Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар



КІРІСПЕ 3

1 Қылмыстық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеу

1.1 Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы,
белгілері және жіктелуі 6

1.2 Дәлелдеу процесі: түсінігі және элементтері.
Дәлелдеу міндеті 23

2 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелдеу заты

2.1 Кәмелетке толмағандар . қылмыстың субъектісі ретінде 33

2.2 Дәлелдеу затының түсінігі және жүйесі 36

2.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелденуге тиіс
мән.жайлар 42

ҚОРЫТЫНДЫ 54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың құқықтық жағдайын қарастырады. Осы тұрғыдағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытын құқықтық мемлекеттің тарихи қалыптасуы кезеңі деп атауға болады. Дүниежүзілік тәжірибеге келетін болсақ, шынайы құқықтық мемлекетті құру - бұл ұзақ және күрделі процесс, ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің негізгі жақтарын түпкілікті өзгертуді талап етеді. Қазақстан Республикасында бұл процестің негізі - өзінің өзектілігі мен әлеуметтік қажеттілігіне күмән келтірмейтін соттық құқықтық реформа болып табылады.
Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Осыған сәйкес мемлекеттің ең негізгі міндеттері мен мақсаттары болып адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау танылады [1].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Біздің қалалардың көшелері мен ауылдарындағы тыныштық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне байланысты. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, халқымыздың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек», - деп баса көрсетуі осының дәлелі [2].
Адам құқықтарының Жалпы Декларациясының 8-бабына сәйкес конституция және заңмен берілген негізгі құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда әркім өзінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай алады [3]. Халықаралық құқықта жалпы танылған қағидалар мен нормалар Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан қазіргі кезде кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелденуге тиіс мән-жайларды зерттеудің маңызы зор.
Қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы күрделі проблемалардың бірі ретінде қоғамға жат әрекеттерімен көрінген кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтап, олармен жасалатын қылмыстардың алдын алу жолдарын қарастыру мәселесі болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшелігі ретінде кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша дәлелденуге тиіс мән-жайларды анықтауды атап көрсету қажет.
Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттің қатарына кіруі және құқықтық мемлекетті құруға бет алуы жалпы танылған халықаралық ережелерге ұлттық заңдарды сәйкестендіруді талап етеді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. – Алматы, 2007. – 40 б.
2. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 6 наурыз 2009 жыл. – Астана, 2009. – 36 б.
3. Всеобщая Декларация прав человека. Принята Генеральной Ассамблеей Организации Объединенных Нации 10 декабря 1948 года //Права человека /под.ред. А.Я. Азарова, Т.В. Болатиной. – М: Издательство ИПК и ПРНО МО, 1994. – 109.
4. ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің кейбір қылмыстар, олардың динамикасы мен ашылуы туралы мәлімет. www.pravstat.kz.
5. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13 желтоқсан 1997 жыл. - Алматы, «Юрист», 2007. – 200 б.
6. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть общая: Учебник. – Алматы, «Баспа», 1998. – 432 с.
7. Миньковский Г.М. Теория доказательств в советском уголовном процессе. – М.: Изд. Наука, 1972. – 188 с.
8. Чельцов М.А. Советский уголовный процесс. - М., 1962. - 231 с.
9. Строгович М.С. Материальная истина и судебные доказательства в советском уголовном процессе. – М., 1955. – 229 с.
10. Теория доказательств в советском уголовном процессе. 2-ое изд./Отв. ред. Н.В. Жогин. - М., 1973. – 735 с.
11. Танасевич В.Г. Пределы и предмет доказывания по уголовному делу // Практика применения нового уголовно-процессуального законодательства.- М., 1962 – 37 с.
12. Дәлелдеме теориясы және дәлелдеу процесі. hptt//www.google.kz.
13. Карнеева Л. Развитие основных понятий теории доказательств в советском уголовном процессе // Соц. Законность. - 1978. - № 2. – 324 с.
14. Дорохов В.Я. О понятии доказательства в советском уголовном процессе //Сов. государство и право. – 1964. - № 9. – 112 с.
15. Перлов И.Д. Уголовное судопроизводство в СССР. - М. 1959. – 35 с.
16. Ульянова Л.Т. О доказывании в стадии возбуждения уголовного дела. //Вестн. Моск.ун-та. Сер. 12, Право. - 1971. - № 3. – 96 с.
17. Винберг А., Кочаров Г., Миньковский Г. Актуальные вопросы теории судебных доказательств в уголовном процессе //Соц. Законность. – 1073.- № 3.- 27 с.
18. Старченко А.А. Логика в судебном исследовании. - М., 1958.- 113 с.
19. Алексеев Н.С. Доказывание и его предмет в советском уголовном процессе // Актуальные проблемы советского государства и права в период строительства коммунизма – Л., 1967.- 432 с.
20. Алимкулов Е.Т. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізу. диссертация – Алматы, 2008.
21. Определения понятия доказательств, аналогичные содержащемуся в ст.УПК РФ; Комментарий к уголовно- Процессуальному кодексу РФ. - М., 2002.- 128 с.
22. Особенности расследования и судебного разбирательства дел о несовершеннолетних. www.rambler.ru.
23. Кенжебекова Э.П. Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелері. Автореферат. – Алматы, 2006.- 20 б.
24. Карнеева Л. Развитие основных понятий теории доказательств в советском уголовном процессе // Соц. Законность. – 1978. - № 2. - С. 31
25. Ерешов Е. Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім. – Алматы, «Өлке», 2006.- 213 б.
26. Уголовно-процессуальное право РФ. Под ред. П.А. Лупинской. – М., «Юристъ», 1997. – С 590.
27. ҚР Қылмыстық кодексі 16 шілде 1997 жыл.–Алматы, «Юрист», 2005. – 144 б.
28. Ағыбаев Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. – Алматы, «Жеті жарғы», 2001. – 350 б.
29. 29.Минковский Г.М. Особенности расследования и судебного разбирательства дел о несовершеннолетних. – М., 1959.- С.208.
30. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері. www.inform.kz.
31. Банин Б.А. Предмет доказывания в советском уголовном процессе (гносеологическая и правовая природа). - Саратов, 1981. – С. 78.
32. Лупинская П.А. Доказывание в уголовном процессе - М., 1996. - С. 53.
33. Минковский Г.М. Особенности расследования и судебного разбирательства дел о несовершеннолетних. – М., 1959.- С.208.
34. Миньковский Г.М. Пределы доказывания в советском уголовном процессе - М., 1956. - С. 348.
35. Нұрмашев Ү. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. – Алматы, «Жеті жарғы», 2008. – 368 б.
36. Мельникова Э.Б. Правосудие по делам несовершеннолетних: история и совершенность. – М.: Наука, 1990 – 118 с.
37. Крюкова Н.И. Преступность несовершеннолетних в России, ее причины и пути переодоления: автореферат д-ра юрид.наук – М., 1997 – 49 с.
38. Личность преступника / под ред. В.Н. Кудрявцева. – М., 1977.- С.349.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

СОТ БИЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын
мән-жайлар

Орындаған 4 курс студенті _____________________
Р.М.Муканова

Ғылыми жетекшісі
з.ғ.к., доцент ______________________
А.С.Нуралиева

Норма бақылаушы
з.ғ.к., доцент ______________________
Ш.М.Шарипов

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
з.ғ.д., профессор ______________________
Е.О.Алауханов

Алматы, 2009 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 Қылмыстық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеу

1. Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы,
белгілері және жіктелуі
6

1.2 Дәлелдеу процесі: түсінігі және элементтері.
Дәлелдеу міндеті
23

2 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелдеу заты

2.1 Кәмелетке толмағандар - қылмыстың субъектісі ретінде
33

2.2 Дәлелдеу затының түсінігі және жүйесі
36

2.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелденуге тиіс
мән-жайлар
42

