Бюджеттік жоспарлау мен болжау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың қағидаттары, әдістері Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың қағидаттары, әдістері мен бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Бюджеттік жоспарлауды ұйымдастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Үш жылдық бюджетті жоспарлау . бюджетті жоспарлау үдерісінің негізгі бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2. Бюджет кірістері мен шығыстарын жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.1 Бюджеттің кіріс базасының қалыптасуын жоспарлау және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2 Нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

3. Бюджеттік жоспарлаудың бағдарламалық . мақсаттық әдістерін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
мен бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Бюджеттік жоспарлауды ұйымдастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Үш жылдық бюджетті жоспарлау . бюджетті жоспарлау үдерісінің негізгі бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2. Бюджет кірістері мен шығыстарын жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.1 Бюджеттің кіріс базасының қалыптасуын жоспарлау және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2 Нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

3. Бюджеттік жоспарлаудың бағдарламалық . мақсаттық әдістерін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі., себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейінгі нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірбиелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау , оның негізгі тармағы – бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы – ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде 2008 жылы 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2009 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-катынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік үдеріске қатынасушылардың барлық іс-әрекетінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл біріңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырумен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау үрдісін талдап, оны жетілдіру жолдарын қарастыру.Аталған мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерді орындау шарт:
- бюджеттік жоспарлау мен болжаудың қағидаттарын, әдістері мен бағыттарын зерттеу;
- бюджеттік жоспарлауды ұйымдастырудың негіздерін қарастыру;
- бюджет кірістері мен шығыстарын жоспарлау үдерісін талдау;
- бюджеттің кіріс базасының қалыптасуын жоспарлау және оның ерекшеліктерін зерттеу;
- шығыстарды шектеу саясаты шеңберіндегі бюджеттік жоспарлаумен танысу;
- бюджеттік жоспарлаудың бағдарламалық - мақсаттық әдістерін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі ретінде бюджет үдерісі алынды.
1. Қазақстан Республикасының Президентінің Халыққа Жолдауы. Жаңа Қазақстан жаңа әлемде, 28 ақпан,2007 жыл
2. Жуйриков К.К. Бюджет: составление, утверждение, исполнение: Учебное пособие. – Алматы: ААЭСИ, 2003г.
3. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана.-Алматы:Каржы-каражат, 2002.-188с.
4. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003г
5. «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы , 2009ж
6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы
7. Б.С. Өтебаев., Мемлекеттік бюджет / Алматы 2006ж.,103 бет
8. Бюджетная система России: Учебник для вузов // Под ред. проф. Г.Б.Поляка. – М.: ЮНИТИ-Дана, 2000г
9. Министерство финансов Республики Казахстан - http://www.minfin.kz
10. Статистический бюллетень Министерства финансов Республики Казахстан http://www.mf.minfin.kz
11. «Финансы Республики Казахстан: статистический справочник» /Комитет по статистике и анализу/, Алматы 2009 г.
12. Қаржы. С.Құлпыбаев. Алматы 2009 ж., 325 бет.
13. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. 4 желтоқсан, 2009 жыл
14. Копе Ж.Ф., Вернер Ф. «Местные кооперативы во Франции: расходы и бюджетная практика». Финансы и кредит.2007, № 1.
15. www.minplan.kz
16. Павлова Л.Н. «Бюджетные потоки и проблемы бюджетного регулирования». Журнал: «Финансы и кредит», 2009г., № 1.
17. Жаңа Қазақстан жаңа әлемде// Қ.Р Президентінің халыққа жолдауынан. 28 ақпан 2007 жыл
18. Павлова Л.Н. «Бюджетные потоки и проблемы бюджетного регулирования». Журнал: «Финансы», 2006г., № 1.
19. Методические рекомендации по разработке операционных планов государственных органов Республики Казахстан, проведению мониторинга и составлению отчетности об их реализации
20. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 1175 Қаулысы
21. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы №1663 қаулысы
22. Стратегический план развития Министерства финансов Республики Казахстан на 2008 – 2010 годы
23. Закон РК «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» 9 февраля 2009 года
24. «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы//Егемен Қазақстан, 5 желтоқсан 2008 жыл
25. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. 4 желтоқсан 2008 жыл
26. Исахова П.Б. Бюджетирование ориентированное на результат – как способ повышения эффективности бюджетных расходов на социальную защиту населения //Транзитная экономика.- 2007.- № 4.- С. 37- 44

