi:
      отандық ғылым мен технологияларды дамытудың басым бағыттарының
мониторингi;
      ғылыми зерттеулерге арналған бюджеттiк қаржыландыруды ұлғайту;
      ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi мемлекеттiк
қолдау жөніндегi нормативтік құқықтық базаны жетілдiру;
      ғылымды қажет ететiн, ресурс үнемдейтiн және экологиялық таза
технологияларды әзiрлеуге бағытталған зерттеулердi дамыту;
      ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру;
      ғылыми-зерттеу ұйымдарының материалдық базасын нығайту;
      тәуелсiз ғылыми сараптама нәтижелерi бойынша грант негiзде ғылыми-
техникалық әзiрлемелердi қаржыландыру тетіктерiн әзiрлеу және жетілдіру;
      отандық және шетелдiк қаржы институттарымен бiрлесiп, венчурлік
қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландыру тетiктерiн
әзiрлеу және iске асыру;
      ғылыми және инновациялық инфрақұрылымның қазiргi заманғы
элементтерiнің (технопарктердің, технополистердің технологиялық
инкубаторлардың, ғылыми-технологиялық аймақтардың және c.c.) қызметiн құру
және қолдау;
      зияткерлiк меншiктi бағалау жүйесiн қалыптастыру;
      ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша кадр әлеуетін
дамыту, жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау;
      жоғары технологиялы және инновациялық өндiрiстер үшiн инженерлік-
техникалық кадрларды даярлау мен инженерлік-техникалық және басқарушы
қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
      ғылым мен шағын ғылыми-техникалық және инновациялық кәсiпорындардың
мемлекеттік емес секторын дамыту үшiн қолайлы экономикалық орта жасау;
      шетелдiк озық технологияларды тарту жүйесiн құру;
      жас талантты ғалымдарды қолдау.
      5. Аграрлық саясат
      Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң елдiң ЖIӨ көлемiндегi
үлесi 8,0% деңгейінде тұрақтандырылды. Жыл сайын 1999 жылдан бастап, ауыл
шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің көлемi орташа есеппен 4,2%-ға
артуда.
      2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк
бағдарламасы бекітілді.
      Жерде шаруашылық жүргізудiң мемлекеттік емес нысандарына 97% ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жер бекiтiлдi, сол арқылы жер рыногын дамыту үшiн
алғышарттар жасалды.
      Жер қатынастарын одан әрi жетілдіру мақсатында Қазақстан
Республикасының Жер кодексi қабылданды.
      Соған қарамастан, ауыл экономикасының инФрақұрылымы кешеуілдеп дамуы
артта қалуда. Ауыл шаруашылығы өндiрiсінің нашар материалдық-техникалық
базасы, қазiргi заманғы агросервистiк құрылымдардың, ұсақ тауарды өндіріс
жағдайында өсірілген өнімді сатып алу, тасымалдау, сақтау мен қайта өңдеу
жүйесiнiң iс жүзiнде болмауы атап өтiледі.
      Мұның бәрi ауылдағы өндiрiс көлемiнің ұлғаюын және шығындарды
азайтуды тежейтін басты факторлар болып табылады. Агротехнологиялардың
төмен деңгейi топырақ құнарлылығының төмендеуіне әкеп соғады.
      Мақсаттары
      Агроөнеркәсiп кешенiнің тиiмдi жүйесiн қалыптастыру, ауыл шаруашылығы
өнімiн және оның қайта өңделген өнiмдерiн сату көлемiн ұлғайту, ауыл
шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету негiзiнде
елдің азық-түлiк қауіпсiздiгін қамтамасыз ету, жер және су қатынастарын
жетілдiру.
      Шешу жолдары
      2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлік
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру.
      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік институтын енгiзу
үшiн жағдайлар жасалады, жер рыногын қалыптастыру жүргізіледi, жердi ұтымды
пайдалану жөніндегi бағдарлама әзiрленедi және жердi бағалау әрi түгендеу
жөнінде жұмыс жүргiзіледі.
