Халықаралық қатынастар



Кіріспе.
І. Тарау. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары ... ... ... ... ... ... ...3
1.1 Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ. Тарау. Қазақстан дипломатиясы.
2.1 Қазақстанның дипломатиялық және экономиялық қатынастарының алғашқы қадамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақстан дипломатиясының кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Пайдаланылған әдебиеттер.
1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» констетуциялық заң жарияланады. Мемлекетіміздің алдында халықаралық құқықтың жас субьектісі ретінде басқа мемлекеттермен әріптестік қарым – қатынас, байланыс орнатуға кең көлемді мүмкіндіктер ашылды. өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, осы күнге дейін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басты бағыты – халықаралық құқықтың субьектісі болып табылатын әлемнің кез келген мемлекетімен әріптестікғ пен әділеттілік ұстанымдарына негізделген өзара тиімді қатынас орнату болып отыр. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев көп мақсатты ынтымақтастықтың мәнін «...Мұндай ынтымақтастықты дамыта отырып, біз жасанды түрде басқа дүниеден оқшауланбаймыз және ешқандай идеологиялық , конфессионалдық блоктарға кірмейміз, керісінше, Қазақстанның Шығыс пен Батысты жалғастырушы континенталды көпір ретіндегі ерекше рөлін пайдалануға ұмтыламыз», деп атап көрсетті.

Мазмұны
Кіріспе.
І. Тарау. Халықаралық қатынастардың қазіргі
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ. Тарау. Қазақстан дипломатиясы.
1. Қазақстанның дипломатиялық және экономиялық қатынастарының алғашқы
қадамдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..14
2. Қазақстан дипломатиясының
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы констетуциялық заң жарияланады. Мемлекетіміздің
алдында халықаралық құқықтың жас субьектісі ретінде басқа
мемлекеттермен әріптестік қарым – қатынас, байланыс орнатуға кең
көлемді мүмкіндіктер ашылды. өз тәуелсіздігін жариялаған күннен
бастап, осы күнге дейін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы
басты бағыты – халықаралық құқықтың субьектісі болып табылатын
әлемнің кез келген мемлекетімен әріптестікғ пен әділеттілік
ұстанымдарына негізделген өзара тиімді қатынас орнату болып отыр.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев көп
мақсатты ынтымақтастықтың мәнін ...Мұндай ынтымақтастықты дамыта
отырып, біз жасанды түрде басқа дүниеден оқшауланбаймыз және
ешқандай идеологиялық , конфессионалдық блоктарға кірмейміз,
керісінше, Қазақстанның Шығыс пен Батысты жалғастырушы континенталды
көпір ретіндегі ерекше рөлін пайдалануға ұмтыламыз, деп атап
көрсетті.

Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мың жылдық саммитінде БҰҰ – ның бас
хатшысы Кофи Аннан баяндама жасап, онда негізінен үш мәселені
қозғады. Олар - әлемдегі қауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және
қоршаған ортаны қорғау... Бұлар ХХІ ең басты проблемалары ретінде
айрықша аталып өтті.
Бірінші проблема – қауіпсіздік мәселесі. Ядролық, биологиялық
және химиялық қаруды, сондай – ақ оларды жеткізу құралдарын
(зымырандарды) тарату – ғаламдық және аймақтық деңгейде зор қауіп
қатер тудырып отырғаны баршаға мәлім. Халықаралық ылаңкестердің
жаппай қырып – жою қаруын пайдалану мүмкіндігі де қосымша қауіп
төндіретіні сөзсіз.
1972 жылғы 26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы ракетаға
қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы (РҚҚ) шарт әлемдегі
стратегиялық тұрақтылықтың негізі болып келіп еді. АҚШ – тың 2001
жылғы желтоқсандағы РҚҚ туралы шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесі
Ресей, Қытай т.б. елдер тарапынан наразылық тудырды.
Ядролық қарудың таратпау туралы келісімге қол қойған 187
мемлекет делегаттарына өзінің арнауында К.Аннан АҚШ – тың ұлттық
зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін, ядролық қарусыздану
саясатына қарсы қадам деп бағалады. Бас хатшының айтуынша, АҚШ –
тың бұл әрекеті ядролық қарусыздану ісіне кері әсерін тигізіп қана
қоймай, оны таратуға ықпал ететін болады.
