Basic 6.0



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. ЖАЛПЫ ТЕОРИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.1 Бейсик тілінің таңбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Сандардың жазылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Айнымалыларды жазу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.4 Функциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.5 Өрнектер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.6 Операторлар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.7 Бейсик тілінің қарапайым операторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
1.8 Экрандық редактор, функциялдық клавишалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
2. ЕСЕПТІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮРІНДЕ ЖАЗЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... 19
3. ЕСЕПТІҢ ШЫҒАРЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
4. ЕСЕПТІҢ АЛГОРИТМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ БЛОК.СХЕМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
6. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТЕКСТІ (ЛИСТИНГ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
7. АЛҒАШҚЫ БЕРІЛГЕНДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
8. НӘТИЖЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
Соңғы кезде дүниетаныма ғылымдары құрамына оларды оқып үйренуге жәрдемдесетін әр түрлі техникалық құрылғылар ене бастады. Бұл техникалық құрылғылардың негізгі атаулары (терминдері) «ақпарат» және «информатика» ұғымдары болып саналады.
Электрондық есептеуіш машиналары (ЭЕМ) – ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған әмбебап техникалық құрылғылар жиыны.
Электрондық машина дегеніміз – ақпаратты жеткізетін, сақтайтын, өңдейтін электрондық аспап. Қазіргі кезде ЭЕМ мен оның бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйесі жалпы алғанда ақпараттық жабдықтардың жұмыстарын қамтамасызщ ететін компоненттер болып табылады. Бұл машиналардың электрондық деп аталатын өңдеу немесе сақтаудың белгілі бір функциясын атқарады. Мұндай элементтер жиынтығы – интегралдық схема болып табылады.
ЭЕМ – ге түсінікті текст ретінде жазуға арналған қарапайым жасанды тіл программалау тілі болады, оны командалар тілі немесе кодтар (арнайы таңбалау) тілі дейді. ЭЕМ тек өзі ана тілінде, яғни машиналық тілде жазылған программаларды ғана орындай алады. Алайда машина, тілінде программа жазу өте күрделі жұмыс, өйткені ол тек екілік (он алтылық) жүйедегі кодтардан тұрады және әр машинада әр түрлі машиналық тіл қолданылады.
Программа жазуды жеңілдету үшін математикалық формулаларды кеңінен қолданылатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритмдік тілдер Бейсик, Фортран, Паскаль, СИ т.б. кеңінен қолданылады. Сол алгоритм тілдерінің ішінен біз Бейсик тілін қарастырайық.
Бейсик тілі 1965 жылы АҚШ- та студенттерге программалау негізін үйрету мақсатында жасалған. Ол-жеке пайдаланылатын компьютерлерге арналған дүние жүзіндегі ең көп тараған программалау тілдерінің бірі.
Тілдің аты мынадай ағылшын сөзінің қысқартылуынан щыққан.
1 Погорелов А.В Аналитическая геометрия – М.:Наука, 1968
2 Светозарова Г.И., Мельников А.А и др Практикум по программированию на языке Бейсик. – М.: Наука, 1988
3 Алексеев В.Е Вычеслительная техника и программирование М.Высшая школа, 1991
4 Ғ.А Айдосов Есептеу техникасы және ЭЕМ – де бағдарламалау. – Алматы, 1995
5 Б.Бөрібаев Информатика және компьютер. Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Білім, 1997
6 Е. Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Бекбаев т.б. – Ағылшынша – орысша сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1998
7 Абдикасова Г.А. Бейсик тілінде бағдарламалау. КазНТУ, - Алматы 2002 г.
8 Абдикасова Г.А Электрондық оқулық «Информатика». – Алматы 2000 г.

Тақырыбы: Basic 6.0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЖАЛПЫ ТЕОРИЯ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 4
1. Бейсик тілінің таңбалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 4
2. Сандардың жазылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... . 5
3. Айнымалыларды жазу тәртібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
4. Функциялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 7
5. Өрнектер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 7
6. Операторлар туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 8
7. Бейсик тілінің қарапайым операторлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
8. Экрандық редактор, функциялдық клавишалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2. ЕСЕПТІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮРІНДЕ ЖАЗЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... 19
3. ЕСЕПТІҢ ШЫҒАРЫЛУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 20
4. ЕСЕПТІҢ АЛГОРИТМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 21
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ БЛОК-СХЕМАСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
6. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТЕКСТІ (ЛИСТИНГ)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
7. АЛҒАШҚЫ БЕРІЛГЕНДЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
8. НӘТИЖЕЛЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 29

