Корпоративтік табыс салығы туралы ақпарат



1. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ, МАҢЫЗЫ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
1.1. Корпоративтік табыс салығының мәні мен табиғаты
1.2. Корпоративтік табыс салығының Мемлекеттік бюджет кірісіндегі
алатын орны
Таяуда қабылданған 2007-2024 жылдарда Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу Концепциясының басты мақсаты өмір сүрудің сапасын арттыру және ұзақ мерзімді болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету негізі ретінде Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілерінің тепе – теңдігіне қол жеткізу болып табылады [1].
Міне, Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына біздердің өзіміз куәміз. Мемлекетіміз экономикада кездескен қиындықтарды бастан өткізіп, енді индустриалды-экономикалық жоспар құруда. Алдына қойған мақсаттары мен жоспарлары жеткілікті.
1995 жылдан бастап Қазақстан салық жүйесінде халықаралық стандарттарды ескере отырып өзгерістер енгізілді. Бұл салық жұйесі бұрыңғыдан өзгеше болды.
Жаңа салық жүйесінің енгенімен салық түрлері, заңды және жеке тұлғалардың объектісі мен есептелу шарттары да өзгерді.
Салық тәжірибесінде алғаш рет жылдық жиынтық табыс, шегерім, салық салынатын табыс, салықтық есеп деген түсініктер пайда болды.
Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуына көмек беретін экономикалық тетіктердің бірі салықтар болып табылады. Салықтар деп– белгілі бір көлемде, қайтарылмайтын негізде төленуге міндетті мемлекет заң жүзінде бекіткен бюджетке төленетін төлемдер. Салықтың экономикалық мазмұны мемлекет өзінің функциясы мен міндеттерін орындау мақсатында салықтарды жинауын айтамыз және ол ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі қажетті экономикалық құрал, ол мемлекеттің экономиканы реттеуінің қаржы несиелік механизмінің негізі. Салық жүйесі нарық жағдайында экономиканы басқарудың, дамытудың және тұрақтандырудың ірі құралы, жалпы ұлттық шаруашылықтың тиімді қызмет етуіне оның дұрыс құрылуына тікелей байланысты.
Салық жүйесі мемлекет тарапынан жүргізілетін салық саясатына негізделеді және оның мынадай түрлері кездеседі:
- Ең көп салық саясаты – “не бар, соның барлығын алу” қағидасымен сипатталады. Бұл жағдайда мемлекет ұтылады, себебі, ол салықтардың артуымен мемлекет табысы өспейді.
- “Саналы” салық саясаты – кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік беріп, оған қолайлы салық климатын қамтамасыз етеді.
- Жоғары ставкалы салық саясаты - әлеуметтік қорғауды ескере отырып, салық салудың жоғары деңгейін қарастырады.
Салықты қолдану жалпымемлекеттік мүддемен меншік түріне, ұйымдастыру формасына, ведомствалық басқарылуына байланыссыз кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің коммерциялық мүдделері арасындағы байланысты қамтамасыз ететін және басқаратын экономикалық әдістердің бірі болып табылады. Салықтардың көмегімен кәсіпкерлер мен кәсіпорындар мемлекеттік және жергілікті бюджет арасындағы, банктер арасындағы қарым-қатынастары анықталады. Олардың көмегімен мемлекет өзінің қоғамдық қызметтерін атқаруға қажетті ресурстарға ие болады[2].

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ, МАҢЫЗЫ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

1. Корпоративтік табыс салығының мәні мен табиғаты
Таяуда қабылданған 2007-2024 жылдарда Қазақстан Республикасының тұрақты
дамуға көшу Концепциясының басты мақсаты өмір сүрудің сапасын арттыру және
ұзақ мерзімді болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету негізі
ретінде Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтік,
экологиялық және саяси аспектілерінің тепе – теңдігіне қол жеткізу болып
табылады [1].
Міне, Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет
болғанына біздердің өзіміз куәміз. Мемлекетіміз экономикада кездескен
қиындықтарды бастан өткізіп, енді индустриалды-экономикалық жоспар құруда.
Алдына қойған мақсаттары мен жоспарлары жеткілікті.
1995 жылдан бастап Қазақстан салық жүйесінде халықаралық стандарттарды
ескере отырып өзгерістер енгізілді. Бұл салық жұйесі бұрыңғыдан өзгеше
болды.
