Ұйымның қаржылық жағдайын талдау және бағалаудың теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың ақпарат көздері ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 «Зайсан.Нұр.Сервис» ЖШС.нің техника.экономикалық сипаттамасы ... ... 13

2 «ЗАЙСАН.НҰР.СЕРВИС» ЖШС.НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Ұйымның қаржы жағдайы тұрақтылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.3 Ұйымның қаржы жағдайын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Ұйымның іскерлік белсенділігі және оны арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... .
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын талдауды арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Ұйымның қаржы жағдайын бағалаудың дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі жалпы ұлттық міндеттемені айқындады [1].
Осындай бәсеке қабілеттілік талабы тек мемлекет қана емес осы мемлекеттің құрастырушы элементтері болып табылатын жекелеген ұйымдар үшін де айқындаушы көрсеткіш болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік осы ұйымның қолда бар ресурстарының мөлшерімен, ресурстардың пайдаланылу тиімділігімен, қаржыландыру көздерінің меншікті болуымен, қызметінің рентабельділігімен, міндеттемелерін өтеу мүмкіндігімен сипатталады.
Аталған көрсеткіштерге баға беру мақсатында ұйымның қаржылық есептілігі пайдаланылады. Қаржылық талдауды жүзеге асыру үшін ұйымның қаржылық есептңілігінің барлық нысандарын пайдалану қажет. Тек осылайша ғана ұйым жөнінде толық сипаттама алуға болады.
Қаржылық жағдай жөніндегі есептілік нысанына сәйкес ұйымның қолда бар мүліктерінің мөлшерін, оның ішінде қысқа және ұзақ мерзімді активтердің баланс валютасындағы үлесін, міндеттемелер мен капиталдың авансталған капитал құрамындағы үлесін білуге болады. Бұл ұйымның активтерінің айналымдылық мөлшері жөнінде, өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік береді.
Пайда және зиян жөніндегі есептілік негізінде табыстылықтың абсолютті және қатысты көрсеткіштерін анықтаймыз және сол арқылы ұйым қызметінің рентабельділігіне баға бере аламыз.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік бойынша ақша ағымын бағалауға және соның нәтижесінде болашақ ақша ағымын болжау мүмкіндігіне ие боламыз.
Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі есептілік бойынша капитал иеленушілердің құрамының өзгеруі жөнінде ақпарат аламыз.
Жоғарыда жазылғандай ұйымның қаржылық есептілігі ұйым қызметінің басты көрсеткіштерін сипттайтын басты ақпарат көзі болып табылады. Қаржылық есептілік аудиторлық тексерудің де басты объектісі болып табылады. Аудиторлар да қаржылық есептілікті талдау жасай отырып, оның дұрыс құрастырылғандығы, заң талаптарына сәйкестігі жөнінде тәуелсіз пікір құрастырады. Осы тәуелсіз пікірге сүйене отырып пайланаушылар шешім қабылдауда белгілі-бір тәуекелген барады. Яғни, дұрыс жүзеге асырылған талдау ұйым үшін қосымша мүмкіндіктер ашады, айталық, инвесторларды, үлес қосушыларды тартуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталғандардың барлығы диплом жұмысы тақырыбының ең өзекті мәселелердің бірі екендігін растайды.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты ұйымда қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын талдау. Бұл мақсатқа жетуде келесі міндеттер қойылды:
- ұйымның есеп саясатын талдау;

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау және бағалаудың теориялық негіздері
1.1 Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың ақпарат
көздері ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Зайсан-Нұр-Сервис ЖШС-нің техника-экономикалық сипаттамасы ... ... 13

2. Зайсан-Нұр-Сервис ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау
2.1 Ұйымның төлем қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Ұйымның қаржы жағдайы тұрақтылығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...29
2.3 Ұйымның қаржы жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Ұйымның қаржылық жағдайын жақсартудың негізгі бағыттары
3.1 Ұйымның іскерлік белсенділігі және оны арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... .
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын талдауды
арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3 Ұйымның қаржы жағдайын бағалаудың дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 14 желтоқсанында
Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіру жөніндегі жалпы ұлттық міндеттемені айқындады [1].
Осындай бәсеке қабілеттілік талабы тек мемлекет қана емес осы
мемлекеттің құрастырушы элементтері болып табылатын жекелеген ұйымдар үшін
де айқындаушы көрсеткіш болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік осы ұйымның
қолда бар ресурстарының мөлшерімен, ресурстардың пайдаланылу тиімділігімен,
қаржыландыру көздерінің меншікті болуымен, қызметінің рентабельділігімен,
міндеттемелерін өтеу мүмкіндігімен сипатталады.
Аталған көрсеткіштерге баға беру мақсатында ұйымның қаржылық есептілігі
пайдаланылады. Қаржылық талдауды жүзеге асыру үшін ұйымның қаржылық
есептңілігінің барлық нысандарын пайдалану қажет. Тек осылайша ғана ұйым
жөнінде толық сипаттама алуға болады.
Қаржылық жағдай жөніндегі есептілік нысанына сәйкес ұйымның қолда бар
мүліктерінің мөлшерін, оның ішінде қысқа және ұзақ мерзімді активтердің
баланс валютасындағы үлесін, міндеттемелер мен капиталдың авансталған
капитал құрамындағы үлесін білуге болады. Бұл ұйымның активтерінің
айналымдылық мөлшері жөнінде, өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін
қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік береді.
Пайда және зиян жөніндегі есептілік негізінде табыстылықтың абсолютті
және қатысты көрсеткіштерін анықтаймыз және сол арқылы ұйым қызметінің
рентабельділігіне баға бере аламыз.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік бойынша ақша ағымын
бағалауға және соның нәтижесінде болашақ ақша ағымын болжау мүмкіндігіне ие
боламыз.
Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі есептілік бойынша капитал
иеленушілердің құрамының өзгеруі жөнінде ақпарат аламыз.
Жоғарыда жазылғандай ұйымның қаржылық есептілігі ұйым қызметінің басты
көрсеткіштерін сипттайтын басты ақпарат көзі болып табылады. Қаржылық
есептілік аудиторлық тексерудің де басты объектісі болып табылады.
Аудиторлар да қаржылық есептілікті талдау жасай отырып, оның дұрыс
құрастырылғандығы, заң талаптарына сәйкестігі жөнінде тәуелсіз пікір
құрастырады. Осы тәуелсіз пікірге сүйене отырып пайланаушылар шешім
қабылдауда белгілі-бір тәуекелген барады. Яғни, дұрыс жүзеге асырылған
талдау ұйым үшін қосымша мүмкіндіктер ашады, айталық, инвесторларды, үлес
қосушыларды тартуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталғандардың барлығы диплом жұмысы тақырыбының ең өзекті
мәселелердің бірі екендігін растайды.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты ұйымда қаржы ресурстарын
пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін,
төлемдік қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын талдау. Бұл мақсатқа
жетуде келесі міндеттер қойылды:
- ұйымның есеп саясатын талдау;
- ұйымның негізгі техниколық-экономикалық көрсеткіштерін зерттеу;
- ұйымның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін зерттеу;
- ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- ұйым капиталының айналымдылығын бағалау, яғни іскерлік белсенділігі
мен тиімділігін бағалау;
- ұйымның төлем қабілеттілігін арттыру және қаржылық сауықтыру шараларын
қарастыру.
Жұмыстың теориялық негізі ретінде ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
тақырыбындағы отандық және шет елдік авторлардың оқулықтары мен оқу
құралдары пайдаланылды.
Диплом жұмысының практикалық негізі ретінде Зайсан-Нур-Сервис
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нақты есептік мәліметтері
қолданылды.
Серіктестік Зайсан қаласында орналасқан, экспорттық, құрылыстық,
монтаждық және құрылыс материалдық өнімдік, бұйым және конструкция
жұмыстарының ішкі үлгідегі жобалау қызметімен айналысады.

1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау және бағалаудың теориялық негіздері

1.1 Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың ақпарат көздері

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың
маңызы өте зор. Бұл ұйымдардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де
басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік- кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Қаржылық жағдай ұғымы әдебиеттерде әртүрлі түсіндіріледі. Ұйымның
қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен қолданылуының үрдісін
көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Ұйымның нарықтық
экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің қорытынды нәтижелерін тек
қана оның жұмыскерлерін ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызмет
бойынша серіктестерін де қызықтырады, оларға мемлекеттік, қаржылық, салық
органдары және т.б. жатады. Осының барлығы ұйымның қаржылық талдауын
өткізудің маңыздылығын анықтайды және экономикалық үрдісте осы талдаулардың
рөлін арттырады, қаржылық талдау элементі болып табылады [2].
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың бастапқы кезеңі оның қаржылық
жағдайын талдау. Нарықтық қатынастар кезіндегі қаржылық жағдайды талдаудың
маңызы өте зор. Бұл ұйымдардың тәуелсіздікке ие болуымен, меншік иелері,
коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің
өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте
болуымен байланысты.
Ұйымның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің соңғы
нәтижелерін көрсетеді. Ұйым қызметінің соңғы нәтижелері тек қана оның
жұмысшыларын ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызмет бойынша
серіктестерін де қызықтырады, олар: мемлекеттік, қаржылық, салық органдары
және т.б. Осының барлығы ұйымның қаржылық талдаудың өткізудің маңыздылығын
анықтайды және экономикалық үрдісте осы талдаулардың ролін арттырады.
Ұйымның қаржылық жағдайы ұйымның қалыпты өндірістік, коммерциялық және
басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз
етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-
ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым - қатынаста болу, төлеу
қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Ұйымның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын
көрсетеді.

Ұйымның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Ғалымдардың ойы бойынша берген анықтамаларын
келесі кестеден байқауға болады (1-кесте):

1-кесте
Ғалымдардың "қаржылық жағдайына" берген анықтамалары
Ғалымдар Анықтамалары
А.Д.Шеремет "Ұйымның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану
және қалыптастыру көздерімен (меншікті капитал
және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады"
деп жазған.
Н.А. Русак "Ұйымның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын
жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады".
В.М.Радионова мен М.А. Ұйымның қаржылық жағдайы " қаржы ресурстарының
Федотова калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен
көрсетіледі" деп жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді:
Ковалев және ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда
В.П. Привалов барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын
сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".
"Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл
оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің
сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие
қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
И.Т. Балабанов пайдалану, мемлекет алдында және басқа да
шаруашылық субъектілерінің алдында өз
міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің
қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін
жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік;
қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі;
капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" -
деп жазады.

Ескерту: аталған авторлардың оқулықтары негізінде автор құрастырған

Жоғарыда берілген анықтамаларда қарастырылып отырған ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, ұйымның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ ұйымдарға
аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы ұйымның сенімді
болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік ұйым жұмысының үздіксіздігін
және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды
ұсынамыз: "Ұйымның қаржы жағдайы осы ұйымның белгілі бір кезеңдегі қаржылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің
қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілуін көрсетеді".

Қаржылық жағдайды талдау ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және
өткізу. Бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті
құрайды. Ұйымның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде
меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін
қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен
тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және
қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ
ұйымның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге
бағытталуы тиіс. Ұйым қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық
жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық
қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен
анықталады. Ұйымның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның
өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім
сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және
төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу ұйымның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары ұйым шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде ұйымның төлеу
қабілеті төмендейді. Кері байланыста бар, ол ақша қаражаттарының болмауы
материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, ұйым өнімді өткізу көлемін сақтай
отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі ұйымың өзіндік қаражаттарының
көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс
табады.
Ұйымның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:

- ұйым активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

- ұйым активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;

- ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;

- ұйымның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін
талдау.
Талдаудың ақпараттық негізі.
Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі – қаржылық есеп
беру болып табылады
ҚР – ның 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 – III "Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы" заңына сәйкес, қаржылық есептіліктің құрамы
төмендегілерден тұрады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайда және шығындар туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерістер жайлы есеп;
5) түсіндірмелі жазбалар.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы ұйымның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады, ол меншік иелерін
шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Ұйымның
бухгалтерлік балансының жалпы мақсаты қаржы есептілігін мүдделі
пайдаланушылардың шешім қабылдауы үшін қажет ұйымның қаржылық жай-күйі мен
оның даму келешегі туралы ақпаратты анықтап, оны ашып көрсету болып
табылады.
Бухгалтерлік балансты талдаудың негізгі міндетіне:
- ұйымның мүліктік жай-күйін сипаттайтын бухгалтерлік баланс
активтерінің құрамы мен құрылымын зерттеуді;
- ұйымның активтері қалыптасатын көз болып табылатын ұйымның капиталы
мен міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын зерттеуді;
- бухгалтерлік баланс активтерінің жекелеген топтарының өтімділігін
талдауды;
- ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдауды;
- ұйымның банкрот болу қауіп-қатерін талдауды жатқызу қажет.
Балансты талдауды жүргізгенде екі негізгі мақсат ойластырылады.
Біріншіден, балансты талдауда ұйымның пайда табу қабілеті жөнінде
ақпарат алу мақсаты қойылады. Осы аспект дивиденд төлеу, бизнесті кеңейту
және оны дамыту мүмкіндігі жөніндегі мәселені шешуде өте маңызды болып
табылады.
Екіншіден, балансты талдауда ұйымның мүліктік және қаржылық жай-күйі,
яғни оның пайда алатын көзімен қамтамасыз етілуі жөнінде ақпарат алынады.
Екі бағыт бойынша талдау жүргізу ұйымның қаншалықты тұрақты екенін
көрсетуге тиіс.
Балансты ойдағыдай талдау үшін:
- талданатын ұйымның шаруашылық-экономикалық жағдайы мен оның даму
мақсаттарын түсіну;
- есеп жүргізу және есептілік жасау қағидалары туралы ақпаратты
пайдалану;
- балансты оқу және талдау әдістемесін білу керек.
Бухгалтерлік балансты талдауды сапалы жүргізу үшін оны оқи білу қажет.
Балансты оқи білу деген оның тараулары мен топтарының өзара байланысын,
әрбір баптың мазмұнын, оны бағалау тәсілін, ұйымның қызметіндегі рөлі мен
басқа баптармен байланысын білуді білдіреді.
Бухгалтерлік балансты оқи білу:
- ұйым жөнінде көп мөлшерде ақпарат алуға;
- ұйымның меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу дәрежесін
анықтауға;
- қай баптардың есебінен қысқа мерзімді активтер мөлшерінің өзгергенін
анықтауға;
- талдамалы көрсеткіштерді есептемей ұйымның жалпы қаржылық жай-күйін
бағалауға мүмкіндік береді.
Балансты оқуға:
- баланстың зерттелетін кезеңдегі қорытындысының өзгеруін бағалау;
- баланс қорытындысының өсу қарқынын өндіріс көлемінің, өнімді сату және
жалпы жиынтық пайданың өсу қарқынымен салыстыру;
- баланс тарауларының, топтары мен жеке баптарының негізгі өзара
байланысын зерттеу;
- баланстың жек тараулары мен баптарының өзгерістерінің сипатын талдау
кіреді.
Қаржы есептілігінің ең маңызды элементі болып табылатын активтерді
талдағанда, олардың болуы, құрылымы мен оларда орын алған өзгерістер
зерттеледі. Активтерді жалпы және оның жекелеген топтарын талдап оларды
ұтымды орналастыруды ойластыруға болады.
Активтердің ұлғаюы ұйымның одан әрі дамуын растайтындықтан, оның
жұмысын жақсы жағынан сипаттайды.
Алайда, ұйым активтері құнының өсуінің себептерін талдай отырып
бухгалтерлік баланстың атаулы деректерінің нақты деректерден айтарлықтай
ауытқуына әкеп соқтыратын жоғары деңгейдегі инфляцияның ықпалын ескеру
қажет.
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – ұйымның
барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және
салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер.
Активтер - бұл құндық бағасы бар ұйымнын мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік
емес иелігі және құқығы болып табылады.

Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа
бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру,
жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас
тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап
етуге құқығы бар.

Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп
тастағаннан кейінгі активтері. Сонымен, қаржылық есептің негізгі
элементтерінің анықтамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық
жоқ деп айтуға болады.
Пайда және зиян жөніндегі есептілік бойынша есепті кезең бойындағы
қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттайтын есептілік нысаны. Бұл
есептілікті келесі элементтер көрсетіледі:
Табыстар – ұйымның активтерінің ұлғаюы және міндеттемелерінің азаюы
түрінде көрініс табатын қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі болып
табылады. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен
өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының айырмасы
ретінде анықталатын көрсеткіш.
 Шығыстар – активтердің азаюы, немесе міндеттемелердің көбеюі түрінде
анықталатын кезең ішіндегі экономикалық тиімділіктердің азаюы.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер
экономикалық тиімділік көрсеткіштеріқатарына жатқызса, енді біреулері оны
ұйым жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың
қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Табыс есебінен, сондай-ақ ұйымның бюджет алдындағы, банктер мен басқа
да ұйымдар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс
ұйымның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші
болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы ұйымның
активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Ұйымның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық
пайдалылығы табыс табумен анықталады. Ұйымның табыстылығы абсолюттік және
салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың
баламаларының түсімдері және төлемдері.
Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары
сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелдікке ұшырайтын
қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты
нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын
нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚
өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яғни
қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар
көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік
меншік.
Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз
қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі
болып табылады.
Түсіндірме жазбада, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай
саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың
талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылады.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.

Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық
көрді.
Бұл еңбектің авторлары ұйымның қаржылық жағдайын және оның жекелей
көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын,
ұйымның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылмаған жаңа
көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау ұйымға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік
сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп
отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға
ұмтылатын ұйымның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын
жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану ұйымның өз
еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға
айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, ұйымның ішкі
талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық талдаудың тәжірибесі
қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен 6
негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады, оны келесі кестеден көруге болады
(2-кесте).

2-кесте
Қаржылық талдаудың әдістері
Әдістер Анықтамалық сипаттама
1) Көлденең (уақытша) Есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен
талдау салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы
бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік
және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік
береді.
2) Тікелей Әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін
(кұрылымдық) талдау әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық
көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс
немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын
анықтауға мүмкіндік береді.
3) Трендтік талдау Әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен
салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің
дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен
тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын
анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы
көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады,
одан кейін перспективті, болжамдық талдау
жүргізіледі. Қаржылық талдаудың нарықтық
экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр
түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып
табылады.
4) Салыстырмалы Бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің
(кеңістіктік) талдау және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі
талдау, сондай-ақ берілген фирманың керсеткіштерін
орташа салалық және орташа жалпы экономикалық
мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың
көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық
талдау болып табылады.
5) Факторлық талдау бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік
(анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен
талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды
көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде
- тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды
керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы
мүмкін.
6)Қаржылық Коэфиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады,
коэфиценттер әдісі оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік
ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы
ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэфиценттерді
есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын
өзара байланыстарға негізделген. Олар ұйымның
қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін
алғашқы база болып табылады және олар талдау
нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды
ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы
өзара математкалық қатынастарды көрсетеді.

Ескерту: әдебиеттер негізінде автор құрастырған
Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы
талдау сипатына ие болады, яғни бұл ұйымның қызметі туралы ақпараттардың
шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы ұйымның мүдделі
контрагенттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген
ұйымның шегінде жүргізетін талдауы.

Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір ұйым үшін тек
потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар
қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы
өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
ұйымның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық
субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға
байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, ұйымның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің
дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі
авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
В.А. Андреев және В.В. Ковалев ұйымның қаржы жағдайын бағалауға
байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады, оны
келесі суреттен байқауға болады (1-сурет).

2-сурет. Ұйымның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмыс модульі

Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің даму
динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде
қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі
көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау
жүргізіледі.

Тереңдетіліп талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді,
толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің
қаржылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің нәтижесі,
сондай-ақ ұйымың болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру
болып табылады.
Қорыта айтқанда, ұйымның қаржы жағдайын талдауда түрлі әдістер мен
тәсілдерді қолдануға болады. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды
жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор
қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-
ақ объективті және анық баға береді, қаржылық-тұрақтылықтың нығаюы мен
ұйымның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

1.2 Зайсан-Нұр-Сервис ЖШС-нің техника-экономикалық сипаттамасы

Зайсан-Нур-Сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан
Республикасының заңдары негізінде заңды тұлға болып табылады. Серіктестік
шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Серіктестіктің мекен жайы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы,
Кондюрин көшесі.
Серіктестіктің құрылтайшысы жеке адам болып табылады: Келгенбаев Ербол
Ажықанович.
Серіктестіктің қызметі шектелмеген.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап заңды тұлға
құқығына ие болады. Серіктестіктің өзінің мөрі, жеке балансы, банкілік есеп
шоты, өзінің атауымен бланкілерге меленеді.
Серіктестік өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан келісімдер
жасауға, басқа да заңды тұлғалармен бірлестіктер құруға, сотта жауапкер
және талапкер болу құқықтарына ие болады.
Серіктестік өз қызметін өзінің Жарғысы негізінде жүзеге асырады.
Серіктестіктің негізгі қызметтік мақсаты өзінің жасаған әрекетінен
пайда түсіру болып табылады. Серіктестіктің негізгі әрекеті болып
табылатындар:
1. Экспорттық, құрылыстық, монтаждық және құрылыс материалдық өнімдік,
бұйым және конструкция жұмыстарының ішкі үлгідегі жобасы;
2. Алып-сату қызметі;
3. Көтерме-бөлшек сауда;
4. Қоғамдық тамақтандыру мекемелерін-барларды, ресторандарды,
асханаларды, наубайхана, мейрамханаларды, жазғы алаңдарды ашу;
5. Автокөліктерді жөндеу қызметтері, техникалық ақауларды жөндеу
станциясы;
6. Жанар-жағар май сату;
7. Ауылшаруашылық өнімдерді және халық тұтыну тауарларын өндіру, қайта
өндіру, сатып алу, сақтау және сату;
8. Токарлық және дәнекерлеу қызметтері;
9. Қонақ үй қызметтері;
10. Коммуналдық қызметтері;
11. Халыққа тасымалдау қызметтері;
12. Жүктерді тасымалдау қызметтері;
13. Халықаралық тасымалдау қызметтері;
14. Халыққа қызмет көрсету: монша, сауна, бассейн;
15. Дистрибюторлық және делдалдық қызмет;
16. Коммерциялық қызмет;
17. Сыртқы экономикалық қызмет.
Көрсетілген қызмет мақсатына жету үшін серіктестіктің заңға қайшы
келмейтін қызмет түрлерін (лицензиялық) жүзеге асырады.
Серіктестіктің жоғары органы құрылтайшысы болып табылады. Орындаушы
органы директор болып табылады, яғни құрылтайшысына есеп береді және
шығарған шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.
Серіктестік қызметінің барысы бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының күшіндегі ережелеріне сәйкес статистикалық есеп
жүргізеді.
Зайсан-Нур-Сервис ЖШС-де бухгалтерлік есепті ұйымдастыру халықаралық
қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес және өндіріс көлеміне байланысты
жүргізіледі. Бухгалтерлік ұйымдастыруға директор және бас бухгалтер
жауапты. Бухгалтерия құрамы мыналардан тұрады:
- Бас бухгалтер;
- Бухгалтер – кассир.
Бас бухгалтер оған бағынышты қызметкерлерге қызметтік жауапкершіліктер
жүктейді. Бас бухгалтер директорға бағынады. Материалды – жауапты
тұлғаларды тағайындау, ауыстыру және орнынан алу бас бухгалтердің шешімімен
жүзеге асырылады. Тауарлы – материалды құндылықтарды сатып алу немесе сату,
қызмет көрсету туралы келісім шарттар, сонымен қатар қызметкерлерге жалақы,
еңбекақыға қосымша ақы және үстеме ақыларын тағайындау бас бухгалтердің
алдын ала тексеруімен жүзеге асырылады.
Бас бухгалтер салықтық есепті ұйымдастыру және жүргізумен айналысады.
Сонымен қатар ұйымды ұстау бойынша шығындар есебі, аяқталмаған өндіріс
есебі, негізгі құралдар және оларға амортизация есептеу бас бухгалтердің
қызметі болып табылады.
Сонымен қатар, бухгалтер тауарлы материалды қорлар есебін, олардың
қозғалысы есебін, жеткізушілермен, тасымалдаушылармен келісім шарттарды
бақылау қызметін жүзеге асырады. Ұйымның жеткізушілері, тасымалдаушылары,
сатып алушылары, қызметкекерлері арасындағы есеп айырысуды ұйымдастырып,
жүргізеді.
Бухгалтер– кассир ақша қаражаттарын қабылдау және беру операцияларын
жүзеге асырады, кассадағы ақша қаражаттарының қауіпсіздігіне жауап береді,
банктен банк көшірмелерін және қажетті құжаттарды алу, төлем тапсырмасын
рәсімдеу сияқты қызметтерді жүзеге асырады.
Зайсан-Нур-Сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
бухгалтериясында құжаттарды рәсімдеу үшін қосымша 1С: Ұйым программасын
қолданады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру
мақсатында есеп саясатын құрастырып, алдын-ала анықталғна әдіс-тәсілдер
бойынша есепті жүзеге асырады.
Зайсан-Нур-Сервис ЖШС-де есеп саясатын оның бас бухгалтері
құрастырады. Есеп саясаты серіктестік құрылған сәттен бастап дайындалды.
Есеп саясатын ұйымның басшысы өзінің бұйрығымен бекіткен. Осы бекітілген
есеп саясаты сол ұйымның есеп қызметін атқару барысында негізгі құжат
ретінде қолданылады.
Есеп саясаты Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі
департаментінің талабы бойынша немесе егер мұнда өзгеру неғұрлым дұрыс
ақпарат алуға мүмкіндік жасайтын болса, ұйымның өзі өзгертуі мүмкін. Есеп
саясатын өзгерту нәтижесінде туындаған тузету сомасы бөлінбеген кірістің
бастапқы сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде көрсетіледі және есепті
кезеңнің таза кірісін немесе зиянын анықтаған кезде ескерілеі. Егер есеп
саясатындағы өзгерістер есепті кезеңге, алдыңғы кезеңге және кезекті есепті
кезеңдерге елеулі түрде әсер ететін болса, онда түсіндірме жазуларда есеп
саясатының өзгеру себебі, есепті кезең және әрбір бұрыңғы кезеңдер үшін
түзету сомасы, таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде ескерілген түзету
сомасы, қайта есептелген салыстырмалыдерек тер немесе олардың қайта
есептеудің мүмкін болмау себептері ашылып көрсетіледі.
Зайсан-Нур-Сервис ЖШС-де бухгалтериясы бухгалтерлік есебінің келесі
бөлімшелерінен құралады:
- негізгі құралдар және тауарлық материалдық құндылықтардың есебі;
- еңбекақы бойынша қызметкрелермен есеп айырысу есебі;
- ақша қаражатының есебі (кассалық опрециялар есебі және есеп айырысу
шотындағы ақша және валюталық шотындағы ақша операцияларының есебі);
- бюджетпен салықтар бойынша және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша
есеп айырысу бойынша операциялар есебі;
- тауарлар, дайын өнімдер есебі;
- сатып алушылар мен тапсырысшылармен есеп айырысудың есебі;
- жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі.
Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымның мүліктік тәуелсіз және
үздікссіз қызмет етеді деп болжанған болатын. Серіктестік таңдалған есеп
саясатын алдағы уақытта да ұстанады. Есеп саясатын жасау кезінде ұйым
басшысы мен бас бухгалтері Ұйымның есеп саясаты атты Ережесіне негізделуі
қажет.
Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін қызмет сапасын ішкі бақылау
жүйесі жұмыс істейді.
Зайсан-Нур-Сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалғыз
құрылтайшысы бар. Ұйымның жарғысында көрсетілген жарғылық капиталының
сомасы 500 000 теңгені құрайды, құрылтайшы осы соманы толық көлемде (100%)
қалыптастырған.
2010-2011 жылдың балансына сәйкес Зайсан-Нур-Сервис жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің меншікті капиталы құрамын қарастыра отырып (А
қосымшасы), барлық капиталы тек жарғылық капитал 500 мың теңге және
бөлінбеген пайда 37607 мың теңге сомасынан құралғанын көреміз. 2011 жыл
қорытындысы бойынша 57390 мың теңге көлемінде бөлінбеген пайда сомасы
қалыптасқандығы анықталды. Бұл 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 19783 мың
теңгеге артқан. 2010-2011 жылдардың балансында резервтік капитал сомасының
қалыптаспағандығы анықталды.
2011-2012 жылдар бойынша қорытындылайтын болсақ, онда 2012 жылдың 31
желтоқсанына құрастырылған баланстан серіктестіктің меншікті капиталдың
жарғылық капитал мөлшері өзгермеген 500 мың теңге және бөлінбеген пайда
сомасынан 77365 мың теңгені құрайтындығын көреміз. Бұл серіктестіктің
негізгі айналысатын қызметі – құрылыс-монтаж жұмыстарының нәтижесі табысты
болғандығын анықтайды.
Зайсан-Нур-Сервис ЖШС-нің негізгі құралдары баланс мәліметтері
бойынша 2010 жылы 51851 мың теңгенің құралдары, 2011 жылы 65133 мың
теңгенің құралдары, 2012 жылы 81145 мың теңгенің негізгі құралдары болғанын
көреміз. Яғни жыл сайын негізгі құралдар мөлшерінің артып келе жатқанын,
құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті негізгі құралдарды сатып алу жүзеге
асырылып отыр.
Зайсан-Нур-Сервис ЖШС баланс мәліметтері бойынша қорлар мөлшері 2010
жылы 21905 мың теңге, 2011 жылы 7795 мың теңге және 2012 жылы 8792 мың
теңгені құрайды. Көріп отырғанымыздай, 2011 жылы қорлар 14110 мың теңгеге
азайған, ал 2012 жылы қайта толықтырылып, 997 мың теңгенің қорлары сатылып
алынған.
Зайсан-Нур-Сервис ЖШС-де ақша қаражаттары есебі кассадағы және
ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары негізінде жүргізіледі.
Кассадағы ақша қаражаттары есебі кассалық операцияларды жүргізу Ережесі
негізінде жүргізіледі. Банктегі ағымдық шоттар теңгеде жүргізіледі. Мынадай
бастапқы құжаттар негізінде банктегі ағымдық шоттардағы ақша қаражаттарымен
операциялар жүргізіледі: төлем тапсырмасы және чектер.
Зайсан-Нур-Сервис ЖШС-де баланс мәліметтері бойынша 2010 жылы
дебиторлық берешек сомасы болмаған. 2011 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Ұйымдағы персоналды басқарудың әдістері
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Барыс Мунай ЖШС
Банктердің несиелік тәуекелін басқару кезеңдері
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Өндірістің қaржылық тұрaқтылығын тaлдaу жәнe жeтілдіру жoлдaры
Кәсіпорынның есеп саясатының әдістемелік негіздері
Инвестициялық жобаларды талдаудың қолдау жүйелері
Кәсіпрынның қаржылык жагдайы талдаү
Пәндер