КІРІСПЕ
Соңғы кезде дүниетаныма ғылымдары құрамына оларды оқып үйренуге
жәрдемдесетін әр түрлі техникалық құрылғылар ене бастады. Бұл техникалық
құрылғылардың негізгі атаулары (терминдері) ақпарат және информатика
ұғымдары болып саналады.
Электрондық есептеуіш машиналары (ЭЕМ) – ақпаратты автоматты түрде
өңдеуге арналған әмбебап техникалық құрылғылар жиыны.
Электрондық машина дегеніміз – ақпаратты жеткізетін, сақтайтын, өңдейтін
электрондық аспап. Қазіргі кезде ЭЕМ мен оның бағдарламалық
қамтамасыздандыру жүйесі жалпы алғанда ақпараттық жабдықтардың жұмыстарын
қамтамасызщ ететін компоненттер болып табылады. Бұл машиналардың
электрондық деп аталатын өңдеу немесе сақтаудың белгілі бір функциясын
атқарады. Мұндай элементтер жиынтығы – интегралдық схема болып табылады.
ЭЕМ – ге түсінікті текст ретінде жазуға арналған қарапайым жасанды тіл
программалау тілі болады, оны командалар тілі немесе кодтар (арнайы
таңбалау) тілі дейді. ЭЕМ тек өзі ана тілінде, яғни машиналық тілде
жазылған программаларды ғана орындай алады. Алайда машина, тілінде
программа жазу өте күрделі жұмыс, өйткені ол тек екілік (он алтылық)
жүйедегі кодтардан тұрады және әр машинада әр түрлі машиналық тіл
қолданылады.
Программа жазуды жеңілдету үшін математикалық формулаларды кеңінен
қолданылатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритмдік тілдер Бейсик,
Фортран, Паскаль, СИ т.б. кеңінен қолданылады. Сол алгоритм тілдерінің
ішінен біз Бейсик тілін қарастырайық.
Бейсик тілі 1965 жылы АҚШ- та студенттерге программалау негізін үйрету
мақсатында жасалған. Ол-жеке пайдаланылатын компьютерлерге арналған дүние
жүзіндегі ең көп тараған программалау тілдерінің бірі.
Тілдің аты мынадай ағылшын сөзінің қысқартылуынан щыққан.
Beginner’s All- parpose Symbolic Inctructrion Code. Бастаушыларға арналған
щартты нұсқаулардан тұратын кең мақсатты тіл.

1. ЖАЛПЫ ТЕОРИЯ.
1.1 БЕЙСИК ТІЛІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1) латын алфавитінің бас әріптері – A,B,C,D,...,X,Y,Z. Айнымалылар ретінде
енгізілген кіші латын әріптері ЭЕМ жадында автоматты түрде үлкен
әріптерге айналады. Ұлттық алфавиттің әріптері тек түсініктеме ретінде
немесе тұрақты сөз тіркестері түрінде қолданылады;
2) 0,1,2,...,9 тәрізді арап цифрлары;
3) Арифметикалық амалдар таңбалары: +,-,*,,\ (бөліндінің бүтінін табу),
^ (дәрежелеу), MOD (қалдықты табу);
4) Қатынас таңбалары: ,,=,≤ (тең не кіші), ≥ (тең не үлкен), (тең
емес);
5) Қосалқы арнаулы программалар: !,?, %,_,#,$;
6) Айыру таңбалары: “, ., ,, :, ;,_ (бос орын), (,).
Бейсик тілінде берілген мәлімет деп программада өңделетін берілген сандық
мәндер мен сөз тіркестерін айтады. Олар программадағы айнымалылардың
алғашқы берілген сандық мәндері, Функциялардың аргументтері болады. Белгілі
бір операцияға керекті мәліметтер операнд деп те аталады. Алғашқы немесе
керекті мәлімет және операнд сөздері бір мағынаны білдіреді. Операнд
функциясының аргументі, айнымалының сандық мәні, бір адамның фамилиясы
т.с.с.болуы мүмкін.

