Ауданның стратиграфиясы



Ауданның және оған жақын жатқан территорияның геологиялық құрылымында төменгі таскөмірден бастап , төрттік кезеңге дейінгі шөгінді жыныстардың жүйелері кездеседі. Ең терең құрылымдар девондық әктастарда кездеседі. Барлық территория теңіздік төрттік шөгінділермен жабылған. Қиманың стратиграфиялық түсініктмесі, негізінен , мұнай - газ кен - орындарын барлауда жүргізілетін бұрғылау жұмыстарының нәтижелерінен және геологиялық карталаудан алынады.
Бұрылау жұмыстары арқылы ашылған көне шөгінділер төменгі пермьнің артин және кунгур жікқабаттарының жыныстарына жатады.

Пермь жүйесі (Р)
Төменгі бөлім (Р1)
Артин жікқабаты (Р1а)

Артин жікқабатының түзілімдері қиманың П-3 Ақаткөл ұңғымасында ерекшеленеді. Опорная ОП-2 ұңғымасынан литологиялық құрамы жағынан олар үш будаға бөлінеді׃ төменгісі – сазды, ортаңғысы – доломитті және жоғарғысы – құмтастардың, әктастардың, алевролиттер мен доломиттердің
және саздардың қатпарлануымен суреттелген.
Төменгі будасы қара - сұр саздардың , құмтастардың , гравелиттердің және майда малтатасты конгломераттардың кезектесіп келуімен сипатталады. Саздарда өсімді детритус, тікентерілінің сынықтары және пелециподтар байқалады.
Ортаңғы будасы құрамында қара-сұр саздардың қабатшалары мен пирит кездесетін , қара-сұр , қоңыр және сарғыш-қоңыр жіңішке және майда түйірлі қайта кристалданған доломиттермен көрсетілген.
Жоғарғы будада жасылдау және қара түске жақын қара-сұр саздар жиналған. Саздардың құрамында әктастардың қабатшалары, майда дәнді құмтастар және доломиттердің сирек қабатшалары кездеседі.
Артин шөгінділерінің анықталған қалыңдығы 240 м-ден 805 м-ге дейін өзгеріп отырады.

Ауданның стратиграфиясы

Ауданның және оған жақын жатқан территорияның геологиялық құрылымында
төменгі таскөмірден бастап , төрттік кезеңге дейінгі шөгінді жыныстардың
жүйелері кездеседі. Ең терең құрылымдар девондық әктастарда кездеседі.
Барлық территория теңіздік төрттік шөгінділермен жабылған. Қиманың
стратиграфиялық түсініктмесі, негізінен , мұнай - газ кен - орындарын
барлауда жүргізілетін бұрғылау жұмыстарының нәтижелерінен және
геологиялық карталаудан алынады.
Бұрылау жұмыстары арқылы ашылған көне шөгінділер төменгі пермьнің
артин және кунгур жікқабаттарының жыныстарына жатады.

Пермь жүйесі (Р)
Төменгі бөлім (Р1)
Артин жікқабаты (Р1а)

Артин жікқабатының түзілімдері қиманың П-3 Ақаткөл ұңғымасында
ерекшеленеді. Опорная ОП-2 ұңғымасынан литологиялық құрамы жағынан
олар үш будаға бөлінеді׃ төменгісі – сазды, ортаңғысы – доломитті
және жоғарғысы – құмтастардың, әктастардың, алевролиттер мен доломиттердің
және саздардың қатпарлануымен суреттелген.
Төменгі будасы қара - сұр саздардың , құмтастардың , гравелиттердің
және майда малтатасты конгломераттардың кезектесіп келуімен сипатталады.
Саздарда өсімді детритус, тікентерілінің сынықтары және пелециподтар
байқалады.
Ортаңғы будасы құрамында қара-сұр саздардың қабатшалары мен пирит
кездесетін , қара-сұр , қоңыр және сарғыш-қоңыр жіңішке және майда түйірлі
қайта кристалданған доломиттермен көрсетілген.
Жоғарғы будада жасылдау және қара түске жақын қара-сұр саздар жиналған.
Саздардың құрамында әктастардың қабатшалары, майда дәнді құмтастар және
доломиттердің сирек қабатшалары кездеседі.
Артин шөгінділерінің анықталған қалыңдығы 240 м-ден 805 м-ге дейін
өзгеріп отырады.

