Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы



Жалпы түрде өнімнің сапа деңгейін бағалау келесі кезеңдерден тұрады:
- сапа көрсеткіштері номенклатурасын анықтау және оның қажеттілігін және жеткіліктілігін нақтылау;
- сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтау әдістерін жасау немесе таңдау;
- бағаланушы өнімнің сапа көрсеткіштерінің фактілерін анықтау үшін бастапқы мәліметтерді және базалық көрс еткіштер мәндерін таңдау;
- сапа көрсеткіштерінің фактілі мәндерін анықтау және оларды базалық мәндермен салыстыру;
- мүмкін болатын шешімдердің нұсқаларын салыстырмпалы талдау және ең үздігін табу;
- басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін нұсқауларды негіздеу.
Аталған кезеңдердің әрқайсысының мазмұныжәне олардың әрқайсысындағы жұмыстардың көлемі елеулі түрде өнем сапасын бағалау мақсаттарына байланысты болады.
Бағалау мақсаттары келесілермен негізделеді: сапаның қандай көрсеткіштерін қарастыру үшін таңдау қажет, олардың мәндерін қандай дәлдіктермен және қандай әдістермен анықтау қажет, ол үшін қандай құралдар қажет болады, қалай өңдеп және бағалау нәтижелерін қандай формада ұсыну қажет, мүмкін болатын шешімдердің қандай нұсқаларын өзара бір бірімен салыстыру қажет және нұсқауларды негіздеу кезінде қандай сұрақтарға жауап беру және т.б.
Сапа көрсеткіштерін таңдау өнім қасиететрінің сандық сипаттамаларын, яғни өнім сапасы құрамына кіретін және өнім сапасы деңгейін бағалауды қамтамасыз ететін сандық сипаттамалардың атауларының тізімін анықтайды.
Өнім сапасының көрсеткіштері номенклатурасын таңдауды негіздеу келесілерді ескере отырып жүргізіледі:
- өнімді пайдалану шартатры және оның тағайындалуы;

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
Жалпы түрде өнімнің сапа деңгейін бағалау келесі кезеңдерден тұрады:
- сапа көрсеткіштері номенклатурасын анықтау және оның
қажеттілігін және жеткіліктілігін нақтылау;
- сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтау әдістерін жасау немесе
таңдау;
- бағаланушы өнімнің сапа көрсеткіштерінің фактілерін анықтау
үшін бастапқы мәліметтерді және базалық көрс еткіштер мәндерін
таңдау;
- сапа көрсеткіштерінің фактілі мәндерін анықтау және оларды
базалық мәндермен салыстыру;
- мүмкін болатын шешімдердің нұсқаларын салыстырмпалы талдау және
ең үздігін табу;
- басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін нұсқауларды негіздеу.
Аталған кезеңдердің әрқайсысының мазмұныжәне олардың әрқайсысындағы
жұмыстардың көлемі елеулі түрде өнем сапасын бағалау мақсаттарына
байланысты болады.
Бағалау мақсаттары келесілермен негізделеді: сапаның қандай
көрсеткіштерін қарастыру үшін таңдау қажет, олардың мәндерін қандай
дәлдіктермен және қандай әдістермен анықтау қажет, ол үшін қандай құралдар
қажет болады, қалай өңдеп және бағалау нәтижелерін қандай формада ұсыну
қажет, мүмкін болатын шешімдердің қандай нұсқаларын өзара бір бірімен
салыстыру қажет және нұсқауларды негіздеу кезінде қандай сұрақтарға жауап
беру және т.б.
Сапа көрсеткіштерін таңдау өнім қасиететрінің сандық сипаттамаларын,
яғни өнім сапасы құрамына кіретін және өнім сапасы деңгейін бағалауды
қамтамасыз ететін сандық сипаттамалардың атауларының тізімін анықтайды.
Өнім сапасының көрсеткіштері номенклатурасын таңдауды негіздеу
келесілерді ескере отырып жүргізіледі:
- өнімді пайдалану шартатры және оның тағайындалуы;
- тұтынушылардың талаптарын талдау;
- өнімнің сапасын басқару міндеттері; сипатталатын қасиететрдің
құрылымы және құрамы;
- сапа көрсеткішетеріне қойылатын негізгі талаптар.
