Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары



I. Кіріспе бөлім: Кіріспе сөз

II. Негізгі бөлім:
а) Әл.Фарабидің жан қуаты түрлерінің ерешеліктеріне сипаттама беруі.
ә) «Қайырымды қала тұрғандарының көзқарастары туралы трактатындағы» әр түрлі топтарға сипаттама беруі.
б) Фарабидің шығармашылығындағы музыка, медицина салаларындағы еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары.

III. Қорытынды бөлім: Қорытындылау.
Әбу Насыр әл-фараби - өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл араб халифатында ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оның оңтүстік өлкесі сол кездегі үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих бізге IX-X ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолында орналасқан, ол сондай-ақ өнер-білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп, өскен кезінде көптеген ғұлама ғалымдар шыққан үлкен шаhар болғандығы жайлы сыр шертеді. Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына осындай құнарлы ортаның себі тигендігіне күмәндануға болмайды.
Әбу Насыр әл-фарабидің ғылыми-материалистік идеялары, әсіресе оның таным мәселесі мен логика ғылымы туралы айтқандарында, сондай-ақ адамның жан қуаттарының әрқилы жақтарын түсіндіруде ерекше байқалады.
Кезінде ол болжам жасап, пікір айтпаған ғылым-білім саласы кемде-кем. Мәселен, тек психология саласында ғана жеті еңбек («Жанның мәні туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жан туралы», «Ақыл және ұғым», «Жас өспірімнің ақылы жайлы кітап», «Ересектердің ақылы туралы кітап», «Темперамент туралы») жазған екен. Бірақ бұлары біздің заманымызға жетпеген. Оның жан дүниесі туралы толғаныс-тебіреністері, бізге басқа еңбектері («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Азаматтық саясат», «Бақыт жолын сілтеу», «Далалық таңба тастар», «Мәселелердің мәні», т.б.) арқылы біршама мәлім болып отыр.
Психология үшін іргетасы мәселе болып, табылатын жан мен тәннің арақатынасы, бұл екеуінің бір-бірімен байланысы жайлы мәселеде Фараби өзін сол кездегі ғылыми ой-пікірдің биігінен көрсете білді. Ол жанның мәңгі өлмейтіндігін уағыздаған грек ғалымы Платонға қарсы дау айтып, оның «Жан тәннен бұрын пайда болады, жан мәңгі-бақи өлмейді деуі қате түсінік» деп түйді. Оның пікірінше, жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ, жан тәннің тірлік қасиеті, адада қатарынан екі жан болмайды, адамның тәні де, жаны да өткінші, уақытша. Тән жанның дамуына, оның біртіндеп қалыптасып, жетілуіне әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің саулығы керек. Тән саулығы жоқ жерде жан саулығы да жоқ. Шыққан жан еш уақытта қайтып келмейді, бір денеден екінші денеге көшіп те жүрмейді, бірақ көңілі мен рухы кіршіксіз таза, көзі ашық оқыған адамның жаны мәңгі бақи өмір сүреді де, надан, залым, зымиян адамның жаны өшіп кетіп отырады.
1) Қ.Жарықбаев «Қазақ психологиясының тарихы» Алматы, 1996ж.
2) Әл-Фараби әлеуметтік этикалық трактаттар
Қазақ ССР Ғылым Академиясы
Философия және право институты Алматы, 1975ж.
3) Ә.Б.Дербісәлиев, А.Х.Қасымжанов Әл-Фараби және рухани мұра

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фарабидің
психологиялық көзқарастары

Орындаған: Оралбекова Г.Т.

Тексерген: Бейсенова Ж.

Мамандығы: 050117. 3ж. 3к.-
қазақ тілі мен әдебиеті

Тобы: 304.

АЛМАТЫ, 2006ж.

Жоспар:

I. Кіріспе бөлім: Кіріспе сөз

II. Негізгі бөлім:
а) Әл-Фарабидің жан қуаты түрлерінің ерешеліктеріне сипаттама беруі.
ә) Қайырымды қала тұрғандарының көзқарастары туралы трактатындағы әр
түрлі топтарға сипаттама беруі.
б) Фарабидің шығармашылығындағы музыка, медицина салаларындағы
еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары.