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың қағидаттары, әдістері мен
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1. Бюджеттік жоспарлауды ұйымдастырудың
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... 7
2. Үш жылдық бюджетті жоспарлау – бюджетті жоспарлау үдерісінің негізгі
бағыты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2. Бюджет кірістері мен шығыстарын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... .35
1. Бюджеттің кіріс базасының қалыптасуын жоспарлау және оның
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2. Нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

3. Бюджеттік жоспарлаудың бағдарламалық - мақсаттық әдістерін жетілдіру
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..52

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің
қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық,
несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені
белгілі., себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен
инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық
көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына
тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру
үшін қазіргі кезеңге дейінгі нарықтық экономика аумағындағы жинақталған
жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму
тәжірбиелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін
реформалау , оның негізгі тармағы – бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта
құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы – ол жаңа бюджеттік
заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде 2008 жылы 4 желтоқсанында
Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2009 жылы
қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі
күнгі қаржылық қарым-катынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын
көрсетеді. Кодексте бюджеттік үдеріске қатынасушылардың барлық іс-
әрекетінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып
дәлелденген. Бұл біріңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен
функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырумен оларды
жұмсау процестері толығымен анықталған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан
Республикасында бюджеттік жоспарлау үрдісін талдап, оны жетілдіру жолдарын
қарастыру.Аталған мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерді орындау шарт:
- бюджеттік жоспарлау мен болжаудың қағидаттарын, әдістері мен
бағыттарын зерттеу;
- бюджеттік жоспарлауды ұйымдастырудың негіздерін қарастыру;
- бюджет кірістері мен шығыстарын жоспарлау үдерісін талдау;
- бюджеттің кіріс базасының қалыптасуын жоспарлау және оның
ерекшеліктерін зерттеу;
- шығыстарды шектеу саясаты шеңберіндегі бюджеттік жоспарлаумен танысу;
- бюджеттік жоспарлаудың бағдарламалық - мақсаттық әдістерін жетілдіру
жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі ретінде бюджет үдерісі алынды.
Зерттеу пәніне әр деңігейдегі бюджеттердің жобасын дайындау барсыындағы
пайдаланылатын экономикалық қатынастар мен механизмдер жиынтығы жатады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі бюджетті болжау
саласындағы еңбек еткен шетел және отандық экономистердің, ғалымдардың
монографиялары, заңнамалық құжаттар болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы бюджеттік жоспарлаудың
сапасын бағалауға, бюджет қаражаттарын басқару жауапкершілігін нығайтуға
және шығындарды қаржыландырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалған.
Бірінші бөлім бюджеттік жоспарлау мен болжаудың қағидаттарын, әдістері
мен бағыттарын мазмұндайды. Орта мерзімді фискалдық саясат – бюджеттік
жоспарлаудың негізгі бағыты ретінде қарастырылған.
Екінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарын жоспарлау үдерісі
талданып, бюджеттің кіріс базасының қалыптасуын жоспарлау және оның
ерекшеліктері, шығыстарды шектеу саясаты шеңберіндегі бюджеттік
жоспарлаудың негізгі сипаттары берілген.
Үшінші бөлім бюджеттік жоспарлаудың бағдарламалық-мақсаттық әдістерін
жетілдіру жолдарын қарастырып, нарықты экономика жағдайында бюджеттік
шығыстарды басқарудан нәтижелерді басқару тәсіліне көшудің бағыттарын
айқындаған.

1. Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың қағидаттары, әдістері мен бағыттары