Сипатталатын қасиеттердің құрылымы мен құрамын анықтаудың негізгі
бағыттары өнімнің сапасының деңгейін бағалаудағы қолданылатын
көрсеткіштердің классификациясын айқындайды.
Сипатталатын қасиеттер бойынша олар бірлік және кешенді болуы мүмкін
(топтық, қамтылған, интегралды).
Өрнектелу тәсілі бойынша олар натуралды бірліктерде (киллограмм, метр,
балл, өлшемсіз), сонымен қатар құндық бірліктерде болуы мүмкін.
Сапа деңгейін бағалау бойынша – базалық, салыстырмалы көрсеткіштер
болып бөлінеді.
Анықталу сатысы бойынша – болжамданатын, жобалық, өндірістік,
эксплуатациялық көрсеткіштер болып бөлінеді.
Сипатталатын қасиеттер бойынша көрсеткіштердің келесі топтары
пайдаланылады: тағайындалу; шикізаттарды, материалдарды, отындар және
энергияны үнемді пайдалану; сенімділік (бас тарпаушылық, ұзақ мерзімділік,
сақталушылық, жөндеуге жарамдылық); эргономикалық, эстетикалық;
технологиялық; тасымалдаушылық; стандарттау және унификациялау; патентті
құқықтық; экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері.
Сапа көрсеткіштері келес негізгі талаптарға жауап беруі қажет:
өнімнің сапасының халық шаруашылығының қажеттіліктеріне және
тұрғындардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге әрекет етуі;
тұрақты болуы;
өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне әрекет етуге;
ғылым және техниканың заманға сай жетістіктерін және ғылыми техникалық
прогрестің негізгі бағыттарындағы, халық шаруашылығы саласындағы
жетістіктерін ескеруі;
тағайындалуына байланысты өнімнің белгілі бір қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жарамдылығын негіздейтін өнімнің барлық қаси еттерін
сипаттауды және т.б.
Өнім сапасының көрсеткіштері номенклатурасын таңдау тәртібі келесі
анықтамаларды қарастырады:
өнім топтарының түрлері;
өнім сапасының көрсеткіштері номенклатурасын қолдану мақсаттарын;
сапа көрсеткіштерінің топтары бастапқы номенклатурасын;
әрбір топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасын;
сапа көрсеткіштері номенклатурасын таңдау әдістерін.
Өнімнің түрі сала аралық және салалық өнімдерді тағайындалуы, қолдану
шарттары бойынша классификациялайтын құжаттамалар негізінде анықталады.
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын пайдалану мақсаттары
өнім сапасын басқару міндеттеріне сай анықталады. Өнім сапасы көрсеткіштері
топтарының пайдаланушылығы 2 кестеде келтірілген. Өнімнің спецификалық
ерекшеліктері және оның дайындау және пайдалну шарттарына байланысты кейбір
көрсетілген өнім сапасының көрсеткіштерінің көрсетілген топтары жоқ болуы
мүмкін. Қажет болған жағдайда қарастырылып отырған өнімге тән сипаттағы
көрсеткіштер топтары қосымша енгізіледі.
Құрам және құрылым көрсеткіштері өнім құрамындағы химияық
элементтердің немесе құрылымдық топтардың мөлшерін сипаттайды.
Құрам және құрыым көрсеткіштеріне келесілер жатқызылады:
болаттағы компоненттердің (легирлеуші үстемелердің) массалық үлестері;
қышқылдардағы әртүрлі қоспалардың концентрациялары;
кокстегі күлдің, күкірттің массалық үлесі;
тамақ өнімдеріндегі тұздар және қанттардың массалық үлестері және т.б.
Шикізаттарды, материалдарды, отындар және энерогияларды үнемді
пайдалану көрсеткіштері өнімнің тұтынатын шикізаттары, материалдары, отын
және энергия дәрежесі немесе деңгейі бойынша техникалық жетілгендігн
айқындайтын бұйымның қасиеттерін сипттайды.