Жаңа салық жүйесінің енгенімен салық түрлері, заңды және жеке
тұлғалардың объектісі мен есептелу шарттары да өзгерді.
Салық тәжірибесінде алғаш рет жылдық жиынтық табыс, шегерім, салық
салынатын табыс, салықтық есеп деген түсініктер пайда болды.
Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуына көмек беретін экономикалық
тетіктердің бірі салықтар болып табылады. Салықтар деп– белгілі бір
көлемде, қайтарылмайтын негізде төленуге міндетті мемлекет заң жүзінде
бекіткен бюджетке төленетін төлемдер. Салықтың экономикалық мазмұны
мемлекет өзінің функциясы мен міндеттерін орындау мақсатында салықтарды
жинауын айтамыз және ол ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Нарықтық
қатынастар жағдайында салық жүйесі қажетті экономикалық құрал, ол
мемлекеттің экономиканы реттеуінің қаржы несиелік механизмінің негізі.
Салық жүйесі нарық жағдайында экономиканы басқарудың, дамытудың және
тұрақтандырудың ірі құралы, жалпы ұлттық шаруашылықтың тиімді қызмет етуіне
оның дұрыс құрылуына тікелей байланысты.
Салық жүйесі мемлекет тарапынан жүргізілетін салық саясатына
негізделеді және оның мынадай түрлері кездеседі:
- Ең көп салық саясаты – “не бар, соның барлығын алу” қағидасымен
сипатталады. Бұл жағдайда мемлекет ұтылады, себебі, ол салықтардың
артуымен мемлекет табысы өспейді.
- “Саналы” салық саясаты – кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік беріп, оған
қолайлы салық климатын қамтамасыз етеді.
- Жоғары ставкалы салық саясаты - әлеуметтік қорғауды ескере отырып, салық
салудың жоғары деңгейін қарастырады.
Салықты қолдану жалпымемлекеттік мүддемен меншік түріне, ұйымдастыру
формасына, ведомствалық басқарылуына байланыссыз кәсіпорындар мен
кәсіпкерлердің коммерциялық мүдделері арасындағы байланысты қамтамасыз
ететін және басқаратын экономикалық әдістердің бірі болып табылады.
Салықтардың көмегімен кәсіпкерлер мен кәсіпорындар мемлекеттік және
жергілікті бюджет арасындағы, банктер арасындағы қарым-қатынастары
анықталады. Олардың көмегімен мемлекет өзінің қоғамдық қызметтерін атқаруға
қажетті ресурстарға ие болады[2].
Әрбір мемлекеттің қаржымен толықтырылып тұруы жалпы мемлекеттік және
жергілікті деңгейлерде атқарылып тұрады. Бұл әсіресе заңды және жеке
тұлғалардың салықтарды және басқа төлемдерді төлеп тұрудан құрылады.
Қазіргі таңда, өндіріс нарықтық экономиканың дамуына негізгі әсер етуші
факторларының бірі болып табылады. Өндіріс жалпы барлық сала жақтан дамып,
қамтылып отыр. Өндірістің нәтижесінде табыс пайда болады.
Жалпы табыс дегеніміз – бұл қаржымен тығыз қарым-қатынаста болатын
күрделі экономикалық категория. Табыс белгілі бір қызметтің шығындарымен
байланысты нәтижесі.
Табыстар өндірістіктен бөлек, коммерциялық, делдалдық, және басқа да
қызметтің нәтижесі болып табылады және қайта құрылған өнім мен қызметті
бөлу сатысында пайда болады.
Қазақстанда салықтық түсімдер бюджет кірістерінің 90%-ын құрайды.
Республикамызда табысқа салық салынады. Жалпы табысқа салынатын салық екіге
бөлінеді: жеке табыс салығы және корпорацияның табысына салынатын салық.
Корпоратвиті табыс салығы салық салу жүйесінде 1994 жылдан бастап маңызды
орын алып келеді. Дәл осы жылы салық салу жүйесінде нақты өзгерістер
жүргізілді және жылдық жиынтық табыс түсінігі де Қазақстан тәжірибесіне
осы жылы енгізілді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін
құрайтын салық – бұл Корпоративтік табыс салығы. Қазақстан Республикасының
салық жүйесіне 1992 жылы 1 қаңтарынан бастап, заңды тұлға пайдасына
салынатын салық түрінде енгізілді. Корпоративтік табыс салығының біздің
мемлекетімізде мәні зор. Себебі, қазір Республикамызда көптеген
корпорациялар, мекемелер және ұйымдар өз тауарлары мен қызметтерін өндіріп,
халыққа ұсынып жүр. Халықтың тұтынуына байланысты табыс пайда болады. Осы
табысқа салық салынады.