БҰҰ – ның көп жылғы жұмысының нәтижесінде 2001 жылы жеңіл
қару жарақпен және атыс қаруымен заңсыз сауда – саттыққа жол
бермеу жөніндегі іс қимыл бағдарламасы қабылданды.
Азия құрлығының ерекшелігі – мұндай ядролық мемлекеттер және
осындай мәртебе алуға жақын, яғни, ядролық қару табалдырығындағы елдер
шоғырланған, ядролық қарулану процесі барынша қауырт жүріп жатыр.
Қазіргі заманның қауіпті қатерлері – халықаралық ыланкестік
(тероризм), ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм мен діни экстремизм,
этностық қақтығыстар, қару – жарақтың заңсыз айналымы, есірткі
саудасы, тағы басқалар екпіндеп ене түсуде.
2001 жылы қыркүйектің 11 – күні АҚШ – қа өзінің қатігездігі
жағынан жойқын соққы болып тиген оқиғалар бүкіл әлемге адамзаттың
басына төнген қауіптің ауқымын айқын көрсетіп берді. Бұдан бұрын
да ыланкестік болды, олардың ең ірілері: 1998 жылы 7 тамызда
Найроби (Кения) мен Дар – Эс Саламдағы (Танзания) жарылыстан АҚШ
елшілігі қиратылып, 250 адам қаза тапты, 1999 жылғы 9 және 13
қыркүйекте Мәскеуде екі ірі жарылыстан екі тұрғын үй қиратылып, 212
адам қаза тапты,
300 – і жараланды.
Осы заманғы халықаралық ыланкестік өзінің сипаты жағынан
ұлтаралық болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі
өзінің №1373 шешіммен (қатар, 2002 ж) терроризммен күрес жөніндегі
комитетін құрды. Бұған осы ұйымға мүше 189 мемлекеттің бәрі
қатысады, олар ыланкестік әрекеттің бәрін де қылмыстық іс санауға
тиіс, ыланкестер мен оларды қолданушылардың қаржылық құралдары мен
активтерін тоқтатып, оны оларға беруге тиым салынады. Ыланкестерге
баспана беруден бас тартуға міндетті. Барлық елдер бұл талаптарға
байланысты есептер беріп отыруға жауапты екендігі көрсетілді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер
министрлерінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі мәлісдемесінде былай деп
атап көрсетілді: Бір жыл бойы әлем мемлекеттері БҰҰ Қауіпсіздік
Кеңесінің 1373 қарарының және басқа да тиісті Қараларының негізінде
ыланкестікке жан – жақты қарсы тұрудың екіжақты және көпжақты
ынтымақтастығын түбегейлі нығайтып, кеңейтті. Осынау ортақ серпінді
күш - жігердің арқасында ыланкестікке қарсы күрес шын мәнінде
жаҺандық сипат алды. Ыланкестікпен, сепаратизммен және экстремизмен
күрес туралы Шанхай Конвенциясын бекіту рәсімін аяқтады, ШЫҰ – ның
Аймақтық ыланкестікке қарсы құрылымы туралы келісімге қол қойылды.

2002 жылғы 4 маусымда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және
сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті болып, онда
Алматы актісі, ыланкестікті аластау және өркениеттер арасындағы үн
қатысуға жәрдемдесу туралы декларация қабылданды. Онда былай деп
көрсетілді: Біз қайда, қашан және кімнің жасағанына қарамастан,
ыланкестіктің барлық түрлері мен көріністерін жазықсыз жанжардың
өмірі мен игілігіне алалаусыз кезелген тағылық қол сұғушылық пен
қылмыстық әрекет ретінде бағалап, халықтардың бейбіт қатар өмір
сүруіне қатер төндіретін әрекет ретінде айыптаймыз...
Ыланкестіктің қатері оның есіркінің заңсыз айналысымен, жеңіл
атыс қаруын астыртын сатумен және оны кез келген пошымда ыланкестік
топтарға берумен, нәсілшілдік идеологиямен және сепаратисттік
ұйымдармен ыланкестік қызметі қаржыландырудың және адам күшімен
толықтырудың негізгі қайнары болып табылатын экстремизмнің барлық
көріністері мен тығыз байланыста болуы салдарынан ұлғая түседі.
