Модульдік оқыту технологиясы туралы



КІРІСПЕ 3

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 5
1.1 Модульдік оқыту технологиясының түсінігі және негізі 5
1.2 Модульдік бағдарламаның құрылымы 12
1.3 Биология пәнінен сабақ өткізуде модульдік технологияны қолдану 13
1.4 Оқу модулінің кіріспе бөлімі 19
1.5 Оқу модулінің сөйлесу бөлімі 19
1.6 Оқу бөлімін құру қағидалары 21
1.7 Оқу модулінде оқушы қызметін бағалау 25
1.8 Оқу модулінің қорытынды бөлімі 26
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 28
2.1 Зерттеу әдістері 28
2.2 «Адам және оның денсаулығы» курсы бойынша модульдік сабақтарды өткізуді жоспарлау (8.сынып)
29
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУ 46
3.1 Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық тәжірибе жұмысына талдау жүргізу
46

ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 53
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Модульдік технологиямен оқытудың өзектілігі, мұғалімдердің оқытудың тиімділігін жоғарылатуға ұмтылуымен түсіндіріледі. Өйткені, қазіргі таңдағы мектептердегі оқу-тәрбиелеу процесі 2 негізгі кемшіліктен зардап шегуде.
Біріншіден, оқытылатын пәндердің көп болуы, әсіресе, оқытылатын сабақ саны айтарлықтай көп болатын орта және жоғарғы мектептер;
Екіншіден, кейбір оқу пәндеріне сағат санының аз бөлінуі, мысалы, аптасына 1сағат.
Бұл оқу материалының игерілуінің әсерін төмендетеді. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі модульдік ұйымдастыру, орта және жоғары сыныптарда бірыңғай аралас сабақтарды жүргізуден арылуға мүмкіндік береді. Мұғалім сабақты әрқайсысының өзіне тән тапсырмаларына қарай, бөлімдерге бөле келе, оқушыларда қажетті қабілеттіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға үлгермейді.
Нәтижесінде, мұғалім оқушылардың қабілеттіліктерінің дамуын емес, оқушылар көмегімен бағдарламаның өтуін ғана ойлайды.
Қазіргі таңда сан түрлі педагогикалық технологиялар бар. Жаңа технологияны жобалау – концептуальді, әдістемелік, операционды, аналитикалық, бақылау-бағалау, нәтижелілік секілді бірнеше деңгейден тұратын күрделі үдеріс болып табылады.
Осыған байланысты педагогикалық технологияларды сипаттайтын құралдардың толық жүйесінің мәселесі туындайды. Сол педагогикалық теорияларға сәйкес, мәселен, жаңа сабақтың технологиясын, белгілі бір бағыт бойынша оқытудың технологиясын (проблемалық оқыту, программалық оқыту, компьютерлік) топтық-танымдық әрекеттің технологиясын, ойын әрекетінің технологиясын және т.б. анықтауға болады [1].
Зерттеу жұмысының мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқу процесінде биология пәнінен сабақтарды модульдік технологияны қолдана отырып оқыту.
Осы мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Модульдік технологияның негізін ашу;
- Биология сабақтарында модульдік технологиямен сабақ берудің ерекшеліктері мен артықшылықтарын көрсету;
- Технологиялық карталарды және олардың түрлерін сипаттау, олардың негізгі формалары мен қолданылу әдістерін анықтау.
Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласының Жамбыл Жабаев атындағы №161 гимназия мектебі, 8 «мат/физ» - бақылау сыныбы, 8 «хим/мат» - тәжірибелік сынып.
Зерттеу пәні: 8-сыныптарда биология пәнінен модульдік технологияны енгізу процесі.
Зерттеу жұмысының объектісі: жалпы білім беретін мектептегі «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8 сынып) пәнін оқыту процесі.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және ұсыныстан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі қаланады, зерттеудің мақсаты мен міндеті, нысаны мен пәні анықталынады, жұмыстың құрылымы бейнеленеді.
«Әдебиеттерге шолу» бөлімінде модульдік оқыту жүйесінің ұйымдасуының нұсқаларын ұсынатын модульдік технологияның теориялық және методикалық негіздеріне, сонымен қатар осы технология эффективтілігінің басты көрсеткіштері, яғни мақсатқа сәйкестілік пен оқушы мен оқытушының бірлескен оқу әрекетіне арналған. Қарастырылып отырған мәселе бойынша модульдік технологияның және әдебиеттердің қысқаша тарихы жасалған.
1. Жанпейісова М. М. Модульді оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде (аударған Д.А. Қайшыбекова).-Алматы: Школа ХХІ века, 2002. – 184 б.
2. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения. –Актобе: Жалын, 1998. – 296 с.
3. Лосева Е. М., Козина Г. Н. Технология модульного интерактивного обучения (ТМИО) как средство развития личности ученика и повышения качества знаний по предметам естественно-научного цикла. – Биология в казахстанской школе, №3, 2005. – С.64
4. Шаймерденова С.А. Журнал.: Қазақстан мектебі. Модульдік оқыту. №3, 2004. Б.76
5. Қайырбекова А.Н. Ұлағат ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылым // Модульдік технология негізінде.- 2003. –№4.- Б. 52.
6. Қисымова Ә.Қ., Нұрланов Е.Б. Оқыту технологиялары. І бөлім. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы: Мектеп, 2007.- 78б.
7. Қисымова Ә.Қ., Увалиева Т.Ж. Оқыту технологиялары. ІІ бөлім. Оқу-әдістемелік құрал.- Алматы: Мектеп, 2007. – 86б.
8. Кларин М. В. Интерактивное обучение – инструмент освоения нового опыта // Педагогика. – 2000- №7. – С.42.
9. Жунусова К. Ж. и др. Биология. Программы для 8-9 классов. –Алматы, Казахская академия образования им. Ы. Алтынсарина, 2004.-64с.
10. Кларин М. В. Педагогическая технология в учебном процессе.-М.,Просвещение,1989. – 206с.
11. Караев Ж. А. «Нетрадиционные формы оценивания» // «Вестник высшей школы Казахстана». – 1999. – журнал №5. – С.80.
12. Третьяков П. И., Сенновский И. Б. Технология модульного обучения в школе: Практико-ориентированная монография. Под ред. П. И. Третьякова. – М.: Новая школа, 1998. – 263
13. Сенновский И. Б. «Модульная педагогическая технология в школе: анализ условий и результатов освоения». – М., Наука.-1995. – 896 с.
14. Сенновский И.Б. Система управленческой деятельности учителя в модульной педагогической технологии // Школьные технологии.– 1997.-№2. – С.40.
15. Чошанов М. А. Гибкая технология проблемно-модульного обучения: Методическое пособие. – М.: Народное образование, 1996. – 157с.
16. Галочкин А. И., Базарнов Н. Г., Маркин В. И., Касько Н. С. Проблемно-модульная технология обучения. http://www.galochkin.ru
17. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии.-М.: Педагогика, 1989. – 317с.
18. Кларин М. В. Инновации в обучении: метафоры и модели: Анализ зарубежного опыта. – М.: Наука, 1997. 284с.
19. Шамова Т. И. Модульное обучение: сущность, технологии // «Биология в школе». – 1994. – №5. – С. 62.
20. Головатенко А. П. Модульная технология на уроках истории//«История». – 1996.- №23. – С.65.
21. Денисова А. В. Применение модели «Таксономия Блюма» в оценке эффективности обучения // Управление персоналом. – 2005. №12.- С. 52.
22. Фридман Л. М. Урок? Нет, тема (технология педагогического труда) // Народное образование. –1990.- №1.-С. 36.
23. Салмина Н. Г. Виды и функции материализации в обучении. Знак и символ в обучении. – М.: Высшая наука, 1981. – 256с.
24. Асмолов А. Г. Принципы организации памяти человека. Системно-деятельностный подход к изучению познавательных процессов. – М.: Мир 1985. – 284с.
25. Фридман Л. М., Кулагина Н. Ю. Психологический справочник учителя. М.: Просвещение, 1991. – 202с.
26. Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии.- М.: Педагогика, 1956. – 604с.
27. Бодалев А. А. Личность и общение: Избранное труды.-М.: Педагогика, 1983. – 165с.
28. Грановская Р. М., Крижанская Ю. С. Творчество и преодоление стереотипов. – М.: Знание, 1994. – 127с.
29. Роджерс К. П. Эмпатия. - ЭКСМО-Пресс, М.: изд. ИТП и МИО РАО 1998. – 138-с.
30. Вялых В. А. Философское измерение образовательной системы (концептуальный, технологический, дидактический уровни).-Оренбург: Высшая школа, 1995. – 248с.
31. Эльконин Д. Б. Психология игры.-М.: Туманит, изд. центр ВЛАДОС, 1999. – 476с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ 3