Мұндай көрсеткіштерге өнімді дайындау және эксплуатациялау кезіндегі,
мысалы келесі көрсеткіштер жатқызылады:
шикізаттардың негізгі түрлерінің, материалдардың, отындар және
энергияның (сапаның негізгі көрсеткішінің бірлігіне) қатысты меншікті
шығындар;
бұйымның меншікті массасы (сапаның негізгі көрсеткішінің бірлігіне);
материалды ресурстарды пайдалану коэффициенттері – пайдалы шығындардың
өнімді өндірудің бірілігі шығынына қатынасы;
пайдалы әсер коэффициенті және т.б.
Сенімділік көрсеткіштері. Сенімділік өнеркәсіптік өнімнің негізгі
қасиеттерінің бір болып табылады. Әртүрлі бұйымдардың жұмыс режимдері
интенсивтілігі және күрделілігі үздіксіз өсуде, орындалатын функциялапрдың
жауаптылығы артуда. Функция неғұрлым жауапты болатын болса, солғұрлым
сенімділікке қойылатын талаптар жоғары болуы қажет. Машиналар және
құрылғылар сенімділігінің жеткіліксіз болуы жөндеулер және оларды жұмысқа
қабілетті жағдайда ұстап тұру үшін жұмсалатын шығындардың мөлшерін
арттыруға алып келеді. Бұйымның сенімділігі көп жағдайда эксплуатациялау
шарттарына: температураға, ылғалдылыққа, механикалық күштерге, қысымға,
радиацияға және т.б. байланысты болады.
Сенімділік саласындағы терминдер мен анықтамалар белгілі мақсатты
тағайындалудағы зат, жобалаудың қарастырылатын кезеңдері, өндіріс,
зерттеулер және сенімділікке сынау, эксплуатациялау және т.б. түсінілетін
техникалық объектілерге жатады. Объектілер болып бұйымдар, жүйелер және
олардың элементтері, жеке алып қарағанда құрылғылар, қондырғылар,
құрылғылар, машиналар, аппараттар, приборлар және олардың бөлшектері,
агрегаттар және жеке бөлшектер бола алады. Сенімділік көрсеткштері
техникалық қондырғылардың оны пайдалану сәтіндегі бас тартпаушылығын,
мәңгілік, жөндеуге тиімділігін және сақталмалылығын сипаттайды.
Сенімділікті бағалау үшін оның жекелеген қасиеттерін ғана емес,
олардың жиынтығында сипаттайтын көрсеткішті пайдаланады.
Сенімділік – бұл объектінің белгілі бір уақыт кезеңі ішінде
параметрлердің барлық анықталған мәндері шегінде қажетті функцияларды
берілген режимдерде және қолдану шарттарында, техникалық күтім жасау,
жөндеулер, сақтау және тасымалдау кезінде сақтау қасиеті болып табылады.
Объектінің сенімділігі тағайындалуы және оны ұқолдану шарттарына байланысты

Сақталушылық – объектінің өзінің бас тарпаушылық, ұзақмерзімділік және
жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерін сақтау мерзімі ішінде және одан кейін,
және тасымалдау кезінде сақтау қасиеті болып табылады.
Сақталушылық уақыттың белгісі кезеңі ішінде берілген жағдайдан кезінде
бекітілген шектерді берілген сапа көрсеткіштерін пайдалануға үзіліссіз
сақтау қасиеті.
Сақтаушылықтың басты көрсеткіші сақтаушылықтың орташа мерзімі.
Сақталушылықтың мерзімі-бұл өнімді белгі жағдайда сақтау және тасу
ұзақтығы.
Ұзақ мерзімділік көрсеткіштері – бұйымның жұмыс істеуге
қабілеттілігін қажетті техникалық күтім жасау және жөндеулерге керекті
үзілістерді келтіре отырып шекті жағдайға дейінгі сақтау қасиеті болып
табылады. Бұйымның ең шекті жағдайы оны одан ары эксплуатациялаудың мүмкін
еместігімен немесе тиімділігінің төмендуімен, не болмаса қауіпсіздік
талаптрымен анықталады және техникалық құжаттамаларда арнайы келтіріледі.