ҚОРЫТЫНДЫ
54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
57

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс кәмелетке толмағандардың
істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың құқықтық жағдайын
қарастырады. Осы тұрғыдағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытын
құқықтық мемлекеттің тарихи қалыптасуы кезеңі деп атауға болады.
Дүниежүзілік тәжірибеге келетін болсақ, шынайы құқықтық мемлекетті құру -
бұл ұзақ және күрделі процесс, ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің негізгі
жақтарын түпкілікті өзгертуді талап етеді. Қазақстан Республикасында бұл
процестің негізі - өзінің өзектілігі мен әлеуметтік қажеттілігіне күмән
келтірмейтін соттық құқықтық реформа болып табылады.
Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі,
оның құқықтары мен бостандықтары. Осыған сәйкес мемлекеттің ең негізгі
міндеттері мен мақсаттары болып адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау танылады [1].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы
Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты Қазақстан халқына Жолдауында:
Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен
табанды да қатал күрес жүргізу керек. Біздің қалалардың көшелері мен
ауылдарындағы тыныштық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне
байланысты. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, халқымыздың, бүкіл қоғамның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек, - деп баса
көрсетуі осының дәлелі [2].
Адам құқықтарының Жалпы Декларациясының 8-бабына сәйкес конституция
және заңмен берілген негізгі құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда
әркім өзінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай алады
[3]. Халықаралық құқықта жалпы танылған қағидалар мен нормалар Қазақстан
Республикасының құқықтық жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан
қазіргі кезде кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелденуге тиіс мән-
жайларды зерттеудің маңызы зор.
Қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы күрделі проблемалардың бірі ретінде
қоғамға жат әрекеттерімен көрінген кәмелеттік жасқа толмағандардың істері
бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтап, олармен жасалатын
қылмыстардың алдын алу жолдарын қарастыру мәселесі болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшелігі
ретінде кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша дәлелденуге тиіс мән-
жайларды анықтауды атап көрсету қажет.
Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттің қатарына кіруі және
құқықтық мемлекетті құруға бет алуы жалпы танылған халықаралық ережелерге
ұлттық заңдарды сәйкестендіруді талап етеді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын қарау кезінде дәлелденуге тиіс
мән-жайларды анықтау қызметінде әлі де кемшіліктердің болуы, біркелкі
қателіктердің жиі қайталануы, мемлекетіміздегі ауыр криминагендік жағдай
және он сегізге толмаған тұлғалардың қылмыс жасауының едәуір көрсеткіші -
зерттеу тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді.
Біздің қоғамымыздың әрі қарай дамуында жастарды тәрбиелеу және жаңа
адамның қалыптасу мәселелері маңызды орын алады. Өмір тәжірибесі
көрсеткендей кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі
себебі - кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне немқұрайлы қарау. Жалпы
қылмыстықтың жас жеткіншектерге әсерін тигізбей қоймайтынын олардың қолымен
іске асқан қылмысынан көріп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстықтың
өсіп отырғанын байқауға болады. Мысалы, ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі арнайы комитетінің ресми
мәліметіне сәйкес кәмелетке толмағандар 2003 жылы 7001 қылмыс, 2004 жылы
6529 қылмыс, 2005 жылы 6273 қылмыс, 2006 жылы 5814 қылмыс, 2007 жылы 5365
қылмыс, 2008 жылы 5215 қылмыс жасаған. Осы қылмыстырды жан-жақты, толық,
объективті тергеу мен шешуде, кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық
жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде дәлелдеу затын дұрыс анықтаудың
маңызы зор [4].
Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі — кәмелетке томағандардың істері
бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды зерттеп, дәлелдеу процесіне
кеңінен тоқталып, олардың құқық бұзушылығының қайнар көзін тауып,
себептерін, қылмыс жасауға ықпал ететін мән-жайларды ашуға ниет
етілгенінде.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Бұл дипломдық жұмыста
қазақстандық ғалымдардың кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысын зерттеуге
бағытталған Е.Т. Әлімқұлов, Э.П. Кенжебекова, Б.Х. Төлеубекова, Қ.Ә.
Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, С.Х. Жадбаев, Е.І. Қайыржанов, М.С.
Нәрікбаев, С.А. Шапинова және басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектеріне
және Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу
кодекстеріне баса көңіл бөлінген. Сонымен қатар, жұмысты жазу барысында
ресейлік ғалымдар С.В. Бахрушиннің, В.И. Куфаевтің, П.И. Люблинскийдің,
С.С.Алексеевтің, И.И. Карпецтің, Г.М. Миньковскийдің, сондай-ақ Н.В. Жогин
мен Ф.Н. Фаткуллиннің еңбектері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандардың
қылмыстары бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды жан-жақты зерттеп,
талдау, осы санаттағы қылмыстардың жағдайы мен деңгейін анықтап, қылмысты
істеуге әсер ететін себептер мен жағдайларға талдау жасау негізінде
кәмелетке толмағандардың қылмысы бойынша дәлелденуге тиіс мән-жайларды әрі
қарай жетілдіру үшін өз тарапымыздан ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеті.
Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында мынандай міндеттер
қойылды:
- Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдемелердің түсінігін, маңызын,
белгілері мен жіктелуін зерттеу;
- Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесінің түсінігі мен элементтерін және
дәлелдеу міндетін анықтау;
- Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу затының түсінігі мен жүйесін зерттеу;
- Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша дәлелденуге жататын мән-
жайларды анықтау;
- Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-
жайлардың ерекшелігін зерттеу;
- Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күрес жүргізуде
дәлелдеуге жататын мән-жайлардың дұрыс анықталуының маңызын ашып көрсету;
* Жүргізілген зерттеудің негізінде кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен
күрес жүргізуде дәлелдеуге жататын мән-жайлардың дұрыс анықталуына
бағытталған ұсыныстар мен пікірлер айту.
Зерттеудің ғылыми – әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыстың ғылыми
- әдістемелік негізі талдау, ұқсастық, салыстыру, жүйелі – құрылымдық,
нақты әлеуметтік, статистикалық әдістерден тұрады. Дипломдық жұмыста
қолданыстағы заңнамаға талдау жасалынды.
Зерттеу пәні. Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - қылмыстық процестегі
дәлелдемелердің түсінігі, олардың белгілері мен жіктелуі, қылмыстық іс
жүргізудегі дәлелденуге тиіс мән-жайлар, олардың жүйесі, кәмелетке
толмағандардың қылмыстық істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар.
Зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың объектісі - кәмелетке
толмағандардың қылмыстары бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтауға
байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар.
Жұмыстың жаңашылдығы. Қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар
дәлелдемелердің қатарын тергеуге дейінгі алынған түсініктемелермен,
көрсетулермен, түгендеулермен, тексеру актілері және анықтамалармен
толықтыру, сонымен қатар ҚР ҚІЖК-ң 481 бабында кәмелетке толмағандардың
қылмыстары бойынша анықталуға жататын мән-жайлардың тізімін қосымша
келесідей мән-жайлармен: кәмелетке толмағанның жеке тұлғасының
ерекшеліктері туралы мән-жайлар; жазаның көлемі мен сипатына әсер ететін
мән-жайлар; кәмелетке толмағандардың түзелуі мен дұрысталуына әсер ететін
ең тиімді шараларды таңдау жөніндегі мән-жайлармен толықтыру ұсынылып,
кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелдемелерді жан-жақты зерттеуге
бағытталған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы
ғылыми зерттеудің мақсаты және міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы үш
бөлімнен яғни, кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, екі тараудан, бес
бөлімшеден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу
жұмысының көлемі қойылған талапқа сай.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ДӘЛЕЛДЕУ

1.1 Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы,
белгілері және жіктелуі

