Азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру және оны қамтамасыз ету



Кіріспе
1. 1 АЗЫҚ.ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азық түлік қауіпсіздігінің ұғымы, мәні және маңызы.
1.2 Азық.түлік қауіпсіздігінің құрылымы, негізгі белгілері және деңгейлері
1.3 Еліміздің ДСҰ.ға енуі жағдайындағы азық.түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары.
2 ЕЛІМІЗДІҢ АЗЫҚ.ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Еліміздің азық.түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
институционалдық негіздері
2.2 Қазақстанның Республикасының азық.түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері
2.3 Азық.түлік қауіпсіздігін қамтамасыз студегі АӨК.інің ролі мен маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Экономикалық қауіпсіздік – елдің экономикалық дербестігінің сақталуы, мемлекеттің шаруашылық жүргізуде өз мақсаттары барысында өз бетінше шешім қабылдай ала отырып, өзінің экономикалық мүдделерін халықаралық экономикалық қатынастарда қорғай алуы, азық-түлік өнімдерінің қабылданған үлгіқалыптар мен нормалар бойынша қажетті көлемі, сапасы және түрлерімен халықты қамтамасыздандыратын мемлекеттің мүмкіндігі. Сонымен бірге экономикалық қауіпсіздік деген ұғымға елдің ресурстық әлеуетіне (қорлар мүмкіндігіне), үйлесімді және үдемелі өсу мүмкіндігіне, әлеуметтік дамуына, экологиясына қатысты аса маңызды мүдделерін қамтамасыз ететін құқықтық, геосаяси, саяси – экономикалық(ішкі ресурстарын жегу мүмкіндігі), жағдайларының біртұтас жиынтығы кіреді.
Әлемдік және отандық ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, экономикалық қауіпсіздіктің үш маңызды құрамдас бөліктерін атап кетуге болады:
- Экономикалық тәуелділік;
- Ұлттық экономиканың тұрақты түрде дамуы;
- Прогресс пен дербес дамуға қабілеттілігі.
Соған байланысты, «экономикалық қауіпсіздік» ұғымына мынадай анықтама беруге болады: ұлттық экономиканың тәуелсіздігі мен оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың жиынтығы. Яғни экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ел тәуелсіздігінің кепілі болып табылады.
Экономикалық қауіпсіздік ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Азық-түлік қауіпсіздігі – ішкі экономикалық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып табылады.
Азық-түлік қауіпсіздігі – экономикалық қауіпсіздіктің маңызды аспектісі ретінде қарастырылады. Экономикалық әдебиеттерде азық-түлік қауіпсіздігі ұғымының қолданылып жүргеніне аса көп уақыт болған жоқ. Ағылшын тілінен аударғанда ол негізінен (food security) екі мағына береді: азық-түлік қауіпсіздігі және азық-түлік тапшылығы.
А.Н.Семеновтың пікірінше, аударманың екінші нұсқасы санаттың мағынасын толығымен ашып тұр, өйткені бұл сөздің мағынасы халықты кепілді экономикалық қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуді түсіндіреді, бірақ сөзбе-сөз аударғанда азық-түлік қауіпсіздігі деген мағына береді.
Н.С.Оглуздиннің айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі - халықты экологиялық таза және ғылыми негізделген нормада, қолжетімді бағада, тұрақты негізде азық-түлікпен қамтамасыз ету дәрежесі.
Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз – қажетті қорлармен, және кепілдікпен қамтылған, сыртқы және ішкі қауіптерден тәуелсіз, азық-түлік өнімдерінің қабылданған моделі мен нормалар бойынша қажетті көлемі, сапасы және түрлері мен халықты қамтамасыздандыратын мемлекеттің мүмкіншілігі. Азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің мәнді бөлігі болып табылады. Азық-түлік тауарлары әрқашан да тұрақты өндіріліп, көлемі барған сайын арта түсу керек. Азық-түлік қауіпсіздігі – жеткілікті көлемде тамақ өнімдерінің ұсынысы мен сұранысының арасында тепе-теңдіктің орын алуы жүретін нарық жағдайы.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігі, қоғамдық өндірістің тиімділігі мен халықтың табысы арқылы анықталады.
Қамтамасыз ету тиімділігі елдің ұлттық қауіпсіздігінің керекті жағдайы мен қажеттілігі ғана болып табылмайды, ол сонымен қатар әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Яғни әрбір мемлекет өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы халықаралық азық-түлік және тұтыну рыноктарының жағдайына тиімді бақылау жасауға көмегін тигізеді.
1.Есполов.Т.И., Бельгибаев К.М.,Сулейменов Ж.Т. Аграрная экономика./Учебное пособие/ -А. 2005. -320б.,115-125б.
2.Н.Ә.Назарбаев «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. Ақорда. 2009 жыл 6 наурыз. 3.Видяпин В.И.,Журавлева Г.П. Экономическая теория.-М. «ИНФРА».-1999.-309с.
4.Словарь иностранных слов. –М.. «Проспект». – 2000. -304с.
5.Ә. Құланбай. «Ауыл шаруашылығы біртіндеп өркендеп келеді». «Айқын» - Алматы. – 2008. -№16-3б. 6.Гумеров Р. Как обеспечить продоволственную безопастность страны. //Российский экономический журнал. -2007. №9.-с61-65. 7.Корбут А.В. Продоволственная безопасность населения //Аналитический Вестник Совета Федерации РФ.-2006. -№3. –с.12-16. 8.Алтухов А. Методология и методика определения уровня продоволственной безопасности страны //АПК. Экономика, управление. -2008. с.2-6.
9. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №301 Заңы. 10.Статистикалық бюллетень. –Алматы. -515б. 11.Оболонцев И., М. Корнилов Продовольственная безопасность//Экономист. -2008.-с.39-42.
12. Нурманов А.А. Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері, диссертациялық жұмыс, Алматы, 2009
13. Қазақстан Республикасы Статистика агеннттігі, Негізгі бет, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2008 жыл
14. Айтаханов Қ. Бастаған істі орта жолда қалдырмайық //Егемен Қазақстан 18 қазан 2008 жыл
15. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі – ең негізгі және өзекті мәселе. //әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-нің Хабаршысы. Алматы. 2008 жыл
16. Байжан К. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру – бүгінгі күннің басты талабы, Егемен Қазақстан // Экономика, 21 Мамыр 2010 жыл
17. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешені
18. Бақтияр Т. Жеңілдетілген несие ауылға берілді, дихандар елбасыға рахметін айтуда// Егемен Қазақстан, Экономика, 23 Сәуір 2010
19. Сатыбалды С. «Қаз АгроҚаржы» қолдаған жобалар// Егемен Қазақстан, Экономика, 07 Мамыр 2010
20. www.kz.today.kz
21. www.goverment.kz

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Қ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономикалық теория кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру және оны қамтамасыз ету

Мамандығы: ЭжеҚН
______________ Мырзатаев А.

Ғылыми жетекші: э.ғ.к.,доцент
_______________ Бейсенбаев Ж.Т.

Сын-пікір беруші: э.ғ.к., доцент
______________ Қалдыбаев
Е.Қ.