Ұзақмерзімділіктің бірлік көрсеткіші болып ресурс қызмет етеді. Ресурс –
бұл бұйымды техникалық құжаттамада келтірілген шекті жағдайға дейін істету
болып табылады. Ресурстар: бірінші жөндеуге дейін, жөндеу аралық,
тағайындалған, орташа болып бөлінеді. Қызмето ету мерзімі – бұйымды
техникалық құжаттамаларда келтірілген шекті жағдайы кенлгенге дейін немес
бұйымды жарамсыздыққа шығарғанға дейінгі эксплуатациялаудың күнтізбелік
жалғасу уақыты болып табылады. Қызмет ету мерзімдері: бірінші капиталды
жөндеуге дейінгі (орташа), капиталды жөндеулер арасындағы, жарамсыздыққа
шығарғанға дейінгі, орташа және т.б. болып бөлінеді. Тағайындалған ресурс –
мерзімі жеткен жағдайда бұйымды эксплуатациялау бұйымныңғ жағдайына
қарамастан тоқтатылатын жағдайға дейін эксплуатациялау болып саналады.
Техникалық ресурс техникалық құжаттамада қауіпсіздікті және
экономикалылығын ескере отырып тағайындалады.
Объектінің тағайындалуы және ерекшеліктеріне байланысты сақталушылық
мерзімі өнімді эксплуатациялауға беруге дейін бумада немесе консервіленген
түрде сақтау мезмідерінен, монтаждау және басқа бумаланған немесе
консервіленген күрделі объектіде сақталу мерзімдерінен тұруы мүмкін.
Сенімділік көрсеткіштері санды түрдже объектінің сенімділігін құраушы
бір немесе бірнеше қасиеттерін сипаттауы мүмкін. Сенімділік көрсеткіштері
өлшемділікке (мысалы, бас тартуға жөндеулер жүргізу) ие немесе ие емес
болуы (мысалы, бас тартпай жұмыс істеу ықтималдылығы). Сенімділік
көрсеткіштері бірлікті және кешенді болуы мүмкін. Бірлікті көрсеткіш
қасиеттердің біреуін, ал кешенді - объектінің сенімділігін құраушы бірнеше
қасиеттерді сипаттайды.
Эстетикалық көрсеткіш. Эстетикалық форманың ақпараттық мәнерін,
композицияның тұтастығын және өнімнің өндірістік орындалуының жетістіктігін
сипаттайды. Өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштерін сараптамалық комиссия
бағалайды. Эстетикалық бағалаудың өлшемі үшін сарапшылар дайындаушы ұйым
мен сарапшылар іріктеген комиссияға таныстырған үлгілердің негізінде құрған
мәні ұқсас заттар қатары қабылданады. Эстетикалық қасиеттер бұйымның сыртқы
көрінісінде көрінеді.
Сыртқы көрінісі белгілі бір көркемдік артықшылықтарға ие және адамға
эмоциональды әсер етуі қажет. Бұйымның көркемдік шешімдері оның инженерлі
- техникаклық мәнділігіне және қойылатын эргономикалық талаптарға сәйкес
болуы қажет. Бұйымның эстетикалық қасиеттерін бағалауда, қандай да бір
дәрежеде берілген бұйым стильдік сәйкестіктегі эстетикалық көрсеткіштерді
қанағаттандыратындығына жүгінеді, сонымен қатар модаға сәйкестік,
функционалды – конструктивтік керек жарақтылығы, объектілі – кеңістіктік
құрылымның ұйымдастырылғандығы, түстік калориті, қаптамасының мұқияттылығы
және бетінің безендірілуі, қосылу орындарының орындалуының тазалығы,
жанасушы беттерінің дөңгелектігі, фирмалық белгілердің орындалу анықтылығы,
нұсқаулары, бумасының сәйкестігі көрсеткіштерді қанағаттандырады дегенге
сүйену қажет.
