Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарттары мен ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері және әлемдік тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары және оны мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ..11
2.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жағдайына экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Жинақтаушы зейнетақы қоры iрi институциональдық инвестор ретiнде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.4 Зейнетақы жүйесiн реформалаудың даму перспективасы ... ... ... ... ... ... ... ..30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесi тоғыз жыл уақыт жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесiн зерттеуге бiраз материалдар жинақталды десек те болады. Жинақтаушы жүйе мiндеттi болғандықтан, ол барлық жұмыс iстейтiндердi қамтиды. Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса, қазiр әрбiр адам өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты, әрине, бұл өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен қаржы пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде қабылдап жатыр. Бүл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан, ол актуальды тақырып болып табылады. Зейнетақы жүйесі туралы өз еңбектерінде қарастырған көптеген экономистерді айта кетуге болады. Оларға орыс экономистерінен Н.А. Тодорова, В.Т. Иконников, И.В. Рожков және т.б жатады. Ал қазақ экономистерінен Н.Т. Рамазанов, К.Ж. Төлебаев, А.С. Алибаев, Н.К. Мамыров және т.б айтуға болады. Мен болашақ квалификациялы жұмысшы күшiн ұсынушы болғандықтан, менi бұл мәселе өте қатты қызықтырады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі”. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінде елді зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің маңыздылығын ашу және оны дамыту жолдарын қарастыру болып табылады. Менiң курстық жұмысымның мақсаты жүйенiң iс-әрекетiне зерттеу жүргiзiп, онымен байланысты айқынсыздықты жою.
Орындалатын жұмыстың мiндеттерi:
1) "Ескi" мен "Жаңа" жүйенi салыстыру;
2) шетел тәжiрибесiне көз жүгiрту;
3) Қазақстан Республикасының жинақтаушы жүйесiнiң құрылымын, iс-әрекетiн талдау;
4) жүйенiң экономикалық перспективасы туралы және экономикаға тиетін әсерiне нақты мәлiметтер нәтижесiнде талдау қарастыру.
Курстық жұмысым екі тараудан тұрады.
Бiрiншi тарауда екi жүйенi салыстыру, Чили тәжiрибесi мен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңына көз жүгiртiледi. Шет елдегі мемлекет тарапынан зейнетақы жүйелері қарастырылады.
Екiншi тарауда жинақтаушы жүйенiң құрылымы туралы сөз қозғалып, олардың iс-әрекетiне талдау жасалады және зейнетақы жүйесіндегі реформалардың даму перспективалары туралы қарастылып, жүйенiң капитал рыногы мен өндiрiспен арасындағы байланысына көз жүгiртiледi.
Қорытынды бөлiмiнде жұмыстан қорытынды шығарылып, осы жинақтаушы жүйенiң алдындағы мәселелерi мен оны шешу жолдары ұсынылады.
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау туралы Заңы. Алматы, “Юрист”, - 2005. – 34-121б.
2. Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар туралы” Заңы. Алматы, “Жеті Жарғы”, - 2004. – 5-67б.
3. Қазақстан Республикасының “ҚР Ұлттық Банкі туралы” 30.03.2006 жылғы Заңы, 19-22б.
4. Кичигина М.Т. Особенности Чилийского варианта пенсионного обеспечения населения. Рынок ценных бумаг Казахстана. №13(141), 2006. – 36-39б.
5. Нурмуханбетов Е.Д. Рынок пенсионных услуг в 2006 году. Рынок ценных бумаг Казахстана. №3(155), 2007. – 16-25б.
6. Рамазанов Н.П. Пенсионная погода. Деловая неделя. №8(586), 2006. – 5-9б.
7. Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігі. №3, 2007. – 54-57б.
8. Адамбекова А.Н. Анализ пенсионного рынка Казахстана. Қаржы-Қаражат. №3, 2007. – 77-83б.
9. Айтуған А.С. Жинақтаушы Зейнетақы Қорының меншік капиталына келетін табысты үлестіру. Қаржы-Қаражат. №2, 2006. – 44-49б.
10. Баладина А.Г. Каждый гражданин – хозяин своего пенсионного счета. РЦБК. №2, 2007. – 15-19б.
11. Мергенбаева А.Т. Математикалық әдісті қолдану арқылы жұмысқа кабілетсіздерді зейнетақымен қамсыздандыруды есептеу. АльПари. №1, 2004. – 154-156б.
12. Молдағазиев Н.Ы. Қазақстан Республикасының Жинақтаушы Зейнетақы жүйесі. ҚазҰУ хабаршысы. №5(33), 2006. – 112-115б.
13. Коржова Н.А. Пенсионный кризис. Причины и пути выхода в различных государствах. Қаржы-Қаражат. №1, 2007. – 25-29б.
14. www.google.kz.
15. Амирханов С.Б. В октябре наблюдался беспрецедентный рост доли пенсионных активов. Панорама. №47, 2006. – 23-29б.
16. www.rambler.kz.
17. Бакирова А.Н. Реформирование пенсионной системы в Казахстане. Саясат. №6, 2006. – 18-22б.
18. Тулегенова. Е.Б. Министерству труда поручено подумать над пенсионной системой. Панорама. №2, 2007. – 24-30б.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарттары мен
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері және әлемдік
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Қазақстан Республикасының зейнетақы
жүйесi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...11
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары және оны мемлекеттік реттеу
... ... ... ... ..11
2.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жағдайына
экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Жинақтаушы зейнетақы қоры iрi институциональдық инвестор
ретiнде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.4 Зейнетақы жүйесiн реформалаудың даму
перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... 30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

КІРІСПЕ

Елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесi тоғыз жыл уақыт жұмыс істеп
жатыр. Оның нәтижесiн зерттеуге бiраз материалдар жинақталды десек те
болады. Жинақтаушы жүйе мiндеттi болғандықтан, ол барлық жұмыс
iстейтiндердi қамтиды. Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса,
қазiр әрбiр адам өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты,
әрине, бұл өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен
қаржы пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында
зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр
сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк
танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде
қабылдап жатыр. Бүл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан,
ол актуальды тақырып болып табылады. Зейнетақы жүйесі туралы өз
еңбектерінде қарастырған көптеген экономистерді айта кетуге болады. Оларға
орыс экономистерінен Н.А. Тодорова, В.Т. Иконников, И.В. Рожков және т.б
жатады. Ал қазақ экономистерінен Н.Т. Рамазанов, К.Ж. Төлебаев, А.С.
Алибаев, Н.К. Мамыров және т.б айтуға болады. Мен болашақ квалификациялы
жұмысшы күшiн ұсынушы болғандықтан, менi бұл мәселе өте қатты қызықтырады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы
жүйесі”. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінде елді зейнетақымен қамтамасыз ету
жүйесінің маңыздылығын ашу және оны дамыту жолдарын қарастыру болып
табылады. Менiң курстық жұмысымның мақсаты жүйенiң iс-әрекетiне зерттеу
жүргiзiп, онымен байланысты айқынсыздықты жою.
Орындалатын жұмыстың мiндеттерi:
1) "Ескi" мен "Жаңа" жүйенi салыстыру;
2) шетел тәжiрибесiне көз жүгiрту;
3) Қазақстан Республикасының жинақтаушы жүйесiнiң құрылымын, iс-
әрекетiн талдау;
4) жүйенiң экономикалық перспективасы туралы және экономикаға тиетін
әсерiне нақты мәлiметтер нәтижесiнде талдау қарастыру.
Курстық жұмысым екі тараудан тұрады.
Бiрiншi тарауда екi жүйенi салыстыру, Чили тәжiрибесi мен Қазақстан
Республикасының зейнетақы заңына көз жүгiртiледi. Шет елдегі мемлекет
тарапынан зейнетақы жүйелері қарастырылады.
Екiншi тарауда жинақтаушы жүйенiң құрылымы туралы сөз қозғалып,
олардың iс-әрекетiне талдау жасалады және зейнетақы жүйесіндегі
реформалардың даму перспективалары туралы қарастылып, жүйенiң капитал
рыногы мен өндiрiспен арасындағы байланысына көз жүгiртiледi.
Қорытынды бөлiмiнде жұмыстан қорытынды шығарылып, осы жинақтаушы
жүйенiң алдындағы мәселелерi мен оны шешу жолдары ұсынылады.

1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарттары мен ерекшелiктерi

Қазақстанда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа зейнетақы жүйесi
жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстей бастады. Жаңа зейнетақы жүйесiне
көшудiң себебiне жауап берсек, ең алдымен, бұрынғы яғни “ынтымақтастық”
жүйенiң механизмiн зерттейiк. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақылар
кәсiпорындардың өз қызметкерлерiне, жұмысшыларына төлеген зейнетақы жарнасы
есебiнен төлендi. Бүл жүйеге келесi факторлар әсер етедi:
1) туу көрсеткiшi.
2) жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер санының арақатынасы.
3) өмiр сүру ұзақтығы.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн экономикалық байланыстар үзiлiп,
экономикалық дағдарыс басталды да жұмыссыздық күрт өстi, яғни жұмыс
iстейтiндер саны азайып, зейнеткерлiк демалысқа шығуға құқысы бар адамдар
өстi және еңбек ресурсының көбеюiне әсер ететiн туу көрсеткiшi де тым
төмендеп кеттi. Бұл жұмыс iстейтiндер мен зейнеткерлер санының
арақатынасына керi әсер еттi. Қазiргi кезде 1 зейнеткерге 1,7 жұмыс iстеушi
келедi. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақы үздiксiз берiлiп тұруы үшiн 1
зейнеткерге бiрнеше жұмысшы сәйкес келуi қажет және жарна уақытында
бюджетке аударылуы тиiс. Ол жарналардың үзiлiсiне және оның аз мөлшерде
түсуiне әкелiп зейнетақы қоры iс жүзiнде банкротқа ұшырады. Осы жағдайларды
ескере отырып Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң кризиске
ұшырауының негiзгi себептерiн келтiрейiк:
1) халықтың қартаюы, туудың төмендеуi, жұмыссыздықтың көбеюi, жұмыс
iстеушiлер мен зейнеткерлер арасындағы қатынастың төмендеуi. Бұл көрсеткiш
қазiр 1 ге 1,7 болып табылып, әлiде төмендей түсуде;1, б.36
2) бюджеттiк емес қорларға аударылуы тиiс мiндеттi жарналардың жоғары
болуы (жиынтық көлемi 32%-ке дейiн жететiн) және төлем байланыстарының жоқ
болуы, уақытылы төлемеуге, төлеуден жалтаруға, бюджеттiк емес қорларға
беретiн есепте минимальды табысты көрсетуге, тiптi салық органдарында
тiркелуден қашып, бiрақ та белсендi түрде жұмыс iстеуiне әкелiп соқтырды.
Осыдан келiп мемлекеттiк зейнетақы қорына барлық кәсiпорындардың қарызы 35-
40 миллиард теңгенi құрады. Төлемдердiң аз түсуiне байланысты декларацияда
көрсетiлген табысқа, салықты көбейту қажеттiлiгi туындап, ол өз кезегiнде
әлi де болса уақытылы төлеп жүрген кәсiпорындардың салықтан жалтаруына
итермеледi;
3) зейнетақы жарналарын жеке тiркемеудiң жоқ болуы әркiмнiң өзiнiң
кәрiлiгiн қамтамасыз етудегi ынтасын жойды.
4) бюджеттiк емес қорлар қаражатының жұмсалуын дұрыс қадағалау.
5) барлық облыстардың жергiлiктi түсiмдерден зейнетақы төлеу
мүмкiндiгi бiрдей емес. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтiк жақтан қорғау Министрлiгi түсiмдердi қайта бөлу
механизмiн жасады. Ай сайынғы жиналған жарналардың 30%-тi республикалық
шотқа түседi. Министрлiк бүл шотта жиналған қаражатты тапшылық бар облыстар
арасында бөлiстiредi. Облыс бойынша зейнетақы көлемiнiң әр түрлi болуы
әдiлеттiлікке жатпайды, және көп түсiм түсетiн облыстың жарналарды жинауға
көп ынта көрсетпейдi, себебi артығы басқа облыстарға бөлiну үшiн кетедi.
6) орталықсыздандыру әкiмшiлiк жұмыстардың қайталануына әкелдi.
Аумақтық тұрғыда операцияларды министрлiктiң бөлiмшелерi жүргiзедi, ал
екiншi жағынан барлық аумақтық бөлiмшелер әкiмге бағынады.
Мiне, бiз жоғарыда көрсетiлген себептердiң нәтижесiнде Қазақстан
Республикасында зейнетақы жүйесiнiң нелiктен дағдарысқа ұшырағанын бiлдiк.
Осымен Қазақстан Республикасы жаңа жинақтаушы жүйеге көштi. Ал ендi
жинақтаушы жүйенiң бұрынғы “ынтымақтастық” жүйемен арасындағы
айырмашылығының артықшылығын қарап көрейiк.
Бiрiншiден “ынтымақтастық” жүйеде әртүрлi жеңiлдiктер көрсетiлiп,
осыған байланысты бiреулер 60 жаста емес, одан ерте шығады, яғни бүл 60
жаста зейнетақыға шыққан адамнан гөрi көбiрек уақыт зейнетақы алады.
Екiншiден жұмыс iстейтiн адам еңбек стажының көп бөлiгiнде орташа
жалақы алып, кейiн бiрден жоғары жалақы алып зейнетақыға шықса, оның
зейнетақысы сол жоғары жалақының мөлшерiне сәйкес болады. Ал басқа адам көп
жылдар жоғары жалақы алып, сол бойынша зейнетақыға шығады. Салыстырып
қарасақ екеуiнiң зейнетақысы бiрдей, бiрақ соңғы адам алдыңғыға қарағанда
көбiрек әлеуметтiк жарна аударды. Бүл әдiлеттiлiк деп айту қиын.
Үшiншiден екi адам бiр кәсiпорында жұмыс iстейдi, бiреу жоғары еңбек
өнiмдiлiгiн көрсетсе, екiншiсiнiң еңбекке ынтасы аз. Бiрақ зейнетақы алар
кезде олар бiрдей зейнетақы алады. Жинақтаушы жүйенiң осы жердегi бiр
артықшылығы әр адам өзiнiң болашақ зейнетақысы үшiн өзi жауапты. Ол алатын
зейнетақы мөлшерi жұмыс iстегенiне, тапқан табысына байланысты.
Төртiншiден “Ынтымақтастық” жүйеде зейнетақы беру шегi, алушының
қайтыс болуымен аяқталады. Бұл адам зейнетақыға шыққаннан кейiн, күтпеген
жағдайларға байланысты ғана дүниеге кетсе, еңбек еткен кездегi аударған
жарналары текке кеттi деген сөз. Ал жинақтаушы жүйеде өмiр бойы жинаған
жарнасын, салымшы қайтыс болса, оның мұрагерi алады, яғни артындағы отбасы
өз керегiнше пайдаланады.

1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері немесе әлемдік тәжірибе

