Қызмет көрсету нарығы



КІРІСПЕ
1 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Қызмет көрсету нарығының ерекшеліктері, оны қалыптастыру жағдайлары
1.2 Туристік қызмет көрсету нарығының рыноктық экономикадағы рөлі
2 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2.1 Алматы облысындағы туристік қызмет көрсету орындарының қазіргі жағдайы

2.2 ҚР туристік қызмет көрсету нарығын құқықтық.мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту
2.3 Туристік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және саланы ғылыми.әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША
Тақырыптың өзектілігі. Қызмет көрсету нарығының өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі экономикалық базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің нәтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан-жақты қанағаттандырудың алғы шарты. Қызмет нарығының бағдары табиғат және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы тұлғаға, оның түйсігіне, қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер етуінен байқалады. Қызметтер нарығы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының қалыптасуына әсер етеді.
Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер нарығының әлеуметттік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді. Сөйтіп, қызметтер нарығы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді.
Өндірістік емес үй шаруашылығын жүргізуге уақыт шығынын қысқарта отырып, адамдарды тартымсыз және қиын жұмыстарды орындаудан босата отырып, қызмет нарығы адамдардың рухани және физикалық дамуы үшін олардың бос уақыт шеңберін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.
Бос уақыт әсерін бір жағынан, экономикалық өсу факторы ретінде, екінші жағынан – бос және жұмыс уақытының өзара тығыз байланысы ретінде көрінетін уақытты үнемдеу заңының жұмыс жасау механизмінің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Саяси экономикалық аспектіде бұл өзара байланыс жұмыс уақытының азаюы бос уақыттың көбеюіне негіз жасайтындығынан ғана көрінбейді. Бос уақыт көбейген сайын біріншіден, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылатуға жақсы жағдай туғызады, екіншіден, олардың біліктілігі жоғарылағаны есебінен еңбек ауысуының экономикалық заңының толық жүзеге асуы үшін жағдай жасалады және соның негізінде барлық қоғамдық уақыттың бүкіл құрамдас бөліктерінің тиімді пайдалануы жүргізіледі.
Сонымен қатар, қызмет нарығының кейінгі дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі адамдарға бос уақытты мәдени түрде, белсенді және жоғары тиімділікпен пайдалануды үйрету болып табылады.
Қазіргі заман адамының өмірі, қалай дегенмен де, қызмет көрсетумен байланысты. Себебі, қызмет көрсету саудасына коммуналдық игілік те, байланыс та, банктік бизнес те, көтерме және бөлшек сауда да, көлік тасымалы да, сондай-ақ сақтандыру, заңды, медициналық, білім беру қызметтері және т.б. жатады. Қызмет көрсету сапасына мемлекет табысы да, фирма пайдасы да, қолайлылық, тұтынушылардың қауіпсіздігі де, әл-ауқаты да байланысты болады.
1. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2010, 29 қаңтар.
2. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан -2030» // Егемен Қазақстан, 1997, 11 қазан.
3. «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚазҰУ-де оқыған дәрісі // Қазақ Ұлттық Университетінің ресми сайты: www.kaznu.kz.
4. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ ҚР Заңы (2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // Егемен Қазақстан, 2009, 30 мамыр.
5. Лицензиялау туралы ҚР-ның 2007ж. 11 қаңтардағы №214 Заңы // Егемен Қазақстан, 2007, 26 қаңтар.
6. ҚР Үкіметінің 2007ж. 11 маусымдағы №481 қаулысымен бекітілген туроператорлық турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесі // Ресми газет, 2007, 9 тамыз.
7. Туризм және спорт министрiнiң мiндетiн атқарушының 2008 жылғы 4 қазандағы №01-08/181 бұйрығымен бекiтiлген Туристiк қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру ережесi // Заң газетi газетi, 2008, 27 қараша.
8. Шеденов Ө.Қ., Ілиясов Д.Қ., Исагулова Г.Д. Қызмет көрсету аясындағы маркетингтің даму ерекшеліктері. Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті», 2007. – 220 б.
9. Дүйсебаева К.Д. География сферы обслуживания: Учебное пособие. – Алматы: «Қазақ университеті», 2007. – С.66.
10. Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. –Алматы: Заң әдебиеті, 2007. – 320б.
11. Чудновский А.Д. Управление индустрией туризма: Учебное пособие. – М.: КНОРУС, 2006. – С.90.
12. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері: Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті», 2004. – 172б.
13. Смыкова М.Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг. Алматы: Юридическая литература, – 2007. – С.220.
14. Чудновский А.Д., Жукова М.А. Менеджмент туризма: Учеб-метод. пособие. – М.: Финансы и статистика, 2007. – С.224.
15. ҚР Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №231 Жарлығымен бекітілген ҚР-да туризмді дамытудың 2007-2011ж. арналған Мемлекеттік Бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2007, 1 қаңтар.
16. Алматы облысында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы // Талдықорған, 2007, 12 қаңтар.
17. Мастер-план развития кластер «Туризм» в Алматинской области // Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты: www.tkoblakimat.kz
18. Маханбет Н.Р. Қызмет көрсету саласының әлеуметтік–экономикалық маңыздылығы // Саясат – Policy. – 2008 - №2. - 61-65б.
19. Есен Т., Тайтик Н. Қазақстанда туризмді дамытудың алғышарттары. / Роль современной молодежи в развитии социума. Материалы международной научно-практической конференции магистрантов и студентов/. – Қарағанды, Болашақ – Баспа, 2007. – 131-133б.
20. Алматы облысында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс–шаралар жоспары // Талдықорған, 2007, 19 қаңтар
21. Қалықұлов Қ.М. Туризм дамуының нормативтік-құқықтық және әдістемелік негіздері // ҚазЭУ хабаршысы. – 2008. - №4. - 53-55б.
22. Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің туризмді дамыту бөлімінің мәліметтері.
23. ҚР Статистика агенттігінің ресми сайты: www.stat.kz.
24. ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми сайты: www.mts.gov.kz.
25. Маханбет Н.Р. Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік-экономикалық фактор ретінде // Саясат – Policy. – 2008 - №1. - 30-32б.
26. Қуаныштаева А.Е. Туристік қызметтер нарығын мемлекеттік реттеудегі ерекшеліктер // ҚазЭУ хабаршысы. – 2008 - №6. - 194-198б.
27. «Дайджест туристских имиджевых мероприятий Алматинской области» сборник. – Талдыкорган, 2009.
28. Муқсинова Б. Қызмет көрсету саласының қазіргі таңдағы жағдайы. /Роль современной молодежи в развитии социума. Материалы международной научно-практической конференции магистрантов и студентов/. –Қарағанды, Болашақ– Баспа, 2007.
29. Исабеков Б.Н. Қазақстанда туризм саласын дамытуды жетілдірудің экономикалық тетіктері // ҚазЭУ хабаршысы. – 2009 - №4(70). - 190-195б.
30. Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің туризмді дамыту бөлімінің туризмді дамыту мәселелері бойынша әдістемелік құралы. – Талдықорған, 2010.
31. Туристский путеводитель по Алматинской области «Жетысу – край туризма». – Алматы, 2010. – С.68
32. Каталог по экологическим и культурно–познавательным объектам Алматинской области. – Талдыкорган, 2009.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6