Жұмыс қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі: э.ғ.д.,
профессор

___________________Әубәкірова Ж.Ә.

АЛМАТЫ 2011

РЕФЕРАТ

Сонғы жылдары Жер бетінде минералды шикізат ресурстарымен қатар
азық-түліктің де жетіспеушілігі айқын сезілуде. Қазіргі өтіп жатқан
жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мемлекет басшыларының азық-түлік
қауіпсіздігі проблемасын жаңа қырынан қойып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы саласы шешуші рөл атқарады. Алайда
қазіргі кезде агрорыноктық қалыптасу ерекшеліктерін, ауыл шаруашылығы
мемлекеттік реттеу проблемаларын қарастыру ауыл шаруашылығының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, сол арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге байланысты әлемдік тәжірибелерге қосымша талдау жүргізу және ДСҰ-ға
кіру жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігінің мәнін анықтау, азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты
қарастыру, жалпы алғанда азық-түлік проблемасын теориялық және қолданбалы
тұрғыда негіздеу терең зерттеуді талап етеді. Осы тұстан тақырыптың қазіргі
кезде ерекше болып отырғанын байқаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының
мақсаты азық-түлік мәселесін теориялық тұрғыда жан-жақты талдай отырып,оның
жетіспеушілігін қарастыру бойынша теориялық тұрғыда ұсыныстар дайындау
болып табылады. Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
- азық-түлік қауіпсіздігінің теориялық аспектілері зерттеледі, оның мәні
мен құрылымы талданады;
- азық-түлік қауіпсіздігін ДСҰ шеңберінде қамтамасыз етудің өзекті
мәселелері сараланады;
- ҚР-ның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің институционалдық,
сондай-ақ құқықтық аспектілері талданады;
- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі АӨК-інің рөлі ғылыми
теориялық тұрғыда қарастырылады;
Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Дүниежүзілік және отандық азық-
түлік қауіпсіздігін қалыптастыру мен оны қамтамасыз ету саясаты диплом
жұмысының зерттеу нысаны болып табылады.
Диплом жұмысының зерттеу пәні. Азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету шаралары, оны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері және
аграрлық саладағы институционалдық-құқықтық қатынастар диплом жұмысының
зерттеу пәні болып табылады.
Диплом жұмысында келесідей түйін сөздер қолданылған:

- агроөнеркәсіптік кешен;
- аграрлық азық-түлік нарығы;
- азық-түлік қауіпсіздігі;
- экономикалық қауіпсіздік.
Диплом жұмысындағы иллюстрациялар саны – 1 кесте.

Жұмыс көлемі – 53 бет.

Глоссарий

Аграрлық құқық-ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қызметін
ұйымдастыру бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығын көрсететін, нақты құқықтық қағидаларға негізделген, өзіндік
қайнар көздері және әдістері бар қазақстандық құқық жүйесінің бір саласы.

Аграрлық нарық-ауыл шаруашылығы тауарларының нарығы.

Аграрлық құқықтық қатынастар-ауыл шаруашылық өнімдерін
өндіру,өңдеу, тарату нәтижесінде пайда болатын,аграрлық құқықтық немесе
басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін қатынастар.

Агроөнеркәсіп кешені дегеніміз - ауыл шаруашылығының, балық
шаруашылығының өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды,
қайта өңдеу мен өткізуді қамтитын экономмикалық салалардың жиынтығы.
Сонымен қатар, тағам өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы
техникамен,технологиялық жабдықтармен, ақпараттық және басқа да қорлармен,
ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық ( өсімдік санитариясы )
қауіпсіздікті, ғылыми кадрларды дайындаумен қамтамасыз ететін қолдау
көрсетушіөндіріс және қызмет салаларын да қамтиды.

Азық - түлік қауіпсіздігі дегеніміз – сыртқы және ішкі
жағдайларға қарамастан, тамақтанудың физиологиялық нормларына сәйкес
халықтың тамақ өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын тиісті
ресурстармен, әлеуетпен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген
экономиканың, соның ішінде оның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі.

Атаулы субсидиялау – мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз
негізде қаржыландару.

Ауылдық аумақтар – ауылдық елді мекендер мен олардың
маңайындағы жерлердің жиынтығы.

Аралас экономика ( mixed economi ) – мемлекеттік және жеке
сектордан тұратын экономикалық жүйе. Тәжірибе жүзінде көптеген экономикалық
жүйелер аралас болып келеді.

Баға интервенциясы дегеніміз – ауыл шаруашылығы өнімінің
нарықтық бағасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып орташа мерзімдік
әлеументтік – экономикалық даму жоспарында белгіленген, өткен күнтүзбелік
жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық баға деңгейінен артып кеткен
жағдайда ішкі нарықтық тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын,
мемлекеттің осы өнімді мемлекеттік ресурстардан тіркелген бағалар бойынша
ішкі нарықта өткізу бағасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешімі бойынша жүргізілетін іс – шаралар.

Экспорт – белгілі бір тауар түрінің сыртқа шығарылуы.

Экспорттық субсидия – біркелкі уақыттағы кәсіпкелік
қызметті қолдау мақсатында мемлекетпен берілетін сомма.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. 1 АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Азық түлік қауіпсіздігінің ұғымы, мәні және маңызы.

2. Азық-түлік қауіпсіздігінің құрылымы, негізгі белгілері және деңгейлері

1.3 Еліміздің ДСҰ-ға енуі жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету шаралары.

2 ЕЛІМІЗДІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

2.1 Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің
институционалдық негіздері

2.2 Қазақстанның Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
құқықтық аспектілері

2.3 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз студегі АӨК-інің ролі мен маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

1 АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Азық түлік қауіпсіздігінің ұғымы, мәні және маңызы.

Экономикалық қауіпсіздік – елдің экономикалық дербестігінің сақталуы,
мемлекеттің шаруашылық жүргізуде өз мақсаттары барысында өз бетінше шешім
қабылдай ала отырып, өзінің экономикалық мүдделерін халықаралық
экономикалық қатынастарда қорғай алуы, азық-түлік өнімдерінің қабылданған
үлгіқалыптар мен нормалар бойынша қажетті көлемі, сапасы және түрлерімен
халықты қамтамасыздандыратын мемлекеттің мүмкіндігі. Сонымен бірге
экономикалық қауіпсіздік деген ұғымға елдің ресурстық әлеуетіне (қорлар
мүмкіндігіне), үйлесімді және үдемелі өсу мүмкіндігіне, әлеуметтік дамуына,
экологиясына қатысты аса маңызды мүдделерін қамтамасыз ететін құқықтық,
геосаяси, саяси – экономикалық(ішкі ресурстарын жегу мүмкіндігі),
жағдайларының біртұтас жиынтығы кіреді.

Әлемдік және отандық ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып,
экономикалық қауіпсіздіктің үш маңызды құрамдас бөліктерін атап кетуге
болады:

- Экономикалық тәуелділік;

- Ұлттық экономиканың тұрақты түрде дамуы;

- Прогресс пен дербес дамуға қабілеттілігі.

Соған байланысты, экономикалық қауіпсіздік ұғымына мынадай анықтама
беруге болады: ұлттық экономиканың тәуелсіздігі мен оның тұрақты дамуын
қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың жиынтығы. Яғни экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету ел тәуелсіздігінің кепілі болып табылады.

Экономикалық қауіпсіздік ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Азық-түлік
қауіпсіздігі – ішкі экономикалық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып
табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігі – экономикалық қауіпсіздіктің маңызды аспектісі
ретінде қарастырылады. Экономикалық әдебиеттерде азық-түлік қауіпсіздігі
ұғымының қолданылып жүргеніне аса көп уақыт болған жоқ. Ағылшын тілінен
аударғанда ол негізінен (food security) екі мағына береді: азық-түлік
қауіпсіздігі және азық-түлік тапшылығы.

А.Н.Семеновтың пікірінше, аударманың екінші нұсқасы санаттың мағынасын
толығымен ашып тұр, өйткені бұл сөздің мағынасы халықты кепілді
экономикалық қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуді түсіндіреді, бірақ
сөзбе-сөз аударғанда азық-түлік қауіпсіздігі деген мағына береді.

Н.С.Оглуздиннің айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі - халықты экологиялық
таза және ғылыми негізделген нормада, қолжетімді бағада, тұрақты негізде
азық-түлікпен қамтамасыз ету дәрежесі.

Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз – қажетті қорлармен, және кепілдікпен
қамтылған, сыртқы және ішкі қауіптерден тәуелсіз, азық-түлік өнімдерінің
қабылданған моделі мен нормалар бойынша қажетті көлемі, сапасы және түрлері
мен халықты қамтамасыздандыратын мемлекеттің мүмкіншілігі. Азық-түлік
қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің мәнді бөлігі болып табылады. Азық-түлік
тауарлары әрқашан да тұрақты өндіріліп, көлемі барған сайын арта түсу
керек. Азық-түлік қауіпсіздігі – жеткілікті көлемде тамақ өнімдерінің
ұсынысы мен сұранысының арасында тепе-теңдіктің орын алуы жүретін нарық
жағдайы.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігі, қоғамдық өндірістің тиімділігі мен
халықтың табысы арқылы анықталады.

Қамтамасыз ету тиімділігі елдің ұлттық қауіпсіздігінің керекті жағдайы
мен қажеттілігі ғана болып табылмайды, ол сонымен қатар әлемдік азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Яғни әрбір мемлекет өзінің
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы халықаралық азық-түлік және
тұтыну рыноктарының жағдайына тиімді бақылау жасауға көмегін тигізеді.

Азық-түлік қауіпсіздігінің қауіптері нақты және потенциалды, оның ішінде
тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Бірінші түрі отбасының немесе
мемлекеттің азық-түлікті тұтынуда төлемқабілеттіліктің төмендігінен болмаса
азық-түлік дифициті себебінен, болмаса екеуінің де орын алуынан
қиындықтарға тап болуынан туындайды. Азық-түлік қауіпсіздігінің уақытша
қауіптері нақты бір жағдайларға байланысты, азық-түлікке қол жетімділіктің
экономикалық тұрғыдағы (бағаның өсуі, халықтың төлемқабілеттігінің
төмендеуі), саяси (жеткізілімдерге эмбарго жариялау және әлемдік рынокпен
сауда байланыстарын шектеу) немесе табиғи экологиялық (қуаңшылық, су
тасқыны, боран, өрт, топырақтың эрозиясы және т.б.) жағдайларға байланысты
туындайды.

Азық-түлік ресурстарын көбейтуде ішкі мүмкіндіктерді пайдалану: тамақ
өнімдерінің қол жетімділігін сапалы түрде жақсартып, елдің азық-түлік
тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, азық-түлік импортын азайтады.

Тұтынатын азық-түлік өнімдерінің үлесінде импорттың өсуі тікелей ұлттық
экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіреді

Біріншіден, әлемдік азық-түлік рыногының конъюнгктурасының ауытқуларына
объективті тәуелділік ішкі рыноктың тұрақсыздығын күшейтеді. Негізгі
өндіруші мемлекеттердегі астық түсімінің нашарлауы импорттық бағаның кенет
көтерілуіне немесе азық-түлік жеткізілімдерінің мүлде тоқтауына алып келуі
мүмкін.

Екіншіден, ауылшаруашылық жағдайының нашарлауына байланысты экспорттаушы
мемлекеттер импорттаушы мемлекеттерге мақсатты бағытталған бағалық қысым
жасауы мүмкін.

Үшіншіден, белгілі бір экономикалық және саяси артықшылықтарға ие болу
мақсатында , кейбір азық-түлік өнімдерінің халықтың өмір сүруіндегі маңызын
ескере отырып, экспорттаушы мемлекеттер әртүрлі формада қысым жасауы
мүмкін.

Жалпы алғанда, халықтың азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын бағалау
анықталады:

- азық-түліктің физикалық қол жетімділігімен – тамақ өнімдерінің елдің
барлық аумағында, әр уақытта және қажетті ассортиментте болуы;

- азық-түліктің экономикалық қол жетімділігімен – азаматтардың
тұрғылықты жеріне және әлеуметтік статусына қарамастан тамақ өнімдерін
ең құрмаса минималды көлемде тұтынуына мүмкіндік;

- азық-түліктің тұтынушылар үшін қауіпсіздігімен – халықтың денсаулығына
зиян келтіретін тауар өндірісін тоқтату, жою, қадағалау.

Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі көп деңгейлі және біржақты шешім
қабылдаумен шешіле қоймайды. 1996 жылы Рим қаласында 173 мемлекет қатысқан
тамақтану мәселеріне байланысты Бүкіләлемдік конференция өтті.

Конференция баяндалған баяндамаларда дамушы мемлекеттерде 840 млн
адамның ашығатыны баяндалды. Бұған қоса, дүние жүзінде өндірілетін азық-
түлік тауарларының 50%-ын әлем халқының бестен бір бөлігін ғана құрайтын
дамыған мемлекеттер тұтынады. Осы тұрғыда 2015 жылға дейін әлемдегі тойып
тамақ ішпейтін халық санын 2 есе азайту мәселесі қойылған болатын. Әлсіз
мемлекеттерге азық-түлік көмектерін ұйымдастыру қарастырылды. Алайда 2002
жылдың 22 шілдесінде өткен БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық форумында
қойылған мәселелерді әлемдік қауымдастықтың орындамай жатқандығы айтылды.
Статистикалық мәліметтер бойынша әлемде күн сайын 360 адам аштықтан көз
жұмады. Сондықтан да азық-түлік қауіпсіздігі XXI ғасырда да үлкен маңызға
ие болып отыр.

Халық үшін ең маңыздысы тамақ өнімдерінің экономикалық қол жетімділігі.
Тамақ өнімдері бағасының қарқынды өсуі халықтың оны тұтыну деңгейін
төмендетті. Бағалардың жыл сайынғы өсуі халық табысының өсуінен алда
келеді. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша , 2007 жылы тамақ
өнімдерінен ең көп қымбаттаған күнбағыс майы (+96,8%), нан өнімдері
(+38,4%), жұмыртқа (+36,9%), сүт және сүт өнімдері (+28,8%). Тұтас алғанда,
азық-түлік тауарлары 2007 жылы 26,6%-ға қымбаттады. 2008 жылдың қаңтар-
маусымында азық-түлік тауарларының бағасы 2007 жылмен салыстырғанда 27,6%-
ға өсті. Негізгі тамақтану рационына кіретін азық-түлік өнімдерін
халқымыздың 40%-ы тұтынбайды. Себебі, дәл осынша еліміздің азаматтары
күнкөріс минимумынан төмен тұрады. Аграрлық секторда өндірістің және
халықтың тұтыну қабілетінің төмендеуі нәтижесінде жан басына шаққандағы
тамақ өнімдерін тұтыну азайған. Адамға жылына ғылыми негізделген мөлшерде
82 кг ет жеу керек. Ал біздің мемлекеттің әрбір тұрғыны жылына 44 кг ет
тұтынады. Салыстыру үшін: Ресейде – 56 кг, әрбір американдық жылына – 115
кг, европалық – 90 кг ет жейді. Қазақстанда ұлттық стандарттар жалпы
әлемдік мөлшермен салыстырғанда төмендетілген. Сондықтан да, негізгі азық-
түлік өнімдерін тұтыну мәліметтері нақты жағдайға сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы тұрақтанды, ауыл
шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсімі байқалады, инвестициялық климат
жақсарды. Осы және өзге де мәселелер бойынша, 2008 жылдың 22 шілдесінде
ауыл шаруашылық министрі А.К.Күрішбаев Айқын газетіне берген сұхбатында
сөз қозғады. Оның айтуынша, бізде астық өндіру гектарынан 9-10 центнерді
құрайды. Осы жерде айта кететін жайт, Канадада бұл көрсеткіш 17 центнер.
Біз тыңайтқыштарды қалыпты мөлшерден 10 есе аз пайдаланады екенбіз. Қажетті
35 кг орнына гектарына 3,5 кг. Сондықтан да біздің жерлер көп эрозияға
ұшырап жатады.

Қазақстан Республикасында статистикалық мәліметтер бойынша, етті қайта
өңдеу жалпы өндіріс көлемінің 14%, сүт және сүт өнімдерінің 4,5%, астық 5%-
ын құрайды. Дайын өнімдердің өзінің қайта өңдеуші кәсіпорындарының
технологиялық артта қалушылығы, олардың құрал-жабдықтарының моральді және
физикалық ескіру себебінен бәсекеге қабілеттілігі төмен. Егер белгілі бір
өнім түрі бойынша ішкі өндіріс көлемінің 20%-ын құраса, осы өндірістің
стагнациясы жайлы сөзқозғауға болады. Ал егер, бұл көрсеткіш 60 %-дан
асатын болса өндіріс мүлде тоқтайды.

Кейбір сараптамалық мәліметтер бойынша Қазақстанның азық-түлікпен өзін-
өзі қамтамасыз етуі 67-75%. Бұл азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз
етілмеуін білдіреді. Азық-түлік импорты ішкі қажеттіліктердің 16%-нан
асатын мемлекеттер азық-түлік дағдарыстарына икемді келеді.

Лондондық Economist Intelligence Unit (EIU) ғылыми - зерттеу орталығының
есептеуі бойынша алдағы жарты жылда астық тұқымдастарына баға өсімі
байқалмақ. 2007 жылы бидай бағасы 59%-ға, күріш 50%-ға және жүгері 35%-ға
өсті.

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі ушығып тұр . халықты азық
түлікпен қамтамасыз ету импортқа тәуелділік жағдайында жүзеге асырылып
отыр. Азық-түлік сапасының нашарлауы да үлкен мәселе болып тұр. Мамандардың
айтуынша, біздің мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
әлемдік дағдарыс қана емес, сонымен бірге ішкі олқылықтар да әсер етіп
отыр. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанындағы
Экономика институтының мәліметтері бойынша, елдегі өндіріс ресурстарының
тиімді жұмыс істеу коэффициенті өте төмен. Мәселен, отандық өндіріс
макарондарымен Қазақстан - 34%-ға, сұйық маймен - 35%-ға, көкөніс,
картоппен - 10%-ға ғана қамтамасыз етілген. Бұл агроөнеркәсіптік кешеннің
тиімді дамуы орын алса отандық нарық толып қалатын негізгі тамақ өнімдері.

Ауылшаруашылығы өндірісінің төмендеуі тамақ өнеркәсібінің дағдарысын
алып келді. Бұндай реформалаудың нәтижесінде ауылшаруашылығы жалпы өнімінің
көлемінің 1990 жылғы 34%-дан 2007 жылғы 5,5%-ға төмендеуі орын алды.

Тұтынатын азық-түлік өнімдерінің көлеміндегі импорт үлесінің жүйелі
түрде өсуі елдің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

2011 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту мақсатында
негізінен КазАгро ұлттық холдингінің қызметін одан әрі дамыту көзделген.

Қазіргі кездегі агроөнеркәсіптік кешен жағдайының негативті тұстарына
жатады: халықтың төмен табысы және қала халқымен салыстырғанда ауылды
аймақтарда кедейшіліктің жоғары деңгейі, жұмыссыздық, әлеуметтік мәні бар
игіліктердің ауыл халқы үшін қол жетімсіздігі, денсаулық көрсеткіштерінің
нашарлауы.

Жоғарыда аталған факторлар әлеуметтік мәселелер тудыруда. Осыған қоса,
бұл ауыл шаруашылығын модернизациялауға кедергі келтіріп, ауылды
аймақтардың дамуын тежеп отыр.

Рыноктық инфрақұрылымның және қалыпты бәсекелік ортаның жоқтығынан
ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігі төмен. Агроөнеркәсіптік кешеннің
тартымдылығы төмен болғандықтан оған салынатын инвестициялар көлемі де аз.
Тауар өндірушіге несиелік ресурстар қол жетімсіз, өйткені банк секторы
тәуекелі төмен экономика салаларында жұмыс істеуді жөн көреді.

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі мен сапасы ауылшаруашылығы
және АӨК жағдайына тікелей тәуелді.

Соңғы жылдары Қазақстанда елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері
белсенді талқылануда. Мемлекет өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуге,
яғни өзінің аграрлық секторының және аграрлық протекционизмнің дамуына ден
қоюда. Сөйтіп, аграрлық экономистердің дәстүрлі еңбектерінде келесідей
тұжырымдар кездеседі:азық-түлік қауіпсіздігі – азық-түлік өнімдерінің 80%-
нан көбін өзі өндіретін экономиканың жай-күйі.

ҚР азық-түлік қауіпсіздігінің қауіптеріне:

- егістік алқаптарының азаюы;

- мал басының азаюы;

- ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін және сақтайтын салалардың
дамымауы;

- азық-түлік және ауылшаруашылық технологияларының импортына тәуелділік;

- ауылшаруашылық машиналарын жасаудың дамымауы;

- табиғи апаттарға дайындықтың болмауы;

- агрономия бойынша кадрларды дайындау сапасының төмендеуі;

- ауыл жастарының жаппай қалаға кетуі және т.б. жатады.

Азық-түлік қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қауіптерін жоюға бағытталған
алғашқы кезектегі шаралар мыналар болуы мүмкін:

- ауылшаруашылығы өнімдерінің бағаларын мемлекеттік және рыноктық
реттеудің үйлесімділігі;

- азық-түліктің негізгі стратегиялық түрлері бойынша импорт көлемін
реттеу;

- ТМД елдерінің бірыңғай азық-түлік рыногын құру ;

- өзімізде өндіруге болатын азық-түлік өнімдерінің түрлерінің импортын
қысқарта беру;

- ел ішіндегі азық-түлік бағаларын мемлекеттік деңгейде реттеп отыру.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы мен
агроөнеркәсіптік кешеннің жағдайына тәуелді. Республиканың ауылшаруашылық
саласы қашанда табиғи-климаттық факторларға тәуелді. Сондықтан да кез -
келген мемлекет ауыл шаруашылық саланы белгілі бір мөлшер мен шектерде
реттейді, ал реттеудің өзі мемлекеттік қолдау түрінде жүзеге асады. Себебі
ауыл шаруашылық өнімдері қағаз өндірісіне, жеңіл, тамақ және химия
өнеркәсібінде және басқа өнеркәсіп салаларында шикізат болып табылады.
Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтудың бірден бір көзі. ДСҰ-на кіру
қарсаңында қазақстанда бәсекеге қабілетті, дайын өнім шығару мәселесі өткір
қойылып отырғаны белгілі. Бұл ең алдымен ауылшаруашылық саланы дамытуда
маңызды орын алады. Елбасы атап көрсеткен 7 кластердің біреуі осы
ауылшаруашылық саласына арналуы да тегін емес.

Елімізде ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау шаралары әрқашан
жүзеге асырылып келеді. Мәселен, 2006 жылғы ауыл шаруашылығына мемлекеттен
бөлінген қаржы көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға артып, 77 млрд 25
млн теңгені құраған. Мұның өзі мемлекет қаржысының жылдан-жылға артып келе
жатқанын көрсетеді. Алайда, бұл салада түйіні шешілмеген мәселелер де жоқ
емес. Оның ең бастысы - ауыл шаруашылық өнімдерінің ішкі рынокта да,
сыртқы рынокта да бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады. Мәселен, астық
өндіру 2000-2005 жылдар аралығында әр гектарға 8,4 центнерден 11,8
центнерге дейін болса, мұның өзі Ресейдегі көрсеткіштен 2 есе, Канададан
2,3 есе төмен. Әр сиырдан алынатын орташа жылдық сүттің көлемі небары 2117
кг-ды құрап, Ресейдегі деңгейден 30%-ға Канададан 70%-ға төмен болып отыр.
Сонымен қатар, әлемдік рынокта Қазақстан астығының қамырлылық коэфициенті
жоғары екендігі мойындалған, алайда оның сатылу бағасы Канаданың астығына
қарағанда 2-2,5 есе төмен болып отырғандығы осы салада маркетингтің және
менеджменттің де дамымай отырғанын көрсетеді.

Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерінің әр түрін өсіріп, өндіруге
қолайлы табиғи жағдай болғанымен, оны тиімді пайдалана алмай келеміз.
Тіпті, арнайы экономикалық аймақтардағы (АЭА) бәсекеге қабілеттілік
индексінің өзі салыстырмалы түрде импортталған тауарларға қарағанда әлі де
төмен. Егер шет елдермен салыстыратын болсақ, көптеген елдерде ауыл
шаруашылық өнімдерін алыс қашықтыққа тасымалдауға транспорттық дотациялар
әрекет етеді. Мәселен, Австралияда, Аргентинада, Канадада және АҚШ пен ОАР-
да ауыл шаруашылық өнімдерін алыс қашықтыққа тасымалдауда мемлекеттік
дотациялар көлемі тарифтік бағаның 35%-на дейін жетеді. Бұл көрсеткіш
Оңтүстік Еуропа елдерінде 25%-дан, Оңтүстік –Шығыс Азия елдерінде 40%-дан
төмен емес. Канадада осы кезге дейін астықты сақтауға және далалық
провинциялардан Батыс және Шығыс жағалаулардағы экспорттық пункттерге
жеткізуге субсидиялар әрекет етіп келді. Сонымен бірге 1995 жылы ауыл
инфрақұрылымын және ауылдық жерлерде өңдеуші кәсіпорындарды дамыту үшін 300
млн доллар көлемінде бейімдеу қоры құрылған болатын. Тауарлы өнім құнына
есептесек ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі Австрияда 44%,
Финляндияда-72%, Швецияда – 47%, Швецарияда - 76%-ды құрайды. Ауыл
шаруашылық тауар өндірушілерінің тұрақты және қолайлы қызмет етуі, олардың
өндірген өнімдерінің бәсекеге қабілеттігінің артуы көп жағдайда ауыл
шаруашылығының қызмет етуі барынша өткір әрі көкейкесті проблемаға айналды.

Қазіргі кезде Қазақстанда ауыл шаруашылығына әкелініп жатқан тракторлар
саны орта есеппен 1200-1500, комбайндар 2500 дана немесе 2000 жылмен
салыстырғанда 4-5 есе артық. Алайда бұл көрсеткіштер материалдық –
техникалық базаның жағдайына оң әсер етіп отырғанын көрсетпейді.
Нәтижесінде 1 тракторға және комбайнға келетін маусымдық жүктеме шет
елдерге қарағанда анағұрлым жоғары. Бүгінде республикада 296 МТС жұмыс
істеп тұр.

Дегенмен, олардың қызмет көрсету көлемінің айтарлықтай ауқымды емес
екенін атап өтуіміз керек. Жалпы жұмыс көлемінде олардың үлесі шамамен 32%-
ды құрайды. МТС-тардың негізгі кемшіліктеріне жеткізу қызметі құнының
жоғарылығы, МТС-тардың ауыл шаруашылық өндірісінің түпкілікті нәтижесіне
деген қызығушылықтарының жойылуы жатады. Мұндай жағдайда ірі шаруашылықтар
МТС көрсететін қызметтерден бас тартып, ол жұмыстарды өз күштерімен
атқаруға ұмтылады, ал ұсақ шаруашылықтар экономикалық қатынастардың
формальді емес формасына талпыныс білдіреді. Өз кезегінде көптеген МТС-тар
қызмет көрсету кәсіпорны ретінде қолайлы өндіріске қызығушылық таныта
қоймайды. Мысалы, 2004 жылдың басында республикадағы МТС-тардың саны 600-
ден 300-ге дейін немесе 2 есеге қысқарды.

Бізде отандық азық-түлік тауарларының көлемі жағынан да, ассортименті
мен сапасы жағынан да артта қалуының себебі белгілі. Егіншілік саласын
алсақ, әлі күнге дейін өндірісті әртараптандыру мәселесінде сылбырлық
басым. Егістік алқабы 18 млн гектарды құрайтын болса, соның 65%-на арпа мен
бидай егіледі. Майлы дақылдардың үлес салмағы аз. Соңғы жылдары мемлекеттің
егін шаруашылығын саясатының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізе бастадық
деп айтуға болады. Мәселен, 2005 жылы майлы дақылдарды егу алқабы 33 мың
гектарға артса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 758 мың гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығын несиелеу жағдайына келетін болсақ, республикада азық-
түлік бағдарламасының аясында астық қолхаттарын кепілдендіру жүйесі
енгізіліп, ол өзі жұмыс істей бастаған екі жылдың ішінде ТМД, Шығыс еуропа,
Қара теңіз бассейні аумағындағы елдер арасында ең үздік жүйе ретінде
танылып үлгерді. Осы қордың кепілдендіруі мен Дүниежүзілік Банк, Еуропаның
қайта құру және даму банкі, Robobank international, Natexis bank секілді
халықаралық қаржы ұйымдары еліміздің астық шаруашылықтарын несиелендіре
бастады. Оған қосымша қордың кепілдендіруі әртараптандыру мен екінші
деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 30 млрд-тай
теңгенің несиесін бөлді. Өз сөзінде Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы
өкілдігінің басшысы Лу Брефор: Соңғы жылдары Дүниежүзілік Банк
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын көтеруге біраз жәрдемдесуде. Қазақстан мен
Дүниежүзілік Банк арасында осы сала бойынша екі жақты келісімдердің қол
қойылуына елдің 40% халқының ауыл шаруашылығына тәуелді болып отырғаны
себеп деген болатын. Ауыл шаруашылығын несиелеу саясатында жаңа
механизмдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Мұның бір жолы – коммерциялық
банктерге ауыл шаруашылығы саласына, ауылды жерлерде даяр өнімді
өндірушілерді қаржыландыруға несие бөлетін болса, одан түсетін банк
пайдасына 50-ден 75% мөлшерінде салық жеңілдіктерін енгізу қажет және
Қазақстан жағдайында тиімді нәтижелерге әкелері сөзсіз. Әрі негіздік жұмыс
істеу саласы банк қызметі болып табылмайтын коммерциялық кәсіпорындардың
ауылды жерлерде несие берумен айналысуына жеңілдік жасаған жөн. Бұл несие
саласындағы бәсекенің дамуына жағдай жасап, несие пайызының аспандап
кетпеуіне себеп болар еді. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығында қызмет ететін
фермерлер мен бизнесмендер(ауылшаруашылық кәсіпкерлері) арзанырақ несие
алуға қол жеткізіп, бұл олардың бизнесінің дамуына оң әсерін тигізеді.

Мал шаруашылығында мал басы санының тұрақты өсуі байқалады. Осы жылдың
басында мал саны 56666,5 мың бас , соның ішінде қой-ешкі 15216,7 мың, жылқы
– 12199,9 мың, шошқа – 1301,0 мың және құс 28 млн бас болды. Бірақ, бұл
саланың интенсивті дамуы аса жақсы деп айту қиын. Өйткені, ірі қараның, қой-
ешкінің, жылқының, шошқаның 80%-ы жеке шаруалардың үлесінде. Тиісінше сүт
пен жүннің басым бөлігін де солар өндіреді. Мал шаруашылығын дамытудың
басты шарты – рентабельділікке қол жеткізу. Бұған жағдай жасағанда ғана
қаржы мәселесін шешуге болады.. Еуропада бұған нақты есептің жасалуы негіз
болса, іргедегі моңғол елінде бұған ааз шығын жұмсалады. Баға
қалыптастырушылықты дамытуда АҚШ-тың тәжірибесін ұстанған жөн. Мал
шаруашылығы өнімдері өндірісін мемлекеттік реттеу АҚШ-та – 19 млрд доллар,
Ресейде – 32 млрд рубль көлемінде субсидиялау жолымен шешіледі. Сүтті мал
шаруашылығын мемлекеттік жыл сайын орта есеппен әр фермерлік шаруашылыққа
2 мың доллар немесе әр мал басына 316 долларды құрайды. Сәйкесінше
Финляндияда 30 мың доллар және әр мал басына 1,1 мың доллар , Жапонияда
-17 мың доллар, әр мал басына 510 доллардан келеді. Жалпы өнім көлемі 300
млн тенгеден жоғары ауыл шарушылық кәсіпорындары 20-40% көлемінде
рентабельділікке қол жеткізсе, 100-300 млн теңгеге дейін өндірісте бұл
көрсеткіш 15-30% құрайды.

Шаруашылықты дамытудың басты жолы – кооперациялау екендігінде дау жоқ.
Елімізде кооперацияларды дамыту үшін кең көлемді құқықтық база қалыптасқан.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілгін арттыру үшін тағы бір
іс-шара, яғни әкімшілігін интернеттендіру қажет. Бүкілқазақстандық ауыл
шаруашылығы электрондық биржасын құру қажет. Сол арқылы ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілері қайсы жерде қай ауыл шаруашылығы тауары қандай бағамен
сатыларын біліп, соңғы ақпараттарды алып отыруына қол жеткізеді және бағыт-
бағдарды аңғарады.

Нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін алға
жылжытудың бірқатар алғышарттары жасалды. Олардың қатарына көктемгі далалық
және егін орағы жұмыстарын жеңілдікпен несиелеудің ауыл шаруашылығы
техникалары және өңдеу кәсіпорындары құрал - жабдықтарының қолға
алынғандығын жатқызуға болады. Тыңайтқыштарды, өсімдіктерді, химиялық
қорғау құралдарын, элиталық тұқымды тиісті көлемді алуға қосымша қаржы
бөлінді. Дегенмен, толығымен алғанда, осының бәрі отандық өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға септігін тигізе алмай отыр. Сондықтан осы салада
жаңа тетіктерді жүзеге асыру қажет. Бүгінде жұмыс істеп тұрған 180 мың ауыл
шаруашылығы құрылымының тек 10 шақты ірі кәсіпорны ғана халықаралық
стандарттарға сәйкес келеді. Бұлай болатыны, еңбек өнімділігін арттыру үшін
техникалық жағынан жарақтандыру қажет. Осы тұрғыда, елбасы Н.Ә.Назарбаев
өзінің кезекті халыққа жолдауында: Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын
өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы
аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп
санаймын, - деп осы саланы индустрияландыруға тиімді нәтижелерге
әкелетінін атап айтқан болатын.

Адамзат қоғамы қанша уақыт өмір сүрсе, азық-түлік қауіпсіздігі оның өмір
сүруінің негізі ретінде өзінің өзекті мәселе екендігін ешқашан жоймайды
және жойған да емес. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін
қарастырмас бұрын ең алдымен оның экономикалық мәні мен құрылымын анықтап,
теориялық қырларын негіздеу қосымша зерттеуді қажет етеді және де ол
үздіксіз зерттеу үдерісі болуы тиіс.

2. Азық-түлік қауіпсіздігінің құрылымы, негізгі белгілері және деңгейлері

Азық-түлік қауіпсіздігінің құрылымы көп деңгейлі иерархия болып
табылады. Оның негізін азық-түлік мәселелерін шешуші тұлға мен оның
қызметтері құрайды. Азық-түлік қауіпсіздігінің басты мәселесі адамның азық-
түлікке деген қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Бұл мәселені
белгілі бір қоғамдастыққа деген қатынас тұрғысынан қарастырған жөн. Соған
байланысты азық-түлік қауіпсіздігінің құрылымдық сызбасы мына кестеде
көрсетілген.

Азық-түлік қауіпсіздігінің құрылымы*

Деңгейі Мәселені шешуші тұлға Тұлғаның қызметі
Ғаламдық БҰҰ және арнайы Мемлекеттердің
ұйымдар (ФАО, ДСҰ, МСФР) экономикалық тұрақты
дамуына ықпалдасу,
азық-түлікпен қамтамасыз
ету мен азық-түлік
қорларын құруға
байланысты ұзақ мерзімді
бағдарламалар жасау
Ұлтаралық (мемлекет Сауда, баға, Мемлекеттің тұрақты
аралық) стандарттау бойынша шарт экономикалық дамуына
қабылдаумен байланысты ықпалдасу, мемлекеттік
құрылған ұйымдар (ТМД, ЕОжәне мемлекетаралық
және т.б) азық-түлік қорларын құру
Ұлттық (мемлекеттік) Мемлекеттің атқарушы Азық-түліктің сапалық
және заң шығарушы көрсеткіштерін жақсарту,
органдары экономикалық дамуы мен
сұраныс пен ұсыныс
арасындағы балансты
қамтамасыз ету,
мемлекеттік азық-түлік
қорларын құру
Өңірлік Өңірлік мемлекеттік Тұрақты экономикалық
органдар (облыс, дамуды қамтамасыз ету,
республика) аймақтық азық-түлік
қорларын құру
Жергілікті Жергілікті басқару Үй шаруашылығында
органдары (аудан, табыс алуға жағдай жасау,
муниципалитет) азық-түлікпен қамтамасыз
ету және сапасын бақылау
Отбасылық Үй шаруашылығы Азық-түлікті сатып
алу және тұтыну

*Ескерту автордың жеке зерттеулері нәтижесінде жасалған

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешетін, төменгі деңгейдегі тұлғаның
өзіндік сипаттамалары бар (табыс көлемі, шаруашылық жүргізу қағидалары және
т.б) отбасы немесе отбасылар жиынтығы болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің келесі деңгейі, белгілі бір
территорияда (аудан, муниципалитет) тұру белгісіне байланысты біріктірілген
адамдар қоғамдастығы. Бұл құрылым әкімшілікпен басқарылады және оның
міндеттеріне жататындар: тұрғындарының табыс табуына жағдай жасау, сауда
орындарына азық-түлік жеткізу, өнімнің сапасын бақылау. Мемлекеттік азық-
түлік мәселесін шешуге мүмкіндіктері көп және бұл мақсатқа жету Үкімет пен
Заң шығарушы органдарға тиесілі. Олардың міндеттеріне экономикалық өсуді
тұрақтандыру, мемлекеттік азық-түлік қорларын құру, ұсыныс пен сұраныс
балансын қамтамасыз ету жатады.

Ұлтаралық (мемлекетаралық) қоғамдастық әдетте, ұйымдастырылу дәрежесі
төмен. Бірақ, оған кері мысалда жоқ емес, Еуроодақтың өзінің ортақ
парламент пен үкімет бар, және экономикалық кірігу дәрежесі де жоғары.

Азық-түлік мәселесін шешудің ең оңтайлы жолы – деңгей тұлғаларының
бірлескен іс-қимылдары болуымен қатар, әр тұлға өзіне қатысты нақты
міндеттерді де шешуі керек. Мысалы, жеткілікті тамақтанбайтындардың санын
азайту мен аштықтың алдын алу бұл барлық деңгейдегі тұлғалардың қызметіне
қатысты болса, ал тұрғындардың нормаға сәйкес тамақтануын қамтамасыз ету,
бұл мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде қарастырылады.

Иерархиялық (тікелей) құрылымы мен қатар азық-түлік қауіпсіздігінің
көлбеу құрылымы бар, әсіресе бұл ұлттық деңгейде анық байқалады. Бұған
сәйкес, ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін экономикалық және ұлттық
қауіпсіздік ұғымдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымыз керек.

Азық-түлік қауіпсіздігін ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді іске
асыратын 30-дан аса халықаралық ұйымдар бар. Олардың басты міндеттеріне:

- мемлекеттердің экономикалық тұрақты дамуына көмек көрсету;

- өндіріс, импорт, азық-түліктік көмек пен барлық халықтың азық-түлікке
қолжетімдігін қамтамасыз ету, азық-түліктік қорларын құруға байланысты
ұзақ мерзімді бағдарламалар жасау кіреді;

Бұл бағытта қызмет ететін басты мекемелер БҰҰ-ның жанынан құрылған
халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО)мен Халықаралық ауыл
шаруашылығының даму қоры (МФСР). Нақты азық-түлік қауіпсіздігі мәселесімен
әлемдік деңгейде Дүниежүзілік азық-түлік кеңесі (ВПС) және әлемдік азық-
түлік бағдарламасы айналысады.

Қазіргі кезде ФАО екі бағытта жұмыс істейді:

- азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану;

- ауыл шаруашылығымен ауылдың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Әлемдік қоғамдастықтың демек, ФАО алдында да шешімін таппай тұрған
мәселелер де бар. Олардың бастылары мыналар:

- халық санының өсу қарқынының жоғарлығы;

- көптеген мемлекеттердегі ауыл шаруашылық өндірісі деңгейінің
төмендігі;

- дамыған елдердің дамушы елдерге көмек мөлшерін азайтуы;

- табиғи ресурстарының азайуы;

- аштықты сезінетін халық санының өсуі;

Қордағы астық көлемі мен жан басына шаққандағы өндірілген астық
көлемімен байланысты анықталатын ФАО-ның әдістемесін қолдай отырып, оның
тек жоғары деңгейдегі - жаһандық және мемлекетаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз еткенде ғана тиімді екенін көреміз. Ал, ұлттық, аймақтық,
жергілікті, деңгейлерді сипаттау үшін бұл көрсеткіштер әлі де аз.

Мемлекеттік және мемлекетішілік азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайын
бағалаған кезде мыналарды негізге алу дұрыс нәтиже береді. Халықтың жасын,
жынысын, кәсібін, тұрғылықты жерін және үйлестірілген тамақтануын азық-
түліктің энергетикалық құндылығы мынадай формуламен сипаттауға болады.

G=Em 12q (1)

G-өнімдердің энергетикалық құндылығы;

m-өнімнің салмағы;

q-өнімнің энергетикалық құндылығы

Мемлекеттің немесе жеке аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін бағалау үшін
мыналар қажет.

Халықтың негізгі топтарының ең көп тұтынатын өнімдер тізімін анықтау.
Бұл өнімдер тамақтану рационында тұтыну мөлшері бойынша жоғары сатыда болуы
керек және бұл өнімдер өзара алмасымды болмауы керек. Калорияға деген
қажеттіліктің 85%-дан кем емес мөлшерін қамтамасыз ететін өнімдердің
минималды түрлері құрайды.

Қазақстан үшін негізгі азық-түлік өнімдеріне мыналарды жатқызамыз:

- нан және нан өнімдері;

- картоп;

- жеміс-жидек;

- қант;

- өсімдік майы,

- ет және ет өнімдері;

- сүт және сүт өнімдері;

- жұмыртқа;

- балық;

Бұл өнімдер халықтың тамақтану рационының шамамен 90%-дай қуаттылығын
қамтамасыз етеді.

Негізгі көрсеткіштерді немесе жан басына шаққандағы азық-түліктің әрбір
түрін тұтыну көлемін анықтау.

Сапалық көрсеткіш пен азық-түліктің қауіпсіздік талаптарын анықтау.

Сонымен, мемлекеттің алдында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
белгілері төмендегідей:

- халықтың жеке топтарының жалпы шығындарындағы азық-түлікке жұмсалатын
шығындар үлесі;

- азық-түліктің территорияға байланысты қол жетімдігі (бір тауардың әр
аймақтағы бағаларын салыстыру арқылы анықталады);

- шығындарды азайтатын және үй шаруасында уақыт үнемдейтін жаңа тауарды
тұтыну үлесі;

- тауарлардың сапалық дәрежесі (тауар сапасының адам денсаулығы мен өмір
сүру ұзақтығына әсері, соның ішінде гендік инженирия мен биотехнология
әдістерін қолданудан алынған азық-түлікке байланысты);

Н.С.Оглуздин мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздік дәрежесін сипаттау үшін
5-балдық бағалау жүйесін қолдануды ұсынады. Оның ойынша мемлекеттің азық-
түлік қауіпсіздігі келесі жағдайларда:

- нарықтағы отандық өндірушілердің өнімі 85%-дан кем болмаса;

- халықтың экологиялық таза және денсаулыққа пайдалы, ғылыми негізделген
нормаға сәйкес жынысына, жасына, еңбек жағдайына, табиғи-климаттық
жағдайына , ұлттық дәстүріне байланысты азық-түлікпен қамтамасыз етілсе;

- табиғи апат, соғыс және төтенше жағдай болуын ескере отырып, азық-
түліктің стратегиялық қорының құрылуы. Бұл қор мемлекетте азық-түлікті
нормалы бөлу енгізілген жағдайда, 5 жыл көлемінде аштықтан сақтануға
мүмкіндік берілсе;

- агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) , орман және балық шаруашылығы тұрақты
дамығанда;

- ғылым дамуының әлемдік деңгейде болуы, мал шаруашылығының генофонды
мен өсімдік шаруашылығының дамуын қолдап жақсартып отырғанда қамтамасыз
етіледі.

XX ғасырдың 50-ші жылдарында Жапонияда азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз
ету көрсеткіші қолданыла бастады. Оның коэффиценті өндірілген және
тұтынылған өнім бағасының пайыздық қатынасымен сипатталады. Кейінірек
есептеудің тағы екі әдісі қолданыла бастады. Біріншісі халық тағамының
энергетикалық қуатын, ал екіншісі біріншілік калорияны (арнайы мал
шаруашылығы өнімін өндіру үшін қажет мал азығындағы калория мөлшері)
негізге алды Соңғы әдіс ең төменгі нәтиже береді. Өзін-өзі қамтамасыз ету
коэффициенті 1960 жылдан кейін (алғаш рет есептелген) төмендеуде, 1960
жылы - 93%, 1965 жылы-88%,1970 жылы - 79%, 1975 жылы - 75%. Жапонияның бұл
көрсеткіш бойынша , басқа дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай
ерекшелігі бар, әсіресе азық-түлік тауарларын импорттайтын Италия,
Германия, Голландияға қатысты.

Мемлекеттің азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі ішкі ресурстармен,
импорт көлемімен, АӨК-інің деңгейі және даму қарқынымен, стратегиялық азық-
түлік қорының көлемімен сипатталады.

Мемлекет азық-түлік қауіпсіздігін және оптималды экспортты қамтамасыз
ету үшін, азық-түлік ресурстарының шегін мына деңгейде ұстап тұруы шарт:

- ішкі рыноктағы отандық өндірушілердің өнім көлемі – 80-85%

- импорт -15-20%

- экспорт -15-20%

Мемлекеттің импортталатын азық-түлікке тәуелділік коэффициентін
есептеудің процедурасын қарастырайық. Есептегенде төмендегі формуланы
қолдану ұсынылады:

К=ИП (2)

Мұндағы,

И-осы өнімнің импорт көлемі;

П-осы өнімге деген мемлекет сұранысының көлемі

Сонымен қатар, азық-түлікті тәуелділікті үш деңгейде қарастыруға болады.

- Азық-түліктік тәуелділік 0,1 мен 0,2 аралығында-қауіпсіз;

- 0,25пен 0,3 аралығында-орташа;

- 0,5тен жоғары болса, қауіпті болып саналады.

Бұл көрсеткіштерді нарыққа өтпелі экономикалы елдерде пайдалану өте
тиімді болып келеді. Өйткені, бұл елдердің сыртқы саудасының
либерализациялануына байланысты, шетел тауарларының экспанциясы отандық
өндірушілерді нарықтан ығыстыруда. Қазақстанның - 35%, Ресейдің
-40%,украинаның-45% азық-түлік ресурстары қалыптасуда. Бұл деректерге
сүйене отырып, аталған елдердің азық-түліктік тәуелділігі орташа деңгейде
екенін байқаймыз.

Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, азық-түлікпен қамтамасыз етудің 7
сатысы ажыратылып көрсетілген:

• Бірінші деңгей жан басына шаққандағы тәуліктік тұтыну деңгейі 1800-
2300 ккал аралығында, бұл мөлшер созылмалы жете тамақтанбаудың алдын-алуға
мүмкіндік береді.

• Екінші деңгейде жан басына шаққандағы тәуліктің тұтыну деңгейі 2300-
2800 ккал құрайды, бұл мөлшер жағдайында эпизоттық ашығулар болмайды және
халықтың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

• Үшінші деңгейді бір адамның орташа күндік тұтыну мөлшері 2800-3000
ккал құрайды. Бұл кезде азық-түлік ресурстары қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жеткілікті, бірақ тамақтану үйлестірілмеген.

• Төртінші деңгейде күніне жан басына 3300-3500 ккал аралығында тұтыну
тән және ақуыз, дәрумен басқа да қажетті компоненттерді үйлестірілген
тағамдарды тұтыну.

• Бесінші деңгейде тұтыну тағамдары үйлестірілген болуымен қатар,
экологиялық таза болуы керек.

• Алтыншы деңгейде үйлестірілген және экологиялық таза өнімдерді орташа
жан басына шаққандағы тұтыну ғана емес, әлеуметтік барлық топтардың
мүмкіндігі болуы.

• азық-түлікпен қамтамасыз етілудің соңғы деңгейі тамақтану құрылымының
адам денсаулығын жақсарту мен өмір ұзақтығын көбейтумен сипатталады.

Жалпы айтқанда, ғылыми – зерттеу еңбектерінде азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін ең алдымен оның құрылымы зерттеледі. Әрине, әртүрлі
еңбектерде ол әртүрлі қарастырылған, кейбіреуінде негізгі белгілері бойынша
болса, ендігісінде тіпті басқаша қырынан болуы мүмкін.

1.3 Еліміздің ДСҰ-ға енуі жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету шаралары.

Кез - келген мемлекет өз дамуында тек өз шекарасымен шектеліп қала
алмайды. Сонымен қатар, қазіргі жаһандану жағдайында интеграциялық
бірлестіктермен және әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, әлемдік
нарыққа ену кез келген мемлекеттің, соның ішінде еліміздегі сыртқы
экономикалық саясаттың басым бағыттары болып отыр. Әрине, ДСҰ-ға кіру
қажеттіліктерінің бірнеше себептеріне тоқталсақ, олар біріншіден, жаһандану
үдерісімен байланысты, яғни еліміз осы ұйымға мүше болса әлемдік
қоғамдастықтың ашық нарықтық экономикалы, әлемдік шаруашылық пен әлемдік
құрылымға интеграцияланған және оның дамуына ықпал етуші ел ретінде
танылады. Екіншіден, бағананың төмендеуі импорттық тауарлар мен
қызыметтерде ғана емес, өндірісте импорттық компоненттер қолданылатын
отандындық тауарлар да байқалады. Сонымен бірге, дамыған елдердің
стандарттарына жақын келетін тұтынудың құрылымы мен көлемінде өзгеріс
орын алады. Төлемқабілетті сұраныстың артуы өз кезегінде өндірістің
өсуі мен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарғанын
білдіреді. Үшінші ден, отандық экономикаға шетел инвестициясының ағыны
артады, бұл өз кезегінде отандық өндіріс дамуына, елдің экономикалық өсуі
мен өндірісті жаңалаудың қуатты көзінің негізіне айналып, өнеркәсіптік
өндірісті модернизацмялауға, экспорттың өсуіне жаңа технологиялардың келуі
мен жұмыс орындарының көбеюіне және жергілікті мамандардың біліктілік
деңгейініғң артуына өз ықпалын тигізеді, төртіншіден, бүгінде ДСҰ-ға 153
мемлекет мүше, Қазақстан сол елдермен бізге тиімді сауда-экономикалық
әріптестікті орнатуға және реттеуге мүмкіндік алады. ДСҰ-ға мүше болу
келесідей салаларда, стандарттар, санитарлық, фитосанитарлық шаралар,
мемлекеттік қолдау мен субсидияларда қолдану, лицензиялау, мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру және тағы басқа салаларда біріңғай ережелер мен
әдіс-тәсілдерді сақтауды талап етеді. Бесіншіден, Қазіргітаңда ДСҰ-да АҚШ,
Жапония, ЕО сияқты дамыған елдердің ықпалы күшті, дамыған елдердің ықпалы
мүлде жоқ десе де болады. ТМД елдердің ДСҰ-ға енуі бұл саясатты өзгертуге
тиіс. Бұл ретте еліміз ТМД-ның мүшесі ретінде дамушы елдердің ДСҰ-ға
мүддесін көздейтін саясат қалыптастыра алады. Енді осы жерде ДСҰ-ның
ұйымдастыру-құқықтық негіздеріне тоқталсақ.

ДСҰ 1995 жылы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және саяси
қатынастарды ретеу мен халықаралық сауда либерализациялау мақсатымен
құрылған халықаралық ұйым. ДСҰ жаңа сауда келісімдерін енгізуге, сондай-ақ
ұйым мүшелері қол қойған және олардың парламенттері ратификацсяланған
барлық келісімдердің сақталуына жауап береді. Мәселелерді талқылау және
либерализациялау жаһандық мәселелері мен әлемдік сауда дамының болашақ
перспективасы бойынша шешім қабылдау көпжақты сауда келіссөздердің
шеңберінде шешілеі. ДСҰ-ның штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында
орналасқан. Қазір ДСҰ-ға 153 ел мүше болса, солардың әрқайсысы, саудада
ұйымның басқа мүшелеріне барынша қолайлы жағдай туғызуға міндетті болып
табылады. Бүгінде ДСҰ БҰҰ-ның басты мамандандырылған мекемелер жүйесінің
құқықтық мәртебесіне ие. Қазіргі таңда әлемдік тауар айналымының 95%-ы ДСҰ-
ға мүше елдердің үлесінде. Дамыған елдер экономикалық еркіндік пен
халықаралық сауда экономикалық өсу мен тұрғындардың экономикалық әл-
ауқатының артуына жағдай жасайды деп санайды. Көптеген зерттеулерден
байқағанымыздай бүгінгі халықаралық сауда жүйесі келесідей 5 негізгі
қағидаға сүйенеді:

1. Саудада дискриминациядан болмауы; Ешқандай мемлекет тауар экспорты мен
импортына шектеу қою арқылы елдің дамуын шектемеуі тиіс. Кез - келген
елдің ішкі нарығында ұлттық және шетелдік өнімдерді сату барысында
ешқандай айырмашылық болмауға тиіс.

2. Сауда кедергілерін төмендету. Сауда барьерлері ретінде қандайда бір
елдің ішкі рыногына шетелдік тауарлардың енуін төмендетуі мүмкін
факторларды айтады. Олардың қатарына, ең алдымен кедендік баж бен
импортық квоталарды жатқызады. Сондай-ақ халықаралық саудаға әкімшілік
кедергілер мен валюта бағамдарын айырбастау саясатын анықтау да әсер
етеді.

3. Сауда шарттарының тұрақтылығы және болжануы. Шетелдіктер компаниялар,
инвесторлар мен үкімет сауда шарттарының кенет әрі басқаша өзгеріп
кетпейтініне сенімді болуы керек.

4. Халықаралық саудада бәсекелестікті ынталандыру. Әртүрлі елдердің
фирмалары тең бәсекелесуі үшін экспорттық субсидия жаңа өткізу
нарықтарын жаулау үшін делпингтік бағаларды қолдану секілді
бәсекелестік күрестің әділетсіз әдістерін тоқтату қажет.

5. Нашар дамыған мемлекеттер үшін халықаралық саудаға жеңілдіктер. Бұл
қағида алдыңғысына қайшы келеді, бірақ дамыған мемлекеттермен тең
дәрежеде бәсекелесуі үшін алыс аймақтардағы нашар дамыған
мемлекеттерді әлемдік шаруашыллықа шығару үшін қажет. Сондықтан да
нашар дамыған елдерге ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы өнімі әлемдік саудасының либерализациясы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі және жетілдіру жолдары
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері
Азық-түлік қауіпсіздігі түсінігі, мәні және қауіпсіздікке жету жолдары
Аграрлық саясат
Қауіпсіздік ұғымы
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Басты мәселе азық түлік дайындайтын өндірістерде
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу
Пәндер