Жалдамалы жұмыскерлерді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру ХIХ ғасырдың
соңында Германияда пайда болды. Қарттығы жөніндегі және мүгедектігі бойынша
зейнетақы мен қамсыздандыру мәселелерімен арныйы сақтандыру органдары
айналысты. Зейнетақымен қамсыздандырудың бұл түрінің қоры сақтандырылған
адамдар мен кәсіпкерлердің тең үлесте төлеген жарналары есебінен
қалыптасты.
Сақтандырылған адамдар тобын молынан қамтитын міндетті мемлекеттік
сақтандыру туралы заңдар Германиядан кейін Еуропаның басқа да елдерінде
қабылданды. Алғашында олар өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру
саласын, кейін сырқаттығына, қарттығына, мүтедектігіне және жұмыссыздығына
байланысты зейнетақыларды қамтиды. Кейбір елдерде сақтандыру туралы жалпы
заңдар қабылданды: жазатайым оқиғалардан және сырқаттығы бойынша (Ресейде),
сырқаттығы мен мүгедектігі бойынша (Англияда).
Англияда 1911-1913 жылдары заң негізінде сырқаттығы және мүгедектігі
бойынша бірлескен сақтандыру жүйесі жүзеге асырылды. Сақтандырылған адамдар
үшін жарнаның бір бөлігін мемлекет төледі (ерлер үшін көбірек, ал әйелдер
үшін - азырақ). Зейнетақыны сақтандыру қаражаты жәрдемақыға, зейнетақыға,
дәрігерлік көмекке, дәрі дәрмектерге, санаториялық емделуге жұмсалатын
болды.
Францияға 1911 жылы күшіне енгізілген заң негізінде қарттығы
жөніндегі зейнетақымен қамтамасыздандырудың негізгі ерекшелігі ай сайын
мемлекет тарапынан зейнетақыға 100 франк мөлшерінде қосымша төлем төленіп
отырды. Ал сақтандыру жарналарын сақтандырылған адамдар мен кәсіпкерлік тең
үлесте және тұрақты сомада төледі.
Швеция қарттығына және мүгедектігіне байланысты міндетті сақтандыру
туралы заң 1913-1915 жылдары енгізілді. Зейнетақыны төлеу қоры
сақтандырылған адамдар мен мемлекеттік көмек қаражаттары (субсидия) арқылы
жиналды. Жарналардың мөлшері өте төмен және табыс сомасына тәуелді болды.
Сақтандырылған адамдар жарнаны қауымдарға төледі, олар төлемнің уақытылы
төленуін қадағалап отырды.
АҚШ-та зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі Еуропа елдеріне қарағанда
едәуір кеш басталды. Жазатайым оқиғалардан, жұмыссыздықтан және қарттығы
жөніндегі сақтандыру жүйесін енгізу және оны кеңейту жұмыстарына ұзақ
уақыт қажет болды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жүмыс орнында мертігіп,
жарымжан болып қалуына байланысты өтемақы төлеу туралы заң кейбір
штаттарда 1911 жылдан бастап енгізілді. Ал қарттығы жөніндегі сақтандыру
туралы алғашқы федеральды заң 1920 жылы ғана қабылданды. Оның әрекеті тек
федеральды заң органдардың қызметкерлерімен ғана шектелді. Соғыс
ардагерлері де федеральды дәрежеде зейнетақы алды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде көптеген елдерде
мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыздандыру реформасы жүзеге асырылды. Мұндай
реформаның мысалы ретінде ағылшын үкіметі 1946-1948 жылдары қабылдаған заң
актілерін айтуға болады. Онда жалдамалы еңбектегі барлық тұлғаларды,
олардың отбасы мүшелерін, сонымен бірге жеке еңбек ететін тұлғаларды
әлеуметтік қамсыздандыру қаралды; оларға ең төменгі ұлттық стандарт
дәрежесінде, тапқан табысына байланыссыз, тұрақты мөлшерде зейнетақы мен
жәрдемақы мөлшерін белгіледі. Сондай-ақ ауыратынына байланысты жәрдемақы
мен жұмыссыздығына және қарттығы жөніндегі зейнетақы мөлшерінің арасындағы
сәйкессіздікті жойды. Бұл сияқты реформалар қазіргі әлеуметтік
қамтамасыздандыру, оның ішінде, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
негізгі базасын жасады.
Чили зейнетақы жүйесi 1981 жылдан бастап реформалана бастады. Бүл
ынтымақтастық жүйенiң рөлi төмендеп, жеке жинақтаушы жүйенiң күшеюiмен
сипатталады. Бүл елде әрбiр салымшы өзiнiң кәрiлiгiн өзi қамтамасыз етуге
жауапты. Мемлекет тек ең төменгi зейнетақы мөлшерiн ғана бере алады.
Жинақтаушы жүйенi енгiзген кезде, чилилiктердiң бiздердiкi сияқты
мемлекеттiк және жеке қорлардың арасында таңдауы болмады, олар тек
зейнетақы қорларының Администраторы деп аталатын жеке қорлар арасында
таңдау жүргiздi. Ал кейбiр жағдайларға байланысты жинақтаушы жүйеге енбей
қалғандар бұрынғы жүйеде қалды. Оның атынан қазiр зейнетақының қалыптастыру
институты жұмыс iстейдi. Оның жұмыс iстеуi 2040 жылдарға дейiн созылуы
мүмкiн. Бұнымен бiздегi мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығын салыстыруға
болады.4, б.37
Жаңа жүйеге енгендер бұрынғы жүйемен байланысын үзедi. Олар бұрынғы
жүйеден “мойындау” бонусын алады да, оны сатуға немесе жинақтаушы жүйеге
беруге құқы бар. Көпшiлiк жағдайларда олар жинақталған қаражаттарға
қосылып, зейнетақы тағайындалғанда есептеледi. Бiздiң модельде, 1998 жылдың
1 қаңтарына дейiн адамның 6 айдан кем емес еңбек стажы бар болса, онда ол
еңбек стажына пропорциональды түрде ынтымақтастық жүйеден зейнетақы алуға
құқылы. Зейнетақы қорларының администраторлары толық операторлар болып
табылады. Олар зейнетақы жарналарын жинақтаумен бiрге, оларды қаржы
құралдарына инвестициялаумен айналысады. Зейнетақы қорлары
администраторының қызметiн Зейнетақы Қорларының Администраторының
Басқармасы қадағалайды. Бағалы қағаздар рыногi мен кастодиандарды
қадағалауды Чили Орталық банкi iске асырады.
Зейнетақы қорларының администраторы ең төменгi табыстылық бойынша
талапты орындауы қажет. Егер ол талап орындалмаса, онда ол айырманы
Зейнетақы қорларының администраторы зейнетақы жинақтарының 1% арқылы
құрылатын резервтi қор есебiнен толтыруы тиiс. Ал резервтi қордың қаражаты
жетпесе, онда айырманы мемлекет жауып қор жұмыстан тоқтатады да, зейнетақы
жинақтары басқа қорларға ауыстырылады. Зейнетақы активтерiн басқаратын
болғандықтан, кастодиан бағалы қағаздардың есебi мен сақтауын жүргiзiп,
оған зейнетақы жинақтарын орналастыруды қадағалау жүктеледi.
Зейнетақы Қорларының Администраторының Басқармасында
классификациялық комиссия құрылып, оған Зейнетақы Қорларының
Администраторының Басқармасы, банк және қаржы институттары басқармасы,
сақтандыру компанияларының басқармасының өкiлдерi және Зейнетақы
Қорларының Администраторының төрт сайланған өкiлi кiредi. Комиссия келесi
қызметтердi жүзеге асырады:
1) зейнетақы қорларының қаржыларына алынған бағалы қағаздарды қолдайды
немесе қабылдамайды, тәуекелiн анықтайды;
2) “Қозғалмайтын мүлiк және басқа бағалы қағаздар” бойынша акционерлiк
қоғамның акциясын қабылдау процедурасын орнатады;
3) Халықаралық рыноктардағы классификацияланған бағалы қағаздармен
салыстыру эквивалентiн орнатады, халықаралық классификация институттарының
орнатқан классификациясын қабылдайды немесе қабылдамайды.
Зейнетақы Қорларының Администраторының зейнетақы жарнасынан
комиссиондық сыйақы алады. Оның мөлшерi орнатылмай, ол рынок бойынша
анықталады. Орташа қалыптасқан сыйақы жалақыдан 3% көлемiнде.
2006 жылдың 1 қаңтарында Чили зейнетақы қорларының барлық зейнетақы
активтерi $34,5 млрд құрады. 2005 жыл бойынша жылдың табыстылық көрсеткiшi
16,3% (инфляциядан жоғары). Ал жүйе iске асырылғаннан бергi зейнетақы
активтерiнiң орташа жылдық табыстылығы 11,2%. 2006 жылдың 1 қаңтарында
салымшылар саны 6096573 адамды құрады, оның iшiнде белсендi салымшылары
3252643 адам. Ал еркiн зейнетақы жүйесiнде 987959 шот болып, оның жалпы
мiндеттi жарналарға қатысты үлесi 16,20%. Жинақталған ақша қаражаттары $220
млн.
Ал зейнетақының инвестициялық қоржынына келсек, ол мынадай:
1) 34,6% мемлекеттiк бағалы қағаздар;
2) 18,3% компания акциялары;
3) 33,7% банктегi депозиттер және қаржы институтының бағалы
қағаздары;
4) 13,4% шетелдiк бағалы қағаздар;
Толығырақ тоқталсақ:
1) 30,01% Чили орталық банкiнiң нотасы;
2) 16,10% банк депозиттерi
3) 15,10% кепiлдеме нотасы;
4) 2,02% қаржы институтының облигациясы;
5) 12,41% компания акциялары;
6) 9,11% айнымалы табысты шетелдiк бағалы қағаздар;
7) 4,31% орнатылған табысты шетелдiк бағалы қағаздар;
8) 2,58% инвестициялық қорлардың акциялары;
9) 3,79% облигациялар;
10) 3,58% қалыптандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыру институтының
облигациясы.
Зейнетақы жүйесiнде қызмет жасап отырған қорлар санына тоқталайық:
2001 жылы 12 қор тiркелiп жұмыс iстесе, 2006 жылдың 1 қаңтарына қарай
қорлар саны 8 болды. Қорлар санының өсуi өзiнiң шарықтау шегiне 2003 жылы
жетiп 22 қорды құрады.

3. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi

Қазақстан Республикасының үкiметi зейнетақы жүйесiнiң дағдарысқа
соғылғанын аңғарып, оның себептерiне зерттеу жасай отырып, “ынтымақтастық”
жүйенiң қызмет етуi жауап астында деп шештi. Осы және басқа да жағдайларға
байланысты Қазақстан Республикасының парламентi 1997 жылдың 20 маусымында
“Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заңын
қабылдады. Бүл заң бойынша зейнетақы жүйесi жинақтаушы принципiне
негiзделедi.
Бiрақта “ынтымақтастық” жүйесi бiрден жойылып кетпей, ол 2040 жылдарға
дейiн бiрге қызмет етедi. Себебi, Заң бойынша адамның 1998 жылдың 1
қаңтарына дейiн ең кемiнде еңбек стажы 6 ай болса, онда ол орталықтан еңбек
стажына пропорциональды түрде зейнетақы алуға құқысы бар. Жаңа заң бойынша
зейнетақыға шығу жасы да ұлғайтылған, ерлерге 63 жасқа дейiн, ал әйелдерге
58 жасқа дейiн.
Сонымен бiрге орталықтан толық көлемде зейнетақы алуға құқысы бар:
1) ерлер — егер 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы 25 жылдан кем
болмаса;
2) әйелдер — егер 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы 20 жылдан кем
болмаса.
Заң бойынша зейнетақы жарналарын жинау және салымшылармен жұмыс
iстеумен айналысатын жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады. Ал
зейнетақы активтерiн басқару зейнетақы активтерiн басқарушы компанияға
жүктеледi. Ал ақша қаражаттарын сақтау мен есебiн банк-кастодиан
жүргiзеді.1, б.55
Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры заң бойынша жабық
акционерлік қоғам ретiнде құрылады. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорының келесiдей түрлерi бар:
1) ашық
2) корпоративтi
Ашық қорлар кез келген салымшыдан жарна қабылдайды, ал корпоративтi
қордың салымшысы болып, сол қордың құрылтайшылары немесе акционерлерiнiң
жұмысшылары табыла алады.
Ашық қор құрылған кезде, құрылтайшылары тiкелей немесе жанама акция
пакетiнiң 25%-нен астамын бақылауға құқығы жоқ. Iс-әрекет етуi кезiнде,
өкiлеттi орган рұқсат берген жағдайлардан басқа кезде, құрылтайшылары
тiкелей немесе жанама акция пакетiнiң 25%-нен астамын бақылауға құқығы жоқ.
Заң бойынша зейнетақы жарналарын сақталуын қамтамасыз ету шараларын
қарастырсақ, ол келесiдей:
1) Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын жинау мен зейнетақы
төлеу iс-әрекетiн лицензиялау;
2) Зейнетақы активтерін басқарушы компанияның қызметiн лицензиялау;
3) Банк-кастодиан қызметiн лицензиялау;
4) Зейнетақы активтерін басқарушы компанияның iс әрекетiне пруденциальды
нормаларды орнату;
5) Жинақтаушы зейнетақы қорының iс әрекетiне сәйкес нормалар мен
шектеулер қою арқылы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететiн реттеу
жүргiзу;
6) Зейнетақы активтерін басқарушы компания мен жинақтаушы зейнетақы
қорының құрылтайшыларына, басшы мен қызметкерiне, тағы оның меншiктi
капиталының көлемi мен құрамына талаптар қою;
7) Ақша қаражатының тек банк кастодианда сақтау талабы;
8) Зейнетақы жарналарын бiр-бiрiмен және банк-кастодианмен байланысы
жоқ, ең кемiнде, үш банкiге депозитке салу;
9) Меншiк капиталы мен зейнетақы активтерiнiң есебiн бөлек жүргiзу және
олардың мақсатты орналастырылуына бақылау жасау;
10) Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару қызметiн
зейнетақы активтерін басқарушы компанияға беру;
11) Бағалы қағаздар рыногiн реттейтiн өкiлеттi органның зейнетақы
активтерін басқарушы компанияның инвестициялық қызметiне, зейнетақы
активтерiн орналастырғандағы тәуекелдi диверсификациялау және төмендету
бойынша талаптар қою;
12) ЖЗҚ-ы алатын комиссиондық сыйақы мөлшерiне шектеу орнату;
13) ЖЗҚ-ң және ЗАБК-ң жылдық қаржы есебiне мiндеттi түрде аудиторлық
тексеру жүргiзу;
14) ЖЗҚ мен ЗАБК-ң өкiлеттi мемлекеттiк органдар алдында күнделiктi
қаржы және статистикалық есеп беру;
15) Салымшыға 1 жылда екiден астам емес рет бiр қордан екiншi қорға
салымдарын аудару құқығы;
16) Салымшының таңдауы бойынша зейнетақы жарналарын толықтай немесе
жартылай сақтандыру.
Ендi әлеуметтiк жарналар туралы сөз қозғайтын болсақ, онда қазiргi
26%-к әлеуметтiк жарнаның 10%-тi ЖЗҚ-ға аударылса, қалғаны зейнетақы төлеу
бойынша мемлекеттiк орталыққа (ЗТМО) түседi. Одан түскен жарналар қазiргi
зейнеткерлердiң алдындағы қарызды жабу үшiн жұмсалады. 10% зейнетақы
жарналарының Мемлекеттiк емес ЖЗҚ-на түсуi үшiн, зейнетақы шарты болуы
шарт. Егер ол жоқ болса, зейнетақы жарналары МЖЗҚ-на аударылады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ

2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары және оны мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасының “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заңы
бойынша үш субьектi жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң толыққанды мүшесi
болады. Олар жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерiн басқарушы
компания, банк-кастодиан. Олардың қызметiн реттеп, қажеттi нормативтi
құқықтық актiлер шығарып қадағалайтын үш мемлекеттiк орган бар. Олар
мыналар:
1) Ұлттық банк (ҰБ);
2) Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия (БҚҰК) Бұл мемлекетік
орган Ұлттық Банктің департамент ретінде қосылып, енді Бағалы
қағаздар нарығын реттеу жөніндегі депортаменті;
3) Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiн реттейтiн комитет
(ЖЗҚIРК) бұл да Ұлттық Банк департаменті болып қосылып, енді
Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеттің реттеу департаменті.
Ұлттық банк банк-кастодиандардың қызметiн бақылап, оларға лицензия
беру және одан айыру iстерiмен айналысады.
БҚҰК қор биржасындағы бағалы қағаздарға ЗАБК-ң инвестициялау әрекетiн
бақылап, олардың iстерiн қадағалайды. ЖЗҚIРК ЖЗҚ-ң iс-әрекеттерiнiң заңға
сәйкестiлiгiн және салымшылармен арақатынасын бақылау, қажеттi нормативтi
құқықтық актiлер жасаумен айналысады. Жоғарыдағы айтылған қадағалаушы
мемлекеттiк органдар, бұл негiзгi қызметiнен басқа да iстермен айналысады.
Ендi жинақтаушы жүйенiң iс жүзiне асу, аспауының негiзгi гаранты болып
табылатын субьектiлерге тоқталайық.2, б.32
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары төмендегідей болып бөлінеді:

1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;
а) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілетін
лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерін дербес
жүзеге асыруға;
ә) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот
органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
3) зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзгеде де құқықтарды жүзеге
асыруға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының мынадай міндеттері қарастырылған:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен
зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды
жүзеге асыруға;
3) салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрау
салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі
туралы ақпарат беруге;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы
ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚР-сының зейнетақы
заңдары мен зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап
беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір
жинақтаушы зейнетақы қорының екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына
осы Заңда және ҚР-сының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған
жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға
шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келісім бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген тәртіппен
қаржылық есептілікті және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өзге
де есептілік пен өз қызметі туралы ақпаратты жариялауға міндетті.
Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа
кепілдік немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ ҚР-сының
заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтерді
жариялауға жол бермейді;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға
тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
11) салымшымен еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
12) әрбір жеке адамның тұратын жеріне қарамастан олармен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепілдігін қамтамасыз етуге
міндетті.

Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында
жинақтаушы зейнетақы қорларына:

1) қызмет түрлеріне және кәсіпкерлік қызметке;

2) өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға
беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді
қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
3) сақтандыру қызметіне;
4) зейнетақы активтерін кепілге беру;
5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем
қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық
нормативтер бе лгіленеді.Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың
нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік
нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен
аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен
қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу
шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуші шоғырландырылған
негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу
Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған
жағдайда уәкілетті орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы
міндетті жазбаша ұйғарым беруге;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерін қызметтен алу
туралы акционерлер алдына мәселе қоюға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
айыппұлдар салуға және өндіріп алуға;
4) лицензияны тоқтата тұруға, не қайтарып алуға.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнеақы қорының зейнетақы жарналарын тарту
жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негіздердің:
1) лицензия берілгенде негізге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;
2) лицензия берілген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының
қызметін бастауды бір жылдан астам кідірту;
3) Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт бойынша міндеттемелерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан
үш және оданда көп рет) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгілеген
нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді
үнемі бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерін,жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесіне және уәкілетті
органның нормативтік құқықтық актілерін бұзуы, не уәкілетті органның
жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6) есептілік пен мәліметтерді табыс етпеу немесе көбінеу дұрыс
емес есептілікпен мәліметтерді табыс ету негіздерінің кез келгені бойынша
алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-
ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру құқығын
сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.
Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын
тарту жөніндеге қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы
қабылдаған шешімін жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында
мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы салушылар
мен алушылардың назарына жеткізеді.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерін жинақтаушы зейнетақы
қорының белгіленген мерзімде жойылмауы оны уәкілетті органның қайтарып
алуына негіз болып табылады.
Уәкілетті орган өздеріне қатысты ықпал ету шараларын қолданған
жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның іс-әрекетіне сот тәртібімен
шағымдануға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкілетті органның
рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша біріктіру, бөліп
шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге
өзгерту нысанында жүзеге асырылады.Рұқсат беру талаптары мен тәртібі
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргізуге рұқсат алу
туралы өтінішіне мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының оны қайта
құру туралы шешімі;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың көзделіп
отырған шарттарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдері жазылатын құжаттар;
3) қайта құру нәтижелерінің қаржылық болжамы, соның ішінде жинақтаушы
зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың
нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейінгі
есептік балансы;
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат
алу туралы өтінішті құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен
бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті
органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап
күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде
және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары
мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы
қорлары: бөліп шығу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзінен екі одан да
көп заңды тұлға бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры; біріктіру
нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын
қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде қайта
ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту
жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі
қызметті қолда бар лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.

2. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайына
экономикалық талдау

Жинақталған зейнетақы жарналары инфляция мен девальвацияның әсерiне
ұшырап, нақты құны төмендемес үшiн оны бағалы қағаздарға тиiмдi
инвестициялау керек. Бүл iспен мамандары жеткiлiктi және тәжiрибесi бар
компания шұғылданса, оң табыстарға жеткiзетiнi сөзсiз. Қазақстанда бұнымен
Жинақтаушы Зейнетақы Қорлары шұғылданады. ЖЗҚ бағалы қағаздар рыногының
маман қатысушысы және заңды тұлға болып табылады. Жарғылық капиталының ең
төменгi мөлшерi 80 млн. теңгеден кем болмауы тиiс. Компания мүлкi есебi
басқаруға алған зейнетақы активтерiнен бөлек жүргiзiледi. Компанияның
негiзгi қызметi заңда көрсетiлген шектеулер мен диверсификация нормаларын
ескере отырып, зейнетақы активтерiн бағалы қағаздарға, инвестициялық табыс
алу мақсатында орналастыру. Бұл қызмет түрi лицензияланатындықтан, оны алу
үшiн қойылатын негiзгi талаптарға тоқталайық:
1) штатында ең кемiнде 3 категориялы квалификацияның куәлiкке ие үш
маманның болуы. Соның iшiнде:
а) басқарушы қызметкерлер (тағайындау Бағалы қағаздар нарығын реттеу
жөніндегі департаментпен келiсуi қажет);
ә) активтердi инвестицияның басқару бөлiмдерiнiң басшылары;
б) инвестициялық шешiмдердi қабылдау мен жүзеге асыруға қатысатын
мамандар болуы тиiс;
2) ұйымдық-техника, компьютердiң, бағдарлама құралдары мен
телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың болуы;
3) заңды тұлға құрылтайшыларының қаржылық тұрақтылығын дәлелдеуi
қажет;
4) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды ұйымдастыратын iшкi
ұйымдастырудың құжаттары болуы шарт.3, б.20
ЖЗҚ-ң инвестициялық iс-әрекетiн қадағалап, бақылайтын ҚР-ң Бағалы
қағаздар нарығын реттеу жөніндегі департаменттің қолданатын бақылау
нормаларын көрсетейiк:
1) пруденциальды норматив, яғни ЖЗҚ-ң меншiк капиталының ең төменгi
мөлшерi 150 млн. теңгеден төмен болмауы тиiс;
2) ЖЗҚ-ң меншiк қаражатының жеткiлiктiлiк коэффициентi (ЖЗҚ-ң меншiк
қаражатының зейнетақы және меншiктi активтерiнiң қосындысына
қатысы). Бұл ЖЗҚ-ң өтiмдiлiгi төмен активтердi алып тастағандағы
меншiк қаражаттарымен басқаруға алған зейнетақы активтерi, сонымен
бiрге өзiнiң жеке активтi операцияларына жауап беру мүмкiндiгiн
анықтау үшiн қолданылады;
3) ЖЗҚ-ң басқаруға алған зейнетақы активтерiнiң әр қор үшiн реальды
табысы (инфляцияға түзетiлген) келесi минимальды көрсеткiштерден кем
болмауы тиiс жұмыс 12 жұмыс ай бойынша:
а) сол уақыт мезгілінде қызмет етiп жатқан барлық ЖЗҚ-ң 21 реальды
табысы мөлшерiнен;
ә) барлық ЖЗҚ-ң реальды табысы минус екi проценттiк пункт. Егер сәйкес
келмесе онда соңғысы жетiлген ақшаны өзi толтыруы қажет;
4) Бiр заңды тұлғаның бағалы қағаздарына, депозитiне, депозиттiк
сертификаттарына инвестициялаудың максималды мөлшерi. Ол
инвестициялық қоржынды диверсификациялау мен бiр заңды тұлғаға
қатысты тәуекелдi азайту үшiн қолданылады;
5) Негiзгi құралдар мен басқадай материалды емес активтерге
инвестицияның максималды мөлшерi. Ол негiзгi қорлар мен басқадай
айналымнан тыс активтерге инвестицияның өзiндiк капиталға қатынасы
арқылы анықталып, 0,25-тен жоғары болмауы тиiс. Бұл ЖЗҚ-ң меншiктi
капиталының өтiмдiлiгi жоғары және өтiмдiлiгi төмен активтерге
инвестицияны шектеу үшiн қолданылады;
6) Негiзгi және қосымша резервтi капитал. Негiзгi резервтi капитал
өзiнiң мiндеттемесi уақтылы орындау үшiн болса, қосымша резервтi
капитал зейнетақы активтерiн инвестицияда кеткен қателiктер есебiнен
туған шығынның орнын толтыру үшiн қолданылады.
ЖЗҚ-ң басқаруға алған зейнетақы активтерiн қандай бағалы қағаздарға
инвестициялай алатынын қарайық. Қазiр ҚР-ң Бағалы қағаздар нарығын реттеу
жөніндегі департаменті бекiткен нормативтерi келесiдей:
1) Зейнетақы активтерiнiң 50% кем емес мөлшерi мемлекеттiк құнды
қағаздарға салынуы тиiс. Осы арқылы тәуекелдi төмендету мақсаты
қарастырылады;
2) 40%-тен артық емес мөлшерi Қазақстан қор биржаларының “А”
категориялы листингiне тiркелген корпоративтiк құнды қағаздарға;
3) 10%-н артық емес мөлшерi халықтың қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздарына;
4) 40%-н артық емес мөлшерi банктерге депозитқа салыну мүмкiн және бiр
банкке 10%-н аспайтын мөлшерде;
5) Корпоративтiк құнды қағаздар бойынша қосымша шектеулер бар:
Зейнетақы активтерiнiң 5% аспайтын бөлiгi өте үлкен болып жоғарыдағы
шектеу орындалмаса, компанияның жарғылық капиталының 5%-н аспайтын
бөлiгiнiң акциясына инвестиция салынуы мүмкiн. Жоғарыдағы
шектеулердiң бар мақсаты тәуекелдi төмендетiп, инвестициялық қаржыны
диверсификациялау. Егер қандай да бiр акцияның құны төмендесе, ол
қордың активтерiне күштi әсер етпейдi, себебi инвестиция жан-жаққа
салынған. Бұнда мына мақалды айтып өткен орынды. Бар жұмыртқаны бiр
корзинаға салма, корзина құласа бәрi де сынады.
Кей iстермен ЖЗҚ-ң айналысуына тиым салынған:
1) маржа бойынша мәмiле жүргiзу;
2) қайта сатып алу шарты бойынша бағалы қағаздар сату;
3) қысқа сату жүргiзу (келiсiм уақыты кезiнде инвестицияның қоржында
жоқ бағалы қағазды сату мәмiлесi);
4) заем беруге;
5) зейнетақы активтерiмен кепiлдемелi операция жүргiзу;
6) акциядан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
7) гарантия немесе поручительство беру.
2006 жыл – жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін ең жоғарғы нәтиже берген
жыл болып есептеледі. Себебі зейнетақы активтерінің қарқынды өсуі болып
табылады. Зейнетақы активтері жылдық индикативтік ЖҰӨ-ң 10,5 %-н құрады,
яғни 8,7 трлн тенгеге немесе 68 млрд долларға тең болды. Макроэкономикалық
жоспарда бұл өсу Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар арасындағы ең
жоғарғысы болып табылады. Мысалға 2002-2005 жылдардағы зейнетақы активтері
ЖҰӨ-ң 8 %-нан 9 %-ына дейін ғана құраған. Ал 2006 жылы зейнетақы активтері
(+40,3 %) ЖҰӨ-ді (+18,9 %) екі есе өсіріп жіберді.5, б.16
2007 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 14 Жинақтаушы
Зейнетақы Қоры қызмет етті. Олар мыналар:
1) “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ”;
2) “Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры”;
3) “Ұлар Үміт” ЖЗҚ;
4) “БТА Қазақстан” ЖЗҚ;
5) “Грантум” ЖЗҚ;
6) “Сенім” ЖЗҚ;
7) “Валют-транзит Фонд”;
8) “Атамекен” ЖЗҚ;
9) “НефтеГаз-Дем” ЖЗҚ;
10) “Қазақмыс” ЖЗҚ;
11) “Капитал” ЖЗҚ;
12) “Отан” ЖЗҚ;
13) “Қорғау” ЖЗҚ;
14) “Д.А. Қонаев атындағы ЖЗҚ”.
Енді олардың жергілікті жерлердегі филиалдар, бөлімшелер санына және
олардың іс-әрекетін жүзеге асырушы кастодиан банктеріне тоқталайық:

Кесте 1 – 2007 жылғы 1 қаңтардағы ҚР-ғы ЖЗҚ-ң филиалдары және кастодиан
банктері туралы жалпы мәлімет

Филиалдар
№ ЖЗҚ түрлері және Кастодиан банктерінің
бөлімшелер атауы
саны
1 “Капитал” ЖЗҚ - АТФБанкі
2 “Қазақстан Халық Банкінің” ЖЗҚ 17 АТФБанкі
3 “Ұлар Үмiт” ЖЗҚ 17 Қ Халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Зейнетақы жүйесі жайлы
Зейнетақы реформасы
Қазақстан Республикасында зейнет ақы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы
Қазақстандағы зейнетақы ісінің жағдайының талдауы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі
Зейнетақы жүйесі туралы
Жинақтаушы зейнетақы қоры
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым
Пәндер