Сепаратизм – мемлекеттердің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, егемендігіне,
бірлігі мен аумақтық тұтастығына төнген негізгі қатер мен қауіптің
бірі... Біз дінді ыцланкестік және сепаратисттік қозғалыстармен
топтардың өз мақсатына жету үшін сылтау ретінде пайдалануын жоққа
шығарамыз. Американ ғалымы Самуэль Хантингтон: ХХІ ғасыр
өркениеттер тоғысуы емес, өркениттер қақтығысы ғасыры болады,
мұсылман және христиан өркениеғттері арасындағы қайшылық тек күшпен
шешіледі - деп болжады. Ондаған жылдар бойы АҚШ – пен көптеген араб
елдері арасындағы шиеленістер қордаланған. 1980 жылдан бері АҚШ
ислам елдеріне қарсы 19 рет қару жұмсаған, әскери интервенциялар
ұйымдастырған. 11 қыркүйектегі терродың себебін араб елдерінен іздеудің
де негізі бар.
Дегенмен, Ислам конференциасы ұйымына кіретін 54 мемлекет
исламды желеу етуге тырысқан ылаңкестікті өздерінің қатаң
айыптайтынын әрі ылаңкестіктің кез- келген пошымының исламға қарсы
жоқ екенін батыл мәлімдеді.
1999 жылғы қарашада Ыстамбулда өткен Еуропа қауіпсіздігі
және ынтымақтастығы ұйымының бас қосуына ислам конференциясы ұйымы
да шақырылып, олардың арасында үндесу форумы өткізілді.
БҰҰ Таяу Шығыстағы қақтығыс мәселесіне айрықша назар аударып,
№1397 шешімді қабылдап, күш қолданумен ыланды тоқтатып, екі
мемлекетті (Израйль және Полестина) танылған шекара шегінде қатар өмір
сүруге шақырған болатын. Бұл шешімде Полестинаның мемлекеттігі
айтылады.
Екінші проблемасы – кедейшілікпен күрес. Дүние жүзіндегі 6 млрд
халықтың 3 млрд – қа жуығы кедейшілік жағдайда өмір сүруде, 100 млн
– дай бала баспанасыздар санатында. Қазіргі кезде әлемде 800 млн
адам аштық азабын тартып отыр. 1996 жылы бүкіләлемдік аштықпен күрес
туралы халықаралық конференция өтті. 2002 жылғы маусым айында Римде
182 ел өкілдері бес жыл өткен соң деп аталатын азық – түлік бас
қосуында деклорация қабылдап, 2015 жылға дейін ашаршылыққа
ұшырағандар саны екі есе қысқарту жөніндегі өз міндеттемелерін
мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев әлемдік саммиттің мінберінен
былай деді: Мен осыдан 10 жыл бұрын БҰҰ – ңың бас ассамблеясында
барлық мемлекеттердің әскери шығындарын бір пайыз қысқарту және
үнемделген ақшаны аса кедей елдердің дамуына аудару жөнінде жасаған
ұсынысымды қайталап айтқым келеді. Сонымен бірге Н.Ә.Назарбаев БҰҰ- ын
жаһандық экологиялық проблемалардың тізімін жасай бастауға шақырды.
Біздің ойымызша, айналадағы ортаға келтіретін зиянды күн тәртібіне
барынша өткір қоймай болмайды деді Елбасы.
Үшінші проблема – қоршаған ортаны қорғау. 2001 жылғы ақпан
айында Кения астанасы Найробиде БҰҰ – ңың қоршаған орта жөніндегі
бағдарламасы (ЮНЕП) басқарушылар кеңесінің мәжілісі өтті. Онда қазіргі
кезде қалыптасып отырған жағдайда атмосфераға түрлі газдардың
ұшуынан пайда болатын парник әсерінен келетін зиянның мөлшері орасан
екендігі аталды. Әлемнің жүздей елінен келген лауазымды шенеуніктер,
ғалымдар, мамандар ғаламдық жылудың салдарын азайтудың жолдарына
тоқталды.
Бұрын атмосфераға парник әсері тудыратын көмірқышқыл газының
жіберілуін азайтуға көбірек назар аударылса, бүгінде сол газдардан
пайда болған ғаламдық жылудың салдарына ұшыраған аймаққа көмек
көрсету мәселесі де айрықша маңыз алып отыр.
Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кемелері ұшырылған
сайын да озон қабаты тесілуде. Нәтижесінде сол аймақтың ауа райы
бұзылып, желдің жылдамдығы артып, кейбір уақытта шілде айында
бұршақ жауа бастады.
Демек, барлық мемлекеттер ХХІ ғасырдың күрделі проблемаларын
шешу үшін БҰҰ көрсеткен міндеттерді нақты орындау жолында қызмет
етуге тиіс.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі
Қазақстанның орны мен рөлі
Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: халықаралық
байланыстарымызды дамыту үшін бірнеше мәселені қатар шешуге тура келді,
атап айтқанда, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның
қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, әлемдік шаруашылық
жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды, - деп
атап көрсетті. Бұл аса қиын да күрделі міндеттерді орындау үшін дүниежүзі
мемлекеттері басшыларымен, жетекші экономикалық алыптармен, халықаралық
ұйымдармен келіссөздер жүргізілді, шетелдермен және халықаралық ұйымдармен
800-ден аса құжаттарға қол қойылды.
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы алатын орны мен рөлін
анықтау үшін елеміздің географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы
мен мүмкіндігі ерекше маңызды болып отыр. Ең бастысы – Қазақстанның Еуропа
мен Азияның түйіскен аймағындағы жолдардың торабында орналасқан
географиялық жағдайынан туындайды. Таяу көршілер- Ресей, Қытай және Ислам
мен Орталық Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдері маңызды әлемдік
орталықтар болып табылады.
Қазақстанның дүниежүзілік теңіз сауда арналарынан жырақ жатқанына
қарамастан, біздің транзит әлеуетімізді пайдаланушы салалар болашақ
дамуымызға зор көмегін беретіндігі анықталып отыр. Оған дәлел, Оңтүстік
Шығыс Азия, Қытай, Үндістан мен Ежелгі Құрлық елдерінің дүниежүзілік сауда
алмасу барысында көлік шығындарын төмендету қажеттігінен туындап
отырғандығында.
Қазақстанның өзінің географиялық жағдайын ескере отырып,
халықаралық аренада көп векторлық, яғни көп қырлы бағдар ұсынды. Оның
мәнісі – таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді ынтымақтастықты
дамыту болып табылады. Бұл бағытта стратегиялық міндет – елеміздің
тәуелсіздігі, оның аумуқтық тұтастығы мен шекарасының бұзылмайтындығы
орындалады.
Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына сәйкес Еуразия пішіміндегі
саяси және қауіпсіздікті сақтау бағытында ынтымақтастықты ұлғайтуға ерекше
маңыз беріп отыр. Президент Н.Назарбаев өзінің Еуразия одағын құру
бағдарламасын ұсынды.
Еліміздің геоэкономикалық жағдайына талдау жасағанда
дүниежүзілік қоғамдастықтың елімізді ХХІ-ғасырдағы негізгі энергия
көздерін берушілердің бірі деп білуі есепке алынады, біздің мемлекетіміз
мұнайдың, газдың, көмір мен уран кендерінің дүниежүзілік қорларын
иеленушілер ішінде алдыңғылардың бірі екендігі белгілі.
Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін шетел инвестициялары керек. 1997
жылдың бас кезінде елімізде Инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік комитет
құрылды. Ол Қазақстан экономикасының бірінші кезекті басым салаларына өз
капиталдарын салғысы келетін шетелдік инвесторларға едәуір жеңілдіктер мен
артықшылықтар беруді көздейді. Жан басына шаққанда шетелдік тікелей
инвестицияларды тарту деңгейі жағынан Қазақстан орталық және Шығыс Еуропа,
ТМД елдерінің алғашқы бестігіне кіреді. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап
1997 жылдың маусым айына дейін Қазақстан экономикасына шет мемлекеттер
6,4 миллиард доллар мөлшерінде инвестиция салды, ал оның 3,2 миллиард
доллары тікелей инвестиция болды. 1997 жылғы қыркүйек айындағы мәлімет
бойынша Қазақстанда 2500 шетел компаниялары жұмыс істейді.
Каспий шельфі мен Қарашығанақ кен орындарын игеруге АҚШ-тың,
Ресейдің, Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа мемлекеттердің ірі
компаниялары мен капиталы тартылды.
