Алаштың ұлы-Ахмет



Кіріспе
1.тарау Алаштың ұлы.Ахмет
2.тарау А.Байтұрсынов.ұлы ағартушы
3.тарау А.Байтұрсынов және Алашорда
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Адамзат баласының тарихында миллиардтаған жандар келді және өтті. Олардың басым көпшілігі қара басының қамынан аса алмай өмір кешті. Ахаң сөзімен айтсақ ,«сасық ми,салқын жүрек санасыздар алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр». әрине барша пенде жер бетінде өз бсынан аса алмай өтсе, әлемді Назым Хикмет айтқандай қара түнек басар еді.
«Егер де сен жанбасаң,жанартау боп атылып,
Егер де ол жанбаса, аруақты шақырып,
Егер де біз жанбасақ, замананы сапырып,
Басар сонда барша әлемді,түнек пенен қапырық»,-деп Назым Хикмет тебіренсе, Ахаң тұрып:
«Мен бұқтым, жаттым,
Сен бұқтың жаттың
Кім істейді қызмет?!»-деп, ұлтына қызмет істер перзент іздеуі, «ұл туып, ұлы жолда қызмет етсе, онан зор ұлтқа бар ма ырыс» деген үндеуі. Осыдан дана өз заманасынан озып туады, тозық елді озқ етемін деп халқының алдына шығып өрге сүйрейді. Жолында тұрған кесапаттарды өңшенінен түйрейді.Сондай хх ғасыр даналарының бірі-Ахмет Байтұрсынов.
1.Шәріпов Ә., Дәуітов С. «Ахмет Байтұрсынов шығармалары» Алматы, «Жазушы» 1989жылы (3-19 бет)
2. «Ұлт ұстазының ұлы жолы» «Саясат» Алматы 1998 жылы қазан (3-10 бет)
3. «А.Байтұрсынов-хх ғ. Ұлы реформаторы» «Егемен Қазақстан» 1998ж
4. «А.Байтұрсынов тіл тағылымы» «Ана тілі» Алматы 1992 жылы (8-29 бет)

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1-тарау Алаштың ұлы-Ахмет
2-тарау А.Байтұрсынов-ұлы ағартушы
3-тарау А.Байтұрсынов және Алашорда
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адамзат баласының тарихында миллиардтаған жандар келді және өтті.
Олардың басым көпшілігі қара басының қамынан аса алмай өмір кешті. Ахаң
сөзімен айтсақ ,сасық ми,салқын жүрек санасыздар алаңсыз ақ малтасын езіп
жатыр. әрине барша пенде жер бетінде өз бсынан аса алмай өтсе, әлемді
Назым Хикмет айтқандай қара түнек басар еді.
Егер де сен жанбасаң,жанартау боп атылып,
Егер де ол жанбаса, аруақты шақырып,
Егер де біз жанбасақ, замананы сапырып,
Басар сонда барша әлемді,түнек пенен қапырық,-деп Назым Хикмет тебіренсе,
Ахаң тұрып:
Мен бұқтым, жаттым,
Сен бұқтың жаттың
Кім істейді қызмет?!-деп, ұлтына қызмет істер перзент іздеуі, ұл туып,
ұлы жолда қызмет етсе, онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген үндеуі. Осыдан
дана өз заманасынан озып туады, тозық елді озқ етемін деп халқының алдына
шығып өрге сүйрейді. Жолында тұрған кесапаттарды өңшенінен түйрейді.Сондай
хх ғасыр даналарының бірі-Ахмет Байтұрсынов.