1.2 САНДАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

Сандарды ЭЕМ-де жазудың бірнеше түрлері бар. Олардың бәрінде де санның
бөлшегін оның бүтін бөлігінен үтірмен немесе нүктемен ажырату келісілген.
Сандар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді.
Бүтін сандар –32768-ден 32767-ге жейінгі аралықта бола алады.
Мысалы (бүтін сандар):
0, -235, 1745, +6750, 17832.
Нақты сандар қарапайым және көрсеткіштік (экспоненциялдық) сандар болып
екіге бөлінеді. Қарапайым сандар математикадағы ондық сандар тәрізді
жазылады. Нақты сандар (10-64, 1063 )аралығында болады
Мысалы:
107.52, -3.589, +170.725, 0.152 немесе .152.
Көрсеткіштік сандар өте үлкен немесе өте кішкене шамаларды жазу үшін
қолданылады. Математикада кездесетін сандарды экспоненциалдық түрде
кескіндеу секілді көрсеткіштік сандар бір санды онның бүтін дәрежесіне
көбейту арқылы бейнеленеді. Бірақ көрсеткіштік сандарды жазғанда 10-ның
орнына латынның Е әрпі пайдаланылады.
Мысалы:
Математикалық түрде Көрсеткіштік түрде
,52*107
1.52Е7
7,085*10-2 7.085Е-2
5*1018 15Е18
-0,58*109 -0.58Е9
Мұнда санды көрсеткіштік түрде жазғанда таңбалар арасында бос орын
қалдыруға болмайды. Сонымен, бүтін сандар 18, -175, 2046 түрінде, нақты
сандар 18.35, -75,2, 1.5Е3, ІЕ-5 болып жазылады.

1.3 АЙНЫМАЛЫЛАРДЫ ЖАЗУ ТӘРТІБІ
Программада әр түрлі мәнді қабылдайтын шамалар айнымалы болып табылады.
Айнымалылар атаулы латын әрпінен басталатын әріптер мен сандар тізбегімен
өрнектеледі.
Мысалы:
X, XI, ALFA, BEC, DT54A, San, MANI2 т.с.с.
Тек бүтін сан түріндегі мәндерді қабылдайтын айнымалылар атауының
соңында “%” белгісі қойылады.
Мысалы: A%, R15%, X% т.с.с. ,
Ал мән ретінде сөз тіркестерін қабылдайтын айнымалылар символдық
айнымалылар деп аталып, олардың атауының соңына “$” белгісін қою
келісілген.
Мысалы:
A$, R15$, X$
Символдық айнымалылар мәндері қостырнақшаға алынып жазылады, олар ұлттық
алфавит таңбаларын пайдалана алады:
A$ - ТАСМАҒАНБЕТОВ, K$ - Алматы қаласы т.с.с.
Best regards,
Нақты айнымалылар қарапайым және екі еселенген дәлелдікпен берілуі мүмкін.
Қарапайым дәлелдікті көрсету үшін “!” белгісі жазылады.
Мысалы: X!, Y!, KA!
Екі еселенген дәлелдікті көрсету үшін “#” белгісі жазылады.
Мысалы: X#, Y#, KA#

1.4 ФУНКЦИЯЛАР
Бейсикте көптеген жиі кездесетін математикалық функциялар сиандартты
функциялар түрінде жазылып, олардың мәндері кесте түрінде белгілі деп
есептеледі. Оларды үш әріппен белгілеп, аргументін жақшаның ішіне жазады.
Математикалық функциялар Стандартты функциялар
sinx SIN(X)
cosx COS(X)
tgx TAN(X)
arctgx ATN(X)
ex EXP(X)
lnx LOG(X)
x ABS(X)
SQR(X)
0 мен 1 аралығында кездейсоқ сан RND(X)
Бұл жерде көрсетілмеген ctgx, secx, cosecx, arcsinx, arccosx, arctgx
т.б. функцияларды стандартты функциялар арқылы өрнектеліп шығарылады.

1.5 ӨРНЕКТЕР
Арифметикалық амалдармен біріктірілген айнымалылар, сандар,
функциялар жиыны өрнектер деп аталады. Математикадағы формулалар Бейсик
тілінде өрнектер арқылы кескінделеді. Олар жай жақшалар көмегімен бір
қатарға тізбектеле жазылады.
Мысалы:
Математикалық жазылуы Бейсикте жазылуы
Sinx*cosx 12*SIN(2*X)
a-b (A-B)(A+B)
a+b

xab X^(A*B)
SQR(X+ABS(X))2,72*E12

(A+2)^(13)