Бұйымның композициялық қасиеттерінің өзара байланыстылығын сипаттайтын
композицияның тұтастығы сапаның келесі көрсеткіштерінен тұрады: көлемдік –
кеңістіктік құрылымның ұйымдастырылғандығы, тектоникалылығы,
пластикалылығы, форма және элементтердің графикалық суреттелгендігі, түстік
колориті. Көлемдік – кеңістіктік құрылымның ұйымдастырылғандығы бұйым
формасында логка заңдылықтары қаншалықты толық қолданылғандық дәрежесін
көрсетеді. Бұл көрсеткіштерге пропорциялар, масштаб, ритмдлік және сонымен
қатар бұйым композициясының басқа да конструктивті – көркемдік құралдары
ескерілуі мүмкін. Бұйымның құрылымының нақтылығы және оның конструктивтік
шешімі, яғни формада өрнектелгендігі тектоникалылық көрсеткішімен
бағаланады. Иілімділік бұйфымның көлемдік және элементтік өрнектелуін
аықтайды. Көлемдік және элементтік өрнектелу сипаты форманың графикалық
көмкерілуімен, ал өзара байланыс және бұйым түстерінің ұқсастығы – түчстік
колоритпен сипатталады.
Бұйымды пайдаланудың өндірістік жетілдірілуі сапаның келесі
көрсеткіштерімен анықталады: қаптаманың мұқияттығымен және беттің
безендірілуімен; өрнектердің, қималардың, қиылысуышы беттердің орындалу
тазалығымен; фирмалық белгілердің орындалу айқындылығымен, нұсқашалардың,
буманың және күзетуші құжаттаманың мұқият орындалуымен, басқаша айтқанда
осы көрсеткіштермен бұйымның тауарлық көрінісі анықталады.
Өнімнің нақты үлгісінің сапасының эстетикалық көрсеткіштерін бағалау
эксперттік комиссиямен жүргізіледі. Эстетикалық бағалау критерийі ретінде
аналогты кластағы және тағайындалудағы бұйымдардың ранжирленген қатары
қабылданады, ол эксперттермен комиссияға дайындаушы – ұйыммен жеткізіліп
берілген сонымен қатар эксперттермен алынған базалық үлшгілер негізінде
құрастырылады.
Технологиялық көрсеткіші. Технологиялық көрсеткіші өнімді өндіру және
пайдалану кезіндегі конструктивті-технологиялық шешімдердің тиімділігін
сипаттайды. Өнімнің технологиялылығы өнімді өндіру, дайындау және пайдалану
немесе тұтыну кезінде көрініс береді. Өнім технологиялылығының
көрсеткіштерін таңдау өнімнің құрамы мен құрылымына, зат конструкциясы
ерекшеліктеріне, сондай-ақ технологиялылықтың пайда болу салаларына
байланысты жүргізіледі.
Технологиялылық көрсеткіштеріне келесілер жатқызылады: бұйымды
дайындаудың меншікті еңбек сыйымдылығы; бұйымның меншікті материал
сыйымдылығы; материалдарды пайдалану коэффициенті; бұйымның меншікті
энергосыйымдылығы; берілген түрдегі техникалық күтудің орташа бір реттік
оперативтк еңбек сыйымдылығы; техникалық күтім жасаудың орташа бір реттік
оперативтік жалғасуы уақыты және т.б.
Қауіпсіздік көрсеткіші қызмет етуші тұлға мен оның қызмет ету
кезіндегі түйінделген барлық объектілердің қауіпсіздігін сипаттайды.
Өнім сапасының жоғарыда келтірілген көрсеткіштерінң барлығы не
техникалық бірлік-бағдармен беріледі. Және берілу тәсіліне сәйкес
техникалық көрсеткіштер тобына жатады.
Біртектілік көрсеткіштері оны жалпылай немесе жанама өндірген кездегі
өнімнің басты параметрлерінің тұрақтылығын сипатталды. Өнімнің қоршаған
ортаға ықпал ету көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде
туындаған зиянды әрекеттер деңгейін сипаттайды.
Өнімнің тағайындалуына байланысты сапа деңгейінің критерийлері әртүрлі
болуы мүмкін. сапаның оптимальдылығының критерийі болып өнім сапасының
кешенді интегралды көрсеткіші қызмет етеді, ол өнімді эксплуатациялаудан
келетін жалпы пайданы сол өнімді құру және эксплуатациялау үшін жұмсалған
жалпы шығындарға қатынасымен анықталады. Өнім сапасының интегралды
көрсеткішінің мәні неғұрлым жоғары болатын болса, шығындардың әрбір
теңгесіне алынатын пайданың мөлшері солғұрлым жоғары болады.