1.1 Бюджеттік жоспарлауды ұйымдастырудың негіздері

Бүгінгі күнгі мемлекеттік бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ымыраға (компромис) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу
арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске
асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және
әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін
басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік
жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру
мен оларды негізгі мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі
қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустриялды-
инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің
мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар-бюджетті құрғанда
көрінді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің
әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты
орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және
әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік
экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Бюджет - ол жалпы қаржы катигорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған
экономикалық катигория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен
ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір
ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды
және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай
қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің
қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы
мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша
қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық
қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық
мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4 - бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: Бюджет-ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры[1]. Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар,
материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі-жалпы
экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық әлеуметтік және саясаттық
функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажет. Бюджет қай
мемелекеттікі болмаса да мазмұндары біріңғай категориядан қалыптасады,
яғни салық, займдар, шығындар және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір
қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің
мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категрия деп
дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық
категорияға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материлды негізі бар
өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының
барлық негізгі, сапалы сипаттарына сай. Басқаша айтқанда, егерде қаржы
жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған
ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда бюджет өз алдына
ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және
пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды
(әлеуметтік,қорғаныс, және т.б) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми
мақалалар) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысылы,
ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының
негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік
бюджетке тағыда келесідей анықтама берілген: бюджет-ол қаржылық жоспар;
бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет-ол заңнамалық құжат; бюджет-ол
комуникация құралы; бюджет-ол бюджеттік салық саясатын дәлелдейтін құжат
делінген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған
мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттік
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері,
бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалытасады деп айтуға болады:
• Ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
• Ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
• Ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
• Ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
• Ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушыларды міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік
түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік
пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен фуекцияларынан
туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын
орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады[2].
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік
берілген-ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қрама-
қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сраптамалық ақпарат ретінде
пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет.
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет термині-мемлекет құрастыратын және
басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттік бюджет қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет
орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет
экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын
көрсетеді.
Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін
басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік
жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру
мен оларды негізгі мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі
қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустриялды-
инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің
мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар-бюджетті құрғанда
көрінді. Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық
жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты
орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және
әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік
экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Жалпы қаржылық жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны-бюджеттік
жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық
халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар
қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі
ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды
атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелерді тағайындау мен бюджеттік
қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа каржы
жоспарлар ішінде алынатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға
жалпымемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен
биліктік өкілеттілікті орталықсызданудың барлық бюджеттік процеске
қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру
байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың фомалары мен қаржыландыру
әдістерін ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың
мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістермен
шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы
тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты-ол төлемдердің әрбір түрі
бойынша салықтар мен басқада кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр
түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз
ету. Бюджеттік жоспарлауда мынадай қағиддаттарды ұстанған жөн.
      1) сабақтастық принципi - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған
орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы
жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;
      2) басымдық принципi - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған
әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
      3) негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және
бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн
айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң
негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.
Кірістермен шығындарды басқарудың мағынасы тиісті өкілетті органдардың
мемлекеттік бюджетке салықтармен түсімдердің түсуін болжамдау, талдау мен
бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырумен басшылық ету, бюджеттік
құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық
бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-
экономиклық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Келесі қаржы жылына арналған
бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттің болжамы жасалады. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу
тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті
бюджеттің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан
Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары,
Үкіметтің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық
саясаты, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Президенттің
Қазақстан халқына елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және
ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері,
республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау алдағы қаржы
жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып
табылады. [3].
Бюджеттік жоспарлау - әр түрлі статистикалық, экономика –
математикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану арқылы іске
асырылады. Негізінде бюджет – толық көлемдері бойынша барлық кірістермен
шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құралады. Бұл
әдіс бюджетпен қарастырылған кірістермен шығындардан басқа бір де біреуі
болуға тиісті еместігін көрсетеді.
Жоспарлауда бюджет құраудың бюджет - брутто және бюджет – нетто атты
әдістері де қолданылады. Егерде бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және
шығындық қаржы операциялары көрсетілсе, онда мұндай бюджетті бюджет –
брутто деп атйды. Ал егерде бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша
сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары
бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз
анықталса, онда мұндай бюджет бюджет – нетто деп аталады.
Мемлекеттік әлеуметтік – экномикалық мақсаттарын іске асырудағы
бюджеттің құрал ретіндегі рөлі өте маңызды болғандықтан, сол рөлді атқаруға
сәйкес арнайы бюджеттендіру әдістері негізіндегі орта мерзімді бюджеттік
жоспарлауды қолдану қажет.
Бағдарламалы – арнайы бюджеттелу әдіс маңында бағдарламалық даму
стратегия мен қолда бар бюджет ресурстары базасы және бюджеттік
бағдарламалар жоспарлау негізі арқылы бюджеттік шығындарды жоспарлау, яғни
алдымен елдің даму стратегиялық басымдылықтары анықталады, олар бюджет
шығындарында көрсетіледі.
Бюджеттің жобасын құрастыру процесінде бюджеттік теңестірудің арнайы
әдістері пайдаланылады. Олар тікшіл (вертикальды) және көлбеулі
(горизантальды) теңестіру әдістерге бөлінеді. Мағыналары бойынша бұл
әдістермен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қаржылық
мұқтаждарын (жергілікті бюджеттердің кірістік бөлімі) қамтамасыз ету
мақсаттары шешіледі. Мысалы, тікшіл теңестіру әдістері көмегімен шығындық
функцияларды іске асырудың қаржылық базасы қамтамасыз ету мен биліктің әр
деңгейлері бойынша бюджеттердің кірістік көздерін тиімді түрде бекіту
әрекеттенеді. Бюджеттерді кірістер бойы қалыптастырудың негізгі кезеңдері
ретінде түсімдердің барлық түрлері бойынша болжамдық мөлшерлерін анықтау
дәйектілік есептеледі. Барлық кезеңдердің ішіндегі ең маңыздысы – ол
салықтық түсімдерді болжамдау кезеңі, содан кейін – маңыздылық мәні аз емес
салықтық емес түсімдерді болжамдау кезеңі. Келесі кезеңдері – ол негізгі
капитал сатудан түсетін түсімдерді болжамдау, ресми трансферттердің,
берілген несиелерді өтеудің, қаржылық активтер сату мен Үкіметтік
займдардың түсімдерін анықтау. Алдағы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау
Салық, Бюджет кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
іске асырылады. Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес
орта мерзімді бюджеттік жоспарлалау негізінде бюджеттік процесті іске
асыруын анықтайды. [4].
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу үдерісі мынадай кезеңдерді
кіріктіреді:
1. Алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін
айқындау;
2. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына
арналған шығыстардың лимиттеріе айқындау;
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдерді жасауы;
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдерін қарау;
5. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңының
жобасын әзірлеу.
Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
• орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар
арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды
анықтау;
• бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық
қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
• қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік
мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;
• салалар, іс-әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы
жоспары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен
әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
• бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін
анықтау;
Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер
арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді,
әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты
түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамассыз
етеді.
Бюджетті жоспарлаумен бюджеттік болжамдау тығыз байланысты.
Бюджеттік болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің
дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау процесі түсіндіріледі.
Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды
көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми
болжамдау мүмкін емес.
Болжамдайтын бюджеттік көрсеткіштер есептеуі жылдық бюджет
көрсеткіштерінің есептеуінен біраз ерекшелеліктері бар, себебі жылдық
көрсеткіштер тікелей есептеулер әдістерімен анықталады. Ал мұндай әдістер
қажетті мәліметтер жоқтығынан болжамдауда қолдануы қиын. Сондықтан бюджет
кірістерінің болжамдауы көбінесе әр түрлі динамикалық сипаттары бар әдістер
пайдалану арқылы іске асырылады. Сондай әдістердің бірі – ол бюджеттің
тұрақты сипаты бар кірістерді болжамдауда қолданатын экстраполяция әдісі,
екіншісі эксперт – мамандар жасап дәлелдеген тұжырымдар негізінде
пайдаланатын экспеттік бағалак әдісі. Тәжірибеде, объективтік болжам алу
үшін осы екі әдісті бірге қолданады.
Кірістер болжамдау процесінің әр түрлі бастапқы мәліметтер пайдалану
бойынша тізбектелген кестесін келесі түрде көрсетуге болады:

Кесте 1
Кірістерді болжаудың сатылары

Көрсеткіштер мониторингі: Мәліметтерді жаңарту:
болжамды нақты түсімдермен салыстыру салық түрлері мен
болжамды анықтау төлемдердің ай бойы
түсімдері
аймақтар дамуының
көрсеткіштері
Заңнамалық база мен экономикалық ақуалды
талдау:
аймақтар бойынша экономикалық ақуал
заңнамалардың өзгерістері
Кірістер болжамы:
1. болжамды қалыптастыруға қажетті көрсеткіштер
2. есептемелер
*Дерек көзі: Б.С. Өтебаев., Мемлекеттік бюджет Алматы 2006ж

Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол эканомикада қазіргі
кезде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметтік – эканомикалық
шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала
отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау
нәтежиесінде мемлекеттің қаржы – бюджеттік саясатында тиімді шаралар
қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Бюджетті жоспарлау мен болжамдау келесі үш бағыттарда жұмыс істеуді
қарастырады:
• кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингенттердің
болжамдық мөлшерін анықтау;
• әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджетжүйесінің деңгейлері бойынша
реттеуші кірістердің бөлісі;
• қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру
себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты
тағайындау.
Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс-әрекеттің негігі шарты-ол
жалпымемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және
бірқалыпты түсуін қамтамасыз ету.
Бюджеттік жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы
жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-
экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және
тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық
буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық ондіріс өсуінің жоғарғы қарқынын
қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Бюджеттік
жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-
заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді
ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен
шарттасылдған ақша нысанында жүзеге асырылады. Қаржының табысты іс-әрекет
етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы
ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша
қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады.
Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген
тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін
жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді[5].
Бюджеттік көрсеткіштерді, белгіленетін бюджет операцияларын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде бюджеттік
болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге
асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының
қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың
көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көсеткіштер,
үйлескен міндеттер оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалған
мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Бюджеттік жоспарлау-бұл қаржы жоспарын (тапсырмаларын) әзірлеу,
қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жасауға мумкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері
мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары
мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттік жиынтық қаржы жоспарына
дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Қаржылық байланыстардың
орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін
оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады.
Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен
қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше
саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты
болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының
экономикалық мазмұнын құрайды.
Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын
жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандырумақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу
және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа
қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір еркшелік
тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды[6].

Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық,
теңгерушілік және дәйектемелік қағидаттары талаптарына сәйкес іске
асырылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік қағидаты құрамына республикалық
және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен
қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип
республикалық және жергілікті бюджеттерден қажыландырылатын бюджеттік
бағдарламалар тізімін қалыптастыруға, бюджеттер деңгейлер арасындағы
кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік
алымдар мөлшерін тағайындауға негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық қағидаты орта мерзімді фискалдық
саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына
негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркесімен қамтамасыз
етіледі.
Басымдылық қағидаты елдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму
жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлаумен
қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістерімен шығындарының теңгерушілік қағидаты бюджетті
қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің теңгерушілік қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару
мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция беру
арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік
берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқада заңнамалармен
қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектілік қағидаты бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не
шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер
негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғатты-климоттық және
әлеуметтік-экономиклық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі олар әр
аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары.
Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер пайдаланады.
Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер-ол бюджетті жоспарлау мен
атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материлды немесе материялды емес
қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады
және бекітіледі.
Жергілікті бюджеттерде қолданатын кірістерді бөлісу нормативтер – ол
әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл
нормативтердің тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық
саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша
шығындық өкілеттілікті шектеуге байланысты болады. Жоғарыда айтылғандай,
мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік
қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материялды құндылық түрі бар,
яғни бюджеттік қарым-қатынас материялды түрде орталықтандырылған ақша
қаражаттар қоры-бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып
жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып
жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет
ресурстары) – ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын
орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларынан өткен, обьективтік
эканомикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының
белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану –
кұндылық бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін
көрсетеді.
Бюджеттік іс- әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше
эканомикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі.
Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу
процесінің бір жақтарын обьективтік түрде көрсетілетін бюджеттің кіріс және
шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады,
яғни кіріс-мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттармен)
қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс – жалпымемлекеттік функциялар
орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.
Бюджет іс - әрекеттің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің
түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет
тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады.
Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы
реттейтін бюджеттік қарым – қатынастың белгілі формалары.
Алайда мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен қайта бөлу
процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында
болатын ақша қарым – қатынасқа байланысты эканомикалық категория. Бұл қарым
– қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын
қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамасыз
етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады. Бюджет қаражаттары арқылы
өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық
өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады,
және басқа да шығындар қамтамасыз етіледі. Құндылықты бөлудің айрықша
аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы
мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді.
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық
формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы
шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті
ретте, бюджеттің қарым - қатынастың осындай болжам жоспарлық формада әрекет
етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының
қозғалысы жоспарлық формамен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде
болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында – бюджетте, яғни
мемлекеттің негізігі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің
экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары
мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану
бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар
мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі, мұнда
қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын
мемлекеттің күш – жігері жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламенті
жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет жөніндегі Заңға сәйкес
мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері ешқандай шартсыз
орындалуға тиісті.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да
салалар дамуының қаржы жоспарына негізделеді, екінші жағынан, көбінесе
соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді
түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық
экономиканың бюджеті болып табылады. Материялдық өндірістің дамуын
ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің ролі өте зор. Бюджет
қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық
ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де
пайдаланады.
Мемлекеттің бюджеттік – салық саясатында қаржылық жоспар – бюджет
арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік – салық саясаты – ол халықтың
ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық дамуды қаматамасыз етуге арналған
іс - әрекеті. Бұл саясат – еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның
қарқынын төмендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге
бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика
жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың
механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар
ретінде мемлекеттік кіріспен мемлекеттік шығыс табылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен
сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен
оның тізбектерінде бір типтік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік
бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын
атқарады. Сонымен қатар, қаржы категориясына қарағанда бюджет ерекше
категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:
• ұлттық табысты қайта бөлу;
• әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
• экономикалық реттеу мен ынталандыру;
• ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен
пайдалануын бақылау.
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндылық бөліс құралы ретінде
мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей
әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын
орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға
пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында
және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі
пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде
мәлімдейді.
Бөлу функциясының мазмұны қоғамдық іс әрекет салалары, аумақтар,
экономика салалары арасында қаржы ресурстары қайта бөлу процесімен
анықталады.
Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын
осындай көп аспектімен қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде
іске асыра алмайды. Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке
тұлғалар бюджетке енгізетін салықтармен төлемдерге, ал екінші жағынан,
бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс
құралдар, операциялық және басқада шығындарды каражаттандыруға негізделеді.

Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар
мен кірістер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы
жүргізіледі. Мұндай әдіс әрбір әкімшілік – аумақтық бірлікте оның дамуын
еліміздің әлеуметтік – экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз
ектетін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады. Ақша қаражаттарын
өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материялдық
өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске
асырылады.
Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру
жүргізіледі. Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының
құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика
секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып
табылады.
Әрине қазіргі уақытта, ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған
қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпымемлекеттік қажеттілікті
қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес
саласының басқада субъектілердің қаражаттары тартылады.
Бөлу функциясы ішкі өнімнің бөлінген құнын қайта бөлуге
пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың
белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша каражаттарының ағыны
бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең
алдымен өзара байланыстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттік экономикаға
тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың
экономика процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарын өсуіне әсерлі
болады.
Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың құндық құрылымын
реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі
және мемлекет аралық деңгейдегі интеграциялық процестерді ұлғайтуда кеңінен
пайдаланады.
Бөлу функциясының әрекет ету шегарасы бюджетпен қатынасқа түсетін
қоғамдық өндірістің барлық қатысушылармен экономиканың барлық салаларымен
анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі обьектісі болып қосымша өнім (таза
табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта
бөлінуі мүмкін, мысалы, материялдық өндіріс жұмыскерлерінің салықтық
төлемдері және оларды пайдалануы.
Бюджеттік бөлу функциясының ерекшеліктеріне бюджеттің қоғамдық
өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі
іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық
және әлеуметтік дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік
береді де экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін
жоғарлатуына ықпал етеді.
Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдермен шығындар
көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке
уақытында немесе толығымен төленбеген салықтармен түсімдер экономиканың
кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады.
Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде
пайдаланбаса, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономикалық
коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер
экономикадағы осындай кемшіліктерді көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою
мен бұзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты
шара қарастырып қолдануға негіз болады.
Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең
әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен
қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке
елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға
экономиканың жалпы қаржылық ақуалы жөнінде хабар беруге кедергі
болмайды.
Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да
өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған ақпарат
пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компютерлік қолдану
негіздерінде көп мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары
да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциялдық
қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті
түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым – қатынастың белгілі саласында
көрініс табады.
Сондықтан, бюджетке тәнті қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау
құралдар ретінде пайдалануы тек адамша іс - әрекет процесінде мүмкін, ал ол
мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы
болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік
сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс - әрекетінің объективтік
және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты түсіну қажет, себебі
бюджеттің және оның функцияларының объективтік қатынас жүйесіндегі
бюджеттің орны мен оның экономикалық даму деңгейіне тәуелді екенін
анықтайды.
Сонымен, бюджет функциялары қорытынды түрде келесілерді құрайды:
Нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер: Білім беру,
денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.),
Кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансферттер, субсидиялар және т.б.),
Мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен қамтамасыз ету
және т.б.),
Мемлекеттік бақылауды іске асыру (сырқы бақылау, ішкі бақылау).
Бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау,
түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені
жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған
гранттарды жоспарлыу мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен
регламенттелінген қызмет бюджеттік процесс болып табылады.
Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның
экономикалық процестерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей
бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында жыл сайын қабылданатын
Республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасының басқа
заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін
қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді,
Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару
және бақылау тәртібін белгілейді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық
кезеңге бекітілген бюджеттік алымдар көлемін ескере отырып және орта
мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджет құрылымына сәйкес алдағы қаржы
жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін
айқындайтын және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына
жібереді.
Ол ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін қарайды және олар
жөнінде шешім қабылдайды.
Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) бiрлiк және тұтастық қағидаты - мемлекеттiк жоспарлау саласындағы
заңнаманың, Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу
қағидаттарының бiрлiгi, мемлекеттiк жоспарлау процесiн жүзеге асыру
тәртiбiнiң бiрлiгi;
2) iшкi теңгерiмдiлiк қағидаты - Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi
құжаттарының даму мақсаттары, мiндеттерi және нәтижелер көрсеткiштерi
бойынша өзара келiсiмдiлiгi;
3) нәтижелiлiк және тиiмдiлiк қағидаты - мақсаттарды, мiндеттердi және
нәтижелер көрсеткiштерiн таңдау барынша дұрыс (нәтижелi) болуы тиiс,
ағымдағы жағдайды терең талдауға және ресурстарды барынша аз жұмсай отырып,
қойылған нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiне негiзделуi тиiс;
      4) мiндеттердi шешу жолдарын таңдау дербестiгi қағидаты - мемлекеттiк
жоспарлау процесiне қатысушылардың мақсаттарға қол жеткiзу жолдары мен
әдiстерiн таңдаудағы және өз құзыретi шегiнде елдiң даму мiндеттерiн
шешудегi дербестiктерi;
5) мемлекеттiк жоспарлау процесiне қатысушылардың жауапкершiлiгi
қағидаты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде
мiндеттердi шешудiң тиiмсiздiгi және күтiлетiн нәтижелерге қол
жеткiзiлмегенi үшiн жауапкершiлiктi қамтамасыз ету;
6) айқындық (ашықтық) қағидаты - меморандумдарды, операциялық
жоспарларды, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларға жататын ақпаратты қамтитын
ережелердi қоспағанда, Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын мiндеттi
жариялау;
     7) шынайылық және нақтылық қағидаты - Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң
құжаттарында белгiленген даму мақсаттарына қол жеткiзудiң негiзделген
мүмкiндiгi, сондай-ақ мемлекеттiк жоспарлау процесiнде пайдаланылатын
нәтижелер көрсеткiштерiнiң негiздiлiгi;
8) үздiксiздiк, сабақтастық және дәйектiлiк қағидаты - Мемлекеттiк
жоспарлау жүйесiнiң сатылы сипаты, яғни жоғары тұрған құжаттардың
мақсаттарына, мiндеттерiне, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзудiң
сәттiлiгi төмен тұрған құжаттарды жоспарлау мен олардың мақсаттарына,
мiндеттерiне, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзудiң сапасына және
уақтылығына байланысты, сондай-ақ оның жұмыс iстеуiнiң үздiксiз тетiгi;
      9) ресурстық қамтамасыз етiлу қағидаты - қойылған мақсаттар мен
мiндеттерге қол жеткiзу үшiн мемлекеттiк органдар жоспарларының негiзгi
бағыттары бойынша қаржыландыру көздерi мен көлемiн адами, басқа да
материалдық және материалдық емес ресурстарды айқындау.
Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына мыналар жатады:
1) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясы;
2) Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған Стратегиялық даму
жоспары;
3) 5 жылға арналған мемлекеттiк бағдарламалар;
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауы;
5) аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламалары;
6) әлеуметтiк-экономикалық дамудың 5 жылға арналған және бюджеттiк
параметрлердiң 3 жылға арналған болжамы;
7) мемлекеттiк органдардың 3 жылға арналған стратегиялық жоспарлары;
8) 3 жылға арналған республикалық (жергiлiктi) бюджет;
9) 1 жылға арналған Меморандумдар;
10) мемлекеттiк органдардың 1 жылға арналған операциялық
жоспарлары.
Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған Стратегиялық даму жоспары
мен 5 жылға арналған мемлекеттiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының
Президентi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған Стратегиялық даму жоспары ел
халқын кеңiстiкте дамыту мен таратып орналастырудың тиiстi кезеңге арналған
болжамды схемасын қамтиды.
Елдiң стратегиялық даму жоспарлары мен мемлекеттiк бағдарламаларды
әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