1.6 ОПЕРАТОРЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Бейсиктегі программа нөмірленген қатарлар тізбегінен тұрады.
Қатарларда операторлар жазылады. Операторлар – тілдің ең қарапайым сөйлемі
ретінде қаралады. Ол белгілі бір операцияны орындау жөніндегі нұсқау болып
табылады. Бір жолда бір немесе бірнеше оператор жазылады.
Жолдардың нөмері 0-ден 65529-ға дейінгі бүтін сандар бола алады. Оператор
нөмірден, оның атынан (түйінді сөзден) және мазмұннан тұрады. Оның құрамы
төмендегідей:
N_аты _мазмұны
Мұндағы N – қатардың (оператордың) реттік нөмірі (10, 20, ...): _ - бос
орын белгісі; аты - оператордың мағынасына сәйкес келетін ағылшынша
аталуын көрсететін түйінді сөз; мазмұны - оператордың іс-әрекетін
көрсететін сөз тіркесі, орындалатын амалдың қызметін айқындау үшін керекті
сандар, айнымалылар өрнектер. Олар бірнешеу болған жағдайда тыныс
белгілерімен бөлінеді; - енгізу пернесін басу белгісі.
Оператордың бұл көрсетілген үш элементі бір-бірімен міндетті түрде
бос орынмен (_) бөлініп тұруы керек. Бос роын бір немесе бірнешеу болуы
мүмкін. Кез-келген оператор аяқталған соң, егер ол қатардың соңғы элементі
болса, онда міндетті түрде енгізу таңбасы басылады. Бұл таңба қатардың
аяқталғандығынын белгісі болып табылады. Кейде бір қатарға екі, үш
операторды да жазуға болады, ондай кезде олар бір-бірінен : таңбасы
Арқылы айырылып жазылады. Нөмер тек қатардың алдына қойылады, ол осы
қатардың (опертаордың) басталғанын және орындалу реттілігін білдіреді.
Қатардың соңында міндетті түрде “ ” пернесі басылу тиіс. Қатар нөмірінің
қадамы 10 (немесе 5) болып жазылады, мысалы, 10, 20, 30, ... немесе 5, 10,
15, ...Бұлай жазу қатарлардың арасында ұмыт қалған операторларды жазу
немесе программа орындалу барысында көптеген өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Әрбір қатардың соңында “ ” таңбасы терілмей тұрғанда, түсініктеме
сөздерді қосып жазуға болады. Мұндай сөздер орыс немесе қазақ (жалпы
ұлттық) тілінде программаны басқа адамдардың оқып түсінуін жеңілдету үшін
қажет. Түсініктеме сөздердің алдына міндетті түрде апостроф (‘) таңбасы
тұруы керек. Сонымен, түсініктеме дегеніміз – қатардың ең соңындағы
таңбасынан кейін орналасқан кез-келген сөз тізбегі. Программаның
орындалуына олардың ешбір әсері болмайды, тек операторлардың жұмысын
тереңірек түсінуге, оқуға көмектеседі. Негізінде программаны бір адам
жасайды, ал оны пайдаланушылар тек қажетті мәліметтерді енгізіп, нәтиже алу
барысында қателесіп кетпес үшін программа текстін оқып көруге тиіс. Сол
кезде түсініктемелер көп пайдасын тигізеді.
Программаның бір қатары 255 символдан аспауы тиіс, яғни ең ұзын
қатардағы таңбалар саны ашық орындар мен нөмірді қоса есептегенде 255-тен
аз болуы керек. Сонымен, операторлар орындалатын іс-әрекеттерді (амалды)
өрнектеуге арналған тілдің ең қарапайым сөйлемі. Олар орындалатын және
орындалмайтын болып екіге бөлінеді. Орындалмайтын операторлар мәліметтер
мәнін, олардың сипаттамасын, сыртқы құрылғылардың пайдалану тәртібін
көрсетеді. Сондықтан, олар сипаттаушы немесе баяндаушы оператор болып
саналады. Ал орындалатын операторлар нақты амалдарды орындайды.
Орындалатын операторлар 4 топқа бөлінеді:
1) есептеуші арифметикалық оператор белгілі бір формула бойынша функцияны
не айнымалының сандық мәнін есептеп шығарады;
2) енгізіп – шығару операторларды, олар керекті мәліметтерді программаға
енгізіп, алынған нәтижелер немесе берілген айнымалылардың мәндерін ЭЕМ
– нен қағазға немесе экранға басып шығарады;
3) басқарушы операторлар программадағы қатарлардың немесе операторлардың
рындалу ретін, яғни кезегін анықтайды;
4) қосалқы (көмекші) программа – белгілі бір нәтиже беретін, аргументтері
айқындалған, программада бірнеше рет орындалатын операторлар жиыны;
5) графикалық операторлар, олар экранға әр түрлі қисық сызықтардың
бейнелерін салу мүмкіндігін береді.