Тасымалданушылық көрсеткіші өнімнің тұтынусыз немесе оны
пайдаланбастан тасымалдануға жарақтылығын сипаттайды.
Тасымалданушылық көрсеткіштеріне келесілер жатқызылады:

Патентті-құқықтық көрсеткіштер. Патентті-құқықтық көрсеткіштер
өнімге пайдаланылған техникалық шешімдердің жаңару деңгейін, олардың ҚР мен
шет елде патенттік қорғалуын, және мүмкін болған жағдайда өнімнің ҚР мен
шет елде кедергісіз сатылуы сипаттайды.
Патентті-құқықтық көрсеткіштер өнімді онда ғылым мен техниканың
жаңа жетістіктерін пайдалану көзқарасы тұрғысынан тұтасымен сипаттайды.
Қауіпсіздік көрсеткіші қызмет етуші тұлға мен оның қызмет ету
кезіндегі түйінделген барлық объектілердің қауіпсіздігін сипаттайды.
Өнім сапасының жоғарыда келтірілген көрсеткіштерінң барлығы не
техникалық бірлік-бағдармен беріледі. Және берілу тәсіліне сәйкес
техникалық көрсеткіштер тобына жатады. Бұйымның қасиеттері туралы
куәландырушы ресми құжаттамасы болып патенттік формуляр есептеледі.
Патенттік – құқықтық көрсеткіштерге келесілер жатқызылады: патенттік
тазалығы, территориялық таралу тазалығы және патенттік қорғалуы.
Патентті – құқықтық көрсеткіштерді анықтауда келесілерді ескереді:
- бұйымда өнертабыстармен мойындалған, басқаша айтқанда авторлық
куәліктермен 10 жылдан артық емес уақытта қорғалған, сонымен қатар
шамаланып отырған ел экспортында патенттермен немесе басқа да қорғау
құжаттамаларымен мойындалған техникалық шешімдердің болуы;
- шамаланып отырған экспорт елінде берілген патенттерді жәен
берілген тікелей құқық беретін әрекеттерге бұйым үшін жасалған техникалық
шешімдердің болуы;
- патенттер әрекетіне түсетін бұйымның құрылымдық бөліктерінің
мәнділігін.
Патенттік тазалық көрсеткіші бұйымды өз елінеде сонымен қатар шет
елдерде кедергісіз тарату мүмкінгін сипаттайды. Бұйым берілген елге қатысты
патенттік тазалыққа ие болады, егр ол сол берілген елде тіркелген құқы
беретін патенттер әрекетіне енетін техникалық шешімдерден тұратын болса.
Тек берілген ел ішінде таратылу үшін шығарылған өнімдерде, берілген
құқықты бұзбау қажеттігін ескеру қажет, ал экспорт объекті болуы мүмкін
бұйымдар берілген елдер экспорты үшін өз шегінде патенттік құқықтарын
бұзбауы қажет. Жаңадан жасалып жатқан өнімдерге мұны сол елге қатысты
патенттік тазалығын қамтамасыз ете отырып шешу қажет.
Экологиялық көрсеткіштер қоршаған ортаға өнімді эксплуатациялау және
тұтыну кезінде әсер ететін немесе туындайтын зиянды әрекеттердің деңгейін
сипттайды. Бұл – қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың мөлшері,
зиянды бөлшектердің ауаға тигізетін зияндылық ықтималдылығы, сақтау
кезіндегі сәулелер, тасымалдау, өнімді эксплуатациялау кезінде бөлінетін
газдар және т.б. болып табылады.
Эологиялық көрсеткіштерді тіркеу келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоңазытқыш сапасының көрсеткіштері
Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу
Квалиметрия. Сапа көрсеткіштері
“ҰССО” жағдайында құрлыс материялдарының сапасын талдау
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
ААҚ сынау зертханасы жағдайында құрлыс өнімдерінің сапасын талдау
Бетон өнімінің қоспаларын сынау
Шұжық өнімінің сапа деңгейін бағалау
Сапа деңгейін бағалау
Тауардың тұтыну қасиеттері мен тұтынушының шығындары
Сынау зертханасы жағдайында өнімнің сапасын талдау
Пәндер