1-тарау. Алаштың ұлы-Ахмет
Қазақ тілі білімінің ірге тасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен
кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын,
қазақ бапасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен, талантты публицист, туған
халқының рухани дүниесін көтеруге өп күш жұмсаған мәдениет қайраткері,
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28(15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне
қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында Сарытүбек ауданы деген жерде (қазіргі
Қостанай облысы Торғай ауданы күні кешеге дейінгі Южный деп аталған ал бұл
күнде Ахмет Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген.
Әкесі қарапайым шаруа адамы,Байтұрсын Шошақ баласы Арғын-Үмбетей батырдың
немересі. Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр.
Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамға болғанға ұқсайды, сондықтан
болар Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд
басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді. Сол
үшін уезд басындағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12-сінде
Шошақ аулына келіп, Ақтас пен Байтұрсынды ұстамқ болады. Сол сәтте ауылда
болмай шыққан Ақтасты тауып бермедіңдер деп елге ойран салады, әйел, бала-
шағаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді. Ояз бен оның әскерінің бұл
бассыздығына шыдай алмаған Байтұрын Яковлевтің өзін атынан аударып алып,
қамшының астына алады, нөкерлерін ауылдан қуып шығады. Әрине қарапайым
жабайы киргиздің бұл қылығы жауапсыз қалмайды. Көп ұзамай ауылға
жазалаушы отряд шығып, ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып,
еркектерді ұрып-соғып, ағайынды Ақтас, Байтұрсынды және Ерғазыны ұстап алып
кетеді. Оларды Қазаннан келген әскери сот соттайды. Байтұрсын мен Ақтас
бірқатар туыстарымен он бес жылға Сібірге каторгіге айдалады.
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы
қамқорлығына алады: Ақтастың баласы Аспендияр мен Байтұрсынның баласы
Ахметті Торғайдағы екі класстық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Бұған
дейін Ахмет ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды. Училищені ол
1891 жылы бітіреді.
Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген (олар елге 17 жылдан кейін
оралады), қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезде Ахмет
кедейшілік, жоқшылық тауқыметін тартады. Соған қарамастан әрі қарай оқуды
армандайды. Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап, оқу іздейді де, Орынбор
қаласына барады. Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер
дайындайтын оқу орнына – Учительская школа дегенге түседі. Мұнда төрт жыл
оқып, 1895 жылы бітіреді. Бітірісімен ағртушылық ісіне кіріседі. Өзге
қызметті қаламайды.

2-тарау Ахмет-ұлы ағартушы

Ұлы уақыт ұлы перзенттерін туғызады. Ұлттың ұлы перзенттері қашанда
тамыршыдай замана талабына жауап берер ұлы идеяларын ұсынады. Екі ғасыр
тоғысындағы Әліхан Бөкейханов, Ахмет Байтұрыновтар бастаған қазақ
оқығандарының ұлт үшін ұсынған ұлы жолы ағартушылық жолы болды.
Ахмет Байтұрсыновтың еңбек жолын ағартушылықтан бастауының үлкен мәні
бар. Өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қазақ
интеллигенциясы қалыптаса бастағаны мәлім. Петербург, Омбы, Қазан, Уфа,
Орынбор, Троицк т.б. қалаларда оқып, мұсылманша немесе орысша білім алған
қазақ жастары шыға бастады. Олар дәулетті де, шағын да, кедейде де ортадан
шыққандар болғанмен, едәуір білім алғандардың көбі әкімшілік-сот
орындарында қызмет етіп, бас пайдасын, өз мүддесін көздейтін болған. Ахмет
Байтұрсыновтың өз тілімен айтқанда, байға мал, оқығанға мен мақсат боп,
жұрттың қамын ойлайтын адам аз боп тұрғанда, оқу-білімнен кен де қараңғы
қазақ қауымының сауатын ашып, білім беру жолын қалап алғандардың бірі, бірі
ғана емес, бірегейі Ахмет Байтұрсынов еді. Ағартушылық ісі сол кездегі
қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті әрекет болатын.
1895-1909 жылдарда Ахмет Байтұрсынов Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы
уездерінде ауылдық, болыстық мектептерінде бала оқытад, екі класстық
училищелерде сабақ береді. Бұл жылдардың ішінде Ахмет Байтұрсынов
Қостанайдан Омбыға барып, қазақ халқының тарихын, этнографиясын,
фольклорын, тілін зерттеуші А.Е. Алекторвпен танысады. Мұхтар Әуезовтың
жазғанына қарағанда, оның бұл танысуы қазақ халқын оқу-білімге тарту
жөнінідегі миссионерлердің ниет-пиғылдарын жақын білуіне көмектеседі, соның
нәтижесінде өзінің бұл мәселедегі көзқарасы мен мақсатын айқындай түседі.
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен
өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде :

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен тері өзгерілмес,
Дегенмен қара я қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса,- деп, білім-ғылымнан кенже қалған, мал
бағып жатқан қазақ халқын ол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып
шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әректіне де, тілін зерттеп,
оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына
да, тіпті қоғамдық- әкімшілік істеріне араласуына да алып келген-өзі
діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады. Балаларға білім берудің бірінші
басқышы-бастауыш мектеп. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов оқу-білімнің бірінші
сатысына қатты назар аударады. 1914 жылы Бастауыш мектеп атты көлемді
мақаласын жриялайды. Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы
керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің
жағдайы мәз емес екендігін, оларда програма, оқу құралдары дегендердің
жоқтығын, мұғалімдердің жетіспейтіндігін айтады. Бастауыш мектеп
миссионерлік саясаттан аулақ болуы керек дей келіп, халық сауатын ана
тілінде ашуы керек, атап айтқанда, бастауыш мектеп бес жылдық болсын,
ал,ашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі жылда орысша оқысын деген
ұсыныс білдіреді. Бастауыш мектептерде : оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт
тарихы, есеп, жағрпия, шаруа-кәсіп, жаратылыс пәндері жүретін болсын деп
нақты айтады. Оқу мәселесін Ахмет Байтұрсынов жан-жақты сөз етеді. Бірде:
Қазақта балаларды оқытатын әзірге жосықтар(программа) мен кітаптар жоқ
дей келіп, оларды жазу қажеттігін және арнаулы педагогтік білім алатын
оқытушылар даярлайтын керектігін жазса, енді бірде, білімнің бас құралы-
кітап деп, білім конкурсы деренді жариялау арқылы да оқу-ағартуды
жандандыруға болатын айтады.
Ахмет Байтұрснов ағартушылық қызметін Алашорда үкіметі кезінде де,
Қазан революциясынан кейін де ешбір тоқтатпаған. Алашорда үкіметінің оқу-
ағарту жайындағы комиссиясының председатлі болып, қазақ халқының жаппай
сауатын ашып, білім беру программасын жасайды. Ал 1919 жылдардан кейін ,
Совет үкіметі тұсында да, әсіресе алғашқы кезеңдерже қазақ даласында оқу-
ағарту ісінің экономикалық жағынан әлде де қиыншылық кешіп отырғанын, ол
үшін не істеу керек екендігін Қызыл Қазақстан, Жаңа мектеп сияқты
журнал беттерінде білдіріп отырған.
Ахмет Байтұрсынов 1920 жылдардың басынан бастап әр түрлі мемлекеттік
басқару істеріне, қоғамдық жұмыстарға араласа жүріп, оқутышылық, ұстаздық
қызметін тоқтатпаған. Ол 1921-1926 жылдары Орынбордағы қазақтың халық
ағарту институты деп аталатын оқу орнында, 1926-1928 жылдарда Ташкенттегі
Қазақ педагогика институтында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді,
лекция оқиды. 1928 жылдың соңында, қыркүйек айында Алматыда Қазақ
мемлекеттік университеті деп аталған жоғарғы оқу орны ашылады. Бұған сабақ
беруге Москва, Ташкент сияқты орталықтардан мамандар шақырылады. Солардың
бірі болып Ташкенттен Ахмет Байтұрсынов келеді. Қазақ мемлекеттік
университетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш тарихы
Алаш зиялылары және ұлт тілі
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Алаштың аруағы
Байтұрсыновтану - қазақ қоғамдық ғылымының өте жас саласы
Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ газеті
Ахмет Байтұрсынов - XX ғасырдың ұлы реформаторы
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
«Қанды ғасырдың» қыран ұлы Ә.бөкейханов
Пәндер