1.7 БЕЙСИК ТІЛІНІҢ ҚАРАПАЙЫМ ОПЕРАТОРЛАРЫ

1) Меншіктеу операторы.
Бұл айнымалыларға белгілі бір
мәнді қабылдату үшін пайдаланылады. Оның орындалу нәтижесінде
өрнектің мәні есептелініп, ол мән айнымалыға меншіктеледі. Бұл
оператордың жазылу ережесі (форматы) немесе көрінісі:
[N_] [LET] V=4
мұндағы N – оператордың (қатардың) нөмірі; LET – оператордың аты (мейлі,
ұйғардық, айталық); V – есептелінетін мәнді қабылдаушы айнымалы; А - өрнек
(формула); = - меншіктеу таңбасы (тең деуге болмайды); _ - айыру таңбасы
(бос орын). Тік жақшаның ішіндегі сөздерді жазбай кетуге де болады, яғни
тік жақшаға міндетті түрде жазылмайтын сөз тіркестерін алып отыру
келісілген. Егер оператор қатардағы бірінші орныда тұрса, онда нөмір
қойылмайды. Ал ол қатардың жалғасы болса, онда нөмір қойылмайды.
Оператордың атауы болып есептелетін LET сөзін де жазбауға рұқсат етілген.
Меншіктеу операторының орындалу тәртібі мынадай: алдымен А өрнегі
оған енетін айнымалылардың сан мәндері қойылып есептеледі, содан кейін
есептеліп табылған шама V айнымалысының мәні болып қабылданады.

2) STOP және END – операторларыы.
STOP –аялдау операторы. Ол бағдарламаны кез келген жерінде қолданылып –
есептерді тоқтату қызыметін атқарадыю
[N] STOP
Бұл опертор орындалған сәтте экранға
STOP AT LINE N (N – қатарда тоқталды)
Деген сөз шығып, жұмыстың уақытша N – қатарға келіп тоқталғаны
хабарланады. Программаны жалғастыру үшін CONS (жалғастыру) деген команданы
нөмірсіз теріп енгізу пернесін басу керек. STOP операторы принтерге
қағаз салу үшін немесе дискетті тауып, компьютердегі өз орнына қою үшін
қажет болады.
3) Көшу операторлары
Қатарлардың табиғи орындалу ретін өзгерту үшін қолданылады.
a) Шартсыз көшу операторы GOTO (көшу) программа операторларының
орындалу кезегін өзгертеді. Оның форматы:
[N] GOTO K
Мұндағы: K - осы оператордан кейін орындалатын қатар нөмірі.
Мысал: 20 GOTO 50
20-қатардан кейін 50-қатар орындалады, немесе
Шартсыз көшу операторы алгоритм схемаларында блокпен бейнеленбей, тек
байланысу сызықтары арқылы көрсетіледі.
b)Шартты көшу операторы - IF алдымен бір шарттың орындалуын тексереді,
сонан соң егер шарт орындалса, операторлардың орындалу кезегі өзгереді
де, шарт орындалмаса, онда программа ретімен орындала береді. Шартты көшу
операторының бірнеше түрлері бар, оның алгоритмі көрсетілген аттап өту
ісін атқарған бір түрінің жазылу форматы:
IF шарт THEN оператор [(ELSE оператор 2)]
Мұндағы: ELSE – түйінді сөз, әйтпесе болып аударылады. Бұл операторда
алдымен арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт
тексеріледі, егер ол орындалса, онда 1-оператор атқарылады. Ал шарт
жасалған болғанда, алгоритм екінші жолмен жүзеге асырылады, яғни 2-оператор
атқарылады. Мұнда берілген шарт тексеріледі, егер шарт орындалса (ақиқат
болса, орындалуы анық), онда 2-оператор жүзеге асырылып, содан соң келесі
әрекеттерге көшеміз. Ал егерде шарт орындалмаса, яғни оның орындалу
мүмкіндігі жалған болса, онда 1-оператор атқарылып, содан кейін келесі
амалдар орындалады. Сонымен, шарттың ақиқат немесе жалған болуына
байланысты 1-немесе 2-оператор жүзеге асырылып, содан соң келесі
әрекеттерге көшеміз. Ал егерде шарт орындалмаса, яғни оның орындалу
мүмкіндігі жалған болса, онда 1- оператор атқарылып, содан кейін келесі
амалдар орындалады. Сонымен, шарттың ақиқат немесе жалған болуына
байланысты 1-немесе 2-оператор орындалады.
4) Қорытындылау (баспаға шығару) операторы – PRINT
Программаны орындау кезінде нәтижені немесе белгілі бір сөз тізбегін
экранға шығару үшін қолданылады PRINT операторының форматы:
PRONT [тізім] [;]
мұндағы PRINT – оператордың аты (басып шығару), жылдам терумақсатында бұл
сөздің орнына ? белгісін алуға болады; [тізім] - өрнектерден немесе текст
түріндегі сөз тізбегінен тұрады. Оларды бір-бірінен айыру үшін “,”, , “ ; ”
“_” таңбалары қолданылады. Оператордың соңындағы “;” таңбасы (“,” болуы да
мүмкін) экранға көрсетілген өрнектер тізімі шығарылған соң, курсорды келесі
қатарға көшірмей, осы қатарды ұстап қалады. Егер оператор ретінде тек PRINT
сөзінің өзі ғана тұрса, ол бір бос қатар қалдыру керек екендігін білдіреді.

PRINT тізіміндегі әрбір элементтің экранға шығатын орны сол
элементтің алдында тұрған тыныс белгісіне байланысты. Өрнектер тізімінің
ішіндегі тыныс белгілерінің рөлі мынадай:
- Егер тыныс белгісі “ ; “ немесе “_” болса, онда экранға шығатын өрнектер
бірінен кейін бірі сол қатарда тізіліп орналасады;
- Егер тыныс белгісі “,” болса, онда келесі экранға не қағазға шығарылатын
өрнек экранның мұнан кейінгі аймағында орналасады.
Аймақ дегеніміз – экранның бір бағанасы болып есептелетін қатар орналасқан
14 таңба сиятын орындар бар, яғни 5 аймақ бар, ең соңғы аймақ 24 позициядан
тұрады.
Өрнектер тізімінен кейін нүктелі үтір немесе үтір тұрса, онда
нәтижелерді экранға шығару жаңа жолдан басталмай бұрынғы жол аяқталғанша
жалғасады. Ал, егер нәтижелерді экранға кемес қағазға басып шығарғымыз
келсе, онда әр қатар 132 орынна тұрады деп есептеп 9 аймаққа бөлеміз.
Нәтижені қағазға басып шығару үшін PRINT операторының алдына L әрпін
жазу жеткілікті, яғни PRINT – тің орнына LPRINT болуы қажет.
Егер PRINT операторының ең соңында “;” тұрса, онда келесі қатарларда
кездесетін PRINT операторы да өз мәліметтерін осы қатарға жалғастыра
экранға шығарады.
PRINT операторының қосымша мүмкіндіктері
Нәтижелерді ыңғайлы, әрі көрнекті етіп экранда немесе қағазда
бейнелеу үшін PRINT операторында TAB, SPS функциялары қолданылады. Басып
шығарылатын тізбектің алғашқы позициячын көрсететін функция TAB (labulation
- кестелеу) болып есептеледі, оның жазылуы TAB(I)
мұндағы I – бүтін мәнді өрнек, ол экран не принтер қатарының позициялық
нөмірін көрсетеді, экран үшін ≤ I ≤ 80, принтер үшін ≤ I ≤ 132.
5) Цикл операторлары
Арифметикалық прогрессия тәрізді бір айнымалының тұрақты қадаммен
өзгеруі барысында ұйымдастырылатын циклдерде FOR (үшін) және NEXT (келесі)
операторларды қолданылады. Циклдің арасында FOR операторы, кейін
қайталанатын операторлар тізбегі, ал циклдің соңында NEXT операторлары
жазылу керек.
Цикл краторларының жазылу форматы:
FOR X=XO TO XK STEP H
және ...
NEXT ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба және пішін терезесі
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктері
Visual basic тілінде программалау негіздері
Visual Basic орасының пайдалану жолдары
Visual basic программалау тілінде стандартты емес формаларды құру жолдарын оқытуға арналған көмекші электронды оқу құралын жетілдіру
Visual basic туралы жалпы түсінік
Visual Basic-те стандартты қосымшаларды дайындау
Графикалық терезе (PictureBox) бетіне шығаруды қамтамасыз етуші әдістерді сипаттау
Visual Basic программалу тілі
Пәндер