      Ауыл шаруашылығында суды пайдаланудың ұтымды жүйесiн қалыптасады,
ауыл шаруашылығында су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн құру және ауыл
шаруашылығы алқаптарының мелиоративтiк жай-күйiн бағалау мақсатында
Қазақстан Республикасының Су кодексi қабылданды.
      Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнің мүлiктiк мүдделерiн қолайсыз
ауа райы жағдайларынан қорғау мақсатында "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi
сақтандыру туралы" Заң қабылданады.
      Егiс алаңдарының құрылымын оңтайландыру жолымен агротехнологиялар
тиiмділігiн арттыру, ғылыми негiзделген егiс айналымын және жаңа
прогрессивтiк технологияларды енгiзу; су үнемдейтiн технологияларды енгiзу;
тұқым шаруашылығы базасын жаңартуды ынталандыру және минералдық
тыңайтқыштарды, улағыштар мен гербицидтердi өндiру және пайдалану; ауыл
шаруашылығы өндiрiсiнің машина-трактор паркiн жаңарту; лизингтiк
бағдарламаларды кеңейту және машина-технологиялық станциялар жүйесiн құру
жөнінде шаралар қабылданады.
      Ауыл шаруашылығы алқаптарының зиянкестер мен ауруларға шалдығуының
мониторингi жалғастырылады, өсiмдіктер карантинiнiң тиімдi шекаралық және
ішкі қызметi қалыптастырылады.
      Мал шаруашылығында өнеркәсiптiк негiзде мал шаруашылығы өнiмдерiнiң
мамандандырылған орта және iрi тауарлық өндiрiсiн қалыптастыру, селекциялық-
тұқымдық жұмысты үдете жүргiзу негiзiнде мал мен құстың тұқымдық әлеуетiн
жақсарту, ұлттық ветеринария жүйесiнің сапалы жаңа сатысына көшу үшiн
жағдайлар жасалатын болады.
      2003 жылы iшкi тауар рыногында импорт алмастыруға, лизингтiк негiзде
қайта өңдеу кәсiпорындарының технологиялық жабдықтарын жаңартуға және
жаңғыртуға, ауыл шаруашылығы өнімдерiнiң мейлінше қайта өңдеу өнiмдерiн
өндiру жөніндегi жаңа технологияларды енгiзуге, өнiмдер сапасы
стандарттарын халықаралық талаптармен үйлестiруге бағытталған ауыл
шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегi шаралар әзiрленетiн болады.
      Алдағы жылдары өндiру мен қайта өңдеудiң тiкелей кiрiктiрiлген
жүйелерi, мал сою және дайындау пункттерінiң, көтерме базарлар және
биржалық сауданың негiзiнде, оның iшiнде қайта өңдеу кәсiпорындарының, жеке
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердің мемлекеттiк ақпарат-маркетинг
жүйесіне қол жетімдiлiгiн қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерiн және
тамақ өнiмдерiн сатуға электрондық сауданы енгiзу арқылы ауыл шаруашылығы
өнiмдерiн көтерме сатып алу жүйесi дамытылады.
      2003-2006 жылдары ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi, жеңілдiктi
маусымдық кредит беру және кепiл құралдарын (астық қолхаттарын) қолдануды
кеңейту мен аграрлық азық-түлiк секторының қаржылық тәуекелдерiн азайту
негiзiнде, сақтандыру жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өндірiсiне кредит
берудің көп арналы жүйесiн қалыптастыру жөніндегi шаралар жалғастырылатын
болады.
      6. Инфрақұрылымдық саясат
      Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенi тұрақты жұмыс
істеумен және негiзгi көрсеткіштердің өсуiмен сипатталады. Тұтас алғанда,
азаматтық авиация, темiр жол көлiгі, автомобиль жолдары, сауда мақсатында
теңiзде жүзу саласындағы қызметтi peттеу жөнiндегi заңнамалық базаны
қалыптастыру аяқталды. Салаларды дамытудың орта мерзiмдi кезеңге арналған
бағдарламалары әзiрленіп, қабылданды.