Қылмыстық іс жүргізу құқығында дәлелдеу мен дәлелдеме қылмыстық
құқықтағы әдістемелік құқықтық негіздерді зерттейтін бөлім болып табылады.
Қылмыстық істі дұрыс шешуге қажетті мән-жайларды анықтаудың бірден-бір
құралы - дәлелдемелер. Дәлелдеу ұғымын анықтау кезінде әр түрлі
ғылымдардың, оның ішінде логиканың, психологияның, криминалистиканың, сот
медицинасының, психиатрияның жетістіктері пайдаланылады. Кез-келген қылмыс,
қоршаған әлемнің құбылысы ретінде әртүрлі объектілерде айқын із арқылы
немесе адам санасында көрген оқиғалар мен фактілер арқылы есте қалады.
Яғни, кез-келген қылмыста дәлелдеуге жататын мән-жайлар болады.
Дәлелдеме дегеніміз – қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша оның
негізінде анықтаушы, тергеуші, сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс
жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық
қодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын,
айыпталушының бұл әрекеттерді жасағандығын немесе жасамағандығын және
айыпталушының кінәлілігін немесе кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі
дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде
алынған іс жүзіндегі деректер [5].
Дәлелдеме – бұл белгіленген жағдай негізінде қандай да бір мән-
жайдың бар екенін тұжырымдайтын немесе жоққа шығаратын ой жүгіртудің
белгілі бір логикалық тәсілі.
Дәлелдеме қылмыстық іс жүргізу құқығында ерекше маңызды орын алады.
Себебі, белгілі бір тұлғаны қылмыс жасады деп қылмыстық жуапкершілікке
тарту үшін айыбын негіздейтін жеткілікті дәлдемелер жиналуы қажет. Мұндай
дәлелдемелер анықтау және тергеу барысында жиналады және олар алдын-ала
тергеу сатысына тән белгілі бір процессуалдық нысанға ие болады. Қылмыстық
процесте дәлелдеудің мақсаты – ақиқатты анықтау болып табылады.
Философиялық ақиқат бұл объективті бар нәрсенің санадағы қабылдануының тура
бейнесі. Б.Х. Төлеубекованың пікірі бойынша: Қылмыстық сот өндірісіндегі
ақиқат дегеніміз - өткен оқиғаны дәлелдеу процесінде материалдандырып,
дәлелдемелердің күшімен ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізу [6. 327
б.].
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын
белгілей келіп, Г.М.Миньковский былай деп жазады: Дәлелдеме теориясы
қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтау
барысында, алдын-ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге
арналған, кез-келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті
ғылыми шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар. Алайда дәлелдеу тұтас
алғанда қылмыстық процесс ғылымынан оқшау қала алмайтыны сияқты дәлелдеме
теориясы да қылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайтыны түсінікті.
Олар бөлік пен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан [7. С.112].
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясына және дәлелдеме құқығына
қатысты. Бұл түсінік теория мен заңда төмендегідей негізгі сұрақтарға жауап
береді: дәлелдемелрдің қатыстылығы мен жарамдылығы, олардың дұрыстылығы,
дәлелдемелерді жинау, бекіту, зерттеу мен бағалаудың мазмұны мен аясы
(төңірегі), дәлелдемелердің жекелеген түрлерінің қолданылуының
ерекшеліктері және т.б. Дәлелдеме мазмұны қылмыстық сот ісін жүргізуде
процесске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу үшін маңызды
болып табылады.
Дәлелдеме - шындыққа жетудің қажетті шарттары, қабылданатын
шешімдердің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болып кез-келген нақты мәліметтердің
негізінде заңға сәйкес анықтау органдарына, тергеуші мен сотқа қоғамға
қауіпті іс-әрекеттің бар немесе жоқ екендігін, осы әрекетті жасаған
тұлғаның кінәлілігін анықтауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ істі шешу үшін
маңызды орын алатын деректер табылады. Бұл мәліметтер куәнің жауабы,
жәбірленушінің жауабы, сезіктінің жауабы, айыпталушының жауабы, сарапшының
қорытындысы, заттай дәлелдемелер, процессуалдық әрекет хаттамалары және
өзге де құжаттар негізінде анықталады.
Бүгінгі таңда дәлелдеме теориясына арналған еңбектерде дәлелдеме
түсінігіне қатысты бірнеше қарама-қайшы тұжырымдар орын алады.
Бір авторлар дәлелдеме дегеніміз - бұл фактілі мәліметтердің
жиынтығы және осы мәліметтердің процессуалдық қайнар көзі деп тұжырымдаса,
енді бір авторлар дәлелдеме дегеніміз - объективті шындыққа негізделген
фактілердің жиынтығы деп жазады. М.А. Чельцовтың айтуы бойынша дәлелдеме
болып деректер, мәліметтер, шынайы жағдайлар табылады. [8. С.231].
Ал, М.С. Строгович дәлелдеменің түсінігін екі жақты мағынада былай
деп жазады: Дәлелдеме терминінің өзі қылмыстық процесте екі мағынада
қолданылады: біріншісі дәлелдеме - бұл тергеу және сот органдарымен белгілі
бір фактілерге негізделген мәліметтерді жинаудың негізгі қайнар көзі, ал
екінші мағынасында дәлелдеме дегеніміз - бұл тергеу және сот органдарына
қозғалып отырған қылмыстық іс бойынша дұрыс шешім шығаруға негіз болатын
фактілердің, мәліметердің және жағдайлардың жиынтығы [9. С.120].
Жоғарыда келтірген анықтамалардың айырмашылығына қарамастан оларға
тән ортақтық та бар: фактілік деректер және олардың қайнар көздері бір-
бірінен оқшауланған түрде қарастырылған; екінші жағынан фактілік деректер,
мәліметтер мен шынайы фактілердің арасына теңдік белгісі қойылған.
Дәлелдеме түсінігі туралы өзге де шет мемлекеттердің қылмыстық
процесс ғылымында көптеген пікірталастар орын алып келеді. Мысалы,
Өзбекстанның Қылмыстық процессуалдық қодексінің 22-бабына сәйкес дәлелдеме
болып фактілік деректер мен олардың қайнар көздері табылады. Куәнің,
айыпталушының жауабын және өзге де қайнар көздерді дәлелдемелерге жатқыза
отырып, заң шығарушы іске қатысты мәліметтердің барлығын дәлелдемеге
жатқызады.
Ал енді жоғарыда келтірілген көзқарастарды талдау негізінде
Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген дәлелдемелердің
анықтамасына сүйене отырып, келесі анықтаманы беруімізге болады:
Қылмыстық процесстегі дәлелдемелер - қоғамға қауіпті әрекеттің
болғандығын немесе болмағандығын, қоғамға қауіпті әрекетті жасаған тұлғаның
кінәлілігі не кінәсіздігін, сондай-ақ іс үшін маңызы бар басқа да мән-
жайларды анықтау үшін қажетті заңға негізделген тәртіппен алынған фактілі
деректер.
Бұл деректер келесі дәлелдемелердің қайнар көздерінен алынуы мүмкін:
куәнің жауабынан; жәбірленушінің жауабынан; сезіктінің жауабынан;
айыпталушының жауабынан; сарапшының қорытындысынан; заттай дәлелдемелерден;
процессуалдық әрекеттердің хаттамаларынан және өзге де құжаттардан.
Дәлелдемелер арқылы өткен шақта жасалған мән-жайлар анықталады.
Заңда белгіленген дәлелдемелермен анықталатын мән-жайларды екі дербес топқа
бөлуге болады. Бірінші топқа қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затына кіретін
мән-жайларды жатқызуға болады. Ал екінші топқа дәлелдеу затына жатпайтын
мән-жайларды айтуға болады. Оларды аралық, көмекші, жанама және тағы да
басқаша атауға болады. Мұндай мән-жайлар зерттеуге дейін немесе зерттеуден
кейін немесе зерттеу барысында пайда болады. Бұл сипаты бойынша да,
фактілердің орын алуы бойынша да жан-жақты топ болып есептелінеді. Жоғарыда
аталған екі топқа да ортақ қасиет бар, ол фактілер мен дәлелдеудің пәніне
жататын мән-жайлардың арасында объективтік байланыстың болуы. Аталған
фактілердің дәлелдеу затына жататын мән-жайлармен байланысын білу
жасалынған қылмыстың картинасын құруға септігін тигізеді. Сонымен қатар,
дәлелдеме заты екі түрлі нысанда көрініс табады: тікелей және жанама [10.
С.199].
Тергеуші, сот өткен шақта болған қылмыстар туралы танымды тікелей
дәлелдемелерге негізделген мәліметтер арқылы қалыптастырады. Осы жерде
тергеуші, сот дәлелдеу затына жататын мән-жайларды, фактілерді жанама
қабылдауға болады ма деген сауал туындайды. Көптеген авторлар бұл пікірді
теріске шығарады. М.М.Гродзинский былай деп жазады: Кез-келген деректі
дәлелдеме ретінде алу үшін ең қарапайым тәсілі ретінде оған жанама түрде
бақылау жүргізу керек. Алайда қылмыстық іс жүргізу құқығында бұл тәсіл
қолданылмайды, себебі соттық зерттеудің пәні болып табылатын қылмыс өткен
шақта жасалған фактілерге негізделеді, ал сол фактілерді жанама бақылау
арқылы қарастырып дәлелдеме ретінде қолдануға болмайды [11. С.15].
Кейбір жағдайларда қылмыс жасалғанына көп уақыт болғанымен бастапқы
бейнесін жоймаған немесе аздап өзгерген, бірақ іске маңызды қасиеттерін
жоғалтпаған дәлелдемелер де кездеседі. Мысалы:
1) материалдық дәлелдемелер (өртенген үйдің қалдығы, жарақат алған
жәбірленушінің беті және т.б);
2) қылмыстық іс бойынша сақталған заттар (жалған жасалынған
құжаттар, қолдан жасалынған самагон және т.б.);
3) табылған қылмыс заттары (ұрланған заттар және т.б.);
4) қылмыс жасалынған жердің жағдайы;
5) қылмыскердің сыртқы бейнесін сипаттайтын дәлелдемелер (бетінің
ерекшеліктері, шашының түсі, бойы және т.б.).
Жоғарыда аталған дәлелдемелер жанама қабылдауға жатады, себебі олар
шын мәнінде бар және істі тергеу барысында өз қасиеттерін жоймаған.
Дәлелдемелер істі дұрыс шешуде маңызды орын алатын мән-жайларды
бекітудің құралы болып табылады [10. С.197].
ҚР ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігіне сәйкес дәлелдемелердің қайнар
көздерінің бірі - өзге құжаттар болып табылады. ҚР ҚІЖК-нің 123-бабында
құжаттар, егер олардағы ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар баяндаған
немесе куәландырған мәліметтердің қылмыстық іс үшін маңызы болса,
дәлелдемелер болып табылады деп көрсетілген.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде материалдандырылатын дәлелдемелермен
өткеннің бейнесін ойша қалпына келтіру арқылы шындыққа қол жеткізіледі. Осы
шындық дәлелдеме теориясыда материалдық шындық деп аталады.
М.С. Строгович айтқандай: Қылмысты ашу және қылмыскерді әшкерелеу,
бұл дәлелдемелерді табу, зерттеу, бағалау қылмыстың оқиғасын шынайы
анықтап, қылмыс жасаған адамды заңды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік
берді, оның кінәлілігін анықтайды, оған лайықты жазасын қолдануға
көмектеседі [9. С.135].
ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес әрбір дәлелдеме іске қатыстылығы,
қолдануға болатындығы, шындыққа жататындығы, ал жиналған дәлелдемелердің
жиынтығы қылмыстық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануы тиіс.
Дәлелдемелердің қасиеті дегеніміз – мазмұны мен нысаны іс жүргізу
заңымен анықталатын, қатыстылық, жарамдылық және дұрыстылық сипатында
кездесетін, мәліметтерден өзгеше дәлелдемелердің ерекшелігін құрайтын
белгілердің жиынтығы.
Дәлелдемелерге келесідей белгілер тән:
Дәлелдемелердің қатыстылығы – бұл оның іс бойынша сәйкесті іс жүргізу
шешімдерін негізге қоятын және мәні бойынша бағалайтын, істің материалдық-
құқықтық мән-жайлары мен дәлелдемелер арасында себептік байланысты
объективті түрде көрсететін фактілерді анықтаудағы жарамдылығы.
Дәлелдемелердің жарамдылығы – бұл дәлелдемелердің заңда көрсетілген
дәлелдемелердің қайнар көздерінен алынуы және заңда белгіленген тәртіпке
сай алынуы.
Дәлелдемелердің дұрыстылығы – бұл оның іс бойынша тексеру нәтижесінде
анықталғандай ақиқаттығына ешқандай күмән келтірмейтіндей негізділігі мен
шынайылығы.
Дәлелдемелердің жеткіліктілігі – бұл қылмыстық істі дұрыс шешуге негіз
болатын және осы іс бойынша тексеру нәтижесінде анықталған мән-жайлардың
толық, жеткілікті түрде болуы.
Ф. Энгельс дәлелдемелерді ғылыми жіктеудің негізінде жіктеу пәнінің
объективті айырмашылықтарын ескеру қажет деп есептейді.
Дәлелдемелер дәлелдеу процессінде пайда болуына қарай, құрылымына
қарай және атқаратын қызметіне қарай әр түрлі болып келеді. Дәлелдемелердің
барлық белгілерін бірдей негізде бір жүйеге келтіріп жіктеу мүмкін емес.
Кез-келген ғылым саласының қиын да күрделі жоспарлы сипаты
сәйкесінше қиын да жан-жақты сипаттауды қажет етеді. Сондықтан да
дәлелдемелерді жіктеу де бірнеше негіздерге сүйене отырып, тармақталған
жүйеде жүзеге асырылады.
Дәлелдемелердің құрылымын жіктеу кезінде екі жағдайда қиындық
туындайды. Бірінші жағдай - дәлелдеу процессі құрылымының қиын да көп
жоспарлығының салдарынан. Бұл жағдай тура және жанама дәлелдемелерді жіктеу
кезінде көрініс табады. Ал екінші жағдай - дәлелдеме теориясында кездесетін
көнерген (историзмдер мен архаизмдер) және күрделі терминдермен байланысты
болады [12].
Дәлелдеме деп - объективті шындыққа негізделген, қылмыс оқиғасымен
тығыз байланысты мән-жайларды, фактілік мәліметтерді немесе қылмыстан кейін
қалған материалдық заттарды, сондай-ақ дәлелдемелердің қайнар көздерін ,
яғни істі шешуге қажетті фактілердің жиынтығын айтамыз.
Жалпы, дәлелдемелер сипаты мен қалыптасуына қарай төмендегідей