III. Қорытынды бөлім: Қорытындылау.

Әбу Насыр әл-фараби - өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл араб
халифатында ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның
балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оның оңтүстік өлкесі
сол кездегі үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих бізге IX-X
ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа
баратын үлкен сауда жолында орналасқан, ол сондай-ақ өнер-білімнің,
мәдениет пен әдебиеттің өркендеп, өскен кезінде көптеген ғұлама ғалымдар
шыққан үлкен шаhар болғандығы жайлы сыр шертеді. Фарабидің аты әлемге
жайылған ғалым болуына осындай құнарлы ортаның себі тигендігіне күмәндануға
болмайды.
Әбу Насыр әл-фарабидің ғылыми-материалистік идеялары, әсіресе оның
таным мәселесі мен логика ғылымы туралы айтқандарында, сондай-ақ адамның
жан қуаттарының әрқилы жақтарын түсіндіруде ерекше байқалады.
Кезінде ол болжам жасап, пікір айтпаған ғылым-білім саласы кемде-кем.
Мәселен, тек психология саласында ғана жеті еңбек (Жанның мәні туралы,
Түс көру туралы сөз, Жан туралы, Ақыл және ұғым, Жас өспірімнің
ақылы жайлы кітап, Ересектердің ақылы туралы кітап, Темперамент
туралы) жазған екен. Бірақ бұлары біздің заманымызға жетпеген. Оның жан
дүниесі туралы толғаныс-тебіреністері, бізге басқа еңбектері (Қайырымды
қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Азаматтық саясат, Бақыт
жолын сілтеу, Далалық таңба тастар, Мәселелердің мәні, т.б.) арқылы
біршама мәлім болып отыр.
Психология үшін іргетасы мәселе болып, табылатын жан мен тәннің
арақатынасы, бұл екеуінің бір-бірімен байланысы жайлы мәселеде Фараби өзін
сол кездегі ғылыми ой-пікірдің биігінен көрсете білді. Ол жанның мәңгі
өлмейтіндігін уағыздаған грек ғалымы Платонға қарсы дау айтып, оның Жан
тәннен бұрын пайда болады, жан мәңгі-бақи өлмейді деуі қате түсінік деп
түйді. Оның пікірінше, жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ, жан тәннің
тірлік қасиеті, адада қатарынан екі жан болмайды, адамның тәні де, жаны да
өткінші, уақытша. Тән жанның дамуына, оның біртіндеп қалыптасып, жетілуіне
әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің саулығы керек. Тән саулығы жоқ
жерде жан саулығы да жоқ. Шыққан жан еш уақытта қайтып келмейді, бір
денеден екінші денеге көшіп те жүрмейді, бірақ көңілі мен рухы кіршіксіз
таза, көзі ашық оқыған адамның жаны мәңгі бақи өмір сүреді де, надан,
залым, зымиян адамның жаны өшіп кетіп отырады.

Фараби адамның жан қуаттарының табиғатын қазіргі термин бойынша
(психологиялық құбылыстар) тәннің құрылысына орайлас түсіндіруге тырысады.
Тәннің де, жанның да иесі – жүрек, бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің
басқа мүшелері сияқты ми да жүрекке бағынышты. Жүрек – тіршілік тірегі, ол
қан айналысы мен қимыл қозғалысының орталығы жүрекпен байланыспайтын мүше
жоқ, ми да жүректен қорек алып, содан кейін ғана адамның жан дүниесін
басқарады. Жан туралы ілімде Фараби ұстазы Аристотельдің ықпалында болды.
Ұлы грек ойшылы Жан туралы еңбегінде өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда
үш түрлі жан болады десе, Фараби жанның адам мен жануарларда болатын түріне
ғана ерекше мән береді. Мұның бірі – қозғалдыратын қуат – бүкіл тірі
организмге ортақ. Ал танып – білу қуаты жануарлар мен адамдарға тән, бұлар
сыртқы дүниені түйсіне, сезіне алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай қабілет
жоқ. Сондықтан да олар бұл топқа кірмейді. Адамда ең алдымен қоректендіру
қуаты пайда болады. Бұл оның тәні, яғни өсіп-өнуге негіз болатын дене
бітімі. Адамның танып-білу қуаты да екіге бөлінеді. Мұның біріншісі –
сыртқы жан немесе (түйсіну) түйсіктені қуаты деп аталады. Мұндай қабілет
сыртқы дүние заттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болады.

