XХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін идеалдық күресі



Сіз бен біз қазір өзге мемлекеттермен терезесі тең, тәуелсіз, егемен Қазақстан мемлекетінің азаматтарымыз! Осындай ұлан-ғайыр территорияны бізге «найзаның ұшымен», «білектің күшімен» «қанаттыға қақтырмай», «тұмсықтыға шоқыттырмай» аманат етіп қалдырған ата-бабаларымыздың еңбегі ұшаң-теңіз!
Қазіргі таңдағы қазақ халқының ұлттық жаңғыру, дербес мемлекет ретінде қалыптасуын және Қазақстан Республикасының дүние жүзілік даму процесінде алатын орнын айқындауын, сондай-ақ оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттігі арта түсуде. Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мойындаған ұлттық зайырлы және құқықтық мемлекет дәрежесіне қалыптасуы, қазақ халқының ғасырлар бойынғы отыршылдық пен тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі, ұлттық мемлекеттікке бағытталған күрес нәтижесінде болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы» /1/ деген пікірін белгілі дәрежеде, әрине мемлекеттікті гуманистік, демократиялық құндылық ретінде бағалау деп ұғынуға болады.
Ұлттық тәуелсіздік күресінің барысында күресінің барысында пайда болған Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы ұлт зиялыларының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы күресінің нәтижесі болды. Себебі кеңстік әкімшіл-әміршіл жүйе негізінде қалыптасқан тарих ғылымы ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайларда біржақты етіп көрсетіп, ақиқатты бұрмалап, жаңсақ көзқарастарға негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болуы мен орнығуына жол ашты. Осыған байланысты тарихи процестерді ақиқаттан алшақ, таптық, партиялық тұрғыдан баяндап, оған маркстік-лениндік методология негізінде баға беру, нақты тарихи оқиғалардың қасіреті мен зардаптарын жасырып қалу сияқты зерттеу тәсілдері орын алды.
ХIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басында Ресей империясы мен оның отаршыл аппараты қазақ халқы санасынан тәуелсіз мемлекет құру идеясын біржолата өшіруге тырысып бақты. Ол үшін асқан қаталдықпен орындалған жазалау шараларынан бастап, заң жүзінде қазақтардың азаматтық құқықтарын шектейтін құжаттарға дейін отаршылдық идеясына бағындырылып, ұлттық мемлекеттілік институтының кез келген көрінісі жойылып отырды. Сол себепті ғасыр соңында хандық билік институтының белгілері жоғалып, оның орнына отарлау аппаратының көп сатылы шенеуніктік құрылымынан тұратын империялық әкімшілік билік орнықты.
1. XIX ғасырдағы қазақ мемлекеттігінің жағдайы және оның мәселесі // Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-мәдени және саяси-құқықтық мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары.-Алматы: ҚазМЗА, 2000. 108-118 бб.
2. Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991, 19-б.
3. Байтұрсынов А. Сонда, 19-б.
4. ҚР ОМА, 64-қ., 1-т., 5832-іс, 83-б.
5. Бұл да сонда, 87-б.
6. ҚР ОМА, 64-қ., 1-т., 5832-іс, 93-б.
7. Жетісу облысындағы қырғыз-қазақ жайы // «Қазақ», 1917, №254.
8. Ата қонысынан айырылған қазақ жайы // «Қазақ», 1916, №179; Жер мәселесі // «Қазақ», 1914, №67.
9. Сырдария облысының қазағына // «Қазақ», 1917, №255.
10. Би һәм билік туралы // «Қазақ», 1914, №65.
11. «Алаш» не сөз? // «Қазақ», 1913, №15.
12. Ата-бабасынан бері кеңшілікті сүйе келген қазақ жұртына // «Алаш», 1917, №17.
13. Жоғалсын Романовтар // «Алащ», 1917, №15; Қандай үкімет құлады? // «Алаш»... 1917, №14.
14. Жасасын, Алаш, жасасын! // «Сарыарқа», 1918, №28.
15. Алаш автономиясы // «Сарыарқа», 1918, №28; Мемлекет күйі // «Сарыарқа», 1917, №22.
16. Алаш-Орда. Сборник документов. Сост. Н.Мартыненко. А., 1997, 282-б.
17. П.Галузоның «Вооружение русских переселенцев в Средней Азии» кітабынан. Ташкент, 1926, 11-б.
18. «Қазақ», 1913, №23, 23-шілде.
19. «Қазақ», 1914, №74, 17-тамыз.
20. Өзбекұлы С. Барлыбек Сыртанов. А., 1995, 35-б.
21. «Семипалатинский листок», 1905, 8-желтоқсан.
22. «Семипалатинский листок», 1906, 17-шілде.
23. Политическая жизнь русских мусульман до Февральской революции. Оксфорд, 1987, 55-б.; Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан, 140-б.
24. Государственная Дума. Указатель и стенографический отчет. 2-й созыв. СПб., 1907, 27-33-б.
25. «Қазақ», 1917, №226, 22-сәуір.
26. Сонда, №234, 24-маусым.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін идеалдық
күресі

Сіз бен біз қазір өзге мемлекеттермен терезесі тең, тәуелсіз, егемен
Қазақстан мемлекетінің азаматтарымыз! Осындай ұлан-ғайыр территорияны бізге
найзаның ұшымен, білектің күшімен қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқыттырмай аманат етіп қалдырған ата-бабаларымыздың еңбегі ұшаң-теңіз!
Қазіргі таңдағы қазақ халқының ұлттық жаңғыру, дербес мемлекет ретінде
қалыптасуын және Қазақстан Республикасының дүние жүзілік даму процесінде
алатын орнын айқындауын, сондай-ақ оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену
мен зерттеудің қажеттігі арта түсуде. Қазақстан Республикасы халықаралық
қауымдастық мойындаған ұлттық зайырлы және құқықтық мемлекет дәрежесіне
қалыптасуы, қазақ халқының ғасырлар бойынғы отыршылдық пен тоталитарлық
жүйеге қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі, ұлттық мемлекеттікке бағытталған
күрес нәтижесінде болды. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы
1 деген пікірін белгілі дәрежеде, әрине мемлекеттікті гуманистік,
демократиялық құндылық ретінде бағалау деп ұғынуға болады.
Ұлттық тәуелсіздік күресінің барысында күресінің барысында пайда
болған Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы ұлт зиялыларының
ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы күресінің нәтижесі болды. Себебі
кеңстік әкімшіл-әміршіл жүйе негізінде қалыптасқан тарих ғылымы ел
өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайларда біржақты етіп
көрсетіп, ақиқатты бұрмалап, жаңсақ көзқарастарға негізделген теориялық
тұжырымдамалардың пайда болуы мен орнығуына жол ашты. Осыған байланысты
тарихи процестерді ақиқаттан алшақ, таптық, партиялық тұрғыдан баяндап,
оған маркстік-лениндік методология негізінде баға беру, нақты тарихи
оқиғалардың қасіреті мен зардаптарын жасырып қалу сияқты зерттеу тәсілдері
орын алды.
ХIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басында Ресей империясы мен
оның отаршыл аппараты қазақ халқы санасынан тәуелсіз мемлекет құру идеясын
біржолата өшіруге тырысып бақты. Ол үшін асқан қаталдықпен орындалған
жазалау шараларынан бастап, заң жүзінде қазақтардың азаматтық құқықтарын
шектейтін құжаттарға дейін отаршылдық идеясына бағындырылып, ұлттық
мемлекеттілік институтының кез келген көрінісі жойылып отырды. Сол себепті
ғасыр соңында хандық билік институтының белгілері жоғалып, оның орнына
отарлау аппаратының көп сатылы шенеуніктік құрылымынан тұратын империялық
әкімшілік билік орнықты.
Азаттық қозғалысының жас қайраткерлері алға қойған мақсаттарының бүкіл
қиындығын түсіне білді. Олар туған халқын саяси күрестің күрделі
формаларына тарту үшін көп жағдайда басын бәйгеге тігуге тура келді.
Жергілікті отарлау аппараты шенеуніктері тарапынан жиі-жиі жазаға тартылып,
қуғын-сүргінге ұшырап отырды. Осы орайда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, Ж.Ақбаев тағы басқалардың қазақ ұлт-азаттық қозғалысын саяси
күрестің ең күрделі де жоғары сатыларына өткізуі, соның нәтижесінде ең қиын-
қыстау сәттерде (1916 жылғы көтеріліс, Азамат соғысы, Кеңес өкіметінің
күшпен орнатылуы кезеңінде) оларды қантөгістерден аман алып шығып, саяси
сенімін шыңдап отырды.
Қазақстандағы саяси күрес 1905-06, 1912-14 жылдарда, 1916 жылы өзінің
шырқау шегіне жетіп отырды. Бұл күресте оқығандары ұйымдастыру шаралары
(Қарқаралы петициясы), құқықтық сауат ашу істері (жәбірленуші атынан түрлі
арыз-шағымдар жазу), баспасөздегі үгіт-насихат жұмысы (Айқап, Абай
журналдары, Қазақ, Алаш, Сарыарқа газеттерінің шығуы), мемлекеттік
заң шығару ісі (Мемлекеттік Думаға депутат сайлау), ең жоғары басқосулар
өткізу (Алаштың облыстық, бүкілқазақтық съездері), конституциялық сипаттағы
құжаттар жасау (Алаш бағдарламасы жобасының жасалуы), мемлекеттік
тәуелсіздік идеясын жариялау (Алаш автономиясын құру) сияқты саяси күрестің
қиын да күрделі сатыларынан өтті.
Қазақстандағы жаңа сипаттағы саяси күрестің қайнар бастауы саналатын
Қарқаралы петициясына келер болсақ, ол туралы Мұхтар Әуезов өзінің Ақаңның
елу жылдық тойы атты мақаласынан: 1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен басқа
біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқы атынан петиция
(арыз-тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші жер
мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған.
Екінші – қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшінші – отаршылдардан орыс
қалмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының
қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын мүфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы
тілекқылған ірі мәселелер осы 2, - деп жазды. Мұхаң Ә.Бөкейханов,
Ж.Ақбаев тардың басшылығымен жазылған Қарқаралы петициясының негізгі
мазмұны мен ондағы көтерген мәселелердің саяси салмақтылығына ерекше назар
аудару мен қатар, оның халықтық сана сезімінің оянуына зор ықпал жасағанын
да ұмытпаған. Бұл туралы Мұхаң: Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының
дертті мәселесі осылар болғандықтан, Ақаңдар бастаған іске қыр қазағының
ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған
3, - деп жазады. Шындығында Қарқаралы петициясы қыр қазағының...
көпшіліктің оянуына зор себепкер болған аса үлкен саяси оқиға ретінде ел
тарихына енді.
Қазақ оқығандары өздерінің жазықсыз жәбірленген қандастары атынан
жоғары орынға арыз-шағымдар жазу арқылы елдің саяси, құқықтық сауатын ашты.
Мәселен, Ж.Ақбаев бастаған Арқа қазақтарының үкіметке қарсы насихат
жасағандар ісінде А.Байтұрсынов, С.Бөкейханов, И.Ақбаев, Х.Ақаев,
Б,Райымбеков, А.Сүлейменов, С.Байтанаев, Ш.Машақов, А.Қосымбаев,
Қ.Мәмбетовтердің істері қоса қаралып, жазаға бірге тартылды 4. Сондықтан
олар қарап жатпай, түрлі орындарға шағым жазып, өз құқықтарын қорғау
қөамына кірісті, жақтастар іздеді. Олардың шағымына Мемлекеттік Дума
мүшелері Скалозубов пен Дзюбинский құлақ асып қана қоймай, Омбыдағы генерал-
губернатор О.Г.Шмидтке хат жазып, Ақбаевтың соғыс кезінде үкіметке
қолдаушылық білдіріп, көмек жасағанын айта келіп, Қазақтардың өтінішіне өз
дауыстарымызды қосамыз 4, - деп мәлімдеді. Енді бір архив құжатында бұл
іс генерал-губернатор кеңсесінен де асып, Ішкі істер министрі дәрежесіне
дейін көтеррілгені дәлелденеді. Министрдің жолдасы 1910 жылдың 5 мамырында
Дала генерал-губернаторына: Семей облысынан жер аударылған қазақтар
Х.Ақаев, И.Ақбаев, С.Байтанаев пен Б.Райымбеков Ішкі істер министріне хат
жолдап, өздерін туған отанына қайтаруды өтінген. Олар: Кейбір бақталас
болыс басқарушыларының өз орындарын алып қояды деген күдікпен жасалған
жалған жалаларының негізінде жер аударылғанын мәлімдейді 5, - деген хат
түсіреді.
Қазақ, Алаш, Сарыарқа газеттеріндегі әр жылдары жарияланған Алаш
азаматтарының мақалаларын саралай отырып, олардың көзқарас эволюциясын
айқын аңғаруға болады. Онда, жоғарыда аталған Алаш көсемдері қатарында
М.Тынышпаев 6, Р.Мәрсеков 7, М.Шоқай 8, Шәкәрім 9, Х.Досмұхамедов
10, Ж.Сейдалин 11, К.Тоғысов 12, Ә.Ермеков 13, Х.Ғаббасов 14,
т.б. азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері де белсене ат салысты.
Қазақ даласында қарапайым арыз-шағым, наразылық акциясымен басталған
саяси күрес тар жол тайғақ кешуден өтті. Осы күресте халықты оятумен
бірге Алаш қайраткерлері өздері де пісіп жетілді, шынықты, ширады. Олардың
ұлт-азаттық күрес тарихындағы әр кезеңдегі қызметін саралай келіп,
төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Бірінші. Кең-байтақ қазақ даласын шарпыған саяси күрестің нәтижесінде
Қазақстанның әр түпкірінФе оқыған, зиялы қауым өкілдері басқарған дербес
әрекет жасай алатын саяси күштер қалыптасты. Патша үкіметі Жандарм
басқармасының агентуралық жүйесі жинаған материалдарды қорытындылай келіп,
Н.Мартыненко: Все вышеприведенные документы красноречиво говорят за то,
что появлению алашского движения, образованию п-во предшествовала большая
подготовительная работа. Неправильным является утверждение некоторых
товарищей, что появление Алаш вызвано было необходимостью выборов в
учредительное собрание. Это обстоятельство отрицать неприходится, но оно
явилось только толчком, ускорившим это организационное оформление партии и
правительства. Все же идеологические предпосылки алаш-ордынского движения
были подготовлены всей историей борьбы за национальной независимость 15,
- деп атап көрсетеді. Н.Мартыненконың бұл тұжырымы негізінен дұрыс
болғанымен әлі де болса дәлелдей, нақтылай түсуді қажет етеді.
Екінші. Азаттық қозғалысының арыстары жария еткени отаршылдыққа қарсы
саяси-құқықтық идеялар біртіндеп болса да, бүкіл қазақ қоғамына тарай
бастады. Бұл процесті патша үкіметінің жергілікті шенеуніктері қалт
жібермей үнемі назарда ұстап отырса да, оған біржолата тоқтау сала алмады.
Сырдария облысының губернаторы Гродековтың баяндамасынан алынған мына бір
цитата осының айқын айғағы бола алады:
Қазіргі кезде халықтың қара бұқарасы арасында бізге қарсы тұрмыс пен
діндегі өзгешеліктерден туындаған жауластықтың анық белгілері байқалмаса
да, бұған біржолата тынышталуға болмайды. Күндердің күнінде бағындырылған
халықтардың діни-саяси сезімі пісіп-жетілген кезде қазіргі жекелеген
фанатиктер арқылы табиғи сепаратизм идеясы қалың бұқараға тарап, көптеген
қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұрындары бұл жерде аса қаһарлы әскери
мемлекетін құрған түркі халықтарында бұған қажетті жанғыш материалдар жетіп
артылады 16.
Үшінші. Патшалық самодержавиенің отарлық саясатының күшейе түсуімен
қазақ халқының оған деген наразылығы біртіндеп өшпенділікке, қанауға
негізделген билікке ашық қарсылыққа, тіпті оны құлатуға ұласты. Енді осы
мақсаттарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік-құқықтық идеялар жүйесін түзіп,
халықты өзін-өзі билеуге жеткізетін бағдармалар жасау қажеттігі туындады.
Мұндай мемлекеттік-құқықтық идеялар мен бағдарламаларды жасау ісімен оқыған
қазақ зиялы қауымы айналысты. Солардың көшбасшысында XIX ғасырдың 90-
жылдарында-ақ саяси күреске белсене араласа бастаған Ә.Бөкейханов тұрды. Ол
түрлі саяси ілімдер мен олардың негізін салушылар өмірін зерттеп, Қазақ
газеті арқылы қазақ қауымының саяси сауатын ашып отырды. Ә.Бөкейханов
Герман социал-демократиялық партиясының көрнекті қайраткері Август Бебелб
туралы Бебель 17, француз социалистік партиясының басшысы Жан Жорес
туралы Жан Жорес 18 атты мақалалар жариялайды.
Дербес қазақ автономиясы туралы идея қай кезде пайда болды? Енді осы
сұраққа да жауап бере кетейік.
Жас қазақ зиялыларына дербес автономия, демократиялық республика
идеясы Алаш автономиясын дайындаудан көп бұрын келгені таңы бір алаш
қайраткері Санкт-Петербург университетінің түлегі Барлыбек Сыртанов өміріне
қатысты деректерден де аңғарылады.
Өмірден тым ерте кеткен Барлыбек 1905 жылдан бастап қазақ елінің
мемлекеттік құрылымы туралы идеясын үнемі шыңдап, жетілдіріп отырған. Оның
зерттеуші С.Өзбекұлы қайраткердің жеке архивінен тауып, ғылыми айналымға
енгізген 1911 жылғы Қазақ елінің уставы атты еңбегі жас патриоттың батыл
идеяларын айқындәлелдейтін құжат 19.
Ол ұсынған Қазақстан республикалық басқару формасы мемлекеттік формасы
мемлекеттікбасқару билікті бөлу принципі негізінде жүзеге асатын болмақ.
Б.Сыртанов мемлекеттегі ең жоғарғы заң шығару органы ретінде Ұлт
мәжілісін ұсынады. Мәжіліс атқарушы биліктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Қарқаралы журналы
Әлихан Бөкейханов ұлы тұлға
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси және құқықтық көзқарастары
Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы
Пәндер