Африка халқы



1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

А) Африка халқының этникалық құрамы.
В) Африка халқының шаруашылығы.
С) Халықтардың қазіргі жағдайы.

3. Қорытынды.
. Африка халықтарын этнографиялық жағынан зерттеу өте қиынға түседі. Олардың мәдениетінің ерекшелігі көп. Сондықтан Африка халықтарын тарихи-мәдени ерекшеліктеріне қарай бөліп, тоқтап өтпекшіміз.
Солтүстік Африканың көне аборигендері берберлер, олардың үрім-бұтағы қазір араб тілінде сөйлейтін халықтар болып , арабтық Африка декп аталады. Бұл арабтық облыстарға Мысыр және Магриб жатады, оларға және де этнографиялық жағынан Нілдің орта ағысы бойындағы Шығыс Судан кіреді.
Магриб елдерінде арабтар мен берберлердің еуропалық отаршыларға қарсы күресуі нәтижесінде, қазір үлкен ұлттардың құрылу процесі жүруде. Олар- марокандық, алжирлық, тунистық, ливиялықтар. Ал Біріккен Араб Республикасы мысыр ұлты қалыптасуда, Судан Республикасында да сондай өзгерістер болу үстінде.
Бұл елдердің барлығы дерлік негізінде ауыл шаруашылығымен айналысады, оның төркіні неолит дәуірінен бері-ақ басталып келеді. Бірақ әр облыста жер шаруашылығының арақатынасы біркелкі емес. Мысыр және Судан тұрғындары құнарлы Ніл өзенінің бойында мекендей отырып, тікелей жер шаруашылығымен айналысушылар болып табылады.
Мысырдың шаруашылығы қыстық, жаздық, күздік болып үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде-бидай, арпа, сарымсақ т.б. егілсе, сәуір-тамыз айларында мақта, кендір, жүгері сияқты дақылдар, ал күзде күріш, жүгері егіледі. Мысыр шаруалары феллахтар деп аталады. Олар соқаны, топырақты майдалаушы аспап, тақтайдан істелген күрек сияқты құралдарды қолданады. Қазіргі Мысырда жерді суландыру шаралары дамығанымен, әлі де болса кедей шаруалар егінге суды шығыр арқылы шығарады. Мал шаруашылығы Мысырда жақсы дамымаған, себебі оларда жайылымдық жеткіліксіз, сондықтан жұмысқа қажетті күш көлігі ғана өсіріледі.
Магрибтің жер жағдайында су қорының көптігіне, сонымен бірге жұмсақ ауа райына байланысты бұл жердің егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қатар дамыған. Кей жерлерде егісті қолдан суландыруға да тура екледі. Егін шаруашылығының дамығанына қарамастан, қолданатын техникасы өте артта қалған Ұшына теміртіс қаптаған соқа т.б қолданады. Құрғақ аудандарда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болып келеді.
1. Шәлекенов У. «Әлем халықтарының этнографиясы» Алматы 1994ж 208 бет.

2. У.Х. Шәлекенов, М.У. Шәлекенов «Әлем халықтарының этнологиясы » 2006 ж.

3.Исмагилова Р.Н. Этнические проблемы современной Тропичесеой Африки Москва 1965 ж.

4. Шпажников Г.А. Религии стран Африки М. 1965ж

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
. Африка халықтарын этнографиялық жағынан зерттеу өте қиынға
түседі. Олардың мәдениетінің ерекшелігі көп. Сондықтан Африка
халықтарын тарихи-мәдени ерекшеліктеріне қарай бөліп, тоқтап
өтпекшіміз.
Солтүстік Африканың көне аборигендері берберлер, олардың үрім-
бұтағы қазір араб тілінде сөйлейтін халықтар болып , арабтық Африка
декп аталады. Бұл арабтық облыстарға Мысыр және Магриб жатады,
оларға және де этнографиялық жағынан Нілдің орта ағысы бойындағы
Шығыс Судан кіреді.
Магриб елдерінде арабтар мен берберлердің еуропалық отаршыларға
қарсы күресуі нәтижесінде, қазір үлкен ұлттардың құрылу процесі
жүруде. Олар- марокандық, алжирлық, тунистық, ливиялықтар. Ал
Біріккен Араб Республикасы мысыр ұлты қалыптасуда, Судан
Республикасында да сондай өзгерістер болу үстінде.
Бұл елдердің барлығы дерлік негізінде ауыл шаруашылығымен
айналысады, оның төркіні неолит дәуірінен бері-ақ басталып келеді.
Бірақ әр облыста жер шаруашылығының арақатынасы біркелкі емес.
Мысыр және Судан тұрғындары құнарлы Ніл өзенінің бойында мекендей
отырып, тікелей жер шаруашылығымен айналысушылар болып табылады.
Мысырдың шаруашылығы қыстық, жаздық, күздік болып үш кезеңге
бөлінеді. Бірінші кезеңде-бидай, арпа, сарымсақ т.б. егілсе, сәуір-
тамыз айларында мақта, кендір, жүгері сияқты дақылдар, ал күзде
күріш, жүгері егіледі. Мысыр шаруалары феллахтар деп аталады. Олар
соқаны, топырақты майдалаушы аспап, тақтайдан істелген күрек сияқты
құралдарды қолданады. Қазіргі Мысырда жерді суландыру шаралары
дамығанымен, әлі де болса кедей шаруалар егінге суды шығыр арқылы
шығарады. Мал шаруашылығы Мысырда жақсы дамымаған, себебі оларда
жайылымдық жеткіліксіз, сондықтан жұмысқа қажетті күш көлігі ғана
өсіріледі.
Магрибтің жер жағдайында су қорының көптігіне, сонымен бірге
жұмсақ ауа райына байланысты бұл жердің егін шаруашылығы мен мал
шаруашылығы қатар дамыған. Кей жерлерде егісті қолдан суландыруға
да тура екледі. Егін шаруашылығының дамығанына қарамастан,
қолданатын техникасы өте артта қалған Ұшына теміртіс қаптаған соқа
т.б қолданады. Құрғақ аудандарда көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығы басым болып келеді. Бұл жерлерде негізінен, қой-ешкі
өсіріледі. Сол сияқты жылқы, түйе де бар.
Мысыр мен Магриб қалаларында кейбір негізгі кәсіп салалары
жақсы дамымаған. Әсіресе, темір ұсталылығы. Өндірісі кейінгі кезге
дейін өте нашар дамыған. Фосфат, мұнай өнімдері көбінесе сырттқа
шығарылып отырған.
Мысыр шаруалары- феллахтар кішігірім ауылдарда тұрды. Олардың
үйлері бір қабатты, саз балшықтан тұрғызылады.Феллахтардың
тамақтануы өте жұпыны болып келеді. Олардың дәстүрлі киімі мақта
матасынан тігілген. Мысыр әйелдері көбінесе қара түсті ұзын көйлек
киеді, әшекейге өте құмар болған. Ағылшын отаршылары келгенге дейін
олардан: алтын, күмістен істелген сырға, жүзікті жиі көруге болар
еді.
Магрибтің отырықшы тұрғындары үлкен ауылдарда тіршілік етен.
Олардың тұрғын үйлері араб үйлерінен бөлекшелеу, оны гурба деп
атаған. Бұлардың қабырғасын сабан араластырылған балшықтан тұрғызып,
төбесін қамыспен жабады. Мұнан басқа көп тараған үй түрлері арабша
салынған баспаналар.Көшпелілердің ауа райы қиын, желді Сахараға
шыдамды фелидж деп аталған үйі болған.
Магрибтердің төрттен бірі қалада тұрған.Үлкен қалалары
Тетуан,Касабланка,т.б. болып саналады. Магрибтің көп ждерлерінде
қазірге дейін қалалардың ортағасырлық құрылымы сақталған. Олар
мұсылман қалаларының үлгісін сақтаған, көшелері тар, көше жаққа
саңылаусыз қабырғалар тұрғызылады.
Қалалардың негізгі халқы тұратын бөлігін медины деп атаған.
Қаланың ортаңғы бөлігінде базар орналасады да, ол кәсіптік
өндірістің негізгі орталығы болып саналады.Ал теңіз жағалауындағы
қалалар еуропалық үлгде салынған, оларда көп қабатты үйлер, көше
транспоты көп болады. Мұндай жерлерде бай тұрғындар мекендейді.
Қоғамдық құрылымында Солтүстік Африка халықтарында әр түрлі
әлеуметтік-экономикалық құрылыс түрі сақталған. Тарихи жағынан бұл
халықтар құлдық дәуірді басынан кешірген.
Арабтар жаулап алған соң, олар феодализм дәуірінде өмір сүре
бастады. Көп уақытқа дейін көшпелі магрибтіктер мен шығыс
судандықтар соғыс-тайпалық құрылымды және де басқа рулық құрылысты
басынан өткізді.
XІX-XX ғасырдан бастап еуропалық мемлекеттердің отарлау саясаты
орнағаннан кейін, капиталистік қоғамдық қарым-қатынас орнады.
Қазіргі кезде тәуелсіз солтүстік африкалық Алжир, АРЕ сияқты
елдерде жұмысшы табы мен шаруалар жерге ұжымдық кооперацияның
құрылуын, жұмыс ақысын арттыруды талап етіп, күрес жүргізуде.
Магрибтің ішкі аудандары әлі де жартылай патриархалды,
жартылай феодалдық қарым-қатынаста. Ал Сахараның көшпелі туарег
тайпаларында осы уақытқа дейін Ақсақалдар кеңесі басқарады, оның
ішінде әйелдер де қатынасын тәртіп сақталынып келеді. Туарегтерде
неке патриархиалдық дәстүрді ұстанады, бірақ ерінен айырылған әйел
бала шағасымен өз руына бара алады.
Шығыс Суданның баккара сияқты тайпаларында матриархаттық дәстүр
көбірек сақталған. Мәселен, үйленгеннен кейін әйелдіңекі-үш бала
тапқанға дейін өз үйінде болуы, сонымен бірге өз әкесінің үйіне
бір баланы қалдырып кетуі- соны көрсетеді. Ал шиллуктерде көпке
дейін патриархиалды семьяда құл ұстау сақталып келді.
Солтүстік Африканың діні ислам діні болып саналады. Бірақ
мұнда ислам дініне араб басқыншыларына дейінгі әдет-ғұрыптар мен
салттар тығыз араласып кеткен.
Эфиопия мен Сомали халықтары тарихи жағынан тығыз байланыста
және төркіндес бір тілде- сеит-хамит тіл семьясында сөйлейді. Ал
бұл халықтарда да ұлттардың қалыптасу процесі жүруде, солардың бірі
эфиоптық ұлт. Ол амхара мен семиттік халықтар тигре- тиграл,
сонымен қатар кушит тілінде сөйлейтін галла және сидамо
тайпаларының негізінде құрылуда.
Сомали Республикасында сомалилықтар тұрады. Эфиопия жерінде 4 ғ
өмір сүрген Аксум мемлее\кетінің жоғарғы мәдениетін кейінірек 8-16
ғасырларда өмір сүрген феодалдық Эфиопия мемлекеті онан әрі дамытып
отырды. Осы дәуірде гезза тілінде жазылған әдебиет өркендеді.
Эфиопия халқының шаруашылығының өзіне тән ерекшеліктерін
байқауға болады. Амхора галла тайпалары ертеден-ақ жер
шаруашылығымен әрі мал шаруашылығымен де айналысады. Агау деген аз
халқында мал шаруашылығы басым. Шығыс Эфиопия шөлді және
далалыаудандарында көшпелі шаруашылық дамыған, олардың өсіретін
малдары түйе, қой-ешкі болып келеді.
Егін шаруашылығы да ертеден-ақ дамыған. Ол кофе және бидаидың
түрінің отаны. Эфиопияда егін шаруашылығының дамуына қарамастан,
оны өндіру, өңдеу техникасы өте нашар.
Эфиопияның тұрғындары шуро- нанымен қоректенеді, ол әр түрлі
дақылдардан істеле береді. Эфиопия халықтарында өнеркәсібі жақсы
дамыған, солардың бірі- зергерлік. Эфиопияның аграрлы ел болып,
әсіресе, ауыл шаруашылығының дамып кетуі қалаларының өсуінен де
көрінеді. Көптеген қалалары дамыған ауыл сияқты болып келеді. Аддис-
Абеба астанасының өзінде бірнеше қабатты үйлері бар көшелер өте аз.
Әлеуметтік- экономикалық құрылысында Эфиопия феодалдық қарым-
қатынасты ұстанып , патриархалдық қалдықтармен және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы
Африка мемлекеттердің саяси - экономикалық жағдайы
Елтану курсынан дәрістер
Африка
Оңтүстік Африка Республикасы
Сахара маңайы аймағындағы елдерге экономикалық-географиялық тұрғысыдан толық сипаттама
Оңтүстік Африка Республикасының жалпы шаруашылығына сипаттама
Африка туралы мәліметтер
Африка халықтары жайлы
Африка континенті
Пәндер