Экономикадағы ақпараттық жүйелер



1. Экономикалық ақпарат жүйенің ортамен өзара қойылымы және өзара әрекеттесуі
1.1. Экономикадағы ақпарат, оны өңдеу және басқару
1.2. Экономикалық ақпарат түрлері
1.3. Экономикалық ақпараттың сипаттамалары

2. Экономикадағы ақпараттық жүйелер
2.1. Ақпараттық жүйе түсінігі, қызметі, негізгі ұғымдар.
2.2. Корпоративті ақпараттық жүйелердің дамуына әсер етуші факторлар
2.3. Корпоративті ақпаратттық жүйелердің жіктелуі

Қолданылған әдебиеттер
Ақпарат термині латын тілінің “informatio”-мазмұндау деген мағынаны білдіреді. Ақпарат дегеніміз – бізді қоршаған орта объектілері және құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін және біздің санамызбен қабылданатын белгілер жиынтығы. Бұл белгілер табиғаты оларды сақтау, беру және өңдеу мүмкіндіктерінің бар екенін білдіреді. Ақпаратпен қоса терминологиялық қатарда мәліметтер және білімдер ұғымдары тұрады. Мәліметтер деп – берілген ақпаратты айтамыз.
Ақпараттық жүйені тұрғызу мақсаты – Қазақстан Республикасындағы баспа ісі жүйесін автоматтандыру. Қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр. Баспа жұмысын қолайлы және тез жүзеге асыру үшін және ондағы операцияларды жүргізудің өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін бұл жүйенің автоматтандырылған жүйесін құру қажет. Мұнда төмендегідей талаптарға сай жүйе тұрғызылуы керек.
Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай
жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптамаларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды қосады.
1. Бабақұлы Б. Тәуелсіздік, нарық, экономика. – Алматы: «Ақиқат», 1996.
2. Бовыкин В. Новый менеджмент. Управление предприятиями. – М: «Экономика», 1997.
3. Қалдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия. – Алматы, 1996.
4. Сергеев В.И. Экономика предприятия. – М.: Финансы и Статистика, 1997.
5. Экономика предприятия. Учебник. – М.: Юрист, 1999.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. Экономикалық ақпарат жүйенің ортамен өзара қойылымы және өзара
әрекеттесуі
1.1. Экономикадағы ақпарат, оны өңдеу және басқару
1.2. Экономикалық ақпарат түрлері
1.3. Экономикалық ақпараттың сипаттамалары

2. Экономикадағы ақпараттық жүйелер
2.1. Ақпараттық жүйе түсінігі, қызметі, негізгі ұғымдар.
2.2. Корпоративті ақпараттық жүйелердің дамуына әсер етуші факторлар
2.3. Корпоративті ақпаратттық жүйелердің жіктелуі

Қолданылған әдебиеттер

1. Экономикалық ақпарат жүйенің ортамен өзара қойылымы және өзара
әрекеттесуі
1.1. Экономикадағы ақпарат, оны өңдеу және басқару

Ақпарат термині латын тілінің “informatio”-мазмұндау деген мағынаны
білдіреді. Ақпарат дегеніміз – бізді қоршаған орта объектілері және
құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін және біздің санамызбен қабылданатын
белгілер жиынтығы. Бұл белгілер табиғаты оларды сақтау, беру және өңдеу
мүмкіндіктерінің бар екенін білдіреді. Ақпаратпен қоса терминологиялық
қатарда мәліметтер және білімдер ұғымдары тұрады. Мәліметтер деп –
берілген ақпаратты айтамыз.
Ақпараттық жүйені тұрғызу мақсаты – Қазақстан Республикасындағы баспа ісі
жүйесін автоматтандыру. Қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық
экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр. Баспа жұмысын қолайлы және тез жүзеге
асыру үшін және ондағы операцияларды жүргізудің өнімділігі мен
қауіпсіздігін арттыру үшін бұл жүйенің автоматтандырылған жүйесін құру
қажет. Мұнда төмендегідей талаптарға сай жүйе тұрғызылуы керек.
Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан,
ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық
ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай
жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген
жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты
сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден
басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын
экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптамаларын, нормативті –
анықтамалы ақпараттарды қосады.
Ақпараттық жүйе ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір
мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде
көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы
зердесінде кіріс құжаттары жатады.
Ақпараттық база – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде
қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс
ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен
белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті
болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу
мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел
ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді
жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін
қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат
қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын
әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді
құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде
бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте
бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.

Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде
қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін
бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес
электронды есептеуіш машинаға ақпаратты автоматты түрде ендіруде
пайдаланылатын материалдық объект.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне
қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның
құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі
жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық,
ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына,
сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:
- басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
- практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін
мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
- тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-
талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
- басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты
пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
- ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын
қамтамасыз ету.
Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін
күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:
- ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін
жасау;
- ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
- ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
- деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
- деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
- тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын
сәйкестендіру.
Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың
құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады.
Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып
бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге
асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі
машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.
Ұйымдастырушылық жабдықтау жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын
айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады.
Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс
істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның
құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.
Бірінші топ құру және функционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік
құжаттарды қамтиды:
- ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
- типтік жобалар шешімі;
- кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі
әдістемелік материалдары;
- құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік
материалдары.
Екінші компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені
функционалдануында керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.
Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып
табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме,
техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.
Ұйымдастырушылық жабдықтаудың төртінші компоненті “Іскер”. Онда жүйенің
басты құрастырушыларды және функионалдық бөлімінің мамандарының тізімі
берілген.
Техникалық жабдықтау бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс
істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.
Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің
орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға
болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.
Бірінші сатысы, экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда
болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан
тұрады.
Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты)
ақпараттартың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт
бойынша өзгертуге бағытталған.

Ақпарат құрылымы, формасы және өлшемі
Ақпараттың негізгі сипаттаушыларының негізгілері болып оны құрылым,
формасы және өлшемі табылады. Ақпарат құрылымы дегеніміз – ақпараттың
құрама элементтерінің арасындағы байланысты анықтайтын бөлік. Ақпараттың ең
негізгі қасиеті – жүйелік қасиеті. Ақпараттың келесі жағы – оны көрсету
формасы болып табылады.
Экономикадағы ақпарат және басқару
Ақпараттың статистикалық теориясы және сол сияқты басқа теориялар
экономикалық объектілерді басқару үшін ақпаратты өңдеуде кең таралмаған.
Себебі, бұл экономикалық мәліметтердің басқарудағы оларды қолдану
ерекшеліктерін ескермейді. Сондай-ақ, мағыналық байланыстары, беру
формалары, қолдану жиілігі, нақтылығы және т.б. сипаттамалары да
есептелмейді. Әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін қабылдау үшін
қолданылатын ақпарат түрлері өте көп. Фирма немесе кәсіпорын деңгейіндегі
ақпаратқа мыналар жатады:
1) Өндіріс құралдарының техникалық сипаттамалары
2) Өндірістің технологиясы мен шарттары
3) Нарықтық коньюнктура (бағалар мен сұраныс көлемдері)
4) Айналым құралдары туралы ақпарат
5) Кадрлар құрамы жайлы ақпарат
6) Ресурстардың қажеттілігі жайлы ақпарат
7) Жоспарлық есептер мен нормативтер
8) Есептік көрсеткіштердің жиынтығы (рентабельділік, өз құны және т.б.
көрсеткіштер)
9) Әртүрлі нұсқаулар, әдістер, бұйрықтар.
Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады, бірақ олардың барлығының
ортақ белгісі бар. Ол – адамдардың өндірісті-шаруашылық қызметіне
жататындықтары. Осы белгі бойынша оларды экономикалық ақпарат ретінде
анықтайды. В.Д.Бройдо түрлендірген экономикалық ақпараттың анықтамасымен
келісуге болады. Экономикалық ақпарат - өндірісті-шаруашылық қызметі
кезінде пайда болатын және осы қызметті басқару үшін қоланылатын ақпарат.
1.2. Экономикалық ақпарат түрлері

➢ Кіретін (входящая) ақпарат – басқару органына түсетін ақпарат
➢ Бірінші реттік – басқару объектісінен түсетін және есептеулер мен
өлшемдер нәтижесінде пайда болатын ақпарат
➢ Директивті – жоғары деңгейдегі органдардан келетін және бағынушылық
сипатына байланысты өзіне жоспарлық есептер, міндетті төлемдер, жекелеген
лимиттердің көрсеткіштері мен шарттарынан тұрады.
➢ Құлақтандыратын (напоминающая) – жоғары тұрған органдардан және басқару
объектісімен байланысқан фирма, кәсіпорын немесе ұйымдардан түсетін
ақпарат. Олар – қамтамасыз етушілер, тасымалдау ұйымдары (қаржы
институттары (банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары),
мемлекеттік биліктің меншікті органдары), нормативті анықтамалық ақпарат
– оларға экономикалық, технологиялық, материалдық және техникалық
нормативтер, есептік коэффициенттер, каталогтар, номенклатуралық
анықтамалық қағаздар жатады. Есептік ақпарат - өндірістік фактылы
процесіне және нақтылы экономикалық шарттарға жатады.
1.3. Экономикалық ақпараттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЛЫҚ ЕСЕПТІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Ақпараттық жүйелер ұғымы
Экономикалық ақпарат
Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Логистиканың функционалдық салалары
Несиелік қор менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесі
Кәсіпорын тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру
Проектілерді басқаруға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары
Пәндер