негіздер бойынша жіктелінеді:
1. Жеке және заттай дәлелдемелер.
Дәлелдемелерді мұндай топқа бөлу фактілік мән-жайлардың түрлері,
механизмі, нысаны және қолданылу ерекшелігіне негізделеді. Қылмыстың
салдары онда қатысқан немесе сырттай бақылаған адамдардың санасында және
материалдық жағдайда бейнеленеді. Бұлардың бейнеленуі олардың механизміне
сәйкес әр түрлі болып келеді. Бірінші жағдайда адам санасында образдар мен
түсінік ретінде қалыптасатын психикалық бейне туралы айтылса, екінші
жағдайда заттардың физикалық, механикалық және т.б. өзгеруі, олардың
қасиеттері мен қатынастары туралы сөз болып отыр. Аталған екі жағдайда
психикалық та, материалдық та бейнелеу болған оқиға туралы белгілі бір
мәліметтерді береді. Алайда бұл мәліметтер нысанының тәсілдері мен
шарттары, оларды сақтау және өңдеу әдістері әр түрлі болып келеді. Сонымен
қатар, жеке дәлелдемелер процессуалдық режимімен де ерекшеленеді. Яғни,
жеке дәлелдемелерге жататын фактілік мәліметтер адам санасымен байланысты
болса, заттай дәлелдемелер материалдық мәліметтермен тығыз байланысты
болады.
Жеке дәлелдемелер хабарлама түрінде көрініс табады. Бұл жерде
хабарлама ретінде адам санасымен қабылданған және психикасымен өңделген
ақпараттарды беру түсініледі. Хабарламаның өзіне тән арнайы нысаны болады.
Осы хабарламаның негізінде ой-пікірлермен алмасуға мүмкіндік болады.
Хабарлама екі нысанда көрініс табады: ауызша және жазбаша.
Заттар туралы хабарлама сөздік нысанда кездеседі. Хабарлама тілі
заттардың қасиетін емес, шартты белгілердің жүйесін құрайды. Заттардың
сипаттамасы заттардың өзін емес, олардың бейнесін ойша суреттеу болып
табылады.
Жеке дәлелдемелердің бірінші тобын айыпталушының, сезіктінің, куә
мен жәбірленушінің жауаптары құрайды. Дәлелдеу процесінде хабарлама түрінде
кездесетін айыпталушының, сезіктінің, куә мен жәбірленушінің жауаптары екі
нысанда болады: ауызша және жазбаша (жауап алу хаттамасы түрінде). Жеке
дәлелдеме ретінде анықтау және тергеу органдарының әрекеттерінің барысында,
сот ісі кезінде сотталушының, жәбірленушінің және куәнің жауабы егер де
заңда тікелей көрсетілмесе, ауызша нысанда берілуі қажет. Ал, жауап алу
хаттамалары аталған тұлғалардан алынған мәліметтерді дәлелдеме ретінде
сақтау және пайдалану үшін жазбаша нысанда толтырылады.
Жеке дәлелдемелердің екінші тобын айғақты және жазба дәлелдемелерді
қарау, куәландыру, тінту, ұстау, тану үшін көрсету, тергеу эксперименті,
сонымен қатар берілген жауапты сол жерге барып тексеру (заңмен рұқсат
етілген мемлекеттерде) секілді тергеу әрекеттерінің хаттамалары құрайды.
Жеке дәлелдемелердің үшінші тобын өзге де құжаттар құрайды. Мұндай
құжаттарды толтырушы, яғни хаттама жасаушы тұлға ауызша оқып, дұрыстығын
тексеру міндетті емес [10. С.258].
Жеке дәлелдемелердің тағы бір түрі ретінде сарапшының қорытындысын
да атап айтуға болады. Сарапшы өз қорытындысын жазбаша нысанда береді.
Сарапшының қорытындысы дегеніміз – бұл ҚР ҚІЖК-де көзделген жазбаша
нысанда ұсынылған, қылмыстық процессті жүргізуші орган немесе тараптар
сарапшының алдына қойған мәселелері бойынша осы кодексте көрсетілген
объектілерді зерттеуде арнайы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген
нтижелерге негізделген сарапшының қорытындылары.
Сараптама объектілері болып заттай дәлелдемелер, құжаттар, алдамның
денесі мен психикалық ахуалы, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ
қылмыстық іс материалдарындағы сараптама нысанына жататын мәліметтер
табылады.
Сараптамалық зерттеу объектілерін пайдалану заттай дәлелдемелерді
алудың, іске қоса тігудің, сақтау мен жоюдың Қазақстан Республикасы
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылады [5].
Қорытындыда сарапшы зерттеу кезінде қолданған әдістер, қойылған
мәселерге жауаптардың негіздемесі, сондай-ақ іс үшін маңызы бар және
сарапшының өз бастамашылығы бойынша анықталатын мән-жайлар көрсетіледі.
Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындыны
түсіндіруі бөлігінде ғана дәлел болып табылады. Сарапшының қорытындысы
қылмыстық процессті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, алайда
оның қорытындысымен келіспеушілігі дәлелді болуы тиіс.
Дәлелдемелер жеке дәлелдемелермен қатар заттай дәлелдеме түрінде де
кездеседі. Заттай дәлелдемелер дегеніміз егер оларға қылмыс қаруы болды деп
ойлауға негіз болса немесе өзінде қылмыстық әрекеттің объектісі болса,
сондай-ақ ақша мен өзге де бағалы заттар, қылмысты анықтауға, істің іс
жүзіндегі мән-жайын белгілеуге, кінәлілерді табуға не айыпты жоққа шығаруға
немесе жауапты жеңілдетуге құрал болуы мүмкін басқа да заттар мен құжаттар.
Заттай дәлелдемелер қылмыстық процессті жүргізуші органның
қаулысымен іске қоса тігіледі және үкім немесе істі тоқтату туралы қаулы
заңды күшіне енгенге дейін сонда болады.
Үкім шығару немесе істі қысқарту кезінде заттай дәлелдемелер туралы
мәселе шешілуі тиіс. Бұл ретте:
1) қылмыс қаруы тәркіленуге жатады немесе оны белгілі бір адам
тиісті мекемеге береді немесе жойылады;
2) ұстауға тыйым салынған заттар тиісті мекемеге беруге жатады
немесе жойылады;
3) құндылығы жоқ немесе пайдалануға келмейтін заттар жойылуға
жатады, ал мүдделі адамдар немесе мекемелер өтінген жағдайда оларға берілуі
мүмкін;
4) қылмыстық жолмен жиналған ақша мен өзге де құндылықтар, сондай-ақ
заңсыз кәсіпкерлік және контрабандалық заттар соттың үкімі бойынша
мемлекеттің кірісіне қаралуына жатады; қалған заттар заңды иелеріне
беріледі, ал соңғылары анықталмаған жағдайда мемлекеттің меншігіне көшеді.
Бұл заттардың тиесілігі туралы дау таған жағдайда бұл дау азаматтық сот
ісін жүргізу тәртібімен шешуге жатады;
5) заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар істің бүкіл сақтау
мерзімінің ішінде онымен бірге қалады немесе заңда көрсетілген тәртіпте
мүдделі ұйымдар мен азаматтарға беріледі. [5].
Жеке және заттай дәлелдемелердің бір-бірінен айырмашылығы тек оларды
жинау және бекіту кезінде ғана емес, сондай-ақ дәлелдемелерді тексеру және
бағалау кезінде де көрініс табады. Жеке дәлелдемелерді бағалауда мінездеме
маңызды орын алады. Мысалы, куә туралы, оның іске қатысының бар немесе жоқ
екендігі туралы және т.б. Ал, заттай дәлелдемелерді бағалау кезінде алғашқы
орында дәлелдеме мен дәлелденетін заттың арасындағы материалдық байланыс,
