Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы



КІРІСПЕ
1. Ақшаның мәні, қызметтері, түрлөрі және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
1.1 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктерідүрлері және
атқаратын қызметтері
1.2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша
жүйесінің ерекшеліктері
1.3 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері
2. Ақша айналысы жәнө Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
2.1. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының
тәртібі және қолма.қолсыз ақшалармен есеп айырысу
қағидалары
2.2. Қолма.қолсыз ақшалармен есеп.айырысу формалары.
және ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КОСЫМШАЛАР
Қазіргі жағдайда ақша, шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айрысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады. Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас - бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бул, оның табиғи

қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады. Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.
1. Банковское дело. В.И.Колесникова. Л.П.Кроливецкая М.Финансы и статистика 1996 г.

2. Егоров А.Е. «Проблемы деятельности коммерческих
банков на современном
этапе развития экономики /Деньги и кредит / 1995 г. Г.6.-сА.
3. Банковское дело. Справочное пособие лод редакцией
Ю.А.Бабичевой М.Экономика 1993 г
4. Долан Э.Дж. Кемпбелл К.Д. Банковское дело и денежно-
кредитная политика М.-Л.1991 г.
5. Лаврушин О И. «Банковское дело» Москва 2000г.
6. Марченко Г.А. «Развитие банковского сектора в Казахстане» /Деньги и кредит/ 2000г. О.И.Лаврушин. «Банковское дело» Москва 2000г.
7 Мақыш С Б Ақша айналысы және несие Алматы 2004
8 Хамитов Н Н Банк ісі Алматы 2005
1. Банковское дело. В.И.Колесникова. Л.П.Кроливецкая М.Финансы и статистика 1996 г.

2. Егоров А.Е. «Проблемы деятельности коммерческих
банков на современном
этапе развития экономики /Деньги и кредит / 1995 г. Г.6.-сА.
3. Банковское дело. Справочное пособие лод редакцией
Ю.А.Бабичевой М.Экономика 1993 г
4. Долан Э.Дж. Кемпбелл К.Д. Банковское дело и денежно-
кредитная политика М.-Л.1991 г.
5. Лаврушин О И. «Банковское дело» Москва 2000г.
6. Марченко Г.А. «Развитие банковского сектора в Казахстане» /Деньги и кредит/ 2000г. О.И.Лаврушин. «Банковское дело» Москва 2000г.
7 Мақыш С Б Ақша айналысы және несие Алматы 2004
8 Хамитов Н Н Банк ісі Алматы 2005

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Ф.4.5-001-14

Қазақстан республикасы
білім және ғылым министірлігі

кафедра: Банк ісі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

_______ Ақша, несие, банктер________________пәні бойынша

Тақырыбы : __Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы.____

Курстық жұмыстың
Орындаған
бағасы Студент______________
калы, аты –жөні тобы
______________
бағасы, уақыты

Комиссия Жетекшісі ______________
калы, аты –жөні
______________
калы, аты –жөні

_ _____________
калы, аты –жөні

Шымкент 200__ж

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАІІ МЕМЛЕКЕ ТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Бапк ісі

БЕКІТЕМІН
Кафсдра меңгерушісі
:
Бекибаева Ш.С.
.

.

200
ж

КУРСТЫҚ ЖҮМЫСҚА ТАПСЫРМА

Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы. Пәні
бойынша

Студент тобы
.

Курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
.

.

.

Курстық жүмысқа бастапқы берілетін мәліметтер
.

.

.

№ Жүмыс бөлімдерінің аталуы Орындалу мерзімі Жалпы колемі
бет саны
Кіріспе 4
1 Ақшаның мәні, қызметтері, 6-23
түрлөрі
және Қазақстан
Республикасының
ақша жүйесі
2 2. Ақша айналысы жәнө 24--46
Қазақстан
Республикасындағы ақша
айналысының тәртібін талдау

Әдебиеттер: 1 ҚР банк және банк қызметі туралы заңы
.
2 .ҚР –ға Ұлттық банкінің жартысы 2003
.
3 Тимоти У Кох упровление банком
4 ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюлетен 1996 ж 2001 ж

Гапсырмасын берілген күні
.
Курстық жүмысты қорғау уақьіты
.
Жүмыстың жетекшісі
.
(қызметі, аты жөні қолы)

Тапсырма қабылданған

аты-жөні, студенттің қолы
Жоспар

КІРІСПЕ

1. Ақшаның мәні, қызметтері, түрлөрі және Қазақстан Республикасының ақша
жүйесі

1. Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктерідүрлері және
атқаратын қызметтері
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша
жүйесінің ерекшеліктері
3. Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері

2. Ақша айналысы жәнө Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін
талдау

2.1. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының
тәртібі және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу
қағидалары

2.2. Қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысу формалары.
және ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайда ақша, шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.
Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты
болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айрысудан тұрады. Ақшалай есеп
айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-
қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана
отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға
қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын
үнемдеуге болады. Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама
жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның
жаратылысын зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі,
тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын
қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас - бұл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді.
Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың
түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап
етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз
болуы қажет.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді.
Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі.
Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бул,
оның табиғи
қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына
байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек
болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады. Сонымен
қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты
бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып
табылады, Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш
қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:
1. Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша
жүйесі

1.1 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктерідүрлері және атқаратын
қызметтері

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы
нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі,
тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын
қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас - бұл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді.
Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың
түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап
етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз
болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек
қоғамдық еңбек қана (жек адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды.
Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға
еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді.
Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жүмсалған еңбек әр түрлі
болып, нәтижесінде олардың құндары да, бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық
еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас
құнының (1мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас қүны - бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте
айырбасталу қабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының
қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар
өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте
құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырады. Егер, тауардың тұтыну құны
болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін түтыну құны болса
жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс. Сөйтіп,
тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының
қалыптасуына себеп болған: Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі
даму сатысына тән қүнның жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл
формасына бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып
отырған. Мысалға, бір мал бір қап бидайға айырбасталды.
Ал, екінші формасы - бүл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады.
Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар
саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне, бір тауар басқа да көптеген
балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалға: 1 қап бидай = 1 қойға = 1
балтаға = 1 құмыраға және т.б. Үшінші формасы - бұл құнның жалпылама
формасы. Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріме қарай барлығына бірдей
қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті
нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама ролде жүретін тауарлар
ығысып шығады. Мұндай тауарлар ролін, кей халықтарда мал (ертедегі гректе,
римдіктерге, славяндарда, моңғолдарда және т.б.), аң терісі (Скандинавияда,
ертедегі Русьте), шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік
Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс
түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде
тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бірақ, аталған тауарлар мұндай рөлде
ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен
қанағаттандыра алмайды және
өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
Ал, құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға
тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар - ақшалай формасы
қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс атқарды.
Сонымен, ақша дегеніміз - бұл барлық тауарлардың құнын белгілейтін, жалпыға
балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді.
Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі.
Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи
қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына
байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек
болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория
болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш
қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:
1) жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
2) айырбас құнының дербес формасы;
3) еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану)
формасы.
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиеті, ақшаның
кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды.
Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық
жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол
уақытта кәсіпорын, жео. ооман. жео
қойнауын және т.б. сату мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру
процесі басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын уақымы біршама
кеңейе түскен.
Ақшаның екінші қасиеті тауарларды сатумен тікелей байланыссыз. Бұл
формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін
қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындары әр түрлі жолдармен
қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге
сатуы барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.
Ақшаның соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен
өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

1.2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің
ерекшеліктері

Әр елдің өзінің қалыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің
елдегі экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1) құн өлшемі және басқа масштабы;
2) айналыс құралы;
3)төлем құралы;

4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арарсында
өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде
жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-
қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндетемме арқылы өтеу, сату және
сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Таүарлар мен акша арасындағы
уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы
мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай,
сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне мартеиал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар
(алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бүгінгі тақца тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес ақашалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналасы мынадай
процесстерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада
келесідей түрде беруге болады: Т (тауар) - А
а\ — Т (та\іап\
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі - бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы - бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілген
нарықтық бағаға айналады.Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы
ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі
қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты
ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері:
қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз
ақшалар атқарады. Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың
болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі.
Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының
бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының
маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
қүралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: М (міндеттеме) - Т
(тауар).
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.
1. тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем
міндеттемелері;
2. мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
3. банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері
4. сақтандыру мшдеттемелері;
5. әкімшілік және сот алдындағы және басқадай
міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік
ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлдықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР Ұлттық банкінде жинақталған.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және
депозиттік шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай
шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде
қоғамдық қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда
жинақталған жеке қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы
серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына
себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ
сатып алынатын қүрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану
қүралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік
ақашалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады.
Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер
арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер
айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ
қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір
елге займ немесе сүбсидиялар берүі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.Маркс
өз еңбегінде: ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы
ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді -
деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет
етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және
алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)
көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ -доллары, неміс -
маркасы, ағылшын - фунт стерлингі, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы -
еуро, сол сияқты СДР атқарады.
1.3 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері

Ақша өте ертеректе пайда болды, сондықтан да ақша өз даму барысында
бірнеше түрлерге бөлініп әртүрлі сипаттарға ие болды. Мысалы, ақша, өзінің
дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық бағалы) ақшалар және
құндық белгілер (толық бағалы емес ақшалар). .Алғашқы қағаз ақшалар б.э.
XII ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж.
Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс
жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде ақшалар
қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және
т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы
негізінде қағаз ақшалар , яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында
соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-92 жж. ақша
реформасы нәтижесінде алынып тасталды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) - бюджет тапшылығы жабу мақсатында
қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет
белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз
және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің
төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен
де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні - ақша айналымын
икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының
дамуына мүмкіндікжасаүымен сипатталады.
Сонымен, нағыз ақшалар - бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді. Мұндағы металл ақшалар
мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі
формасы - бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX
- X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс
монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ.екінші
жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды,
өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және
алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі
мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі және қасиетін жоғалтпай
бірігетіндігі, сақталғыштығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес
қызметті де бірдей атқарады.
Ал, алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған: Алтын өндірісі тауар өндірісі
артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық
өтей алмады. Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете
алмады. Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымы
ынталандырмады.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері
болған:
металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын
төмендету барысында бүлінуі;
бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте
қымбатқа түсуі;
эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың
құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
Жай банкнота - бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылатын Орталық банктің
билеттерін білдіреді. Бірақ та олар металлға алмастырылмайды, яғни өз
кезегінде банктің активтерімен ғана қамтамасыз етіледі.
Қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын банкноталар алтынмен
қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе
несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының
зыңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде банкноталардың эмиссиялануының келесідей үш жолын бөліп
көрсетуге болады:
1. шаруашылықты банктік несиелеу жолымен;
2. мемлекетті банктік несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық
міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы
барысында;
3. активті төлем балансы бар елдерде (Германияда,
Жапония және т.б.) ресми валюталық резервтерінің өсуі
жолымен.
бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуыСонымен,
алтын айналысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы
елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін
шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға
бастайды.
Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) -номинальдық құны нақты
құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
құнның металлдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта
олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде
пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті
мүмкіндігі,
олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель банкнота, чектер, және
несиелік карточкалар.
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық
міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі болады:
жай вексель
аудармалы вексель.
Жай вексель - борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз
міндеттемесі ал аудармалы вексель (тратта^) -вексель берушінің
(трассанттың) қарызды алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген
мерзімде үшінші бір тұлғаға (ремитентке) төлеу туралы бұйрығынан білдіреді.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып
табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге
аударуы туралы қолына) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы
қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр
индоссант, вексель бойынша бірлескен түрде жауап береді.
Жай веексель мен аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері
болып табылады.
Сонымен қатар, вексельдің мынадай түрлері болады: қаржылық, қазыналық,
достық, бронзалық.
Қаржылық вексель - белгілі бір соманы қарызға беруден туындайтын
қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель - бұл қаржылық вексельдің бір түріне жатады. Қазыналық
вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель - кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір біріне
беріледі.
Бронзалық вексель - нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
• абстрактылық, яғни вексельде мәміленің нақты түрі
көосетілмейлі:
4. даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен
жасағаннан кейін тиісті шара қолданылған дейінгі
қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
5. айналымдық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу
арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің
берілуі, вексельдік міндеттемелерді өзара есепке алуға
мүмкіндік жасайды.
Банкнота - қазіргі уақытта вексельдерді қайта есепке алу жолымен Орталық
банктен шығарылатын, несиелік айналыс құралы.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның
вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса
(3-6 айлық), ал банкнота - мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және
оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдікбереді.
Жалпы банкнотаны екі түрге бөлуге болады: классикалық және жай
банкноталар.
Классикалық банкнота - бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде металлға еркін алмастырылатын, яғни металлмен қамтамасыз етілген
Орталық банктің билетін білдіреді. Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан
айырмашылығы бар: жаратылысына қарай - қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы
ретіндегі қызметінен, ал банкнота -ақшаныңтөлем құралы қызметінен пайда
болған; эмиссиялау әдісі бойынша - қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық
шығарса, ал, банкнотаны - Орталық банк шығарады;
қайтарылуына қарай - классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына
байланысты Орталық банкке қайтарылады, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды,
яғни олар айналысты қала береді;
ауыстырылуына қарай - классикалық банкноттар банкке қайтуына байланысты
алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан
ауытырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқтатылғаннан бастап, банкнота
алтынмен қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі, орталық банктің
вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер және міндеттемелермен
толықты.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда, коммерциялық банктердің құрылып,
олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуымен
байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болған.
Алғашқы чектер 1683 ж. Англияда пайда болды.
Чек - ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығын білдіреді.
Чектің мынадай түрлері бар:
атаулы чек - аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
ордерлі чек - бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша
басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
мәлімдеуші чек - чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген соманы төленеді;
есеп айырысу чегі - заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп
айырысуларда қолданылады;
келісілген чек - банк белгілі бір соманы төлеуге келісім береді.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
1. біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет
етеді;
2. екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін
атқарады;
3. үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу
құралы.
Банктік операциялардың механизациялануы мен автоматтандырылуы, ЭЕМ
кеңінен пайдалануға өтуі электрондық ақшаларды қолданы арқылы қарызды
өтеудің жаңа әдістерінің пайда болуына мүмкіндік жасады.
Банк ісіне ЭЕМ енгізу негізінде чектердің несиелік карточкаларға аүысү
мүмкіндігі түды.
Несиелік карточкалар - бұл нақты ақшалар мен чектердің орнын ауыстыратын,
сондай-ақ оның иесіне қысқа мерзімді несие алуға мүмкіндік беретін есеп
айырысу құралын білдіреді.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету
сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың келесідей
төрт түрі пайдаланылады: саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған,
туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Бірақ та біршама кеңінен
таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады. Бүгінгі күні біздің
елемізде саудаға арналған. Бірақ та біршама кеңінен таралған түріне сауда
карточкаларын жатқызуға болады. Бүгінгі күні біздің елімізде саудаға
арналған несиелік карточкалар мен қатар бензин сатып алуға арналған
несиелік карточкаларда қолданылуда. Экономикада ақшалар әртүрлі мазмұндағы
қызметтерді орындайды.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
6) құн өлшемі және басқа масштабы;
7)айналыс құралы;
8)төлем құралы;
9) қорлану және қор жинау құралы;
10) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне мартеиал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты
якшяпяп ^япткін жанр ілмігЛ апімрм япяпкі
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі - бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы - бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілген
нарықтық бағаға айналады.
Бүгінгі таңца тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес ақашалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналасы мынадай
процесстерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада
келесідей түрде беруге болады: Т (тауар) - А (ақша) - Т (тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп
айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның
айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл
қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және
несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар
атқарады.
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: М (міндеттеме) - Т
(тауар).
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы
серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына
себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі
Ақшаның формалары мен түрлері, атқаратын қызметтері
Акшаның дамуы және нарықтағы маңыздылығы
Ақшаның пайда болу тарихы
Ақша - жалпыға ортақ тауардың эквиваленті
Экономиканың даамуындағы банктік несиенің рөлі және оның шектері
Несиенің экономикалық санат ретінде жалпы сипаттамасы
Ақша қаражаттарының қозғалысы
Банктің несие саясатының түрлері
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер