Ұялы телефондарды зарядтау құрылғысы



I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.1. «Power bank» туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1. Зарядтау құрылғылары туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2.2. «Power bank» құрылғысының құрылысы және жұмыс істеу принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
2.3. Ұялы телефонға арналған «Power bank» зарядтау құрылғысын құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.
Ұялы телефондыүздіксіз пайдаланғандықтан қорек көзі қажет болары сөзсіз. Ұялы телефонды зарядтау құрылғысы – желіге қосылатын төменгі кернеу тудыратын (6 - 9 В) құрылғы. Ұялы телефондарды зарядтауға арналған құрылғылардың бірнеше түрі бар. Атап айтсақ,ЖЗҚ (желілік зарядтау құрылғысы),әмбебап зарядтау құрылғысы ұялы телефонды электр желісі арқылы зарядтайды.Күн батареясы арқылы зарядтау құрылғысытек күн көзін қажет етеді,ал сымсыз зарядтау құрылғысы арнайы адаптерлер мен ұялы телефондарға қолданылады.Дегенмен,аталған зарядтау құрылғылары электр желілерімен жабдықталған және арнайы орталарда ғана қолданылады. Бірақ, бүгінгі таңда алыс сапарларға шығатын немесе жұмыс барысымен электр желісі тартылмаған жерлерге баратын адамдар үшін тиімсіз.Сондықтан, ұялы телефондарды зарядтау құрылғылары шығарылуда. [1, 2]
Соның бірі «рower bank». «Power bank» ағылшын тілінен аударғанда «сыртқы қорек көзі» деген мағынаны білдіреді. «Рower bank» сыйымдылығы 2000-15000мА∙сағ аралығында болатын тасымалды аккумулятор. Сыйымдылығы көп болған сайын ұялы телефонды қуаттау уақыты да ұзаққа созылады. «Рower bank» құрылғысының негізгі қызметі ток көзінен алған белгілі көлемдегі электр зарядын сақтау, жартылай және толығымен қуаты таусылған электронды құрылғыға USB кабель арқылы сол зарядты беру. «Рower bank» құрылғысы жақын маңайда қуаттау көзі болмаған жағдайда, алыс сапарға шыққанда таптырмас құрал болып табылады. «Рower bank» құрылғысын үй жағдайында өзіміз құрастырып алуымызға болады.
1. А.Гридин, К. Романов Мобильник для всех, 2004. 70 б.
2. В.М. Пестриков. Энциклопедия радиолюбителя // Наука и техника Санкт-Питербург 2003г.
3. Н.А. Тюнина и А.В. Родина Практика ремонта сотовых телефонов – Солон –Пресс, 2005.-132 с.
4. Г.В. Ярочкина Радиоэлектронная аппаратура и приборы: Монтаж и регулировка: Учебник для НПО, ПрофОбрИздат 2002 г.
5. www.booksgid.com– ремонт мобильных телефонов
6. www.aksphone.ru/encyklopedia/6677/
7. Ваняев, В.В. Стабилизация напряжения емкостного накопителя энергии /В.В.Ваняев, В.П.Кириенко// Актуальные проблемы электроэнергетики. 14 науч.-техн. конф.: тез. докл. (Н.Новгород, дек. 1995 г.) / Нижегород. гос. техн. ун-т.- Н.Новгород, 1995. 49-50 б.
8. Кириенко, В.П. Стабилизация выходного напряжения импульсных источников электропитания / В.П.Кириенко, В.В.Ваняев // Труды Всерос. науч.-практ. конф. “Проблемы электроники, электроэнергетики и электротехнологий”, Тольятти, 24 сент. 2004 г.- Тольятти, 2004.- Ч. 2. 92-93 б.
9. Кириенко, В.П. Стабилизированное зарядное устройство / В.П.Кириенко, В.В.Ваняев // Электрооборудование промышленных установок: межвуз. сб.- Н.Новгород, 1995. 30-33 б.
10. https://www.youtube.com/user/AlphaModsOfficial.
11. Белецкий А.Ф. Теория линейных электрических цепей. - М.: Радио и связь, 1986. 544 б.
12. Практикум на Electronics Workbench: В 2 т./ Под общей ред. Д. И. Панфилова – Т. 1: Электротехника. – М. ДОДЕКА, 1999. 304 б.
13. Шевчук, С.Н. Импульсная модель зарядного вентильного преобразователя с промежуточным звеном повышенной частоты / С.Н.Шевчук, В.П.Кириенко, В.С.Наумов // Электрооборудование промышленных предприятий: межвуз. сб.- Чебоксары, 1983. 97-104 б.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
№56 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП

Бөлім: 2
Физика 1 секция: техника

Тақырыбы:

Ұялы телефондарды зарядтау құрылғысы

Авторы: 8 Ә класс оқушысы
Тойманқұлов Ролан.