олардың қасиеттері мен белгілері және оларға талдау, яғни анализ жүргізу
маңызды болып табылады. Алайда бұл айырмашылықты дәлелдеменің бір түрі
жақсы, күмән туғызбайды, шындыққа жанасады деп, ал екінші түрін сенімсіз,
ақиқаттығына күмән туғызады, шындыққа жанаспайды деп түсінуге болмайды.
2. Қайнар көздеріне байланысты дәлелдемелер.
Дәлелдемелерді мұндай топқа бөлу фактілік мән-жайларды жинаудың
және бекітудің процессуалдық тәсілдеріне, яғни дәлелдемелік ақпараттарды
алу, беру және сақтауға негізделеді. Мұндай қайнар көздерге куәнің,
жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының жауаптары, сарапшының
қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары
және өзге де құжаттарды жатқызуға болады.
3.Заттай дәлелдемелердің зерттеліп отырған жағдайлармен байланысына
негізделген түрлері.
Жеке дәлелдемелерді қолдану кезінде ақпараттарды беру және бекітудің
бірнеше нысандары бекітілген. Заттай дәлелдемелер үшін тек бір ғана нысан
тән: оларды іске қосып қою. Заң заттардың көшірмелерін негізгі қайнар көз
деп танымайды, яғни хаттамада қосымша ретінде тіркелетін заттардың
фотосуреттері жатпайды. Сондықтан заттай дәлелдемелерді төмендегідей
негізгі түрлерге бөлуге болады: қылмыс қаруы (қару, бұзу құралдары және
т.б.); қылмыс ізі қалған объектілер (саусақ іздері бар ыдыстар); қастандық
жасауға бағытталған объектілер (ұрланған бағалы заттар); қылмыстық жолмен
алынған ақша және өзге де құнды заттар [10. С.264].
4. Дәлелдемелердің қалыптасу ретіне қарай:
Алғашқы және туынды дәлелдемелер.
Дәлелдемелерді мұндай топқа бөлу дәлелдемелік ақпараттарды
иеленушілердің бар немесе жоқ болуына байланысты болады.
Алғашқы дәлелдемелер деп іске маңызы бар мән-жайларды тікелей өздері
қабылдаған қайнар көздерден алынған фактілі деректерді айтамыз. Оған мысал
ретінде куәнің немесе жәбірленушінің қылмыс оқиғасын өз көздерімен
көргендігін немесе тікелей өздері естігендігін мәлімдейтін жауабын айтуға
болады. Куәнің жауабы және осы жауап бойынша толтырылған куәдан жауап алу
хаттамасы алғашқы дәлелдеме болып табылады.
Алғашқы дәлелдеме болып белгілі бір оқиғаны дәл сол жерде көзбен
көргендігін баяндайтын құжаттар танылады. Кез-келген қылмыстық оқиға болған
жерді қарау кезінде қатысқан куә, сарапшы, оқиға болған жердің хаттамасын
толтырушы және өзге де қатысушылар факт туралы бастапқы дәлелдемелерді
иеленушілер болып саналады. Ал, егер де осы оқиғаны бір тұлға бақылап,
екінші біреуге айтып беріп, содан соң сол екінші адам куә ретінде жауап
берсе, онда берілген бұл жауап туынды дәлелдеме болып табылады. Бұл
жағдайда дәлелдеме болатын ақпаратты иеленуші екі адам бар: біріншісі
болған оқиғаны көзбен көрген, бірақ бұл туралы ешқайда мәлімдемеген тұлға
(бастапқы иеленуші) және екіншісі оқиға туралы бірінші адамнан біліп, оны
тиісті органға айтқан тұлға (екінші иеленуші).
Туынды дәлелдеме деп тікелей өздері қабылдаудың негізінде емес, бірақ
алғашқы қайнар көздер арқылы пайда болған фактілі деректерді айтамыз.
Мысалы, куәнің басқа адамнан естіп білген істің мән жайлары туралы жауабы
немесе қылмыстың оқиғасы болған жерде табылған іздердің көшірмелері.
Туынды дәлелдемеге сонымен қатар құжаттардың көшірмесі де жатады. Бұл
жағдайда құжаттың түпнұсқасын жасаушы тұлға бастапқы иеленуші болса, осы
құжаттың көшірмесін жасап, куәландырып алған тұлға ақпаратты екінші
иеленуші болып табылады.
Қылмыстық іс бойынша туынды дәлелдемелерді қолданудың мынандай
жолдары бар:
1) туынды дәлелдемелер алғашқы дәлелдемелерді қолдануға жатады;
2) туынды дәлелдемелер қажет болған жағдайда алғашқы дәлелдемелерді
тексеру үшін қолданылады (мысалы, іске маңызы бар мән жайларды өз көзімен
көрген куә жауабын өзгертіп айтқан болса, бұл куә мен одан естіген куәнің
арасында беттестіру жүргізу арқылы);
3) алғашқы дәлелдемелер жойылып кеткен жағдайда туынды дәлелдеме
оның орнына қолданылады (мысалы, ауыр дене жарақатын алған жәбірленуші
қайтыс болған жағдайда, оның айтқанын естіген адамның куә ретінде берген
жауабын қолдану). Мұндай жағдайда туынды дәлелдемені мұқият тексеріп, оның
шындыққа жататындығына басқа дәлелдемелер арқылы көз жеткізу қажет.
Дәлелдемелерді алғашқы және туынды деп бөлудің оларды қолдану үшін
маңызы бар. Өйткені туынды дәлелдемелер алғашқы дәлелдемелермен
салыстырғанда оларға дәлме-дәл болмай өзгерістерге ұшырауы мүмкін
(объективтік және субъективтік себептерге байланысты).
5. Қылмыстың оқиғасына қатыстылығы бойынша:
Тікелей және жанама дәлелдемелер.
Тікелей дәлелдемелер деп қылмыстың оқиғасын, оның қалай болғандығын
және кім жасағандығын көрсететін фактілі деректерді айтамыз. Мысалы,
жәбірленушінің өзіне қарсы жасалған қылмыстың қалай болғандығы және оны кім
жасағандығы жөнінде жауабы, айыпталушының айыбын мойындап, қылмысты қалай
болғандығын жөнінде жауабы немесе қылмысты қалай болғандығын өз көзімен
көрген куәнің жауабы - тікелей дәлелдеме болып табылады.
Жанама дәлелдемелер деп қылмыстың оқиғасын және қылмысты кім
жасағандығын тікелей көрсетпейтін, бірақ іске маңызы бар басқа мән-жайлар
жөнінде фактілі деректерді айтамыз. Мысалы, куәнің айыпталушыны қылмыстың
оқиғасы болған жерде көргендігі туралы жауабы, тінту жүргізу кезінде
ұрланған заттардың айыпталушының үйінен табылуы мүлікті ұрлау жөніндегі
қылмыстық іс бойынша жанама дәлелдеме болып табылады. Өйткені, бұл
дәлелдемелер қылмыстың қалай жасалғандығын тікелей көрсетіп тұрған жоқ.
Бірақ мұндай дәлелдемелерді қолдана отырып, қылмыстық іске маңызы бар мән-
жайларды анықтау мүмкін болады.
Дәлелдемелерді тікелей және жанама деп ажыратудың практикалық маңызы
ол дәлелдемелерді қолданудың ерекшелігіне байланысты. Тікелей
дәлелдемелерді қолданудың тікелей шарты алдымен олардың шындыққа
сәйкестігін анықтау болып табылады. Мысалы, айыбын мойындаған айыпталушының
қылмысты қашан, қай жерде және қалай жасағандығы туралы жауабы жалған
айтылмаған болса, бұл жауап оның кінәлілігін көрсететін тікелей дәлелдеме
ретінде қолданылады. Жанама дәлелдемелерді де қолданғанда алдымен олардың
шындығына көз жеткізу қажет. Бірақ жанама дәлелдеме шындыққа жататын болса
да, ол қылмыстың қалай жасалғандығын тікелей көрсетпейді. Дегенмен жанама
дәлелдемелердің жиынтығын қолдана отырып, дәлелдеу пәніне кіретін мән-
жайларды анықтау мүмкін болады. Жанама дәлелдемелерді қылмыстық іске маңызы