1.2 Үш жылдық бюджетті жоспарлау – бюджетті жоспарлау үдерісінің
негізгі бағыты

Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімді
бюджеттік жоспарлау негізінде бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал
бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан
жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық бюджеттік бағдарламаны
анықтайтын арнайы құжат – ол Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясат атты
құжат. Бұл құжат елдің орта мерзімді әлеуметтік – экономикалық даму жоспары
мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын
бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл құжаттың
маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп
жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, екіншіден,
жүргізіп жатқан салықтық – бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі
талаптарға сәйкестігімен дәлелденеді. Келесі қаржы – жылға бюджет жасаудың
негізі болғандықтан, фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын
жұмылдыру мен оларды тиімді пайдалануға, экономиканың басымдылық
секторларын ынталандыру арқылы мемлекеттік билік оған нақты әсер етуге және
халыққа әлеуметтік демеуді қамтамасыз етуге себепші болады. Бұл құжат
мәнінен ел экономикасын басқарудың, яғни макроэкономикалық тиянақтылықты
қамтамасыз етумен қаржы ресурстарын қайта бөлісу құралдарының бірі болады.
Бюджеттік үдеріс - бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту,
атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет
есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге
байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет
заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Қазақстан Республикасында бюджеттік
үдеріс Бюджет кодесінде, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік
басқару туралы жыл сайынғы Республикалық бюджет туралы заңға және
Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр
түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру үдерісіеде пайда болатын қаржы
қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу,
қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасындағы Бюджеттік процесске келетін болсақ,
тұңғыш рет үш жылдық бюджет туралы заң жобасы мақұлданды. Үш жылдық
бюджетте білім беруге бағытталған қаржы мөлшеріне қарамастан, ішкі жалпы
өніммен салыстырғанда пайыздық қатынаста осы шығын үлесінің төмендеуі
байқалады. Мәселен, республика бюджет жобасында, ІЖӨ- ге осы шығындардың
үлесі 2009 жылы-1,2%-ды, 2010 жылы- 1,2% -ды,2011 жылы-0,9%-ды құраса,
жергілікті бюджеттердің де осы салаға жұмсайтын шығыны жыл сайын кемуде.
Мысалы, 2008 жылы салаға жұмсалатын қаржының көлемі ІЖӨ-нің 3,0%ы болса,
бұл көрсеткіш 2009 жылы-2,8%,2010 жылы 2,7%, 2011 жылы 2,5 % болмақ, яғни
білім беруге арналған шығын екі бюджет бойынша да жылдан дылға төмендеп
отыр.
Сонымен бірге, өңірлердегі ең төменгі күнкөріс деңгейін саралау
мәселесіне де жете назар аударылмаған. Бюджет саласындағы жалақыны бірдей
етіп көтерген кезде экономикалық, географиялық, экономикалық және табиғи
климаттық жағдайлар, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік ерекшеліктері
ескерусіз қалған.
Президенттің Қазақстан халқына Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты
Жолдауының ережелерін іс жүзінде іске асыруға бағытталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Қаржылық жоспарлау жайлы
Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу
Салық түсімдерінің мемлекеттік бюджетке жоспарлануы
Қазақстан Республикасындағы қаржылық жоспарлау мен оның әдістері.
Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Экономиканы тұрақтандыру жағдайындағы салық механизмінің экономиканы басқаруда алатын орны
Мемлекеттің қаржысын басқару түсінігі
Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні
Пәндер