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 5
1.1 Модульдік оқыту технологиясының түсінігі және негізі 5
1.2 Модульдік бағдарламаның құрылымы 12
1.3 Биология пәнінен сабақ өткізуде модульдік технологияны қолдану 13
1.4 Оқу модулінің кіріспе бөлімі 19
1.5 Оқу модулінің сөйлесу бөлімі 19
1.6 Оқу бөлімін құру қағидалары 21
1.7 Оқу модулінде оқушы қызметін бағалау 25
1.8 Оқу модулінің қорытынды бөлімі 26
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 28
2.1 Зерттеу әдістері 28
2.2 Адам және оның денсаулығы курсы бойынша модульдік сабақтарды
өткізуді жоспарлау (8-сынып) 29
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУ 46
3.1 Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық тәжірибе жұмысына талдау
жүргізу 46

ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 53

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Модульдік технологиямен оқытудың
өзектілігі, мұғалімдердің оқытудың тиімділігін жоғарылатуға ұмтылуымен
түсіндіріледі. Өйткені, қазіргі таңдағы мектептердегі оқу-тәрбиелеу процесі
2 негізгі кемшіліктен зардап шегуде.
Біріншіден, оқытылатын пәндердің көп болуы, әсіресе, оқытылатын сабақ
саны айтарлықтай көп болатын орта және жоғарғы мектептер;
Екіншіден, кейбір оқу пәндеріне сағат санының аз бөлінуі, мысалы,
аптасына 1сағат.
Бұл оқу материалының игерілуінің әсерін төмендетеді. Оқу-тәрбиелеу
процесіндегі модульдік ұйымдастыру, орта және жоғары сыныптарда бірыңғай
аралас сабақтарды жүргізуден арылуға мүмкіндік береді. Мұғалім сабақты
әрқайсысының өзіне тән тапсырмаларына қарай, бөлімдерге бөле келе,
оқушыларда қажетті қабілеттіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға
үлгермейді.
Нәтижесінде, мұғалім оқушылардың қабілеттіліктерінің дамуын емес,
оқушылар көмегімен бағдарламаның өтуін ғана ойлайды.
Қазіргі таңда сан түрлі педагогикалық технологиялар бар. Жаңа
технологияны жобалау – концептуальді, әдістемелік, операционды,
аналитикалық, бақылау-бағалау, нәтижелілік секілді бірнеше деңгейден
тұратын күрделі үдеріс болып табылады.
Осыған байланысты педагогикалық технологияларды сипаттайтын құралдардың
толық жүйесінің мәселесі туындайды. Сол педагогикалық теорияларға сәйкес,
мәселен, жаңа сабақтың технологиясын, белгілі бір бағыт бойынша оқытудың
технологиясын (проблемалық оқыту, программалық оқыту, компьютерлік) топтық-
танымдық әрекеттің технологиясын, ойын әрекетінің технологиясын және т.б.
анықтауға болады [1].
Зерттеу жұмысының мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқу
процесінде биология пәнінен сабақтарды модульдік технологияны қолдана
отырып оқыту.
Осы мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Модульдік технологияның негізін ашу;
- Биология сабақтарында модульдік технологиямен сабақ берудің
ерекшеліктері мен артықшылықтарын көрсету;
- Технологиялық карталарды және олардың түрлерін сипаттау, олардың
негізгі формалары мен қолданылу әдістерін анықтау.
Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласының Жамбыл Жабаев атындағы №161
гимназия мектебі, 8 матфиз - бақылау сыныбы, 8 химмат - тәжірибелік
сынып.
Зерттеу пәні: 8-сыныптарда биология пәнінен модульдік технологияны
енгізу процесі.
Зерттеу жұмысының объектісі: жалпы білім беретін мектептегі Биология.
Адам және оның денсаулығы (8 сынып) пәнін оқыту процесі.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды және ұсыныстан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі қаланады, зерттеудің мақсаты мен
міндеті, нысаны мен пәні анықталынады, жұмыстың құрылымы бейнеленеді.
Әдебиеттерге шолу бөлімінде модульдік оқыту жүйесінің ұйымдасуының
нұсқаларын ұсынатын модульдік технологияның теориялық және методикалық
негіздеріне, сонымен қатар осы технология эффективтілігінің басты
көрсеткіштері, яғни мақсатқа сәйкестілік пен оқушы мен оқытушының бірлескен
оқу әрекетіне арналған. Қарастырылып отырған мәселе бойынша модульдік
технологияның және әдебиеттердің қысқаша тарихы жасалған.
Зерттеу материалдары мен әдістері бөлімінде биология сабақтарында
модульдік технологияны практикалық іске асырғандағы нәтижелерін жариялайды.
Бітіру жұмысының қорытынды бөлімінде осы технологияның тиімділігі жайлы
жалпы нәтижелер шығарылады.