Салық алынған нақты пайдадан төленді. Нәтижесінде заңды тұлғалардың
операциясы негізінде бартерлі сипатта жүргізілді, жалған құжат негізінде
жүргізілді, қайырымдылық көмек негізінде беру фактілері және салықтан
жалтару орын алды.
Заңды тұлғалардың қаржылық қызмет нәтижесінде салық салуды жетілдіру
барысында салық пайдадан емес табыстан алынатын болды.
Салық субъектісі – салық төлеуге заңды түрде міндетті тұлға. ҚР-да
салық субъектілері: заңды, жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, резиденттер емес.
Салық объектісі – салық салынатын зат, іс-әрекет, құбылыс (табыс, мүлік, іс-
әрекет түрлері, ақша операциялары, тауарлық-материалдық құндылықтар [3].
Жалпылай келгенде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
келесідей белгіленеді. Салықты Қазақстан Республикасының табыс алатын
резидент және резидент емес заңды тұлғалар, сонымен қатар, кәсіпкерлік
іспен айналысатын коммерциялық емес және бюджеттік мекемелер төлейді.
Салықтар қоғамдағы экономикалық қатынастардың тірегі болып табылады.
Себебі салықтар – бюджет кірісінің қайнар көзі. Осы қаражаттар есебінен
мемлекеттік және әлеуметтік бағдарламалар қаржыландырылады және мемлекеттің
қызмет етуі қамтамасыз етіледі [4].
Мұндағы салықтардың ішіндегі ең көп түсімді қамтамасыз ететін
корпоративтік табыс салығынының маңызын атап кету біздің басты мәселеміз
болып отыр. Корпоративтік табыс салығы – заңды тұлғалардың табысына
салынатын жалпымемлекеттік тікелей салық.
Корпоративтік табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады. Бұл
салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан
Республикасы резидент – заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Республикадағы көздерден табыс
алатын резидент емес – заңды тұлғалар төлейді.
Корпоративтік салық салу объектісі:
- салық салынатын табыс;
- төлем көзінен салық салынатын табыс;
- Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыс
дегеніміз – жылдық жиынтық табыс пен заңға сәйкес алынатын шегерістердің
айырмасы [5].
Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлеріне
келесілер жатады және олардың кейбір түрлерінің толық мәніне тоқталайық.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс -
Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану кезінде
мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарында өзгеше
көзделмесе, қосылған құн салығы мен акцизді қоспағанда, өткізілген
тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуден түскен табыс.
Тауарларды өткізуден түскен табыс:
- тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
- мәміле шарттары өзгерген;
- өткізілген тауарлар (жұмыстар) үшін келісілген өтемдер өзгерген;
- теңгемен төлеген кезде өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет
көрсетулердің) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетілуге тиіс.
Табысты түзету аталған өзгерістер болған салық кезеңінің қорытындысы
бойынша жүргізіледі.
Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға
жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс. Құн
өсімінен түсетін табыс үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін
сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизациялауға жатпайтын басқа да
активтерді өткізу кезінде құрылады. Амортизациялауға жатпайтын активтерге:
- жер учаскелері;
- құрылыс аяқталмаған объектілер;
- орнатылмаған жабдық;
- салық төлеуші тауарларды өндіруде, жұмыстарды орындауда, қызметтер
көрсетуде пайдаланбайтын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
- бағалы қағаздар;
- кез келген ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлғаға қатысу жатады.
Активтер өткізілген айдың бірінші күнінде бухгалтерлік баланста
көрсетілген құны олардың баланстық құны болып табылады. Кәсіпкерлік
қызметте пайдаланылатын үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды өткізу кезінде
құн өсімі, өткізу құнымен салық есебінде айқындалатын қалдық құнның
арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсіміне төмендегілер жатады:
- борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша өткізу
құнымен имеденіп алу құны арасындағы оң айырма;
- борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізу күніндегі дисконт амортизациясы
және сыйлық ақы ескерілген, өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы
купон есепке алынбаған оң айырма.
Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар. Міндеттемелерді
есептен шығару нәтижесінде алынған табыс сомасы есептен шығарылған
кредиторлық берешек сомасына тең болады. Күмәнді міндеттемелер бойынша
алынатын табыстар: иемденіп алынған тауарлар бойынша, сондай-ақ,
қызметкерлерге есептелген табыстар үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған
міндеттемелер күмәнді деп танылады. Кредиторлық берешек туындаған кезде
қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына
келтірілуге тиіс қосылған құн салығын қоспағанда салық төлеушінің жылдық
жиынтық табысына қосылуға тиіс.
Алынған жылдық жиынтық табысқа түзету жүргізіледі: төлем көзінен бұрын
салық салынған девиденттер, меншікті акцияның құнының номиналдық құнынан
асып түсуі; мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы; төтенше
жағдайлардың пайда болу салдарынан ізгілік көмек түрінде алынған мүліктің
құны; Үкіметтің шешімі бойынша мемлекеттік кәсіпорындардан алынған негізгі
құралдардың құны; зейнетақы активтерін орналастырудан алынған инвестициялық
табыстар.
Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар. Иемденіп алынған
тауарлар (жұмыс, қызмет көрсетулер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлерге
есептелген табыстармен және жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік
игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстарын қоса
алғанда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез-келген
табыстармен айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған кезінен бастап
үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді болып табылады.
Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар. Заңды тұлғалар қосымша салық
салу объектілерін жалға беруден де табыс табады.
Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат
етілетін банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерінің жүзеге
асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін
табыстар;
Борышты талап етуден түскен басқа біреуден түсетін табыстар;
Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтауға келісіп үшін алынған
табыстар;
Шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топты құн балансынан асып
түсуінен алынатын табыстар;
Кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасынан
кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуінен
алынатын табыстар;
Ортақ үлестік меншңктен түсетін табысты бөлу кезеңінде алынатын
табыстар;
Бұрын негізсіз ұсталып; бюджеттен қайтарылған айыппұлдар, өсімпұлдар
мен санкциялардың басқа да түрлері;
Бұрын жүргізілген шегерістер бойынша алынған өтемақылар;
Өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер –
салық төлеушінің өтеусіз алған кез-келген мүлкі, сондай-ақ орындаған
жұмыстары мен көрсеткен қызметтері.
Дивиденттер – акциялар бойынша төленуге тиісті табыс.
Сыйақылар – несиелер үшін, қаржы лизингі бойынша немесе сенімгерлік
басқаруға берілген мүлік үшін, депозиттер бойынша жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша , боыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер – дисконт
немесе купон.
Бағамдық оң айырма – шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша
пайда болатын айырма.
Ұтыстар – жарыстарда, байқауларда . лотериялар бойынша, салымдар мен
борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса алғанда, ұтыс ойындары
бойынша салық төлеушілер алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез-
келген түрлері.
Роялти – мынадай құықтар үшін төленеді:
- біріншіден, пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құрылымдарды қайта
өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
- екіншіден, авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді,
патенттерді, сызбаларды, тауар белгілерін басқа осыған ұқсас құқық
түрлерін пайдалан құқығы үшін, ноу-хауды пайдаланғаны үшін төленетін
төлем.
Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың
шығыстардан артығы.
Жер қойнауын пайдаланушы тиісті мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен
кен орындарын игеру салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде кен
орындарын игеру салдарын жою жөніндегі жұмысты жүргізбеген жағдайда,
шегерімдерге жатқызылған, кен орындарын игеру салдарын жою қорына
(резервтік қор) аударымдар сомалары олар жүргізілуге тиіс салық кезеңнің
жылдық жиынтық табысына енгізіледі.
Салық шегеріміне Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген
мөлшерде жылдық жиынтық табысты алуға кеткен шығындар жатады. Оған тауарлы-
материалдық шығындар бойынша, еңбекақыны төлеу; қызмет көрсету және
активтер бойынша, сыйаққы бойынша; күмәнді міндеттер мен талаптар бойынша;
теріс бағалық айырымдар бойынша; резервтік қорларға айырым жасау бойынша;
сақтандыру төлемдері жарнамалары бойынша; әлеуметтік төлемақы шығындар;
табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстары мен геологиялық зерттеулерге
кеткен шығындар бойынша; үстеме мен айыппұл; бюджетке төленген салықтар
жатады.