Кунгур жікқабаты (Р 1 kg)

Кунгур жікқабатының түзілімдері қарастырылып жатқан ауданның оңтүстігінде
орналасқан Құмшеті, Ұшқан, Опорная ОП-2 тұзды күмбездердің ядросында
байқалады. Мұндағы кунгур шөгінділерінің құрамында тұзды және
гипсоангидритті қабат ерекшеленеді. Төменгі тұзды қабаты кристалдық
галиттен құралған. Онда жиі гипстердің, ангидриттердің, қызыл және сирек
қара-сұр саздардың қабатшалары кездеседі.
Жоғарыда кепрок атты қалыңдығы 10 м-ден 80 м-ге дейін жететін
гипсоангидритті қабат жатыр. Ол қара-сұр және қоңырлау -сұр гипстерден,
ангидриттерден, әктастардан, мергель және құрамында ашық-жасыл саздар
кездесетін брекчиялардан құралған. Тұзды қабаттың қалыңдығы 1500 м-ге дейін
жетеді.
Оңтүстік Эмбі көтеріліміндегі кунгур шөгінділері артин жікқабатының
шайылған бетін жауып жатыр және оның қалыңдығы 280 м-ді құрайды. Мұнда
кунгур жікқабаты екі қабатпен көрсетілген : төменгісі ― ангидритті және
жоғарғысы ― ангидритті-терригенді.
Төменгі қабат құрамында қара-сұр саздардың қабатшалары бар сұр, қара-сұр
қант тәрізді ангидриттерден тұрады. Жоғарғысы сирек кездесетін
мергельдердің, әктастардың, құмтастардың және конгломераттың қабатшалары
бар сұр ангидриттер мен сұр және қара-сұр саздардан тұрады.

Триас жүйесі (Т)

Ауданның құрылысында триас жүйесінің төменгі және жоғарғы бөлімдері
қатысады. Ал ортаңғы триас шөінділері кездеспейді.

Төменгі бөлім (Т1)

Төменгі триас түзілімдері кунгур шөгінділерінің үстінде шөгіп жатыр және
ветлуж және баскунчак серияларына жіктеледі.
Ветлуж сериясының шөгінділері (қызыл түсті құмтасты-сазды қабат)
құрамында қоңырлау, қызыл-қоңыр және қара-қоңыр түсті саздардың қабатшалары
бар сұр, қара-сұр және қоңырлау саздармен және қоңыр және майда түйірлі
сұр құмдар мен құмтастармен көрсетілген. Қалыңдығы 90 м-ден 100 м-ге дейін
өзгереді.
Баскунчак сериясының шөгінділері ( әктасты-сазды қабат) Карачунгул
күмбезінде ашылған. Олар― құрамында сирек әктастар және мергельдердің
қабатшалары бар жасылдау-сұр, қара-сұр саздармен кезектесіп келген құмдар
мен құмтастардан тұрады. Баскунчак сериясының қалыңдығы 40 м-ден аспайды.
Төменгі триас шөгінділері құмды-конгломератты, қызыл түсті құмды-сазды
және әктасты-сазды қабаттар болып төменнен жоғары қарай ерекшеленеді.
91 м. қалыңдықты құмды-конгломератты қабат сұр және сұрлау-жасылдау
құмтастардың, сазды мергельдердің, алевритті және карбонатты саздардың
кезектесіп келуімен сипатталады. Құмтастарда кварцты галька кездеседі.
70 м. қалыңдықты қызыл түсті қабат саздармен және қызылдау ккірпішті
мергельдердің қабатшалары бар құмтастармен көрсетілген. Құмтасты-сазды(
қалыңдығы 66 м.) қабат ақшыл-көк саздардан және сирек алевриттің
қабатшалары бар құмтастар сияқты тау жыныстардан құралған.
Қалыңдығы 94 м. болатын әктасты-сазды қабат қара-көк әктастармен және
қара-қоңыр саздармен сипатталады.
Төменгі триастың жалпы қалыңдығы шамамен 321 м-ді құрайды.

