Банк жүйесі жайлы ақпарат



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.1. Банктердің мәні және қызметтері
2.1 ҚР.дағы банк жүйесі
2.1.1. ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары
2.1.2. Ақша.несие саясаты
III Қорытынды
IV Ұсынылатын әдебиеттер
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI—XVII гғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында ңолма-ңол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде — феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдың қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, «банк» сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттың барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қара-жаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
1. «ҚР-дағы Ұлттық банк туралы» ҚР заңы. 31.03.1995.
2. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.08.1995.
3. ҚР Ұлттық банктің 2002—2004 жылға арналған ақша-несие саясаты.
4. ҚР Ұлттық банктің 2003—2005 жылға арналған ақша-несие саясаты.
5. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
6. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.
7. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дробозиной Л.А. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
8. Общая теория денег и кредита / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.: Банки и биржи, 1995.
9. Штайн Ю. Немецкая банковская система. — Банк-Ферлаг Кельн, 1993.
10. Долан Э.Дж. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. — М.: — С.-Петербург, 1993.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақрыбы: Банк жүйесі

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Банктердің мәні және қызметтері
2.1 ҚР-дағы банк жүйесі
2.1.1. ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары
2.1.2. Ақша-несие саясаты

III Қорытынды

IV Ұсынылатын әдебиеттер

Кіріспе

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы
туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура
тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе)
XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының
ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-
ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда
болған делінеді.
XVI—XVII гғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында ңолма-ңол ақшасыз есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері
арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері
арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде — феодализм тұсында
пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің
төлемдегі делдалдың қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек
етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп
қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына
күмән туғызады.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда-саттың барысында әр түрлі формадағы монеталар
кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қара-жаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады.

1.1. Банктердің мәні және қызметтері
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын
ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей ңатысуына байланысты
түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары:
салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын
еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғ. Ежелгі Грецияда да
жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі
бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген
сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және
қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары
белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен
айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің
салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос
ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін
түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басңа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс
қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз
кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім
қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп
айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік
билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді.
Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк — Агылшын банкі 1694 ж. құрылып,
үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура
жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы
несие беруші мен қарыз алу-шылардың болуы банктердің пайда болуының тек
алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны
таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болтын келесі бір нәрсе — бұл
несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы.
Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес,
несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына
мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме[1] ретінде
сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие
беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек ңана түтыну маңсаты-на ғана
берілмей, шаруашылың операциялардың ңажеттілігін де қанағаттандыра
бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің
клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басңа да операцияларды
жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер аңша шаруашылыгының осы даму сатысына ете
отырып, барлың операцияларды бірдей көрсететін біртүтас орталыққа айналады.
Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни
мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай
қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға
сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді
кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат
етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие
беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату және басқа да
операцияларды орындаған[2].
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды,
бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық
мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын
анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
аныңтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде
ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына
мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе
материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарына кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым
салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк — бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюга тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде
фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне
қарай ажыратылады. Ең бастысы — банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара
ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас
аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық, өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті несислік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсшорындардан өзінің эмиссиялау сипатына
да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы
қағаздар шығарып қоймайды, сол сияңты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын
есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен
үқсас болуы кездейсоңтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындары да банк
сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі — несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен қазіргі түсінікте коммери,иялык, банк — бұл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолмақол жэне қолма-қолсыз ақшада
төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып
табылады.
ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы заңның 1-бабына сәйкес,
банк — осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау,
айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және
өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен
ақшалай формада несиелер беру;
заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізу;
сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсыр масы бойынша және
оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын
басқару;
клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру жәнерастау, сондай-ақ
олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке
қатысушылардың таза позициясын анықтау;
сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-
ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы ңагаздар мен жылжитын
мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
төлем карточкаларын шығару;
банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
чек кітапшаларын шығару;
бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;
үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік
кепілдеме беру.

2.1 ҚР-дағы банк жүйесі
Елімізде қабылданған банктік заңдылыңтарға сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі
екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі — мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді
білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) — екінші
деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш
жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде
еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан
бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат — отандық
банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да
жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге
қосылу не банк операция-ларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
2.1.1. ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемле-кетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің непзгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк — бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылың айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие
ала алады.
Ұлттық банк — бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын зацды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі
мынадай құқылық формалары кездеседі:
мемлекеттің 100 % қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында
(мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, К,азақстан);
акцияның бір белігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің
қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);
орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
(АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Шедеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық
банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады,
ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері
— 20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан,
құралжабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым
қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан
тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор
жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және
жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға
арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға
қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған
қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнот пен монеталарды қоса
алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды
абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі
қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның
мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті — ұлттық
валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;
ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар
төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның
әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын
жасау
және жүргізу;
ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:
меншікті қаражат есебінен;
басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар
есебінен.
Ұлттық, банктің басқару құрылымы.
Қазақстанның Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына:
Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға
мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:
мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін
бекіту;
Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін белгілеу;
банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім
қабылдау;
жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы
шешім қабылдау;
банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
ҚҰБ жүмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне
беру;
ҚҰБ-нің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы есебін қарау және
бекіту;
ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу
тәртібі, негізгі ңуралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет
көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын,
филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін
тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды
және шектерді бекіту;
еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;
Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған
бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының құрамына:
ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалар;
ҚР Президентінен бір өкіл;
ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы Директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
– Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға
сайлайды және қызметінен босатады;
– ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР
Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
– ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
– Ұлттық валютаның — теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті
бекітеді;
– ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне
байланысты ақпараттарды беріп отырады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау
Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі
Корпоративтік басқару жайлы
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Банк клиенттерінің әртүрлі төлемдерді орындауы үшін тіркелудің автоматты жүйесін жасау
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Банктік тәуекелдерді басқару туралы ақпарат
Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы
Корпоративтік басқару туралы
Пәндер