Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары



1. Өсу мен даму.

2. Клетканың құрылымы және оның функциональдық маңызы.

3. Клеткалардың көбеюі және қартаюы.

4. Клеткаларда заттардың өзгеруі.

5. Клеткалардың тітіркенгіштігі және қозғыштығы.

6. Организмнің биологиялық системасының сенімділігі.

7. Өсу мен жетілу процестеріндегі тұқым қуалаудың ролі.
Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі.Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сипаттайды.Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардын қызметінің жетілуін сипаттайтын, сапалық өзгерістердің көрсеткіші.
Бала организміндегі өсу мен жетілу процестері бір бірінен белгілі тәуелділікте болады, қарқынды өсетін және қызметі өзгеретін тканьдармен байланысты, организм неғұрлым жас болса, соғұрлым қарқынды түрде өтеді. Қалыпты жағдайларда екі процесс те үздіксіз жүреді, бірақ әр уақытта бірдей бола бермейді: өсу мен жетілудің күшею кезеңдері баяулау кезеңдерімен: алмасады және керісінше. Бұлар тұтас бір процестің екі фазасының гетерохрониялығы деп аталады. Сандық өзгерістердің біртіндеп жиналуы белгілі бір мезгілде секіріске әкеледі – организм сапалық жаңа күйге көшеді. Мұнда дененің бір бөлшектері екіншілеріне үйлесуі, бұлшық ет күші мен қимыл белсенділігі – ақыл-ой әрекетінде байқалады. Өсіп жетілу үйлесімділігіне осылайша қол жетеді.
Баланың үйлесімді өсіп жетілуі және гетерохрониялық құбылыстар биологиялық және қоғамдық ортаның көптеген факторларына тәуелді. Мұнда өсу және жетілу биологиялық факторларының негізгі организмінің өзінде болады да сандық есептеуге болатыны айқын көрінетін өзгергіштерінен байқалады, ал қоғамдық факторлар қоғамдық құрылыс, тұрмысты ұйымдастыру, оқыту және тәрбиелеу принциптеріне шоғырланады. Олар сапалық сипаттамалар, яғни өсіп жетілуге баға беру кезінде ескеріледі.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Балалар және жасөспірімдердің өсуі
дамуының жалпы заңдылықтары.

Өсу және даму.

Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни
дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі.Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық
белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық
өзгерістерді сипаттайды.Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және
бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде
олардын қызметінің жетілуін сипаттайтын, сапалық өзгерістердің көрсеткіші.
Бала организміндегі өсу мен жетілу процестері бір бірінен белгілі
тәуелділікте болады, қарқынды өсетін және қызметі өзгеретін тканьдармен
байланысты, организм неғұрлым жас болса, соғұрлым қарқынды түрде өтеді.
Қалыпты жағдайларда екі процесс те үздіксіз жүреді, бірақ әр уақытта бірдей
бола бермейді: өсу мен жетілудің күшею кезеңдері баяулау кезеңдерімен:
алмасады және керісінше. Бұлар тұтас бір процестің екі фазасының
гетерохрониялығы деп аталады. Сандық өзгерістердің біртіндеп жиналуы
белгілі бір мезгілде секіріске әкеледі – организм сапалық жаңа күйге
көшеді. Мұнда дененің бір бөлшектері екіншілеріне үйлесуі, бұлшық ет күші
мен қимыл белсенділігі – ақыл-ой әрекетінде байқалады. Өсіп жетілу
үйлесімділігіне осылайша қол жетеді.
Баланың үйлесімді өсіп жетілуі және гетерохрониялық құбылыстар
биологиялық және қоғамдық ортаның көптеген факторларына тәуелді. Мұнда өсу
және жетілу биологиялық факторларының негізгі организмінің өзінде болады да
сандық есептеуге болатыны айқын көрінетін өзгергіштерінен байқалады, ал
қоғамдық факторлар қоғамдық құрылыс, тұрмысты ұйымдастыру, оқыту және
тәрбиелеу принциптеріне шоғырланады. Олар сапалық сипаттамалар, яғни өсіп
жетілуге баға беру кезінде ескеріледі.
Балалардың өсуі мен жетілуіндегі айтылған секірмелілік гигиенада
ұзару және жұмырлану кезеңдері ретінде белгілі. Балалар мен қыздардың
ұзаруы әсіресе жыныстық пісіп-жетілу кезеңінде айқын байқалады. Есею
жылдарында өсу тоқталады (әйелдерде 23 жасқа дейін, ал еркектерде 25-ке
дейін ) және ұзару жұмырланумен ауысады. Жас адамдар сымбатты, жинақы,
бұлшық еттері шығыңқы, қимылдары үйлесімді бола бастайды.

Клетканың құрылымы және оның функциональдық маңызы

Клетка – жануарлар және өсімдіктер организмдерінің дамуы мен
құрлысының негізінде жатқан тіршілік системасы. Ол цитоплазма мен ядродан
тұрады.
Қабық цитоплазма мен клетка органоидтарын қоршаған ортадан бөлек
ұстап тұрады. Қабықтың арқасында клетка дербес физиологиялық бірлік ретінде
қызмет атқарады. Электрондық микроскоптың мәліметтері бойынша клетка
цитоплазмасының қабығы үш қабатты мембранадан тұрады. Мембранада өте ұсақ
тесіктер – қуыстар болады. Олар арқылы клетка қоршаған ортамен және басқа
клеткалармен зат алмасуды іске асырады. Аздап бүлінген кезде мембрана
өзінің біртұтастығын тез қалпына келтіреді. Оның недәуір бүлінуі бүкіл
клетканың өлуіне әкеледі.
Цитоплазма – клетканың жартылай сұйық ортасы, зольден гельге қайта
айнала алатын коллоидтық система болып табылады. Цитоплазманың буферлік
қабілеттілігінің арқасында клетка өзгерген орта активтілігін (рн) тез
қалпына келтіре алады.
Цитоплазмада органиодтар – клетканының құрылымдық түзілістері бар.
Олар ядро мен органидтардың өзара байланысын қамтамасыз ете отырып,
клетканың қалыпты қызметіне жағдай жасайды.
Ядро-тірі клетканың өзара әсер етуші тұтас комплексінің тұрақты
компоненті. Көпшілік клеткаларда бір ядро болады, бірақ олар екі, үш және
одан да көп болады. Ядроның формасы (домалақ, сопақша, созылған таяқша
тәрізді т.б.) клетканың функциональдық күйін көрсетеді. Мысалы, жиырылғыш
бұлшық ет талшығында (клетка) ядро штопор тәріздер, ал тиыштық жағдайда-
таяқше тәрізлес.
Үнемі болғанмен, әдетте клетканың өзі ядромен бірге өледі. Мысалы,
әритроцитте ядро жойылады, содан соң ол, қан ағысымен жылжи отырып денеге
оттегін жеткізіп, 120 күнге дейін тіршілік ете алады, бірақ бөлінуге,
бастапқы қалпына келуге қабілетсіз т.б. Ал цитоплазмадан бөлініп алынған
ядро кешікпей өледі.
Ядро сырты екі қабат ядролық мембранамен жабылған, ол кариоплазманы
цитоплазмадан айрып тұрады. Кейбір учаскелерде ядро мембраналар қосылған
секілді болып қуыстар түзеді. Мембрана-жартылай өткізгіш: ядро ішіне бір
заттарды өткізеді, екіншілерін ұстап қалады және барлық қажетті заттарды
ядродан шығарады. Клетканың бөлінуі кезінде ядро мембранасы жойылады, ал
жас клетка пайда болысымен ол бастапқы қалпына келеді.
Ядроның ішкі кеңістігі ядро шырынымен-кариоплазмамен, ядрошық және
хроматинмен толған.
Кариоплазма-ядроны толтырушы жартылай консистенциялы зат. Электрондық
микроскоптың көмегімен онан рибосомаларды табуға болады.
Интерфазалық ядроны арнайы бояған кезде одан тор тәріздес гранула
құрылымы-хроматинді жақсы көруге болады. Онда көпшілік бөлігі гистоннан
тұратын, белокпен байланысқан дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) болады.
ДНК-клетка ядросының ең маңызды бөлігі. Онда ата-анасынан балаларына
берілетін тұқым қуалау информациясы сақталады. Адам қолының дамуындағы
тұқым қуалайтын ауытқулардың 14 ұрпақтан кейін (шанамен 280-300 жылдан
кейін) байқалатындығын ағылшын ғылымдары көрсетті.
Ядрошық-домалақ формалы, конистенциясы бойынша тығыз түзіліс. Ядро
көлемдері әр түрлі екі, бес (жетіге дейін) ядрошықтардан тұра алады. Оның
барлығы тек бөлінуі басталмаған ядролардан ғана кқрінеді. Бөлінген кезде
жоғалады, ал жас клеткаларда жаңадан пайда болады. Оларда РНК мен белоктар
болады. Ядрошықтарда соңынан цитоплазмаға өтетін рибосомалар түзіледі.
Рибосомалар-РНК мен белоктан тұратын сфера формалы денешік. Олар әрбір
өсімдік және жануарлар клеткасында болады әрі өте маңызды биологиялық
қызметке-белокты синтездеуге-қатысады. Дәлірек айтқанда, рибосомаларда
матрицалық (информациялық) РНК-ден информацияны дәл есептеу және
цитоплазмада болатын амин қышқылдарынан белгілі бір ретпен пептидті
байланыстар түзілу процесі жүреді. Демек, рибосомалар-бұл оқитын
машиналар, оларды амин қышқылдарының полипептидтік тізбекке қосылу процесі
жүреді.
Митохондриялар-әр түрлі клеткалардың цитоплазмасынан жарық
микроскопымен жақсы ажыратылатын, сан алуан формалы денешіктер. Сонымен,
электронды микроскоп деңгейінді митохондрияларды зерттеу олардың
құрылысының күрделі екенін анықтады, ал биохимиялық анализдер организмде
бірқатар тыныс алу, заттар синтездеу т.б. функциялар атқаратын белоктардың,
липидтердің, ферменттердің, рибонуклеин қышқылдарының (РНК) онда
болатындығын тапты.
Кез келген организм клеткаларының митохондрияларында энергия қоры мол
аденозинтрифосфор қышқылы (АТФ) синтезделеді, ал энергия қорының босауы
арнауылы ферменттердің әсерінен АТФ-тың ыдырауына байланысты. Осыған
байланысты митохондрияларды күш берушілер немесе клеткалардың
энергетикалық станциялары деп атайды.
Митохондрияларда ДНК-ның болуы, олардың өзінен-өзі өндіре алатын
органиодтар екендігін дәлелдейді, өйткені ДНК тұқым қуалау информациясын
тек сақтаушы ғана емес, оның берілулерін де, өндірулерін де қамтамасыз
етеді.
Электрондық микроскопия әдістерінің көмегімен эндоплазмалық тор,
рибосомалар мен қосындылар сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсу даму антропометриясы жайлы
Балалар мен жас жасөспірімдер өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Өсу даму антропометриясы
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Өсу мен даму антропометриясы
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары
Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Пәндер