1.1 Қызмет көрсету нарығының ерекшеліктері, оны қалыптастыру 6
жағдайлары
1.2 Туристік қызмет көрсету нарығының рыноктық экономикадағы рөлі 16
2 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЛАРЫ 28
2.1 Алматы облысындағы туристік қызмет көрсету орындарының қазіргі 28
жағдайы
2.2 ҚР туристік қызмет көрсету нарығын құқықтық-мемлекеттік реттеу және40
қолдау жүйесін дамыту
2.3 Туристік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін 50
арттыру және саланы ғылыми-әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету
59
ҚОРЫТЫНДЫ
63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қызмет көрсету нарығының өсу қарқыны мен қызмет
көрсетудің тиімділігі экономикалық базистің кеңеюіне септігін тигізіп,
қоғамдық өндірістің нәтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның
барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және
жан-жақты қанағаттандырудың алғы шарты. Қызмет нарығының бағдары табиғат
және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы тұлғаға, оның
түйсігіне, қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер
етуінен байқалады. Қызметтер нарығы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының
қалыптасуына әсер етеді.
Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер
нарығының әлеуметттік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін
білдіреді. Сөйтіп, қызметтер нарығы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық
шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді.
Өндірістік емес үй шаруашылығын жүргізуге уақыт шығынын қысқарта
отырып, адамдарды тартымсыз және қиын жұмыстарды орындаудан босата отырып,
қызмет нарығы адамдардың рухани және физикалық дамуы үшін олардың бос уақыт
шеңберін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.
Бос уақыт әсерін бір жағынан, экономикалық өсу факторы ретінде, екінші
жағынан – бос және жұмыс уақытының өзара тығыз байланысы ретінде көрінетін
уақытты үнемдеу заңының жұмыс жасау механизмінің көрінісі ретінде
қарастыруға болады. Саяси экономикалық аспектіде бұл өзара байланыс жұмыс
уақытының азаюы бос уақыттың көбеюіне негіз жасайтындығынан ғана
көрінбейді. Бос уақыт көбейген сайын біріншіден, жұмысшылардың біліктілігін
жоғарылатуға жақсы жағдай туғызады, екіншіден, олардың біліктілігі
жоғарылағаны есебінен еңбек ауысуының экономикалық заңының толық жүзеге
асуы үшін жағдай жасалады және соның негізінде барлық қоғамдық уақыттың
бүкіл құрамдас бөліктерінің тиімді пайдалануы жүргізіледі.
Сонымен қатар, қызмет нарығының кейінгі дамуының әлеуметтік-
экономикалық аспектісі адамдарға бос уақытты мәдени түрде, белсенді және
жоғары тиімділікпен пайдалануды үйрету болып табылады.
Қазіргі заман адамының өмірі, қалай дегенмен де, қызмет көрсетумен
байланысты. Себебі, қызмет көрсету саудасына коммуналдық игілік те,
байланыс та, банктік бизнес те, көтерме және бөлшек сауда да, көлік
тасымалы да, сондай-ақ сақтандыру, заңды, медициналық, білім беру
қызметтері және т.б. жатады. Қызмет көрсету сапасына мемлекет табысы да,
фирма пайдасы да, қолайлылық, тұтынушылардың қауіпсіздігі де, әл-ауқаты да
байланысты болады.
Мұндағы байланыс тура, әрі айқын: өмірді жеңілдетуге арналған сапалы
қызметтер назар аудартады, оларды қолдануға ықыласын тудырады.
Бос уақытты пайдалану тиімділігі қызметтер нарығы салаларының жұмысын
жақсарту есебінен жоғарылайды және де ол күрделі формаларымен қанығып,
басқа қызметтер түрлерімен үйлеседі. Егер байланыс, тұрмыстық қызмет,
жолаушылар көлігі секілді қызмет түрлері адамдардың бос уақытының ұлғаюына
септігін тигізсе, онда туристік қызмет секілді түрлері оны тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұзақ мерзімді және белсенді демалыс
жаұядағы міндеттердің тиімді бөлінуіне, сонымен бірге, некелік-жанұя
қатынастарын нығайтуға жанама түрде әсер етеді. Адамдарды өздерінің бос
уақытын мәдениетті, белсенді және мүмкіндігінше тиімдірек пайдалануға
үйрету, қызметтер аясы дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі.
Сол себептен де, қызмет көрсету саласының қазіргі жағдайын қарастыру
кезінде, біз, халық шаруашылығының жеке салалық сегменттеріндегі, соның
ішінде туристік қызметтер нарығының жағдайы мен болашағына назар аудару
қажет деп ойлаймыз.
Туристік қызметтер нарығы қоғамның экономикалық және әлеуметтік
ұйымдастырылуында маңызды орын алады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызмет көрсету нарығын
қалыптастыру мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз
болып қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға,
экономиканың барлық саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын
назарға ала отырып, Елбасымыз Қазақстанның ұзақ мерзімді даму
бағдарламасында туризмді басымды сала деп анықтады.
Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және
шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр.
Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, көмірсутегінің қаржысына ғана суйенумен
алысқа бара алмасымыз мәлім.
Ел табысының негізгі бөлігін шикізаттық емес саладан табуды мақсат
еткен Қазақ елінің алдында алынбаған талай асу бар. Қазақстан ендігі он
жылдықта өндіру саясатын түбегейлі өңдеуші бағытқа бұрғалы отыр. Бұл ретте
туризмнің алар орны ерекше.
Сол себепті, бүгінгі таңда туризм – әлемдік экономиканың ең құлдырауға
барынша кетпейтін саласы. Дүниежүзілік туризм ұйымдарының деректері бойынша
ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық
инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс
орнын қамтамасыз етеді екен. Дүниежүзінде туризм тез қарқынмен дамуда және
жуық арада қызмет көрсету саласында 1-ші орынға шығады. Туризмге салынған
капиталдар басқа салаға қарағанда қайтарымдылығы аз уақытты қажет етеді.
Дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттерде туризм әлемдік ірі сауда аймағы –
мұнайды қуып жететіні белгілі. Ең бастысы табысы таусылмайтын ресурстар
береді. Жалпы, қызмет көрсету саласындағы туризмді дамытуға қолайлы
жағдайлар туғызу жалпы елдегі экономикаға оң әсерін тигізеді.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы: диплом жұмысы экономикалық факультет
студенттері үшін негізгі, әрі қосымша материал ретінде пайдаланыла алады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты – Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын
қамтамасыз ететін маңызды фактор ретіндегі қызмет көрсету нарығын теориялық
және әдістемелік тұрғыдан зерделеу. Қойылған мақсат келесі мәселелерді
шешуге келіп тірелетін дипломдық жұмыстың міндетін анықтады:
- қызмет көрсету нарығының теориялық түсінігі мен болмысын қарастыру;
- Қазақстандағы қызмет көрсету нарығының дамуына, оның маңызды
салаларының бірі ретінде туристік қызмет көрсету нарығына талдау жасау;
- туристік қызмет көрсету саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік
бағдарламаларды қарастыру;
- қызмет көрсету нарығындағы және туристік қызмет көрсету
орындарындағы мәселелерді анықтау және олардың шешу жолдарын әзірлеу.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде монографиялар, заңдар, мемлекеттік
бағдарламалар, оқу құралдары, мерзімдік баспасөз басылымдары,
әкімдіктердің, кәсіпорындардың тоқсандық, жылдық қаржылық есептері
пайдаланылды.
Зерттеу пәні – Қазақстандағы қызмет көрсету нарығы.
Зерттеу объектісі – Алматы облысындағы туристік қызмет көрсету
орындары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен (2 тарау мен
5 тараушадан тұратын), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлім Қазақстанның қызмет көрсету нарығының, оның негізгі
салаларының бірі – туризмнің жалпы сипаттамасына арналған. Екінші бөлімде
Алматы облысындағы туристік қызмет көрсету орындарының қазіргі кездегі даму
деңгейі қамтылған

1 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қызмет көрсету нарығының ерекшеліктері, оны қалыптастыру жағдайлары

Әлемдік нарықтық экономикада тауар, капитал, жұмыс күші нарығымен
қатар қызмет көрсету нарығы да әрекет етеді. Қызмет көрсету нарығы негізгі
мақсаты халықтың қызметтерге деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып
табылатын күрделі жүйені құрайды. Қызмет көрсету нарығы әлемдік
шаруашылықтың ауқымды бөлігін алады. Сондықтан қызмет көрсету саласы
экономиканың жылдам қарқынмен дамып келе жатқан болашағы зор салалардың
бірі. Алдыңғы қатарлы, дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне көңіл аударсақ,
өндіріс күрделеніп нарық тауарлармен толыққан сайын қызметтерге деген
сұраныс артуда [28].
Қызмет көрсету нарығы экономиканың барлық салалары жұмысшыларының
сапалық сипатына әсер етеді, олардың күш-жігерін мамандандырылған
функцияларға шоғырландыруға және еңбек ресурстарын өндірістік емес
салаларда қолдану үшін босатуға мүмкіндік береді, яғни тек өзінің негізгі
функцияларын орындап қана қоймай, сондай-ақ материалдық өндіріске де өз
әсерін тигізеді. Ол өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының өндірісін
дамытуға көмектесе отырып, материалды игіліктердің негізгі тұтынушыларының
бірі болып табылады, ал материалдық өндіріс өндірістік емес сала жасайтын
көптеген қызметтерге сұранысты тудырады. Өндірістік емес сфера материалдық
өндірісте өз базасын таба отырып, өзінің салаларын дамытуды жеделдетуге
ынталы болып келеді. Екі саланың дамуының өзара байланысты үрдісінің жұмыс
жасауы халықтың материалды және рухани игіліктерді үзіліссіз тұтынуымен
негізделеді.
Қызмет көрсету нарығының және оның салаларының жұмысшылары материалды
игіліктердің тек тұтынушылары ғана болып табылмайды. Өз еңбегімен олар
халыққа қызмет ете отырып, материалды емес рухани құндылықтарды құрады.
Олардың ортақ мақсаты – адамдардың түрлі қажеттіліктерін максималды
қанағаттандыру және өмір сүру деңгейін жоғарылату болғанымен де, екі
сферада бұл мәселені түрліше шешеді. Қызмет сферасы әлеуметтік, сондай-ақ
экономикалық функцияларды да орындайды. Мысалы, білім беру адамдардың
рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмысшы күшін ұдайы өндіру
факторы болып келеді.
Қазіргі қоғамда қызметтер тұтынудың маңызды элементі және адамдардың
өмір сүру қалпын жетілдіру шарты болып табылады. Қызмет көрсету сферасының
салаларын дамыту қоғам мүшелерінің тіршілік іс-әрекетінің көптеген
критерийлерін өзгертуге әсер етеді және бұл өзгерістер қоғамдық өндіріс
құрылымындағы өзгерістерге, оның тиімділігін жоғарылатуға әсер етеді.
Ғылыми зерттеулерде жалпы қызметтер, біріншіден, орындалатын қызметтер
жиынтығы, екіншіден, тұтыным құнына ие еңбек өнімі ретінде анықталады. Бұл
дегеніміз қызметтер құндық көрсеткіштерге ие және барлық халықпен
тұтынылады. Жалпы қызметтің келесі ерекшелігін атап кетуге болады:
– сезілетін және сезілмейтін қасиетке ие (сезілмейтін – аудитордың
кеңесі, оқытушының дәрісі);
– қызметтің өндіру мен сату уақытының сәйкес келуі (мысалы, шаштараз);
– қызметтер тауарға қарағанда стандарттау мен бірыңғайлылықтың аз
деңгейіне ие;
– қызметті тұтынушы қызмет нәтижесінің анықсыздығына жоғарғы
тәуекелділік аумағында болады;
– қызметтерді сақтауға және тауарлар ретінде көрсетуге болмайды;
– қызметтер өндіру мен тұтынуда жеке;
– қызметтердің материалдық еместігі;
– қызметтер түрінің сан алуандығы;
– тұтынуда қызметтер соңғы болып табылады.
Көптеген мемлекеттік, коммерциялық емес қызметтердің сыртқы әсерлері
бар, соның арқасында оларды жеке игіліктер ретінде қарастыруға мүмкіндік
бермейді. Қоғамдық игіліктер ретінде қызметтер келесідей сипатталады:
- бөлінбеушілік, яғни оларды жеке тұлғаларға бере ала алмаушылығында;
- қызметтерді қолдану үрдісінен тұлғаны бөліп шығарудың мүмкін
еместігі;
- белгілі қызмет түрін тұтынуды нормалау күрделілігі [8, 5-9 б].
Сондай-ақ, қызметтер материалды және материалды емес болуы мүмкін.
Материалды қызмет көрсету кезінде қызмет еңбек затында
материализацияланады. Мысалы, материалды қызметтер – бұл машиналарды жөндеу
бойынша, аяқ киім тігу бойынша қызметтер және т.б. болып табылады. Еңбек
заты заттандырылған тұтыну құны болып табылады, ол қызметті өндіруші
тұлғаның (немесе ұжымның) ықпалына тиеді. Материалдық қызмет тауар сияқты
өзінің объектісіне жылжу жолында барлық сатыдан өтеді: өндіру– айырбас–
бөлу– тұтыну. Қызметтің объектісі қызметті өндірушімен байланысқа баратын,
яғни қызметті алатын адам болып табылады.
Материалдық қызмет жеке талғамдар мен сұраныстарға сәйкес материалды
тұтыну құндарын өндіруге және тұтынуға байланысты қалыптасатын белгілі
экономикалық қатынас. Оларды қоғамның барлық мүшелерінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру дайындығына дейін жеткізудің ұйымдастырушылық сипаты бар.
Материалдық қызметтердің өндірістік функциялары заттай формадағы жаңа
материалды игіліктерді құруда көрінеді (қоғамдық тамақтану
кәсіпорындарындағы тамақ жасау, киімді жеке тапсырыс бойынша тігу және
т.б.), түрлі энергия және өнімдер формасындағы материалды тұтыну құны
ретінде (жылу, газ, жасылдандыру және т.б.), бұрын құрылған материалды
игіліктерді ұдайы өндіру үрдісін жалғастыру түрінде (сұрыптау бойынша,
орау, тасымалдау бойынша операциялар), материалды игіліктердің тұтыну құнын
қайта қалыптастыруда көрінеді (тұрғын үй-шаруашылығын жөндеу, тұрмыс
техникасын жөндеу және т.б.). Қызмет көрсету аясында өндіруші еңбекпен
құрылатын тұтыну құндары (заттай түрінде) және оларды құны бойынша жалпы
ұлттық өнім және ұлттық табыс құрамына жатқызу осы маңызды халық шаруашылық
көрсеткіштерінің шамасы туралы толық және нақты көрініс береді.
Материалдық емес қызмет көрсету барысында оның өндірушісі қажеттілікті
қанағаттандыру үшін адамға іс-әрекет түрінде әсер етеді (мысалы,
дәрігердің, шаштараздың, оқытушының, инфрақұрылым рыногының жұмысшыларының
қызметі және т.б.). Егер материалдық қызмет көрсету кезінде еңбек үрдісінің
үш кезеңі болса: еңбектің өзі, еңбектің заты және еңбек құралдары, онда
таза (материалды емес) қызмет көрсетуде тек еңбек құралы мен еңбектің өзі
қатысады (еңбек заты бұл жерде адамның өзі болып отыр), яғни таза қызмет
көрсеткенде қызметтің заты мен объектісі бір тұлға – адам болып келеді.
Таза қызмет жылжудың тек үш сатысынан өтеді: өндіріс – айырбас (жартылай) –
тұтыну. Таза қызметтің орындайтын функциясы жоғары текті-рухани,
санаткерлік, мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады [8, 8-10
б].
Қызметтер тек материалды, сауда, тасымалдау және басқа да
қажеттілктерді ғана емес, сондай-ақ адамдардың мәдени-тұрмыстық сұраныстары
мен қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, олардың көп қырлы қоғамдық
пайдалылықтары болатынын айта кету қажет. Бірқатар қызмет кәсіби білікті
жұмысшы күшінің қалыптасуына әрекет етеді (мысалы, жоғары және басқа оқу
орындарының, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің қызметі және
т.б.). Қызметтер, адамды тұлға ретінде қалыптастыратын басқа да қоғамдық
функцияларды орындайды.
Қызмет өндірісі мен саланың дамуы, ең алдымен, жалпы ұлттық өнімнің,
жұмыс күшінің және сәйкес экономикалық қатынастың ұдайы өндіріске қатысуына
қарай қарастырылады. Осының салдарынан жұмыс күшін ұдайы өндіру үшін қажет
өмірлік игіліктерді қазір қызметтің белгілі бір бөлігіне жатқызбау мүмкін
болмай отыр.
Халыққа материалдық сипаттағы қызмет көрсету салаларының жоғары өсу
қарқыны көптеген маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудің
қажетті алғы шарты болып отыр. Халықты әлеуметтік-мәдени бағыттағы
игіліктермен қамтамсыз ету адамдар арасындағы өзара қатынасты жетілдіруге,
тұлғаның қалыптасуына, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы,
республиканың түрлі аймақтары арасындағы әлеуметтік-экономикалық және
мәдени-тұрмыстық айырмашылықтарды жоюға маңызды әсер етеді.
Қазіргі жағдайда қызмет нарығының салалары және оның жұмысшылары адам
дамуының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық функцияларын орындайды:
- материалдық өндіріс аясында және қызмет сферасында өндірілген
материалдық және рухани игіліктер тұтынушылардың жеке талғамдары мен
сұраныстарына сәйкес жеткізіледі және тұтынушылар арасындағы осы
игіліктердің болуын анықтайды;
- заттардың тұтыну құнын қайта құра отырып, халықтың тұтынуына
дайындайды, яғни қызмет аясының салалары тауар-заттардың өндірісін
толықтырады;
- өмірлік игіліктер тұтыну үрдісінің өзіне қызмет етеді (қоғамдық
тамақтану, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету);
- жұмысшы күшінің ұдайы өсуіне және қызмет ету дәрежесіне белсенді
әсер етеді;
- саналы демалу үшін, халықтың бос уақытын үнемдеу үшін жақсы жағдай
жасайды;
- үй шаруашылығындағы еңбектің қысқаруына және жеңілдеуіне әрекет
етеді, сондай-ақ халықтың тұрмысын жақсартады және қала мен ауыл
тұрғындарының өмірлік деңгейлерінің жақындасуына алып келеді.
Сонымен, қызмет көрсету нарығы – жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне,
тұтынушылардың материалдық және рухани қажеттілктерін қанағаттандыруға
бағытталған, еңбек өнімі материалдық және материалдық емес сипаттағы және
адам дамуындағы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы қызметтер болып келетін
экономикалық салаларының жиынтығы.
Қызмет көрсету нарығының еңбек өнімі ретіндегі қызмет қызметтің барлық
түрін қамтиды, яғни жеке, әлеуметтік және өндірістік мақсаттағы қызметтер.
Қызмет көрсету сферасы оның шектелу критерийіне сәйкес объективті түрде
келесі сфераларға бөлінеді: өндіріске, халыққа, қоғамға қызмет көрсету.
Халыққа қызмет көрсету сферасының салалары өндіріс функцияларын орындайды –
еңбек өнімдерін дайындап, оны тұтынушыға жеткізу және тұтынушылардың
материалды игіліктерге және қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында қызмет көрсету. Қызметтерді топтастыру белгілері сатып алу
себебі мен тәжірибесі, рыноктық сегменттеу, қызметтерді жабдықтаушының
мақсаттары, меншік сипаты, реттеулілігі және т.б. болуы мүмкін [8, 11-12
б].
Сондай-ақ, қызмет көрсету саласы өндірістік емес саланың белгілі бір
бөлімі бола отырып, мына салаларды қамтиды:
1) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық (тұрғын үй қызмет көрсетуі) –
барлық жағдайлары жасалған (электр, су, газ, жылу, телефон, қоқыстан
тазарту жүйесі) тұрғын үймен қамтамасыз ету;
2) халықты әлеуметтік қамтамасыз ету қызметтері – қарттар мен
мүгедектерге арналған үйлер, балалар үйі мен интернаттар, зейнетақымен
қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру;
3) бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру;
4) тұрмыстық қызмет көрсету – бұл кең сала. Мұнда ең алдымен, бір
мезгілде қызмет көрсету саласына да, материалдық өндіріске де жататын
өндірістік салалар ерекшеленеді (киім, аяқ киім, бас киімдерді жеке тігу
ательесі, жиһаздарды жасау және т.б., тұрмыстық техника, киім, аяқ киім,
пәтерлерді жөндеу және т.б. Екінші, бұдан да ауқымды топқа жеке гигиенамен
байланысты қызметтер (монша, киім жуу, химиялық тазалау, шаштараз,
косметика салондары және т.б.), үйді күту жұмыстары (еденді сүрту, үйді
жинастыру, терезелерді жуу және т.б.) және жеке көлік, жалға беру
пункттері, суретке түсіру пункттері және т.б. жатады, ерекше орынды
Жинақбанк қызметтері алады;
1) мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету – пошта, телеграф, телефон-
автоматтар, қалааралық сөйлесу пункттері, анықтамалық бюро, спорттық жүйе
(дене шынықтыру және спортпен жеке шұғылданудың базасы ретінде).
2) туристік-экскурсиялық қызмет көрсету;
3) халықтың кейбір ерекше топтарының өмірін жүйелі қамтамасыз ету
(балалар үйі мен қарттар үйінің тұрғындары, мүгедектер мен жазылмайтын
науқас адамдар және түзету мекемелеріндегі адамдар);
4) кәделік қызмет көрсету – мазар, колумбария күтімі және оны
ұйымдастыру, крематорийлер қызметі;
5) заң қызметтері (наториат, адвакатура, азаматтардың жеке құқықтарын
бұзушылық істері және басқа да азаматтық істер жөніндегі соттар;
6) мәдени-ағартушылық қызмет көрсету – әртүрлі тамаша шаралардың
әралуан жүйесі: театрлар, кинотеатрлар, концерттік және көрмелік залдар,
цирктер, мұражайлар, стадиондар мен бассейндер, клубтар мен мәдениет
үйлері, кітапханалар; сондай-ақ бұл салаға мыналарды да жатқызуға болады:
газет, журнал және кітап баспалары, радио мен телевидения, кітап саудасы;
7) білім беру – балалар балабақшасы, жалпы білім беретін мектептердің
жүйесі: кәсіптік-техникалық оқыту, орта арнайы, жоғары оқу мекемелері;
кадрларды қайта даярлау, кадрлардың біліктіліктерін көтеру;
8) медициналық қызмет көрсету (денсаулық сақтау) – амбулаториялар
емханалар, ауруханалар, өндіріс орындарындағы медпункттер мен ауылдық
жерлердегі фельдшер-акушерлік бөлімшелер, әртүрлі саладағы диспансерлер,
жедел жәрдем бекеттері, ана мен баланы қорғау жүйесі, әйелдерге кеңес беру,
санатория-курортттық желі мен профилакториялар, санитарлық қызмет,
санэпидстанция, дезинфекциялық бөлімшелер, санитарлық ағарту үйлері және
т.б.;
9) халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың мүліктерін
қорғау, жергілікті жерлердегі милиция және сот органдарының сәйкес
жұмыстары, өрттен қорғау қызметтері;
10) жолаушыларды тасымалдау көлігі – тек уақыт үнемдеу құралы емес,
сонымен бірге, халықтың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру (поштаны
жеткізу, медициналық қызмет көрсету, үйлердегі техникаларды,
автолавкаларды, автоклубтарды және т.б. жөндеу) [9, 10-12 б].
Көптеген қызметтер түрлерін бірнеше топтарға біріктіріп қарастыруға
болады. Мысалы, қызмет көрсету типтері бойынша өндірістік (құрылыс,
инжиниринг, лизинг, құрылғылар мен жабдықтарды жөндеу), үлестіруші (сауда,
көлік, байланыс), кәсіптік (банктер, сақтандыру, қаржылық, несие беру,
кеңес беру, жарнама), тұтынушылық (үй шаруашылығына қатысты қызметтер,
демалыс, уақыт өткізуге қажетті қызметтер), қоғамдық (теледидар, радио,
білім, мәдениет, денсаулық сақтау).
Қызмет көрсету саласында жинақталған әр алуан іс-әрекет түрлері сан
қилы қызмет түрлерін де ұсынады. Олардың топтастырылуы еңбек сипатына
сәйкес келеді. Соңғы тұтынушы тұрғысынан қызметтердің келесі түрлерін бөліп
көрсетуге болады:
– өндірістік мақсаттағы қызметтер (жүк көлігі, өндіріске қызмет
көрсету бойынша байланыс, материалды-техникалық жабдықтау және т.б.);
– жеке қызметтер:
а) материалды-тұрмыстық немесе тұтынушылық сипаттағы (жолаушыларды
тасымалдау, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық, тұрмыстық
қызмет көрсету) қызметтер;
б) тұлғаның, адамның қалыптасуымен байланысты әлеуметтік-мәдени