Қазақстанның ТМД елдері арасында алатын орны да ерекше, 1997 жылы
көктемде ТМД елдері Экономикалық Интеграциялық Ынтымақтастық Тұжырымдамасын
қабылдады. Ал қазан айында Бішкекте ТМД елдері үкіметтері басшыларының
кеңесінде 25 құжатқа қол қойылды. Мұнда экономикалық құжаттардан басқа, ТМД
елдерінің қорғаныс қабілетін арттырудағы ынтымақтастықты, олардың ішінде
әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпорациясының пәрменділігін арттыру, ортақ
шекара қауіпсіздігін күшейту мәселелері бар. Коллективтік қауіпсіздік
туралы келісімге ТМД-нің тоғыз мемлекеті қол қойды; оған Украина, Молдово,
Түрікменстан қатыспайды. Қазан айында Кишиневте ТМД елдері мемлекет
басшыларының кеңесі өтті.
Қазақстан мен Ресей арасында 200-ден аса маңызды құжаттарға қол
қойылды. Әскери саладағы мәселеде Қазақстан аумағындағы 240 қанатты
ядролық ракетамен қаруланған ТУ-95МС сериялы 40 стратегиялық бомба
тастағыш ұшақты Ресейге алып кетуге байланысты оған компенсация ретінде
1995 жылдың шілде айынан бастап 41 авиациялық техника алынды, Балқаш көлі
жағасындағы Сарышаған полигонынан жоғары уланған ракета отынын алып кетуге
келісім жасалды. Қазақстан-Ресей арасындағы оңайлатылған азаматтық туралы
келісімді Ресейдің Мемлекеттік Думасы 1997 жылы 17-тамызда ратификациялады,
сөйтіп, бұл құжат күшіне енді.
Болашақта Каспий теңізін пайдалану жөніндегі мәселеде Қазақстан
мен Ресей арасында бір-біріне тиімді келісімге келу міндеті тұр.
ТМД елдерінің Қазақстанға зор мән беретіндігін мынандай дәлелмен
анықтауға болады. Тек бір ғана 1997 жылдың өзінде елімізге жеті
мемлекеттің президенттері басқарған ресми делегациялар келіп, аса маңызды
құжаттарға қол қойды. Атап айтқанда, өткен жылдың 27-ақпанында Түрікменстан
президенті Сапармұрат Ниязов ресми сапармен Қазақстанға келді. Екі ел
арасындағы сауда айналымы 250 миллион долларға жетті. Каспий теңізі
жағасындағы айлақтарды тиімді пайдалану туралы, Каспий теңізі туралы
құқықтық мәртебе жөнінде конвенция дайындау туралы, шағын және орта
бизнесті дамытудағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.
Ал 8-сәуірде Қырғызстан президенті Асқар Акаев ресми сапармен
келіп 17 құжатқа қол қойылды, оның ішінде Алматыдан Ыстықкөлге баратын
автомобиль жолын салукөзделіп отыр. Кіріске және мүлікке салық салу жөнінде
екі жақты салық салудан бас тарту туралы келісім ратификациялау сатысында
тұр.
Өткен жылдың 2-маусымында Өзбекстан президенті Ислам Каримов ресми
сапармен елемізге келді. 8 құжатқа қол қойылды, атап айтқанда, электр
энергиясын пайдалану жолындағы ынтымақтастық, еркін сауданы дамыту, өзара
инвестицияны қолдау, тағы басқа мәселелер бойынша құжаттарға қол қойылды.
Кіріске және мүлікке салық салу жөнінде екі жақты салық салудан бас тарту
туралы келісімді Өзбекстан парламенті ратификациялаған болатын.
10-маусымда Әзірбайжан президенті Гейдар Әлиев ресми сапармен
Қазақстанға келді. Ақтау айлағын қайта құру аяқталған соң Қазақстаннан
Бакуге танкерлер арқылы жылына 10 миллион тонна (қазір 7 миллион тонна)
мұнай жеткізу жөнінде келісімге қол жетті. Кіріске және мүлікке салық салу
жөнінде екі жақты салық салудан бас тарту туралы келісімді Әзірбайжан
парламенті ратификациялаған болатын.
23-қыркүйекте Беларусь президенті Александр Лукашенко елімізге
ресми сапармен келді. Қазақстаннан астық, мақта, жүн алуға, ал өз елінен
БелАз, МАЗ кәсіпорындары өкілеттерін Қазақстанда құру жөніндегі құжатқа
қол қойылды. Екі жақты салық салудан бас тарту туралы келісім
ратификациялау сатысында тұр.

Қазақстан дипломатиялық және эканомикалық қатынастарының алғашқы
қадамдары.
1991 жылғы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы декларация
жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа және экономикаға дербес енуге
мүмкіндік алады. 1992 жылы қаңтарда тоғыз шет мемлекетпен дипломатиялық
қатынас орнатты. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүдде
мен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық
саясатқа кірісті. 1992 жылы қаңтардың 23-інде Біріккен Ұлттар Ұйымының
қауіпсіздік Кеңесі өзінің мәжілісінде Бас Ассамблеяға Қазақстан
Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдауға ұсынатын қарарды
мақұлдады.
Өзінің геосаяси орны жағынан екі алып держава – Ресей мен Қытайдың
арасына орналасқандықтан Қазақстан осы елдермен қатынастың жаңа бағыттарын
айқындау, шекаралардың бұзылмайтындығын мойындап, оны құжаттар арқылы
бекітуді басты назарда ұстады. Бір айдан кейін република өнеркәсібінің
көптеген шешуіші салалары тоқтай бастаған соң, екі көрші ел қаржы және
сауда саясатын толық келісіп жүргізуге бағытталған келісімге қол қойды.
Осыған қарамастан, Қазақстан Ресейден тәуелсіз экономикалық саясат
жүргізуге тырысты, сөйтіп мұнайдың бұрын зерттелген кең орындарынан гөрі
(Ресейдің ортақ мүддені бөлісеміз деген талабына дербес болу үшін) жаңа
кең орындарын барлау және оның құқын сатуға кірісті. 1992 жылы Қазақстанның
Сыртқы істер министрлігі отыз адамнан тұрды. Кәсіби дипломаттардың көбісі
бұрынырақ КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген болатын.
Републикамыз өз дипломаттарының санын көбейту мақсатында Ресейдің Сыртқы
істер министрлігінің академиясына жастарды жіберуді ойластырды. Кейінгі
кезде Қазақстанның өзінде дипломаттар даярлайтын арнаулы жоғарғы оқу
орындарын ашуға көңіл бөліп отыр. 1994 жылдың желтоқсан айында АҚШ,
Ұлыбритания және Ресей Қазақстанның шекарасынның мызғымайтындығы және оған
қарсы – ядролық қаруды қолданбайтындығы туралы келісімге қол қойды.
1991 жылғы желтоқсанда Қытай Халық республикасы мен Қазақстан
Республикасының үкіметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты
дамыту масатымен достық, ынтымақтастық, теңдік және өзара тиімділік
негізінде сауда-экономикалық келісімін жасады, ол бес жыл мерземге күшінде
болды. Ал, 1992 жылғы ақпанда Қазақстан Қытай үкіметаралық мазмұндамасына
қол қойды. Онда азаматтық авиация, теміржол және автомобиль транспорты,
экономика, сауда, ғылым мен техника саласында екі жақты ынтымақтастық жолға
қойып, дамыту көзделді. Тауар несие туралы келісім бойынша Қазақстан 1993 –
1995-ші жылдары Қытайдан 30 миллион юанға әртүрлі тауарлар мен жабдықтар
алады. Бірқатар құжаттар елшілік мәселелерге, шекарадан өткізу пункттерін
ашуға, Қытай мен Қазақстан азаматтарының өзара сапаларына арналды. Сонымен
қатар Қазақстан территориясында Қытай дүкендерінің жүйесін ашу көзделді.
Сол жылдары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстан арасында сауда-
экономикалық қатынастар дамып отыр. Мұнда 1992 жылдың сәуір айынан бастап
теміржол қатынасы орнатылды.
1992 жылдың тамыз айында Қазақстан мен Қытай өзара өкілдіктер ашу
туралы келісімге қол қойды.
1993 жылы қазан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Пекинде болып, Қытай Халық Републикасының төрағасы Цзян
Цзэминьмен кездесіп ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. Онда екі ел
арасында дипломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды.
Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол
жетуі республикамыз дипломатиясының зор табысы, Жібек жолы қайта
жаңғырып, бұл магитраль толық іске қосылғанда Тынық мұқит жағалауымен
Еуропаны тұтастыратын жол қазақстан арқылы өтпек. Екі ел шекараға жақын
жердегі әскери күштерді азайтуға ұмытылдырғандықтан атап өтті. Лобпор
полигонындағы жарылыстың қазақстанға әсері жөнінде де айтылды, экономикалық
проблемаларды шешуде өзара тығыз байланыс көзделді. Азияда коллективтік
қауіпсіздік сақтау үшін күресу қажеттігі де алға қойылды.
Екі ел қара, түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі,
машина жасау, транспортты дамыту үшін бір-біріне көмек көрсетуге дайын
екендіктерін айқын көрсетті.
Монғолия мемлекетінің батыс бөлігін мекендеген, қазақтар тұратын баян
Өлгей аймағымен Қазақстанның әуе жолымен тікелей байланыс орнатылды:
аптасына екі рет баян өлгей - Өскемен Алматы рейсі ұшады. Теледидар,
телефон арқылы байланыс нығайды 1994 жылы бұл өлкенің үш мыңдай жастары
Қазақстанның түрлі оқу орындарында оқып, мамандық алуда.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың 1990 жылғы қаңтарда толық
дипломатиялық қатынас орнатылды. Кореяның Самсунг фирмасы қарағандыда
тоңазытқыштар шығаруға кірісті.
Өндіріс жағынан барлық дамыған елдердің экономикасы шетел
инвестициялары негізінде қалыптасты. Қазақстанның экономикасы тұрақтылықпен
дамуы үшін шетел капиталын инвестициялар түрінде ғана емес, сонымен қатар
инвестицияларды осы замандық технологиялар, өнім өндіру мен қызмет
көрсетуді дүниежүзілік стандарттар дәрежесінде жолға қою мақсатында басқару
мен маркетинг жөніндегі тәжірбие түрінде да тарату қажет болып отыр. Бұған
Қазақстанда алғы шарттар бар, олар: шикізаттық бай ресурстар, энергия
көздері, едәуір өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық мүмкіндіктері. Бұл іс
1991 жылғы шілдеде республика парламенті ұсақ кәсіп орындарды жекешелендіру
туралы заң қабылдаған соң-ақ қазақстан есігі шетел капиталына ашылады.
Маңғыстау мұнай өңдеу зауыты құрылысының жобасы дайындалып, қазір онда үш
жапон компониясының концорциумы өз жұмысын бастады. Құбылыс жобасын қаржы
мен толық қамтамасыз етуді Жапонияның Эксимбанк банкісі өз мойнына алды.
1994 жылғы шілде айында Жопонияның ITOCHИ фирмасы Қарағанды метарулгия
комбинантында кокс газын тазарту цехының құрылысын бастау жөніндегі шартқа
қол қойды.
Үндістан мен Қазақстанның дипломатиялық және экономикалық
қатынастарын дамытуда республикамыздың Президенті Н.Назарбаевтың 1992 жылғы
ақпан айындағы ресми сапары сәтті болды. Екі ел басшылары Азияда
қауіпсіздікті нығайту үшін күресі қажеттігін көрсетті. Сол сапарда
Пәкістанмен бес құжатқа қол қойылып, ол ел Қазақстанға еркін несие – 45
миллион доллар көмегін беруге келісті. Бұл сатып алу үшін жұмсалды.
Қазақстан – Пәкістан арасындағы ынтымақтастық принциптері туралы
декларацияның негізіне Бірікен Ұлттар Ұйымының ережелері мен мақсаттары,
аймақтағы және планетадағы бейбітшілікті сақтап, құқылы қарам-қатынас
құруға деген ұмтылыс алынды. Келісуші жақтар бір-бірінің тәуелсіздігін және
территориялық тұтастығын құтметтеуге, ішкі істеріне араласпауға, күш-
жігерді айналадағы ортаны қорғауға, халықаралық террорға, ұйымдасқан
қылмыскер есіркі заттармен заңсыз сауда жасауға күрес сияқты мәселелерді
шешуге бағытталған міндеттемелер қабылдады.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттары, Канада және Батыс
Еуропадағы дамыған капиталистік елдермен дипломатиялық және экономикалық
қатынасын дамытудың маңызы зор. 1992 жылғы мамырда Президент Н.
Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында Президент дж. Буш екеуі үш келісімге
қол қойды, бұл келісімдер сауда, экономика және инвестициялар саласындағы
байланыстарды кеңейту үшін құқылық негіз қалады. Сондай-ақ ОПИК
(инвестицияларды қорғау жөніндегі кепілдіктер) бойынша да келісімге және
таяу арада салық туралы келісім жасау жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Президент Н. Назарбаев Халықаралық валюта қорының, Бүкілдүниежүзілік банк
пен Халықаралық қаржы корпорациясының басшыларымен кездесіп, қазақстанның
осы ұйымдардағы мүшелігін растады, бұл республиканың қаржы иеленуге, қаржы,
экономика мәселелері жөнінде консультациялар алуына мүмкіндік береді.
Американ Шеврон мұнай компониясымен Теңіз және Корлевский орындарын
бірлесіп игеру жөнінде төрт жылдық мерзімге есептелген құны 100 миллард
долларлық ғасыр келісіміне қол қойылды. Сол құнның 80 проценті Қазақстан
қазынасына түсетін болады.
Ірі мұнай объектілердің біріне жататын Өзен кеніші құрылысы
басталды... Бүкілдүниежүзілік банкінің негізделуіне қарағанда оның құрылысы
бір миллард 300 миллон доллар тұрады. Канаданың лаволин компаниясы
Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысына көмек көрсетуге келісті...
Қазақстан Франциямен энергетика саласында ынтымақтастық
мүмкіндіктерін қарастыра отырып, 1991 жылдың аяқ кезінен бастап көп салалы
француз Эльф Аиктен концернінің басшылығымен Ақтөбе облысындағы
көмірсутегі шығатын орындары барлау өндіру және өңдеу жөніндегі шартқа қол
қойды. Сөйтіп француз зауыттары мен мұнайшылары Темір учаскесінде барлау
жұмыстарына кірісті, онда көміртегі шикізатын кешенді өндеу мәселелері,
табиғи ортаны қорғау, инфрақұрылымды дамыту мәселелері келісілді. Шарттың
жобасына сәйкес француз жағына іздестіру және барлау, оның ішінде бұрғылау
жұмыстарын жүргізуге ерік берілді. Олар шикізат кенін тапқаннан кейін ол
жерге қажетті құрылыс салады және көмірсутегін өндірумен шұғылданады. Ал
Қазақстан өз кезегінде жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде өндірілетін өнімнің
көмегіне қарай тиісті ақыны өтімді валюта түрінде алады. Осындай жоба үшін
табиғат ресурсын пайдалануға төлеген төлем өте жоғары болды.
Сонымен қатар Қазақстан Англияның Бриштиш газ, Италияның Аджип
компанияларымен мұнай және газды өндіру үшін іскерлік байланыс жасап отыр.
Қазақстанның мұраты – бейбітшілік. Этникалық жанжалдар мен
территорялық дау-жанжалдар туыла қалғанда оны қайткен күнде де саяси
құралдармен реттеуге қазақстан тарапынан күш салынып отыр. 1992 жылы
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Президент
Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақтастық пен сенім шараларын орнықтыру туралы
мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 жылғы кектемде осы мәселеге байланысты
шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса,
сол жылғы тамыз айындағы кездесуге он жеті елден сарапшылар тобы келді.
Қазақстан Республикасы Таяу және Орта шығыс елдермен дипломатиялық
және экономикалық байланысты дамытуға ерекше маңыз беріп отыр. Қазақстан
үшін түбі бірге туысқан түрік әлемінен қатынастың да маңыз бере отырып,
1991 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық жеке құқықтың жүйесі
Халықаралық дербес құқық түсінігі
Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі жүйесі
Халықаралық жеке құқық нормалары
Халықаралық ұғым заңдылықтары. халықаралық сараптаудың теориялық негіздері. халықаралық жүйелер. халықаралық қатынастар
Халықаралық жеке құқықтың түсінігі және құқық жүйесіндегі алатын орны
Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
Халықаралық жеке құқық туралы
Әлемдік саясаттың дамуының қысқаша тарихы
Халықаралық жеке құқықтың жалпы жағдайы
Пәндер