Жетекшісі: Аитмагамбетова Адеми Алипқызы.
№56 жалпы орта білім беретін мектебі.
Ақтөбе қаласы.

Кеңесшісі: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университеті физика-математика ғылымдарының
кандидаты А.Қ. Жұбаев

Ақтөбе, 2016 жыл
Мазмұны
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1.1. Power bank туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
2.1. Зарядтау құрылғылары туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
2.2. Power bank құрылғысының құрылысы және жұмыс істеу принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

9
2.3. Ұялы телефонға арналған Power bank зарядтау құрылғысын құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

11
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
18
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19



Кіріспе
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.
Ұялы телефонды үздіксіз пайдаланғандықтан қорек көзі қажет болары сөзсіз. Ұялы телефонды зарядтау құрылғысы - желіге қосылатын төменгі кернеу тудыратын (6 - 9 В) құрылғы. Ұялы телефондарды зарядтауға арналған құрылғылардың бірнеше түрі бар. Атап айтсақ, ЖЗҚ (желілік зарядтау құрылғысы), әмбебап зарядтау құрылғысы ұялы телефонды электр желісі арқылы зарядтайды. Күн батареясы арқылы зарядтау құрылғысы тек күн көзін қажет етеді,ал сымсыз зарядтау құрылғысы арнайы адаптерлер мен ұялы телефондарға қолданылады. Дегенмен,аталған зарядтау құрылғылары электр желілерімен жабдықталған және арнайы орталарда ғана қолданылады. Бірақ, бүгінгі таңда алыс сапарларға шығатын немесе жұмыс барысымен электр желісі тартылмаған жерлерге баратын адамдар үшін тиімсіз. Сондықтан, ұялы телефондарды зарядтау құрылғылары шығарылуда. [1, 2]
Соның бірі рower bank. Power bank ағылшын тілінен аударғанда сыртқы қорек көзі деген мағынаны білдіреді. Рower bank сыйымдылығы 2000-15000мА∙сағ аралығында болатын тасымалды аккумулятор. Сыйымдылығы көп болған сайын ұялы телефонды қуаттау уақыты да ұзаққа созылады. Рower bank құрылғысының негізгі қызметі ток көзінен алған белгілі көлемдегі электр зарядын сақтау, жартылай және толығымен қуаты таусылған электронды құрылғыға USB кабель арқылы сол зарядты беру. Рower bank құрылғысы жақын маңайда қуаттау көзі болмаған жағдайда, алыс сапарға шыққанда таптырмас құрал болып табылады. Рower bank құрылғысын үй жағдайында өзіміз құрастырып алуымызға болады.

Жұмыстың мақсаты: үй жағдайында рower bank құрылғысын құрастыру, арнайы жасалынған рower bank құрылғысымен салыстыра отырып, тиімділігін бақылау.
Зерттеу сұрағы:
Үй жағдайында рower bank құрылғысын қалай құрастыруға болады?
Арнайы жасалынған рower bank құрылғысынан ерекшелігі, тиімділігі?
Зерттеу нысаны: ұялы телефонды зарядтау құрылғысы.

Бұл жұмыста теориялық зерттеулер, талдаулар жасау, құрастыру және салыстыру әдістері қолданылады.
Жұмыстың жаңашылдығы: үй жағдайында ұялы телефонды зарядтауға мүмкіндік беретін құрылғының конструкторлық үлгісін құру.

2. Ұялы телефондарды зарядтау құрылғысы
2.1. Зарядтау құрылғылары туралы жалпы мағлұмат

Ұялы телефонды зарядтау құрылғысы - желіге қосылатын төменгі кернеу тудыратын (6 - 9 В) құрылғы.
Ұялы телефондарды зарядтауға арналған құрылғылардың бірнеше түрі бар.
Желілік зарядтау құрылғысы

ЖЗҚ (Желілік зарядтау құрылғысы) ұялы телефонды электр желісі арқылы зарядтайды (1-сурет). Барлық ұялы телефондар ЖЗҚ-мен жабдықтайды.
ЖЗҚ - ұялы телефонмен бірге жиынтықта келеді. Қарапайым ЖЗҚ екі түрге бөлінеді: трансформаторлық және импульстік. Импульстік зарядтау құрылғылары нашар контакт кезінде немесе электр желісіне басқа да құрылғылар қосылған кезде кернеудің өзгерісін көтермейді. [3, 5]

1 сурет - Импульстік зарядтау құрылғысы

Трансформаторлық зарядтау құрылғысы қосымша токпен қамтамасыз етеді.