      Республикалық бюджеттің қаржылық қаражатының, оның ішінде автомобиль
жолдарын дамытуға халықаралық қаржы институттарынан тартылатын заемдар
көлемi жыл сайын ұлғаюда, жаңа прогрессивтiк pecуpc үнемдейтін
технологиялар енгiзiлуде.
      Тәуелсiз операторлардың инфрақұрылымына енуге жол ашқан темiр жол
көлiгiн қайта құрылымдау процесi басталды.
      Электрондық Үкімет негiздерi қалыптастырылуда, оның веб-порталы және
ведомствоаралық ақпараттық жүйелер құрылуда.
      Телекоммуникациялар саласын ырықтандыруды бастаудың және почта
байланысын дамытудың тұжырымдамалық бағыттары әзiрлендi.
      Сонымен бiрге, жылжымалы құрамның, кемелер мен жабдықтардың едәуiр
тозуы, инфрақұрылымның дамымауы, бiлiктi кадрлардың жетiспеушілiгi кешеннің
тиімді дамуын тежейтiн елеулi кедергi болып табылады.
      Мақсаттары
      Сыртқы рыноктарға шығуды қамтамасыз ететін транзиттiк дәлiздердi
дамыту және коммуникациялардың ұтымды желiсiн қалыптастыру, жұмыс iстеп
тұрған темiр және автомобиль жолдарының, су жолдарының, порттардың,
әуежайлардың, аэронавигациялық кешендердің техникалық жай-күйiн жақсарту,
көлiктің барлық түрлерiнің жылжымалы құрамының отандық өндiрiстiк және
жөндеу базасын дамыту, почта байланысын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн
құру, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
      Шешу жолдары
      Автомобиль жолдары саласында Қазақстан Республикасының автомобиль
жолы саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасын iске асыру жалғастырылады.
      Халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ететiн, халықаралық көлiк
желiсіне ықпалдасуға жәрдемдесетiн бағыттар басым дамытылады, республиканың
автомобиль жолдары желiсiн жаңғырту және дамыту, сервис объектілерiн
ұйымдастыру жөніндегi жұмыс жалғастырылады.
      2003 жылы Алматы-Астана автомобиль жолын оңалтуды, Астана-Бурабай
автомобиль жолын қайта жаңғыртуды аяқтау, Сырдария өзенi арқылы өтетiн
көпiр өткелiн салу жоспарланып отыр, Батыс Қазақстанның жолдарын және
Алматы-Бішкек, Қызылорда-Жезқазған, үшарал-Достық автомобиль жолдарын
қалпына келтiру жөнiндегi iрi жобаларды iске асыру басталды, Бейнеу-Ақжігiт-
Өзбекстан шекарасы автожолын қайта жаңарту және Риддер-Ресей Федерациясының
шекарасы жолын салу жалғастырылады.
      Бейнеу-Ақжігiт-Өзбекстан шекарасы учаскесiн қоса алғанда, Алматы-
Астана-Петропавл, Ақтау-Атырау халықаралық дәлiздерiн, Омбы-Майқапшағай,
Самара-Шымкент, Астана-Қостанай-Челябинск дәлiздерiнің неғұрлым бүлiнген
учаскелерін қалпына келтiру, авариялық көпiрлер мен жол өткелдерiн жөндеудi
жүргiзу көзделуде.
      2006 жылдан бастап автомобиль жолдарын күрделi, орташа, ағымдағы
жөндеудi қаржыландыру көлемiн бекітілген нормативтерге сәйкес деңгейге
дейін жеткiзу жоспарлануда.
      Алдағы кезеңде саланың iрi жобаларын белгiленген мерзiмдерде iске
асыруды қамтамасыз ету үшiн инженерлiк-консультациялық ұйымдарды тартуды
практикаға енгiзу көзделiп отыр.
      Барлық халықаралық дәлiздердiң автомобиль жолдарын басқарудың желiлiк-
магистральдық қағидатына көшу күтiлуде, бұл қызмет көрсетудi және
қаражаттың мақсатты пайдаланылуын неғұрлым тиімдi бақылауды қамтамасыз
етуге мүмкіндiк бередi.
      Қазақстанның климат жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарын
салу мен ұстаудың халықаралық стандарттарына көшу жөнiндегi жұмысты жүргiзу
жоспарлануда.
      Автомобиль көлiгi саласында жоспарланған кезеңде Қазақстан
Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы қолданыстағы және отандық
тасымалдаушы үшiн мүдделi халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларға қосылуы
жөнiндегi рәсiмдердi аяқтау көзделген.
      Автокөлiк құралдарына, қозғалыс қауіпсiздігіне, автомобиль көлігі
қызметкерлердiң еңбегi мен қоршаған ортаны қорғауға қойылатын техникалық
талаптар саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi
жұмыстар жалғастырылады.
      Темiр жол көлiгi саласында Темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау
бағдарламасының екiншi кезеңiн iске асыру көзделуде.
      2003-2006 жылдары жұмыс iстеп тұрған темiр жол көлiгiнің
инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту және мемлекеттiң транзиттiк дәлiздерiн
одан әрi дамыту жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады. 2003 жылы Алматы-Астана
желiсi бойынша жолаушылар поездарының жүрдек қозғалысы ұйымдастырылатын
болады. 2004 жылы негiзiнен Хромтау-Алтынсарин жаңа темiр жол желiсiн салу
аяқталады және поездардың жұмыс қозғалысы ашылатын болады.
      2003-2006 жылдары Екiбастұз-Павлодар темiр жол учаскесiн
электрлендiру көзделіп отыр, қазiргi заманғы жол техникасын қолдана отырып
Астана-Алматы, Ақтоғай-Саяқ-Мойынты, Бейнеу-Маңғышлақ учаскелерiнiң қазiргi
инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
      2004-2006 жылдары жылжымалы құрамды қалпына келтiру мен жаңарту,
зауытта жөндеудiң отандық базасын, жылжымалы құрамды кейiннен қалпына
келтіру мен жаңарту үшін локомотив пен вагон жасау және импорт алмастыратын
өндiрiстердiң отандық базасын құру жөнiндегі шаралар жүзеге асырылатын
болады.
      Тасымалдаудың қазiргі заманғы технологиясына көшу мақсатында темір
жолдарды қайта техникалық жарақтандыру, басқарудың үдемелi ақпараттық
жүйелерін енгізу, pecуpc өңдейтін жаңа технологияларды дамыту
жалғастырылады. Автоматтандырылған ақпараттық желiлердi одан әрі дамыту
және оларды халықаралық ақпараттық көлік желiсiне кiрiктiру көзделедi.
      Азаматтық авиация саласында Азаматтық авиацияны дамытудың 2003-2005
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғастырылады, оның шеңберiнде
Қазақстан Республикасы әуе кодексінiң жобасы әзiрленетiн болады.
      Авиатасымалдаушыларға көтеріңкі талаптар қойылады, авиация
қауiпсiздiгi мен ұшулардың қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау қатайтылады,
саланың нормативтiк базасын жетiлдiру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      2004-2005 жылдары халықаралық әуежайларды халықаралық инфрақұрылым
стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегi жұмыс жалғастырылады, Астана қаласы
халықаралық әуежайының құрылысын аяқтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелері
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Қазақстан Республикасында тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүліктер рыногының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының бақылау және реттеу агенттігінің сипаттамасы
Инвестициялық саясаттың модельдері
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Пәндер