Сақтандыру ұйымының сақтанушыға іс-әрекет аяқталғаннан кейін немесе
жинақтаушы емес, сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде
кайтаруға тиіс (қайтарылатын) және сақтанушы бұрын шегерімдерге жатқызған
салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады.
Салық төлеуші өтеусіз алған кез-келген мүлік, сондай-ақ жұмыстар мен
қызмет көрсетулер оның табысы болып табылады.
Бірақ мыналар табыс ретінде қарастырылмайды:
- жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлік;
- мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған субсидиялар.
Жылдық жиынтық табысқа мынадай түзетулер енгізіліп табыстар түрлері
жылдық жиынтық табыстан алынып тасталды:
- Қазақстан Республикасында бұрын төлем көзінен салық салынған табыс;
- Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасынан дивидендтер;
- эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының
номиналдық құнынан асып кетуі және өз акцияларын өткізу кезіндегі құн
өсімі;
- қор биржасының А және В ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен
облигацияларды өткізу кезінде құн өсімен алынған табыс;
- мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
- табиғы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағын реттте
ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған
мүліктің құны,
- мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі
негізнде мемлекеттік орган немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз
негізде алған негізгі құрал жабдықтарының құны;
- Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына
сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық
табыстар.
Салық төлеуші шегерімді жылдық жиынтық табыс алумен байланысты
шығыстары болса, оларды растайтын құжаттарын негізге ала отырып жүргізеді.
Шегерімдер нақты жүргізілген салық кезеңінде алынып тасталуы тиіс. Енді
негізгі шегерімдер түріне тоқталып өтейік:
1. Қызметтік іссапарлар кезіндегі шегерімге жататын өтемдерге мыналар
жатады:
- бронь үшін шығыстар ақысын қоса алғанда, іс-сапарға баратын жерге жетуге
және қайтуға нақты шыққан шығыстар;
- бронь үшін шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты
шыққан шығыстар;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге іссапарда болған кезде
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген нормалар шегінде төленетін
тәуліктік ақы.
2. Сыйақы бойынша шегерімдерге:
- құрылысқа алынған және құрылыс кезеңінде төленетін кредиттер (қарыздар)
бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған кредиттер (қарыздар) бойынша оның
ішінде қаржы лизингі түріндегі сыйақы;
- сенімгеолік басқаруға алынған мүлік үшін сыйақы;
- борыштық бағалы қағаздар иесіне оларды шығару және орналастыру шоттарына
сәйкес эмитент төлейтін дисконт не купон (дисконтты не сыйлық ақыларды
есепке ала тырып) жатады
Сыйақы бойынша шегерім мынадай мөлшерлерде шегеріледі:
- теңгемен алынған және орналастырылған кредиттер (заемдар), оның ішінде
қаржы лизингі бойынша, депозиттер, борыштық бағалы қағаздар бойынша,
сондай-ақ сенімгерлік басқаруға алынған мүлік үшін - Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми
ставкасын 1,5 еселеп қолданып есептелген сома шегінде;
- шетелдік валютамен алынған және орналастырылған кредиттер (заемдар), оның
ішінде қаржы лизингі бойынша, депозиттер, борыштық бағалы қағаздар
бойынша – Лондон банкаралық нарығының ставкасын 2 еселеп қолданып
есептелген сома шегінде жүргізіледі.
Шегерімнен кейін анықталған салық салынатын табысқа түзету жасалады.
Салық төлеуші ұйымның балансында көрсетілген әлеуметтік саланың
объектілері, яғни жатақхана, тұрғын-үй, емхана, балалар лагері, мектеп
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту ұйымдары, аурухана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетке төленуі тиіс міндетті төлемдер мен түсімдердің теориялық негізі, оның ішінде корпоративтік табыс салығының алыну механизмі, осы салық түрін салудың ерекшелігі
Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы бойынша республикалық бюджет салықтарының түсімін талдау
ҚР Салық кодексі, оның құрылымы және мазмұны
Салық салудың әділдік қағидаты
Корпоративтік жинақтық табыс салығы
Қазақстан Республикасының салық жүйесi: мәселелері мен даму болашағы
«корпоративтік табыс салығы және Қазақстан Республикасында компаниялар қызметіне оның әсері (ауезов ауданының салық басқармасы мысалында)»
Бухгалтерлік салықтық есеп
Қазіргі таңдағы қаржылық жәнe салықтық eсeптіліктің экономикалық мәні мeн маңызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚҰРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
Пәндер