қызметтер (білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт,
театралды- ойын-сауық және мәдени-ағартушылық);
– әлеуметтік қызметтер (мемлекеттік басқару органдарына және қоғамдық
ұйымдарға, қоғамдық тәртіпті қорғау органдарына қызмет көрсету және т.б.)
[8, 12 б].
Қазіргі қоғамда халыққа көрсетілетін қызметтерге төлемдер бірнеше
көздерден алынады. Соның ішіндегі маңыздылығы жағынан негізгісі болып
табылатындары:
1) нарықтағы тауарға секілді қызметке тұтынушы өзі төлейді (ақылы
қызметтер өз табысынан);
2) қызметке Тұтыну қорына бөлінетін жалпы ұлттық өнімнің бір
бөлігінен мемлекет төлейді, бұл тегін қызмет.
Жартылай ақылы қызмет формасы кең таралған, мұнда мемлекет қызметтің
толық бағасының тек жартысын төлейді. Қоғамның барлық мүшелеріне жеңілдік
ретінде (біраз уақыт бұрынғыдай коммуналдық қызметтерге, қалалық тасымалдау
көліктеріне және т.б.) немесе халықтың белгілі бір топтарына – көп балалы
жанұя, зейнеткерлер, оқушыларға және т.б. жеңілдік беріледі.
Бұрынғы КСРО-ның әлеуметтік саладағы үлкен жетістігі – барлық
қызметтің тегін болуы. Ол кезде медициналық көмектің және білім берудің
барлық сатысы тегін жүргізілді (кейіннен кейбір беделді салалардың,
артықшылығы бар профилактикалық және емдеу мекемелерінің бөлінуінен біраз
бұзылған қағида). Мектепке дейінгі мекемелерді қамтамасыз етуге, жұмысшылар
мен олардың балаларына әртүрлі мәдениет мекемелерін қамтамасыз етуге
арналған ірі дотациялар қарастырылды. Бұлардың бәрі мемлекеттің әрі қарай
дамуы үшін маңызды болды, бірақ экономикасы үшін өте ауыр болды, өнеркәсіп
пен ауылшаруашылығына капиталдың көп бөлігін салудың төмен тиімділігімен
ЖҰӨ баяу өсті. Сол себептен, өмір сүру деңгейі, оның негізгі бір бөлігі
ретінде қызмет көрсету деңгейі де баяу өсті [9, 12-13 б].
Қазір елімізде көптеген шаралар нәтижесінде халықтың белгілі бір
топтарын тегін және жеңілдікпен қызмет көрсетіледі, яғни әлеуметтік әлсіз
топтарға көмектесу қолға алынды. Өзінің көптеген шектеулері мен талаптары
болса да, жұмыссыздарға жәрдемақы беру жүйесі, ақылы медициналық қызметтің
жоғарғы бағасына байланысты медициналық сақтандыру бағдарламасы да жүзеге
асырылады.
Сондай-ақ, барлық кездер мен барлық елдердегі тұрмысы төмен халыққа
қажет қызметтердің ақысын төлейтін қаржы қөзі – филантропия немесе
қайырымдылық және жеке жағдайы бар адамдар мен фирмалардың жеке және
жасырын жарналарын да (әдетте, олар осы үшін салық төлеу кезінде белгілі
бір жеңілдік немесе басқа да қоғамдық пікірде оң беделін қалыптастыру,
жарнама сияқты артықшылықтар алады) айта кеткен жөн. Мұнымен әртүрлі
қоғамдық ұйымдар көптеп айналысады. Мұндай салымдарды есептеу өте қиын,
бірақ оны қабылдамай қоюға болмайды. Ол, әсіресе, үлкен табиғи апат
кездерінде қажет және елеулі болады [9, 14 б].
Бүгінде еліміздегі көрсетілген қызметтерді қаржыландыру бюжет,
кәсіпорындардың және халықтың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қызмет көрсету нарығын көптеген қызмет түрлерін өндірумен айналысатын
кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер, ұйымдар және басқа қызмет түрлерінің
кешені ретінде анықтауға болады. Рыноктық экономикада оған рыноктық және
рыноктық емес секторлар кіреді, біріншісі қызмет рыногын құрайды, ал
екіншісі – халыққа мемлекеттік және бейкоммерциялық қызмет көрсету жүйесі.
Қызмет рыногының ерекше қырлары келесілер:
- рыноктық үрдістердің жоғарғы қозғалыстығы, бұл қызметтердегі сапа
тұрақсыздығы және олардың сақталмау қасиеттерімен байланысты;
- территориалды сегменттеу, бұл әдетте қызмет аясының өндірістік
қорларын қатаң территориалды бекітілуімен анықталады (жолдар, қойма
кешендері және т.б.);
- қызметтерді өндіру мен тұтынудың жергілікті сипаты, ол қызметтерді
өндіру мен тұтыну үрдістерінің кеңістікте және уақытта бөлінбеушілігімен
түсіндіріледі;
- капитал айналымының жоғары жылдамдығы, бұл қызмет көрсету аясына
салынған капитал құрылымындағы айналым капиталының жоғары рөлімен
анықталады;
- рыноктық конъюнктура өзгерістерінің жоғары сезімталдығы, бұны
қызметтердің негізгі екі қасиеттерімен түсіндіруге болады:
жинақталмайтындығымен (рыноктық конъюнктура ауытқуларын өтеу мүмкінсіздігі)
және утилитарлы сипатымен, яғни қызметтердің тауарлы материалды
құндылықтарды өндіруге тәуелділігімен;
- қызметтерді өндіруді ұйымдастыру ерекшелігі, бұл қызмет көрсету
аясындағы көптеген шағын және орта кәсіпорындар санының болуы;
- қызметтерді көрсету үрдісінің ерекшелігі, бұл қызметтерді
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланыстармен көрінеді;
-қызметтерді дифференциациялаудың жоғары дәрежесі, оларды өндіруді
жекешелендіру мен тұтынуды персонификациялаумен байланысты;
- қызметтерді көрсету бойынша іс-әрекет нәтижесінің анықсыздығы болып
табылады [8, 16 б].
Сонымен қатар, жаңа технологияларды меңгерудің динамикалық даму үрдісі
негізінде қызмет көрсету саласы ифрақұрылымының интенсивті дамуын
көрсетеді. Қызмет нарығында қызметтің жаңа түрлері пайда болады. Оларға
консалтингтік, инжинирингтік қызметтер, лизинг, факторинг, франчайзинг,
логистика және т.б. жатады [28, 156 б].
Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі
экономикалық базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің
нәтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық
мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан-жақты
қанағаттандырудың алғышарты. Қызмет аясының бағдары табиғат және оның
күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы тұлғаға, оның түйсігіне,
қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер етуінен
байқалады.
Қызметтер нарығы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының қалыптасуына
әсер етеді.
Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер
аясының әлеуметтік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді.
Сөйтіп, қызметтер аясы халықтың тұрмыс деңгейін көтеріп, халық
шарушылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді.
Дегенмен де, кері байланыстың маңыздылығын төмендетпейміз, яғни
экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндіріс, адам қажеттіліктерінің
жиынтығын, даму деңгейін, өндірілетін өнім мен қызметтердің көлемі мен
сапасы арқылы оларды қанағаттандыру дәрежесін, алатын табыстар көлемін
анықтайды.
Қызмет көрсету саласы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос
уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы
әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян.
Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен
энергияны талап ететін аясы болып қала бермек. Халық өзінің бос уақытын
өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық мекемелерді
аралауға, балаларды күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды. Қызметтер аясының тұрмыс
салтын қалыптастыру тұрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер
аясының өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға,
оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына әсер етуімен толықтырыла түседі.
Қызметтер аясындағы жұмыскердің өндірістік өмірлік қызметі, оның кәсіби
дайындық дәрежесімен, қоғамдық-саяси даму деңгейімен, біліктілікті үнемі
жоғарылату мен өндірісті жетілдіру секілділермен сипатталуы қажет. Жоғары
білікті мамандардың, қызметті тұтынушылардың жеке тілектерін ескере,
тапсырысты дұрыс қабылдау, еңбек пен қызмет көрсетуді ғылыми түрде
ұйымдастыру және т.с.с. әрекеттерді қамтитын жоғары мәдени деңгейлі қылықты
танытулары бүгінгі күн талабы. Мұнда, рынокты экономикамен қалыптасатын
тұрмыс салты, айқын байқалатын еңбек сипатына ие, яғни бұл қоғамның әрбір
еңбекке қабілетті мүшесі үшін міндетті тұрмыстың еңбекті кейпі деп тұжырым
жасай аламыз.
Мысалы, үй шаруасын жүргізудегі уақыт шығынын қысқарта, адамды
тартымсыз және еңбек сыйымды жұмысты орындаудан босата, қызметтер аясы
адамдардың бос уақытының шегін кеңейте отырып, олардың рухани және табиғи
дамуына септігін тигізеді. Әсіресе әйелдердің, үй жұмысынан қолы босауы
есебінен балаларға көп көңіл бөліп, тәрбиесі мен мәдени дамуында өз орнын
алуынан, бос уақытының ұлғаюының әлеуметтік маңызын көреміз. Сөйтіп,
қызметтер аясы уақыттың үнемделуі мен оның рационалды пайдалануына
атсалысады.
Бос уақыттың әсерін бір жағынан экономикалық өсу факторы ретінде
қарастыруға болса, екінші жағынан – бұл бос уақыт пен жұмыс уақытының тығыз
ара-қатынасында байқалатын уақытты үнемдеу заңының әрекет ету механизмінің
көрінуі. Саяси экономикалық аспектіде аталмыш ара-қатынас жұмыс уақытының
азаюы, бос уақыттың ұлғаюына негіз құрайтынында көрінеді. Бос уақыттың
ұлғаюы жұмыскер біліктілігін жоғарылатуға жағымды жағдайлар орнатса,
олардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы еңбек ауысуының экономикалық
заңының толық жүзеге асуының бірден бір себебі болады, ал оның негізінде
қоғамдық уақыттың барлық құрама бөліктерін тиімді пайдалануға әбден болады.
Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық талдау және әлеуметтік зерттеулер
көз жеткізіп отырғандай, бос уақыттың пассивтілігі көптеген субъективті
және объективті себептермен түсіндіріледі.
Бос уақытты пайдалану тиімділігі, қызметтер нарығы салаларының жұмысын
жақсарту есебінен жоғарылайды және де ол күрделі формаларымен қанығып,
басқа қызметтер түрлерімен үйлеседі. Егер байланыс, тұрмыстық қызмет,
жолаушылар көлігі секілді қызмет түрлері адамдардың бос уақытының ұлғаюына
септігін тигізсе, онда туристік қызмет секілді түрлері оны тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұзақ мерзімді және белсенді демалыс
жаұядағы міндеттердің тиімді бөлінуіне, сонымен бірге, некелік-жанұя
қатынастарын нығайтуға жанама түрде әсер етеді. Адамдарды өздерінің бос
уақытын мәдениетті, белсенді және мүмкіндігінше тиімдірек пайдалануға
үйрету, қызметтер аясы дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі. Қызмет
көрсету аясының көптеген салаларының, жинақтаудың маңызды көзі болып
табылатын, экономикалық рентабельділігін ескере кетуіміз қажет. Шын
мәнісінде, қондырма базисінің кез-келген маңызды элементі, қандай-да бір
өңірдің қоғамдық өмірінің барлық жақтары, тіке және кері байланыстар
механизмі арқылы қызметтер нарығымен белсенді әрекеттеседі [25, 30-32 б].
Біздің еліміздегі өсу қарқыны, жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы,
олардың нарық талаптарына икемделуі жөнінен қызмет көрсету саласы
өндірістік саладан озып кетті.
ХХ ғасырдың 70-80-шы жылдары отандық ақылы қызмет көрсету нарығында
бірқатар жағымсыз тенденциялар байқалды. Қызмет көлемі өскеніне қарамастан,
оларға деген халықтың қажеттілігі мен сұранысы орынды қанағаттандырылмады.
Сол кезде халықтың ақылы қызметтерге олардың ұсынысына қарағанда
қажеттіліктері және төлем қабілетті сұранысы жоғары қарқынмен өсіп отырды,
оның нәтижесінде қанағаттанбаған сұраныс пайда болды. Оның ақылы
қызметтерді көрсету бойынша жалпы өткізу көлеміне қатысты шамасы тұтынушы
тауарларға қарағанда жоғары болды. Бұл жағымсыз тенденциялар қызмет
нарығының дамуына жеткіліксіз көңіл бөлмеуін туғызды, оның материалды-
техникалық базасының әлсіздігін және ақылы қызмет көрсету аясын
қаржыландырудың қалдықты принципін туғызды.
Қызмет көрсету нарығының келесі даму перспективасы, ең бірінші шағын
және орта бизнестің, рыноктық инфрақұрылымның дамуымен, делдал және
коммерциялық қызмет көлемі мен ассортиментінің, сервистік қызмет жасаудың
кеңеюімен, импорттық тұтынушылық тауарлардың жеке саудагерлерінің көтерме
саудамен және берілген субъектілерге салық салу механизмін жетілдірумен
айналысатын ресми заңды тұлғаларға айналуымен байланысты. Рыноктық
қатынастарға өтумен байланысты шаруашылық етудің жаңа формаларының дамуы
оларды тіркеу, бухгалтерлік, құқықтық ақпараттық кеңес беру қызметтеріне
қажеттіліктің пайда болуына алып келді. Банк қызметтерін
коммерциализациялау банк қызметтерінің спектрін кеңейтуді талап етті,
олардың көлемі және клиенттер тобы көбейді. Соңғы жылдары мүлдем жаңа,
дәстүрлі емес қызмет түрлері пайда болды, негізінен әлеуметтік сипаттағы
қызметтер, мысалы үй жұмысшылары қызметі, танысу қызметі, жеткізу қызметі,
интернет, дүкендер және басқалар. Қоғамды ақпараттандыру байланыстың жаңа
құралдарының және қызметтерінің дамуына (факс, ұялы байланыс) ақпараттық
кеңестік және инженерингтік қызметтерге қажеттіліктің пайда болуына алып
келеді.
Қызмет көрсету нарығы салдарының көп бөлігі ақылы қызмет жүргізуге
негізделген рыноктық механизмінің әрекет ету жағдайларында тиімді дамыды
(ең алдымен өндірістік қызметтер). Ақылы қызмет рыногы тауарлы рынокпен
жиынтық ретінде қарастырылады және рыноктық қатынастарға тән заңдарға
тәуелді болады. Бірақ ақылы қызмет рыногы мен тауарлы рыногы арасында толық
теңдік жоқ. Олардың айырмашылығы ерекше текті тауар ретіндегі қызмет
спецификасымен, сондай-ақ ақылы қызмет рыногында қалыптасатын экономикалық
қатынастар спецификасымен де негізделген.
Қызмет көрсету нарығының қазіргі жағдайы ұсынылатын қызметтердің
ассортиментінің шоғырлануы мен дамуының территориалды біркелкісіздігімен
сипатталады. Ұсынылатын қызметтердің ең кең ассортименті және сапа деңгейі
өнеркәсіпті дамыған аймақтарда шоғырланған. Мысалы, кеңес беру
қызметтерінің шоғырлануы іскерлік қызмет тұтынушыларының ірі өнеркәсібі
дамыған орталықтарда шоғырлануымен анықталады. Жинақы рыноктағы қызметті
өндіру және өткізу үрдісі көбінесе біртекті емес. Ол аумақтағы халық
тығыздығына байланысты дифференциаланған. Халық тығыздығы жоғары аудандарда
өндіріс пен өткізу көбінесе тұрғындар көп шоғырланған ұйымдарда
ұйымдастырылады [8, 18-19 б].
Қазақстан үшін қызмет көрсету секторы нарықтық қатынас жағдайында
қиынға соғып отыр. Оған себеп ретінде Республикада өмір сүріп жатқан халық
ұсынылып отырған қызмет мүмкіндіктерін пайдалана алмайды. Сөйтіп, бұл
қызмет көрсету саласының даму қарқынын шектейді. Алайда, Қазақстанда
экономикалық қиындықтарға қарамастан қызмет көрсету саласының дамып келе
жатқаны сөзсіз. Егер 1991 жылы 900 жүз қызмет түрі көрсетілсе, қазір
ақпараттық технологияның дамуы арқасында жаңа қызмет түрлері пайда болды,
2009 жылы олардың саны 1500-ға жуық және жиынтық ішкі өнімнің 57 пайызын
құрайды [23].
Қызметтер нарығында қызмет көрсетудің тек саны ғана емес, оған қоса
сапасы да өсуі керек. Неғұрлым тұтынылатын қызметтің сапасы жақсарған
сайын, соғұрлым қызмет көрсетудің көлемі ұлғайып, кеңи бермек.
Ал, ол өз кезегінде жұмыссыздықты жойып және халықтың әлеуметтік-
экономикалық жағдайын жақсартып, салауатты өмір салтын қалыптастырады.