бар мән-жайларды анықтау үшін қолдану бірнеше кезеңдерден өтеді: а) алдымен
олардың шындығына көз жеткізу; б) оларды басқа дәлелдемелермен бірге
қолдана отырып, іске маңызы бар мән-жайлардың дәлелденгендігі немесе
дәлелденбегендігі жөнінде нақты тұжырымға келу [13. С.27].
Дәлелдемелерді мұндай топқа бөлу дәлелдеуге жататын мән-жайлар
құрылымының ерекшеліктеріне негізделеді. Тікелей дәлелдемелердегі
мәліметтер дәлелдеу затындағы мән-жайдың өзінде сақталады, олар
дәлелдемелік ақпараттың тікелей аралық звеносынсыз көрінеді. Сонымен қатар,
тікелей дәлелдемелерде ақпарат анықталған фактінің өзінде болады, мысалы
әйгілі адамның қылмыс жасауы. Сондай-ақ тура дәлелдемеге жасалған қылмыстың
мән-жайылары туралы айыпталушының өзінің жауаптары немесе болған мән-
жайларды көрген куәнің жауаптарын мысал ретінде қарастыруға болады.
Ал, жанама дәлелдемелерге дәлелдеуге жататын, қылмыс жасау фактілері
мен өзге де мән-жайлар аралық ақпарат арқылы анықталады және ол бойынша
бірнеше шешім қабылдануы, бұл дәлелдеменің ақиқаттығы туралы бір мәнді емес
қорытынды жасалуы мүмкін. Жанама дәлелдемелерде анықталатын мән-жайлармен
тікелей байланыс болмайды, керісінше тура дәлелдемелермен расталған мән-
жайлармен көп байланыс болады. Жанама дәлелдемелер ретінде көрініс табатын
мән-жайлардың саны көп және алуан түрлі болып келеді.
Тәжірибелік қызметте көптеген істер бойынша тікелей дәлелдемелерді
табу, оған сүйену мүмкін бола бермейді. Мұндай жағдайларда дәлелдеуге
жататын мән-жайлар көптеген жанама дәлелдемелерді тікелей жинау арқылы
анықталады. Оларды талдау немесе іріктеу кезінде кейін іске қоса тігілетін
бұл дәлелдемелердің шынайылығы мен жеткіліктілігі туралы қорытынды
жасалады. [14. С.85].
6. Айыптау пәніне қатысты дәлелдемелер екіге бөлінеді:
Айыптау және ақтау дәлелдемелері.
Ақтау дәлелдемелері – бұл қылмыстың болмағандығын, қылмыстық
жауапқа тартылған адамның кінәлі емес екендігін, сондай-ақ оның
жауаптылығын көрсететін фактілі деректер. Ақтау дәлелдемелерінің ерекше
түрі алиби деп аталады. Латын тілінен аударғанда алиби термині басқа
жерде деген мағынаны, яғни айыпталушының қылмыс жасалған уақытта қылмысқа
оның қатысы жоқ екендігін дәлелдеу ретінде басқа жерде болғандығын
білдіреді.
Ақтау дәлелдемелерінің қатарына белгілі бір тұлғаның кінәсіз деп
танитын немесе оған жауапкершілікті жүктейін, сонымен қатар жауапкершілікті
жеңілдететін мән-жайларды анықтауға мүмкіндік беретін фактілік мәліметтер
жатады.
Айыптау дәлелдемелеріне ереже бойынша оқиғаны және қылмыс құрамының
белгілерін (қылмыс жасау уақыты, орны, тәсілі, басқа мән-жайлары) адамның
жеке басын, айыпталушының кінәлілігін және басқа ауырлататын айғақтарды
анықтайтын дәлелдемелерді жатқызуға болады. Айыптау дәлелдемелерін
қарастыру барысында заң шығарушы дәлелдеме субъектілерін, істің мән-жайын
жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген шаралардың
барлығын қолдануға істі қарастыру кезінде объективтілік пен бейтараптылықты
сақтай отырып, айыпталушының кінәсін мойнына тағуға, сондай-ақ оның
жауапкершілігін жеңілдетуге немесе ауырлатуға міндеттейді.
Айыптау дәлелдемелерінің қатарына қылмыстың белгілі бір тұлғамен
жасалғандығын дәлелдейтін немесе айыпталушының жауапкершілігін ауырлататын
мән-жайларды анықтауға мүмкіндік беретін фактілік мәліметтер жатады.
Дәлелдемелерді мұндай екі топқа бөлу әр қылмыстық іс бойынша
дәлелдемелер айғақты да дәлелді, айыпталушыны ақтаушы, сонымен қатар
айыпталушының кінәсін ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар болып
сипатталуымен байланысты.
Жалпы дәлелдеу қызметі қылмыстық іс қозғау сатысында да жүзеге
асырылады деуге болады. Оның себебі ҚР ҚІЖК-нің 123-бабы болып табылады.
Онда былай деп көрсетіледі: Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да
көрсетілген мәліметтерді қамтуы мүмкін. Құжаттарға сонымен бірге ҚІЖК-нің
125-бабында көзделген тәртіппен алынған. Талап етілген немесе табыс етілген
тергеуге дейінгі тексерулердің материалдары (түсініктеме және басқа да
көрсетулер, түгендеулер, тексерулер актілері, анықтамалар), сондай-ақ
компьютерлік ақпаратты қамтитын материалдар, фото және кино суреттер, дыбыс
және бейне жазбалар да жатады. Және ол құжаттар ҚІЖК 121-бабында
көрсетілген белгілері болған жағдайларда олар заттай дәлелдеме болып
танылады деп көрсетілген.
Дәлелдемелерді бұлай түсіну қарама-қайшылықтар тудырады. Себебі,
олар өз негіздерін қайнар көздерден алынатын фактілі деректерге сәйкес
құрады. Мысалы, И.Д. Перлов былай деп жазған: Кез-келген факт дәлелдеме
болып табылуы мүмкін. Тек оның маңыздылығы тергеліп немесе сотта қаралып
жатқан іске қатысты болуына, сонымен бірге оның істі дұрыс шешуде мәні
болуы керек [15. С.35].
Бұл ұғым толық емес деп танылады, себебі онда дәлелдемелердің бір
ғана белгісі - оның қатыстылығы ғана көрсетіледі. Бірақ мұндай қасиетке
дәлелдеу күші болмайтын фактілі деректер де ие болуы мүмкін. Мысалы, жедел-
іздестіру қызметінің нәтижесінде алынған мәліметтерді айтуға болады. Бір
ғана қатыстылық қасиетіне қарай дәлелдеме болып табылмайтын фактілі
деректерді дәлелдемелерден ажыратып алу мүмкін емес. Фактілі деректерді
дәлелдемелер деп қарастыру үшін, олар заңда көрсетілген процессуалдық
нысанның сақталуына, және олардың заңда белгіленген тәртіптермен алынуына
және дәлелдемелердің іске жіберілу талаптарына жауап беруі қажет.
Дәлелдемелердің іске жіберілуінің ең қажетті талаптарының бірі фактілі
деректерді тек заңда белгіленген қайнар көздерден алу болып табылады.
Фактілі деректердің өзге де көздерін дәлелдеме ретінде пайдалануға жол
берілмейді. Осы себептерге орай, фактілі деректер және олардың қайнар
көздері дәлелдеме болып табылады деген екі жақты көзқарас пайда болады.
Мұнымен келісуге болмайтын сияқты. Себебі бір-бірінен бөлек, дербес түрде
алынған фактілі деректер мен олардың қайнар көздері дәлелдеме деп
танылмайды. Сондықтан дәлелдемелер деп фактілі деректердің мазмұны мен
олардың алынған көздері мен нысандарының ажырамас біртұтас екендігін
айтатын авторлардың пікірлерін дұрыс деуге болады. Дәлелдемелерді бұлай
түсіну анықтама, тергеу, прокуратура және сот органдарын фактілі
деректерді, олардың көздерін зерттеуге, қайнар көздердің сапалы және одан
алынған фактілі деректердің анық болуын бағалауға бағыттайды.

Бірақ, заңда белгіленген көздерден алынған фактілі деректердің
дәлелдемелік мәнге ие болуы үшін тағы бір шарт қажет: ол мәліметтер кез-
келген емес, тек заңда белгіленген әдістермен ғана алынуы тиіс. Өзге де
әдістермен жиналған мәліметтер дәлелдемелер деп танылмайды. Себебі, одан
әрі қарай тексеру мүмкіндігінің болмауына байланысты олардың ақиқатты
екендігіне ешқандай да кепілдік берілмейді. Фактілі деректерді алу әдісінің
заңды болуы - дәлелдемелер ұғымының бөлінбес бір бөлігі. Заң әдебиеттерінде
ҚІЖК-нің 115 бабы 1-бөлігінде айтылған фактілі деректер деп нені түсінуге
болатындығы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған. Яғни фактілердің өзін бе
немесе олар туралы мәліметтер ме? Заң бойынша, тек сенімді анықталған
фактілер ғана дәлелдеме болып табылады деген пікір бар. Мұнымен келісуге
болмайтын сияқты, себебі жоғарыда аталғандардың барлығын да фактілі
деректер деген дұрыс болар еді. Фактілі деректер деп сол фактілер жөніндегі
мәліметтерді түсіну қажет. Дәлелдемелерді дәл осылай түсіну арқылы, заң, іс
бойынша жиналған барлық дәлелдемелер анықтама жүргізуші, тергеуші, прокурор
және сот тарапынан толық, жан-жақты және объективті түрде тексерілуге
жататындығын анықтаған. Сондай-ақ, заң дәлелдемелерді олардың
ақиқаттылығына орай тексерілуі мен бағалануын талап етеді. Фактілер
объективті шындық ретінде күмәнды немесе сапасыз болуы мүмкін емес: олар
объективті анық болады не болмайды. Ақиқатты немесе ақиқатты емес болуы
мүмкін тек осы фактілер жөніндегі мәліметтер. Бірақ мәліметтерді алу
кезінде олардың объективтік шындыққа сәйкес келетіндігі немесе
келмейтіндігі белгісіз болады. Бұл мәліметтер өзге де деректердің
жиынтығымен тексерілгеннен және бағаланғаннан кейін ғана анықталған деп
қарастырылуы мүмкін. Егер дәледемелер деп тек сенімді анықталған
фактілерді ғана түсінетін болсақ, онда дәлелдемелерді тексеру жөніндегі
заңның талабы артық болады. Себебі тексерілген және сенімді деп танылған
жағдайларды қайта тексерудің қажеттігі жоқ.
Дәлелдемелерді сенімді анықталған фактілер деп түсіну ҚІЖК-нің 379
бабына қайшы келеді. Онда былай делінген: үкімнің сипаттамалы, дәлелді
бөлігінде соттың, сотталушыға қатысты шешімі негізделген дәлелдер және сот
өзге дәлелдерді жоққа шығарған себептері келтіріледі. Жекелеп алғанда, сот
ақиқатты емес деп танылған дәледемелерді ғана жоққа шығара алады. Осы
айтылғандардан фактілі деректер деп ҚР ҚІЖК-нің 115 бабының 1-бөлігіне
сәйкес дәлелдемелер жөнінде айтылған фактілердің өзін емес, керісінше, олар
туралы мәліметтерді түсіну қажеттігі туындайды. Кейбір авторлардың ойынша,
фактілі деректерді заңда белгіленген қайнар көздерден алынған фактілер
жөніндегі мәліметтер және олардың негізінде анықталған дәлелдемелік
фактілер деп түсіну қажет дейді [9. С.117].
Дәлелдемелік фактілер өзге де фактілі деректердің жиынтығымен
қылмыстың бар немесе жоқ екендігі және айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз
екендігі туралы қорытындыны негіздеу үшін қолданылады. Фактілерді
толығымен, барлық байланыстарымен алатын болсақ, оған қарсы дәлел айту қиын
және ол сөзсіз дәлелдеу заты болады. Кейбір жағдайларда дәлелдемелер
жөніндегі мәліметтер емес, фактілі деректердің табылатындығын негіздеуге
қолданамыз. Жалпы іс жүргізу барысында процессуалдық дәлелдеудің мәні
жөнінде емес, керісінше, дәлелдеуді логикалық тұрғыдан жүзеге асыру жөнінде
айтылған.
Дәлелденуші фактілерді деректер жөніндегі мәліметтерден ажырата білу
қажет. Дәлелденуші фактілер - ол деректер жөніндегі мәліметтерді талдау мен
бағалау негізінде қалыптасқан объективті ақиқаттың ойдағы бейнесі [13.
С.28]. Ол логикалық дәлелдеуге дәлел ретінде қолданылуы мүмкін, бірақ оны
процесуалдық тұрғыдан қарастыратын болсақ, ол дәлелдеу болып табылмайды.
Дәлелденуші фактілер дәлелдеу затының құрамдас бір бөлігін ұсынады. Себебі
оны логикалық дәлелдеуде қолданбастан бұрын, ең алдымен, өзі жөніндегі
мәліметтердің, яғни дәлелдемелердің көмегімен анықтап алу қажетті.
Фактілер жөніндегі мәліметтер ғана емес, сонымен бірге фактілердің
өздері де дәлелдеме болып табылады. Мұндай қорытынды, кейбір жағдайларда
келесі пікірлермен негізделеді: қылмыстық істі тергеу немесе сотта қарау
кезінде сақталып қалған қылмыстың материалдық іздері, тікелей анықтаушымен,
тергеушімен, прокурор және сотпен алынуы мүмкін (мысалы, қылмыс болған
жерде кісі өліміне себеп болған пышақтың қылмыс орнында болу фактісі. Бұл
пікірмен келісуге болмайтын сияқты, себебі қылмыстың материалдық іздерін,
дәлелдеуді жүзеге асыратын субъектілер алмайынша, ол жөнінде олардың
саналарында орын алмай және процессуалды тұрғыдан рәсімделмей, олар сыр
бермейді. Тек осылай бейнелеудің нәтижесінде ғана дәлелдемелер пайда
болады. Бірақ, мұндай жағдайда дәлелдеме болып объективті шындықтың
фактісінің өзі емес, керісінше заңда белгіленген қайнар көздерде
көрсетілген мәліметтер табылады (мысалы, оқиға болған жерді тексерудің
хаттамасындағы мәліметтер).
Біздің ойымызша, дәлелдемелерді біртұтас түсіну мақсатында, ҚІЖК 115-
бабында көрсетілген бұл ұғымның анықтамасын толықтыру қажет. Ол бапты
мынадай редакцияда жазған дұрыс сияқты: Оның негізінде анықтаушы,
тергеуші, прокурор, сот ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын
немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе
жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін,
сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын
заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер жөніндегі мәліметтер қылмыстық іс
бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Бұл мәліметтердің қайнар көздеріне куә, жәбірленуші, сезікті мен
айыпталушының жауаптары, сарапшының қорытындысы, заттай дәлелдемелер, іс
жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады.
Қылмыстық істі қозғағанға дейінгі алынған материалдар дәледеме бола
ала ма; оларды қылмыстық іс жүргізудің келесі сатыларында дәл осындай
сапада қолдануға жол беріле ме? Бұл материалдар дәлелдеу күшіне ие бола
алмайды деген пікір бар. Себебі, олар қылмыстық процессуалдық заңнамамен
бекітілмеген сот және тергеу органдарының қызмет саласына түседі және олар
ҚІЖК 115-бабының 2-бөлігінде көрсетілмеген қайнар көздерден алынады.
Жеке авторлардың айтуынша, қылмыстық істі қозғауға дейінгі алынған
қылмыс туралы арыз, ревизия актілері және аудиторлық құжаттар дербес
дәлелдеу мәніне ие бола алмайды, себебі олар құжат ретінде немесе заттай
дәлелдеме ретінде тек тергеу жолымен тексерілгеннен кейін ғана қолданылуы
мүмкін [16. С.43]. Алайда, жоғарыда аталып кеткендей, тергеу әрекеттерін
жүргізу дәлелдемелерді жинаудың бір ғана әдісі емес, олар өзге де
процесуалдық әрекеттердің көмегімен алынуы мүмкін. Сондықтан, қылмыстық
істі қозғағанға дейінгі көзделген талаптарды сақтай отырып алынған фактілі
деректер дәлелдемелер болып табылады. Себебі, солардың негізінде осы сатыда
қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешуге қатысы бар мән-жайлар
анықталады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізу
Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер
Кәмелетке толмағандарға қатысты
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Кәмелетке толмаған қылмыстарды тергеу
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Пәндер