Жоғарғы бөлім (Т3)

Құмшете, Қарачунгул күмбездерінде жүргізілген бұрғылау жұмыстарының
көмегімен ашылған жоғарғы триастың шөгінділері шайылған төменгі триастік
жыныстардың бетінде жатыр. Территорияның солтүстік бөлігінде төменгі
триас кейпер надъярусының шөгінділерімен берілген.
Кейпер түзілімдері төменнен жоғары қарай құмды-малтатасты қабаттан
және түрлі түсті саздардан құралған. Құмды-малтатасты қабат орташа және
майда дәнді сұрлау құмтастармен және құрамында ақ кварцтың көптеген
тасмалталары және қоңыр немесе жасылдау саздардың және сидериттің
қабатшалары бар қара кремнийлі жыныстармен сипатталған.
Түрлі түсті қабат құрамында ашық - сұр құмдардың , құмтастардың,
сидериттердің қабатшалары және қара күйенің жағындылары бар сұр , қара-
сұр, жасылдау-сұр, жасыл, кірпішті - қызыл, қара көмірлі саздардан
құралған. Қабат қалыңдығы 30-40 м-ден аспайды. Жоғарғы триас шөгінділері
құрамында майда жұмырланған және жартылай жұмырланған тасмалталар
кездесетін майда түйірлі сұр және жасылдау-сұр құмдармен және құмтастармен
берілген. Оның құрамында тағы да сұр саздардың және жіңішке түйірлі қоңыр
сазды сидериттердің қабатшалары мен будалары кездеседі. Жоғарғы триас
қалыңдығы 80 м-ді құрайды.

Юра жүйесі (J)
Төменгі бөлім (J1)

Төменгі юра шөгінділерінің құрамында әртүрлі түйірлі құмдар және
кварцтың ұсақ малтатастары , конгломераттың, құмтастардың және саздардың
қабатшалары кездесетіні ұңғыма арқылы анықталған. Жыныстарда кейде
каолиннің және өсімдіктердің көмірленген қалдықтары байқалады.
Төменгі юра шөгінділерің қалыңдығы 85 м-ден 165 м-ге дейін өзгереді.

Ортаңғы бөлім (J2)

Ортаңғы юра шөгінділері байосс және бат жікқабаттарымен
берілген.

Байосс жіқабаты (J2b)

Бұл жікқабаттың түзілімдері литологиялық құрамы бойынша екі қабатқа(
төменнен жоғары қарай)׃ құмтасты-сазды және сазды болып бөлінеді.
Қалыңдығы 150 м-ге жететін құмтасты-сазды қабат төменгі юра шөгінділерінің
үстінде жатыр.Ол сұр және қоңырлау, тығыз саздармен және ішінде жасылдау-
сұр құмдардың ,сирек ашық-сұр сазды-әктасты құмтастардың кезектесіп
келуімен сипатталады.
Сазды қабатта, құрамындаа сұр слюидті құмдардың, көмірдің, құмтастардың
және сидериттердің қабатшалары бар, жіңішке қабатты қара-сұр және қоңырлау-
сұр көмірлі саздар жиі кездеседі. Жалпы қалыңдығы 210 м-ге дейін.

Бат жікқабаты (J2 bt)

Бат жікқабатының шөгінділері литологиялық құрамы жағынан (төменнен жоғары
қарай)׃ құмтасты және сазды болып екі қабатқа бөлінеді.
Қалыңдығы 219 м –ге жететін құмтасты қабат арасында сұр, қоңырлау-сұр мен
қара-қоңыр, кейде қатпарлы саздары және сидериттің қосындылары бар, сұр
және қоңырлау-сұр майда және жіңішке түйірлі құмдардан құралған.
73 м. қалыңдықты сазды қабат құрамында сидериті бар сирек құмтастардың
және сұр (қара түстіден ашыққа дейін) майда және жіңішке түйірлі құмдардың
кезектесіп келуімен сипатталған , жасылдау және қоңырлау-сұр түсті және
қара жіңішке қатпарлы саздармен берілген. Сазды қабаттардың жыныстарында
қалыңдығы 0,5 м-ге дейін жететін құрамындаа өсімдіктің көмірленген
тамыршалары және пириттің конкрециялары кездесетін көмірдің қабатшалары
сипатталған.
Бат жікқабатының жалпы қалыңдығы 290 м-ге дейін жетеді.

Жоғарғы бөлім (J3)

Жоғарғы юра түзілімдерінде келловей, оксфорд және төменгі волж
жікқабаттары ерекшеленген. Олар барлық бұрғыланған күмбездерде кездескен.

Келловей жікқабаты(J3 k)

Келловей жікқабатының шөгінділері ортаңғы юра
жыныстарының шайылған бетінде жатыр және олар үш жікқабатшаға
бөлінген.
Төменгі келловей жікқабатшаның қалыңдығы 53 м-ге дейін жетеді. Онда
ашық-сұр құмдар, құмтастар және сирек саздардың қабатшалары бар
алевролиттер байқалады. Оның қалыңдығы 27 м.
Жоғарғы келловей жікққабатшаның құрамында сирек кездесетін құмтастардың
және алевролитті мергельддердің қабатшалары бар , жасылдау сұр саздармен
сипатталады. Жалпы қалыңдығы 100 м-ге дейін.

Оксфорд жікқабаты (J3 о)

Оксфорд жікқабатының түзілімдері сұр кейде жасылдау-сұр түсті сирек және
аз қалыңдықты құмтастары және алевролитті мергелі бар карбонатты саздардан
тұрады. Қалыңдығы 20 м.

Төменгі волж жікқабатты (J3 v)

Төменгі волж жікқабатының шөгінділері әртүрлі фаунистикалық зоналарға
сәйкес келетін екі қабатпен берілген . Төменгі қабат ашық – сұр
алевролитті , сазды мергельдермен және әктастармен берілген. Шөгінді
зонаның қалыңдығы 38 м-ді құрайды.
Жоғарғы қабат ашық-сұр, сұр сазды және доломитті әктастардан және
мергельдерден тұрады. Қалыңдығы 90 м. болады. Ал төменгі волж жікқабатының
жалпы қалыңдығы 130 м-ге дейін жетеді.
Жоғарғы юраның бөлек күмбездерінде шөгінділер бөлібеген және құмдармен
және құмтастармен , жасылдау-сұр және сұрлау-ақ мергельдер мен әктастармен
сипатталған. Олардың төменгі бөлігінде құмдар мен құмтастардың қабатшалары
бар құмтасты-саздар, ал жоғарғысында мергельдер , әктастар және мергельді
саздар көрінеді . Жоғарғы юра шөгінділерінің анықталған максималды
қалыңдығы 255 м-ге дейін жетеді.

Бор жүйесі (К)

Төменгі бөлім (К1)
Валанжин жікқабаты (К1v)

Валанжин жікқабатының түзілімдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліғажы алаңының геологиялық құрылымы және мұнайгаздылығы
Суздаль тектоникалық блогы орналасқан кен орны
Рудообразующие минералдар Жезқазған кен орны
Жаңажол кен орнының геологиялық құрылысы мен мұнайгаздылығы
Маңғышлак мұнайгаздылық кен орындары
Тарбағатай
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
Жетібай мұнайгазды кенорны
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің географиялық орны
Батыс Қаратүлей алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылы болашағы мен мұнай-газ кеніштерін іздестіру жұмыстарының жобасы
Пәндер