1.2. Туристік қызмет көрсету нарығының рыноктық экономикадағы рөлі

Қызмет көрсету саласының қазіргі жағдайын қарастыру кезінде, біз,
халық шаруашылығының жеке салалық сегменттеріндегі, соның ішінде туристік
қызмет көрсету нарығының жағдайы мен болашағына назар аудару қажет деп
ойлаймыз.
Туристік қызмет көрсету нарығы қоғамның экономикалық және әлеуметтік
ұйымдастырылуында маңызды орын алады.
Қазақстан экономикасы салаларының бірі ретінде туристік қызметтің
құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру негіздері ҚР Туристік
қызмет туралы Заңында анықталған. Осы Заңға сәйкес туристік қызмет көрсету
– туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты оның
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер
(орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм
нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және
сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер) болып табылады
және ол турагенттік және туроператорлық болып бөлінеді.
Туроператорлық қызмет - өзінің туристік өнімдерін қалыптастыру, дамыту
және туристік агенттер мен туристерге сатуға лицензиясы бар заңды
тұлғалардың қызметі.
Турагенттік қызмет – туроператормен қалыптастырылған туристік өнімді
дамыту мен сату бойынша осы қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды
тұлғалардың қызметі [4].
Олардың арасындағы айырмашылық – туроператорлардың туристік өнімді
дамыту мен сату қызметінен басқа, осы өнімді қалыптастыруда болып табылады.
Сонымен қатар, туристік қызметтер негізгі, қосымша және қосалқы
қызметтер болып бөлінеді:
Негізгі қызметтер туристік жолдамаларда келісіммен шектеледі.
Ондайларға жататындар: орналастыру, тамақтандыру, көлік қызметі, экскурсия
қызметі.
Қосымша қызметтер туризм ифрақұрылымы дамыған жағдайда жалпы кірістің
50 пайызын атқарады. Олар: негізгі қызметтерге кірмейтін сауықтыру қызметі,
медицина қызметі, ойын мекемелері және басқалар.
Қосалқы қызметтерге сувенир өнімдерімен қамтамасыз ету, туристік
символикамен, сауда, валюта-кредит, ақпарат және басқа да қызметтерді
жатқызамыз [12, 107 б].
Қазіргі уақытта туризм саласының маңызы мен рөлін өте жоғары деңгейде
бағалау мүмкін емес, ол елдер экономикасының дамуында, мемлекеттер
арасындағы қатынастарды реттеуде болады. Негізінен, туристік қызметтер,
соның ішінде қонақжай қызмет көрсету деңгейінде де, әлеуметтік-мәдени
қызметтер жатады. Олар қазіргі қызмет принциптері негізінде құрылады, бұл
олардың отандық туризмнің дамуында рөлін арттырады. Сонымен байланысты
туристік қонақ үй сервисіндегі кадрларды дайындау жүйесіндегі белгілі бір
мақсаттарды қояды. Орналастыру – бұл туризмнің ең негізгі элементі ретінде
болып табылады [19, 131б].
Қандай да бір саяхат болмасын ол туристерді орналастырудан басталады
және көп нәрсе осыған байланысты. Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішінде
ең бастысының бірі – түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ
үйлері, пансионаттар, жергілікті тұрғындардың үйлері, турбазалар,
мотельдер, кемпингтер, сүйреме үйлер, палаткалар және т.б.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылы туристерді орналастыру
объектілерінің саны 579-ға жеткен, яғни ол 2008 жылмен салыстырғанда 9,7%-
ға өскен, ал олармен қызмет көрсетілген келушілер саны 1554 мың адамды
құрап отыр.

Диаграмма 1

*Дерек көзі: ҚР статистика агентттігінің ресми сайты: www.stat.kz

Бұл орналастыру объектілерінің ішіндегі ең жақсы дамығаны – қонақ
үйлер. Оларды да көрсететін қызметтерінің деңгейіне қарай бірнеше санатқа
бөлінеді. Еліміздегі орналастыру объектілерінің басым бөлігін 3-жұлдыздылар
алады. Олардың саны 2009 жылы 86-ға жеткен, ол 2008 жылы 68, ал 2007 жылы –
63 болған. 2009 жылды 2008 жылмен салыстырар болсақ, 3 жұлдызды қонақ үйлер
26,5%-ға өскен.

Диаграмма 2

*Дерек көзі: ҚР статистика агентттігінің ресми сайты: www.stat.kz

Сонымен қатар, туристердің азық-түлік пен сусындарға сұранысын
қанағаттандырудың да үлкен маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ
үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық
тамақтандыру мекемелерінде ұйымдастырылады.
Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын рөлі өте күрделі.
Туристік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда және ауада жүретін болып
жіктеледі.
Көлік, түнеу және тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің ішінен,
қосалқы қызметті бөліп қарау керек. Ол өзінің мақсаты жағынан әртүрлі
сипаттағы туристік мекемелер мен ұйымдарды біріктіріп, жеті топты құрайды.
Бірінші топқа жататындар – ғимарат, құрылыстар, туристерге сол жердің
байлықтарын көріп, тамашалауға көмегін тигізеді, өйткені көбінесе
туристердің келу себебі осы байлықтарды көріп, танысу.
Қосалқы қызметтің екінші тобына жататыны – туристерлің спортпен
айналысуына мүмкіндік туғызу.
Үшінші топты құрайтыны – туристердің көңілін көтеруді ұйымдастыру.
Төртінші топқа жататындар – туристерге толық тұрмыстық қызмет
көрсететін тұрмыстық қызмет мекемелері.
Бесінші топқа кіретіндер – туристерге керек-жарақ пен сувенирлер
шығаратын мекемелер.
Алтыншы топ – бұл ақпараттар желісі немесе туристік саяхат жарнамасы,
туристерге толыққанды, жан-жақты түсінік беріп тұратын гидтердің қызметі.
Жетінші топты құрайтындар – туристік қозғалысты басқаратын ұйымдар.
Аймақтағы шаруашылық іс-әрекеттерді белсенді жүргізу үшін,
көрсетілетін қызмет түрлерінің осылайша бөлінуінің маңызы зор [12, 112 б].
Сонымен қатар, туристік қызмет аясы мамандандырылған және айқын
туристік сипатқа ие емес, екінші ретті кәсіпорындар (мысалы, жол
құрылысы, отын өнеркәсібі және т.с.с.), қызметтер аясы аралығындағы
байланыстылықты білдіріп, көп салалы ұйым ретінде көрінеді. Осыған
байланысты, кей экономистер туризм индустриясын, қызмет көрсету саласы
ресурстарының индустриясы, яғни қызмет көрсететін салалар жиынтығы ретінде
ұсынып, тұтынылған материалды және бейматериалды игіліктерді туристік
қызметтер ретінде қарастыруды алға тартады [18, 61 б].
Экономиканың саласы ретінде, туристік қызмет көрсету саласының өзіне
тән бірқатар айрықша ерекшеліктері бар, солар арқылы халық шаруашылығының
басқа да салаларынан бөлініп тұрады.
Туристік қызмет көрсету нарығының өзіне тән ерекшеліктері:
Біріншіден, оның терең дамуы (құбылыс ретінде қайда адам болса, сонда
туризм болады) және элементтерінің өзара байланысының күрделілігі. Туристік
мекемелердің көбісі шағын келеді. Ірі мекемелер халықтың ең көп шоғырланған
аймақтарында құрылады.
Туристік қызмет көрсетудің екінші ерекшелігі – мүдделі туристердің
сырттан тигізетін әсері.
Туристік қызмет көрсету нарығының ең маңызды үшінші ерекшелігі –
туристік өнімнің айрықшылығы, оның өндірілу көзімен бірге қалыптасуы.
Туристік қызмет көрстеудің төртінші ерекшелігіне туристік өнімнің
сыртқа тигізетін әсерін жатқызуға болады. Мұндағы көзделген мүдде –
туристердің қоршаған адамдармен қатынасы. Бос уақытында өткізген саяхат –
бұл басқа саяхатшылармен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, қатынас
жасау. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, келген қонақтың (туристің)
мәдени қатынасы оны қабылдаушыларға және басқа да туристерге үлкен әсерін
тигізеді. Туристік қызмет көрсету нарығы адам өмірінің әр түрлі саласына –
экономикаға, экологияға, саясатқа (олар өз кезегінде туризмге) әсерін
тигізеді. Туристік аймақ келген туристерден табыс табатындықтан жергілікті
бюджеттің деңгейін көтереді. Егер де түскен табыстан жер бедерін, көркін
сақтауға, қорғауға ақша бөлінсе, туризм аймақтың экологиясы үшін де
пайдалы. Бірақ та кейде туризм жергілікті тұрғындардың қарсылығын туғызуы
мүмкін, онда бұл аймақта туризмді дамыту қиын болады.
Туристік қызмет көрсету нарығының бесінші ерекшелігі – бұл туристік
сұраныстың айрықшылығы, негізгі үш себебіне қарай біркелкі емес. Бірінші
себебі – туристік өнімді не сезінуге, не сақтауға мүмкін еместігі болып
табылады. Туристік көрсетілетін қызметті келісім жасау барысында тауарлар
ретінде тану қиын, сондықтан туристік фирманың менеджерінің жұмысындағы
күрделілік – ол өздері көрсететін қызметтің сатып алушы үшін пайдалылығына
көз жеткізу. Екінші себебі – туристік қызметті пайдаланушылардың
әртүрлілігі. Әр түрлі дәрежедегі туристер сапар мақсатымен, туристік
қызметке қоятын талабымен, төлем бағасымен бір-бірінен айырмашылықта
болады. Туристердің әрбір түріне сәйкес туристік нарық түрі керек,
сондықтан да туристік қызметтің өндірушілері демалушылардың белгілі бір,
яғни табысты мол әкелетін түрлеріне бейімделуі жөн. Үшінші себебі –
қоғамдық факторлардың мәнінің жоғарылылығы – елдегі экономикалық жағдай,
экология, әлеуметтік факторлар және басқа да себептер.
Туристік қызмет көрсетудің алтыншы ерекшелігі – оның мезгілдік болуы
немесе туристік қызметтің мөлшерінің табиғи-климат жағдайына
байланыстылығы.
Туристік қызмет көрсетудің жетінші ерекшелігі – бұл туристік
қызметтердің кешенді түрде көрсетілуі [10, 14-17 б].
Жалпы туристік қызмет көрсетудің рөлі мен орнын мемлекеттің дамуы
кезінде жүйелендіруге болады. Туризмнің тиімділігін мелекеттің осы саланы
белсенді қолдауы кезінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси
аспектілермен қарастыруға болады.

Қызметтер түрлеріне туризмнің әсері

Экономикалық
2002 2003 2004
Барлығы 24413 61633 153527
Соның ішінде
Келу туризмі 2750 475 971
Сыртқа шығу 17980 51893 32285
туризмі
Ішкі туризм 3683 9265 120271

*Дерек көзі: Алматы облысы туризмді дамыту бөлімінің мәліметтері

Жалпы алғанда туристік сала көрсеткіштерін талдау туристік-сауықтыру
қызметі саласынан түскен кірістің көбею үрдісінің сақталғанын көрсетеді.
Талдау бойынша, облыстың аудандары мен қалаларындағы туристік
индустрияның дамуын тежейтін факторлардың бірі – осы саланың экономикалық
өсуін қамтамасыз ететін басымдықтардың бірі ретінде қалыптасуына
әкімдіктердің жеткілікті көңіл бөлмеуі.
2009 жылғы туристік-сауықтыру бойынша көрсетілген ақылы қызмет
көлеміне талдау жасай отырып, облыс бойынша туристік-сауықтыру қызметі
саласынан түсетін пайданың өсу үрдісі сақталғанын атап өту қажет.
Облыстағы туризмнің материалдық базасы бар және жергілікті атқарушы
органдар жағынан қолдау көрсетілетін аудандар мен қалалары тұрақты жұмыс
жасауда: Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Панфилов аудандары, Қапшағай
қаласы, Ақсу, Ұйғыр, Ескелді аудандарында,Текелі қаласында туризм дамуы
ілгері басуда.
Жамбыл, Талғар аудандарында – мәдени-танымдық; Еңбекшіқазақ, Қарасай,
Кербұлақ аудандарында, Текелі қаласында – экологиялық; Ақсу, Алакөл,
Панфилов аудандарында, Қапшағай қаласында – емдік-сауықтыру туризмнің даму
бағыттары анықталды [22].
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар ұғымына түсінік
Тауар мен қызмет көрсетудің мониторингі
Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс
Еңбек нарығы әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын фактор ретінде
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы
Инфрақұрылым мәні, оның мазмұны және функциялары
Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту
Еңбек нарығы қызметінің теориялық негіздері
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы 5
Пәндер