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. Модульдік оқыту технологиясының түсінігі және негізі

Қазіргі таңдағы мектептердің негізгі мақсаты – әрбір оқушының өзінің
бейіміне қарай білімінің қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен
мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін оқыту жүйесін құру болып саналады. Осы
мақсатқа жету үшін, оқу процесіндегі оқытушы мен оқушының қарым-қатынасын
түбегейлі түрде өзгерту керек. Бұл мақсатқа жету үшін оқу процесінде
мұғалім мен оқушының ара-қатынасын түбегейлі өзгерту керек.
Қазіргі кездегі жалпы мектептердегі оқу процестері түсіндіру көрнекілік
сипатын сақтап отыр. Бұл оқушының өз қызығушылықтары, қабілеттіліктерінің
дамуы мен оқытудың дәстүрлі жүйесінің арасындағы кертартпалықты күшейте
түсуде.
Сондықтан да мектеп ұжымының алдына оқушыға оның ақыл-ойын,
қабілеттіліктерін, оқу-танымдық әрекетте өзін-өзі басқаруын жүзеге асыратын
индивидуалды оқыту технологиясын іздеу мәселесі туындады [2].
Түсіндіру-көрнекілік әдістері бар дәстүрлі жүйеде, мұғалім тек
оқушыларға сабақты түсіндіреді және сұрайды, бақылап, бағалайды. Ал,
оқушылар тек бір ғана бағытта ғана жұмыс жасайды. Мұндай бірыңғайлылық,
оқушыларды жалықтырып жібереді. Ал, ең бастысы – оқушыларда өзіндік жұмыс
дағдыларының қалыптасып дамуына мүмкіндік бермейді. Оқушылардың ой өрісінің
және басқа да психикалық процестерінің дамуына мұғалім ерекше назар аударуы
тиіс. Алайда, мұны іс жүзінде тұрақты түрде іске асыру қиынға соғады. Мұның
бірнеше себептері бар.
Соның бірі, оқыту уақытының аз және шектеулілігі, бұл ең басты себеп
болып табылады. Ал, осы аз уақыт ішінде мұғалімнің оқушыға беретін білімі
өте көп.
Нәтижесінде, мұғалімнің алдында шектеулі уақыт ішінде балаларды
шаршатпай, тек білім ғана беріп қоймай, олардың психикалық функцияларының
қалыптасуына да көңіл бөлу мәселесі туындайды [3].
Бір затты екінші бір затпен біріктірудің көптеген жолдары бар.
Тіпті өзінше бір селбесу құруға мүмкіндік беретін әдістер де бар. Болашақта
олар ойлау психикалық функцияларының дамуына, ал жақын уақытта материалдың
тез игерілуіне септігін тигізеді.
Алынған білім түсінікті жзәне тиянақты ғана болып қоймай, балалар оқуды
жаңа бір серпінмен бастайды. Өйткені балалар көбінесе түсінбей
оқығандықтан, оқуға деген қызығушылығы төмендейді. Нәтижесінде механикалық
ес іске қосылып, ал қалғандарының жұмыс белсенділігі төмендейді [4].
Осы жағдайлардың барлығы, мұғалімді оқушыларға тек білім ғана беріп
қоймай, осы білімді оқушылардың өз бетінше игеруі, өзін және өз
мүмкіндіктерін объективті түрде бағалау, өз бетінше жұмыс жасау,
сыныптастарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасауды үйрету және өз
жұмысының нәтижесіне жауап беру технологияларын іздеуге итермеледі.
Осының нәтижесінде, биология пәнін оқытуда 7- сыныптан бастап модульдік
оқытуды қолдану туралы шешім қабылданды [5]
Модуль дегеніміз – үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке-жеке
тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады.
Өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді,
қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс
жасауға мүмкіндік туады [6].
Модульдік технология 1972 жылдан бастап белгілі. Ол кездерде оны
модульдік жүйе деп атаған болатын. Мұндағы негізгі басты элемент – бір
жүйелілік болып табылады. 1972 жылы Токиода ересек (егде) адамдардың
сауатын ашу мәселесі талқыланған бүкілдүниежүзілік ЮНЕСКО конференциясы
болып өтті. Осы конференциядан кейін, модульдік жүйе үздіксіз білім беру
процесінде ең ыңғайлы жүйе ретінде аталып, кейіннен бұл жүйемен оқыту тек
үлкендерге ғана емес, жастарға да ұсынылды [7].
Бұл технология басқа технологиялармен салыстырғанда, бірқатар
басымдылықтарға ие.
Олар:
• Модульдік технологияда оқытудың мақсаты қаланады;
• Оқытудың базалық (негізгі) дайындығы есепке алынады (оқушылар әр
түрлі темпте оқи алады және материалдың меңгерілуі әр оқушы үшін
индивидуальді болып табылады);
• Оқушылардың альтернативадан оқытудың жаңа тәсілін таңдауына мүмкіндігі
туады [8];
• Білім деңгейлерін өзіндік және тұрақты бақылау қарапайым
алгоритмдерден анағұрлым күрделі, яғни модульдік оқытуда алған
білімдерін шығармашылық тұрғыдан қолдануға мүмкіндік береді;
• Модульдік технологияда жай аралас сабақ қалыптасқан кезден бастап
жинақталған дәстүр мен жаңа әдістер өзара үйлесім табады [9];
• Бұл технологияны пайдалану мұғалімге жүйелілігімен, бірізділігімен
пайдалы болып саналады. Ал бұл өз кезегінде оқушылардың тақырыпты
меңгеру сатысын жеңілдете түседі. Модульдік технология оқушылардың
шокты жағдайдан қашуына мүмкіндік береді. Өйткені тұрақты рефлексия
мұғалімге оқу процесі жайлы ақпарат беріп отырады;
• Осы технология негізінде оқушы оқу мазмұнын өзі жасайды, мұның
нәтижесі материалдың жақсы және саналы түрде игерілуіне алып келеді
[10];
• Бұл технология өзіне педагогикалық теория мен практикада жинақталған
білімдерді кіріктірді. Осылайша белгілі бір логикадағы нақты әрекеттер
процесіндегі оқушылардың белсенділік идеялары, өзін-өзі бақылау
негізінде өзінің әрекеттерін тұрақты түрде бекіту, оқу-танымдық
әрекеттердің жекелеген қарқыны – мұның барлығы бағдарламаланған оқыту
теориясының әсері болып табылады. Дамыта оқыту теориясында модульдік
технологияны бағдарлап оқыту әрекетінің негізімен салыстырады. Яғни,
бұл ой әрекеттерінің сатылап қалануы. Психологиядан рефлексивті әдісті
алуға болады.
• Технология өзін-өзі іштей дамытудың кең диапазонына ие. Осылайша бұл
технологияда тұрақты дамушы жүйенің энергиясы қаланған. Осы
технологияны қолдану тәжірибесі сөзсіз мұғалімнің де, оқушылардың да
біліктілігінің артуына алып келеді [11].
Ресейде Мәскеу қаласында оқытудың модульдік жүйесін ұйымдастыруды №1208
(директор И. Б. Сенновский) және №1079 (директор П. И. Третьяков) мектептер
қолданып көрді. Осы мектептердің директорлары модульдік оқыту жүйесін
ұйымдастыруға арналған құралдардың авторлары болып табылады.
Технология модульного обучения в школе: Практико-ориентированная
монографияатты бірлескен жұмыстары мұғалімдерге арналған ең нақты және
дұрыс оқу құралы болып табылады [12]. Мұнда оқу модулінің мазмұндық
құрылымы ғана емес, оны ұйымдастыру жақтары да қарастырылады.
Алайда сабақ кестесімен бірге жалпы модульдің және модульдің оқу
элементтерінің мазмұнының құрылу принциптері де беріледі. Модульдік
технологияда авторлар ұсынып отырған мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің
схемасы, анкеталар және тағы басқалар мұғалімге пайда келтіретіні сөзсіз.
И.Б. Сенновский модульдік технологияның басты элементтеріне баса назар
аударады. Модульная педагогическая технология в школе: анализ условий и
результатов освоения жұмысында мектеп жұмысының ұйымдастыру мәселелеріне
көңіл аударылады[13].
“Система управленческой деятельности учителья в модульной
педагогической технологии” мақаласындағы негізгі түйін, модульдік оқытудың
ұйымдастыру аспектілері мен мазмұндық қатынасы болып саналады[14].
Модульдік технологияның теориялық негіздері педагогикалық және
дидактикалық әдебиеттерде кеңінен қарастырылған. М. А. Чошановтың Теория
и практика модульного обучения атты монографиясын көптеген ғалымдар осы
мәселедегі негізгі зерттеулердің бірі деп есептейді[15].
Оқытудың проблемалық модульдік технологиясы жоғары оқу орындарында
студенттердің білім деңгейлерінің дайындықтарын арттыру үшін кеңінен
қолданылады. Жоғары оқу орындарында оның дамуының аспектілеріне арналған А.
И. Галочкин, Н. Г. Базарнов, Н. С. Касько, В. И. Маркиндардың мақалалары
бар[16]. Бұл мақалаларда осы технологияның элементтері, олардың
студенттердің жұмысына нақты енуі қарастырылады, осы технологияның
тиімділігін дәлелдейтін мәліметтер келтіріледі.
Модульдік технологияның көптеген принциптері жалпы педагогикалық және
дидактикалық әдебиеттерде келтірілген. В. П. Беспальконың кітабы бұл
технологияның анағұрлым күрделі тарабы, яғни мақсатқа сәйкестілік
мәселесіне арналған[17]. Оның негізгі мақсаты – дұрыс, яғни диагностикалық
түрде әрекеттің мақсатын қойып, жетістіктердің деңгейін тексеру. Мақсаттың
дұрыс қойылу мәселесі М. В. Клариннің еңбектерінде қарастырылған[18].
Модульдік оқыту жүйесінің практикалық бағытталуы жайлы
Т. И. Шамованың Биология в школе журналындағы мақаласы өте
өзекті[19]. Ол модульді мазмұны бойынша индивидуалды, оқыту әдісі,
оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің қарқыны есебіндегі оқу бағдарламасы
ретінде қарастырады. Ол оқытудың басқа жүйелеріне қарағанда, модульдік
оқытудың төмендегідей ерекшеліктеріне басты назар аударады.
Біріншіден, оқытудың мазмұны заңды дербес кешендерде (ақпараттық
жүйелерде) көрсетілуі тиіс, оның меңгерілуі оқыту мақсатына сәйкес жүруі
керек.
Дидактикалық мақсат оқушы үшін қаланады және ол тақырып мазмұнының
көлемін ғана көрсетіп қоймай, оның меңгерілу деңгейіне де нұсқаулық береді.
Әрбір оқушы мұғалімнен қалай рационалды әрекет ету керек екендігі жайлы,
керекті материалды қайдан табуға болатындығы және тағы басқалар жайлы
жазбаша формада кеңес алады.
Екіншіден, модульдік оқыту мұғалімнің оқушылармен оқыту формасының
өзгеруін болжайды. Мұғалім оқушылармен модульдер арқылы, сонымен қатар
әрбір оқушымен жекелей де тілдеседі. Модульдер оқытуды субъективті негізге
көшіруге көмектеседі.
Үшіншіден, әрбір оқушы уақытының көп бөлігінде өз бетінше жұмыс
жасайды, өз әрекетін бақылап, бағалауды үйренеді. Осылайша, әркім өзінің
білімінің деңгейін анықтап, жіберілген қателіктері мен кемшіліктерін көре
алады. Мұғалім оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін модульдер арқылы
басқарып отыратыны сөзсіз, алайда ең бастысы, бұл мақсатқа сәйкес басқару
болып табылады.
А. Головатенконың Первое сентября - История газеттеріне жазған
қосымшаларында модульдік технологияның элементтері аталып, кейбір
мұғалімдердің тәжірибесінен мысалдар келтіріледі [20].
Модульдік оқытудың теориялық және методологиялық негіздерін
М. А. Чошанов анықтауға тырысты [15].
Оның проблемалық модульді оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К.
Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В. М. Монахов В. П. Беспальконың
және басқа да көптеген ғалымдардың технологялары кеңінен танымал.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет
деңгейлерін дамытуда Жанпейісованың “Модульдік оқыту технологиясының”
маңызы ерекше. Олай дейтінім, жаңа технология әдістері оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар
жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Өйткені, модульдік оқыту
технологиясында оқытудың әр түрлі белсенді формаларын (топтық, жеке топтық,
диспуттар т. б.) қолдануға мол мүмкіндіктер бар [4].
Алматы қаласында ең алғаш рет №34 мектебінде оқытудың модульдік және
интерактивтік принциптері біріккен оқытудың модульдік интерактивтік
технологиялары енгізіліп апробацияланды [1].
Осылайша жоғарыда аталғандарды былайша қорытындылауға болады:
1. Дәстүрлі педагогикалық ілім авторитарлық қоғамның жағдайында,
белгілі бір социалды құндылықтар жүйесінде құрылған. Қазіргі жағдайларда
бұрынғы педагогикалық теорияларды пайдаланудың қажеттілігі шамалы.
2. Қалалардың, облыстардың, республиканың көптеген оқу орындарының
алдыңғы қатарлы практикалық іс-әрекеттері педагогикалық ұжымдардың
оқушылармен жұмыс істегенде әлдеқайда әсерлі формалар, әдістер мен
технологияларды белсенді түрде іздеуге көшкендігін көрсетіп отыр.
3. Отандық және шетелдік тәжірибе ұйымдасуы және технологиясы бойынша
мүлдем басқа, теориялық материалды игеруде алға басып, оны блок-
модельдермен бекітуімен, оқу әрекетінің алгоритмизациясымен сипатталатын
модульдік оқытудың жарқын болашағын көрсетіп отыр.
4. Модульдік технологиямен оқытудың негізгі мақсаттарының бірі, оқушыда
білім дағдыларын қалыптастыру болғандықтан, бүкіл процесс саналы мақсатқа
жору, орта (жалпы оқу дағдылары мен қабілеттіліктері) және болашақ
(тұлғаның қабілеттіліктерінің дамуы) мақсаттарға негізделген. Оқу әрекетін
саналы түрде түсіну мұғалімді ақпараттандыру режимінен кеңес беру және
басқару режиміне ауыстырады. Аталған әдіс оқушыларға модуль ішіндегі
қозғалу жолдарын таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
5. М.Н. Скаткин онша маңызды емес жайттармен шамадан тыс жүктеу
оқушылардың дүниеге көзқарасы мен ойлау ретіне, білімге деген
қызығушылығының дамуына кері әсерін тигізетіндігін атап отыр. Мұндай
керексіз жайттармен баланың миын шаршатпау керек.
6. Оқу-тәрбие процесі ұйымдасуының модульдік жүйесі баланың дамуына
негізделе отырып, іс-әрекеттің бастапқы кезінде мотивациялық сатының
міндеттерін болжайды, оқушы өз бетінше қандай ақпаратты және не үшін игеріп
отырғандығын сезінеді. Өзара байланысты мотивациялық сатылар білімнен
қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Оқушылардың өзіндік жұмыс барысында көп
рет қайталанатын оқу әрекеттері қабілеттілікті дағдыға алмастырады. Мұғалім
барлық сатыларда ұйымдастырушы, процестің жетекшісі ретінде шығады, ал
оқушы белгілі бір мәселе бойынша зерттеу мәселесімен айналысады.
7. Аталған технология 60 жылдардың басында АҚШ пен Батыс Еуропаның оқу
орындарында шығып, кең тарала басталды. Модульдік оқыту дәстүрлі оқытуға
альтернатива болып табылады. Ол өзіне педагогикалық теория мен практикада
жинақталған барша прогрессивті белгілерді жинақтаған.
Модульдік оқыту ақыл-ой әрекеттерінің сатылай қалыптасуының негізгі
түсінігі – іс-әрекеттердің бағдарлық негізіне сүйенеді. Оқушының
белсенділігінің идеялары, әрекеттерінің нақтылығы мен логикасы, өзін-өзі
бақылау негізінде өз әрекеттерін тұрақты бекітіп тұру – мұның негізгі
сипаттары болып табылады.
Модульдік оқытудың негізі, бұл оқушы толығымен өз бетінше (немесе
мұғалімнің аздаған көмегімен) модульмен жұмыс жасау процесінде оқу-танымдық
іс-әрекеттің нақты мақсаттарына қол жеткізеді.
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама
дербес бөлігі (С. И. Ожегов).
Модульдік оқыту технологиясының элементі, бұл – модульдік сабақ болып
табылады. Модульдік сабақтар модульдік бағдарламаларға біріктіріледі,
алайда бұл модульдік бағдарламада барлық сабақтар модульдік болуы керек
деген сөз емес.
Модульдік сабақты жасауға кіріскенде, ол екі академиялық сағаттан артық
созылмауы керек екендігін ұмытпаған жөн. Өйткені мұндай сабақтарда
оқушылардың тақырып бойынша білімі мен білігін анықтап, жаңа ақпарат беріп,
оқу материалын қайталап отыру қажет. Модульдік сабақты құрастыруда
келесідей алгоритм қолданылуы мүмкін:
• Сабақ тақырыбын тұжырымдау;
• Сабақтың мақсатын және оқытудың соңғы нәтижелерін тұжырымдап,
анықтау;
• Оқу мазмұнын қисынды аяқталған жеке оқу элементтеріне (ОЭ) бөлу
және олардың әрқайсысының мақсатын нақтылау;
• Қажетті фактілік материалдарды жинау;
• Оқушылардың оқу әрекетерінің тәсілдерін анықтау;
• Сабақ берудің және бақылаудың тәсілдері мен формаларын сипаттау;
• Сол сабақтың модулін құрастыру;
• Сабақ мәтінінің қажетті мөлшерде көшірмесін даярлау.
Модульдік сабақтың әрбір оқу элементі – бұл сабақтың кіріктіруші
мақсатына жетуге қадам, оның мазмұнын игермейінше, мақсатқа жету мүмкін
емес. Оқу элементтері көп болмауы керек (максималды -7), алайда
төмендегілері міндетті болып келеді:
ОЭ-0 – бұл кіріктіруші мақсатты оқу нәтижелерінің жетістіктері бойынша
анықтайды.
ОЭ-1 – тақырып бойынша негізгі білімдерін және жаңа материалды
меңгеруін анықтайтын тапсырмалардан тұрады.
ОЭ-2 және т. б. – оқу материалын қайта жасау.
ОЭ-n (n – соңғы оқу элементінің номері) – сабақ нәтижелерін
қорытындылаудан (сабақ мақсаттарының жетістік деңгейлерін бағалау), үй
тапсырмасын таңдау, рефлексиядан (өзін-өзі бағалау, өзінің жұмысын
өзгелердің бағаларын есепке ала отырып бағалау) тұрады.
Модульді құрастырудағы ең бастысы, бұл – білімді меңгерудің логикалық
сатыларында оқушы іс-әрекетінің құрылымдарының қалыптасуы: қабылдау,
түсіну, ойлау, есте сақтау, қолдану, қорытындылау, жүйелеу. Бұл жерде
проблемалық оқытуды жүзеге асыруға зор мүмкіндік бар. Модульдің құрылымы
(оқу элементінің) 2 - кестеде көрсетілген.

