Витаминдер – денсаулық тірегі



Кіріспе
Витаминдер . денсаулық тірегі
Негізгі бөлім
I Витаминнің түрлері
II Суда еритін витаминдер
III Майда еритін витаминдер
Қорытынды
Витаминдердің адамзат өмірінде алатын орны
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді. Бұл дұрыс емес.
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витаин латынша vita - өмір, тіршілік; vitamin – тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алициклды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары
4) Гетероциклды витаминдер қатары.

Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды жөн көрдік.

Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді.
1) Ж.Ж.Жатқанбаев «Валеология», Алматы, 2003ж
2) «Денсаулық» журналы, Алматы 2006ж, №5
3) «Валеология» журналы, Алматы 2004ж, №11
4) Қ.Д.Сүлейменқұлов «Психология негіздері», Алматы, 2001ж

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Витаминдер

Жоспар

Кіріспе
Витаминдер – денсаулық тірегі
Негізгі бөлім
I Витаминнің түрлері
II Суда еритін витаминдер
III Майда еритін витаминдер
Қорытынды
Витаминдердің адамзат өмірінде алатын орны

Витаминдер – денсаулық тірегі

Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп
кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді. Бұл дұрыс
емес.
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды
айтады. Витаин латынша vita - өмір, тіршілік; vitamin – тіршілік амині
деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат
алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық
қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану
дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда
организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм
әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі
нашарлайды. Витаминдер сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен
микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге
тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және
минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де витаминдер.
Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алициклды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары
4) Гетероциклды витаминдер қатары.

Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып,
жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін
витаминдерге тоқталуды жөн көрдік.

Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы,
никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы,
биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және
т.б. енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол,
филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін
витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп,
олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді. Суда
жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне
қабылдану мөлшері де түрліше болады.
Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының
тууына әкеледі. Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да
заттардың құрамында кездесетін витаминдерді түрлі-түсті сапалық реакциялар
көмегімен ашуға болады.

Суда еритін витаминдер

Тиамин. Тамақ құрамында тиамин немесе В витамині жоқ болса, бери-бери
немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері
қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішек трактасының қызметі
бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады,
ісік пайда бола бастайды.
Азия және оңтүстік Америка материктерінде тұратын халықтардың
арасында бери-бери ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі.
Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары,
Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын елдерде жиі тараған.
Еуропа елдерінде бери-бери ауруы, керісінше өте сирек кездеседі.
Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, олар
қара нан, әр түрлі тағамдар мен көкөністер жиі пайдаланады. Голланд ғалымы
Эйхман 1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зерттеулері кезінде
мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда
бери-бери ауруларының белгілері пайда болған. Ал әр түрлі қалдықтары
берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып
жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ХХ ғасырдың басында бери-бери
ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В витаминінің
жетіспеушілігінен екені анықталған.
Организмде В витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының
мәні – бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиамин-пирофосфат деген зат
түзеді. Тиамин тиамин-пирофосфатдекарбоксилаза деген ферменттің құрамына
кіреді. Бұл фермент заттар алмасуына пайда болатын организмде зиянды
пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек. Денеде В витамині жетіспегенде фермент
азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв
жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз,
сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды
– тиамин пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі. В витаминінің таза
кристалды препараты 1926 жылы күріш ебегінен бөлініп алынды. В вмтамині зат
алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі әр түрлі химиялық өзгерту
процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер
құрамына кіреді.
В вмтаминінің органимнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу
қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз
болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің
ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған бери-бери ауруының негізгі себебі
де осында.
Бери-бери ауруымен ауырғанда адамның жүру қабілеті нашарлап,
кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әлсіреуі байқалады. Тамаққа тәбеті
тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда
болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер
таратылып, солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады.
Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі оның тағам
құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей, В витамині қауызынан
тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында
кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп
болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2-3 миллиграмм тиаминді керек
етеді.

В витаминінің кейбір тағам құрамындағы мөлшері
(100г тағамда, мг)

Тағам түрлері В витамині
Сыра ашытқысы 5,0
Нан ашытқысы 2,0
Бұршақ 0,6
Сұлы жармасы 0,7
Қарақұмық жармасы 0,5
Сиыр еті 1,1

Рибофлавин

Тамақта рибофлавин болмаса, баланың бойыеың өсуі тежеледі. Және ерін,
мұрын, көз құлақ айналасындағы терінің кілегей қабықшасының бұзылуына,
көздің мүйіз қабатының қабынуы мен кристаликтің күңгірттенуіне әсерін
тигізеді.
В витаині тотығу және қайтадан қалпына келтіру реакцияларына
қатысады. Олай болса, В витаминінің зат алмасуындағы маңызы өте зор.
В витамині әсіресе клетканың, яғни организмнің өсіп-өнуіне әсерін
тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда жетімсіздігі ададдардың әсіресе,
балалардың бойының өсу қабілетін де төмендетеді. В витаминінің көздің көру
процесінде де үлкен мәні бар. Әсіресе, бұл витамин А витаминімен бірге
қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі айыруына қажет.
С витамині жеткіліксіз болғандағыдай, рибофлавин гиповитаминозында да
алғашқы өзгерістердің бірі – ұқсас қан тамырларының әлсіреуі, соған
байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В витаминінің жетіспеушілігі
бірте-бірте бауыр мен асқазан қызметіне де зақым келтіреді. Балалар
тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойның өсуі мен салмақ
қосуы баяу болады. Жалпы В витамині жеткіліксіз болғанда, адам жүдеп
шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні жарылып, шаншып ауырады.
Көзден жас ағып, жарыққа қарай алмайды, көздің көруі де нашарлайды.
Кездесетін белгісінің бірі – ауызы уылып, екі езуінің кілегей қабығы мен
терісі жарылып, қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында ауыздық деп те
атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршақтанып кетеді. Организмдегі флавиндер
деп аталатын ферменттердің құрамына В витамині кіреді. Демек, В витамині
жетіспегенде ферменттер алмасуы бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар
алмасу жүйесі зақымданады.
Рибофлавин картопта, капустада, қара нанда, ашытқыда, помидорда,
сәбізде, жұмыртқада, бауырда, сүтте және сүттен жасалған тағамдарда көп
кездеседі. В витамині дәрі ретінде де қолданады. Әсіресе жараның тез
жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға әсері үлкен.

В витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
(100г тағамда, мг)

Тағамдар В витамині
Ақ ірімшік 0,5
Капуста 0,05
Картоп 0,05
Ашытқы 4,0
Жұмыртқа 0,8
Қара нан 0,2-0,3
Сүт 0,2
Ақ нан 0,05-0,07
Ет, балық 0,1-0,3

Никотин қышқылы

РР витаминінің аты Pellagra prevebtig - деген ағылшын сөздерінің
бас әріптерінен құралған. Тағамда В витамині немесе никотинамид болмаса,
адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Бұл кезде адамның терісі, ауыз қуысының
кілегейлі қабаты, ал тіл сияқты дертпен ауырады. Бұл ауруға тән қасиет
қолдардың терісі мен қасиет қолдардың терісі мен бетте жақсы байқалады.
Терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді.
Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына келтіру
процестеріне қатысады. Қарындағы сөлдің бөлінуін реттеуде, ұйқы безінің
жұмысына, бауыр қызметіне, эритроциттердің түзілуіне және тағы басқа толып
жатқан функцияларға әсерін тигізеді. Пеллара ауруы, әсіресе қорегі тек
жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алып тараған. Оның себебі
жүгері белоктарында триптофан амин қышқылы өте аз кездесетіндіктен адам
организмінде никотинамид немесе РР витамині аз түзеледі. РР витаминінің
негізгі провитамині никотин қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырауқұлақта,
түрлі жармаларда көп кездеседі.

В витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
(100г тағамда, мг)

Тағамдар РР витамині
Сыра ашытқысы 40,0
Қарақұмық жармасы 4,3
Ақ нан 3,1
Қара нан 0,45
Ас бұршақ 2,1
Ет және балық 2,6
Сұлы жармасы 1,0
Картоп 0,9
Капуста 0,4
Сүт 0,1
Жұмыртқа 0,2

1926 жылы Гольдбергер қолдан жасалған диеталық қорекпен тышқандарды
азықтандырғанда, олардың дерматит ауруына шалдыққанын байқаған. Бұған қарсы
В,В витаминдерімен әсер еткенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны
қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл
витаминнің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де
қажетті екені дәлелденеді. 1937-1939 жылдары бұл зат ашытқылардан бөліп
алынып, оны В витаині деп аталады. Сөйтіп, тағамдарда пиридоксин
жетіспегенде, полиневрит, анемия және тері ауруы-дерматитті тудырады.Бұл
дерттерден никотин қышқылынан гөрі, пиридоксинмен әсер етіп жылдам
айықтыруға болады.
В витамині организмге өте қажетті-ақ. Өйткені ол зат алмасудың, қан
түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады,
ферменттердің құрамына енеді, нерв жүйелерінің қызметін реттеп, бала к-теру
мен босанудың бірқалыпты өтуіне көмектеседі, ішектегі пайдалы
бактериялардың көбеюіне әсер етеді.

( 2 - метил - 3 окси - 4,5 – диоксиметил-пиридин )
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақтану және денсаулық
Тамақтану және денсаулық туралы
Витаминдер. Аскорбин қышқылының адам организміне тигізетін әсері
Тағамда және суда микроорганизмдердің жетіспеушілігінен туатын аурулар
Биологиялық активті заттар биотехнологиясы
Микроэлементтер
Витаминдер (Дәрумендер )— денсаулық тірегі
Биологиялық активті қоспалардын алынуы
Денсаулық — басты байлық туралы ақпарат
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті
Пәндер