Автомобильдік зарядтау құрылғысы

АЗҚ (автомобильдік зарядтау құрылғысы) тек қана автомобильде қолданылады (2-сурет).

2 сурет - Автомобильдік зарядтау құрылғысы

Әмбебап зарядтау құрылғысы

Көп таралған зарядтау құрылғыларының бірі - лягушка (3-сурет). Лягушка зарядтау құрылғысы кез келген ұялы телефондардың аккумуляторларының барлық модельдеріне сәйкес келеді. Лягушка зарядтау құрылғысының екі контактісі бар: + және -, аккумулятор клеммаларына оңай жалғанады. Аккумуляторлар лягушка құрылғысына орналастырылып, электр желісіне қосылады. [4]

3 сурет - Әмбебап зарядтау құрылғысы

Күн батареясы арқылы зарядтау құрылғысы

Күн батареясы арқылы зарядтау құрылғысы ұялы телефондардың аккумуляторын зарядтауға арналған (4-сурет). Бұл зарядтау құрылғысының жұмыс істеу принципі мынадай: зарядтау құрылғысы күн сәулесін электр тогына түрлендіреді.

4 сурет - Күн батареясы арқылы зарядтау құрылғысы

Күн батареясы арқылы зарядтау құрылғысы - табиғат аясына демалуға шыққанда қажетті құрал. Бұл құрылғымен ноутбук және mp3 плеерлерді зарядтауға болады. Бір кемшілігі әрқашан күн сәулесін қажет етеді.

Сымсыз зарядтау құрылғысы

Көш басында тұрған сымсыз зарядтау құрылғысы - американдық компания шығарған WildCharge құрылғысы (5-сурет). Бұл құрылғыны басқа да өндірістік компаниялар шығара бастады. Солардың бірі - LG компаниясы және Energizer компаниясы. Бұл құрылғылар арнайы адаптерді қолдануды қажет етеді.

5 сурет - Сымсыз зарядтау құрылғысы

Сымсыз платформада зарядтауға болатын ұялы телефондардың, mp3 плеерлердің және басқа да гаджеттердің модельдері шектеулі. Өндірушілер шектеулі модельдердің алаңын көбейту үшін жұмыс жасауда.
Сымсыз зарядтау құрылғыларының бағасы 70$ -дан жоғары. Бұл бағаны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан үй жағдайында неге зарядтау құрылғысын өз қолымызбен жасап көрмеске? Әрине, бұл сұраққа жауап іздеу барысында power bank құрылғысын ұсынамыз. [6,7]
2.2. Рower bank құрылғысының құрылысы және жұмыс істеу принципі

Үй жағдайында рower bank құрылғысын құрастыруда төмендегідей элементтер қолданылды:
oo литий ионды аккумуляторлар жиынтығы ( 1-аккумулятор - 1200 мАсағ, 3,7 В; 2-аккумулятор 800 мАсағ, 3,7 В; 3-аккумулятор 1000 мАсағ, 3,7 В; 4-аккумулятор 1250 мАсағ, 1,2 В)
oo Екі USB порты
oo тұрақтандырғыш (стабилизатор),
oo қорапша,
oo жалғағыш сымдар,
oo кілт.

Литий ионды аккумуляторлар (Li-ion) - қазіргі тұрмыстық техникада кең қолданыс тапқан электрлік аккумулятордың түрі және энергетикалық жүйелерде энергия жинақтаушы ретінде пайдаланылады. Алғашқы литий ионды аккумуляторды 1991 жылы Sony корпорациясы шығарды.
Литий ионды аккумулятор электролит сіңдірілген кеуекті сепараторлармен бөлінген электродтардан тұрады. Электродтар пакеті герметикалық корпусқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электротехника бойынша сұрақтар
Ұялы телефонның шығу тарихы
Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары
САНДЫҚ ФОТОАППАРАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ФАКСИМАЛЬДІ АҚПАРАТ ТАРАТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ПРИНЦИПИАЛЬДІ СХЕМАСЫН ҚҰРУ
J2ME ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ ОЙЫНДАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық жүйесінің проблемалары мен даму болашағы
Қолданбалы бағдарламалар пакеті
Энергия жинақтауыштар түрлері
Пәндер