1-кесте
Әрбір сынып бойынша технологиялық карта

НегізгЖетекші Қосым-шаҚайта- Меңгері-лПән Пән Қиындықтар-д
і білімдербілімдерлаулар уі қиын іші-лік ара-лық ы шешу
тармақ тақырып-тбай-ланыбай-ланыжолдар ы
-тар ар с-тар с-тар


2-кесте
Модульдің (оқу элементінің) құрылымы

Оқу Оқу элементінің (материалдың) Оқытуды басқару (мазмұны,
элементінің атауы. Оқу материалының мазмұныформалары, әдістері).
номері
ОЭ Тақырыбы Қажетті білімдір мен
№0 Мақсаты: қабілеттіліктер.
ОЭ Үй жұмысын тексеру. Түсіндіру (жұппен, топпен
№1 Мақсаты: жекелей жұмыс).
ОЭ Жаңа білімдерді меңгеру және Мұғалімнің түсіндіруі
№2 бекіту. (кітаппен, дидактикалық
Мақсаты: материалмен жұмыс).
ОЭ Жаңа білімдерді бекіту. Мұғалімнің түсіндіруі
№3 Мақсаты:
ОЭ Рефлексия.
№4 Мақсаты:

Мұғалім мен оқушының іс-әрекеттер жүйесі:
Модульдік бағдарламаны құрастырудағы мұғалім іс-әрекетінің
бірізділігіне тоқталып өтейік.

Бірінші қадам – бұл оқу курсын жүйе ретінде қарастыру.
Ең алдымен мұғалім өзі, содан соң методикалық бірлестіктің көмегімен
оқу пәнінің, курстың негізгі тармақтарын ажыратады.
Келесі әрекет әрбір негізгі тармақ бойынша әр сынып үшін мазмұнды
сұрыптау болып табылады.

Екінші қадам – әрбір сыныпқа технологиялық карта құрудан тұрады.
2-кестеде технологиялық картаның мүмкін болатын нұсқасы көрсетілген
(2-кесте).

Осындай
картаны құрастыра отырып, мұғалім тұтас мазмұнды, оны оқып үйренудің
күрделілігі мен ерекшеліктері тұрғысынан нақты көре алады.

Үшінші қадам – модульдік бағдарлама жасау, оның негізгі компоненттері,
бұл – дидактикалық мақсат және модульдік бағдарламаның модульдерінің
жиынтығы.
Әрбір модульдік бағдарламаға тарауды немесе кең көлемді тақырыпты
бейнелейтін атау беріледі.
Төртінші қадам – жүйелі дидактикалық мақсаттардың кіріктіруші
дидактикалық мақсаттарын ажыратумен байланысты. Сонымен қатар үш деңгейде –
аяқталған ақпарат жүйесі болып табылатын әрбір модуль және оның мазмұнын
сұрыптаумен байланысты.

Бесінші қадам – кіріктіруші дидактикалық мақсаттардың жекелеген
дидактикалық мақсаттарға градациясы және модульді құрайтын оқу
элементтерінің мазмұнының қалыптасуы. Нәтижесінде мақсаттар пайда болады:
жүйелі дидактикалық мақсат – кіріктіруші дидактикалық мақсаттар – әр
қайсысының мазмұны бойынша таңдалынып алған жекелеген мақсаттар.

Алтыншы қадам – модульдің өзінің құрылуы.
1. Модульдің құрылуы, кестеде оқу элементі – 0 деп белгілейтін
кіріктіруші мақсаттан бастайды.
2. Кейін оқушылардың жұмысқа дайындығын анықтайтын тапсырмалар
беріледі.
3. Оқу элементтері құрылып, барлық дидактикалық мақсаттар, оқушы іс-
әрекетінің алгоритмі және бақылау үшін тапсырмалар, білім мен дағдыны
игерудегі қателіктер анықталады.
4. Модуль элементі жұмыстың орындалу барысын баяндайтын резюмемен
толығады.
5. Соңғы бақылаудың тапсырмалары құрастырылады. Оның мәні – модуль
мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.
6. Модуль материалын қорытындылаудың құрылымдық-қисынды схемалары және
оларды құрудағы оқушылардың жіберетін қателіктері ойластырылады.
Схемалық түрде алған модульдік бағдарламаны кесте түрінде көрсетуге
болады.

1.2 Модульдік бағдарламаның құрылымы

Модульді жасауда төмендегідей қағидаларға сүйену керек:
• Оқу элементтерінің жекелеген дидактикалық мақсаттары өзінің
жиынтығында модульдің кіріктіруші мақсатының жетістіктерін
қамтамасыз етеді.
• Өз кезегінде барлық модульдің кіріктіруші мақсаттарының жүзеге
асуы модульдік бағдарламаның жүйелі дидактикалық мақсатына алып
келеді.
• Жүзеге асқан жедел кері байланыс – білімді меңгеру және бақылау
процестерінің негізі.
• Модуль тұрғысынан жанасу дәстүрлі оқу процесімен салыстырғанда,
оқушылар үшін де және мұғалімдер үшін де көптеген артықшылықтарға
ие.

Модульдік оқытудың оқушылар үшін артықшылықтары:
- Оқушылар модульді оқып үйренгеннен соң не істей алатындарын, нені және
қанша көлемде игерулері керек екендігін нақты біледі.
- Оқушылар өз қабілеттерін тиімді пайдаланып, уақыттарын өз бетінше
жоспарлай алады.
- Оқу процесі мұғалімге емес оқушыға шоғырландырылған.

Модульдік оқытудың мұғалімдер үшін артықшылықтары:
- Мұғалім өзінің назарын оқушылардың жекелеген мәселелеріне
шоғырландыруға мүмкіндігі бар.
- Мұғалім оқушылардың ойлау қабілетін стимулдау, олардың назарын, ойлауы
мен жадын белсендендіру, оқушыларға мүмкіндігінше барша жағдайларын
жасау сияқты шығармашылық жұмыстарды атқарады.

Модульдік оқытудың оқушылар үшін негізгі қиыншылықтары:
- Оқушылар алға қойылған мақсаттарға жетулері үшін өз тәртіптерін
қадағалауы керек.
- Оқушылар көп мөлшерде өзіндік жұмыстар орындауы керек.
- Оқушылар өз білімдіріне өздері жауапты.

Модульдік оқытудың мұғалімдер үшін негізгі қиыншылықтары:
- Мұғалімге өз іс-әрекеті мен ойларының үйреншікті ретін өзгерту қиынға
түседі. Өйткені олар оқу процесіндегі жетекші рөлден бас тартып,
оқушының алға қойған мақсаттарына жетуіне көмектесулері керек.
- Мұғалім әрбір оқушының өз бетінше мақсатқа бағытталған және нәтижелі
жұмысын қамтамасыз ету үшін өз жұмысының құрылымы мен бағытын өзгертуі
керек.
Оқу тапсырмалары пәнішілік және пән аралық байланыстың үздіксіздігін
қамтамасыз етеді, мазмұны және танымдық деңгейі бойынша жіктеледі,
проблемалар мен оларды шешу жолдарына бағытталып, білімді меңгеру
механизмін белгілейді.
Оқушының іс-әрекеті оның дамуының шегінде өтеді: өзін-өзі басқаруға
бағытталған қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады, уақытты рационалды
түрде жіктеуге мүмкіндік береді, әр сабақта оқушының рефлексивті
қабілеттерін іске асырады.
Мұғалімнің іс-әрекеті де принципиалды түрде өзгереді. Оның басты
мақсаты – модульдерді, модульдік бағдарламаларды жасап шығару. Ал
сабақтарда модульдік оқытудың потенциалын пайдалана отырып, оқытудың
рефлексивті басқаруын қамтамасыз етеді.
Модульдік технология белгілі бір шектеулерге ие:
1. Өз бетінше оқу әрекетін орындауға оқушылардың дайындық деңгейі.
2. Мектептің материалдық мүмкіншіліктері.
3. Модульге уақыт тапшылығын тудыратын өте үлкен көлемдегі мазмұн
әрекетін кірістіру.
Оқу процесіне модульдік технологияны енгізу біртіндеп жүзеге асуы
керек. Дәстүрлі сынып-сабағы жүйесін (оқытудың көрнекілік-түсіндіру
технологиясы) модульмен араластыруға болады.

1.3 Биология пәні деңгейіне модульдік технологияны енгізу

Биологияны оқытуда модульдік оқыту педагогикалық технология ретінде
кеңінен қолданыла бастады. Қағидалар мен ережелердің құрылуының, оқытудың
әдістерін сұрыптау мен формаларының негізінде педагогикалық теория мен
практикада жинақталған прогрессивті белгілер біріктіріледі. Атап айтсақ,
бұл оқытудың дифференциациясы, тұлғалық бағытталуы, оқытудың мотивациясы.
Оқушы өзі оқып ізденетін, ал мұғалім бұл процесті басқаратын білім берудің
парадигмасы қалыптасады.
Биология пәні сабақтарын модуль арқылы оқытудың ерекшеліктеріне
тоқталсақ.
Оқу модулінің сөйлесу немесе диалогтық бөлімінің ерекшелігі, ол
оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқу материалына бірнеше рет
қайта оралтып, жұмыс істеуге болады. Оқытуды модульдік технологиясы арқылы
жүзеге асырған кезде тарауға оқу бағдарламасы бойынша берілген сағат саны
өзгермейді. Бұл технологияны биология сабақтарында қолданудың тағы бір
ерекшелігі, бекіту сабақтарына сағат саны көбірек бөлініп, саралап оқытуға
ыңғайлы.
Мысалы, “Адам және оның денсаулығы” курс бағдарламасы 12 модульден
тұрады. Жоғарыда айтып өткендегідей, модульдің құрамдас бөліктері: кіріспе,
сөйлесу, қорытынды болып табылады және әр модульге берілетін уақыт мөлшері
әр түрлі (4-12сағат). Оқу модульінің ерекшелігінің бірі, кіріспе мен
қорытынды бөлімдеріне - әрдайым 1-2 сағат. Кіріспе бөлімінде мұғалім
оқушыны жалпы модуль (тарауға) енген оқу материалымен таныстырады.
Түсіндіру барысында әр түрлі көрнекілік, тірек-сызбаларды пайдаланады.
Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде ойындар кеңінен қолданылады.
Сөйлесу бөлімінің 2, 3 сабақтарында оқушылар тақырыпты көру, оқу, сөйлесу
арқылы меңгеріп, қорытынды сабақтарында тақырыпты қай деңгейде меңгергенін
анықтаймыз. Ол үшін оқушылар деңгейлі тапсырмалар орындайды [6].
Оқыту мақсаты оқушыға алдын-ала түсіндіріледі, оқыту міндеті де
айқындалады. Мазмұны модульмен беріледі. Модульдер әр түрлі үлгіде құрылып,
әрі модуль жеке оқушыға да арналуы мүмкін. Оқушыға берілген материал
күрделі болса, ол өзгертіледі. Себебі, модуль материалы өзгертуге икемді,
оңтайлы жасалады. Оқыту материалын өзгертуге аз күш пен уақыт жұмсалады.
Оқу әдістеріне келер болсақ, оқыту оқушы мен сыныптың белсенді әрекеттеріне
бағытталған. Мақсатқа жету үшін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған әр
түрлі әдістер кешенді түрде қолданылады.
Оқыту құралдары оқу мақсатына, түріне, үйренуінің мүмкіншілігіне, білім
деңгейіне сай сараланады. Әдетте, оқу құралын оқушы таңдайды әрі қалауына
қарай өзі ауыстырып отырады. Сабақтың ұйымдастырылу жүйесіне тоқтайтын
болсақ, оқыту – ұжымдық, үлкен топ, шағын топ, жұппен, жекелей жұмыс түріне
бөлінеді. Өзінің қабілетіне, қызығушылығына, жеке мүмкіншілігіне байланысты
оқу уақытын оқушы реттейді.
Модульдер шағын және көпшілікке түсінікті құрастырылған. Оқушылар
білімді игеруде өздерінің жеке қарқынымен алға жылжиды. Олар белгілі бір
модульді жіберіп, оны кейін өз бетімен игеруге ерікті.
Ал, алған білімдерін бақылау мен бағалау жүйесі төмендегідей:
• Білім деңгейі әр модульден кейін тексеріледі.
• Әр модульден жіберілген кемшіліктер нақтылы түрде сақталып, оны
түзетуге күш пен уақыт аз жұмсалады. Оқушы әр түрлі себептермен
өзі жіберген модульді қайталайды әрі пысықтайды.
• Оқушылар материалдарды үлкен белсенділікпен толық игереді.
• Оқушының білімін бағалауда тест түрінде берілетін тапсырмалар
уақытты үнемдеуге өте қолайлы болып есептеледі.
Модуль, бұл – оқу мазмұны мен оны меңгерудің технологиясы біріктірілген
тұтас функционалдық торап. Басқаша айтқанда, бұл – оқытудың дидактикалық
мақсаты мен әр түрлі тапсырмаларды, оларды орындаудың ұсыныстарын
біріктіретін берілген сабақтағы оқушылардың белсенді оқу іс-әрекеттерінің
жоспары.
Модульмен жұмыс жасау барысында оқушылардың білімі мен
қабілеттіліктерінің деңгейі анықталып, олар жаңа ақпаратқа ие болады, сабақ
соңында бақылау жүргізіліп, бағаланады.
Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы
алынған.
Оның мазмұнына:
1) Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2) Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3) Оқушылардың білім деңгейін алдын-ала (диагностикалық) бағалау;
4) Оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыстың
негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5) Нәтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу процесі модульдік сипат алып, құрылымы ортақ,
бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен:
кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. 1 суретте
оқу модулінің схемалық құрылымы көрсетілген.
Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы
бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат
санына байланысты. 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып
табылады. Алайда эксперимент жүргізген мұғалімдерде модульге бөлінген сағат
саны 4 сағаттан 22 сағатқа дейін ауытқыды.
Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе
бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағаты беріледі. Қалған
уақыт (3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады.
Мысалы, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір
сағаты модулдің бірінші бөлімі-кіріспеге, екі сағаты-қорытынды бөлімге,
қалған 6 сағаты-сөйлесу бөліміне беріледі.
Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің І және ІІІ бөлімдеріне
берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді –
яғни, ол 9 сағат болады.
Оқу мазмұнына өсу бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивті
тапсырмалардан шығармашылық ізденіске (кей жағдайларда –зерттеушілік қызмет
элементтеріне) қарай бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу
материалын қарапайым білім деңгейінен білімді бағалау деңгейіне дейін
игеруге мүмкіндік береді [21].

Сурет 1. Оқу модулінің құрылымы

Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық
процесін ұйымдастырушы рөлінде болады.
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі.
Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң,
оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын
ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.
Мұғалімнің алдын-ала жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан тұрады:
1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада
меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды,
сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып
зерттеу.
3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін негізгі
ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты)
сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.
4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған
түйінді ұғымдар мен кодтар негізінде).
5-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тесттік тапсырмалар
құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).
6-қадам: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша
сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін құрастыру (оқу пәнінің
өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға
болады).
7-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау.
Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап бірінші күрделілік
дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың
ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі
тапсырмалар әзірленеді [1].
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,
оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің
барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20минут ішінде),
сызба, кесте және т. б. Белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен
дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу
бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізінен сыныпты шағын топтарға
(4-7 адамнан) бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге
түрлі ойын технологияларын енгізе отырып құрылады.
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік
деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі
болатындай етіп құрылған. (Адамның екі сигналдық жүйесін тұлғаның танымдық
қабілеттерін де, танымдық процестерді де дамытуға мүмкіндік береді).
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды
(топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану –
оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу
материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру
мақсатында, кейіннен – алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау
мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.
3-4 сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған
тапсырмалар беріледі (ІІІ және ІІ деңгейлер).
І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне – интеллектуалдық және
креативтік дарынды балаларға арналған.
Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды.
Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті
емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар.
Зерттеу көрсеткендей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен
қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше рет 13-тен 24 ретке дейін қайта
оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Үшінші, жеңілдетілген деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі
төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік
береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінде-ақ орындап болған
оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңесшілер,
жүргізушілер, т. б. рөлдерді атқара алады.
Оқу бөлімінің сөйлесу бөлімі, оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-
өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірін бағалауына құрылған.
Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі
жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.
Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайда құрылады:
баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін
қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады.
Технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып,
қанағаттану – әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды
факторларының бірі. Сондықтан да сөйлесу бөліміндегі бағалар және бағалау
ынталандырушы сипатта болады. Оқу модулінің бұл бөлімінде оқу еңбегінің
нәтижесін бағалауда тәтті лимон (оқушы атқарған әрекеттің құндылығын
асыра көрсету) және көк жүзім (оның теріс нәтижесін құнсыздандыру)
қағидалары кеңінен қолданылады (Р.Н. Грановская, Ю.С. Крижанская).
Бұл технологияның маңызды шарты – оқушылардың кез келген ғылыми
көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ
ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала
алатындығы.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы
өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеу керек
екендігін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол
оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын-
ала таныстырады.
Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімін құрудағы мұндай тәсілдің оқушы
тұлғасын дамытуға жағымды ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен
эксперименттік жұмыс көз жеткізіп отыр.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық
сабақтарында оқушылардың көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді
пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу
бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі
тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалар ретінде тесттік тапсырмалар, бақылау
жұмыстары, сынақ, диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу
модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.
Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын
бағалауда оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімінде алған бағалары
қойылады.
Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі (жеңілдетілген
стандарт, стандартты, стандарттан жоғары) тапсырмалар ұсынылса,
қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына
сай тапсырмалар беріледі.

1.4 Оқу модулінің кіріспе бөлімі

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып
үйрену үш негізгі кезеңнен:
• Кіріспе-қызықтырушылық;
• Операционалдық-танымдық;
• Рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л. М. Фридман) [22].
Аталмыш модульде кіріспе-қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске
асырылады.
Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып-
үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы
жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін
оқушылардың мақсатты түсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы)
аса маңызды. Ол үшін, психологтардың пікірінше, мақсат (нені білу, нені
үйрену), оның мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа
жету тәсілдері көрсетілуі керек.Объектілердің нақты қасиеттері жайлы
білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде
көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп
отыр [23].
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік,
меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін,
психолог Л.В. Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі
жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден, жады меңгерілген ұғымдар мен
түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған орамаға салып сақтауы және
ұсынуы тиіс. Мұндай орама қызметін белгі (термин), белгілік жүйе
атқарады [24].
Сөйтіп оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
• Оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен
таныстырады;
• Оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары
мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді
әрбір оқушының қабылдауына, түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
• Тірек сызбаларға (орамаларға, белгілік үлгілерге) сүйене
отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша
(15-20 минут ішінде) түсіндіреді.

1.5 Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып-үйренудің
екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлім Л. Фридманның, төмендегідей ережелерге негізделген
тұжырымдамаларына сүйеніп құрастырылған:
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі
қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын,
қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын және т. б. дамытуға, яғни
білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға
бағытталған.
2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай
жасау.
3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі
жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық
басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары
сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне
негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының
негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды[25].
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін
оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл
бөліктерде қысқаша, сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалдя мұғалім үш күрделілік деңгейінде
(қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын
таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.
Мұның бір маңызы – күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал
тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара
сөйлесуін қамтамасыз етуге аса көңіл бөледі.
Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы
және құралы болады.
Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет-қадамнан
тұратын даярлық құрылымы қалыптасады (2-сурет).

2 суреттің жалғасы

Сурет 2. Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлаудағы мұғалімнің әрекеті

1.6 Сөйлесу бөлімін құру қағидалары

Алғашқы үш әрекет-қадам мұғалімнің оқу (ғылыми) материалының тұтас
мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала
отырып құрылады:
• Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
• Өсу бағытымен оқып-үйрену қағидасы (басында шағын түрде,
соңынан – мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша
тоықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-
бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау бойынша пысықтауын білдіреді.
• Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына қайта
оралып отыру қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды!) іске асады.
Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың
күрделілік деңгейі тұрғысынан да өсу бағытымен қайта оралып отыру
меңгерілген білімді бекіту үшін қажет. Зерттеулер көрсеткендей, жады
ақпаратты ұзақ уақыт ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде
бірнеше мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты
мәселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның
өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал-жабдығы ретінде пайдалану.
Сондықтан модульдің осы бөлімінде оқу материалын меңгеру – тек қажетті
құрал ғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету: қисынды ойлауды, түрлі
құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көре білуді дамыту; ұғымдар
қалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйрену; интеллектіні және
креативтілікті (шығармашылық қабілетті) дамыту мүмкін емес. Оқу модуліндегі
оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа
және оқушылардың білімі мен білігінің мемлекеттік білім стандартына сай
келуіне қатар қол жеткізіледі (олардың сай немесе сай еместігін салыстыру
оқу модулінің үшінші – қорытынды бөлімінде жүргізіледі).
Мұғалім тұлғаны дамытатын кез келген қызмет емес, тек орындау барысында
жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға
оқу, танымдық қызметпен айналысу ұнап, ол ақыл-ой жұмысынан қанағаттануы
тиіс. Бұл, мүмкін, мұғалім жұмысының неғұрлым проблемалы міндеті шығар.
Әрбір оқушының оқуға ниеттенуі, танымдық процеске жағымды көзқараста болуы
үшін және оларда жағымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту технологиясын топтастыру
Модульдік оқыту технологиясы
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Касіптік білім беру
Модульдік оқытудың модульдік технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері
Оқытудың жаңа технологиялары
Модульдік технологияның гипотезасы
Пәндер