Сыртқы жан қуаты беске бөлінеді: Олар: көру, есту, дәм, иіс,
тері түйсіктері. Екіншісі – ішкі жан қуаты. Бұларға еске түсіру, талпыну
қабілеттері жатады.Адамды жануардан ерекше бөліп тұратын қуат – оның ақыл-
парасаты, яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті. Фараби Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарасы туралы трактат дейтін еңбегінде жан құбылысының әр
түрлі көріністеріне қысқаша сипаттама береді. Мәселен, қиял адамға аса
қажетті жан қуаты. Ол екі түрлі міндет атқарады. Біріншіден, мұнда сыртқы
дүние заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады, бірі екіншісіне қосылып,
одан жаңа бейнелер жасалады. Екіншіден, ол (екі түрлі міндет атқарады)
ойлауға материал жинастырады, түйсік пен екеуі адам ойлауының терең, жан-
жақты, орамды болуына жәрдем береді. Ол түс көру құбылысын қиялмен
байланыстырады деп түсіндіреді. Түс көру – адамның ояу кезіндегі шындықта
көрген, білген, естіген нәрселерінің мидағы бейнесі. Ұйқы негізінде мұндай
бейнелер адам ырқынан тыс жүреді, бұл қиялдың енжар көріністері.
Фарабидің түс көру туралы тұжырымдарының қазіргі ғылыми
психологияның айтқандарымен үндесіп жатқандары жақсы байқалады.
Ғұлама ғалым адамның тану процестері екі басқыштан тұратындығын
айтады. Оның біріншісі – сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес
процестері жатады.
Түйсік – дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамның есі
мен елесінің сапалы әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене алуына
байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңірек түсінуге
мүмкіндік береді. Бұл танымның екіншісі басқышы, оның ең жоғарғы сатысы.
Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал тіл
болса, әр ұлттың, халықтың өзіндік өрнегі. Жаттағаннан түсінген артығырақ,
өйткені жаттауда шала түсінікті сөздер көбейіп кетеді, барлық нәрсені
жаттап алуға болмайды. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер мен
қисындар жөнінде талдау жасауға мүмкіндік береді.
Фараби эмоция, сезім процестерін жан қуатының дербес көріністері
деп саналмайды. Бұлар психиканың қалған түрлеріне бояу береді, оларды
қозғалысқа итермелейді. Талпыну, әсерлені қуаты адамның мәнерлі
қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адамның ұялғанда қызарса,
қорыққан кезде сұп-сұр болып, түсі қашады.
Жан қуаттары туралы ілімде Фараби адамның ерік-жігер, қажыр-
қайратын да жеке процес ретінде қарастырмайды. Бұларда этика ғылымына
қатысты пікірлерінде жол-жөнекей сөз етеді. Ол ізгі қала адамдарының күшті
қажыр-қайраты мен ерік-жігері – рухани қасиеттерді қалыптастырудың негізгі
факторлары дейді. Қылық пен іс-әрекеттің саналылығы, тоқтамға келушілік,
батырлық пен ерік, рухани жағынан жетіле түсу, тағы басқа ерік-жігердің
жақсы сапалары болса, мейірімсіздік, қорқақтық, дүниеқоңыздық,
нәпсіқұмарлық тағы басқа адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады.
Фараби танымның бірінші басқышы – түйсіктер табыиғатын дұрыс
түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жаңсақ пікірге жол береді. Ол ойлау
материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерімен туып отырады дейді.
Бірақ оның түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние заттары мен
құбылыстырының денедегі түрлі бейнелер деуі – ғылыми тұрғыдан өте дәл
түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі
түсіп отыратын алғашқы саңлау. Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана
пайда болады. Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, құлақ ауадағы
тербелістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай-қайсысы да
сыртқы дүниемен байланыста болады. Түсіретін аспап Сыртқы нәрселердің, -
деп жазды ол, - әсерімен... заттардың образдары пайда болады. Көру түйсігі
көзден шыққан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер етпей-ақ түйсік пайда
болады дейтін Платон пікірімен Фараби келіспейді. Қараңғыда зат та, оның
бояуы да анық көрінбейді, - деп жазды ол, - көзге сырттан күшті әсер келіп
түскенде ғана адамда түйсік пайда болады. Бұл жерде ғұлама психологияның
іргелі теориялық қисыны бейнелеу теориясының төңірегінде сөз қозғап отыр.
Ол психикалық процестердің бәрін де дене мүшелерінде болып жататын белгілі
бір материалдық, физиологиялық құбылыстармен байланысты қарайды.
Фараби жан қуатының басқа түрлеріне сипаттама бере келіп,
психологияның бұдан басқа да іргелі проблемалары жөнінде сөз қозғайды.
Мәселен, ол психиканың қалайша дамып жетілгендігі жайлы мәселег де ерекше
мән береді. Жан – айрықша сапада тұратын қасиет. Жануар мен адамның тән
құрылысының өзгешелігіне қарай олардың жан қуаттары да өзгеше болады.
Материалдық элементтердің қосындысынан (ыстық, суық, дымқыл, құрғақ) жануар
психикасы түзілген. Осы элементтердің ең жоғарғы қосындысынан барып адам
психикасы пайда болған. Адам – жанды дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның
жануарда негізгі айырмашылығы ақыл парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен,
белгілі кәсіппен айналысуы. Адам қоғамнан түрлі топтардан тыс өмір сүре
алмайды, оның бар тіршілігі адам қауымының арасында өтеді. Жеке адам өзінің
тілек, талпынысымен, мұң мұқтаждығын жеке жүріп қанағаттандыра алмайды.
Сондықтан ол басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Өйткені, жеке жүрген
адамның тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды.
Ұлы ойшыл еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып,
жетілетіндігін көптеген пікірлермен көрсетеді. Баланың жасы өскен сайын
оның ақылы да, яғни тәні мен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның
тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты
пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады.
Ана құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер,
заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан
қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз
бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділіг ерекше маңызды. Кісінің
адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен,
үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз,
зұлым да, не ақ ниетті болып келмейді. Мұның бәрі де жүре пайда болады.
Фарабидің адамның жан қуаттарының жеке дара өзгешеліктері туралы
айтқан пікірлері де көңіл қонарлықтай. Бұлар адамның жеке өмір сүру
тәжірибесінен оның дене бітімінен, өзіндік белсенділігінен туындап жатады,
яғни адам бір-біріне тән жөнінен қандай өзгеше болса, жан жөнінен де сондай
өзгеше болады, яғни жан қуаты біреуде мол, біреуде аз мөлшерде келеді, бұл
жағдай оның темпераментіне де байланысты, тәнді жетілдіруге болатыны сияқты
жанды да жаттығулар арқылы жетілдіреді.
Фарабидің психологияның түрлі салалары (әлеуметтік, музыка, өнер,
медицина, т.б.) жайлы айтқан салиқалы пікірлері, сондай-ақ психологиялық
терминдердің жүйесін жасағандығы жайлы мәселе өз алдына бір төбе.
Әл-Фараби Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы
трактатында қала адамдарының әр түрлі топтарына жеке-жеке сипаттам беріп,
бұларды қоғамдық психологияның негізгі категориялары ретінде ұсынып, талдау
жасайды.
Адам – қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Ол қоғамнан тыс өмір сүре
алмайды. Өйткені белгілі бір топтың мүшесі. Адам өмір сүру үшін көптеген
нәрсеге мұқтаж болады. Мұның бәрін ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан
да ол басқалармен қарым-қатынасқа түсуі қажет.
Адам өсіп-өне келіп, түрлі топтарға, қоғамдастыққа бірігеді.
Осындай қоғамдардың бірі – толық, екіншісі – толымсыз, яғни толық емес
қоғам деп аталады. Ғұлама қайырымды. Қайырымсыз қала тұрғындарының тұрмыс-
тіршілігіне талдау жасап, ондағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын,
атап айтқанда, олардың нендей кәсіппен айналысатындығын, тұрмыс-салтын,
өмір сүру ерекшеліктерін саралайды. Сөйтіп, әл-Фараби әр алуан топтың
өкілдері туралы сөз қозғап, қоғамдық психологияның іргесі мәселелерін күн
тәртібіне тұңғыш қоя білген Шығыс ғұламасы.
Адамдар, - деп жазды әл-Фараби, - бақытты болу үшін бір-біріне
көмектесіп тұратын мақсатпен бірлескен қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа
жету үшін өзара көмектесіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың – педагогы, психологы, философы
Әбу насыр Әл-фараби шығыстандық, педагогы, психологы, философы
Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектері
Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
Әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары атты еңбегінің маңыздылығы
Әбу Насыр Әл-Фараби және оның ғылыми- философиялық еңбектері
Тіл білімі
Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер